Главная страница
Навигация по странице:

  • Тері ішіне, тері астына,бұлшық етке

  • Инъекцияларды тек мейіргерлер орындайды, кейбір өте қажет болған кездерде пациентті күтуші тұлғаға алдын ала дайындықтан өткізілгеннен кейін иньекция жасауға рұқсат беріледі.

  • Тері ішіне инъекция жасағанда: Мақсаты: диагностикалық. Көрсетілімі

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Тері астына инъекция жасағанда : Мақсаты

  • Бұлшық етке инъекция жасағанда: Мақсаты

  • Енгізілетін жерлері

  • Көк тамырға иньекция жасағанда: Мақсаты

  • Көк тамырға сұйықтықтарды тамшылатып құйғанда: Мақсаты

  • Көрсетілімі

  • ИНЪЕКЦИЯДАН КЕЙІН БОЛАТЫН АСҚЫНУЛАР Инфильтрат

  • Дәрілік затты қателесіп енгізу

  • Жүйке тармақтарының зақымдануы

  • Медикаментоздық эмболия

  • МАЙЛЫ ЕРІТІНДІЛЕРДІ ЕНГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница36 из 64
    1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрігер тағайындаған дәрілік затты алыңыз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз.

    2. Дәрілік заттың атын мұқият оқыңыз:оның концентрациясын, дозасын, жарамдылық мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.

    3. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.(стандартты қара).

    5. Лотоктарды дайындаңыз (стерилді және қолданылған материалдарға арналған).Стерилді лотокқа мақта түйіршіктерін пинцетпен алып салыңыз, оларды,антисептикпен ылғалдаңыз.

    6. Бір мәрте қолданылатын 2 шприцті дайындаңыз,(біреуі инъекция жасау үшін, екіншісі инесін ауыстыру үшін) (стандартты қара).

    7. Пинцетті алыңыз және флаконның алюминий қақпағының ортаңғы бөлігіндегі кішкене қақпақшасын ашыңыз.

    8. Флаконның резеңке тығынын стерилді антисептикпен ылғалдандырылған мақта түйіршігімен/сүрткісімен өңдеңіз. Спирт кепкенше тұра тұрыңыз.

    9. Оң қолға құрастырылған шприцті цилиндіріндегі бөлім белгілері көрінетіндей қылып ұстаңыз, II саусақпен ине канюлясын бекітіңіз, I, III, IV саусақтармен цилиндрді ұстаңыз, V – шприцтің поршенін ұстайсыз.

    10. Шприцті 90º бұрыш қылып ұстап, флаконды сол қолмен ұстап, тығынын ортасынан тесіңіз және инені флаконға 0,5-1,0 см тереңдікке енгізіңіз.

    11. Флаконды сол қолмен II және III саусақтардың арасында, түбін жоғары қаратып төңкеріп ұстаңыз,IV саусақ–канюляда, I және V саусақтармен шприцтің цилиндрін ұстаңыз және оң қолмен дәрілік ерітіндінің қажетті мөлшерін сорғызып алыңыз.

    1. Дәрілік ерітінді сорғызылған шприцті флакондағы инесінен ажыратып алыңыз және инъекцияға арналған инені кигізіңіз, оны бекітіңіз (флаконды және инені қолданылған материалдарға арналған лотокқа тастаңыз).

    1. Шприцті сол қолыңызға алыңыз және қатаң вертикалды қалыпта,көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз.(V саусақ поршенде, II – саусақ иненің канюлясында, I, III және IVсаусақтар –цилиндрде).

    2. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді итеріңіз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтыңыз,ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз,инеден қорғаныс калпагі алынбайды.

    3. Сорғызылған дәрілік ерітіндісі бар шприцті орамасының ішіне салып қойыңыз.

    4. Қолданылған материалдарды лотоктан ҚЖЖК-ге салыңыз.

    5. Қолғаптарды шешіңіз,ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    6. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Антибиотиктерді еріту:

    Пунктерді: 1, 2, 3, 4, 5, 6 жоғарыдан қараңыз.

