Главная страница
Навигация по странице:

  • Мейіргердің мейіргерлік ем шараларды орындау кезіндегі жұмысының психологиялық ерекшеліктері

  • Пациентпен қатар жүретін эмоциялар

  • Пациенттің қауіптену сезімдерін төмендету әдістері

  • Ауру сезімін тудыратын манипуляцияларды жүргізу ерекшеліктері

  • Егер ол бала

  • Егде тартқан пациенттер ерекше

  • Ересектер көптеген

  • Медициналық этикет субординацияны қатаң сақтауды талап етеді

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница27 из 64
    1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64

    Мейіргердің кәсіптік міндеттерін орындау барысындағы мінез-құлық ережесі

    Манипуляция ем-шара қажет етілетін іс-әрекетті орындау немесе адам денесінің қажетті бір аймағына қолмен әсер ету арқылы емнің тиімділігіне қол жеткізу.Орындау барысында медициналық қызметкермен пациенттің өзара қарым-қатынасының этикалық принциптерін жетекшілікке алғаны дұрыс.

    Мінез-құлықтың этикалық принциптерін бекітудегі негізгі орынды және пациенттің жеке бас психологиялық ерекшеліктерін ескеру міндеті дәрігерге жүктелген. Емдік, диагностикалық шараларды кәсіптік деңгейде орындағанда мейіргерден жоғары кәсіптік тәртіп,дәрігердің барлық тағайындамаларын дер кезінде әрі дұрыс жасау талап етіледі. Бұл мейіргердің негізгі міндеттерінің бірі. Пациентпен қарым қатынас жасағанда және мейіргерлік манипуляцияларды орындағанда мейіргер міндетті:

        • мінез-құлықтың этикалық принциптерін сақтауға

        • жылы жылы жүзді көзқарасты қалыптастыруға

        • ұстамдылықты, шыдамдылықты көрсетуге,пациентке көмек көрсетуге дайын тұруға

        • персоналмен пациенттің арасында сенімділік жағдайын орнатуға

        • ММ-нің және дәрігердің абыройын көтеруге атсалысуға міндетті

    Мінез құлықтың ережесі, психологиялық және биологиялық заңдылықтармен үйлесіділік табуы, медицина қызметкерлерімен бірге басқа да адамдарға қатынастылығы дәлеледенді және бүгінгі күнде ол кәсіптік медициналық міндет туралы ғылым болып саналады. Бұл медициналық деонтология. Деонтология – бұл этиканың негізгі прициптерінің практикалық жүзде іске асуы.Медицинадағы жалпы адами моралдық-түсініктердің заңдылықтар және (этикасы) мінез-құлық ережелері (деонтология) бірігіп бірін-бірі анықтап отырады.Әрбір кәсіптік топтың өз этикалық кодексі болады.Мейіргер ісінің этикалық кодексі- бұлпациенттің өмір сүру образын,адамдық абыройын және құқықтарын сыйлау. Нақты қимылдар жасау, манипуляцияларды кәсіптік деңгейде орындауы пациентке үлкен психологиялық әсер етеді.

    Пациенттің медициналық манипуляцияларға дайындығы бірнеше жағдайларға байланысты болады:

      • пациенттің құлақдар болуынан

      • Мәдени деңгейінен

      • Білімділігінен

      • Алдыда жасалатын зерттеудің түрінен, әдісінен

    Мейіргердің мейіргерлік ем шараларды орындау кезіндегі жұмысының психологиялық ерекшеліктері:

    1) Кез-келген мейіргерлік араласулар пациенттің организмінің бүтіндігінің сақталуына қатысты болады, сондықтан айналасында болып жатқан өзгерістерге байланысты ойлау мен қайғыру қатар жүреді.(медициналық персоналға, айналасындағыларға, өзінің жаңа ортада болуына).

    Пациентпен қатар жүретін эмоциялар:

    - Қорқыныш.Соматикалық реакция белгілерінің пайда болуымен көрінеді:АҚ-ның көтерілуі,пульсінің жиілеуі, дірілдеуі, жыпылықтаулар, суық тер, көз қарашығының үлекейуі, бұлшық еттің қатты жиырылуы, бозару, қуық пен ішектің ырықсыз босаңсуы.

