Главная страница
Навигация по странице:

  • Дайындаңыз

  • ПАЦИЕНТТІ СИМС ҚАЛПЫНДА ЖАТҚЫЗУ (ішпен жату мен бір бүйірімен жату аралығындағы жату қалпы) Пациентті жатқызуды бір мейіргер орындайдыМақсаты

  • Көрсетілімі

  • ПАЦИЕНТТІ БІР БҮЙІРІМЕН (бір жамбастап) ЖАТҚЫЗУ Мақсаты

  • ПАЦИЕНТТІ ІШІМЕН ЖАТҚЫЗУ Мақсаты

  • ПАЦИЕНТТІ АРҚАСЫНА ЖАТҚЫЗУ Мақсаты

  • ПАЦИЕНТТІ «ҚОЛ АРҚЫЛЫ ҚАРМАУ» ӘДІСІМЕН СҮЙЕМЕЛДЕУ (бір мейіргермен орындалады, пациент көмектесе алады) Көрсетілімі

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница14 из 64
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64

    ПАЦИЕНТТІ ФАУЛЕР ҚАЛПЫНДА ЖАТҚЫЗУ

    (жартылай жату жартылай отыру қалпындағы дене жағдайы)

    пациентті жатқызу бір мейіргермен орындалады.

    Мақсаты: төсегінде жайлы жағдай жасау.

    Көрсетілімі:ойылудың даму қаупі, жеке бас гигиенасын сақтау қажеттілігі,төсегінде физиологиялық бөлінулерінің болуы, пациенттің төсекте енжар және ырықсыз қалыпта болуы, пациентті тамақтандыру, тыныс алу және жүрек қан тамырлар жүйелерінің аурулары.

    Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден тығыздалып орап жасалған валиктер, аяқ тіреуіштері, функциялық немесе кәдімгі кереуетті.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке оның аты-жөнін айтып тіл қатыңыз, (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке осы қалыпта жатқызудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Пациенттің жағдайын және айналасындағы тұрған заттарды байқап, бағалап алыңыз. Кереуеттің тежегішін бекітіңіз. (егер бар болса).

    10. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    11. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    12. Мейіргер тұрған шетіндегі тұтқаларын түсіріңіз (егер бар болса).

    13. Кереуетті горизонталды қалыпқа келтіріңіз,пациентті бас жағына қарай жылжытыңыз.

    14. Пациенттің кереуеттің тура ортасында арқасымен жатқанына сенімді болыңыз, жастығын алып тастаңыз.

    15. Кереуеттің бас жағын 45-60 (90- жоғары Фаулер қалпы, 30-төменгі Фаулер қалпы) немесе 3 жастық жастаңыз: төсек үстінде түзу отырған адам осылай Фаулер қалпында болады.

    16. Білектері мен шынтақтарының астына жастық салыңыз, (егер пациент өз еркімен қолдарын қимылдата алмайтын болса).Шынтақтары мен қолдары алақаны төмен қарап,аздап көтеріліп жатуы керек,(төмен салбырап тұрған қолдың салмағымен иық шғып кетпеуі үшін; көк тамырда қан іркіліп қалмауы,қолдың және алақанның бүгілген контрактурасын болмауы үшін,салданған қолға арналған кереует қасындағы үстелге тіреу қойыңыз, пациенттің қолын денесінен алшақтату үшін, шынтақ астына жастық қойыңыз. Қолдың алақандарын аздап бұрып жарты қылып кесілген допқа салып қою керек.

    17. Пациенттің белі астына жастық (бел омырқаларына күш түсірмеу, омыртқаның майысуын болдырмау үшін) жастаңыз.

    18. Кішірек жастықты немесе валикті пациентің сандарының астына салыңыз,(тізе буындарынан қатты майысып, бұралып кетпеуі және салмақ түсуі себебінен тізе артындағы артериясының қысылып қалмауы үшін).

    19. Пациенттің балтырыңның төменгі бөлігіне кішірек жастықты немесе бірнеше қабат қылып бүктелген көрпені төсеп қойыңыз, бұл өкшеге салмақ түсірмейді.

    20. Кішірек жастықшаны өкше астына салу керек, ол өкше мен матрац арасындағы қысымды төмендетеді.

