Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • ГЕПАРИНДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Гепарин

  • ЖҮРЕК ГЛИКОЗИДТЕРІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Жүрек гликозидтері

  • Строфантин

  • Көрсетілімі

  • Препаратты көк тамырға ақырындап, баяу енгізу керек!

  • МАГНИЙ СУЛЬФАТ ЕРІТІНДІСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • БИЦИЛЛИНДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Бициллинді инъекцияға арналған сумен, қатаң енгізер алдында ғана еріту керек!

  • Бициллинді көк тамырға және эндолюмбалді зенгізуге болмайды!

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница38 из 64
    1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64

    ИНСУЛИНДІ ЕНГІЗУ ЕРЕЖЕСІ


    Қант диабетінің инсулинге тәуелді түрін емдегенде инсулин препараттры қолданылады

    Әсер ету ұзақтығына байланысты инсулиндер 3 топқа бөлінеді:

    • Әсері тез болатын,бірақ қысқа уақыт әсер ететін (6-8 сағат) – моносуинсулин, инсулрапт, актропид, инсулин-регуляр-илетин, Н-инсулин, жәй инсулин;

    • орташа ұзақтықта әсер ететін (14-18 сағат) – инсулин-семиленте, семилонг, инсулонг, илетин және т.б.

    • ұзақ әсер ететін (25-36 сағат) – инсулин ультраленте, ультралонг, ультра-тард және т.б.

    Әрбір препаратты енгізу жиілігі мен біріктіру түрлері әртүрлі болуы мүмкін.

    Инсулиннің тәуліктік дозасын эндокринолог гликемияны ескере отырып есептейді.Бір тәулік ішінде инсулин дозасын өзгертуді глюкозуриялық және гликемиялық профилді қадағалаумен жасайды.

    Инсулин препараттары флакондарда сұйық формада 1 мл – 40 ЕД, немесе 100 ЕД инсулин түрінде шығарылады.Инсулиннің қажетті дозасын есептеу (қалыпты жағдайда 4 ЕД) глюкозурияның және гипергликемияның көрсеткіштерімен жүргізіледі,1 ЕД инсулин 2 бастап, 5 г глюкозаға дейін жағады.

    Инсулинді енгізу үшін арнайы инсулиндік шприцтер қолданылады:

    • 40 ЕД деп есептелген белгісі бар флаконда шығарылатын инсулиннің, 1 мл-де 40 ЕД инсулин болады. Осы шприцтің бөлім бағасы 1 ЕД инсулинге тең болады;

    • 100 ЕД деп есептелген белгісі бар флаконда шығарылатын инсулиннің, 1 мл-де 100 ЕД инсулин болады. Осы шприцтің бөлім бағасы 2 ЕД тең болады;

    • инсулинді инсулиндік емес,сыйымдылығы 1,0 – 2,0 мл, шприцке дәл дозасында дұрыс сорғызып алу үшін, шприцтің бөлім бағасын есептеп алу керек.1 мл-лік шприцтің бөліктерінің санын санап алу керек. 1 мл – 40 ЕД инсулин,алынған бөліктерінің санына бөліңіз,1 мл шприцтің бөлім бағасы 40:10= 4 ЕД – бөлігінің, демек инсулинді емес шприцтің 0,1 мл = 4 ЕД инсулин сияды.

    Сізге қажетті инсулин дозасын шприцтің бір бөлік бағасына бөліңіз,сіз дәрімен шприцтің қанша бөлігін толтыру керектігін анықтайсыз. Мысалы: 36 ЕД : 4 ЕД = 0,9 мл.

    • инсулинді осындай шприцке 100 ЕД деп есептелген белгісі бар флаконнан сорғызып алу үшін инсулинді және шприцтің бөліктерін санау керек. .Бір кіші бөлігінің бағасы 1 ЕД инсулинді құрайды. Демек осы шприцтің 0,1 мл-рі 10 ЕД, 0,2 мл – 20 ЕД, 0,3 мл – 30 ЕД инсулинді құрайды.

