Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский
Скачать 1.87 Mb.
|
Мақсаты: емдік – дәрілік затты бұлшық ет тініне енгізу. Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы. Қарсы көрсетілімдері:бұлшық ет тінінің атрофиясы;иньекция жасайтын жердің терісінің және тері асты шел май қабатының әртүрлі зақымданулары; дәрілік заттарға деген аллергиялық реакциялар. Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы сыртқы квадранты;санның ортаңғы бөлігінің алдыңғы және шеткі жақтары;иықтың сыртқы жағының жоғарғы үштен бір бөлігі. Асқынулары:иненің сынып кетуі;жүйке бағаналарының зақымдануы, сепсис, май эмболиясы;абсцесс;инфильтрат;вирустық гепатит пен АИТС жұғуы; аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шүк. Дайындаңыз:стерилді:бір мәрте қолданылатын,сыйымдылығы 5-10мл шприцтерді,инъекция жасауға арналған ұзындығы 40-60 мм инелерді, спирттелген мақта шариктерін/сүрткілерін, қолғаптарды, бет пердені, дәрігер тағайындаған дәрілік затты;тері антисептигін;«Б»тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК), Іс-әрекет алгоритмі:
Іс-әрекет алгоритмі: Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.(алғашқы сөйлескенде оның аты- жөнін біліп алыңыз). Тұлға аралық ара-қашықтықты сақтаңыз (45-120см). Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз. Пациентке ем-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметтерді айтыңыз. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, оларды антисептикпен өңдеңіз,қолғаптарды киіңіз және бет пердені тағыңыз (стандартты қараңыз). Орамасын ашып,шприцті құрастырыңыз.(стандартты қараңыз). Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорғызып алыңыз (стандартты қараңыз). Пациентті ыңғайлы қалыпта отырғыңыз немесе жатқызыңыз. Пациенттің шынтағының астына клееңке валикті салыңыз,(осы қолды шынтақ буынынан максималды түрде жазу үшін). Резеңке бұрауды (көк тамырлық манжетаны) иықтың ортаңғы бөлігіне сүрткінің немесе іш киімінің үстіне байлаңыз. Бұрауды оның екі бос ұшы жоғары қарап тұратындай қылып, ал ілгек сияқты тұйық жағын төмен қаратып байлаңыз, кәржілік артериясында пульс өзгермеуі керек. Пациентке жұдырығын бірнеше рет ашып, жауып сосын қатты қысып тұру керектігін айтыңыз.(көк тамырға қан жиналуын жақсарту үшін). Пациенттің білегін алақанынан бастап, шынтақ шұңқыры аймағына қарай қан ығыстыратын қимылдармен аздап уқалаңыз, саусақтарыңызбен тамыр аймағын күш салмай шапалақтаңыз.(көк тамырға қан толып білеуленуін күшейту үшін). Тамырды зерттеңіз. Пальпациялау арқылы қанға ең қатты толған көк тамырды табыңыз. Қолғаптарты антисептикпен өңдеңіз. Иньекция орнын кезектестіріп антисептикпен ылғалданған екі мақта түйіршігімен немесе сүрткісімен бір бағытпен өңдеңіз: алдымен бірінші түйіршікпен үлкен аймақты сүртіңіз, содан кейін екінші түйіршікпен дәл инекция жасайтын жерді мұқият өңдеңіз,үшінші антисептикпен ылғалданған түйіршікті немесе сүрткіні сол қолдың IV және V саусақтарының арасына салыңыз. Шприцті оң қолға алыңыз: II саусақпен инені канюлясынан ұстаңыз; V саусақпен–шприцтің поршенін демеңіз, III, IV, I саусақтармен цилиндрді