Главная страница
Навигация по странице:

  • Иньекцияларды жасау алдында орындау қажет

  • Ем-шара бөлмесінде жұмыс жасағанда тиым салынады

  • Жарақаттанғанда, қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасуларда, мейіргерлердің өзі-өзіне және өз ара жәрдем (көмек) көрсету реттілігі

  • Апаттық дәрілер қорапшасы

  • Анти- АИТҚ дәрі қобдишасының құрамы

  • Пациенттің биологиялық сұйықтықтары абайсызда мейіргердің бет терісіне, еріндеріне және ауызы мен жұтқыншағының шырышты қабығына тамып,тиіп кеткенде жүргізілетін іс-шаралар. Мақсаты

  • Көрсетілімі

  • Пациенттің биологиялық сұйықтықтары абайсызда мейіргердің мұрын қуысының шырышты қабығына тамып,тиіп кеткенде жүргізілетін іс-шаралар. Мақсаты

  • Мұрын қуысының шырышты қабығын өңдеуге арналған аспадағы антисептисептикалық заттарды дайындау Дайындаңыз

  • Мейіргердің кездейсоқ жағдайда қол саусақтарын потенциалды инфекция жұқтырған құралдармен жарақаттап алғанда жүргізілетін іс-шаралар. Мақсаты

  • Пациенттің биологиялық сұйықтықтары абайсызда мейіргердің көзінің шырышты қабығына тамып,тиіп кеткенде жүргізілетін іс-шаралар. Мақсаты

  • Ысқылауға болмайды! Көзді крафт-пакеттен алынған стерилді сүрткімен сыртқы бұрышынан мұрынға қарай жылытып сорғытып сүртіңіз. Ысқылауға болмайды!

  • Пациенттің биологиялық сұйықтықтары абайсызда мейіргердің киіміне және бүтіндігі бұзылмаған терісіне тамып,тиіп кеткенде жүргізілетін іс-шаралар. Мақсаты

  • Ысқылауға болмайды! Терінің осы аймағын сабынды сумен жуыңыз. Терінің жуылған жерін қағаз сүлгімен құрғатыңыз.Ысқылауға болмайды!

  • Пациенттің биологиялық сұйықтықтары мейіргердің қолғаптарын ластағанда жүргізілетін іс-шаралар. Мақсаты

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница34 из 64
    1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64

    Жұмыс басталар алдында қауіпсіздікті сақтауға қойылатын талаптар

    Ем-шара бөлмесіндегі бактерицидтік шамдарды сөндіріп қою.

    Санитарлық-гигиеналық киім-кешектің қолғаптардың, бет перденің бүтіндігін тексеру. Санитарлық –гигиеналық киімді кию.

    Жұмыс жасағанда қолдың және кілегейлі қабықтың қанмен немесе қан сары суымен былғануы мүмкін барлық манипуляцияларды тек қолғаптармен орындау керек. Қанның немесе қан сары суының шашырап кету қаупі болғанда бет перде мен қорғайтын көзілдірік тағып жумыс жасау қажет.

    Ем-шаралық мейіргерлердің қолында әшекей заттар (сақина, білезік) болмауы керек. Тырнақтары қысқа алынған болуы керек. Қолдың жарақаттанған барлық жерлері пластырмен немесе саусақ қаппен жабылған болуы керек.

    Жұмыс орнын, жуатын дезинфекциялайтын заттарды, стерильді құрал –жабдықтарды олардың жарамдылық уақытын қайта тексеріп дайындап қою, стерильді материалдарға арналған астаушаларды ала салуға ыңғайлап қою, қолданылған құралдарды батыратын, ішінде дезинфекциялайтын ерітіндісі бар ыдысты және қжжк дайындап алу.

    Иньекцияларды жасау алдында орындау қажет:

    • дәрігер тағайындауларын жазатын журналды тексеру;

    • флакондағы, ампуладағы жазбаларды мұқият оқып шығу;

    • дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін тексеру;

    • Дәрілік заттың сыртқы түріне зейін қойып қарау.