    1. Шприцке 100.000 ЕД антибиотикке 0,5 мл есебіндегі ерітіндіні сорғызып алыңыз (антибиотиктерді еріту ережесін қара).

    2. Құрғақ антибиотигі бар флаконды сол қолға, ал ерітінді бар шприцті оң қолға ұстаңыз.

    3. Шприцті 90-тық бұрышта ұстап,флаконның тығынын ортасынан инемен тесіңіз және шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз.

    4. Флаконды инесімен бірге шприцтен ажыратыңыз, флаконды инесіне қол тигізбей бірнеше рет,антибиотик толық ерігенше сілкіңіз.

    5. Шприцті қайтадан инемен біріктіріп, антибиотиктің тағайындалған дозасын сорғызып алыңыз.

    6. Шприцті инесімен бірге флаконнан шығарып алыңыз,инъекцияға арналған инені ауыстырыңыз,иненің өткізгіштігін ауаны ығыстырып шығарып тексеріңіз және онымен бірге 1-2 тамшы ерітінді де бөлінуі керек, инеден қорғаныс қалпағы алынбайды.

    7. Дәрілік ерітіндісі бар дайын шприцті орамасының ішіне салып қойыңыз.

    8. Қолданылған материалдарды лотоктан ҚЖЖК-ге салыңыз.

    9. Қолғаптарды, бет пердені шешіңіз,ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    10. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту: Цефалоспорин қатарындағы антибиотиктерді еріткенде есептеу 1000 000 ЕД:3,5 мл ерітінді қатынасында болып саналады (лидокаиннің 1% ерітіндісі).

    Тері ішіне, тері астына,бұлшық етке,

    көк тамырға инъекциялар жасау техникасы

    Инъекция -деп дәрілік заттарды тері ішіне,тері астына,бұлшық етке, көк тамырға енгізуді айтады.Осы әдістің негізгі басымдылықтары: дәрінің қанға тез түсуі және дозасының дәл болуы болады. Дәрілік заттар қанға өзгермеген қалпында түседі.

    Инъекцилар асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтау тәртібінде жасалады, демек стерилді шприцпен және инемен, қолды мұқият жуғаннан және пациенттің терісінің тесілетін жерін тазалағаннан кейін абайлап жасалады.

    Инъекцияларды тек мейіргерлер орындайды, кейбір өте қажет болған кездерде пациентті күтуші тұлғаға алдын ала дайындықтан өткізілгеннен кейін иньекция жасауға рұқсат беріледі.

    Инъекциялардың түрлері:

    • Тері ішіне –эпидермистің астына терінің сүйелді қабатына;

    • Тері астына – тері астындағы шел май қабатына;

    • Бұлшық етке– бұлшық ет тініне;

    • Көк тамырға– көк тамыр қуысына.

    Тері ішіне инъекция жасағанда:

    Мақсаты: диагностикалық.

    Көрсетілімі:диагностикикалау:туберкулезге (Манту сынамасы), бруцеллезге, аллергиялық байқауларды жасау,антибиотиктерге деген аллергиялық реакцияны анықтау мақсаты,үстіртін анестезияны өткізу.

    Қарсы көрсетілімдері: тері асты шел май қабатының домбығуы иньекция жасайтын жердің тері аурулары.

    Асқынулары: инфильтрат.

    Енгізілетін жерлері: білектің ішкі жағының ортаңғы бөлігі.

    Тері астына инъекция жасағанда:

    Мақсаты:емдік – дәрілік затты тері асты шел май қабатына енгізу және жергілікті жансыздандыруды жасау.

    Көрсетілімі:дәрігердің тағайындамасы.

    Қарсы көрсетілімдері:дәрілік заттарға деген аллергиялық реакциялар, иньекция жасайтын жердің терісінің және тері асты шел май қабатының әртүрлі зақымданулары.

    Асқынулары:инфильтрат, дәрілік заттарды қателесіп енгізу,вирустық гепатит пен АИТС жұғуы, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шүк, сепсис.