ұстаңыз. Шприцтің ішінде ауа жоқтығына көз жеткізіңіз. Сол қолдың бас бармағымен шынтақ бүгілісінің терісін көк тамырды жылжытпайтындай қылып, аздап бір шетке қарай тартыңыз және қолдағы шприцтің қалпын өзгертпей, ине қиығын жоғары (өзіңізге) қаратып, көк тамырды паралелді қылып тесіңіз, содан кейін инені абайлап ұзындығының 1/3 бөлігін тамырға «бос қуысқа түсуді»сезінгенше енгізіңіз. Көк тамырға түскеніңізді тексеріңіз, ол үшін поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, шприцте қан көрінуі керек. Сол қолыңызбен бұрауды бос ұшының біреуінен тартып шешіңіз, пациенттен жұдырығын ашуын сұраңыз. Иненің көк тамыр арнасында тұрғанын тағы да бір рет тексеріңіз. Шприцтің қалпын өзгертпей сол қолдың бірінші саусағымен поршенді итеріңіз және дәрілік ерітіндіні баяулап енгізіңіз, поршенді тірелгенше итеруге болмайды, аздаған ерітінді қалдырады. Тесілген жерге үшінші стерилді антисептикпен ылғалданған мақта түйіршігін/сүрткісін басыңыз, инені шығарып алыңыз. Тесілген жерді антисептикпен ылғанданған мақта түйіршігімен басып, 3-5 минуттай ұстап тұрыңыз,пациенттен қолын шынтағынан қан толық тоқтағанша бүгіп ұстай тұруын сұраңыз.Сүрткі қолданғанда оны стерилді жабысқақ жолақпен бекітіңіз. Шприцті инесі кигізілмеген инесімен, мақта түйіршіктерін/сүрткілерді ҚЖЖК-ге тастаңыз. Пациентке ыңғайлы дене қалпын беріңіз, одан өзін қалай сезінетінін сұраңыз. Қолғаптарды, бет пердені шешіңіз, ҚЖЖК-ге тастаңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз. Осы ем-шараның орындалғаны туралы белгі жасаңыз. Ескерту:арнайы көк тамырлық манжетаны қолданғанда, оның арнайы клапанын салып, бекітіңіз және оның бос ұшын көк тамырлық қан ағымы тоқтағанша тартыңыз. БІР МӘРТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН,СҰЙЫҚТЫҚТЫ КӨК ТАМЫРҒА ТАМШЫЛАТЫП ҚҰЮҒА АРНАЛҒАН ЖҮЙЕНІ ҚҰРАСТЫРУ Мақсаты:көк тамырға тамшылатып құю,көп мөлшерлі сұйықтықты тамшылатып баяу енгізу(тәулігіне бірнеше литрге дейін),қанды, қан препараттарын және қан алмастырушыларды құю. Көрсетілімі: сұйықты көк тамырға тамшылатып құюға арналған бір мәрте қолданылатын жүйені жұмысқа дайындау. Дайындаңыз: стерилді: бір мәрте қолданылатын сұйықты көк тамырға тамшылатып құюға арналған жүйені;флакондағы дәрілік ерітіндіні, спирттелген мақта шариктерін/сүрткілерін, қолғаптарды, бет пердені; қайшыны, дезинфекциялайтын ерітіндідегі пинцетті,тамшылатып құятын жүйенің тірегін(штатив), антисептикті, «Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК), жабысқақ пластырды. Іс-әрекет алгоритмі: Сұйықты көк тамырға тамшылатып құюға арналған жүйені дайындаңыз (жарамдылық мерзімін және орамасының бүтіндігін тексеріңіз). Флакондағы дәрілік ерітіндіні дайындаңыз (дәрілік ерітіндінің атын,дозасын,жарамдылық мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз,дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз).Флаконның заттаңбасына пациенттің аты-жөнін, палатасының № жазыңыз. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Антисептикпен өңдеңіз.Қолғаптарды киіңіз. Флаконның металдан жасалған қақпағының ортаңғы бөлігіндегі қақпақшасын пинцетпен алып тастаңыз. Флаконның резеңке тығынын антисептикпен ылғалданған стерилді мақта түйіршігімен екі мәрте өңдеңіз.