Главная страница
Навигация по странице:

  • Мейіргерлік процесс. Мейіргерлік күтімді ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру және орындау

  • «Мейіргерлік процесс»

  • Мейіргерлік процесс

  • Мейіргерлік процесстің мақсаты

  • Мейіргерлік процестің кезеңдері Мейіргерлік процесс бес негізгі кезеңнен тұрады

  • 1.кезең. Мейіргерлік тексеру немесе белгілі бір жағдайға баға беруден бастама алады. Тексерудің мақсаты

  • Пациентті тексеру әдістері

  • Объективті – мейіргерлік

  • Пациент туралы мәліметтердің көзі

  • Объективті мәліметтер

  • Жиналған мәліметтерді талдау мақсаттары

  • Мейіргерлік диагностика немесе пациенттің проблемаларын анықтау.

  • Пациенттің дәл қазіргі проблемалары

  • Диагноздар: физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік және рухани болып бөлінеді.

  • Пациенттің дәл қазіргі проблемалары

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница43 из 64
    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64

    ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ КӨК ТАМЫРЛЫҚ ЖӘНЕ БҰҒАНА АСТЫ КӨК ТАМЫРЫ КАТЕТЕРЛЕРІНІҢ КҮТІМІ

    Мақсаты:иньекциядан кейін дамуы мүмкін асқынулардың алдын алу.

    Асқынулары:катетердің бітеліп қалуы (катетерді тез арада шығарып алады); катетердің сыртқы жағының бүтіндігінің бұзылуы (катетерді ауыстырады).

    Дайындаңыз: стерилді: заглушки в упаковке для перифериялық көк тамырлық катетердің орамадағы бітеуіші,10 мл-лік шприцті, гепаринді ерітіндіні 1:1000,

    5 мл-лік шприцті, стерилді физиологиялық ерітіндіні,лотокты, таңғыш материалдарды, қолғаптардыбет пердені,тері антисептигін «Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК),

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз).

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.(Алғашқы сөйсескенде аты жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    9. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    10. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, оларды антисептикпен өңдеңіз, бет пердені тағыңыз, қолғаптарды киіңіз.

    11. Біріктіретін түтіктің астына екі стерилді сүрткіні салыңыз,инфузияны тоқтатыңыз.

    12. Дәрілік заттарды көк тамырға тамшылатып құятын жүйені перифериялық (бұғана асты) катетердің біріктіретін түтігінен шығарып алыңыз.

    13. 5 мл стерилді физиологиялық ерітінді бар шприцті катетерге біріктіріңіз және оны шайыңыз (антибиотикті, концентратты глюкоза ерітіндісін,қан препараттарын енгізгеннен кейін).

    14. Шприцті катетердің біріктіретін түтігінен ажыратыңыз.

    15. Катетердің біріктіретін түтігіне 10 мл-лік гепаринді ерітіндіні бар шприцті жақындатыңыз,(тромбоздың алдын алу және көк тамырдағы катетердің функциясын ұзарту мақсатымен) және катетерге енгізіңіз.

    16. Шприцті катетердің біріктіретін түтігінен ажыратыңыз.

    17. Катетердің аузын тығындағышпен бекітіңіз.

    18. Қолданылған шприцтерді, сүрткілерді ҚЖЖК-ге салыңыз.

    19. Бет пердені, қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    20. Бекітіп байланған таңғының жағдайын бақылаңыз,қажет болғанда оны ауыстырыңыз.

    21. Тесілген жерді асқынуларды дер кезінде анықтау мақсатымен жиі-жиі тексеріп тұрыңыз.

    22. Ісіну,қызару,жергілікті температурасының көтерілуі, сыртқа ағып жатса сонымен қатар препаратты енгізгенде ауыртатын болса дереу дәрігерге хабарлаңыз.

    Ескерту:катетердің әрбір қойылуы – бұл инфекция енетін қақпа. Асептика ережесін қатаң сақтау керек, тек стерилді қолғаптар киіп жұмыс жасау керек.

    Мейіргерлік_процесс._Мейіргерлік_күтімді_ғылыми_тұрғыдан_ұйымдастыру_және_орындау'>Мейіргерлік процесс. Мейіргерлік күтімді ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру және орындау

    Мейіргерлік процесс мейіргерлік істің заманауи моделдері түсінігінің негізгі және ажырамас құрамды бөліктерінің негізі деп саналады.

    Мейіргерлік_процесс»'>«Мейіргерлік процесс» - «процесс» деген термин- немесе сөз шараның, үрдістің барысын, және оның кезеңдерін білдіреді. Мейіргерлік процесс терминін алғашқы рет АҚШ та 1955жылы Лидия Холл енгізген.