    Енгізілетін жерлері:иықтың сыртқы жағының жоғарғы үштен бір бөлігі, санның ортаңғы бөлігінің алдыңғы және шеткі жақтары, іш пердесінің алдыңғы және екі бүйірі жақтары, жауырын асты аймағы (сиректеу)

    Бұлшық етке инъекция жасағанда:

    Мақсаты: емдік – дәрілік затты бұлшық ет тініне енгізу.

    Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы.

    Қарсы көрсетілімдері:бұлшық ет тінінің атрофиясы; иньекция жасайтын жердің терісінің және тері асты шел май қабатының әртүрлі зақымданулары; дәрілік заттарға деген аллергиялық реакциялар.

    Енгізілетін жерлері:бөксенің жоғарғы сыртқы квадранты; санның ортаңғы бөлігінің алдыңғы және шеткі жақтары;иықтың сыртқы жағының жоғарғы үштен бір бөлігі.

    Асқынулары: иненің сынып кетуі; жүйке бағаналарының зақымдануы, сепсис, май эмболиясы; абсцесс; инфильтрат; вирустық гепатит пен АИТС жұғуы; аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шүк.

    Көк тамырға иньекция жасағанда:

    Мақсаты:емдік- қан ағымына дәрілік ерітіндіні ағыммен енгізу.

    Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы.

    Қарсы көрсетілімдері:дәрілік заттарға деген аллергиялық реакциялар, иньекция жасайтын жердің терісінің және тері асты шел май қабатының зақымданулары,тесілетін көк тамырдың флебиті.

    Енгізілетін жерлері:шынтақ буынының ішкі жағындағы,білектің, қолдың, аяқтың сыртқы жағындағы жақын орналасқан көк тамырлар, жас балалардың басындағы көк тамырлар.

    Асқынулары:гематома, некроз, флебит, тромбофлебит, дәрілік затты қателесіп енгізу, медикаментоздық және ауа эмболиясы, сепсис, вирустық гепатит пен АИТС жұғуы, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шүк.

    Көк тамырға сұйықтықтарды тамшылатып құйғанда:

    Мақсаты:көк тамырға тамшылатып құю,көп мөлшердегі (тәулігіне бірнеше литрге дейін) сұйықтықты баяу,тамшылатып енгізу,қан, қан препараттарын және қан алмастырушыларды құю.

    Көрсетілімі:айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру, парентералды тамақтандыру,интоксикация белгілерін жою мақсаты.

    Енгізілетін жерлері: шынтақ буынының ішкі жағындағы,білектің, қолдың, аяқтың сыртқы жағындағы жақын орналасқан көк тамырлар.

    Асқынулары: сепсис,ауа эмболиясы, гематома, тромбофлебит, флебит, вирустық гепатит пен АИТС жұғуы, анафилактикалық шүк,инфильтрат.

    Иньекциялардың осы түрлерін орындау мейіргерден біліктілікті және қабылданған тәртіптерді қатаң сақтауды,әрі асқынулардың алдын алу ережелерін жақсы білуін талап етеді.

    ИНЪЕКЦИЯДАН КЕЙІН БОЛАТЫН АСҚЫНУЛАР

    Инфильтрат – тері астына және бұлшық етке иньекция жасағаннан кейін дамитын,кең тараған асқынулардың бірі.

    Инфильтраттың даму себептері:

    Егер инъекция өтпейтін инемен жасалғанда;

    Тері астына майлы ерітінді жылытпай енгізілгенде;

    Бұлшық етке иньекция жасағанда тері ішіне, тері астына және көк тамырға иньекция жасауға арналған қысқа инелер қолданылса. Кейбір дәрілік заттар бұлшық етке қысқа инемен енгізілгенде тіндерді қатты химиялық түрде тітіркендіреді, дәрілік зат ұзақ уақыт таралып кетпей қояды, осының өзі біртендеп инфильтраттың дамуына әкеледі. Инъекция орнын дұрыс таңдамаса, иньекцияны қайталап бір жерге жасай берсе де инфильтрат дамып кетеді.