Оларды ҚЖЖК-ге тастаңыз. Бір мәрте қолданылатын жүйенің орамасын қайшымен ашыңыз.Жүйені орамасынан шығарыңыз. Жүйедегі қысқышты бұрап жабыңыз. Жүйенің қысқа жағындағы инені алыңыз,калпагын алып тастаңыз және инені флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз.Жүйенің ауа жүбергішін ашыңыз. Флаконды түбін жоғары қаратып, төңкеріңіз және оны тірегішке орнатыңыз,жүйенің бос жағын сол қолмен ұстап тұрыңыз. Жүйенің тамызғышын аздап қысыңыз және оны жартысына дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз. Жүйенің қысқышын ашыңыз және жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен біртіндеп, ішіндегң ауа толық ығыстырылып шыққанша және калпағы алынбаған инеден ерітіндінің тамшылары көрінгенше толтырыңыз. Қысқышын жабыңыз. Жүйенің ерітіндімен толтырылған ұзын түтігінде ауа көпіршіктерінің жоқтығын тексеріңіз. Лотокқа стерилді антисептикпен ылғалданған мақта түйіршіктерін/ сүрткілерді салыңыз, олардың бетін стерилді сүрткімен жабыңыз. Жабысқақ жолақтың (1 см) екі жіңішке (4-5см) кесіндісін тірегішке жабыстырып алыңыз. СҰЙЫҚТЫҚТЫ КӨК ТАМЫРҒА ТАМШЫЛАТЫП ҚҰЮ ИНЕКЦИЯСЫН ЖАСАУ Мақсаты:көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі (тәулігіне бірнеше литрге дейін) сұйықтықты баяу,тамшылатып енгізу,қан, қан препараттарын және қан алмастырушыларды құю. Көрсетілімі:айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру, парентералды тамақтандыру,интоксикация белгілерін жою мақсаты. Енгізілетін жерлері: шынтақ буынының ішкі жағындағы,білектің, қолдың, аяқтың сыртқы жағындағы жақын орналасқан көк тамырлар. Асқынулары: сепсис, воздушная эмболия, гематома, тромбофлебит, флебит, СПИД, вирусный гепатит, анафилактический шок, инфильтрат. Дайындаңыз:стерилді:бір мәрте қолданылатын жүйені, спирттелген мақта шариктерін/сүрткілерін,дәке сүрткілерін, лотокты,қолғаптарды, бет пердені; тірегішті, клееңке жастықшаны, резеңке бұрауды (веноздық манжетканы), ұзындығы 4-5 см жабысқақ пластырдің жолағын, тері антисептигін;«Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК), анафилактикалық шүкке қарсы жиынтықты, заттаңбасына пациенттің аты-жөні және палатасының № жазылған қағазды, дәрілік препарат бар флаконды. Іс-әрекет алгоритмі: Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.(алғашқы сөйлескенде оның аты- жөнін біліп алыңыз). Тұлға аралық ара-қашықтықты сақтаңыз (45-120см). Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз. Пациентке ем-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметтерді айтыңыз. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, оларды антисептикпен өңдеңіз,қолғаптарды киіңіз және бет пердені тағыңыз (стандартты қараңыз). Тағайындалған дәрілік препаратты алыңыз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз, дәрінің атын, дозасын, концетрациясын, жарамдылық мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігіне көз жеткізіңіз, ашылған күнді белгілеңіз және қолыңызды қойыңыз(стандартты қараңыз). Пациентке ыңғайлы дене қалпын алуға көмектесіңіз(осы ем-шара пациенттің арқасында жату қалпында жасалады),пациенттке қуығы мен ішегін босату керектігін айтыңыз. Пациенттің шынтағының астына клееңке жастықшаны салыңыз. Резеңке бұрауды (көк тамырлық манжетаны) иықтың ортаңғы бөлігіне сүрткінің немесе іш киімінің үстіне байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерді қарап шығыңыз. Пульсті тексеріңіз (ол жоғалып кетпеуі керек).