    Қорқыныш пациентке жасағанда ауру сезімін тудыратын ем-шараларға дайындалуға кедергі жасайды.Нәтижесінде пациент осы зерттеу әдісінен бас тартуға тырысады. Қорқуы зерттеу барысын, манипуляцияның орындалуын қиындатады: АҚ-ның көтерілуі, тахикардия; бұлар диагнозының қате болуына әкелуі мүмкін,тонусының жоғарылауы катетерді енгізгенде іш бұлшық еттерінің релаксациясын болдырмайды да, бұл рефлекстерді зертеуді қиындатады.Пациент араласуларға қолдарымен кедергі жасауға тырысады, бұл мейіргерге жоспарланған зерттеуді орындауға кедергі келтіреді.

    - Мазасыздануы – бұл қорқу сияқты психологиялық жағдай, бірақ адам нақты неден қорқатынын айта алмайды. Бұл себебі анықталмаған қауіп алдындағы қорқыныш. Мазасыздануы вегетативті симптомдармен қосарласады.

    - Зерттеу ұзаққа созылғанда пациенттің мазасыздануы күшее түседі.Ол дененің ыңғайсыз қалыпта болуынан, физикалық күш түсуінен асқына береді.Медперсоналға тәуелді болуы себебінен дамитын дәрменсіздік сезімі пайда болады. Жасалатын манипуляция туралы пациентке алдын ала ескертіп қою керек.

    Барлық адамдар таныс еместен қорқады.Кез-келген жас мөлшеріндегі, әрбір пациент кез-келген жағдайда оған жасалып жатқан зерттеулердің барлығынан қатты қорқады. Еш нәрседен қорықпайтын пациенттер болмайды– тек кейбір пациенттер өзінің қорқыныш сезімі мен эмоцияларын жақсы бақылай алатын және өзінің жан дүниесін көрсетпейтін болуы мүмкін. Пациентке ол жақсы түсінетін түрде, не жасаланытын түсіндіру керек. Дәрігермен және мейіргермен түсінікті түрде жүргізілген әңгімеден кейін, пациент осындай мантпуляция жасалған басқа да науқастармен сөйлескені дұрыс. Себібі қорқу білмегендіктен, білімінің таяздығынан да пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда пациентке мұқият түсіндіре білу керек. Әсіресе пациент ауыртатынын білгенде одан да ары ауыруы мүмкін.

    Мейіргер пациенттің қорқуы мен мазасызданатыны туралы емдейтін дәрігерге айтуы керек. Пациентті алдыда жасалатын ем шараға дәрігер мен мейіргер бірігіп дайындайды және емдік мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді.

    2)адам организміне медициналық құралдарды және басқа да техникалық заттарды енгізіп жасауды талап ететін диагностикалық және емдік манипуляциялар:эндоскопиялық (гастродуоденоскопия, ректороманоскопия, бронхоскопия, цистоскопия және т.б.), инъекциялар (т\і, к\т, т\а, б\е, а\і) және басқалары – жасалуы кезінде қауіпті де болады:зерттелетін органның сілемейлі қабығын жарақаттап алу қаупі,перфорация жасап алу қаупі, психологиялық жарақат түсіріп алу қаупі. Сезу мен сезімталдық деген қасиеттерді өз бойынан таба білу керек,ол үшін анатомия мен физиологияны жақсы білу керек және кәсіптік деңгейі жоғары болуы керек.

    3) Пациентпен психологиялық қатынас орнатуды, оны тыныштандыруды, көңіл-күйін көтеруді, зерттеудің жақсы аяқталатынына сендіре білуге үйреніңіз. Ол үшін нақты технологиялармен практика қажет болады.

    4) Ұзаққа созылатын және қайталанып жасалатын манипуляциялар (инъекциялар) пациенттің жүйкесін жұқартып, оларға деген сезімталдығын жоғарылатады да теріс көзқарасын қалыптастырады. Пациентті тыныштандыру керек, қорқуын жоюға тырысу, сенімділік орнату, ем шараның қажеттілігіне сендіру, көңілін басқа нәрсеге аудару, жылы жылы сөйлеу мейіргердің міндеті.

