Главная страница
Навигация по странице:

  • «КӨТЕРІЛГЕН ШЫНТАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАРМАУ» ӘДІСІМЕН СҮЙЕМЕЛДЕУ (бір мейіргермен орындалады, пациент көмектесе алады) Көрсетілімі

  • ПАЦИЕНТТІ БЕЛБЕУІНЕН ҰСТАП СҮЙЕМЕЛДЕУ (бір мейіргермен орындалады, пациент көмектесе алады) Көрсетілімі

  • ЖҮРЕТІН ПАЦИЕНТТІ СҮЙЕМЕЛДЕУ (бір мейіргермен орындалады) Көрсетілімі

  • Өзіне-өзі қызмет көрсету тапшылығы бар пациентті күту принциптері

  • Ауыз қуысының,тістердің,тіс протезінің күтімі

  • Міндетті жасалуы қажетті жағдайлар

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница15 из 64
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64

    ПАЦИЕНТТІ «ҚОЛТЫҚ АСТЫНАН ҚАРМАУ» ӘДІСІМЕН СҮЙЕМЕЛДЕУ

    (бір мейіргермен орындалады, пациент көмектесе алады)

    Көрсетілімі: көмек көрсете алатын пациентті сүйемелдеу және жылжыту

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    7. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың, мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    8. Пациенттің жалпы жағдайына, ол тарапынан көмек көрсету мүмкіндігіне баға беріңіз.

    9. Айналасындағы заттардың орналасуына көңіл бөліңіз.

    10. Орындықта (аласа кереуетте) отырған пациентке қарап, бір жағында тұрыңыз.Бір аяғыңызды орындықтың қасына қойыңыз, екіншісін табанын аздап бұрып- пациент аяғының алдына, өз аяғыңызбен оның тізесін қозғалтпай тіреп тұрыңыз. Тізелерін тіреп тұру пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жығылып қалу қаупін төмендетеді.

    11. Қол саусақтарын пациенттің қолтықтарының астына енгізіңіз: бір қолдың саусақтарын алақанды жоғары қаратып, алдыдан-артқа қарай бағыттап енгізесіз, улкен саусақ қолтық астынан тыс болады;екінші қолдың саусақтарын алақанды жоғары қаратып, арттан-алдығы қарай бағыттап енгізеді, улкен саусақ қолтық астынан тыс қалады.

    12. Өз дене салмағыңызды бір аяқтан, екінші аяққа еркін, ауыстыратыңызға және ыңғайлы тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.

    13. Пациенттен(немесе оған көмектесіңіз) алдығы қарай, оның сізге жақын тұрған иығы сіздің денеңізге тығыз тірелетіндей болып еңкейуін сұраңыз.

    14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    «КӨТЕРІЛГЕН ШЫНТАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАРМАУ» ӘДІСІМЕН СҮЙЕМЕЛДЕУ

    (бір мейіргермен орындалады, пациент көмектесе алады)

    Көрсетілімі: көмек көрсете алатын пациентті сүйемелдеу және жылжыту

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың, мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    7. Пациенттің жалпы жағдайына, ол тарапынан көмек көрсету мүмкіндігіне баға беріңіз.

    8. Айналасында тұрған заттарды бағалаңыз, көмек болатын заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.

    9. Орындықта (аласа кереуетте) отырған пациентке қарап, бір жағында тұрыңыз.Бір аяғыңызды орындықтың қасына қойыңыз, екіншісін табанын аздап бұрып- пациент аяғының алдына, өз аяғыңызбен оның тізесін қозғалтпай тіреп тұрыңыз.

    10. Өз дене салмағыңызды бір аяқтан, екінші аяққа еркін, ауыстыратыңызға және ыңғайлы тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.

    11. Пациенттен (немесе оған көмектесіңіз) санынан бастап алдыға қарай, оның сізге жақын тұрған иығы сіздің денеңізге тығыз тірелетіндей болып еңкейуін сұраңыз.

    12. Пациенттің арқасы арқылы алдыға қарай еңкейіңіз және оның шынтақтарының астынан алып, мықтылап ұстыңыз.

    13. Екінші иықты пациенттің де екінші иығы сіздің қолыңызға тірелетіндей қылып қойыңыз.

