Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрсетілімі

  • Асқынулары

  • ЫЛҒАЛДЫ ЫСТЫҚ КОМПРЕСТІ ЖАСАУ Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Ескерту

  • Дайындаңыз

  • Мейіргердің кәсіптік дайындығы және жұмысын ұйымдастыру Медицина қызметкерлерінің мінез-құлық мәдениеті, өзара және пациентпен қарым-қатынас құру этикасы.

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница26 из 64
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64

    Ескерту:Мұзды мұйық (мөшек) аралықтағы уақыттарын есептегенде 2сағатқа салынады.

    ЫЛҒАЛДЫ ЖЫЛЫТАТЫН ЖӘНЕ ДӘРІЛІК КОМПРЕСТЕРДІ ЖАСАУ

    Мақсаты: қан тамырларын ұзақ уақыт және бір келкі қылып кеңейту, тіндердегі қан айналымды ұзақ уақытқа жақсарту, ауру сезімін бәсеңдету және қабынуды тарату әсерін жасау.

    Көрсетілімі:инъекциядан кейінгі инфильтраттар, бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, ЛОР аурулары, соққыдан кейінгі екінші тәулік.

    Қарсы көрсетілімдері:қызба, қан құйылуы,терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, терінің бүтіндігінің бұзылуы,әртүрлі этиологиялық ісіктер, жарақаттар және соққылардан кейінгі алғашқы тәуліктер.

    Асқынулары:терінің мацерация (тітіркенулері), күюлер.

    Дайындаңыз: компресті матаны немесе 8-10 қабат қылып бүктелген дәке сүрткілерін, компресті қағазын, мақтаны, бинтті, 40% этил спиртін немесе дәрілік ерітіндіні,Т – 20-25ºС суды, қайшыларды, олғаптарды, «Б»тобының қалдықтарын салатын ҚЖЖК-ны.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    10. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    11. Пациенттің компрес жасалатын жерінің терісін қарап тексеріңіз.

    12. Компресті матаны немесе дәке сүрткісін дайындап қойған (Т – 20-25ºС) бір ерітіндіге малып, ылғалдап алыңыз,оны аздап сығыңыз.

    13. Компресті матаны немесе дәке сүрткісін дененің қажетті жеріне қойыңыз, оның көлемі әсер ететін жердің көлемінен 2 см-дей үлкен болуы керек.

    14. Компресті матаның немесе дәке сүрткісінің үстіне компрес қағазын қойыңыз,ол да астынғы қабатынан 2 см-дей кеңірек болады.

    15. Компрес қағазының үстіне мақта қабатын салыңыз, (мөлшері астынғы қабатынан 2 см-дей үлкен болады).

    16. Компресті бинтпен ол денеге тығыз жабыластырып, бірақ қимыл-қозғалысқа кедергі жасамайтындай қылып байлап бекітіңіз.

    17. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз. (түнге қарай қойылғаны дұрыстау).

    18. Қолғаптарды шешіңіз.Оларды ҚЖЖК-ге салыңыз.Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    19. 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз,сүрткінің астына саусағыңызды енгізіп, сүрткінің ылғалдылығына, терінің жылы екендігіне көз жеткізіңіз.

    20. Компресті алыңыз,теріні жылы сумен сүртіңіз, сүрткімен құрғатыңыз, құрғақ таңғыш салыңыз.Компресс жасалған жерді жылы орап қойыңыз.

    21. Қолыңызды жуып кептіріңіз.



    Ескерту:

      • егер 2 сағаттан соң сүрткі құрғап кетсе,онда компресс дұрыс жасалмаған;

      • спиртті компрестер тез арада құрғап кетеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырып отыру керек;

      • компресті қайталап салуды,алдыңғысы алынғаннан кейін бір сағат өткенде жасауға болады

      • жартылай араластырылмаған иіс суды немесе спиртті қолдану терінің күюін тудыруы мүмкін.

    ЫЛҒАЛДЫ ЫСТЫҚ КОМПРЕСТІ ЖАСАУ

    Мақсаты: емдік: қабынуға қарсы, қабынуды тарату және ауру сезімін бәсеңдету.

    Көрсетілімі:бас сақинасы (мигрень), коллапс, ішектің және өт жолдарының түйіліп ауыруы, бронх демікпесі,бұлшық еттер мен буындардың ауырулары.

    Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.

    Дайындаңыз:ішінде (50-60ºС) ыстық су бар сиымдылықты, су термометрін, сүрткіні, клеңкені, мақтаны, сүрткіні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Пациенттің компрес жасалатын жерінің терісін қарап тексеріңіз.