    Мейіргерлік процесс – бұл мейіргердің пациентке көмек көрсету тәжірибесіндегі өз міндеттерін ғылыми тұрғы мен көзқарасқа негіздеп атқару әдісі. Мейіргерлік процесс-бұл жеке тұлғаның, жанұяның, қоғамның физикалық, психикалық, әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, пациенттің қасында мейіргер бар болған белгілі бір жағдайдан бастау алатын, мейіргерлік көмекті ұйымдастыру мен пациентке мейіргерлік көмек көрсетуді және орындауды ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.

    Мейіргерлік процесстің мақсаты- пациенттің негізгі адами өз

    қажеттіліктерін өзі қанағаттандырудағы тәуелсіздігін демеу және қайта

    қалпына келтіру.

    Мейіргер жинап алынған мәліметтер негізінде пациенттің немесе оның жанұясының бұзылған қажеттіліктерін анықтауы керек және осыған байланысты күтім жүргізу мақсатында проблемаларын табуы керек. Мейіргер өз құзіреттілігі аясында пациентке бұзылған қажеттіліктерін түзетуге және қайта қалпына келтіруге көмектеседі.

    Мейіргерлік процесстің мақсатқа жетуі төменде келтірілген мәліметтердің көмегімен жүзеге асырылады:

    • пациент туралы информациялық деректердің базасын жасау;

    • мейіргерлік күтімге тәуелді пациенттің қажеттіліктерін анықтау;

    • мейіргерлік күтімді көрсету барысында басымдылықтарды әрі бірінші орындалатын шараларды белгілеу;

    • күтім мақсаттарын анықтау және күтім жоспарын жасау, қажетті ресурстарды жинақтау;

    • жоспарды жүзеге асыру, демек мейіргерлік күтім мен көмекті тікелей және қосарласқан түрінде көрсету;

    • пациентке күтім жасау үрдісінің тиімділігіне және күтімнің мақсатына жетуіне баға беру;

    Күтім процессіне пациенттің өзінің немесе оның жанұя мүшелерінің араласуы-мейіргерлік процесстің міндетті бір бөлігі, әрі қажетті жағдайы. Пациенттің күтім жұмысына араласу деңгейі бірнеше факторларға байланысты болады,олар:

    • мейіргер мен пациенттің өз ара қарым -қатынысына;

    • пациенттің өз денсаулығына деген көзқарасына;

    • пациентің білімділігі мен мәдениеттілігінің деңгейіне;

    • күтімге тәуелділігін жететүсіне білуіне;

    Пациент аурудың алдын-алу, емдеу, күтім жүргізу үрдістеріне және реабилитация шараларына белсенді араласса, ем қабылдау мен өз өмірінің жаңа сапасына, әрі әлеуметтік ортаға бейімделу үрдісі де тез қалыптасып, қысқаруы мүмкін.

    Мейіргерлік процестің кезеңдері

    Мейіргерлік процесс бес негізгі кезеңнен тұрады:

    Мейіргерлік процесс пациенттің жалпы жеке тұлға ретіндегі қажеттіліктерінен бастау алатын, пациенттің дәл қазіргі нақты және болашақта пайда болуы мүмкін потенциалды қажеттіліктерін табу және бағалау мен мейіргерлік күтім жүргізуге қажетті ресурстарды анықтау.

    1.кезең. Мейіргерлік тексеру немесе белгілі бір жағдайға баға беруден бастама алады.

    Тексерудің мақсаты: Пациент туралы мәліметтер базасын құрау үшін пациенттен деректерді жинау, жинау мақсатын дәлелдеу және алынған мәліметтерді бір-бірімен байланыстыру. алдымен оның медициналық құжаттарымен мұқият танысып, медициналық анамнезін жинап алу керек.

    1. Пациентпен оның интеллектуалды деңгейін ескере отырып сұхбаттасу,әңгіме желісін байсалды, асықпай жүргізу, конфиденциалдықты сақтау, абыройын түсірмеу, қайта кейбір жерлерде мадақтап отыру,тыңдай білу сияқты әдістерді қолдану сұрастырудың тиімділігін арттырады және мейіргерге өзінің біліктілігімен дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді.