    14. Пациентке оның қауіпсіз жағдайда тұрғанын және ол ары қарай сүйемелдеуге дайын екенін жеткізіңіз

    15. Қажетті жерге дейін сүйемелдеңіз.

    16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ БЕЛБЕУІНЕН ҰСТАП СҮЙЕМЕЛДЕУ

    (бір мейіргермен орындалады, пациент көмектесе алады)

    Көрсетілімі: көмек көрсете алатын пациентті сүйемелдеу және жылжыту.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентке осы сүйемелдеуді орындаудың, мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, орындауға келісімін алыңыз.

    7. Пациенттің жалпы жағдайына, ол тарапынан көмек көрсету мүмкіндігіне баға беріңіз.

    8. Айналасында тұрған заттарды бағалаңыз,

    9. Пациентке қарап оның бір шетіне шығып тұрыңыз. Бір аяғыңызды пациенттің аяғының қасына қойыңыз, екіншісін–оның аяқтарының алдына, тізелерін тіреп қойып ұстаңыз.

    10. Екі қолыңыздың үлкен саусақтарын пациенттің шалбарының, (етек көйлегінің) белбеуінің астына жіберіңіз, содан кейін барлық саусақтарыңызбен пациенттің киімінен ұстаңыз.(Қажет болса пациенттке қосымша кең белбеу таққызып алуға болады).

    11. Белбеуі сенімді байланғанына көз жеткізіңіз.

    12. Пациенттен қолдарын сіздің беліңізге қойып немесе сіздің белдігіңізден ұстап, өзін өзі демеуін сұраңыз.

    13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ЖҮРЕТІН ПАЦИЕНТТІ СҮЙЕМЕЛДЕУ

    (бір мейіргермен орындалады)

    Көрсетілімі: жарақаттан,инсультан және т. б. кейін жүргенде көмек көрсету.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    9. Пациенттке сүйемелдеу принципін түсіндіріңіз,оның осыны түсінетіне көз жеткізіңіз.

    Пациенттің жалпы жағдайына, ол тарапынан көмек көрсету мүмкіндігіне баға беріңіз:

      • Ол өз бетінше не жасай алатынына

      • Оған қандай және неге көмек көрсету керектігін

      • Оған қосымша құралдар керектігін (таяқтар, балдақтар, жүргізгіштер).

    1. Жан-жағындағы заттар мен бұйымдарға баға беріңіз (пациент жүретін жолда тұрған заттарды бағалау еденнің ылғалдылығын, үй аяқ киімдерін, едендегі бөгде заттарға, аппаратураға, стоящая на пути движения).

    2. Пациентпен қатар тұрыңыз.

    3. «алақанның улкен саусақтарымен қармау» әдісін қолданыңыз; пациенттің оң қолын өзіңіздің оң қолыңызда,(сол қолын сол қолыңмен). Құлпы қылып біріктірілген үлкен саусақтармен ұстаған пациенттің қолы түзу, алақанын мейіргердің алақанына тірейді.

    4. Екінші қолыңызбен пациентті шынтағынан немесе қолтық астынан демейсіз немесе пациентті белінен құшақтаңыз.

    5. Пациентке мүмкіндігінше жақын тұрыңыз, оның тізесін оң аяғыңызбен тіреп тұрыңыз,(егер мейіргер оң жағында тұрса).Пациент өзін өзі жақсы сезінетіне көз жеткізіңіз. Осы жағдай пациенттің жығылып қалуына жол бермейді және оны көп күш жұмсамай демеуге болады..

    6. Пациентпен қатар жүріңіз.

    7. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Бақылау сұрақтары

    1. Дене биомеханикасы туралы түсінік.

    2. Пациентті жылжытуға дайындалу ережесі.

    3. Пациентті сүйемелдеуге дайындалу ережесі.

    4. Пациентті сүйемелдеудің әртүрлі әдістері.

    5. Жүретін пациентті сүйемелдеу.

    6. Арнайы ортопедиялық бұйымдарды қолдану: таяқтарды, балдақтарды, жүргізгіштерді.