    10. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    11. 8 қабат қылып бүктелген сүрткіні ыстық суға салып алып, сығыңыз.

    12. Ылғалды сүрткіні дененің қажетті жеріне тығыз қылып, 5-10 минутқа қойыңыз.

    13. Сүрткінің үстін клеңкемен жауып, оның үстін қалың жүн матамен қымтап қойыңыз.

    14. Компресті қолыңызбен бірнеше минут бинт байламай ұстап отырыңыз және салқындауына байланысты ауыстырып отырыңыз.

    15. Терінің ылғалды жерің сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

    16. Пациентті жауып қойыңыз.

    17. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту: клеңкенің үстіне жылытқыш басуға немесе қалың кқрпеше жабуға болады.

    СУЫҚ КОМПРЕСТІ ЖАСАУ

    Мақсаты: емдік: қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауру сезімін бәсеңдету.

    Көрсетілімі: жұмсақ тіндердің,сіңірлердің, сүйк сыртының, жарақаты болғаннан кейінгі алғашқы тәуліктер, мұрыннан қан кету,қызбаның II кезеңі.

    Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауруы, коллапс, шүк.

    Дайындаңыз: ішінде суық су бар ыдысты, бірнеше қабатқа бүктелген 2 сүрткіні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.



    5. Соблюдайте профессиональный такт и деликатное поведение.

    6. Пациент должен увидеть внимательное отношение к себе и искреннее желание помочь ему.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    10. Дайындап қойған сүрткіні суық суға малыңыз және аздап сығыңыз.

    11. Сүрткіні бірнеше қабат қылып бүктеңіз.

    12. Сүрткіні дененің қажетті жеріне қойыңыз.Сүртіні әрбір 2-3 минут сайын ауыстырып отыру керек,себебі:ол дене температурасының әсерінен тез жылып кетеді. Бірінші сүрткіні екіншісімен ауыстырыңыз.

    Ескерту: ем-шараның толық ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.

    Бақылау сұрақтары

    1. Физиотерапия» терминіне түсінік беріңіз.

    2. Қарапайым физиотерапиялық ем шаралардың түрлері.

    3. Адам ағзасына жылытатын емшаралардың көрсететін әсерлері.

    4. Адам ағзасына суық , салқын емшаралардың тигізетін әсерлері.

    5. Жылытатын компрессті және жылытқышты қолдану көрсетілімдері.

    6. Жылытатын компрессті және жылытқышты қолдануға болмайтын көрсетілімдері.

    7. Суық компрессті және мұзды мұйықты қолдану көрсетілімдері.

    • Суық компрессті және мұзды мұйықты қолдануға болмайтын көрсетілімдері. Мейіргердің кәсіптік қызметі үрдісіндегі мінез-құлық ережелерді;

    • Мейіргердің этика және деонтологиядағы принциптерін;

    • Биомедициналық этика туралы түсінікті;

    • Мейіргердің кезекшілікті қабылдау және өткізу кезіндегі талаптарды;

    • Мейіргердің мәдени мінез-құлқын;

    • Мейіргердің жұмыс және тұрмыс жағдайын;

    • Дәрігерлік жоспарлауға даярлауға ережесі;

    • Стационардан науқастарды шығару ережесін;

    • Санитарлы ағарту жұмысын жүргізуге қойылатын талаптарды және науқастардың бос уақытын ұйымдастыруды;

    Оқытушы білімгерлерге түсіндіреді білімгерлерге мейіргерлік манипуляциялардың дағдыларын түсіндіреді және көрсетеді (стандарттар ұсынылады):

    • Медициналық посттағы жұмыс орнын ұйымдастыруды;

    • Кезекшілікті қабылдау және тапсыруды орындауды;

    • Дәрігерлік тексеруге палатаны және науқастарды дайындауды;


    Мейіргердің кәсіптік дайындығы және жұмысын ұйымдастыру

    Медицина қызметкерлерінің мінез-құлық мәдениеті, өзара және пациентпен қарым-қатынас құру этикасы.

