Главная страница
Навигация по странице:

  • Инъекциялық дәрілік формалар

  • Инфузиялық ерітінділер

  • Шприцтің бөлім бағасын есептеу

  • Антибиотиктерді еріту және есептеу ережесі

  • Цефалоспорин қатарындағы антибиотиктерді еріткенде есептеу 1000 000 ЕД:3,5 мл ерітінді қатынасында болып саналады (лидокаиннің 1% ерітіндісі).

  • ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ АМПУЛАДАН СОРҒЫЗЫП АЛУ Мақсаты

  • ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ФЛАКОННАН СОРҒЫЗЫП АЛУ Мақсаты

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница35 из 64
    1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64

    Дәрілік заттарды енгізудің парентералды жолдары

    Парентералды жол деп (греч. para –қасында, жақын, entera – ішек) организмге дәрілік затты ас қорыту жолдарына түсірмей енгізуді айтады.

    Дәрілік заттарды енгізудің келесі парентералды жолдары болады:

    1. Тіндерге енгізеді:

      • Тері арасына

      • Тері астына

      • Бұлшық етке

      • Сүйек ішіне

    2. Тамырларға:

    • Көк тамырға

    • Артерия қуысына

    • Лимфа тамырына

    1. Қуыстарға:

    • плевра қуысына

    • құрсақ қусына

    • жүрек қуыстарына, ішіне

    • буын қуысына, ішіне

    1. Жұлын (субарахноидалды) кеңістігіне

    Дәрілік заттарды парентералды жолдармен енгізу иньекцияның көмегімен жүзеге асырылады (лат. injectum – лақтыру, енгізу,құю) –организмге сұйықтықты шприцтің көмегімен енгізу.

    Дәрілік заттарды парентералды жолдармен енгізудің артықшылықтары:

    - дозалаудың нақтылығы

    - әсерінің тез болуы

    - бауырдың барьерлік функциясының болмауы

    - науқастың жағдайына байланысты емес болуы

    Дәрілік заттарды парентералды жолдармен енгізудің кемшіліктері:

    - асептика ережелерін сақтау қажеттілігі

    - иньекция жасағанда ауру сезімінің болуы,терінің бүтіндігінің бұзылуы

    - оқытылған медициналық персоналдың араласуы.

    Инъекциялық дәрілік формалар – организмге терінің және шырышты қабықтың бүтіндігін бұзып, арнайы қондырғының көмегімен енгізілетін дәрілік формалар.

    Парентералдық әдіспен енгізуге арналған дәрілік заттар–бұл адам организміне инъекция, инфузия немесе имплантация арқылы енгізуге арналған стерилді препараттар.Оларға организмге парентералдық (тері астына, бұлшық етке, көк тамырға,артерия ішіне,әртүрлі қуыстарға) әдіспен енгізілетін ерітінділер,эмульсиялар, суспензиялар, ерітінді жасауға арналған ұнтақтар жатады.

    Инфузиялық ерітінділер–бұл инъекцияға арналған ерітінділер, организмге 100 мл-ден асқан мөлшерде тамшылатып немесе ағыммен енгізілетін ерітінділер.

    Инъекция (лат. ingectio лақтыру, енгізу;синоним–айдау)–20 мл мөлшеріндегі ерітінді немесе суспензия түріндегі дәрілік және диагностикалық заттарды организмге парентералдық әдіспен оларды қысыммен организмнің әртүрлі ортасына шприцтің немесе басқа да инъекторлардың көмегімен айдау әдісі.

    Инъекцияларды тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға, артерия қуысына, қажет болған жағдайларда лимфа тамырларына, органдарға, сонымен қатар буын қуысына, жұлын каналына жасайды.