Пациентке көк тамыр қанға жақсы толуы үшін жұдырығын бірнеше рет ашып, жауып сосын қатты қысып тұру керектігін айтыңыз. Көк тамырды пальпациялаңыз. Қолғаптарты антисептикпен өңдеңіз. Иньекция орнын кезектестіріп антисептикпен ылғалданған екі мақта түйіршігімен немесе сүрткісімен бір бағытта өңдеңіз: алдымен бірінші түйіршікпен үлкен аймақты сүртіңіз, содан кейін екінші түйіршікпен дәл инекция жасайтын жерді мұқият өңдеңіз,үшінші антисептикпен ылғалданған түйіршікті немесе сүрткіні сол қолдың IV және V саусақтарының арасына салыңыз. Жүйенің иньекцияға арналған инесінен колпағын шешіңіз, ерітіндінің бір -екі тамшысын шығарыңыз, сол қолдың I саусағымен көк тамырды жылжымайтындай қылып басыңыз. Инені тері астына 30° бұрышта енгізіңіз,енгізерде ине теріге паралелді болуы үшін бұрыш мөлшерін аздап азайтыңыз. Инені көк тамыр бойымен, тамыр қуысына қарай ине ұзындығының 1/3 бөлігін енгізіп жылжытыңыз, сол қолдың I және II сауақтарымен жүйенің иньекцияға арналған түйінін қысыңыз. Иненің тамырда тұрғанына көз жеткізіңіз– ине канюлясы мен иньекцияға арналған түйін арасында қан пайда болады. Сол қолыңызбен бұрауды шешіңіз (манжетасын), пациентке жұдырығын ашу керектігін айтыңыз. Иненің көк тамыр арнасында тұрғанын тағы да бір рет тексеріңіз. Жүйедегі өткізгішті ашыңыз. Тамшылардың таму жылдамдығын өткізгішпен реттеңіз (минутына 40-60 тамшы болатындай).Дәрілік ерітіндінің тамырға таму барысын бірнеше минуттай бақылап, тұра тұрыңыз, сұйықтық тері астына еніп кетпеуі керек, пациенттің жағдайын қадағалаңыз. Инені және түтікті жабысқақ пластырмен бекітіңіз,көк тамырдың тесілген жерін сүрткімен жауып қойыңыз. Енгізу жылдамдығының ретті және ұдайы болуын қадағалаңыз. Инфузия кезінде пациенттің жалпы жағдайы мен өзін-өзі сезінуін бақылаңыз. Ем-шара аяқталғанда жүйенің өткізгішін жабыңыз, инені көк тамырдан шығарып алыңыз,антисептикпен ылғалданған 3-ші мақта түйіршігін иньекция орнына 3-5 минуттай басып, тұрыңыз.Пациенттің қолын шынтақ буынынан, қан толық тоқтағанша бүгіңіз немесе стерилді антисептикпен суланған сүрткінің үстін стерилді жабысқақ пластырмен жабыстырып қойыңыз. Шприцті инесі кигізілмеген инесімен, мақта түйіршіктерін/сүрткілерді ҚЖЖК-ге тастаңыз. Пациентке ыңғайлы дене қалпын беріңіз, одан өзін қалай сезінетінін сұраңыз. Қолғаптарды, бет пердені шешіңіз, ҚЖЖК-ге тастаңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз. Осы ем-шараның орындалғаны туралы белгі жасаңыз. Ескерту: Қосымша дәрілік заттарды енгізу жүйенің иньекцияға арналған түйініне шприцпен жіберу арқылы жүзеге асырылады.Иньекция жасар алдында резеңке түтік антисептикпен ылғалданған мақта түйіршігімен өңделеді,ал резеңке түтіктің тесілетін жерінің жоғарғы жағы қан тоқтатын қысқышпен қысылады флаконға енгізілетін дәрінің аты жазылады Флакондарды ауыстыру тамызғыш толық босамай тұрып жүргізіледі.