    Медицина қызметкері қандай жерде еңбек етіп жүрсе де, оның мінез құлық көрсету этикасының проблемаларынан екі негізгі сұрақты бөліп қарастыруға болады.
    • ішкі мәдениет ережелерін сақтау: өз жұмысына деген көзқарасы,ішкі тәртіпті білуі мен сақтауы, қоғамдық құндылықтарға көз қарасы, сыйластықты сақтау, және ұжымдық көзқарас пен шешімдерді қолдау;
    •сыртқы мәдениет ережелерін сақтау: әдептілік, қатынас құра білу, сәйкес келетін сыртқы келбеті, киім-кешек таңдай білуі,(сыртқы ұқыптылық, өз денесінің, киімінің,аяқ киімдерінің, тазалығын сақтау міндеті, тым өрескел әшекей бұйымдарды тақпау, шектен шығатын опа далаптар иіс су қолданбау, мұнтаздай таза арнайы киім кию т.с.с.).


    Осы келтірілгендердің барлығы медициналық этикетті құрайды.

    Сонымен қатар сыртқы мәдениет ережелеріне: бірінші болып амандасу, ұжымдастарымен және пациенттермен осы жерде орнаған жағдайларға сәйкес сөйлесе білуі де жатады.

    Сыртқы мәдениеттің талаптарының бірі,өзара қатынас жасау, сыйластықты сақтауға үлкен талап қойылады. Бұл бір-бірімен сәлемдесу қажеттілігі, амандасқан адамның атын қайталай беруге де болмайды. Жас маман немесе жасы кіші мейіргер егде тартқан мамандық иесімен немесе міндеті жағынан жетекшілік, басқаратын қызметті атқаратын адамдармен амандасқанда , әңгімелескенде орнынан түрегелуі керек.

    Ұстамдылық көрсету және тактіні сақтау, өзін ұстай білуі мен өзге адамның қалауын есепке ала білу өте маңызды. Ұжымдасымен әсіресе жасы үлкен адаммен сөйлескенде, алдымен оны тыңдап алу керек, егер қажетті болса содан кейін ғана, салмақты түрде, дөрекілікті қолданбай, жеке бас көңіл толмаушылығын білдіруге болады, дауыс көтеруге болмайды себебі ол кәсіби тактінің жоқтығын және ұстамсыздықты көрсетеді. Медициналық мекемеде қатты дауыстап сөйлеу, әсіресе жеке бас қатынастарын дөрекі түрде пациенттермен басқа мамандардың көзінше талқылау өте төмен мәдениеттіліктің белгісі болады.

    Өзінің де, басқалардың да уақытын бағалай білу ішкі тәртіптілікпен ұқыптылықтың белгісі. Әрбір қызметкердің сыртқы мәдениеті ұжымға өте пайдалы, сонымен қатар ұжымның мақтанышы да бола алады.

    Мейіргердің жұмысында формализм мен жауапсыздық болмауы керек.
    Қоғамдық құрылымда ең үлкен орынды еңбек ететін ұжым алады. Барлық ұжым мүшелерінің бір бірімен бірлестік,түсіністік, достық, қалыпты қатынаста болуы, сәйкес келетін субординацияны сақтауы, әрбір маманның еңбегін бағалай білу мен сыйлай алуы, ашық әрі шыншыл критиканың болуы ұжымда сау психологиялық климаттың болуына,жұмыс сапасының жақсы болуына септігін тигізеді.   Интригалар, ұжымды бұзады,ол майда топтарға бөлініп, жұмыс сапасы төмендейді және пациенттерге кері әсер етеді. Ұжым ішіндегі ұрыс- керістердің себебі карьерлік өсуге ұмтылу да болуы мүмкін, кейбір жағдайларда бір маман иесінің ұжымға қарсы келуі мен оның бүтінгін бұзуға тырысуы да себеп бола алады.

    Пациентер дәрігер мен мейіргердің өзара қарым қатынас түрін тез арада сезіп отырады және ол пациенттердің денсаулықтарына әсер етеді.Медицина қызметкерлерінің қарым -қатынастарының жылы жүзді болуы пациенттердің оларға деген сенімін нығайта түседі, ал олардың дер кезде көмек көрсетуге дайын тұруы ұжымның беделін көтереді.

    Пациенттер көптеген жағдайларда өзіне қызмет көрсететін медицина қызметкерлерімен жеке бас қиындықтарымен бөліседі. Тәжірибесі мол, сөйлескенде ақыл таба алатын медицина қызметкерлері барлық жағдайларда пацинентті тыныштандырып, жақсылыққа сендіре алады. Жылы сөз пациентер үшін, тағайындалған емнен де маңызды бола алады. Осындай кездерде пациент пен медицина қызметкерлерінің арасында таза адами қарым қатына пайда болады. Есте сақтайтын бір мәлімет, ол өте жақын түрдегі қатынасты әшкерелеуге болмайды.

