Главная страница
Навигация по странице:

  • Дене қызуының жоғарылауына байланысты болатын қызбаның типтері Дене қызуының жоғарылауы бойынша (деңгейі) қызба келесі түрлерге бөлінеді: Субфебрилді

  • Аздап жоғарылаған (фебрильді)

  • Гиперпиретикалық қызба өмірге қауіп төндіреді,әсіресе жас балалар үшін.

  • Қызбасы көтерілген науқастарға күтім жасау ерекшеліктері

  • Қызбаның бірінші кезеңі.

  • Қызбаның екінші кезеңі.

  • Қызбаның үшінші кезеңі.

  • Артериялық қысымды өлшеу

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница23 из 64
    1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64

    ҚЫЗБА

    Қызба(лат. febris)–дене температурасының 37°С.жоғары болып, көтерілуі. Бұл организмнің қорғаныс-бейімделу реакциясы.Қызба инфекциялық және басқа да ауруларда (миокард инфарктінде,қан аздықтарда, аллергиялық реакцияларда,улануларда, қатерлі ісіктерде және т.б.)болады, немесе жүйке жүесінің ауруларында болатын терморегуляцияның бұзылуы патологиясының көрінісі (мысалы: ми инсульты) немесе эндокриндік жүйенің (мысалы: тиреотоксикоз). Дене температурасының көтерілуі организмге әртүрлі биологиялық белсенді заттардың әсер етуінде де болады – мысалы: пирогендердің (греч. pyretos – өрт, ыстық, genesis – пайда болуы, дамуы), олардың агенттері ретінде организмге таныс емес ақуыздар (микробтар, олардың токсиндері, сары сулар, вакциналар, тіннің шіруінде, жарақаттарда,күюде, қабыну процесстерінде пайда болатын заттар, кейбір дәрілік заттар әсер еткенде қызба жоғарылайды, себебі осы заттар әсер еткенде терморегуляция бұзылады да, қалыпты жағдайдан жоғары температураны қолдап тұрады.

    Қызбалық реакциялар инфекциялық емес қабыну процесстерінде (асептикалық), де пайда болады, олар механикалық,химиялық және физикалық зақымданулардан болады.Тіннің қан айналуының бұзылуынан дамыған некрозы да мысалы: миокард инфаркті де қызбамен ұласады. Қызбаның болу жағдайы қатерлі ісікте, тиреотоксикозда, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылғанда жиі байқалады (термоневроз).

    Қызбаны организмнің бейімделу реакциясы деп қарастырады. Ол қажетті зат алмасу процессін ынталандырады, ілгері қарай жылжуына әсер етеді және көптеген жағдайларда организмге енген бактериялармен және вирустармен күресуін оңайлатады. Дене қызуын жасанды жолмен жоғары көтеру (пиротерапия) сирек кездесетін созылмалы инфекцияларда кездеседі. Бірақ көптеген жағдайларда (қызбаның пайда болуын, пациенттің жас мөлшерін, қосарласатын ауруларын ескере отыру керек) кейбір аурулардың ағымы мен даму барысына және ақырына қызба өте кері әсерін тигізеді. Сондықтан қызбаны бағалағанда әрбір жағдайда пациенттің жеке бас ерекшеліктерін ескеріп және сұрыптап отыру қажет.

    Дене қызуының жоғарылауына байланысты болатын қызбаның типтері

    Дене қызуының жоғарылауы бойынша (деңгейі) қызба келесі түрлерге бөлінеді:

    1. Субфебрилді–дене температурасы37-38°С болады, көптеген жағдайларда жылу берілуінің төмендеп, қамалып және организде сақталып қалуында және басталуы организмде инфекция ошағының бар немесе жоқ болуына байланысты емес жағдайларда болады

    2. Аздап жоғарылаған (фебрильді) – дене температурасы тела 38-39°С.

    3. Шамадан тыс (гиперпиретикалық) – дене температурасы 41°С-дан жоғары болады.

    Гиперпиретикалық қызба өмірге қауіп төндіреді,әсіресе жас балалар үшін.