    Инъекцияларды, ішке қабылдайтын дәрілік формалар болмаған кездерде және асқазан-ішек жолдарының сіңіру функциясы бұзылғанда; әсерінің тез болуы қажет болғанда,дозасының нақты болуы үшін, шұғыл және интенсивті терапия практикасында немесе жергілікті әсер етуі жалпы әсерінен басымды болатын болса (сүйек ішіне, буын қуысына, орган ішіне жасалатын иньекциялар) қолданады, сонымен қатар арнайы диагностикалық зерттеулер жасағанда дәрілік заттың нақты тура дозада болуын қамтамасыз етеді. Иньекцияларды жасаудың ең қажетті жағдайы медициналық қызметкердің иньекция жасау дағдыларының мүлтіксіз болуы, асептика ережелерінің талаптарын қатаң орындауы,дәрілік заттар көрсететін әсерін және олардың бір бірімен араласу заңдылықтарын білу қажеттілігі.Күрделі инъекцияларды (внутриартерия ішіне, сүйек ішіне, жұлын қуысына) тек арнайы дайындықтан өткен дәрігерлік персонал орындайды және айта кететін бір жайт ол пациенттің иньекция алдындағы қорқынышы мен ауру сезімі.

    Заманауи медицинада қан арқылы тарайтын (АИТВ- инфекциясы, гепатиттер және тб), аса қауіпті қатерлі аурулардың кең таралып кетуіне байланысты дүние жүзінде бір мәрте қолданылатын шприцтер мен инелер қолданылады. Оларды фабрика жағдайында дайындайды және стерилдейді және герметикалық орамаларда шығарады. Әрбір пакет-орамада шприц және оған отырғызылған ине салынады, немесе ине бөлек пластик контейнерге салынған түрінде қасында болады.Шприцтердің сыйымдылығы 1 мл, 2 мл, 5 мл, 10 мл және 20 мл болады. Дәрілік заттарды парентералды әдіспен енгізу үшін стандартты шприцтерден басқа да әртүрлі шприцтер қолданылады. Инсулинді енгізу үшін сыйымдылығы 1 мл, шприцтің цилиндрінде миллилитрге бөлінген жазулармен қатар, бірліктерге де (ЕД еденица) бөлінген инсулин шприці қолданылады.Сонымен қатар шприц-қаламдар қолданылады, олар қант диабетімен ауыратын пациенттерге өзіне өзі иньекция жасау үшін өте ыңғайлы деп саналады. Вакциналарды, қан сарысуларын, қатты әсер ететін дәрілік заттарды енгізу үшін арнайы сыйымдылығы аз дозалы, бірақ цилиндрі тарылып, ұзартылған шприцтер қолданылады Бұл шприцтердің цилиндрінде бір-бірінен алыс орналасқан 0,01 мл бөлім белгілері салынады. Мысалы:– туберкулезді анықтау үшін туберкулинді тері арасына енгізіп, диагностикалық аллергиялық байқауды жасауға арналған туберкулин шприці.

    Әрбір инъекция үшін бөлек шприц және ине қолданылады,оның негізгі себебі бір бірімен араластыруға болмайтын дәрілік препараттарды бір шприцте біріктірмеу.

    Бір мәрте қолданылатын шприц – тюбик (синонимі – сиретта) – бұл эластикалық сыйымдылық,ол препаратпен толтырылған және қорғаныс қалпағымен жабылған стерилді инемен жалғастырылған.

    Сонымен қатар көрсетіліміне байланысты әртүрлі ем шараларды орындағанда арнайы шприц – Жане шприці қоданылады.

    Шприц – бұл қарапайым сорғыш,ол ығыстырып шығаруға және сорғызуға арналған.Оның негізгі құрамды бөліктері– қуыс цилиндр және поршень. Поршен цилиндрдің ішкі қуысында оңай сырғып тығыз тұруы керек, бірақ ауа мен сұйықтықты өткізбеуі керек. Цилинддың бір шеті ұзыншаланған ұштыққа ауысады немесе оймыш тәрізді болып, ине қондырылатын конус болып аяқталады; Екінші шеті поршеннің тірегіне арналған, ол ашық болады, шприцтің поршені тірекке орналастырылған.Шприцтің ауа мен сұйықтық өткізбейтіні төмендегідей тексеріледі: цилиндрдің конусы жабылады, поршенді төмен тартады, содан кейін оны қайта жібереді.Егер поршен өз орнына тез қайтып оралса – шприц ештеме өткізбейді.

