Главная страница
Навигация по странице:

  • Инвазивті(енгізілетін) манипуляцияларды жүргізу кезеңдері: I кезең

  • Мейіргердің посты

  • Палататалық мейіргердің міндеттері

  • Кезекшілікті қабылдау мен тапсыру

  • КЕЗЕКШІЛІКТІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ Мақсаты

  • Стационардан шығарғанда рәсімделетін құжаттарды толтыру Мақсаты

  • Дәрілік заттардың негізгі топтары. Дәрілік заттарды жазып алу, сақтау, тарату және есептеу. Оларды қолдану түрлері

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница28 из 64
    1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64

    Қауіпсіз ауруханалық ортаны орнату бойынша ұсыныстар:

    • Денсаулық сақтау мекемелерінде еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздікті сақтау бойынша бұйрықтарда және нормативті құжаттарда көрсетілген талаптарды орындау.

    • Жұмыс орындарында қауіпті өндірістік факторлардың тигізетін әсерін тиімді қадағалауды қамтамасыз ету.

    • Мейіргерлік персоналдың кәсіптік ауруларының себептеріне зерттеу жүргізу

    • Мейіргерлік персоналдың творчестволық потенциалын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін,олардың жұмысын ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу,жұмыс уақытын рационалды пайдалану,мамандыққа қатысты емес еңбектің мөлшерін азайту, жауапкершілікті ұжым мүшелерінің арасында теңдей бөлу және басқа сұрақтар.

    • әртүрлі деңгейде өткізілетін техникалық оқыту мен мейіргерлік конференциялардың күн тәртібіне кәсіптік қауіпсіздік сұрақтарын оқыту мен психогигиена,релаксация әдістерін енгізу.

    • медициналық персоналдың денсаулығын түзетуге бағытталған шараларды өткізу: демалыс, психологиялық босаңсу бөлмелерін ашу, денсаулық топтарын құрастыру.

    • Ұжымда психологиялық жайлылық жасау, демек ұжымдастарымен қатынас құру: сенімділікпен өзара көмек көрсету сияқты бір мақсатпен анықталады, кәсіптік деңгейін өсіруге мүмкіндік болады, материалдық және моралдық тұрғыдан мадақтау жүйесін қарастыру.

    Инвазивті(енгізілетін) манипуляцияларды жүргізу кезеңдері:

    I кезең:Пациентті манипуляцияға дайындау.Пациентті манипуляция жасауға психологиялық тұрғыдан дайындау өте маңызды.Мейіргердің міндеті – пациенттке дұрыс шешім қабылдауға көмектесу,оны осы манипуляцияның ауруының тұжырымды диагнозын қоюға көмектесетініне, денсаулығына зиянсыздығына, қауіпсіздігіне сендіру, манипуляция тезірек және оңай өтуі үшін өзін қалай ұстау керектігін,қандай жағымсыз сезімдер болатынын түсіндіру және қорқуымен, қауіптенуін, мазасыздануын басуға тырысу.

    Пациенті манипуляцияға дайындау барысында жақсы өткізілген психологиялық дайындық оған пациенттің саналы, белсенді түрде араласуына қол жеткізеді және дәрігердің жұмысын оңайлатады, стрестік жағдайларды болғызбайды. Араласудың қажеттігі мен оның сипаттамасын түсіндірк әдісі пациенттке түсінікті түрде жүргізіледі.

    II кезең:Манипуляцияны жүргізу. Манипуляцияны жүргізу кезінде пациентке жылы сөздер айтып, мақтап, өзін салмақты ұстау керектігін есіне салған дұрыс. Манипуляция жасалып жатқанда медициналық персоналдан нақтылық,жоғары деңгейде ұйымдастырылған,іс қимылдарының ретті болуы, өзін өзі мұқият қадағалауы, ерекше тактіні ұстануы,кәсптік қатынастың биязи болуы талап етіледі.

    III кезең: Манипуляция аяқталған кезең. Манипуляция асалып болғаннан кейін пациентте негативные құбылыстар болуы мүмкін – мысалы, шаншуы,зәр шығарғанда қан аралас болуы, ауыс қуысында бөгде зат тұрғандай сезімнің болуы.Пациенті тыныштандыру, бұл сезімдердің уақытша болатынын және қауіпсіз екенін түсіндіру керек.

    Мейіргердің жұмысының жақсы болуы көптеген жағдайларда жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға байланысты болады.

    Мейіргердің посты күтім шараларын жақсы орындау үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген және үлгі болатындай ұқыпты жиналған болуы керек.

    Медициналық постта болуы керек:

    Үстел, үстелге қоятын шам, телефон.