    Ем-шара бөлмесінде жұмыс жасағанда тиым салынады:

    • Бұзылып қалған құрал-жабдықтармен жұмыс жасауға, жұмыста дұрыс жұмыс істемейтін құралды қолдануға;



    • Сыртқы орамасының бүтіндігі бұзылған, этикеткасы жоқ, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен препараттарды сақтауға және қолдануға;

    • Жұмыс істеп тұрған электрқондырғыларды бақылаусыз қалдыруға;

    • Бекітілген санитарлық-гигиеналық киім-кешексіз және басқа да жеке қорғаныс заттарын қолданбай жұмыс жасауға;

    • Дәрі-дәрмек сақтауға арналған тоңазытқышта тағам немесе азық-түлік сақтауға;

    • Жұмыс орнында жеке бас заттарын, киім-кешектерді сақтауға;

    • Жұмыс орнында косметка қолдануға, шылым шегуге, тамақ ішуге.

    Құрамында АИТҚ болуы мүмкін деген қауіп болатын биологиялық сұйықтықтар:

    • Қан және оның құрамды бөліктері

    • Жұлын сұйықтығы (церебралды)

    • Амниотикалық су (Ұрық суы)

    • шәует

    • емшек сүті

    • қынап бөліндісі

    • қақырық

    • зәр

    • сілекей

    • көз жасы

    • нәжіс

    • асқазан сөлі

    Жарақаттанғанда, қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасуларда, мейіргерлердің өзі-өзіне және өз ара жәрдем (көмек) көрсету реттілігі
    Пациенттің қаны және басқа да биологиялық сұйықтықтары арқылы таралатын вирустық және бактериялық инфекцияларды жұқтырып алу қаупі жоғары жағдайларда мейіргердің жұмыс жасау ерекшеліктері
    Манипуляцияны орындау кезінде биологиялық субстраттардың кездейсоқ жағдайларда: мейіргердің қол терісіне, көзі мен мұрынының кілегейлі қабығына, бетіне, еріндері мен ауызының және жұтқыншақтың шырышты қабықтарына, киіміне тамып кеткенде апаттық дәрілер қорапшасын қолдану қажет.

    Апаттық дәрілер қорапшасы
    Апаттық дәрілер қорапшасының құрамына кіреді:



    Крафт пакеттеріндегі таңу материалдары


    Саны

    1.

    Крафт пакеттеріндегі көз тамызғыштары

    4 дана.

    2.

    Аспалы орындағы ерітінділерді араластыруға арналған сиымдықтар

    3 дана. (стерилді)

    3.

    Ундинка (көзді жууға арналған астауша)

    2 дана. (стерилді)

    4.

    70% этил спирті

    100 мл

    5.

    5% йод ерітіндісі

    10 мл

    6.

    1% р-р протаргол ерітіндісі

    10 мл

    7.

    6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі

    100 мл

    8.

    6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі

    2-3 дана.

    9.

    Бактерицидті жабысқақ пластырь

    2-3 шт.

    10.

    Қайшылар

    1 шт.

    Кейбір антисептикалық ерітінділер аспада сақталады және қолданар алдында ғана дайындалады. Оларға жататындары:

    1.

    Протаргол

    0,1 г – 3 орама.

    2.

    Стерилді дистилденген су 10 мл

    6 ампуласы

    Анти- АИТҚ дәрі қобдишасының құрамы

    • 70% этил спиртінің ерітіндісі;

    • 5% йод ерітіндісі;

    • лейкопластырь;

    • таңу материалдары;

    • дистилденген су, ерітуге арналған МКК 1:10 000 (0,05%)

    • 1% протаргол ерітіндісі.



    Пациенттің биологиялық сұйықтықтары абайсызда мейіргердің бет терісіне, еріндеріне және ауызы мен жұтқыншағының шырышты қабығына тамып,тиіп кеткенде жүргізілетін іс-шаралар.

    Мақсаты:аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу,мейіргердің вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтырып алу қатерін болдырмау.

    Көрсетілімі:пациенттің биологиялық сұйықтықтары медицина қызметкерінің бет терісіне, еріндеріне және аузы мен жұтқыншағының сілемейлі қабығына тамып кетуі.

    Дайындаңыз:стерилді екі лотокты, стерилді пинцетті,апаттық дәрілер жиынтығы қобдишасын, ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілер жиынтығының ішінен крафт-пакетті таңу материалдарымен бірге алыңыз және оларды лотокқа салыңыз.

    2. Дәрілер жиынтығының ішінен 70% спиртті алыңыз.

