Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Мейіргер атқаратын негізгі рөл дәрігер мен пациент арасындағы өзаралық қатынастың дәнекері болу және пациентпен лаборатория арасында түсінестік қатынасты орнату.

  • ҚАН АЛҒАНДАҒЫ ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНЕ ҚАЛПЫ

  • ҚАН АЛУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗ ЖҮЙЕЛЕР BD VACUTAINER Қан алатын құралдар BD VACUTAINER

  • Қауіпсідік

  • Алынған үлгінің және зерттеудің жасалуының кепілдемесі

  • Микроқоюланулар минимумға жетеді

  • Үлгіні жинау мен қосындылармен араласқа түсетін уақыт әрқашан тұрақты. Қан/қосынды екеуінің қатынасатын мөлшерлері әрдайым бірдей болады

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница41 из 64
    1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64

    Ескерту:Кассирский инесі–бұл қысқа,жуандау келген, мандрені және иненің өте терең еніп кетуіне жол бермейтін бар қалқаншасы бар ине.

    ПАЦИЕНТТІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ АБДОМИНАЛДЫҚ ТЕСУГЕ (ЛАПАРОЦЕНТЕЗГЕ) ДАЙЫНДАУ

    Мақсаты:диагностикалық:асциттік сұйықтықты лабораториялық әдіспен зерттеу; емдік: іш қуысында жиналып қалған асцитттік сұйықтықты шығару.

    Көрсетілімі:асцит,іш қуысының қатерлі ісігі,созылмалы гепатит және бауыр циррозы, сақталмалы жүрек-қан тамырлыр жетіспеушіліктері.

    Қарсы көрсетілімдері:анық көрінетін гипотония, іш қуысындағы қабысу процестері, іштің кебуі.

    Дайындаңыз:стерилді: лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдарға арналған),мақта түйіршіктерін, троакар, скальпель, сыйымдылығы 5, 10, 20 мл шприцтерді, сүрткілерді, қақпағы бар банкіні ; 0,5% новокаин ерітіндісін; йодтың 5% ерітіндісін, тері антисептигін, шығарылатын сұйықтықты жинайтын ыдысты, кіршіні, пробиркаларды; қолғаптарды, бет пердені,кең енді сейсепті немесе сүлгіні, жабысқақ пластырді, анафилактикалық шүкке қарсы қолданылатын дәрілер жиынтығын , ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты,зертеу жасаудың жолдамасын, таңу материалдарын, пинцеттерді, бет пердені,«Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК),

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз).

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.(Алғашқы сөйсескенде аты жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    9. Зерттеу жасалатын күні таңертең пациентке тазарту клизмасын «таза су» белгісіне дейін жасаңыз.

    10. Манипуляцияны жүргізудің дәл алдында пациенттен қуығын босатып алуын сұраңыз.

    11. Пациентен орындықтың арқасына сүйеніп отыруын сұраңыз.Пациенттің аяқтарын клееңкемен жабыңыз.

    12. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    13. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз, бет пердені тағыңыз.

    14. Лотоктарды дайындаңыз (стерилді және қолданылған материалдар үшін). Стерилді лотокқа пинцеттің көмегімен сүрткілерді,мақта түйіршіктерін салыңыз.

    15. Кіндік пен қасаға арасындағы теріні өңдеу үшін,дәрігерге алдымен йодтың 5% спиртті ерітіндісін, содан кейін антисептикті беріңіз.

    16. Жұмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезия жасау үшін, дәрігерге ішіне 0,5% новокаин ерітіндісі бар шприцті беріңіз. лапароцентез жасағанда тесу кіндік пен қасағаның дәл ортасында,іштің ортаңғы сызығы бойынан 2-3 см шетке қарай жылжып жасалады.

    17. Дәрігер скальпелмен теріні аздап тіледі,оң қолымен бұрғылайтын қимылдар жасап,троакарды іштің алдыңғы жағының қалыңдығы арқылы, іш қуысына итеріп енгізеді,содан кейін стилетті шығарып алады, ал канюля бойымен асциттік сұйықтық қысыммен сыртқа қарай аға бастайды.