    Гипотермия деп дене температурасы 36°С-дан төмен болуын атайды.

    Температуралық сызбалардың типтері.

    Температуралық сызбалар – бұл температураның тәуліктік тербелуін көрсететін сызба түріндегі жазбасы. Қызбаның түрі оны тудырған фактордың табиғатына және адамның организмнің жауап беру реакциясына байланысты болады.

    1. Тұрақты- температураның тәуліктік тербелісі 1,0С- тан аспайды. Температуралық сызбаның осындай түрі өкпе қабынуының әртүрлерінде байқалады.

    2. Ремитирленетін - температураның тәуліктік тербелісі 1,0-2,ОС болады. Туберкулёзде байқалады.

    З. Интермиттирленетін - температураның үлкен толқындары:таңертеңгі көрсеткіші қалыпты көрсеткішке дейін немесе қалыптыдан төменгі көрсеткішке дейін төмендейді.Температураның осы көрсеткіші дене қызуының әрбір жоғарылауы дененің құрысып, тырысуымен қосарласатын, ал оның төмендеуінде пациенттің қара терге түсуі болатын безгек ауруында байқалады.

    4. Гектикалық – температуралық тербеліс 3,0-5,ОС, құрайды, температура 41,ОС дейін жетеді. Туберкулездің ауыр түрлеріне тән болады.

    5. Бұзылған немесе төңкерілген - температураның таңертеңгілік көтерілуі мен оның кешкілік көтерілуі бірдей болады. Септикалық ауруларда байқалады.

    6. Қайталанбалы - температураның көтерілу кезеңі бірнеше тәулікке дейін созылады арасында қысқа уақытқа төмен түседі – қайталанбалы сүзекке тән болады.

    Безгектің кезеңдері

    1) дене температурасының жоғарылау кезеңі

    2) дене температурасының жоғары болып тұруы кезеңі

    3) дене температурасының төмендеу кезеңі

    Безгектің кезеңдері

    Безгектің дамуында үш кезеңді анықтауға болады:

    1. Дене температурасының жоғарылау кезеңі (stadium incrementi): жылуды жасап шығару процестері басымды болады(тер бөліп шығарудың азайуы және тері қан тамырларының тарылуы есебінен жылудың берілуі бәсеңдейді). Науқас осы кезеңде мұздайды, қалтырап дірілдеп тоңады, басы ауырып, буындарында ауырып «сындырып жатыр» және бұлшық еттерінде ауру сезімі болады және аяқ қолы көгереді.

    2. Дене температурасының жоғары болып тұруы кезеңі (вершина температураның ең биік көрсеткішінің болуы, stadium fastigii): дене қызуының жоғары көрсеткіште қатынасты тұрақты болып тұруы, (жылуды беру мен жылуды жасап шығару процесстері теңдесе бастайды). Науқас ыстықтағанына, басының ауыратынына, аузының құрғайтынына шағымданады, мазасыз, аздап ес түсін жоғалтуы мүмкін. Көптеген жағдайларда тыныс алуы жиілеп (тахипноэ) болады, жүрек соғысы жиіленеді (тахикардия) және АҚ төмендейді (артериалды гипотензия).

    3. Дене температурасының төмендеу кезеңі (stadium decrementi): дене температурасының төмендеуі кезеңінде жылуды беру процесстері басымды болады. Дене температурасының төмендеу түріне байланысты төмендеуі лизис (греч. lysis – еріту) – температраның біртіндеп, бірнеше тәулік бойы төмендеуі және кризис (греч. krisis – шешуші кезең) – дене температурасының тез арады 5-8 сағат ішінде төмендеуі деп бөлінеді. Кризис жедел қан тамырлық жетіспеушіліктің дамуымен қауіпті.