    Инфильтрат инъекция жасалған жерлерде пальпациялағанда оңай анықталатын, қолмен басып көргенде қатайып тұратын тері астындағы тығыздық.Инфильтратың пайда болуы туралы дәрігерді хабардар ету керек және оның емі ретінде жылыту компрестері (иыққа) және жылытқышты бөксеге басу шаралары жасалады.

    Абсцесс –айналасындағы сау тіндерден пиогенді мембранамен бөлініп тұратын, іріңге толған қуыстың пайда болуымен сипатталатын, жұмсақ тіндердің іріңді қабынуы.

    Іріңдіктің пайда болу себептері инфильтраттың пайда болу себептерімен ұштасады.Абсцесс кезінде аталған себептерге қосымша асептика ережесінің бұзылуы нәтижесінде жұмсақ тіндердің жұқпалануы дамиды.

    Дене температурасының жалпы және жергілікті көтерілуі болады.

    Емі тек хирургиялық.

    Липодистрофия -инсулин инъекциясынан кейін дамиды,тері асты шел май қабатының дистрофиялық өзгерулері болады.

    Инъекция жасайтын орындарды жиі-жиі ауыстырып отыру керек. Қаныт диабетінде инсулин шприцін және шприц-қаламдарды қолдану асқынулардың алдын алуға септігін тигізеді.(пациентті осы инъекцияларды жасау техникасына үйрету қажет).

    Иненің сынып кетуі бұлшық етке инъекция жасау кезінде бөксе бұлшық еттерінің аяқ астынан қатты жиырылып кетуі салдарынан болады. Себебі:пациентпен алдын ала инъекция жасалуы туралы психологиялық дайындық жасалмағандығы және пациентке иньекция түрегеліп тұру қалпында жасалуы.

    Дәрілік затты қателесіп енгізу

    Тез арада иньекция жасалған жерге және оның төңірегіне натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінің (изотоникалық ерітінді) ) -50-80 мл.- рін енгізу қажет, бұл қателесіп енгізілген препараттың қоюлығын төмендетеді және оның тіндерді тітіркендіретін күшін азайтады.Көмегі:инъекция орнына мұзды мұйық басу қажет.

    Егер қателесіп енгізілген препарат т/а енгізілген болса, изотониялық ерітіндіні енгізбей тұрып алдымен, жасалған жердің жоғарғы жағына бұрау салып алу қажет, (бұл дәрілік заттың тарап кетуініңбәсеңдетеді)

    Жүйке тармақтарының зақымдануы

    Б/е және к/т инъекциялар жасағанда, иньекция орны дұрыс таңдалмаса б/е енгізілетін дәрілік заттың жартысы тері астына түсуі және жүйке талшығын қоректендіретін қан тамырын бітеп қалуы мүмкін.Бұл невритке (жүйкенің қабынуы),салдануға (функциясының өшуі) әкеледі.

    Медикаментоздық эмболия – (греч. Embolia – ену,шабуылдау) майлы ерітінділерді бұлшық етке немесе тері астына енгізгенде дамиды. (Көк тамырға майлы ерітінділер енгізілмейді!!!). Май артерия қуысына түскенде оны бітеп қалады, бұл айналасындағы тіндердің қоректенуін нашарлатады және олардың некрозын тудырады.Некроздың белгілері–иньекция аймағындағы ауру сезімінің үдей беруі, ісінулер,терінің қызаруы немесе көкшіл қызыл түсті болуы,дене температурасының жергілікті және жалпы көтерілуі.Егер май көк тамырға түсіп кетсе, ол қан ағымымен өкпе қан тамырларына түседі.Өкпе қан тамырларының эмболиясының белгілері: аяқ астынан басталған тұншығу ұстамасы, жөтел,дененің жоғарғы бөлігінің көгеріп кетуі (цианоз, кеудесінің қысылуы.

    МАЙЛЫ ЕРІТІНДІЛЕРДІ ЕНГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!

    Майлы ерітінділерді КӨК ТАМЫРҒА ЕНГІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ.

    Инъекция жасар алдында майлы ерітіндіні 37-38°С су моншасында жылытып алады.