    •  қалы ауыр пациентпен байланыс жасайтын қондырғылардың болуы(жанатын тақта, қоңырау, жергілікті телефон, жұмыс пен қызмет телефондарының тізімі).

    Дәрі-дәрмектерді сақтайтын шкафтар (тоңазытқыш).

    •   медициналық құжаттарды сақтайтын шкаф.

    •   құралдарды және таңу материалдарын сақтайтын орын.

    •   пациенттерге күтім жасайтын заттарды сақтайтын орын (термометрлерді, жылытқыштар, анализдер жинайтын ыдыстар және т.б.).

    •   мейіргер антропометрия жасайтын құралдарды сақтайтын орын.

    •  дәрі дәрмек таратуға арналған жылжымалы үстел.Палататалық мейіргердің посты бөлімшенің коридорында орналастырылады. Палататалық мейіргердің жұмыс орны пост болып табылады, дәрігерлік тағайындамаларды орындайды және пациенттерге мейіргерлік күтім жүргізеді.

    Палататалық мейіргердің міндеттері:

    •  пациенттің жалпы жағдайын бағалау (жалпы жағдайын, пациенттің төсектегі дене қалпын,пациенттің ес-түсінің жағдайын, антропометрияны) және функциялық жағдайын бағалау(термометрия,АҚ өлшеу,пульсті зрттеу және ТАЖ санау,тәуліктік диурезді өлшеу және алынған мәліметтерді міндетті түрде қажетті медициналық құжатқа тіркеу).

    •   пациенттің жалпы гигиеналық жағдайын қадағалау, педикулёзға тексеру, пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау палатаның тазалығын тексеру кварцтеу.

    •  Пациентің күтімін ұйымдастыру (жасау, жүргізу), қажет болса алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.

    •  Медициналық құжаттарды толтыру, пациенттерді дәрігердің тағайындамасымен, клинико-диагностикалық зерттеулерге жіберу.

    •   анализге арналған биологиялық материалды жинау, лабораториялық зерттеулердің дер кезінде келуін қадағалау.

    •  Пациенттерді емдік бөлімшелерге, диагностикалық ем шараларға және палаталарға дейін тасымалдау, шығарып салу.

    •  Пациенттердің тамақтану ережесін сақтауын және бөлімшенің ішкі тәртібін қадағалау.

    •  Кіші сатыдағы медициналық буынның жұмысын қадағалау.

    •   медициналық посттың қажетті дәрілік заттармен және күтім құралдарымен дер кезінде қамтамасыз етілуіне күнделікті бақылау жасау.

    •  Науқастар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, туысқандарының келіп кетуін бақылау және сәлемдемелердің емдік ережеге сәйкес келуін қадағалау.

    Кезекшілікті қабылдау мен тапсыру пациенттерді емдеудеу барысындағы маңызы бар мезет деп саналды. Ауыстыратын кезекші әріптесі келгенше мейіргер постты тастап кетуіне болмайды. Жұмыс уақытында ол дәрігерлік тағайындамаларды толық орындауға міндетті.Кезекшілікке келген мейіргер кезекшілігі аяқталған әріптесімен бірге палаталарды аралайды, қалі ауыр науқастарды қарап тексереді және арнайы орындалуы қажетті тағайындамалар жазылатын журналға белгілейді.

    Кезекшілік кезінде палаталардың санитарлық жағдайы тексеріледі. Кезекшілікке келген мейіргер термометрлерді, шприцтерді,медикаменттерді санайды, тексереді, кезекшілікті тапсыратын мейіргерден дәрілік заттар сақталатын шкафтың кілтін (сейфтің) алады және кезекшілікті тапсыру мен қабылдау журналына қол қояды.Кезекші мейіргер науқастарға келесі күні жасалатын зерртеулер жазылатын журналдан пациенттердің фамилияларын жазып алады да оларды зерттеулерге дайындайды.Кезекшіліктің соңында мейігер бөлімшедегі пациенттердің жылжуы туралы жалпы есеп қағазын толтырады– тәулік бойына қайтадан түскен және шыққандардың тізімін жасайды.

    Түнгі уақыт бойынша кезекшілік мейіргерлердің ертеңгілік конференциясында аға мейіргердің көзінше,бөлім меңгерушісінің басқаруымен тапсырылады.Конференцияда науқастардың жағдайы, тағайындамалардың орындалуы, зерттеулерге дайындауы туралы айтылады.