    Қызбасы көтерілген науқастарға күтім жасау ерекшеліктері

    Қызбасы көтерілген науқастарға күтім жасау принциптері қызбаның кезеңдеріне (периода) байланысты болады. Күтім жасау шараларын қысқаша айтқанда келесідей деп жеткізуге болады: қызбаның бірінші кезеңінде науқасты «жылыту» керек,қызбаның екінші кезеңінде пациентті «салқындату» керек, ал үшінші кезеңінде – АҚ-ның төмендеп кетуінің және жүрек-қан тамырлық асқынулардың алдын алу керек.

    Қызбаның бірінші кезеңі.Дене қызуының тез арада, аяқ астынан көтерілуі болғанда науқас денесінің мұздағанын, бұлшық еттерінің, басының ауырғанын сезеді, тоңып,жылына алмайды. Мейіргер пациентті төсегіне жатқызып,оны жылы көрпемен жауып қояды, аяқтарына жылытқыш басып,ыстық сусындарды көптеп ішкізеді, (шәй, қайнатпалар және т.б.), физиологиялық бөліністерін қадағалау керек, жел тигізбей, қымтап жатқызып, күтім шараларын мұқият жасау қажет.

    Қызбаның екінші кезеңі. Дене қызуы үнемі жоғары болып тұрғанда пациентті ыстықтау мазалайды, ес-түсінің ирригативті бұзылуы болуы мүмкін,ол ОЖЖ-нің қатты тітіркенуінен дамиды – немесе интоксикациялық делирия деп аталады, (лат. delirium – ақыл-есін жоғалтуы, есінен адасуы): болып жатқан өзгерістерді қабылдай алмауы, галлюцинациялар, психомоторлық өршулер (сандырақтау, науқас төсегінде «секіріп» жатады).

    Пациентті жұқа сейсеппен жауып қою керек, маңдайына суық компресс жасау немесе басының үстіне мұзды мұйықты іліп қою керек; гиперпиретикалық қызбада денесін салқын сумен ылғалдандырылған шүберекпен сүртіп шығу керек, салқын басуды (примочки) жасауға болады. (төрт қабат қылып бүктелген сүлгіні немесе жаялықты жартылай сумен араластырылған сірке су ерітіндісінде ылғалдап алып, аздап сығып, басына 5-10 минутқа басады жиі жиі ауыстырып отырады.Ауыз қуысын ас содасының әлсіз ерітіндісімен жиі өңдеп отыру керек, еріндерін– вазелин майымен майлайды. Пациентті көп мөлшердегі салқын сусындармен қамтамасыз ету керек.(қайнатпалар, шырындар, морстар және т.с.с.). Тамақтандыруды № 13 диетеамен жүргізеді.АҚ, пульсті қадағалап отыру қажет. Физиологиялық бөліністерінің дер кезінде болуын қадағалайды. Көрпе-төсек сейсептерін жиі ауыстырып, іш киімдерін құрғақ ұстау қажет,дәрет ыдысы мен зәл қабылдағышты дер кезінде беру маңызды.Міндетті түрде ойылудың алдын алу шараларын жүргізеді.

    Қызбаның үшінші кезеңі. Дене температурасының төмендеуі біртіндеп (литикалық түрде) немесе тез арада (критикалық түрде) болуы мүмкін. Дене қызуының критикалық түрде төмендеуі қатты терлеумен, жалпы әлсіздікпен, терісінің бозаруымен қосарласады, кедй коллапс дамуы мүмкін. (жедел қан тамырлық жетіспеушілік).

    Коллапстың маңызды диагностикалық белгісі АҚ-ның төмендеуі болады. систолиялық, диастолиялық және пульстік қысымдар төмендейді. (пулстік - систолиялық пен диастолиялықтың айырмасы) Коллапсе туралы систолиялық АҚ-ның 80 мм сын. бағ.дейін, одан да төмен төмендеуінде айтуға болады. Систолиялық АҚ-ның прогресті түрде төмендей беруі коллапстың ауырлық деңгейін көрсетеді.Дене температурасының критикалық түрде төмендеуі болғанда мейіргер тез арада дәрігерді шақыртады, кереуеттің аяқ жағын жоғары көтеріп қояды және басынан жастығын алып тастап, пациентті көрпесімен жылы жауып қояды.Пациенттің аяқ қолдарына жылытқыш басады, оттегін береді,іш киімдері мен көрпе төсек сейсептерінің жағдайын қадағалайды. (қажет болуына байланысты сейсептер ауыстырылады) АҚ-мен пулсін қадағалайды.