    18. Пациенттің алдына іш қуысынан ағап шағатын сұйықтық құйылатын сыйымдылықты (кірші немесе шелек) тосыңыз.

    19. Стерилді банкіге сұйықтықтың 20-50 мл лабораториялық зерттеу үшін жинаңыз.(бактериологиялық және цитологиялық).

    20. Пациенттің ішінің төменгі жағына стерилді сейсепті немесе ені кең сүлгіні жабыңыз, оның екі ұшын мейіргер ұстап тұрады. Ішті тесу жасалған жерінің жоғарғы немесе төменгі жағынан қамтып,сейсепппен немесе сүлгімен қатты қысып байлаңыз.

    21. Сұйықтық ағып шыққан сайын сүлгінің немесе сейсептің ұштарын әлсін-әлсін тартып, ішті қыса түсіңіз.

    22. Ем-шара аяқталғаннан соң, канюляны шыңарып алыңыз,тесілген жерді тері тігісімен тігіңіз және йодтың 5% ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғы жасаңыз.

    23. Қолданылған құралдарды ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысқа батырыңыз, мақта түйіршіктерін, шприцтерді ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    24. Бет пердені, қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    25. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    26. Пациенттің пулсін санаңыз, АҚ- өлшеңіз.

    27. Пациентті палатасына дейін сүйрегішпен апарыңыз.

    28. Пациентке осы жасалған манипуляциядан кейін, 2-сағат бойы төсекте жату ережесін орындау керектігін ескертіңіз.(гемодинамикалық өзгерістердің алдын алу үшін ).

    29. Жиналған биологиялық материалды лабораторияға зерттеуге жіберіңіз.

    Ескерту:

      • манипуляцияны жасағанда асептика ережесін қатаң сақтаңыз

      • сұйықтықты тез, қатты ағыммен шығарғанда,іш қуысы мен кеуде торының ішкі қысымдарының төмендеп кетуі және айналымдағы қанның таралу мен құйылуының бұзылуы болуы мүмкін, сол себептен коллапс пен естен танудың даму қаупі туындайды.

    ПАЦИЕНТТІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ БУЫНДЫ ТЕСУГЕ ДАЙЫНДАУ

    Мақсаты:диагностикалық:буын қуысына жиналған сұйықтықтың құрамын анықтау;

    емдік: сұйықтықты шығару, буын қуысын жуу, қуысына дәрілік затты енгізу.

    Көрсетілімі:буын аурулары,буын ішілік жарақаттар, сынулар,гемоартроз.

    Қарсы көрсетілімдері:тесілетін жердегі терінің іріңді аурулары.

    Дайындаңыз:стерилді: тесетін ұзындығы 7-10 см инені,сыйымдылығы 10, 20 мл, шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын; асептикалық таңғыны; сүрткілерді, қолғаптарды, бет пердені, лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдарға арналған), йодтың 5% спирттік ерітіндісін,тері антисептигін, новокаиннің 0,5% ерітіндісін,пробиркаларды, «Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК),

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз).

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.(Алғашқы сөйсескенде аты жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Тесуді дәрігер ем шара кабинетінде, асептика ережесінің қатаң сақталуы жағдайында жсайды.

    9. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    10. Пациенттен орындыққа отыруын сұраңыз және ыңғайлы дене қалпын алуға көмектесіңіз.

    11. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    12. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз, бет пердені тағыңыз.

    13. Лотоктарды дайындаңыз (стерилді және қолданылған материалдар үшін). Стерилді лотокқа пинцеттің көмегімен сүрткілерді,мақта түйіршіктерін салыңыз.

    14. Дәрігерге тесілетін жерді өңдеу мақсатымен, алдымен йодтың 5% спиртті ерітіндісін және антисептикті беріңіз, содан кейін қабаттық инфильтрациялық анестезия жасауға арналған ішіне 0,5% новокаин ерітіндісі сорғызылған шприцті ұсыныңыз.

    15. Дәрігер сол қолымен буынның тесілетін жерін қамтып ұстайды және қуыстағы сұйықтықты тесілетін жерге қарай ығыстырып,итереді.