    7. Пациентті жатқызу:

    Фаулер қалпына

    Симс қалпына

    «арқасына жату» қалпына

    «ішімен жатқызу» қалпына

    «бір бүйірімен жатқызу» қалпына

    Өзіне-өзі қызмет көрсету тапшылығы бар пациентті күту принциптері

    Жеке бас гигиенасының шараларын орындағанда науқас адам әрдайым басқа адамның көмегіне жүгінеді: беті-қолын жуғанда, қырынғанда, ауыз қуысын, көзді,мұрынды,құлақты,шашын, тырнақтарын,бұт аралығын, күткенде, суға түскенде,сонымен қатар тіршілік барысында түзілетін заттарды бөліп шығарғанда. Бірақ пациентке көмек көрсеткенде, оның максималды түрде өзінің жасауын мақтап, ынталандырып, соған шақырып отыру керек.

    Күтім жасау принциптері:

    қауіпсіздік (пациенттің жарақаттанып қалуының алдын-алу);

    конфиденциалдылық (жеке бас өмірінің жайлары бөгде адамдарға мәлім болмауы керек);

    адамдық абыройын сыйлау (барлық процедураларды пациенттің келісімімен орындау, қажет болғанда оңаша жерде жасау,басқа адамдарға білдірмеу);

    қарым-қатына құру (пациенттің өзін және оның жанұя мүшелерін әңгімеге тарту, олармен бірігіп алдыда жасалатын ем шараларды және жалпы күтім жоспарын талқылау);

    тәулсіздік (әрбір пациенттің тәуелсіздікке қарай ұмтылғанын мақтау, ынталандыру);

    инфекциялық қауіпсіздік (сәйкес келетін шараларды орындау).

    Пациентке көмек көрсетудің мақсаты– жеке бас гигиенасының шараларын орындау, жайлылықты,тазалықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Ауру ағымы мен аурудың ақырына дейін пацент болатын ортаның тигізетін әсері өте зор болады. Палатада жағымды жағдайларды жасау,көбінесе орта буынды және кіші медициналық персоналдарға жүктеледі.Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау, пациенттің төсек-орнын және палатаны тазалықта ұстау, емнің тиімді болуы үшін маңызды жағдайлар екені белгілі.Ф. Найтингейл «Гигиеналық жағдайлар деген ұғым нені білдіреді-Негізінде олар онша көп емес: жарық, жылу, таза ауа, сапалы тамақ, таза ауыз су, тазалық сақтау мен ұқыптылықты талап ету» - деп жазған. Сондықтан жеке бас гигиенасының ережелерін қатаң орындау,төсек орынды тазалықта сақтау, дер кезінде палатаны жинау емнің бір бөлігі деп саналады.

    Терінің күтімі

    Терінің қалыпты жағдайда тіршілік етіп, өз қызметін жақсы атқаруы үшін,таза болуы мен бүтіндігінің бұзылмағандығы өте маңызды. Терінің шиыршықтығын, жұмсақтығын және майысқақтығын сақтау үшін теріде орналасқан май мен тер бездерінің қызметі де өте маңызды. Олардың функциялары бұзылғанда терінің ластануы болады: май мен тер бездерінің бөлінділерімен, тері бетіндегі үгітіліп тұратын мүйізшелермен, шаң тозаңмен. Әсіресе терідегі табиғи қатпарлар, қолтық асты терісі, әйел адамдардың сүт бездерінің асты тез арада терлеп, ластанып кетеді. Ал бұт аралық тері табиғи бөлінділермен зәр бөлетін мүшелерден, ішектен бөлінетін заттармен қосымша былғанып қалады. Терінің былғануы болғанда денеде қышу басталады,қышу қасу мен тырнауға әкеледі, тырнақ іздерінің орнында майда сызаттар мен жарақаттар пайда болады да тері арасына, тері ішіне тереңдеп, оның бетіндегі микроорганизмдер ішіне ене бастайды. Бұл процесс жалғаса беруі мүмкін.

    Теріге күтім жүргізудің мақсаты оның тазалығын сақтау мен бүтіндігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты мейіргер пациенттердің жеке бас гигиенасын сақтауларын қадағалап отыруы керек және оларға теріні тазалықта ұстауға қажетті манипуляцияларды орындауға көмектесуі керек. Әрдайым бақылау жасау, пациентті түсіну мейіргердің интуициясы оған жұмыс барысында көмек көрсетеді.