    Қызба

    Дене температурасының жоғарылау кезеңі t

    дене температурасының максималды болып тұруы кезеңі t

    дене температурасының төмендеу кезеңі t

    кризис – tтез арада төмендеуі

    лизис–tбіртіндеп төмендеуі

    1. мұздау

    2. бас ауруы

    3. нашар сезінуі

    4. сүйектері мен бұлшық еттерінде ауру сезімінің болуы.

    1. ыстықтау

    2. терлеудің үдей түсуі

    3. бас ауруының күшейуі

    4. тәбетінің төмендеуі

    5. сухость во рту, еріндерінің жарылуы

    6. ес түсінің бұзылуы

    7. пульсінің жиілеуі

    8. тыныс алуының жиілеуі

    1. АҚ-ның төмендеуі, пульсі жіп тәрізді

    2. Терісінің бозаруы, еріндері көгерген

    3. Суық, жабысқақ тер

    4. Аяқ-қолының суық болып кетуі

    Күтімі

    Дене температурасының жоғарылау кезеңі t

    Дене температурасының максималды болып тұруы кезеңі t

    Дене температурасының төмендеу кезеңі t

    кризис – tтез арада төмендеуі

    лизис–tбіртіндеп төмендеуі



    1. Тыныштық орнатыңыз

    2. Аяғыны жылытқыш басыңыз

    3. пациентті жауып қойыңыз

    4. ыстық сусындар беріңіз

    5. физиологиялық бөлінулерін қадағалаңыз (диурезі, нәжісі)



    1. жеке постты қамтамасыз етіңіз

    2. көп мөлшерде дәруменді сусындар ішкізіңіз

    3. басына мұзды мұйық немесе суық компресс басыңыз

    4. терісіне күтім жасаңыз, ойылудың алдын алады жасаңыз

    5. іш киімдері мен сейсептерін ауыстырыңыз

    6. қажет болған жағдайларда оксигенотерапияны жүргізіңіз

    7. АҚ-ның, пулстің, тыныс алудың жағдайын бақылаңыз.

    8. физиологиялық бөлінулерін қадағалаңыз



    1. пациенттің аяғын көтеріп жатқызу

    2. дәрігерді шақыртыңыз

    3. пациенттің денесін құрғатып, сүртіңіз, киім кешегін ауыстырыңыз.

    4. обложите пациенттің жан жағын жылытқышпен орап қою керек,сусын ішкізу, бақылау.

    1. АҚ-ның, пулстің, тыныс алудың жағдайын бақылаңыз

    1. физиологиялық бөлінулерін қадағалаңыз (диурезі, нәжісі)

    Пульсті зерттеу

    Пульс деп қан тамырларының қабырғаларының бір жүрек цикылында жүйелі түрде қанмен толуының өзгіріп отыруына және қан тамырлары ішіндегі қысымның динамикасына байланысты тербелуін айтады.Пулстік толқындарды қай қан тамырдан анықтауына байланысты пулсті: артериалық, көк тамырлық және капиллярлық деп сұрыптайды. Артериалық пульс: орталық (аортада, ұйқы артериясында) немесе перифериялық (кәрі жілік артериясында, табан үстіндегі артерия) деп бөлінеді.Диагностикалық мақсатпен пульсті әртүрлі артериялардан анықтайды: ұйқы,самай,сан, бұғана асты, иық, тізе асты, сан сүйегі артериясынан (абайлап басады себебі: жүрек жиырылуының тез арада, шұғыл рефлекторлық түрде бәсеңдеп қалуы қаупі болғандықтан) анықтайды. Пульсті көбінесе кәрі жілік артериясынан зерттейді, себебі ол үстіртін орналасқан және қолға жақсы сезіледі. Кәрі жілік өскінімен ішкі бұлшық арасынан жақсы сезіледі.