    • шприц-қаламдардағы және осылар сияқты арнайы флаконах – пенфиллахтардағы инсулиндер.Шприц-қаламдар арнайы инелерімен бірге шығарылады, олар иньекцияны ауыртпай жасауға мүмкіндік береді.Және жалпыгигиеналық ережелерді сақтағанда стерилдеусіз арнайы өңдеусіз бір аптадай қолдануға болады. Қазіргі кезеңде бүкіл әлемде әртүрлі фирмалармен шығарылатын және бір-бірінен техникалық ерекшеліетерімен бөлінетін шприц-қаламдардардың бірнеше түрі қолданылады.Қазақстанда получили распространение шприц-ручки «Новопен», «Пливапен», Оптипен» атты шприц-қаламдардардың түрлері қолданылады.

    Өте үлкен жоғары және өте төмен температура,тік түскен күн сәулесі әсер еткенде,селкілдегенде (машинада)инсулиннің белсенділігі біраз әлсіреуі мүмкін.

    Инсулинді енгізудің жаңа әдістері – микродозаторлар – биостаторлар, жасанды ұйқы безі, ұйқы безінің аллотрансплантациясын жасау және т.б.

    ИНСУЛИНДІ ЕНГІЗУ

    Мақсаты:қандағы глюкоза деңгейін төмендету мақсатымен инсулиннің нақты дозасын,белгілі бір уақытта енгізу.

    Көрсетілімі: ИТҚД, кетоацидозды, команы емдеу.

    Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, осы инсулинге деген аллергиялық реакция.

    Асқынулары: аллергиялық реакция, липодистрофия,ісінулер.

    Енгізетін жерлері: иықтың сыртқы жағының жоғарғы үштен бір бөлігіне, санның ортаңғы бөлігінің алдыңғы және шеткі жақтарына, іш пердесінің алдыңғы және екі бүйірі жақтарына енгізеді.

    Дайындаңыз:инсулин ерітіндісі бар флаконды, тері антисептигін, стерилді:спирттелген мақта түйіршіктерін/сүрткілерін, бір мәрте қолданылатын инсулиндік шприцтерді, қолғаптарды, бет пердені,«Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК), дезинфекциялайтын ерітіндідегі пинцетті.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.(алғашқы сөйлескенде оның аты- жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметтерді айтыңыз.

    9. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    10. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, оларды антисептикпен өңдеңіз,қолғаптарды киіңіз және бет пердені тағыңыз (стандартты қараңыз).

    11. Флакондағы жазуды оқыңыз:атын (қораптағы инсулиннің атын және әріптік белгісін флакондағы заттаңбасын), дозасын, жарамдылық мерзімін, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз.

    12. Инсулині бар флаконның сыртқы түрін мұқият қараңыз.Препараттың қоюлығына демек, 1 мл қанша ЕД инсулин болатынын көңіл қойып оқыңыз.Шприцтің және инсулиннің заттаңбаларын мұқият оқыңыз. Шприцтің бір бөлігіне қанша инсулин бірлігі сиятынын, инсулиннің түріне байланысты есептеңіз.

    13. Ұзақ уақыт әсер ететін инсулині бар флаконды алақандардың арасында ерітінді біркелкі лайланған түрде болғанша 3-5 минуттай ысқылаңыз, ( сілкілемеңіз!). Қысқа уақыт әсер ететін инсулин мөлдір болады, сондықтан оны араластырудың қажеті жоқ.

    14. Инсулині бар флаконды су моншасында 36-37°С дене температурасына дейін жылытыңыз.

    15. Орамадағы инсулин шприцін алыңыз.Ораманың жарамдылық мерзімін және бүтіндігін тексеріңіз. Ораманы ашыңыз, шприцті құрастырыңыз.