    Кезекшілікті қабылдау мен тарсырудың реттілігі

    Палаталарды аралау: жаңа түскен пациенттермен танысу, қалі ауыр науқастардың жағдайын бағалау, (кезекшілікті тапсыратын мейіргер қабылдап жатқан әріптесіне пациенттердің жағдайында болған өзгерістер туралы айтуы керек), терапиялық бөлімшенің бөлме мен орындарының санитарлық жағдайын көрсетеді. Жедел жасалуды талап ететін және жасалмай қалған тағайындамаларды тапсырады: кезекшілікті тапсыратын мейіргер , кезекшілікті қабылдайтын мейіргерге жалпы ауысымдағы дәрігерлік тағайындамалардың көлемін – қаншалықты жасалғанын, қандайларын жасау қажеттілігін толық ретпен жеткізеді.

    •  дәрілік препараттарды, медициналық құралдарды және күтім заттарын,дәрі-дәрмектер сақталатын сейфтің кілтін тапсырғанда (екі мейіргер бірдей наркотикалық және қатты әсер ететін заттарды тіркейтін журналға қол қояды). Посттың медициналық құжаттарын тапсыру. Екі мейіргер бірдей кезекшілікті тапсыру мен қабылдау журналына қол қояды.

    Медициналық құжаттар

    Сәйкес келетін медициналық құжаттарды дұрыс жазып, толтыру міндеттері мейіргерге жүктелген және науқастарды адекватты емдеуді,емдік-диагностикалық процесті жүргізу мен оның динамикасын тіркеуге (пациенттің жалпы жағдайын қоса есептегенде),материалды-техникалық заттарды есептеу, оларды қолданып жұмыс жасауды тіркеу жұмыстарын эазатын құжаттарды толтырады.

    Мейіргерлік медициналық құжаттардың негізгі түлері.

    • Науқастардың жылжуын тіркейтін журнал:науқастардың түсуін және ауруханадан шығарылуын тіркейтін журнал.

    • Ем-шаралық парақ: дәрігердің ем тағайындайтын парағы.

    • Температура парағы:осы парақта пациенттің жағдайына жалпы сипаттама беретін негізгі көрсеткіштер тіркеледі- дене температурасы, пульсі, АҚ, ТАЖ, диурезі, дене салмағы (қажет болса), физиологиялық бөліп шығарулары.

    • Тағайындамалар жазылатын журнал: дәрігердің тағайындамалары анық жазылады- лабораториялық және аспаптық зерттеулер,«аясы тар» мамандардың кеңесі және т.б.тіркеледі.

    • наркотикалық, қатты әсер ететін және улы заттар есептелетін журнал.

    • сейфтің кілтін тапсыруды жазатын журнал.

    • пациенттердің тамақтануына қойылатын талап қағазына (үлестік) науқастардың саны мен тағайындалған диетаның нөмірі, пациенттің аты-жөні жазылады, қажет болғанда-қосымша таратылатын азық-түліктер немесе керісінше диетасының түрі.

    •  кезекшілікті қабылдау мен тапсыру тіркелетін журнал:ол журналға науқастардың жалпы саны, олардың бір тәулікте «жылжуы», қызбасы жоғары көтерілген,қалі ауыр науқастарды,шұғыл дәрігерлік тағайындамалар, бөлімшенің ішкі тәртібін бұзулары тіркеледі.

    Аурухадан шығарылу бөлім меңгерушісімен келісіліп емдейтін дәрігермен күнде жүргізіледі,тек демалыс күндері мен мейрам күндері шығарылмайды. Аурухадан шығаруға рұқсат беріледі:

    - науқастың денсаулық жағдайы жақсарғанда, пациент денсаулығына зиян келтірілмейтін болғанда

    Емделуді амбулаториялық-емханалық ММ немесе үй жағдайында жалғастыратын жағдайларда;

    - науқасты денсаулық сақтау мекемелерінің басқа түріне ауыстыру қажет болғанда;

    - науқастың ата-анасының немесе басқа да заңды қамқоршысының жазбаша түрде берген талаптары бойынша(қамқоршысы, жанашыры), егер науқастың денсаулығына қауіп төнбесе немесе ол айналасындағылар үшін қауіпсіз болса.

    Стационарлық пациенттің медициналық картасы ол ауруханадан шыққаннан кейін,толық толтырылады және аурухананың мұрағатына өткізіледі.

    Стационарлық ем қабылдағаны(болған уақыт аралығы) туралы анықтама,медициналық құжаттардан жазба алғанда,құжаттардың (көшірмесін)бас дәрігерге немесе емдеу жұмыстары туралы орынбасарына арыз жазып барады.

    Пациентті стационардан шығарғанда дәрігер оның қолына жазбаны ұстатады.