    Кейбір кездерде мейіргердің дөрекі болуы мен тактісінің болмауы дәрігердің дұрыс емес көзқарасы себебінен де болуы мүмкін, осындай кездерде қарым қатынас этикасын сақтау керек болады.

    Амбулаториялық жағдайларда пациенттердің мазасыздануы мен қаіғыруының себебі мейіргердің жіберген қателіктерінен болуы мүмкін, мысалы: жолдама жазғанда немесе лабораториялық зерттеулер туралы хабардар еткенде, дәрігерлік кеңес уақытын дұрыс жазбауы сияқты қателіктер жіберуі болғанда.

    Мейіргердің дәрігердің тағайындауына сәйкес қалі ауыр пациентті үйіне барып қарауды дәл белгілеген күні жасамаса немесе пациенттің үйіне барғысы келмеуі себебінен орындамаса ол, өте теріс бағаланады. Сонымен қатар амбулаториялық немесе аймақтық жұмыстың өзі— көптеген пациенттер мен және оның туысқандарымен тығыз жұмыс жасауды талап етеді,әрі — үлкен жүйкелік-психикалық және физикалық күш жұмсауды қажет етеді.

    Мейіргерлік ұжымның ынтымақтасуына , бірігуіне аға мейіргер үлкен әсірін тигізеді. Ол жұмыс барысы бойынша әрбір мейіргердің мінезі ерекшеліктерін,жанұялық-тұрмыстық жағдайларын және де басқа да факторлармен таныс болады және де күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

    Қызметкерлер арасында жылы жүзді және сыйластық, жолдастық қатынастар басымырақ болатын ұжымдарда, әрбір қызметкер аурулардың алдын алуда және пациенттерді емдеу жұмысындағы өзінің пайдалылығын, керектігін, жұмысының маңыздылығын сезіне алады.

    Стационар — бұл халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетудің бір үлгісі. Осы жерде кейбір жағдайларда палата пациент үшін ұзақ уақыт бойыүйі сияқты болады. Медицина персоналдарының өзара қарым-қатынасының жоғарғы деңгейде болуы, тәртіп сақтай білуі, мәдениетті сақтауы және қызмет сапасын көтеруі әрбір ұжымның негізгі міндеті болуы керек. Медицина қызметкерінің кез-келген қателіктері ондаған пациенттердің көзіне бірден түседі және олардың арасында тез тарап, талқылана бастайды, сөйтіп,қателік жіберген сол медицина қызметкерінің, ұжымның беделін түсіреді,

    Медицина құрылымының барлық сатыларындағы күтуші — палаталық мейіргер — емшара кабинетінің мейіргері — шаруы-мейіргері —аға мейіргер — ординаторлар — бөлім меңгерушісінің, өз ара қатынастарының жоғары этикалық деңгейде болуы, әркімнің өз кәсіптік міндеттерін жақсы атқаруы емдік процеске жағымды әсерін тигізеді.

    Бірақ кейбір медициналық персоналдың пациентке дөрекі түрде тіл қатады немесе оның көмек сұрау туралы өтініштеріне ұзақ уақыт көңіл бөлмейді жағдайлар да болады.Мейіргерлер кейбір кездерде пациенттерге мәдениетсіз түрде қарайды, ем шаралар жасалғанда пациент аздап кідіріп қалғанда оған ескертулер жасап , дауысын көтеретін кездер де болады. Осындай фактілерге ерекше көңіл бөлінуі керек, себебі бұл мысалдар жас мамандар арасында «жұқпалы» түрде тарап кетуі мүмкін.

    Кәсіптік деңгейі бойынша төменгі сатыда тұрған маман иесіне ескертулерді қысқа түрде, пациенттер жоқ жерде жасау керек.
    Егер жасы үлкен мамандар кейбір адамдармен қатынасын бұзып алмау үшін ескерту жасаудан саналы түрде бас тартып жатқан жағдайлар болса, ұжымдағы климат пен сыйластықты нығайтудың орнына керісінше, осындай мәселеге жауапсыз қарау салдарынан ұжым арасындағы дау дамай ушығып кетуі мүмкін.

    Бір қарағанда арнайы жерлерді жұмыс істейтін мейіргерлердің қарым қатынас жасау этикасы принципиалды түрде ұқсас болуы мүмкін, дегенмен жұмыс жасау жағдайымен клиникаға байланысты әртүрлі болады.