    3. Стерилді дәке тампонын 70% спирт ерітіндісімен ылғалдаңыз және бет терісінен және еріндерінен пациенттің биологиялық субстраттарын саусақтарыңызбен шымшитындай қимылдар жасап сүртіп алыңыз, қолданылған материалдарды ҚЖЖК-ге салыңыз.

    4. 70% спирт ерітіндісімен ылғалданған стерилді дәке тампонымен бет терісін және еріндерін қайталап өңдеңіз.

    5. Ауыз қуысын және еріндерді бірнеше рет алдымен сумен, содан кейін 70% спиртпен шайқаңыз.(су жұтқыншаққа кетіп қалмауын қадағалау керек).

    6. Әкімшілікке хабарлаңыз (төтенше жағдайдың актісін жазыңыз және өндіріс орнында орын алған бақытсыз жағдайлар жазылатын журналды толтырыңыз).

    Пациенттің биологиялық сұйықтықтары абайсызда мейіргердің мұрын қуысының шырышты қабығына тамып,тиіп кеткенде жүргізілетін іс-шаралар.

    Мақсаты: аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу, вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтырып алу қатерін болдырмау.

    Көрсетілімі:пациенттің биологиялық сұйықтықтары медицина қызметкерінің мұрын қуысының шырышты қабығына тамып кетуі.

    Дайындаңыз: стерилді екі лотокты, стерилді пинцетті,апаттық дәрілер жиынтығын, ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілер жиынтығының ішінен крафт-пакетті таңу материалдарымен бірге алыңыз және оларды лотокқа салыңыз.

    2. Дәрілер жиынтығынан 1% протаргол ерітіндісін алыңыз.

    3. Крафт-пакеттен тамызғышты алыңыз, оны 1% протаргол ерітіндісі бар флаконға салыңыз.

    4. Лотокты қолыңызға алыңыз.

    5. Мұрын қуысына 1% протаргол ерітіндісін тамызыңыз және басын төмен түсіріңіз,мұрын қуысының (ішіндегісі лотокқа ағып түседі). Ерітіндіні жұтқыншаққа жібермеу керек.

    6. Мұрын қуысына 1% протаргол ерітіндісін қайталап тамызыңыз және басын төмен түсіріңіз, мұрын қуысының (ішіндегісі лотокқа ағып түседі).

    7. Мұрынды стерилді дәке тампонымен құрғатыңыз.

    8. Қолданылған дәке тампондарын ҚЖЖК-ге салыңыз.

    9. Әкімшілікке хабарлаңыз (төтенше жағдайдың актісін жазыңыз және өндіріс орнында орын алған бақытсыз жағдайлар жазылатын журналды толтырыңыз).

    Ескерту: қолданылғаннан кейін лотокты регламенттелген зарарсыздандыратын ерітіндіде өңдеп алу керек, көз тамызғыштарын 2% сода ерітіндісінде 15 минут немесе дистилденген суда,– 30 минут қайнатады.

    Мұрын қуысының шырышты қабығын өңдеуге арналған аспадағы антисептисептикалық заттарды дайындау

    Дайындаңыз:апат жағдайында қолданылатын дәрілер қобдишасын: аспадағы антисептикалық затты (флакондағы–протаргол 0,1г,стерилді дистилденген суды–10мл),стерилді:екі лотокты, пинцетті, антисептикалық ерітіндіні араластыруға арналған сыйымдылықты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілер жиынтығының ішінен крафт-пакеттегі тамызғышты және таңу материалдарын,антисептикалық затты араластыруға арналған стерилді ыдысты алыңыз және оларды лотокқа салыңыз.

    2. Протаргол құйылған флаконды ашыңыз.

    3. Сыйымдылыққа (флаконға) 0,1 г протарголды және 10 мл стерилді дистилденген суды құйыңыз немесе стерилді антисептикалық затты араластыруға арналған ыдысқа.

    4. Сыйымдылықтың тығынын жабыңыз және антисептикалық зат толық еріп кеткенше сілкіп араластырыңыз.

    Мейіргердің кездейсоқ жағдайда қол саусақтарын потенциалды инфекция жұқтырған құралдармен жарақаттап алғанда жүргізілетін іс-шаралар.

    Мақсаты: аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу, вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтырып алу қатерін болырмау.

    Көрсетілімі: қол саусақтарының потенциалды инфекция жұқтырған құралдармен жарақаттап алуы.