    Ерітіндіні енгізу алдында, алдымен поршенді өзіңізге қарай тартып көріңіз. Шприцке қан түспеуіне сенімді болыңыз, қан көрінсе-ине қан тамырына түсіп тұр деген сөз.Егер шприцте қан пайда болса– инъекцияны басқа жерге жасау керек.

    Майлы ерітіндіні асықпай, баяу енгізеді.

    Инъекциядан кейін иньекция орнына жылу басу қажет – жылытқыш.

    Ауа эмболиясы–көк тамырға инъекция жасағанда және тамшылатып құйғанда болатын май эмболиясы сияқты қауіпті асқынулардың бірі. Ауа эмболиясының белгілері май эмболиясының белгілері сияқты болады, бірақ өте тез шұғыл басталады,(бір минут ішінде),себебі шынтақ көк тамыры үлкен тамыр және ол өкпе тамырларына анатомиялық жақын орналасқан.

    Жүйке тармақтарының зақымдануы

    Бұлшық етке және көк тамырға иньекция жасағанда механикалық түрде (иньекция орнын дұрыс таңдамағанда) немесе химиялық түрде (дәрілік заттың тері астына жиналып қалуында) болады, сонымен қатар жүйкені қоректендіретін тамырдың бітеліп қалуы дамиды. Асқынулардың ауырлығы– невриттен басталатын (жүйкенің қабынуы), салдануға дейін болатын (функциясының өшуі) түрде болады.

    Тромбофлебит–көк тамырдың қуысында тромб пайда болуымен сипатталатын асқыну– көк тамыр жиі тесілгенде және бір тамырды қайталап тесе бергенде, онша өткір емес инелерді қолданғанда дамиды.Тромбофлебиттің белгілері:ауру сезімі,терінің гиперемиясы және тамыр бойында инфильтраттың пайда болуы.Дене температурасы субфебрилді болып қалуы мүмкін.

    Некроз тіндердің (өлі еттенуі)– қатты тітіркендіру әсері бар заттың көп мөлшерінің тері астына қателесіп енгізілуі салдарынан дамиды. Көпшілік жағдайларда бұл асқыну кальций хлоридінің 10% ерітіндісінің тері астына құйылып кетуінде дамиды. Егер осындай жағдайлар орын алатын болса, алғашқы көмек көрсету әдісі, дәрілік ерітіндіні қателесіп енгізгенде жасалатын көмекпен бірдей болады.Тек кальций хлоридінің 10% ерітіндісі жергілікті қатты әсер ететіні белгілі болғандықтан мұзды мұйық қолданылмайды.

    Гематома (тері астына қан құйылуы) көк тамырды тесу техникасы өрескел бұзылғанда дамиды:осы жағдайда тері астында қошқыл дақ пайда болады, көк тамырдың екі қабырғасы бірдей тесіліп кету себебінен қан тінге құйылады. Дәл осы кезде көк тамырды тесуді доғару қажет және оны спирттелген мақта түйіршігімен аздап басып тұру керек.Пациентке тағайындалған көк тамырға салынатын иньекцияны басқа тамырға жасалады, ал гемотомаға жылыту компрессі жасалады.

    Сепсис (жалпы инфекциялық ауру) көк тамырға иньекция жасағанда немесе көк тамырға ерітінділерді тамшылатып құйғанда асептика ережесі өрескел бұзылғанда, сонымен қатар стерилді емес ерітінділерді қолданғанда дамиды.

    Иньекция жасағаннан кейін 2-4 ай өткенде дамитын алыстанған қалдықты салдарларына жататын асқынуларға вирусный гепатиттің В, С және басқа түрелрінің, АИТС дамуы да жатады.

    Аллергиялық реакциялар организмге инъекция арқылы енгізілген дәрілік препаратқа берілген реакциялар есек жем, жедел ринит, жедел конъюнктивит, Квинке ісігі түрінде дамиды.Аллергиялық реакцияның қатерлі түрі – анафилактикалық шүк.