    16. Флаконның металдан жасалған қақпағының ортасындағы кішкене қақпақшаны пинцетпен ашыңыз.

    17. Резеңке тығынын антисептикпен ылғалданған мақта түйіршігімен екі мәрте өңдеңіз.Антисептик кепкенше күте тұрыңыз.

    18. Қолыңызға инсулин шприцін алыңыз,поршенін қанша ЕД инсулин қажет болса, соншалықты төмен тартыңыз. Осы кезде шприцке қажетті ЕД ге тең ауа жиналады.Ауаның мөлшері енгізілетін инсулиннің мөлшеріне сәйкес келетінін есептеңіз, тексеріңіз.

    19. Шприцке жиналған ауаны толықтай инсулині бар флаконға енгізіңіз.

    20. Пациентке ыңғайлы қалыпта отыруға немесе жатуға көмектесіңіз.

    21. Қолғаптарды антисептикпен өңдеңіз.

    22. Иньекция орнын кезектестіріп антисептикпен ылғалданған екі мақта түйіршігімен немесе сүрткісімен бір бағытта өңдеңіз: алдымен бірінші түйіршікпен үлкен аймақты сүртіңіз, содан кейін екінші түйіршікпен дәл инекция жасайтын жерді мұқият өңдеңіз.Антисептик кепкенше күте тұрыңыз.

    23. Енгізер алдында инеден калпагын шешіңіз,ауасын шығарыңыз және инсулинді қажетті мөлшерге дейін жеткізіңіз.

    24. Шприцті оң қолға алыңыз.

    25. Сол қолдың I және II саусақтарымен өңделген жердің терісін үшкір жағы төмен қараған үш бұрышты қыртыс жасап, қысып жинаңыз.

    26. Инені тез қимылмен 30-45° бұрыш жасап тері асты шел май қабатының ортасына,қиығын жоғары қаратып,ұзындығын бойлап енгізіңіз.

    27. Жиналған қыртысты жіберіңіз, сол қолыңызды босатыңыз.

    28. Иненің қан тамырына түспегенін тексеріңіз, инсулинді баяу,асықпай енгізіңіз.

    29. Тез қимылмен инені шығарып алыңыз, иньекция орнына стерилді құрғақ мақта түйіршігін басыңыз.

    30. Қолданылған шприцтерді, мақта түйіршіктерін/сүрткілерді ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    31. Пациенттен өзін қалай сезінетінін сұраңыз.

    32. Қолғаптарды, бет пердені шешіңіз, ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    33. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    34. Осы ем-шараның орындалғаны туралы белгі жасаңыз.

    35. Пациентке тамақ ішкізіңіз.

    Ескерту: - инсулин дозасы бірлікпен (единица) өлшенеді. Инсулиннің әрбір түрінің үш түрлі концентрациясы болады:40 ЕД/мл, 80 ЕД/мл, 100 ЕД/мл.Шприцтің сыртындағы заттаңбаны оқып,түсіну өте маңызды, себебі енгізілетін инсулиннің көлемі оның қоюлығына, демек миллилитрдегі бірлік санына байланысты болады.Сондықтан енгізілетін инсулиннің түріне сәйкестендірілген инсулин шприцін қолдану керек. Қазіргі кезеңде инсулин шприцтерінің бөлім бағасы анық белгіленген. Шприц дұрыс таңдалмаса дозасын таңдағанда қателесуге соқтыруы мүмкін, бұл өте үлкен қиындықтар тудырады: қандағы қаныт деңгейінің тым жоғары (гипергликемия) немесе өте төмен (гипогликемия) болуы;

    - инсулинді тері астына енгізгенде иньекция орны ауыстырылмай бір жерге қайталанып салына берсе липоатрофию (терінің қатайып, жансыздануы) немесе липогипертрофию (тіннің шамадан тыс өсіп кетуі немесе тіннің қалыңдауы);

    - инсулин әсерінің тиімділігін арттыру үшін, таңертең оны іш аймағына енгізген дұрыс, себебі инсулин ол жерден жақсы сорылады,түске таман– иықтың сыртқы жағының жоғарғы үштен бір бөлігіне, ал кешке қарай– бөксенің немесе санның тері асты шел май қабатына енгізіледі.

    ГЕПАРИНДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Гепарин – тікелей әсерлі антикоагулянт, тормозит образование тромбиннің құрылуын тежейді, қан ұйып қалуына жол бермейді.

    Жедел миокард инфарктының терапиясында, жүрекке және қан тамырларына операция жасағанда өкпе және бас миының қан тамырларында тромобоэмболиялық асқынулардың алдын-алуға, сонымен қатар аяқтың тамырларында тромбофлебиттің дамуының алдын алады.

    Дозасы әрбір пациенттің жеке бас ерекшеліктеріне байланысты есептеледі: 5 000 ЕД 4-6 сағаттан кейін, к/т немесе б/е, кейде т/а терең енгізуге болады, эндогендік гепариннің түзілуін жақсарту үшін асқазан тұсына енгізеді.

    Гепаринді қолдануға болмайтын көрсетілімдер:

    1. Қаназдық.

    2. Асқазанның және 12-елі ішектің ойық жарасы.

    3. Қан ұйуын бәсеңдетумен қосарласатын ауруларда.



    Асқынулары–гепаринді қолданғанда геморрагиялық асқынулар болуы мүмкін: гематурия (зәрдегі қан), буынға қан құйылуы, асқазаннан-ішектен қан ктулер, т/а және б/е жасалған иньекциялар орнындағы гемотомлар.

    Мүмкін болатын аллергиялық реакциялар: есек жем, демікпе, риниттер,көз жасының тоқтамауы.

    Гепариннің дозасы шамадан асып кеткенде оның антагонисі ретінде к/т 1% протамин сульфатының ерітіндісінің 5 мл, дициноның 1-2 мл к/т немесе б/е енгізеді.

    Есіңізде болсын!

    • гепаринмен емдеуді коагулограмманы қатаң бақылаумен қатар жүргізеді ( қан анализі, негізгі көрсеткіші – қан ұю уақыты),тек дәрігердің тағайындауымен және 7 күннен асырмайды;

    • геморрагиялық асқынуларды дер кезінде анықтау үшін пациенттің жағдайын қадағалау керек;

    • зәр анализін күнде зерттеу қажет, оның түсіне ерекше көңіл бөлінеді.

    • гепариннің қан ұюына қарсы көрсететін әсері оны көк тамырға, бұлшық етке және тері астына енгізгенде анықталады. Басымды тұрақты әсері көк тамырға енгізгенде болады.

    • Гепарин тез әсер етеді,бірақ әсері қысқа уақыттық.

    • Гепаринді енгізгенде қанды қатты тексереді, қан ұю уақыты қалыпты көрсеткіштен 2-2,5 есе жоғары болуы керек. Гепаринді енгізуді тоқтату алдында 1-2 күн бұрын оның тәуліктік дозасын біртіндеп төмендетеді.

    • Гепаринді енгізу тоқтатылғаннан кейін пациентке әсері тікелей емес антикоагулянттар тағайындалады.

    • Емнің алғашқы 7 тәулік бойы 2 күнде 1 мәртеден аз емес, содан кейін 3 күнде1мәрте анықталады.

    • Гепаринді бөлшектеп енгізгенде қанды препараттың кезекті иньекциясының алдында тексереді.

    • Гепаринді қолданғанда геморрагиялар дамуы мүмкін екендігін әрдайым есте ұстау керек.

    Асқынуларының алдын алу мақсатымен гепаринді стационар жағдайында қолдануға кеңес беріледі, басқа дәрілік иньекциялардың санын қысқартуға болады,өмірге қауіп төндіретін гипокоагуляция даму қаупі болғанда гепарин дозасын төмендетеді.