    Дайындаңыз: апаттық дәрілер қобдишасын, стерилді биксті, 2 лотокты, стерилді корнцангты,70% этил спиртінің ерітіндісін,5% йодтың спиртті ерітіндісін,бактерицидті пластырді, бір мәрте қолданылатын сабынды, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар сыйымдылықты,ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолыңызды ағынды сумен сабындап жуыңыз.

    2. Қолғапты шешіңіз,саусақты сығып, жарадан біраз қан шығарыңыз.

    3. Қолыңызды сабындап гигиеналық әдіспен жуыңыз.

    4. Қолыңызды бір мәрте қолданылатын сүлгімен құрғатыңыз.

    5. Дәрілер жиынтығының ішінен крафт-пакетті таңу материалдарымен бірге алыңыз және оларды лотокқа салыңыз.

    6. Дәрілер қорапшасынан 70% этил спиртін, 5% йод ерітіндісін алыңыз.

    7. Жарақаттың бетін 70% этил спирт ерітіндісімен шылқылдап суланған стерилді мақта түйіршігімен өңдеңіз.

    8. Ағып тұрған қанды тоқтатпай қолыңызды сабындап қайталап жуыңыз.

    9. Стерилді мақта түйіршігімен жарақаттың бетін құрғатыңыз.

    10. Жарақаттың бетін 70% спирт ерітіндісімен қайталап өңдеңіз,содан кейін жарақат төңірегіндегі теріні 5% йод ерітіндісімен өңдеңіз.

    11. Жарақаттың бетіне бактерицидті пластырді жабыстырыңыз.

    12. Бактерицидті пластыр жабыстырылған саусаққа резеңке саусаққап кигізіңіз, қажет болған жағдайларды стерилді қолғаптарды киіңіз.

    13. Қолданылған күтім заттарын және таңу материалдарын ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    14. Әкімшілікке хабарлаңыз (төтенше жағдайдың актісін жазыңыз және өндіріс орнында орын алған бақытсыз жағдайлар жазылатын журналды толтырыңыз).

    Пациенттің биологиялық сұйықтықтары абайсызда мейіргердің көзінің шырышты қабығына тамып,тиіп кеткенде жүргізілетін іс-шаралар.

    Мақсаты: аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу, вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтырып алу қатерін болырмау.

    Көрсетілімі:пациенттің биологиялық сұйықтығы медицина қызметкерінің көзінің шырышты қабығына тамып кетуі.

    Дайындаңыз:апат жағдайында қолданылатын дәрілер қобдишасын, стерилді екі лотокты, стерилді пинцетті, көз стаканшасын, суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар сыйымдылықты,ҚЖЖК

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілер қобдишасынан,тамызғыштар таңу метериалдары салынған крафт-пакетті, көзді жуатын стаканды алыңыз және оларды лотокқа салыңыз.

    2. Антисептикалық ерітіндіні дайындаңыз.

    3. Стаканға антисептикалық ерітінді немесе су құйыңыз,басты еңкейтіп және ерітінді құйылған стаканды бетке тығыз тақап қабақтарды жиі-жиі жыпылықтатып көзді жуыңыз.Ысқылауға болмайды!

    4. Көзді крафт-пакеттен алынған стерилді сүрткімен сыртқы бұрышынан мұрынға қарай жылытып сорғытып сүртіңіз. Ысқылауға болмайды!

    5. Қолданылған сүрткілерді ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    6. Әкімшілікке хабарлаңыз(төтенше жағдайдың актісін жазыңыз және өндіріс орнында орын алған бақытсыз жағдайлар жазылатын журналды толтырыңыз).

    Пациенттің биологиялық сұйықтықтары абайсызда мейіргердің киіміне және бүтіндігі бұзылмаған терісіне тамып,тиіп кеткенде жүргізілетін іс-шаралар.

    Мақсаты:аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу, вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтырып алу қатерін болдырмау.

    Көрсетілімі:пациенттің биологиялық сұйықтықтары мейіргердің киіміне және бүтіндігі бұзылмаған терісіне тамып, тиіп кетуі.

    Дайындаңыз:70% этил спиртінің ерітіндісін, дәке сүрткілерін, сабынды, суды, сүлгіні, ҚЖЖК-ді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Ластанған арнайы киімді сыртқы жағын ішіне қарай аударып шешіңіз.

    2. Оларды зарарсыздандыратын ерітіндіге көрсетілген уақытына сәйкес толық батырып салыңыз.