    Пациенттерді бөлімшеден шығару ережесі.

    1.Пациентті ауруханадан бөлім меңгерушісінің рұқсатымен емдейтін дәрігер шығарады.
    2. Шығарар алдында емдейтін дәрігер пациентті қарап тексереді, онымен, туысқандарымен заңды қамқоршысымен қорытынды әңгіме өткізеді,ары қарй бақылануы, ережесі, диетасы, емі туралы кеңестер береді.
    3. Қолына нөмірі Ф-027/е «Ауруханадан шығарған анықтама» береді.
    4. Мейіргер ауруханадан шығарылған пациентті тек ата-анасының,қажетті құжаттарымен дәлелденген заңды қамқоршысың қолына тапсырады.
    5. Егер туысқаны (заңды қамқоршысы) жас баланы ауруханадан қол хат беріп алып кететін болса,емдейтін дәрігер (емдейтін дәрігер жоқ болған кездерде – кезекші дәрігер) баланы қарап тексереді,туысқандарымен(заңды қамқоршысымен) қорытынды әңгіме өткізеді.Стационарлық пациенттің медициналық картасына сәйкес келетін мәліметтерді жазады.Жас баланың ата-анасы (заңды қамқоршысы) «Қол хат»формасын толтырады.

     

    КЕЗЕКШІЛІКТІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ

    Мақсаты:медицина қызметкерлерінің іс-қимылдарындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.

    1. Кезекшілікті қабылдайтын және тапсыратын мейіргерлер бөлімшенің аға мейіргерімен бірге:

    а) барлық палаталарды аралап шығады;

    б) қайтадан түскен пациенттермен танысады;

    в) қалі ауыр пациенттерді қарап тексереді және жағдайын бағалайды ( пациенттің жағдайы ауырлап кетсе);

    г) жедел жасалуды талап ететін және жасалмай қалған тағайындамаларды тапсырады;

    д) дәрігерлік тағайындамалардың көлемін мәлімдейді– орындалғанын белгілейді,орындау керектісін көрсетеді).

    1. Палатаның санитарлық жағдайын тексереді,пациенттерден өткен кезекшіліктің қандай болғанын сұрайды (қандай шағымдары немесе ұсыныстары бар екендігін анықтайды).

    2. медициналық құжаттарды қабылдайды: а)дәрігерлік тағайындамаларды тіркейтін журнал; б)кезекшілікті тапсыру мен қабылдау жазылатын журнал; в)А және Б тізіміндегі препараттарды есептейтін журналмен олар сақталатын сейфтің кілтін тапсыруды тіркейтін журнал (улы, қатты әсер ететін дәрілік заттарды есептейтін журналға екі мейіргер бірдей қол қояды).

    3. медициналық құралдарды тапсырады: термометрлерді, тонометрлерді, шприцтерді және т.б..

    4. Постағы дәрілік заттарды бір біріне тапсырады.

    5. екі мейіргер бірдей дәрігерлік конференцияға қатысады: кезекшілікті тапсыратын мейіргер өткен кезекшілік туралы, пациенттердің жағдайының динамикасын мәлімдейді, пациенттердің тәулік бойынша жылжуын көрсетеді.

    6. кезекшілікті тапсыратын мейіргер таңертең «стационардың кереуеттік фондысымен науқастардың жылжуын тіркейтін парақты» және «үлестік талапты» екі данадан толтырады – тағам блогімен дәмханашыға арнап.

    7. екі мейіргер бірдей кезекшілікті тапсыру мен қабылдау журналына қол қояды.

    Ескерту:

    • кезекшілікті тапсыру мезетіне дейін барлық пациентке тағайындалған манипуляциялар кезекшілікті тапсыратын мейіргерме толық орындалу керек;

    • кезекшілікті тапсыру мен қабылдауда мейіргерлердің барлық қимыл қозғалыстары нақтылықты қамтамасыз ету үшін реттілікті сақтап кезеңмен орындалуы керек..

    Стационардан шығарғанда рәсімделетін құжаттарды толтыру

    Мақсаты: аурудың ақырын құжаттармен рәсімдеу.

    Көрсетілімі: пациенттің стационарда болуының аяқталуы.

    Дайындаңыз:

    1. стационарлық пациенттің медициналық картасын (уч. ф. № ООЗ/у).

    2. госпитализациялау журналын (уч. ф. № 001/у).