Ол үшін қысқышты жабыңыз, жаңа флаконның тығынын антисептикпен өңдеңіз,алдымен жүйенің қысқа жағындағы инені тірелгенше енгізіңіз; қысқышты ашыңыз,тамшының таму жылдамдығын реттеңіз. Енгізу барысында барлық жүйенің жұмысын толық бақылаңыз: сүрткі ерітіндімен ылғалданбағанын,инфильтратың пайда болғанын немесе енгізу аймағының ісініп кетпеуін, сұйықтықтың ағымы тоқтап қалмағандығын. пациенттің жағдайын қадағалаңыз,дәрілік ерітінді құйылған жердің ауырмайтынын,басының айналмайтынын, жүрегі айнымайтынын сұраңыз.Егер пациентте ауру сезімі болатын болса немесе иньекция орны ісініп тұрғанын көрсеңіз, қысқышты жабыңыз және инені шығарып алыңыз. Бақылау сұрақтары Анықтамасын беріңіз «инъекция» - бұл… Шприцтің қандай түрлері болады? Қазіргі кезеңде дәрілік заттарды парентералды жолмен ензізу үшін шприцтердің қандай стандартты түрлері қолданылады және неге қолданылады? Иньекциядан кейін болатын асқынулардың даму себептерін атаңыз. Дәрілік заттарды организмге ас қорыту жолдарына түсірмей енгізу әдісі–бұл …. Бұлшық етке, тері астына, тері ішіне,көк тамырға инъекция жасаудың және көк тамырға тамшылатып құюдың мақсаттары, көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері. Көк тамырды тесуге түсінік беріңіз. Көк тамырды тесетін жердің анатомиялық орындарын атаңыз және көк тамырдың түрлерін атаңыз. Көк тамырды тесуді жасауға мейіргер және пациент қалай дайындалады. Көк тамырды тесуді жасағанда қандай қауіпсіздік техникасын сақтау керек. Тамшылатып енгізуге арналған дәрілік заттарды атаңыз және оларға қандай талаптар қойылады. Иньекциядан кейін дамуы мүмкін болатын асқынуларды атаңыз, оларды емдеу жолдары мен алдын-алу шаралары. Кейбір дәрілік препараттарды енгізу ерекшеліктері ИНСУЛИНДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Инсулин ұйқы безінің гормоны болып табылады және көмірсу зат алмасуына үлкен әсерін тигізеді.Организмнің тін (бұлшық ет, май) жасушаларының глюкозаны сіңдіріп алуын жақсартады, глюкозаның жасуша мембранасы арқылы тасымалдануын жеңілдетеді, глюкозадан гликогеннің түзілуін және оның бауырда жиналуын жылдамдатады. Қолданылуы: аурудың орташа және ауыр түрлерінде,қант диабетін емдеу үшін қолданылады (орнын ауыстыратын терапия), Инсулин–түссіз сұйықтық,1 мл-де 40, 80 және 100 ЕД болады,көбінесе 5 мл ден флаконда шығарылады.Қант диабетінің терапиясында қарапайым инсулин (6-8 әсері сағ.) және ұзақ әсер ететін инсулин (12-36 әсері сағ.). Инсулиннің әсері қан құрамындағы глюкоза деңгейінің өзгеруімен бағаланады, зәр құрамындағы қант да есептеледі. Инсулинді: иықтың сыртқы жағының жоғарғы үштен бір бөлігіне, санның ортаңғы бөлігінің алдыңғы және шеткі жақтарына, іш пердесінің алдыңғы және екі бүйір жақтарына енгізеді. Инъекцияға арналған ине өткір болуы керек. Инсулин салатын орындарды «жұлдызша» ережесімен сағат тілі бағытымен ауыстырып отырады. Инсулинді аурудың ауырлық түріне байланысты тәулігіне 1-3 рет, тамақ ішуге15-20 минут қалғанда енгізеді.Диабеттік комада ұзақ әсер ететін инсулинді енгізуге болмайды. |