    2. Сұхбаттасу тиімділігін жоғарылататын факторларға және әдістерге сүйеніңіз ол үшін сіз:

    • әңгімелесе білу және сөйлесу әдісін меңгерген болуыңыз керек;

    • пациенттің сіз қойған сұрақтарды дұрыс түсініп отырғанын тексеріп, көз жеткізіп алуыңыз керек;

    • ашық сұрақтарды қойыңыз;

    • Жауапты күте білу;

    • Жауаптарын нәтижелей отырып,келесі сұрақты ойластыру;

    • сөйлесу арасында үзіліс жасап, сөйлеу мәдениетін сақтаңыз;

    • өзіңізді таныстырғанда шеберлік пен өнер көрсете біліңіз;

    • пациентке жекелей жақындап, әркіммен ерекше жылы, күлімсреп, сыпайы сөйлесу;

    • Коммуникативті дағдыларды қолдану;

    • Өз құзыреттілік аясындағы сұрақтарды қою;

    Пациентті тексеру әдістері




    Субъективті – пациенттің өзін-өзі сезінуіне және оның эмоцияларына негізделген, бұл пациенттің өз денсаулық жағдайына берген реакциясы;



    Объективті – мейіргерлік қарап тексеру нәтижелері, санау, бақылау, өлшемдері;

    Мейіргерлік тексерудің төмендегідей әдістері болады:

    субъективті, объективті және қосымша.

    Қажетті мәліметтерді жинау: пациент туралы жалпы мәлімет, субъективті деректері (пациенттің шағымы, оның физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік және рухани ерекшеліктері, пациенттің сезімі, бейімделу мүмкіндігімен байланысты реакциялары, оның денсаулық жағдайындағы өзгерістерге немесе ауруының ағымына байланысты қанағаттандырылмаған қажеттіліктерін анықтау.

    Пациент туралы мәліметтердің көзі:

    • пациенттің өзі;

    • жанұя мүшелері, туысқандары;

    • мед. персоналдар;

    • әріптестері, достары;

    • медициналық құжаттары;

    Объективті мәліметтер – бұл мейіргер науқасты қарап тексеру,бақылау,өлшемдер жасау (физикалық тексерулер) нәтижесінде алатын мәліметтер.

    Сонымен қатар пациент жүрген ортаның психо-әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары да бағаланады, қауіп-қатерлі факторлары анықталады, пациенттің денсаулық жағдайларына әсер ететін қоршаған ортаның жағдайларына баға беріледі,оның өмір сүру ерекшеліктері ескеріледі (мәдениеті, қызығушылықтары), хоббиі, сенетін діні,зиянды әдеттері, ұлттық ерекшеліктері), азаматтық жағдайы, жұмыс жағдайы, материалдық жағдайлары және т.с.с. мейіргер бақылағандағы көрсеткен мінез-құлқына, эмоциялық көрсеткіштерінің динамикалық өзгерістеріне де баға беріледі.

    Психологиялық әңгімелесуді жүргізгенде пациенттің жеке тұлғасын сыйлау принципін ұстану қажет,басқа біреуді бағалап сөйлеуден аулақ болу, пациентті және оның проблемаларын қандай да бір нақты түрінде қабылдау, жиналған мәліметтердің құпиясын сақтауды қамтамасыз ету, оны шыдамдылықпен тыңдап алу.

    Барлық жиналған мәліметтерді заңды хаттамаға-мейіргердің кәсіптік дербес құжаты болып табылатын мейіргерлік ауру тарихына тіркейді.

    Жиналған мәліметтерді талдау мақсаттары:

    Пациенттің бұзылған қажеттіліктерінің немесе проблемаларының ішінен басымдылығын (өмірге қауіп төндіретін деңгейі бойынша) анықтау, күтім жүргізгендегі пациенттің күтімге тәуелсіздік деңгейін білу:

    егер пациент- өзіне-өзі көрсететін күтім шараларын өзі орындайтын болса және дұрыс орындаса, ол- күтімге тәуелді емес деп саналады;жартылай тәуелді деп саналатын пациенттер күтім шараларын жартылай немесе қате орындайтын науқастар;

    егер пациент айналасындағыларға, медициналық қызметкерлерге тәуелді деп саналатын болса (күтім шараларын пациент өз бетінше орындай алмайды және ол үшін күтімді медицина қызметкерлері немесе медициналық персоналдар (үйреткен туысқандары жүргізеді)).

    Субъективті және объективті деректер негізінде мейіргер әрбір 14 қажеттіліктерді салыстырады. Жеке тұлғаға мейіргерлік көмек көрсету үшін В. Хендерсонның мейіргерлік күтімнің бейімделу моделі бойынша алдымен бұзылған қажеттіліктерін анықтап алу керек, пациенттің осы қажеттіліктерді өз бетінше қанағаттандыра алуының нақты мүмкіншілігін пысықтай отырып шешеді, немесе пацент өзіне -өзі күтім жасаудың жетіспеушілігін сезінеді.