    5) интимді манипуляцияларды орындағанда мейіргер пациенттің ұялу, қысылу, ыңғайсыздықты сезінетінін білуі керек.Сондықтан пациентке оңашада жасау, оның жеке басын сыйлау, психикасының тез арада жарақаттанатынын білу,манипуляция жасалғанда пациенттке жиіркенуді көрсетпеу, кәсіптік тактіні сақтау, биязы мінез көрсетуге мейіргер міндетті. Пациентке күтім жасағанда тазалықты сақтау принципиалды түрде өте маңызды. Бұл бөлмелердің тазалығы, пациенттің жеке бас тазалығы психологиялық тазалық (гигиена). Кейбір жағдайларда пациенттер өз денесінің тазалығые өзі сақтай алмауы себебінен қатты ұялады.Мейіргердің тактысіз сөйлеуі қайғыру мен мазасыздануды тудыруы мүмкін.Күтім жасағанда пациентке сыйлайтыңызды көрсете білу керек.

    6) Пациентте профилактикалық жұмыстарға деген түсіністік көзқарасын қалыптастыру, медициналық қызметкерлермен сұхбаттасудан қашпауға шақыру керек. Санитарлық ағарту жұмыстары әр түрлі ем шаралар туралы дұрыс емес түсінікті жоюға көмек береді. Осындай кездерде ятрогения болатынын ескере жүру керек. Әртүрлі мағына беретін (екі мағыналы), пациентке әсер ететін сөздерді дауыстап айтпау керек.

    7) Манипуляция жасалғанда мейіргер пациентпен физикалық жанасу болуынан бас тарта алмайды. Сондықтан мейіргердің есінде болуы керек- пациенттің денесіне тиіп кету оның –эмоциясын тудырады.(ішкі сезімдері беріледі, ашулы эмоциялар туындайды). Қатынас жасайтын аймақтарды білуі керек. Манипуляцияларды интимді аймаққа жасау үшін, пациенттің мейіргерге деген сеніміне қол жеткізу керек.

    8) Ауыртатын манипуляцияларды жасағанда мейіргер пациентке алдын ала айтып, ескертпеуі керек, керісінше тура жасар алдында айтады және өкінішке орай басқа жолы жоқ екенін жеткізеді. Пациентке ауру сезімінің болуы жаңалық болмауы керек. Егер пациентке ескертіп қойылмаса, ол басқа да ауруды шақырмайтын менипуляциялардан да қорқа бастайды.

    Пациенттің қауіптену сезімдерін төмендету әдістері

    Қауіптену немесе қорқу — бұл болашағы үшін қам жеуі және мазасыздануы, себебі анықталмаған жағымсыз нәрселердің болуын күтуі. (ал қорқынышта неден қорқатыны біле алады обьектісі болады). Қам жеу мен мазасызданудың көзге байқалуы қалай болуы мүмкін: жеңіл толқудан басталып, адамды қинайтын дүрбелеңге салынуға дейін болатын сезімдер. Қауіптену болғанда адамда қауіп қатермен бетпе-бет келу қорқынышы пайда болады да, ол баяу және ашуанып сөйлейді. Қауіптену сезімі организмде физиологиялық реакциялардың белсендеуін тудырады. Қауіптену екі негізгі компоненттерден тұрады — ішкі жандүниелік және денелік.

    Ішкі жандүниелік компонент толқумен көрінеді, әртүрлі абайлаулармен білінеді,(олар тез арада өзгеріп отырады, әрі тұрақты емес), көңіл-күйінің тұрақсыз болуы, қатты қауіпті сезгенде — айналасындағылардан жалғыз қалуын сезуі және өз денесінің өзгерістерге ұшырағанын сезінеді.

    Денелік компонент жүрек соғуының жиілеуімен, ауа жетіспейтінін сезумен, (субъективті, себебі нағыз тұншығу мен жанталасу болмайды), мұздауы мен терлегіштікпен, бұлшық еттердің ұзақ уақыт тырысып тұруымен көрінеді. Қауіптенуде ұйқы бұзылады.(көз ілу қиындайды, түнгі ұйқы терең болмайды, сезімді, тез үзіледі) және тәбеті (жойылады немесе көтеріліп, тамақ көп ішеді).

    Анық байқалатын және ұзаққа созылатын қауіптену келе келе шаршау сезімін тудырады, себебі организм «байқау, абайлау» ережесінде болғанда организм өте үлкен және көп жандүниелік және физикалық күш жұмсайды. Қауіптенудің көптеген түрлері болады және әрқайсының өз себептері мен даму түрлері мен клиникалық белгілері, емдеу түрлері мен барысы болады.

    Жеке бастың жоғары деңгейлік қауіптенуідің болуы әрбір адам үшін табиғи құбылыс, маманның негізгі міндеті — ең жақсы түрде пациентті бейімдеу, пациентке түсіндіру.