    Инъекциялық ине- бұл жіңішке металдан жасалған түтік, бір шеті қиылған және үшкірленген, ал екінші жағы қысқа металдан жасалған канюляға тығыз орналастырылған. Инелердің ұзындықтары әртүрлі болады (15мм-ден бастап 90 мм-ге дейін) және диаметрі (0,4 бастап 2 мм дейін). Тері ішіне иньекция жасау үшін ұзындығы 15 мм және диаметрі 0,4 мм, тері астына иньекция жасау үшін – ұзындығы 20 мм және диаметром 0,6 мм, көк тамырға иньекция жасау үшін – ұзындығы 40 мм және диаметрі 0,8 мм, бұлшық етке – иньекция жасау үшін ұзындығы 60 мм, диаметрі 0,8-1 мм ине қолданылады. Инелердің қиықтары да әртүрлі болды. Көк тамырға иньекция жасайтын иненің қиығы 45 бұрышта қиылған. Ал тері астына иньекция жасайтын иненің қиығы оан да үшкірлеу болады. Инелер өте үшкір болуы керек және оларда ешбір қисықтар немесе майысулар болмауы керек. И

    Шприцтің бөлім бағасын есептеу

    Шприцтің «бөлім бағасы» – бұл цилиндрдегі бір-біріне ең жақын орналасқан екі бөлігінің арасына сиятын ерітіндінің мөлшері, (бөліктері мен цифрлар шприцтің миллилитрлік және миллилитрдің бөлшекті бөлігін немесе сиымдылығын көрсетеді).

    • шприцтің цилиндрінен ине астындағы конусқа ең жақын орналасқан миллилитрдің санын көрсететін цифрды табыңыз;

    • цилиндрдегі осы ццифр мен ине астындағы конустың арасындағы бөлім санын санап шағыңыз;

    • Осы цифрды бөлім санына бөліңіз –сіз шприцтің бөлім бағасын анықтадыңыз.

    Мысалы:сыйымдылығы 2 мл шприцтің «бөлім бағасы» – 0,1 мл құрайды; 5 мл – 0,2 мл; 10 мл – 1,0 мл.

    Антибиотиктерді еріту және есептеу ережесі

    Антибиотиктер арнайы флакондарда кристаллды ұнтақ түрінде шығарылады. Қолданар алдында оларды стерилді натрий хлордың 0,9% изотониялық ерітіндісімен, инъекцияға арналған сумен, 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісімен ерітеді. Стерилді шприцке ерітіндіні антибиотиктің дозасына байланысты сорғызып алады. Антибиотиктер мыңдық әсер ету бірлігімен (единиц действия ( ЕД )) дозаланады. Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Антибиотик ерітінділерін дайындаған мезетте бірден қолдану керек, сақтауға болмайды.

    Пациентке антибиотиктің тағайындалған дозасын енгізу үшін, мейіргер антибиотигі бар флаконды алып, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізеді, содан кейін керек дозаны шприцке сорғызып алып, пациентке енгізеді. Антибиотикті қолдану ережесі туралы нұсқаулықта осы антибиотикті қолдану ережесі толық көрсетіледі.

    Антибиотикті ерітудің классикалық әдісі қолданылады: 1 мл – де -100.000 ЕД және 1 мл – де 200.000 ЕД.

    1. Флоконға құйылатын ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту әдісінің цифрына бөлу қажет :

    500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл (классикалық ерітуді қолдану кезінде);

    500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл (1 мл де – 200.000 ЕД ерітуді қолдану кезінде).

    1. Мейіргер антибиотик ерітіндісін әрбір пациентке енгізуі қажет мөлшерін анықтау үшін, белгіленген дозаны еріту дозасына бөлуі қажет:

      • 1 мл-де 100.000 ЕД есебінде еріткен кезде

    Пациенке 500.000 ЕД енгізу қажет болғанда, бұны 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл; деп көрсетеді, немесе осы әдіспен есептеледі.