    Пульсті кәржілік артериясынан зерттеу үшін, саусақтарды төмендегідей қылып орналастыру керек: төрт саусақты білезік буынынан сәл жоғары қылып,бірінші саусақ білектің сыртқы жағында,ал қалғандары дәл артерияның үстінде болатындай етіп білекті қамтып, орналастырады.Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржіліктің ішкі бұлшық етінің сіңірі арасынан табылады. Артерияның бүлкілдеуін тауып алып, оны сүйекке қарай аздап, қысады және артерияның әртүрлі қасиеттерін зерттеуді бастайды.

    Ең алдымен бір мезгілде оң және сол қаржілік артерияларынан пульсті тауып алып, екі қолдың пулстік толқындарының көлемін анықтайды, қалыпты жағдайда олар бірдей болуы керек. Оң және сол қолдардағы пулстік толқындардың әртүрлі болуы даму ақауы болғанда, сәйкес келетін жақтағы иық, бұғана асты артериясының тарылуында немесе қысылып қалуында болады.

    Екі қолдағы пульстік толқындары екі түрлі болғанда, пулстің басқа қасиеттерін, қолдың тамыр соғу толқыныны жақсы анықталатын жағынан зерттеу керек.

    Пульстің реттілігін бірінен кейін бірі келетін тамыр соғу толқындарының реттілігімен анықтайды.Егер тамыр соғу толқындары бірдей уақыт аралығында пайда болатын болса, пулстің реттілігі дұрыс немесе тамыр соғу ритмі дұрыс деп аталады. (пульс ретті).

    Әрбір тамыр соғу толқындарының арасындағы уақыт ұзақтығы әртүрлі болатын болса пулс реттілігі дұрыс емес деп аталады. Тамыр соғу толқындарының саны, жүрек жиырылуы санынан, аз болса (мысалы: жыпылықтайтын аритмияда) пульстің тапшылығы деген шешім қабылданады.

    тыныс алу Пульстің толтырылуы артерияда бар қан көлемімен анықталады. Артерияда қан жеткілікті көлемде болса, пульс жақсы толтырылған немесе пульсі толық деп аталады. Айналымдағы қан көлемі азайып қалған кездерде (мысалы, қан жоғалтуда) және артерия нашар толтырылғанда пульс бос деп аталады.

    Бүлкілдеп соғып тұрған артерияны толық қысу үшін жұмсалатын күш, тамыр соғудың кернеу күшін көрсетеді.

    Пульстің кернеу күші артериалдық қан қысымның деңгейіне байланысты болады: ол көтерілгенде пульс тартылған немесе қатты, қан өысымы төмендегенде – жұмсақ болады.

    Пульстің әртүрлі қасиеттерін дұрыс бағалау, диагностика жасау үшін өте маңызды. Пульсті күнделікті анықтау нәтижелері температура парағына мейіргермен күнделікті енгізіледі.

    Пульс қызыл қарындашпен жазылады, қойылған нүктелер бір бірімен біріктіріледі де пульс жиілігінің сызбасын құрайды.

    Е с і ң і з д е сақтаңыз! Пульс жиілігінің көрсеткіштері 50-ден 100-ге дейін болғанда температура парағының «бөлім бағасы» 2-ге тең, ал пульс саны 100 – ден асып кеткенде 4-ке тең болады.

    Пульс каржілік артериясынан басқа да артериялардан зерттеледі.

    Е с і ң і з д е сақтаңыз! Пульсті зерттейтін жерлер —бұл артериялық қан кетулер болғанда артерияны саусақпен қысатын нүктелер.

    Ұйқы артерияларынан пульсті екі жағынан бірдей,тамырды қатты баспай зерттейді. Артерия қабырғасына аздаған күш түсіп кеткенде, жүрек қағысы тез арада сиреп кетуі мүмкін, кейде жүрегі тоқтап, қан қысымы төмендеп кетеді. Пациенттің басы айналып, есін жоғалтып, денесі құрысып тырысуы мүмкін.