    16. Инені буынға енгізеді және буындағы суды шприцпен сорғызып шығарады.

    17. Сұйықтықтың алғашқы бөлігін, лабораторияға зерттеу үшін жіберу мақсатымен, пробиркаға оның қабырғаларына тигізіп алмай құйыңыз.

    18. Тесу жасалғаннан кейін буын қуысына антибиотиктер, стероидты гормондар жіберіледі.

    19. Инені шығарып алғаннан кейін, тесу жасалған жерді йодтың 5% спиртті ерітіндісімен өңдеңіз және асептикалық таңғыны жасаңыз.

    20. Қолданылған шприцтерді, сүрткілерді, дәке тампондарын ҚЖЖК-ге салыңыз, тесетін иені дезинфекциялайтын ерітіндіге салыңыз.

    21. Бет пердені, қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК-ге тастаңыз, қолыңызды жуып кептіріңіз.

    22. Пациентті палатасына дейін шығарып салыңыз.

    23. Пациенттің өзін сезінуін қадағалаңыз.

    Бақылау сұрақтары

    1. Инсулинді енгізу ерекшеліктерін атаңыз?

    2. Гепаринді енгізу ерекшеліктерін атаңыз?

    3. Бициллинді енгізу ерекшеліктерін атаңыз?

    4. Магний сульфат ерітіндісін енгізу ерекшеліктерін атаңыз?

    5. Кальций хлорид ерітіндісін енгізу ерекшеліктерін атаңыз?

    6. Майлы ерітінділерді енгізу ерекшеліктерін атаңыз?

    7. Жүрек гликозидтерін енгізу ерекшеліктерін атаңыз?

    8. Антибиотиктерді қолдану және енгізу ерекшеліктерін атаңыз?

    9. Тесулерді жасау жүргізілгенде мейіргердің атқаратын рөлі немен тұжырымдалады (плевра қуысын тесуді, абдоминалды, жұлынды тесу жүргізгенде, төс сүйегін тесуді,буын қуысына тесу жасағандағы)?

    Көк тамырдан қан алу

    Қан алу жасалғандағы мейіргердің рөлі

    Мейіргерлік персонал медициналық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу, хабарламаларды тарату, кеңес беру және пациентті үйрету, пациентті бақылау жұмыстарының орындалуында және емнің нәтижесіне баға беруде орасан зор рөл атқарады.Пациентті тексеру үшін жүргізілетін – лабораториялық зерттеулердің дұрыс ұйымдастырылуы бірыңғай сапалы медициналық көмек көрсету процесінің міндетті құрамды бөлігі болып табылады. Осы процесті қамтамасыз ету барысы мейіргерлердің жауапкершілігіне жүктеледі.

    Пациенттің лабораториялық анализдерінің дайын нәтижелерін алу – бұл анализ жасауға жолдаманы толтырудан басталатын, биоматериалды алудан,оны зертханаға жеткізуден, зерттеудің жүргізілуінен және нәтижесін алумен, пациенттке қажетті медициналық көмекті көрсетумен ұласатын бірыңғай, толассыз процесс. Осындай күрделі процестің сапасы дәрігерлердің, орта буынды медициналық персоналдың және лаборатория мамандарының жұмсаған күшімен, бірігіп жасалған жұмыстарына байланысты болады.

           

    Емдеу бөлімшелерінің мамандары- бұл лабораториялық мәлімдемелердің қарапайым алушалары ғана емес,сонымен қатар олар осы бірыңғай процестің өз қызығушылықтары бар қатысушылары.Бұл мамандардың жұмыс барысы анализге жолдаманы толтырудан бастап, пациентті зерттеулерге дайындаумен, биоматериалдарды дұрыс алып, жинап, лабораторияға дұрыс жеткізумен, зерттеудің нәтижесін диагнозды нақтылау үшін практикада қолдану, пациентті емдеу мақсатын таңдау үшін жұмыс жасайтын мамандар. Орта буынды мамандардың зерттеу нәтижелерін түсене білуі,оларға қойылатын негізгі талаптардың бірі.Анализдердің жаңа нәтижелерін білмей тұрып пациенттерге дұрыс ем мен күтім тағайындалмайды.