    - 1 мл 200.000 ЕД есебінде еріткен кезде

    Пациентке 500.000 ЕД енгізу қажет болғанда, 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл. деп көрсетеді, немесе осы әдіспен есептеледі.

    Антибиотиктерді еріту және есептеу ережесі

    Антибиотикті классикалық әдіспен еріту кезінде: әрбір 100.000 ЕД антибиотикке 1 мл ерітінді алу керек. Әрбір 200.000 ЕД 2 мл ерітінді алу керек.

    Антибиотиктер

    Ерітінділер (мл)

    • 0,25% және 0,5% новокаин ерітіндісі

    • Натрий хлордың изотониялық ерітіндісі (0,9% NaCl)

    • инъекцияға арналған су

    ЕД

    Граммдар

    Еріту

    1 мл- де 100.000 ЕД

    1мл- де 200.000 ЕД

    1:1

    2:1

    100 000

    0,1

    1,0

    0,5

    200 000

    0,2

    2,0

    1,0

    250 000

    0,25

    2,5

    1,25

    300 000

    0,3

    3,0

    1,5

    500 000

    0,5

    5,0

    2,5

    1 000 000

    1,0

    10,0

    5,0

    Цефалоспорин қатарындағы антибиотиктерді еріткенде есептеу 1000 000 ЕД:3,5 мл ерітінді қатынасында болып саналады (лидокаиннің 1% ерітіндісі).

    БІР МӘРТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШПРИЦТІ ҚҰРАСТЫРУ

    Дайындаңыз:қолғаптарды,бір мәрте қолданылатын шприцтерді, тері антисептигін, дезинфекциялайтын ерітіндідегі пинцетті.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    3. Шприц орамасын алыңыз, дайындалу мерзімін және орамасының бүтіндігін тексеріңіз.

    4. Шприцтің орамасын сол қолыңызға поршенін жоғары қаратып ұстаңыз.

    5. Орамасын поршен жағынан ашыңыз.

    6. Орамасынан шығармай тұрып, ине канюлясын ине астындағы конусына біріктіріңіз.

    7. Ине канюлясын ине астындағы конусына саусақтармен итеріп, үйкеп бекітіңіз. (ине колпагында).

    8. Поршенді өзіңізге қарай тартып, шприцке ауа сорып алып және ауаны қайта шығарып, калпагын алмай иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

    9. Құрастырылған шприц орама ішінен шығарылмайды.

    Ескерту:-қолданылған инеге калпағын қайта кигізуге инелерді майыстыруға және сындыруға, инелерді ауыстыруға тиым салынады.

    -қолданылған шприцтерді,инелерді,жүйелерді бір мәрте қолданылатын ылғал өтпейтін, су болып қалмайтын, тесілмейтін медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинайтын және жоятын контейнерлерге тастайды.(«Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК).

    ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ АМПУЛАДАН СОРҒЫЗЫП АЛУ

    Мақсаты: дәрілік заттарды парентералды жолмен енгізу.

    Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы.

    Дайындаңыз:стерилді:бір мәрте қолданылатын шприцтерді, спиртпен ылғалданған мақта түйіршіктерін немесе сүрткілерді, қолғаптарды,дәрілік заты бар ампулаларды,дезинфекциялайтын ерітіндідегі пинцетті, лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдарға арналған), тері антисептигін; егеуішті,(«Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК),

    ем-шара кабинетінің мейіргерінің дәрігердің ем тағайындамаларын тіркейтін журналын.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрігер тағайындаған дәрілік затты алыңыз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз.

    2. Дәрілік заттың атын мұқият оқыңыз:оның концентрациясын, дозасын, жарамдылық мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.

    3. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    5. Лотоктарды дайындаңыз (стерилді және қолданылған материалдарға арналған).Стерилді лотокқа мақта түйіршіктерін пинцетпен алып салыңыз, оларды,антисептикпен ылғалдаңыз.