    21. Табандарды 90-та ұстап тұру үшін, тіреуіштер қойыңыз, (егер қажет болса).Тіреу табандардың сыртқа қарай майысып кетпеуі үшін қойылады, олардың «салбырап» жатуының алдын алады. Егер пациентте гемиплегия болса, онда табандарын жұмсақ жастықпен тіреп қояды. Осындай пациенттерге қатты тіреу қойылса ол бұлшық ет тонусын көтереді.

    22. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Шетіндегі тұтқаларын көтеріңіз.

    23. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ СИМС ҚАЛПЫНДА ЖАТҚЫЗУ

    (ішпен жату мен бір бүйірімен жату аралығындағы жату қалпы)

    Пациентті жатқызуды бір мейіргер орындайды

    Мақсаты: төсегінде жайлы жату жағдайын жасау.

    Көрсетілімі: пациенттің төсектегі енжар және ырықсыз жату жағдайы, ойылудың алдын-алу

    Дайындаңыз:3 жастықты, валикті, аяғын тірейтін тіреуішті,(қүм салынған мөшек), функциялық және кәдімгі кереуетті.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентке осы қалыпта жатқызудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    7. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    9. Пациенттің жалпы жағдайына, ол тарапынан көмек көрсету мүмкіндігіне баға беріңіз.

    10. Кереуеттің тежегішін бекітіңіз.

    11. Мейіргер тұрған шетіндегі тұтқаларын түсіріңіз (егер бар болса).

    12. Кереуеттің бас жағына горизонталды қалып беріңіз.

    13. Пациентті арқасына жатқызыңыз және оны кереует шетіне қарай жылжытыңыз.

    14. Пациенті бүр бүйірімен жату және жартылай ішімен жату қалпына жатқызыңыз.

    15. Пациенттің басына жастық жастаңыз,(мойнының бір жаққа қарай қисайып кетуін болдырмайды).

    16. Шынтақ және иық буындарынан 90 бүгілген, «жоғары» қолының астына жастық салыңыз, «астыңғы» қолын бүкпей төсегіне қойыңыз,(пациент денесінің дұрыс биомеханикасын сақтау,денесін түзету және иықтың ішке қарай бүгілмеуі үшін).

    17. Бүгілген «жоғарғы» аяғының астына жастықты салыңыз, ал «астыңғы» аяғы жоғарғы санның үштен бір бөлігігіне жетуі керек, (Тізе буындары мен тобық аймақтарындағы ойылудың алдын-алу.Аяқтарының шамадан тыс бұрылып және сандарының қисайып кетуінің алдын алу.

    18. Табандарына тіреу қойыңыз (құм салынған мөшек) 90 қылып, тіреңіз. (аяқтың сыртқа қарай дұрыс майысуынқамтамасыз ету және олардың салбырып жатуын болдырмау).

    19. Пациент денесінің түзетілгенін тексеріңіз.

    20. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Сейсеп қыртыстарын түзетіңіз.

    21. Тұтқаларын түсіріңіз.

    22. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ БІР БҮЙІРІМЕН (бір жамбастап) ЖАТҚЫЗУ

    Мақсаты: төсегінде жайлы жату жағдайын жасау.

    Көрсетілімі:пациенттің төсектегі енжар және ырықсыз жату жағдайы, ойылудың алдын-алу

    Дайындаңыз:функциялық кереуетті, 3жастықты,аяғын тірейтін тіреуішті,(құм салынған мөшек),

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентпен өз ара сенімді қатынас орнатыңыз.

    7. Пациенттің жалпы жағдайына, ол тарапынан көмек көрсету мүмкіндігіне баға беріңіз.

    8. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    9. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    10. Кереуеттің тежегішін бекітіңіз.

    11. Мейіргер тұрған шетіндегі тұтқыштарын түсіріңіз (егер бар болса).

    12. Кереуеттің бас жағын төмен түсіріңіз.

    13. «Арқасымен жатқан» пациентті,кереуеттің шетіне қарай жылжытыңыз.

    14. Пациентті оң жақ бүйіріне бұрғанда сол аяғын, ал егер пациентті сол жақ бүйіріне бұратын болсаңыз оң аяғын, тізе буынынан бүгіп,оң тізесі астындағы ойысына тығып қою керек.

    15. Бір қолыңызды пациентің иығына салыңыз, екіншісін– санына қойып, пациента пациентті өзіңізге қарай бұрыңыз,(буындары мен тіндерінің зақымдануларын азайту үшін).