    Ауру сезімін тудыратын манипуляцияларды жүргізу ерекшеліктері

    Мейіргер ісі дегеніміз ол диалог –адам мен адам арасындағы қарым-қатынас жасау және мейіргердің пациентпен сөйлесуі.Пациентті ауруханаға жатқызғанда, оны басқа ауруханаға ауыстырғанда немесе ауруханадан шығарғанда, ота жасау алдындағы және отадан кейінгі күту шараларын орындағанда, пациентті әртүрлі ем-шараларға дайындағанда, өзін ұстауға үйреткенде мейіргердің өзіне қатынас орнатуды, мақтау сөздерін айтуды, қолдау жасауды үйрену керек.

    Пациенттерде қарым-қатынастар құруға деген әртүрлі қажеттіліктер болуы мүмкін. Олар кеңеске, көңілін басуға, ақыл алуға деген және жәй сөйлесуді қажет етеді. Мейіргердің оның қажеттіліктерін қанағаттандыра алуы мейіргердің білмділігі мен біліктілігіне, тәжірибесіне байланысты болады. Пациенттің мәлімет алғысы келетінін, әлеуметтік қатынас жасағысы келетінін, оның басқа да қажеттіліктерін біле алу керек. Тиімді қарым-қатынас құру оңай шаруа емес. Ол арнайы біліктілікті қажет етеді, тыңдай білу мен сұрақ қоя білу пациентке қолдау көрсете алу, қамқорлық көрсете білу үлкен өгер мен табандылықты қажет етеді.

    Коммуникация гумандық мейіргерлік көмектің негізінде болады.Адамды түсіну, онымен сөйлесу үшін оған деген сыйластық пен маңыздылығын білу керек. Әрбір адамның жеке басының ерешелілігін, бағалылығын қабылдау, оны сыйлай және тани білу,оның құқығын бағалау да білімділікті талап етеді. Мейіргер ісі – бұл жылы жүзді сөйлеу мен көмекті техникалық түрде сауатты көрсете білуден де жоғары тұратын маман. Сонымен қатар бұл жауапты, қамқорлық жасайтын қатынастар және осы қатынастарда өзінің маңыздылығы мен міндеттерін түсінумен қатар ,басқа да адамдардың жеке басын қабылдау мен сыйлай білу де жатады.

    Мейіргер мен пациенттің әрбір кездесулері оптималды психологиялық қатынас орнату мен оны қолдауды қажет етеді. Мейіргерлік күтуді жасаудан бастау алатын пациентпен алғашқы кездесуді психологиялық негізде жүргізу өте маңызды болады.Пациентпен алғашқы кездесуге дайындалу және оны ұйымдастыру керек. Ол тек қана диагностикалық тұрғыдан маңызды емес, сонымен қатар психотерапевтикалық фактор болады. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    Паиентті мұқият тыңдай білу және өзіне қажеттісі мен маңыздысын белгілеп ала білу өте маңызды, ол кейін аурудың ішкі белгілерін анықтауға көмек береді. Әңгімелескенде дауысты көтеріп, талап қоюдан және пациенттің айтқан шағымдарына көңіл бөлмей сөйлесуден аулақ болуы керек. Мейіргердің кәсіптік міндеттерінің басқалардан ерекше болып тұруының белгісі, психологиялық фонның қанықты болуы болып табылады және осы түсінік мамандықтың тек қана техникалық орындаумен тұжырымдалуын жоққа шығарады. Сондықтан әрбір нақты жағдайда ең ыңғайлы әдісті мейіргер пациентің жағдайына байланысты және өзінің тәжірибесіне сәйкес таңдайды.

    Психологиялық қатынас дегеніміз бір тұлғаның екінші тұлғамен қарым қатынас жасауы. Мұндай кездесулер адамдарды толқытады, кейде күтпеген жағдайда, кейде қалай да құпия сияқты болады. Егер мейіргер қатаң тек өз рөлін ойнайтын позицияны ұстаса, өзін жеке тұлға ретінде көрсете алмаса, психологиялық қатынас құру қиындайды, кездесу болмайды, сөйтіп тек формалды қатынас құрылады. Осы партнерлер бір-бірінің алдында ашылмайды, Екі тұлғаның қатынасы сенімділік атмосферасы мен қауіпсіздік сезімі түрінде орнамайды. Мейіргер мен пациенттің арасында психологиялық қатынастың орнауы – бір бірімен тиімді қатынас құрудың маңызды жағдайы. Психологиялық қатынастың орнауы үшін бірнеше психологиялық технологияларды қолдану қажет:

    1. Түсіністік қарым-қатынас

    Қатынастың құрылуына және дамуына, жылы жүзді тіл қатуларға бағытталған және сөйлесіп отырған адамның көзқарасын білуге тырысу түрінде болуы керек. Ең алдымен өзіне ғана емес, сөйлесіп отырған адамның ішкі «есептер жүйесіне» көңіл аудара білу керек: оның бағалау критерийлерін, құндылықтарын, мотивтерін, мінез-құлқын, проблемаларын, образдарын, өмір сүру түрін білуге тырысу.Бұл пациенттің өз жағдайын өзі қалай санайтыны туралы мәліметтер алуға, осы туралы не ойлап қайғыратыны туралы білуге, ауруының барысы туралы не ойлайтынын білуге мүмкіндік береді. Понимающее общение возможно только тогда, когда медсестра проявляет уважение к личности пациента и может не оценочно реагировать на его высказывания и эмоциональные состояния. Психологиялық қатынастың негізгісі – басқа адамды ол қандай адам болуы түрінде қабылдау керектігі, оның осы қазіргі түрінде сөйлесу мен оны өзгертуге тырыспау. Медицина қызметкерлерінің жақсы физикалық және психологиялық формада болуы,әрдайым жеке тұлға ретінде дамып отыруы өте маңызды. Себебі ол өзінің психологиялық проблемаларын пациентпн сөйлескенде таратып алады.

    2. Партнермен қатынас-құру.

    Контакт пайда болуы процесінде партнерге деген көзқарас «ұнайды- жоқ ұнамайды» деген түсініктен басталады. Бағалау байланысты болады: партнерден, жалпы жағдайдан және адамның көзқарасынан, мотивтерінен және этаонндардан.Қабылдау немесе қабылдамау реакциясы мимикамен, қол қимылдарымен, дене қалпымен, бет әлпетімен білінеді: егер адам ұнамаса онымен сөйлесіп кету оңай болады, егер ұнамаса оған сіздің теріс көзқарасыңыздан аса білуі керек болады. Өзара сенімділікке қол жеткізу үшін, өзіңіз жылы сөйлесуге, пациенттің сөзіне сенім білдіруге тырысыңыз. Егер сенімділіктің жоғары деңгейде болуына қол жеткізгіңіз келсе, пациентке түсінікті түрде сөйлеу керек, оны тыңдау, бетіне қарап күлімсіреу, атын атау, мақтау керек.

    3. Сөйлескенде пациентті тыңдай білу өнері.

    Мұқият тыңдай білу психологиялық контакттың құрылуына септігін тигізеді, партнердің ашуын басады, бірге жұмыс жасауға шақырады әрі мақтайды. Егер сізді біреу мұқият тыңдайтын болса,демек ол сізді бағалайды, сіз көңіл бөлуге лайықсыз. Осындай қарым-қатынастар оң эмоцияларды шақырады.Мейіргер пациентті өте мұқият, оның бетіне қарап тыңдайды.Дене қалпы оның әңгімеге дайындығын, қызығушылық танытатынын көпсетуі керек және пациентті әңгімеге шақыра алады. Тыңдай ала білу тәртіптілікті және энергия жұмсауды талап етеді, Тыңдап отырған адамда мәліметтерді дұрыс,нақты түрде қабылдауда психологиялық кедергі пайда болуы мүмкін:

    -көңілінің басқаға аударылып кетуі

    -бағаламай тыңдау

    - айтып отырған адамның сөздерінде негативті ұшқын болуы, онша жағымды болмауы

    -тыңдап отырған адамның өз қиындықтары бар тақырыптарды да қамтитын әңгіменің болуы,ол адамды өз проблемаларын ойлап кетуін тудырады.

    -әрбір адам айтқан сөздеріне өзінің мәнін береді– мейіргер өз сөздерімен тыңдаған мәліметтерді нәтиже жасайды және пациенттен растауын сұрайды немесе нақтылауын өтінеді;

    -Физиологиялық кедергілер: тыңдау процесіне естудің, көңіл бөлудің, тәулік уақытының, шаршағандығының тигізетін әсері болады.

    -Сыртқы көңіл аударылатын жағдайлар: әңгімелескен адамның тым қатты сөйлеуі,нашар акустика, шуылдар,температураның жағымсыз болуы, телефондық шырылдар, уақыттың шектеулі болуы, жұмыстан қол тимеуі.