    Терінің күтімі нашар болса, сонымен қатар пациенттің организмінің иммунитеті төмендеп кетсе, пациент терісінің үйкелетін, төсек пен дене арасында қысылатын жерлерінде ойылу немесе жамбас тесілуі, баздану мен сызат түсуі пайда болады.

    Шат аралық және бұр аралық,қолтық астындағы, әйел адамдардың сүт бездерінің астындағы теріге ерекше көңіл бөлінуі керек. Қалі ауыр төсек тартып жатқан пациенттердің бұт аралық аймақтарын күнделікті және әрбір дәрет алғаннан кейін жуып тұру керек.

    Кіші немесе үлкен дәреті тоқтамайтын пациенттердің бұт аралық терісі күніне бірнеше рет жуылады.Шат және бұт аралық терінің мацерациясы (лат.maceratio- терінің ұдайы зәрмен ылғалдана беруі салдарынан оның суланып кетуі, тіндердің жұмсарып,іртіктеніп кетуі,), және терінің қабынуы басталады.

    Ауыз қуысының,тістердің,тіс протезінің күтімі

    Әлсіреген және дене қызуы көтерілген пациенттердің ауыз қуысының сілемейлі қабығында, тістерінде өңез немесе қабат пайда болады. Бұл тістерде пайда болатын өңез сілемейден, эпителий жасушаларынан, бұзылған және шіріген тағам қалдықтарынан, бактериялардан тұрады.Бұл ауыз қуысында қабыну және шіру процесстерінің пайда болуымен және жағымсыз иістің шығуымен ұласады, Осы жағдайлармен болатын дискомфорт тәбетінің төмендеуіне,қабылдайтын сұйықтықтың мөлшерінің азаюына, жалпы жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады.

    Ауыз қуысында пайда болатын бактериялар тістерді бұзады, кариестің пайда болуына себеп етеді.

    Сонымен қатар пайда болған өңез қызыл иектің қабынуын, парадонтитті, шақырады, олар тіс мойнының уатылуын, тістің түбірінің босап қалуын және тістің түсіп қалуын тудырады.

    Егер пациенттің ес түсі анық болса да,өзіне күтім жасай алмайтын болса,онда ауыз қуысының күтімі төмендегідей болады:

    • әрбір тамақ ішкеннен кейін, ауызды шайқап тұру; және әрбір құсудан кейін ауызды шайқау;

    • тісті тазалап тұру (тіс протездерін) кешке қарай және таңертең;

    • тіс аралықтарын күніне бір тазалап отыру (кешке қарай тазалаған дұрысырақ).

    Тісті тазалау үшін құрамында фтор бар тіс пастасын қолданған дұрыс,себебі ол тістің эмалін қатайтатын және кариеске қарсы әсер көрсетеді.

    Тіс шетені қызыл иекті зақымдамайтындай жұмсақ болуы керек.Шетенді ескіруіне қарай ауыстырып отырады, немесе алты айда 1рет. Ескіріп кеткен тіс шетені тістің тазалығын қамтамасыз етпейді.

    Тіс аралықтарын тазалайтын жіпті өте абайлап, күш салмай қолдану керек,себебі қызыл иек жарақаттанып, қан кетулер болуы мүмкін.

    Ауыз қуысын күту шараларын аяқтағаннан соң, міндетті түрде шетенмен тілді тазалау керек,тіл бетіндегі құрамында бактериялар болатын қабатты, өңезді тазартады.

    Егер пациент ес түссіз жағдайда болса, ол тісін тазалай алмайды, сонымен қатар аузындағы сілекейін де жұта алмайды, аузын ашып, не жаба алмайды. Осындай пациенттердің ауыз қуысын күту шараларын әрбір 2 сағат сайын, күндіз де,түнде де жүргізу керек.

    Жалпы ережедегі пациенттер ауыз қуысының гигенасын өздері өз бетімен орындайды. Қалі ауыр науқастардың ауыз қуысын әрбір тамақ ішкеннен кейін мейіргер немесе туысқандары өңдейді.