    3. Жеке бас киімнің ластаған жерін дезинфектанпен ылғалдандырылған сүрткімен жауып, көрсетілген уақытына сәйкес ұстаңыз және ыстық сумен жуыңыз.

    4. Қолыңызға 70% этил спиртінің ерітіндісімен ылғалданған сүрткіні алыңыз.

    5. Теріге түскен және жеке бас киіміне тиген биологиялық сұйықтықты осы сүрткіні қолданып саусақтармен шымшитын қимылдар жасап сүртіп алыңыз.

    6. Терінің ластанған жерін 70% этил спиртінің ерітіндісімен ылғалданған сүрткінімен сүртіңіз.Ысқылауға болмайды!

    7. Терінің осы аймағын сабынды сумен жуыңыз.

    8. Терінің жуылған жерін қағаз сүлгімен құрғатыңыз.Ысқылауға болмайды!

    9. Терідегі биологиялық сұйықтықты 70% этил спиртімен шылқылдатып ылғалдандырылған сүрткімен сүртіп, кетіру қымылдарын қайталаңыз. Ысқылауға болмайды!

    10. Қолданылған дәкесүрткілерін ҚЖЖК-ге салыңыз.

    11. Әкімшілікке хабарлаңыз (төтенше жағдайдың актісін жазыңыз және өндіріс орнында орын алған бақытсыз жағдайлар жазылатын журналды толтырыңыз).

    Пациенттің биологиялық сұйықтықтары мейіргердің қолғаптарын ластағанда жүргізілетін іс-шаралар.

    Мақсаты:аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу, вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтырып алу қатерін болдырмау.

    Көрсетілімі:пациенттің биологиялық сұйықтықтары медицина қызметкерінің қолғаптарын ластауы.

    Дайындаңыз:дәке сүрткілерін, қолғаптарды,дезинфектанттарды, сабынды,суды, антисептикті, бір мәрте қолданылатын қағаз сүлгіні,ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар сыйымдылықты,ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолғаптарды дезинфектантпен ылғалдандырылған сүрткімен өңдеңіз.

    2. Қолданылған дәке сүрткісін зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа толық батырып салыңыз.

    3. Қолғаптарды шешпей тұрып, қолыңызды ағынды су астында сабындап жуыңыз.Қолғаптарды шешіңіз.

    4. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеуді екі рет сабындап жүргізіңіз.

    5. Қолыңызды бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен құрғатыңыз.

    6. Қолыңызды антисептикпен өңдеңіз.

    7. Сүрткілерді, қолғаптарды ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    Бақылау сұрақтары

    1. Ем-шара кабинетінің құрылымы.

    2. Ем-шара кабинетінің мейіргері нені білуі керек?

    3. Ем-шара кабинетінің мейіргері нені жасай білуі керек?

    4. Ем-шара кабинетінің құжаттарын атап шығыңыздар.

    5. Ем-шара кабинетін ағымды жинастыру қанша мәрте және қалай жүргізіледі?

    6. Ем-шара кабинетін қорытынды ылғалдап жинастырудың саны қанша болады және қалай жүргізіледі?

    7. «Мейіргерді және ем-шара кабинетіндегі жұмыс орнын дайындау» ұғымына нелер енеді?

    8. «Кабинеттің жұмысқа дайындығын тексеру» ұғымына нелер енеді?

    9. «Жұмыс үстелінің жұмысқа дайындығы» ұғымына не енеді?

    10. «Дәрілік заттардың дәрігердің ем тағайындамаларын тіркейтін журналмен сәйкестігін салыстыру, тексеру» ұғымына не енеді»?

    11. Ем-шара кабинетінің мейіргерінің қолын деконтаминациялау қандай мақсаттармен жүргізіледі?

    12. Апаттық дәрілер қорапшасының құрамын атап шығыңыздар.

    13. Ем-шара кабинетінде кәсіптік ауруды жұқтырып алудың алдын алу мақсатында қандай шаралар жүргізіледі?

    14. Ем-шара кабинетінде дәрілік заттарды сақтау ережелері.

    15. Ем-шара кабинетінің бөлмесіне, жихаздарына, қондырғыларына қандай талаптар қойылады?

    16. Ем-шара кабинетінің мейіргерінің жеке бас гигиенасына және арнайы киіміне қандай талаптар қойылады?
    1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64


    написать администратору сайта