    16. Бір қолыңызды тізесінен бүгілген аяқтың санына қойыңыз, ал екіншісін – мейіргердің қарама қарсысындағы иыққа салыңыз және « тұтқыш принципін» қолдана отырып, пациентті бір бүйіріне аударыңыз.

    17. Пациенттің басына және мойнына жастық жастаңыз, (мойынның бір жаққа қисайып кетуінің алдын алу үшін және кеуде–бұғана–емшек тәрізді бұлшық еттерге күш түспеуін қадағалау мақсатында),жауырынын алдығы қарай шығарып қойыңыз, дене салмағының иық буынына түсуін болдырмау үшін.

    18. Пациенттің екі қолын бірдей аздап бүгіп қойыңыз.Үстіндегі қолы дене тұсында,иық және бас деңгейінде жатуы керек,(иық буындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кеуде торының қимылын жеңілдету, осылай өкпе желдетілуі оңайланады).

    19. Екінші«астындағы» шынтақтан бүгілген қолын, жастыққа басының қасына салып қойыңыз.

    20. Пациенттің арқасының астына ұзынынан бүктелген жастықты салу керек, (пациенттің бір жамбасына жату қалпын демеу үшін).

    21. Пациентің үстіңгі бүгілген аяғының астына мықын аймағынан бастап, табанына дейін жастық салыңыз,(аяқтарын түзету үшін, тізе және тобық табан буындарына,аяқ басы сүйектерінің шығыңқы жерлері аймағының бір-біріне батуын болдырмау үшін,аяқтардың қатты бұралып кетуінің алдын алу үшін).

    22. Құмы бар мөшекті «астыңғы» аяғының табанынатіреңіз.(аяқтың салбырап тұруын болдырмау мақсатымен және табандардың сыртқа қарай бұрылуын қамтамасыз ету үшін).

    23. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Пациенттің дене қалпының дұрыс екендігін тексеріңіз.

    24. Кереуетті түсіріңіз және тұтқыштарын көтеріңіз,(пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін).

    25. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ ІШІМЕН ЖАТҚЫЗУ

    Мақсаты: төсегінде жайлы жату жағдайын жасау.

    Көрсетілімі: пациенттің төсектегі енжар және ырықсыз жату жағдайы, ойылудың алдын-алу

    Дайындаңыз: функциялы кереуетті, кіші–8 жастықшаны,2- жастықты

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентпен өз ара сенімді қатынас орнатыңыз.

    7. Пациенттің жалпы жағдайына, ол тарапынан көмек көрсету мүмкіндігіне баға беріңіз.

    8. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    9. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз

    10. Кереуеттің тежегішін бекітіңіз.

    11. Мейіргер тұрған шетіндегі тұтқыштарын түсіріңіз (егер бар болса).

    12. Кереуетке горизонталды қалып беріңіз, пациенттің басындағы жастықты алып тастаңыз, обеспечьте к нему доступ.

    13. Пациенттің ішіне аудару жасалатын білек буынынан түзетілген қолын алып, оны денесінің ұзындығы бойына параллелді қылып жатқызыңыз да, саусақтарын санының астына жіберіп қолды денесіне қысыңыз, пациентті оның қолы арқылы ішіне «аударып» жатқызыңыз. Гемиплегия болса ішіне аударуды салданған қолы арқылы жасаңыз ( пациентті төсегінде аударуды оңайлату үшін).

    14. Пациенттің денесін кереуеттің ортасына қарай жылжытыңыз (пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

    15. Пациенттің басын бір жағына қарай бұрыңыз,бас астына кішірек жастықты жастаңыз,(мойын омыртқаларының иілуін және жазылуын азайту үшін).Гемиплегиясы бар пациенттің басын денесінің салданған жағына қарай бұрып қояды.

    16. Кішірек жастықшаны пациенттің ішінің астына, көкеттен төменірек орналастырып салыңыз,(бел омыртқаларының шамадан тыс жазылуын,бел бұлшық еттеріне түсетін күшті азайту мақсатымен және бел аймағындағы ойылудың алдын алу үшін), ал әйел адамдардың емшектеріне қысым аздау түседі.

    17. Пациенттің қолдарын иықтарынан бүгіңіз,оларды жоғары қарай, алақандары басының жанында болатындай қылып көтеріп орналастырыңыз. (пациентке жайлы жату қалпын беру).

    18. Кішкене жастықшаларды шынтақтарының, алақанының астына салыңыз(саусақтарының майысуын азайтады).