    ЖҮРЕК ГЛИКОЗИДТЕРІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Жүрек гликозидтері–бұлар өсімдіктерден алынатын жүрек бұлшық еттеріне таңдамалы жұмысын жақсартатын әсері бар заттар. Нәтижесінде олар жүрек жетіспеушіліктерінде жүректің жиырылуына күш береді.Ал сау жүрек жұмысына олардың тигізетін әсерлері онша байқалмайды.

    Сонымен қатар жүрек гликозидтері жүрекжиырылуын сиректетеді, сөйтіп брадикардия тудырады.

    Жүрек гликозидтерін қолдану нәтижелерінде жүректің ығыстырып шығаруы ұлғаяды, ол қан ағымының кідіруі, ісіну белгілерін азайтады және барлық органдардың жұмысын жақсартады.

    Бірақ жүрек гликозидтерінің: асқазан-ішек жолдарына,орталық жүйке жүйесіне, көру органдарына тигізетін кері әсері, жүрек соғуының реттілігіне және жүректің өткізгіштігін еберетін кері әсерлері сияқты токсикалық әсері болатынын есте сақтау керек.

    Жүрек гликозидтері:майда ( ішекте жақсы сіңеді) және суда ериді, (парентералды әдіспен енгізіледі, бүйректермен жақсы бөлініп шығады).

    Майда еритіндеріне жатады: дигитоксин, целанид, дигоксин. Суда еритіндеріне жататындары – строфантин, коргликон.

    Строфантин ампулада - 1 мл 0,025% немесе 0,05% ерітінді түрінде шығарылады.

    Коргликон ампулада 1 мл 0,06% ерітінді түрінде шығарылады.

    Тек қатаң дәрігердң тағайындауымен енгізіледі 0,3-0,5 мл-ден к/т 10-50 мл медленно в физиологиялық ерітіндімен араластырып ағыммен баяу немесе тамшылатып енгізеді.

    Көрсетілімі: жүрек жетіспеушіліктері, тахикардия, жыпылықтайтын аритмия және т.б.

    Қарсы көрсетілімдері:брадикардия, әртүрлі деңгейдегі атриовентрикулярлы блокадалар, Морганьи-Адамса-Стокс ұстамаларында.

    Жүрек гликозидтерін енгізу пациенттің жалпы жағдайын қатаң қадағалаумен және жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысын бақылаумен жүргізіледі.

    Строфантинді көк тамырға 0,05% ерітіндісі түрінде енгізеді, қалыпты практикада бір енгізуді 0,25-0,5 мг есебінде жасайды( 0,5-1,0 мл 0,05% ерітіндісін). Енгізбей тұрып строфантин ерітіндісін алдын-ала 10-20 мл 5%, 20%, 40% глюкоза ерітіндісімен немесе натрий хлоридтың изотоникалық ерітіндісімен араластырып алады. Асықпай баяу енгізеді (5-6 минуттай уақытта), себебі тез енгізілсе шүк дамуы мүмкін.Тәулігіне бір мәрте енгізіледі (2 мәрте өте сирек).Строфантин ерітіндісін тамшылатып құюғада болады, ол үшін: 100 мл натрий хлоридтың изотоникалық ерітіндісімен немесе 5% глюкоза ерітіндімен араластырады.

    Строфантиннің тым үлкен белсенділігін және әсерінің жылдам болатынын ескере отырып,оны енгізер алдында дозасын қайталап тексеру, нақтылығын анықтап алу және абайлап, жәймен енгізу керек.Пульсінің аяқ астынан баяуланып, жүрек соғуы әлсірегені байқалғанда иньекция енгізу дереу тоқтатылады.