    4. Қарым-қатысты кеңістіктік түрде ұйымдастыру

    Әңгімелесу кезіндегі ең маңыздысы, сөйлескен екі адамның өздерін жайлы сезінуі болып табылады. Егер пациентпен психологиялық контакт құруға әрекет жасалатын болса, оның жеке аймағына, интимді аймағына рұқсатсыз (0,5 м)«еніп алуға» болмайтыны сияқты, дәл осындай әрекеттерді өзіңізге жасауға рұқсат бермеу немесе оған шыдамау керек. Жеке бас аймағына(0,5-1,2 м) біз тек өзіміз оңай сөйлесетін кісілерді ғана жібереміз.Мейіргер және пациент жеке бас аймағында сөйлесуі керек.Біртіндеп өзара келісімді түрде жақындау керек. Кеңістіктік түрдегі позицияны таңдаған кездерде, сіздердің көздеріңіз бір деңгейде болуын ескеру керек.

    5. Эмпатия.

    Эмпатия жағдайында болу-дегеніміз бір уақыт аралығында басқа адамның шекарасына, өміріне ене білу деген сөз.Бірақ кез-келген уақытта өз өміріне, өз шекарасына қайта алу мүмкіндігі болады. Егер осындай қабілетін жоғалтып алса мейіргерде пациенттің эмоциялық жағдайына ұқсас жағдай пайда болады,да ол өзінің кәсіптік жұмыс жасау қабілетін жоғалтып алады, оның өзіне психологиялық көмек қажет болады. Бұл эмоциялық күш түсу себебінен әртүрлі психологиялық және неврологиялық аурулардың дамуына әкеп соқтырады.

    6. Өз ойын жеткізе білу.

    Психологиялық қарым-қатынас құру партнерлердің бір деңгейлі теңдей позицияда болуын талап етеді. Егер сыйластық болса, ол өзара болуы керек, егер сенімділік болса ол да өзара сенімділік болуы керек. Өз ойын жеткізуде теңдей құқықты болуы керек.Психологиялық контакт құрылуы үшін,мейіргер өзінің «МЕН» (бір шектеулі түсінікте) деген ұғымын жеңіл жеткізе алуы керек. Бұл пациенттің сенімін арттыра түседі. Пациенттің өзіне деген сенімін мейіргер ұқыптылығын, дәлділігін, пациенттің жағдайы туралы білетінін көрсете алуымен,тәжірибесімен, дайындығымен, шыншылдығымен, оның құндылықтарымен жмыс жасауға дайындығымен, шешім қабылдай алуымен жаулап ала алады.Мейіргер пациенпен психологиялық контакт құрғанда оған көмек көрсетеді. Алдын ала пациенттің ауруының ішкі суреттемесімен таныс болады.Психологиялық диагностиканың негізгі әдісі бақылау мен әңгімелесу болып табылады.

    Пациентке күтім шараларын орындап жүргенде мейіргер оны бақылайды, тыңдайды, оның өз өзіне деген көз қарастарын көреді пациентом,(өзіне өзінің көңілінің толуы, ят сезімінің болуы және т.б.). Сонымен қатар мейіргер емдеу процесіндегі пациенттің эмоциялық жағдайын қадағалайды, себебі эмоциялар пациенттің көңіл күйіне және мінез-құлқына және иммунитетіне әсер етеді. Осындай мәліметтер емдейтін дәрігерге жеткізілуі керек. Дәрігердің өзі психологиялық көмек көрсетеді немесе пациентке психологиялық күтім жасау туралы тағайындамалар жасайды немесе кәсіптік көмек көрсету үшін психологты шақырады. Пациентпен бір ұжым болып жұмыс жасайтын команда– дәрігер, мейіргер, психолог болуы керек. Руководствоваться кәсіптік кодекстерді жетекшілікке алуы керек, ал бұл жұмысты дәрігер басқарады.