    • Қалыпты тыныс алу;

    • жеткілікті мөлшерде тағам қабылдау,

    • су ішу;

    • физиологиялық бөліп шығару;

    • қимыл -қозғалыс жасау және қажетті дене қалпында бола алу;

    • ұйықтау және демалу;

    • өз бетінше киіну,шешіну, киім- кешекті таңдау;

    • дене қызуын қалыпты жағдайда ұстап тұру (киім кию, жылылықты ұстау және т.б.);

    • жеке бас гигиенасын сақтау;

    • өз қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету;

    • религиялық салттарды атқаруы;

    • сүйікті жұмысымен айналысуы;

    • демалу (ойнау, қызығушылықтарымен айналысуы);

    • қалыпты рухани даму үшін өзі ұнататын әсер алатын заттарымен айналысуын қанағаттандыру;

    Пайда болған жағдайдың барысын талдаудың мақсаты: пациенттің проблемасын (мейіргерлік диагнозын) анықтау болып табылады, ол организмнің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін пациенттің тәуелсіздігін демейтін әрі қайта қалпына келтіретін мейіргерлік араласуды, мейіргерлік көмекті және күтімді қамтамасыз етуді талап етеді.

    Мейіргерлік диагностика немесе пациенттің проблемаларын анықтау.
    Диагностика жасау пациентте пайда болатын проблемаларды нақтылауға шақырады; осы проблемалардың пайда болуын анықтауға септігін тигізетін, әрі оларды тудыратын факторларды анықтау; осы проблемалардың алдын -алатын немесе бар проблемаларды шешетін жол іздеу, шешуге пациентті бар күшін салуға шақыру. Пациенттің дәл қазіргі проблемалары– тексеру мезетінде бар денсаулығына байланысты қиындықтары. Потенциалды пациенттің болашақта пайда болуы мүмкін қиындықтары – олар бүгінгі күнде жоқ, бірақ та ертең пайда болуы мүмкін, оны мейіргер өзінің білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, белгілейді.

    Мейіргер пациентте пайда болуы мүмкін проблемалардың көзін білуі керек. Проблемалардың пайда болу көзі болып табылады:

    1. Қоршаған орта және адамға әсер ететін зиянды факторлар;

    2. Пациенттің медициналық диагнозы немесе пациенттің дәрігерлік диагнозы;

    Медициналық диагнозы –бұл физикалық белгілердің, симптомдардың, аурудың басталу тарихының арнайы бағалауына негізделген ауру барысының қазіргі жағдайы.Медициналық диагноз ауруды зерттеу аясында тұжырымдалады.

    Мейіргерлік диагноз – бұл пациенттің ауруға деген қазіргі немесе пайда болуы мүмкін проблемалары, мейіргер ем жүргізе алатын өз құзіреттілігі аясында пациенттің потенциалды реакциясын тұжырымдайды (денсаулыққа байланысты проблемаларын). Мейіргерлік диагноз пациенттің денсаулық деңгейін немесе ауруға берген реакциясын немесе патологиялық процессті көрсетеді. Дәрігерлік диагноз және мейіргерлік диагноз пациентті қарап тексергенде анықталған физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік-мәдени, рухани және т.б. көрсеткіштер негізінде қойылады.

    Дәрігерлік диагностиканың мақсаты мен міндеттері – ауруды анықтау және емдік шараларды тағайындау.

    Мейіргерлік диагноздың мақсаты – зерттеп тексерулердің нәтижесін талдау және пациентпен оның жанұясының денсаулыққа байланысты қандай проблемалармен бетпе-бет келгенін анықтау,сонымен қатар мейіргерлік күтімнің жоспарын жасауға дайындалу.

    1. Адамды емдеу барысында емнің жағымсыз әсерлерінің болуы да проблема болып кездесуі мүмкін.

    2. Аурухана ішіндегі жағдай адамға қауіпті болуы мүмкін, мысалы: пациенттің аурухана ішілік инфекцияны жұқтырып алуы.

    3. Адамның жеке бас қиындықтары, мысалы: пациенттің материалдық жағдайының төмен болуы.

    Мейіргерге пациенттің мейіргерлік диагноздарын өте нақты тұжырымдап және олардың басымдылықтарын анықтап әрі пациент үшін маңыздылығын белгілеу қажет. Диагноздар: физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік және рухани болып бөлінеді.

    Қажеттіліктерін анықтау және проблемаларын айқындау





    Проблемаларын анықтау




    Проблемалардың туындауына немесе дамуына септігін тигізетін факторларды анықтау




    Пациенттің мықты және осал жақтарын анықтау





    Пациенттің мейіргерлік ауру тарихы

    Мейіргерлік диагноз қою

    Мейіргерлік диагноздар немесе пациенттің проблемалары

    Т.Ә.А._________________________________________________

    Күні

    Дәл қазіргі

    Потенциалды

    Басымды













    Пациенттің дәл қазіргі проблемалары:– тексеру кезінде мазалайтындары.

    Пациенттің потенциалды проблемалары: – демек, бүгінгі күнде жоқ, бірақ уақыт өте келе пайда болады.
    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64


    написать администратору сайта