    Мейіргер үнемі пациенттердің жанында болатын медициналық персонал, ол пациенттермен жақын жүздеседі, сондықтан әрдайым пациенттердің психикалық ерекшеліктерін, сезімін, олардың қайғы мұңдарын білуі, қай нәрсені қалай деп санайтынын ескере отырып, психосоматикалық жағдайын жақсы біліп алуы керек. Сонымен қатар оның әлеуметтік, жанұялық және мамандығын да біліп жүреді.

    Мейіргер пациентпен сөйлескен кезде сезімталдық танытуы, демек пациентті тыңдай білуі және оның сезімін түсіне білуге ұмтылуы маңызды. Осындай көзқарас пациенттің өз кеселі туралы ойы мен қайғыруын, көңіл-күйін көтеріп, басқаға аударады. Пациентті мақтау, жылы сөйлеу, оның қайғыруының орынсыз екеніне сендіру мамандықтың жоғары деңгейі. .

    Медициналық персонал осы медициналық мекемеде қабылданған этико-деонтологиялық дәстүрлерді сақтап қана қоймай,оны өзінің кәсіптік және жеке бас мәдениеті деңгейінде одан ары нығайтуға, жоғарылатуға міндетті.

    Зерттеу жасалып жатқанда пациенттің өзі медицина қызметкерінің жұмысы мен оның тіл қатуын бағалап жататынын естен шығармау қажет. Зерттеу кезіндегі үстүртін сұрақтарды қоя салуы, ойланбай жауап беруі, ата тегін дұрыс атамауы, пациентті қорлайды, медицина қызметкерінің абыройын төмендетеді.

    Әңгімелескен кезде пациент әрдайым мазасыздық танытып, сергек, әрі сыр тартып отырады, сондықтан медицина қызметкері өте мұқият әрі абайлап, әрбір сөзін ойланып, пациентке тигізетін әсерін ескеріп сөйлеуі керек.

    Ауруын талқылағанда қалі ауыр пациенттердің психикасы өте тез жараланғыш, әрі өзгерістерге ұшыраған, көңіл-күйі төмендеген болып, айналаға көңіл бөлмеуі мүмкін. Осындай кездерде пациенттермен жанасатын барлық персоналдар өздерін адекватты түрде ұстауға, оның ауруы туралы дәрігер айтқан «аңызға» сәйкес сөйлеуге міндетті, басқа деректерді айтып пациентте күдік тудырып алмауы керек.

    Кейбір жағдайларда пациенттерде ауыр жүйкелік бұзылулардың нәтижесі ретінде медицина қызметкерлерінің абайсызда айтқан сөздерінен болатын және ұзақ уақыт психотерапиялық емдеуді қажет ететін ятрогения дамуы мүмкін. Сондықтан пациент өз денсаулығы туралы берген сұраққа жауап бергенде медицина қызметкері өте мұқият ойланып жауап беруге тырысуы керек.

    Медициналық этиканың маңызды сұрақтарына қарым қатынас этикасы да жатады, оның құрамына мейіргердің пациенттің туысқандары және жақындарымен қарым-қатынас құруы да енеді. Сәлемдеме қабылдау мен келіп кетушілер болатын күндерде ерекше күш түседі. Кейбір сұрақтар қайталанып, ашуын келтіріп, жауап бергісі келмей қалатын кездер де болуы мүмкін. Осындай кездерде өзіңізді осы адамдардың орнына қоя біліңіз деген кеңес беріледі.

    Медицина қызметкерінің тактісіз көрсетілген мінез-құлқы шағымның болуына, пациенттер арасында тез тарайтын бөлімше немесе аурухана туралы теріс пікірдің,қызмет көрсету мәдиниеті мен сапасының төмен екендігі туралы көзқарастың туындауына әкеліп соқтырады. качество обслуживания в этом отделении или больнице на невысоком уровне. Туған туыстары мен басқа пациенттерге таралған пікір персоналға сенімсіздікпен қарауды шақырады және олардың жүйкелік-психикалық соматикалық жағдайына әсер етеді. Әрбір жауап өзінің компетенциясында болуы керек.Аурудың барысы туралы сұрақтарға тек дәрігер жауап береді. Мейіргер пациенттің туысқаны қойған сұраққа дәл қазір жауап бере алмайтын болса, кешірім өтініп, басқа уақыта келуін сұрайды.

    Сонымен медицина қызметкерлерінің өзара және пациенттермен қарым қатынас құру мәдениеті мен этикасы емдік процесстің өте маңызды құрамды бөлігі болып табылады, әрі медициналық мекеменің абырайын түсіріп алмауға септігін тигізеді.
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64


    написать администратору сайта