    19. Жастықшаны табан астына аяқ саусақтары матрацтың үстінде болатындай қылып салыңыз.( аяқ саусақтары салмағының матрацқа түсуін азайту,табандардың сыртқа қарай салбырап жатуын және қатты бұралып қалуын болдырмау үшін).

    20. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

    21. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ АРҚАСЫНА ЖАТҚЫЗУ

    Мақсаты: төсегінде жайлы жату жағдайын жасау.

    Көрсетілімі: пациенттің төсектегі енжар және ырықсыз жату жағдайы, ойылудың алдын-алу.

    Дайындаңыз: функциялық кереуетті,4-валиктерді, 2–кіші жастықшаларды, валик для кисти алқанға арналған– 2валикті, аяғын тірейтін тіреуішті,(құм салынған мөшек),

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентпен өз ара сенімді қатынас орнатыңыз.

    7. Пациенттің жалпы жағдайына, ол тарапынан көмек көрсету мүмкіндігіне баға беріңіз.

    8. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    9. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    10. Кереуеттің тежегішін бекітіңіз.

    11. Мейіргер тұрған шетіндегі тұтқыштарын түсіріңіз (егер бар болса).

    12. Төсегіндегі пациентке горизонталды қалып беріңіз.

    13. Пациентті арқасына жатқызыңыз.

    14. Пациенттің бел аймағына кішірек бүктеп, оралған сейсептен жасалған валикті салыңыз. (бел омыртқаларын демеп тұруы үшін).

    15. Бір кіші жастықты иықтың жоғарғы жағына пациенттің басына жастаңыз,(дененің жоғарғы бөліктерінің дұрыс жатуын қамтамасыз ету үшін,мойын омыртқалары тұсынның иілу контрактурасын болдырмау).

    16. Валиктерді санның сыртқы жағына сан сүйегінің басынан бастап, бойлатып салыңыз, (санның сыртқа қарай бұрылуын болдырмау үшін).

    17. Бір кіші жастықты немесе валикті балтырдың төменгі үштен бір бөлігі аймағына салыңыз(өкшелерге түсетін күшті азайту үшін, ойылудың алдын алу үшін).

    18. Табандарына тірегіштерді 90 бұрышпен қойып тіреңіз. (табандардың сыртқа қарай майысуын және салбырап жатуын болдырмау үшін).

    19. Пациенттің қолдарын алақандарын төмен қаратып, денеге параллелді қылып жатқызыңыз, шынтақ астына кішірек жастықтарды салыңыз(иықтардың шамадан тыс қисайып кетуін,шынтақ буынынан қатты майысудың болмауы үшін).

    20. Пациенттің алақанына саусақтарға арналған валиктерді қойыңыз (саусақтардың бұралып қалуын және бас бармақтың майысып кетуін болдырмау үшін).

    21. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

    1. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ «ҚОЛ АРҚЫЛЫ ҚАРМАУ» ӘДІСІМЕН СҮЙЕМЕЛДЕУ

    (бір мейіргермен орындалады, пациент көмектесе алады)

    Көрсетілімі: көмек көрсете алатын пациентті сүйемелдеу және орындықтың арқасына қарай жылжыту (креслоның).

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың, мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    7. Пациенттің жалпы жағдайына, ол тарапынан көмек көрсету мүмкіндігіне баға беріңіз.

    8. Пациенттен қолдарын айқастырып және кеудесіне қысып ұстап тұруын сұраңыз,(егер пациенттің бір қолы әлсіз болса,онда ол күші бар қолымен әлсіз қолдың қарынан ұстап тұрады).

    9. Пациенттің артқы жағында тұрыңыз (ол отырған кресло немесе орындықтың).

    10. Өз қолдарыңызды пациенттің артқы жағынан қолтық астына жіберіңіз, (мүмкін болатын жығылу кезінде пациенттің денесін мейіргердің иықтарына тіреп қалу үшін). Пациентте ауру сезімін тудыруға болмайды.

    11. Пациенттің қолдарынан білектеріне ең жақын жерден ауыратын жерлерін ескере отырып ұстаңыз.

    12. Пациентті орындықтың арқасына қарай сүйемелдеңіз немесе жылжытыңыз (креслоның).

    13. Пациенттің қауіпсіз жағдайда екеніне көз жеткізіңіз, бағалаңыз және қолдарыңызды қолтық астынан шығарып алыңыз, пациентке сүйемелдегенде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтыңыз, мақтаңыз.

    14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64


    написать администратору сайта