    Қалі ауыр науқастардың ауыз қуысында көбінесе стоматит– ауыз қуысының қабыну процессі пайда болады.Осының салдарынан тамақ ішкенде ауру сезімі,сілекей ағу, дене қызуының көтерілуі болады. Осындай жағдайдың дамуына ауыз қуысының нашар күтімі себепші болады. Кейбір жағдайларды пациенттердің еріндері кеуіп, кеберсіп, ауыз бұрыштарында қатты ауыратын тілінулер пайда болады. Еріндерінің жағдайын жақсарту үшін еріндеріне ылғалды дәке сүрткілерін жауып және крем жағып қою керек.Пациенттерге аузын қатты ашуға, жараларды қолмен ұстай беруге, жара бетіндегі қабыршықтарды жұлып алуға, тіс шетенін қолдануға тиым салынады. Әрбір тамақ ішкеннен соң ауызды салқын сумен шайқау керек.

    Тіс протездері бар пациенттерге протезді түнге қарай алып қою керектігі түсіндіреледі, мұқият сабындап жуу және таң атқанша жеке кесегедегі суға салып қояды, ал таңертең ағынды су астында жуып аузына салады.

    Міндетті жасалуы қажетті жағдайлар: тамақтанғаннан кейін ауызды шайқау, күніне екі рет тістерін тазалау. Қалі ауыр пациенттердің ауыз қуысын антисептикалық ерітіндімен тазартып отыру керек.

    Көз күтімі

    Көз күтімі көздің сілемейлі қабығының (конъюнктивит) қабыну процессі кезінде болатын көзден кірпіктерді,астыңғы және үстіңгі қабақтарды бір-біріне жабыстырып тастайтын бөлінулер пайда болғанда жүргізіледі.Осындай жағдайларда вазелин майына батырылған дәке тампонымен қатып қалған қабыршықтарды алдымен жұмсартып алады, содан кейін конъюнктивалды мөшенгін антисептикалық ерітіндімен жуады. Осы мантпуляция жасалғанда қабақтарды бір бірінен бірінші және екінші саусақтармен ажыратып тұрады, да көз алмасының ішін тамызғыштың немесе көз стаканының көмегімен жуады.

    Құлақтың күтімі

    Сыртқы есту жолында қоңырқай сарғыш түсті масса– құлық әрдайым бөлініп тұрады, ол жиналып,біртіндеп құлық тығынын құрайды,сөйтіп есту қабілетін төмендетуі мүмкін. Сау құлақтың күтімі оны жылы сумен, сабындап жуумен тұжырымдалады.

    Сыртқы есту жолдарын ешқашанда өткір, ұшы жіңішке затпен тазалауға болмайды.Себебі өткір зат есту жолын және дабылды жарғақты зақымдауы мүмкін.Құлық тығынын құлақтан мейіргер дәрігердің бақылауымен алып тастайды.

    Мұрын күтімі

    Қалі ауыр пациенттің мұрын қуысының сілемейлі қабығында сілекей мен шаң тозаң көптеп жиналып қалады. Ол тыныс алуды қиындатады және пациенттің жалпы жағдайын нашарлатып тастайды. Әлсіреген науқастар мұрын жолдарын өз бетінше тазарта алмайды, сондықтан мейіргер пациенттің мұрын қуысын күнделікті тазартып отыруы керек.

    Пациентті қырындыру

    Қауіпсіз ұстаралар бр мәрте қолданылатын немесе көп рет қолданылатын болуы мүмкін. Қырындыру алдында бет әлпетін мұқият қарап шығыңыз, бетінде қалі бар болса, оны жарақаттап алудан аулақ болыңыз, себебі жарақаттанған мең пациенттің денсаулығына үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Оған қырынуға арналған сықпа майды қолдануға болатынын айтыңыз және ол теріні кесіп алудың алдын алады, теріні жылтыр қылып ұстараның сырғуын оңайлатады.Қырындырғаннан кейін құрамында спирт бар лосьон, қолданған жақсы және ол жақсы антисептик деп саналады.

    Қауіпсіз ұстараларды қолданғанда, қолды кесіп алмай абайлап жұмыс істеу керек. Ұстараны стаканға салып, дүзін төмен қаратып ұстау қажет. Егер пациент өз бетінше қырына алмаса оны тек бақылап тұруға болады немесе оны жеке қалдырады.
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64


    написать администратору сайта