    КАЛЬЦИЙ ХЛОРИД ЕРІТІНДІСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Кальций хлоридті медициналық практикада әртүрлі патологиялық жағдайларда: аллергиялық ауруларда, қабыну және экссудативтік процестерде, организмнен кальций көптеп бөлінгенде,қан кетулерде,операциялық араласулар алдында,қанның ұюын жоғарылату үшін қолданады.

    Кальций хлоридтің ерітіндісін тері астына немесе бұлшық етке енгізуге болмайды, себебі ол біріншіден қатты ауыртады, екіншіден тінді қатты тітіркендіреді және некроз (өлі еттену) тудырады.

    Препаратты көк тамырға ақырындап, баяу енгізу керек!

    Кальций хлоридтің ерітіндісін көк тамырға енгізгенде бүкіл денеде алдымен ауыз қусынан басталатын, содан кейін бүкіл ағзаға тарайтын ысу, ыстықтау сезімі болады.

    МАГНИЙ СУЛЬФАТ ЕРІТІНДІСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Магний сульфат препараты ағзаға тыныштандыратын, өт айдайтын, құрысып-тырысуға қарсы, кеңейту әсерін тудыратын, ішекті босаңсытатын әсер етеді. Гипертониялық ауруды емдеуге қолданылады.

    1. Магний сульфатты бұлшық етке немесе көк тамырға (ақырындап!) 10 – 20 мл 20-25% ерітіндісін енгізеді.

    2. Парентералды әдіспен магний сульфатты алуды тыныс алуды бұзатын әсері болуынан абайлап қолданады.

    3. Препараттың инъекциясынан кейін орнында өте қатты ауру сезімі болуы мүмкін.

    4. Инъекция орнына жылытқыш басыңыз. Пациенттің жағдайын бақылаңыз.

    БИЦИЛЛИНДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Әртүрлі ауруларды емдеу және алдын-алу үшін қолданылады:мерезді, ревматизмнің, инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін.

    Бициллинді инъекцияға арналған сумен, қатаң енгізер алдында ғана еріту керек!

    1. Бициллинді енгізер алдында стерилді түрде дайындайды:бициллині бар флаконға 2-3 мл стерилді инъекцияға арналған су немесе натрий хлоридтың изотоникалық ерітіндісімен немесе 0,25 – 0,5% новокаин ерітіндісімен араластырады және қоспаны біркелкі ерітінді пайда болғанша араластырып бөксенің жоғарғы сыртқы квадрантына бұлшық етке терең енгізеді.

    2. Бициллин тек бұлшық етке енгізіледі,инъекцияның ең жақсы орны – сан деп саналады, себебі: жүрген кезде қан айналымы жақсарады, ол дәрінің енгізілген аймақтан жақсы тарауынына септігін тигізеді.

    Бициллинді көк тамырға және эндолюмбалді зенгізуге болмайды!

    1. Бұлшық етке енгізгенде иньекция орнында дәрінің жиналып қалуы болады, ол осы жерен біртіндеп, ұзақуақыт бойы таралады жәре қанға түседі.

    2. Иньекцияға арналған иненің қуысы кең болуы керек.Иненің өткізгіштігін,одан иньекцияға арналған суды өткізу арқылы алдын ала тексеріп алады.

    3. Иньекция жасағанда инемен инфильтратқа, қатаюларға түсуден аулақ болу керек.

    4. Инені бұлшық етке енгізгеннен кейін, қан тамырына түсіп кетпеуі үшін поршенді өзіңізге қарай тартып көріңіз.Егер қан көрінсе инені шығарып алып, қайтадан басқа жерге енгізу керек.

    5. Енгізу аяқталғаннан соң иньекция орнын антибиотиктің бұлшық ет тінінен тері асты тінінен түсіп кетуінің алдын алу мақсатымен мақта түйіршігімен басады.

    6. Препарат инъекциясынан кейін орны қатты ауыруы мүмкін.

    7. Инъекция орнына жылытқыш басыңыз.Пациенттің жағдайын қадағалаңыз.
    1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64


    написать администратору сайта