    Мейіргер пациенттің айтқан сөздеріне, фразаларына, көңіл күйінің өзгеруіне, реакциясының адекваттылығына, арнайы қимыл қозғалыстарына, мимикасына, эмоциялық жағдайына бақылау жасайды. Бақылай білу – маманның кәсіби мүмкіндігіне баға беретін мінездемесі, оны жаттықтырып отыру өте пайдалы. Пациентті бақылай отырып, мейіргер оның әрекеттерімен эмоцияларын бұрыннан белгілі және өз тәжірибесі негізінде жинастырып қалыптастырған көрсеткіштермен салыстырып отырады: жасын, жынысын, кәсібін. Мәліметтерді жинастыру басқа адамды қабылдай алудан басталады және оған бақылау жасағанда немесе көмек көрсеткенде жалғастырылады. Адамның қимыл қозғалыстар жасауы, оның мимикасы, дауысы, сөйлеу түрі, сөздік қоры ол туралы сан алуан психологиялық мәліметтер жинауға көмектеседі.

    Әңгімелесу.

    Мейіргер мен пациенттің өзара сөйлесуінің себебі көбінесе пациенттің дәл қазіргі психологиялық жағдайына (ойлары, мазалайтын ойлары, жанұялық өмірінің ерекшеліктері, кәсіптік өмірі,құндылықтары, сенімдері) болады. Мейіргердің кәсіби бақылауды жасай білуі пациентпен әңгімелескенде басқалар көре алмаған өзгерістерді байқай алу өнерінің болуында.

    Әңгімелескен адамнан жиналған мәліметтерді талдай білу өте маңызды, осы жағдаяттың психологиялық жағын көре алу және пациенттің психологиялық көмекке деген қажеттіліктері негізінен көре алуы керек. Әңгімелескенде пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстану, қандай да бір баға беріп сөйлеуден аулақ болған жөн, пациентті ол қандай адам болса сондай адам түрінде қабылдауға тырысу қажет, алынған мәліметтердің құпия түрінде сақталатынына кепілдік беру керек. Өзінің құпияларын айтқысы келген пациент оны мұқият тыңдағандарын қалайды. Тек психологиялық қатынас орнағаннан кейін ғана сұрақ қоя бастауға болады.Мейіргер болған оқиға туралы, оған араласқан адамдардың іс әрекеті туралы тікелей және жанама сұрақтарды қоя отырып, ациенттің қандай сзімде екенін, не ойлайтынын және ары қарай қандай шешім қабылдайтынын біледі. Әңгімелесу барысында пациенттің эмоциялық жағдайын анықтап алуғы тырысу керек және ол үшін стрессті сөздерді тапқан да пайдалы.

    Сөйлескенде пациенттердің жас мөлшерін білген де маңызды. Егер ол бала болса,анасынан ажырауды, үйреншікті ортадан қол үзуді қатты сезеді, ауру сезімін білмейді,шағымдарын жеткізе алмайды, емдік және диагностикалық шаралардан қатты қорқады. Мінезінің нақты белгілері көріне бастайды мысалы: егер баланың мінезі шатақ болса ол айқайлап жылайды,егер тыныш болса үндемей қалады, өзіне кетіп ешкіммен сөйлеспей қояды, қорқақ болса әрдайым бәрінен қорқа беретін болады. Осындай кездерде анасына кіруге рұқсат беріледі. Ол кетіп қалғанда баланың көңілін басқаға аудару қажет, кітап оқып беру, бірігіп ойын ойнау, сурет салу, жабыстыру жасау. Манипуляциядан қорқатын болса – көңілін басқаға аудару керек. Негізгісі – баланың мейіргерге сенуі.Балаларға ерекше теріс әсер ететін жағдай ол оған деген дәрігердің немесе мейіргердің тарапынан дөрекіліктің болуы, («сен неге айқайлайсың, мен сені кесіп жатқан жоқпын!»). Алдайтын болсаң баланың сенімін тез арада жоғалтып алуға болады; мысалы: оны саған ештеме жасамаймын деп, уәде беріп тыныштандырып алғаннан кейін,қандай да ұзақ жасалатын, ауыртатын емдік немесе диагностикалық манипуляцияны жасау. Баланы да психологиялық тұрғыдан дайындау қажет, алдауға болмайды.

    Жымию мен еркелете сөйлеу баланың сізге сенімін тудырады. Бірақ қалжыңдағанда абайлап тактімен сөйлеу керек. Балаларда ойын сөзді түсінуі дамымау себебінен ол тез арада, ренжіп, өкпелеп қалуы мүмкін.