    Мейіргер атқаратын негізгі рөл дәрігер мен пациент арасындағы өзаралық қатынастың дәнекері болу және пациентпен лаборатория арасында түсінестік қатынасты орнату.

    Мейіргер – бұл маңызы зор маман,ол пациенттің лабораториялық зерттеулерге дайын болуын қамтамасыз етеді.Лабораториялық зерттеулердің орындалуының ерекшеліктері туралы кәсіптік білімінің болуы,сонымен қатар медициналық этиканың және деонтологияның ережелерін сақтауы,көптеген жағдайларда мейіргерге пациентті зерттеулерге дұрыс дайындауға және қажетті сенімді, пациенттің жеке басын сыйлайтын қатынасты орнатуға көмек береді. Көптеген лабораториялық тесттер организмге минималды инвазивті болып келеді,бірақ та бәрі бір пациентке ем шараның мақсаты мен барысы түсіндіріліп,оның келісімін алу керек.Кейбір науқастар осы проблемаға онша көңіл бөле бермейді,жұмыс барысында пациентте лабораториялық зерттеудің мақсаты мен қажеттілігі туралы сұрақтар туындағанда мейіргер кәсіптік тұрғыдан дұрыс жауап беруі керек.

    Мейіргер биологиялық материалдың алынуына,дұрыс жиналуына және олардың дер кезінде лабораторияға жеткізілуіне жауап береді.Биоматериалды жинау ерекшеліктерін білуі, қан алу әдісін жоғары кәсіптік деңгейде меңгерген болуы, ал негізінде осы ем шаралардың орындалу маңызын түсіне білуі –анализдің сапалы нәтижесін алу жұмысының маңызды құрамды бөлігі болады, бұл мейіргер күтім жүргізетін пациент үшін өте маңызды.

    Мейіргер лабораториялық анализдерге талап қағаздарын толтыруға және нәтижелерін амбулаториялық карта мен ауру тарихына енгізіп,құжаттауға жиі араласады. Мейіргердің терминологияларды түсіне білуі, қысқартуларды аша алуы және лаборатория қолданатын тілде зерттеу нәтижелерін оқи білуі өте қажет болады. Мейіргерлер анализ нәтижелерінің қалыпты көрсеткіштен ауытқуларын ажырата білуі керек, әсіресе олар дереу дәрігердің медициналық көмек көрсетуімен араласуын талап ететін болса.

     

    Лабораториялық зерттеулердің нәтижесіне бағаны дәстүрлі түрде дәрігер береді.Ал мейіргер – үнемі пациентпен жанасатын маман иесі.Мейіргердің лабораториялық анализдердің, тез арада медициналық көмек көрсетуді талап ететін ауытқуларын білгені өте маңызды.Сонымен қатар заманауи кезеңде мейіргердің пациентті күту жұмысындағы рөлі толассыз өсіп келе жатыр, сондықтан осы орта буынды мамандар айтылған процесске жиі араласатын болады; сондықтан олар лаборатория, анализдер, нәтижесін оқу мен анықтау терминдеріне жақын болуы керек.

    Пациентті лабораториялық зерттеулерге дайындау,анализдің нақты дұрыс нәтижесін алуға септігін тигізеді. Мейіргер лабораториялық көрсеткіштерді өзгертіп жіберетін көптеген факторларды белуі керек.

    Қан алуды жасайтын маман келесі талаптарды қатаң орындауға міндетті:

    Ең басынан бастап барлық науқастардың қаны мен басқа да биологиялық сұйықтықтары жұқпа жұқтырған деп саналады.