    3. стационардан шыққан пациенттің картасы (уч. ф. № 066/у).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. пациентті стационардан шығарғанда рәсімделу қажетті құжаттар:

    - дәрігер шығарған эпикриз толтырады,«стационарлық науқастың медициналық картасының алдыңғы парағындағы жазбаларды» толтыру аяқталады;

    - «стационарлық науқастың медициналық картасының» негізінде «еңбекке жарамсыздық парағы» толтырылады (жұмыс істейтін пациенттер үшін) пациенттің стационарда болғандығы туралы анықтама – қажет болған жағдайларда ем қабылдағаны туралы деректерді медициналлық картасын қолдана отырып емханаға хабарлайды;

    - «Стационарлық науқастың медициналық картасын» қолдана отырып, «госпитализациялау журналын» толтыруды аяқтайды, қабылдау бөліміндегі «Аурудың ақыры», «қайда шығарылды», «қашан шығарылды» торлары толтырылады;

    - «Стационарлық науқастың медициналық картасы» негізінде «стационардан шығып кеткен пациенттің картасы» толтырылады.

    2. пациент өліп қалған жағдайда -«Стационарлық науқастың медициналық картасының», «Стационардан шығып кеткен пациенттің картасы», қабылдау бөліміндегі «Науқастарды госпитализациялау журналы» қалған бөлімдері толтырылмайды; мәйіт патологоанатомиялық бөлімшеге ілеспе құжатты анықтамамен жіберіледі,жібермей тұрып,өлген адамның туысқандарына «Өлімі туралы» дәрігерлік тұжырымдама беріледі.

    Бақылау сұрақтары

    1. Мейіргердің кәсіптік жұмыс жасау барысындағы мінез-құлық ережелерін атаңыздар.

    2. Мейіргерлік этика және деонтология принциптері қандай болады?

    3. Мейіргердің мінез-құлық мәдениеті немен тұжырымдалады?

    4. Мейіргердің жұмыс жасау жағдайы және тұрмысы қандай болады?

    5. Дәрігерлік лездемелерге дайындалудың қандай ережелері болады?

    6. Пациенттерді стационардан шығарудың қандай ережелері болады?

    7. Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге және пациенттердің бос уақыттарын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды атаңыз.

    8. Медициналық посттағы жұмыс орнын ұймдастыру.

    9. Мейіргерлік кезекшілікті тапсыру мен қабылдауға қойылатын талаптарды атаңыз.

    10. Медициналық постта болатын медициналық құжаттарды атаңыз.

    Дәрілік заттардың негізгі топтары. Дәрілік заттарды жазып алу, сақтау, тарату және есептеу. Оларды қолдану түрлері

    Стационарда ем қабылдап жатқан пациентер үшін дәрілік заттарды жазып алу арнайы бланк-талап қағазын (ф. №434/е) толтырумен жүзеге асырылады. Дәрігер бөлімшедегі пациенттерді жүйелі түрде қарап-тексеріп болғаннан соң стационарлық пациенттің медициналық картасына (ф. №003/е) және дәрігердің ем тағайындайтын парағына (ф. №004-1/е) осы пациентке қажетті дәрілік заттардың дозасын, қабылдау санын және енгізу жолын жазады. Палаталық мейіргер күнделікті әрбір пациенттің дәрігердің ем тағайындайтын парағынан тағайындамаларын жазып алады және посттағы дәрілік препараттардың санын тексереді.Пациенттерге инъекциялық түрде тағайындалған дәрілер туралы мәліметтерді инъекцияларды орындайтын ем-шара кабинетінің мейіргеріне береді.Дәрілік заттар жоқ болса немесе саны жеткіліксіз болса палаталық және ем шаралық мейіргерлер мемелекеттік және орыс тілдерінде бөлімшенің аға мейіргеріне жазбаша түрде қажетті дәрілік препаратттарға талап қағазын толтырады. Бөлімшенің аға мейіргері осы мәліметтердің қосындысын жасайды және ауруханалық дәріханадан қажетті дәрі-дәрмектерді алу мақсатында белгілі қабылданған формадағы талап қағазын 3-данадан толтырады,олардың әрқайсысына бөлім меңгерушісі қол қояды.Барлық талап қағаздары жылдың басынан бастап реттік санмен нөмірленеді.Талап қағаздарында препараттың толық атауы, қаптамасының түрі, дозасы, дәрілік формасы, орамасы және саны көрсетеледі.Дәрілік препараттардың дайын түрлеріне, экстемпоральдық препараттарға,таңу материалдарына,есірткіш әсерлі заттарға,заттық-сандық есепке алынатын дәрілік препараттарға,уларға, этил спиртіне б-лек талап 0а5аздары толтырылады.

    Емдік бөлімшеде қажетті дәрілік препараттардың үш күнге жететін саны сақталуы керек немесе сақтауға болады.
    1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64


    написать администратору сайта