    6. Бір мәрте қолданылатын 2 шприцті дайындаңыз,(біреуі инъекция жасау үшін, екіншісі инесін ауыстыру үшін) (стандартты қара).

    7. Ампуланы сол қолыңызға алыңыз,оны аздап,ерітіндінің барлығы ампуланың кең бөлігіне құйылатындай қылып сілкіңіз.

    8. Ампуланың мойнын стерилді,антисептикпен ылғалдандырылған мақта түйіршігімен немесе сүрткімен қимылдарды тек жоғарыдан төмен қарай жасап өңдеңіз,мақта түйіршігін немесе сүрткіні қолданылған материалдарға арналған лотокқа тастаңыз.

    9. Ампуланың мойнын егеуішпен егеңіз,(егер ампуланың мойнында арнайы белгісі бар болса егеу керек емес).

    10. Мақта түйіршігін немесе сүрткіні алыңыз, онымен ампуланың мойнын орап егеген жерді өңдеңіз, ампуланың мойнын тез қимылмен,өзіңізден сыртқа қарай бағыттап, сындырып ашыңыз.Ампуланың сынығын және мақта түйіршігін немесе сүрткіні қолданылған материалдарға арналған лотокқа тастаңыз.

    11. Ашылған ампуланы сол қолдың II және III саусақтарымен, ашылған жағын алақанның ішкі жағына қаратып ұстаңыз.

    12. Оң қолға құрастырылған шприцті цилиндіріндегі бөлім белгілері көрінетіндей қылып ұстаңыз, II саусақпен ине канюлясын бекітіңіз, I, III, IV саусақтармен цилиндрді ұстаңыз, V – шприцтің поршенін ұстайсыз.

    13. Инені ампулаға абайлап 0,5 мм тереңдікке, ампуланың шет шетіне тигізіп алмай енгізіңіз,сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтар– цилиндрде.Оң қолмен поршенді төмен қарай тартыңыз,ерітіндінің қажетті мөлшерін сорғызып алыңыз және иненің үнемі ерітіндіге батырылып тұруын қадағалаңыз.

    14. Дәрілік ерітіндіні асықпай, сұйықтықтың азаюына байланысты ампуланың түбін біртіндеп жоғары көтеріп сорғызыңыз.

    15. Ерітіндіні сорғызған инені ауыстырыңыз, (қолданылған материалдарға арналған лотокқа тастаңыз).

    16. Инъекцияға арналған инені кигізіңіз (бір мәрте қолданылатын шприцпен жұмыс жасағанда орамадағы екінші инені қолданыңыз).

    17. Шприцті сол қолыңызға алыңыз және қатаң вертикалды қалыпта,көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз.(V саусақ поршенде, II – саусақ ине канюлясында, I, III және IV саусақтар – цилиндрде).

    18. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді итеріңіз, II және IIIсаусақтармен цилиндрдің жиегін қамтыңыз, ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз,инеден қорғаныс калпагі алынбайды.

    19. Дәрілік ерітіндісі бар дайын шприцті орамасының ішіне салып қойыңыз.

    20. Қолданылған материалдарды лотоктан ҚЖЖК-ге салыңыз.

    21. Иньекцияны дәрігердің тағайындамасына сәйкес орындаңыз.(стандартты қара).

    22. Қолғаптарды, бет пердені шешіңіз,ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    23. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ФЛАКОННАН СОРҒЫЗЫП АЛУ

    Мақсаты: дәрілік заттарды парентералды жолмен енгізу.

    Показание: дәрігердің тағайындамасы.

    Дайындаңыз: стерилді: дәрілік заты бар флаконды,бір мәрте қолданылатын шприцтерді, спиртпен ылғалданған мақта түйіршіктерін немесе сүрткілерді, қолғаптарды; тері антисептигін;лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдарға арналған),дезинфекциялайтын ерітіндідегі пинцетті, «Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК),

    ем-шара кабинетінің мейіргерінің дәрігердің ем тағайындамаларын тіркейтін журналын.
    1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64


    написать администратору сайта