    Мейіргер немесе лаборант қанмен немесе организмнің басқа да сұйықтарымен, сілемейлі қабықтармен немесе барлық пациенттердің ашық тұратын терісімен жанасқанда, көк тамырды немесе теріні тескенде қолғап киіп жұмыс істеуге міндетті.Сондықтан қан алуды орындайтын маман бір пациенттен екінші пациентке ауысқанда қолғаптарды дезинфекциялауға немесе ауыстыруға міндетті. Барлық басқасын алуға қолданылатын құралдарды (қондырғыларды),тексеру керек (жұмысқа дайындығын, жарамдылық мерзімін, санының жеткіліктілігін) және жұмыс орнында оларды оңай табу мен тез алуға ыңғайлап орналастырылады.

    Қан алатын маман осы ем шараны орындауға , эмоциялық тұрғыдан дайын болуы керек.Пациентпен сөйлесе білуі, онымен іскерлік қатынас орнатуға көмек береді.

    ҚАН АЛҒАНДАҒЫ ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНЕ ҚАЛПЫ

    Қан алуды пациенттің кушеткада жату қалпында болуы немесе креслоның арқасына сүйеніп отыру қалпында жасаған дұрыстау; науқастардың естен танып қалатыны болатынын ескерген жөн. Әрдайым оған ыңғайлы екендігін тексеру керек.

    Отыру қалпында болуы. Пациент креслода ыңғайланып отырады, қолын шынтақ тірегішке немесе үстелге, алақанынан иығына дейін түзу жататындай қылып және ыңғайлы тірелетіндей етіп қояды. Қолын шынтағынан аздап бүгеді.Ем-шаралық мейіргер пациенттің алдынғы жағында тұруы керек,себебі естен тану бола қалғанда пациентті сүйемелдеп, құлап қалмауына көмектеседі.

    Жату қалпында болуы.Пациент арқасымен ыңғайлынып жатады.Егер қолына қосымша тіреу қажет болса, қолдың астына жастықша салады. Қолы түзу жатуы керек,( шынтағынан аздап бүгілген).Пациент қолын қажетті қалыпта ұстағанда ешқандай физикалық күш түсуді сезбеуі керек.

    ҚАН АЛУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗ ЖҮЙЕЛЕР

    BD VACUTAINER

    Қан алатын құралдар BD VACUTAINERбұл жабық вакуумды жүйе, ол үш бөл ек компоненттерден түрады:

    1. Екі ұшты инесі және қауіпсіз клапаны бар.

    2. Бір мәртелік ұстағыш VACUTAINER.

    3. Стерилді пробиркалар BD VACUTAINER вакуумының анықталған белгілі бір көлімі болады.

    BD VACUTAINER жүйесінің артықшылықтары:

    1. Қауіпсідік – жабық жүйе.Гепатит В (HBV) және гепатит С (HCV), АИТВ-инфекциясын парентералды әдіспен жұқтырып алудан максималды түрде қорғайды.

    2. Тиімді –уақытты 30-40% үнемдейді.Пробирканың толу уақыты – 7 с дейін.

    3. Алынған үлгінің және зерттеудің жасалуының кепілдемесі–көк тамырдан пробиркаға.

    4. Гемолиздің болуы минималды:

      • Көк тамырдан пробиркаға қанның жеңіл ағыммен құйылуы

      • Алынған үлгіні пробиркаға құйғанда поршеннің қысымы қан жасушаларын механикалық майыстырып, жарақаттамайды. Гемолиз дамуы 8 –ден 2% -ға дейін төмендейді.

    1. Микроқоюланулар минимумға жетеді:

      • Көк тамырдан ағып шыққан қан бірден қосындылармен араласқа түседі.Араласу қан алыну барысында түгел болады және пробирка толғанда аяқталады.

    1. Үлгіні жинау мен қосындылармен араласқа түсетін уақыт әрқашан тұрақты.

    2. Қан/қосынды екеуінің қатынасатын мөлшерлері әрдайым бірдей болады:

      • пробиркадағы қосындының мөлшері стандартты болады және өндіріс орнынында бақыланады;

      • алынатын қанның мөлшері пробиркадағы вакууммен автоматтық түрде қадағаланады;

    Сөйтіп,қан/қосынды қатынасындағы коагулологиялық тестерге, қан жасушаларын санауға және ЭТЖ анықтауға қажетті мөлшері әрдайым стандартты болады.
    1. 1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64


    написать администратору сайта