    Ересек немесе жасөспірімдер оларға медициналық қызметкер тарапынан фамилиясын атап тіл қатқанды, жиіркенуін жақтырмайды. Жасөспірімдердің мінез-құлқына тән ерекшеліктері: тұлға болуын өзіне-өзі дәлелдеуі,шыншылдықты талап етуі, айқын болуы, ересектерге еліктеуі, ауруға селқос қарауы. Осы жерде шыдымдылықты, ұстамдылықты, сыйластықты, қажетті сөз таба білу,ересекткрге сөйлеген сияқты сөйлеу маңызды.

    Егде тартқан пациенттер ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Егде жаста басталатын психикалық өзгерістер: есте сақтаудың төмендеуі, психиканың жалпы имыл қозғалысының төмендеуі, психиканың жаңа талаптарға бейімделу процестерінің төмендеуі, эмоциялық тұрақсыздық, мінезінің қалыптасқан ерекшеліктерінің өзгеруі, психологиялық пробле­малар (мысалы:,жоғалтуларға, шектеулерге байланысты болатын, жалғыздықты сезіну,тастап кетуді білуі оларды негативті психологиялық құбылыстарға ерекше сезімтал қылады.

    Ересектер көптеген жағдайларда, ауырып отырғанын, өзіне қауіптілігін және емделу керектігін түсініп, өзінің барлық ынтасын ауруға белсенді түрде қарсы тұруға жинақтайды, алдыда болатын емделуімен байланысты қорқулары мен теріс эмоцияларын бәсеңдетеді.

    Медициналық қызметкер, кәсіптік міндеттерін және медициналық этиканың талаптарын орындай отырып,медициналық этикеттің ережелерін ұстануға міндетті – қандай да бір жағдайларда, ұжымдастарымен, пациенттермен қатынас құрғанда мінез-құлық ережесін сақтау. Медициналық этикет субординацияны қатаң сақтауды талап етеді, демек кәсібі мен мамандығы жағынан төмен тұрған адам өзінен жоғары сатыдағы маман иесіне бағынады. Этикет ережесі ұжымдастардың өзара қатынас түрін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.

    Медициналық ұжымның жұмысының жоғары деңгейде тиімді болуы, қызметкерлердің өзара түсінулерінің ,көмек беруге дайын тұруымен және сыйластықпен, атап айтқанда дәрігер мен мейіргердің қатынастарымен жүзеге асады. Дәрігер мен мейіргердің шыдамдылық пен өзара сыйластық түрінде қатынас құруы барлығына тиімді болады.Шамадан тыс өзіне өзі сенуін, тек өзін жақсы көретінін көрсеткісі келуі жеткіліксіз инбаттылық тәрбие алмауының белгісі болады. Жұмыс жасауға ең үлкен кедергі болатын жағдай ол,ұжымда өзара сыйластықтың жоқ болуы.

    Мінез-құлықтың этико-деонтологиялық принциптерінің нығайтуға және пациенттің жеке бас ерекшеліктерінесепке алу дәрігерге тиесілі, себебі ол:пациентті толық қарап тексереді, диагнозын қояды, ем тағайындайды, патологиялық процестің динамикасын қадағалайды.Аталған шараларды сапалы деңгейде жүзеге асырғанда орта буынды медицина қызметкерінен жоғары кәсіптік тәртіп, дәрігердің барлық тағайындамаларын нақты орындау талап етіледі.

    Дәрігердің тағайындамаларын сапалы, кәсіптік деңгейде және дер кезінде орындау - орта буынды медицина қызметкерінің негізгі міндеті.

    Пациентпен сөйлескенде және мейіргерлік манипуляцияларды орындағанда мейіргер мінез-құлықтың этико-деонтологиялық нормасы мен принциперін сақтауға, жалпы жылы жүзді ортаны орнатуға, табандылық, шыдамдылық көрсетуге, пациенттерге көмекке келуге дайын тұруға, дәрігер мен пациенттің арасында сенімділік қатынасты орнатуға ұмтылуға міндетті. Дәрігердің тағайындамаларын және мейіргерлік манипуляцияларды орындағанда нақты қозғалыстар жасап,кәсіптік деңгейде орындау пациентке үлкен психологиялық әсер етеді.

    Бірнеше жылдар бұрын ғылыми әдебиеттерде «қауіпсіз ауруханалық орта» деген термин пайда болды.Қауіпсіз ауруханалық орта—бұл идеалды емдік процеске қатысатын барлық тұлғалар үшін қалыптасқан ауруханалық орта. Үйреншікті болып кеткен жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы барлық зиянды әсер ететін факторларды көрсете алмайды.
    1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64


    написать администратору сайта