    Сан артериясынан пульсті шат аймағынан, сан сүйегін тік қылып созып, аздап сыртқа қарай бұру қалпын беріп, зерттейді.Тізе асты артериясынан пульсті тізе артындағы ойыстан пациентке «ішімен жату»дене қалпын беріп зерттейді. Табан үстіндегі артериядан пульсті бірінші саусақ аралығынан зерттейді. Артқы үлкен тоқпан жілік артериясынан тобықтың ішкі жағынан оған артерияны қысып тақап зерттейді.

    Артериялық қысымды өлшеу

    Артериялық (АҚ) деп жүрек жиырылуында организнің артериялық жүйесінде пайда болатын қысымды айтады. Оның деңгейіне жүректің қанды ығыстырып шығаратын күшінің үлкендігі және жылдамдығы мен реттілігі, артерия қабырғаларының шет шеттерінің қарсыласу күштері әсер етеді.

    Артерияларда қарыншалардың систолиясынан кейін пульстік толқынның максимального көтерілуі мезетінде пайда болатын қысым систолиялық деп аталады.Диастолада артерия тамырларында олардың тонусымен реттеліп,сақталып отыратын қысым диастолиялық деп аталады.Ал систолиялық пен диастолиялық қысымдардың өз ара айырмасы пульстік қысымды құрайды.

    Артериялық қысымды қалыпты жағдайда иық артериясынан өлшейді, ол аортадағы қысымға жақын орналасқан. (қысымды сан, тізе асты және басқа да шеткері орналасқан артериялардан да өлшейді).

    Систолиялық қысымның қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері АҚ 100—120 мм сын. бағ., аралығында тербеледі, диастолиялық — 60—80 мм сын. бағ. Осы көрсеткіштер адам жасына байланысты болады. Егде тартқан адамдарда систолиялық қысымның төтеп беретін максималды көрсеткіші 150 мм сын. бағ., ал диастолиялық қысымы — 90 мм сын. бағ.болады. Артериялық қысымның қысқа уақытқа көтерілуі (әсіресе систолиялық) эмоциялық немесе физикалық күш түскенде байқалады.

    Әрбір адамның өзіне тән, осы көрсеткіштерде өзін жақсы сезінетін АҚ -мы болады. Осы көрсеткіштер «жұмысшы» деп аталады. Бір адамда ол қалыпты көрсеткіштермен сәйкес келіп жатса, бір адамда қалыптағыдан жоғары немесе төмен болуы мүмкін.

    Артериялық қысымды тонометрмен өлшейді. Қысымды өлшеу үшін тонометрден басқа құрал – фонендоскоп керек болады.

    АҚ-ны өлшеу алдында фонендоскоптың мембранасы мен түтіктерінің бүтіндігін тексеріп алу керек, керісінше болып қалса зерттеу жасауды қиындататын кедергілер болуы мүмкін.

    Барлық ем шара жасау ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек. АҚ-ны өлшеуді аяқтағаннан соң, мембрананы 70-градустық антисептикпен суланған тампонмен екі рет сүрту керек.

    Е с і ң і з д е с а қ т а ң ы з!! АҚ-ны қалыпты жағдайда араларына 1—2 минут салып, 2—3 мәрте өлшейді, әрбір өлшеу шарасында манжетадан ауаны толық шығарып тастайды.

    Артериялық қысымның қалыпты көрсеткіштертен жоғарылауы артериялық гипертензия, ал төмендеуі — артериялық гипотензия деп аталады.

    Артериялық қысымның көрсеткіштерін цифрлық түрде бөлу әдісімен жазумен қатар, осы көрсеткіштер температура парағында бағана түрінде тіркеледі, бағананың жоғарғы шегі систолиялық, ал төменгі шегі диастолиялық қысымды көрсетеді.

    Кейбір жағдайларда пациентке артериялық қысымын өзі өлшеуіне тура келеді.

    Мейіргерлік персонал пациентті осы манипуляцияны жасауға үйрете білуі керек.
    1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64


    написать администратору сайта