    Пациентте дәрілік затқа аллергиялық реакцияның дамуы туралы дереу дәрігерге хабарлау керек және шұғыл көмек көрсетуге кірісу керек. (Шүкке қарсы жиынтықты қолдану).

    Мейіргер–дәрігердің тағайындамаларын жасайтын қарапайым орындаушы емес, ол ең алдымен иньекция туралы сұрақты шешетін адам– жасауға болатынын, керісінше жасауға болмайтынын.

    Ем-шара кабинетінің мейіргері иньекцияны арнайы киім киіп жұмыс жасауы, асептика және антисептика ережесін сақтауы керек.

    Инъекция жасау техникасын дұрыс орындауы керек.

    Инъекцияларды тек стерилді бір мәрте қолданылатын шприцтермен орындауы керек.

    Инъекция жасау алдында тінді мұқият, абайлап пальпациялап алуы керек. Егер терең орналасқан қатты түйіндер болатын болса,осы жерге иньекция жасауға болмайды.

    Инені тінге «шапалақпен» енгізуге болмайды, себебі стерилділігі бұзылады, әрі иньекция орнын дәл анықтау мүмкін емес және ине қажетті тереңдікке енгізілмейді.

    Майлы ерітінділерді,суспензияларды енгізгенде теріні тескеннен соң шприцтің поршенін өзіңізге қарай тартып көру керек, иненің қан тамырына түспей тұрғанына көз жеткізу мақсатымен.

    Суық ерітінділерді енгізуге болмайды.( тоңазытқыштан). Майлы ерітінділерді 37-38 °С дейін жылытады.

    Дәрі жылдам таралуы үшін инъекция жасалған жерге жылу басуға кеңес беріледі.

    Санитарлық-эпидемияға қарсы ережені қатаң сақтауы керек.

    Мейіргер пациенттің аллергологиялық анамнезін жинауы керек,( медикаменттерге,тағамдық азық-түліктерге аллергиясын, басқа аурулары бар немесе жоқ екенін).

    Ем-шара кабинетінде міндетті түрде шүкке қарсы жиынтық болуы керек, (анафилактикалық шүк болғанда шұғыл көмек көрсетуге арналған дәрілерлік препараттар жиынтығы).

    Мейіргер пациентке инъекция жасамай немесе кез-келген дәріні бермей тұрып, алдымен одан бұрын қандай да бір аллергиялық реакциясы болған болмағандығын анықтап алуға міндетті.Оң жауап алғанда оны дәрігерге дереу айтады.Емдеу барысында теріде бөртпе және басқа да кері әсерлердің белгілері пайда болса, осы препаратты қайталап енгізуден аулақ болады.

    Егер пациенттің анамнезінен дәрілік препараттарды енгізгенде аллергиялық реакциялар болатын болса, онда бұл препаратты енгізуге немесе оған аллергиялық сынақ жасауға тиым салынады!

    Егер пациент бұл дәріні ешқашан қабылдамаған болса, алдымен тіл астына қойылатын сынақты жасап алуы керек.Егер сынақ нәтижесі күдікті болса,онда пациентке осы дәрілік препаратты енгізуге болмайды.

    Кейбір дәрілік препараттарды бір шприцте араластыруға болмайтынын есте сақтау керек.Дұрыс шешім қабылдау үшін,дәрілік заттарды бір бірімен араластыруға болатын таблицаны қолданады.

    Жаңа иньекцияны жасар алдында бұрынғы иньекция орнын зейін қойып қарап алады.Бөртпе, қасу, қышу болған жағдайларда– инъекция жасалмайды.

    Егер инъекция жасау кезінде пациент өзін нашар сезінсе–енгізуді дереу тоқтатады және егер сіз көк тамырда болсаңыз, онда инені шығарып алмайды, себебі ол көмек көрсету үшін қажет болады.

    Қалі ауыр науқасты жалғыз қалдырмаңыз, дәрігерді басқа мейіргер шақыруы керек.

    Келтірілген ережелер орындалатын болса,дәрілік препараттардан болатын аурулардың санын азайтуға болады (анафилактикалық шүк).

    БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯ ЖАСАУ
    1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64


    написать администратору сайта