Главная страница
Навигация по странице:

  • ҚҰСҚАНДА КӨМЕК КӨРСЕТУ Мақсаты

  • Іс-әрекет алгоритмі: Пациенттің ес-түсі анық ( отыру қалпында).

  • Әлсіреген немесе ес-түссіз жағдайда жатқан пациентке құсқан кезде көмек көрсету Іс-әрекет алгоритмі

  • АСҚАЗАНДЫ ЖУУ Мақсаты

  • Асқазынды сүңгісіз әдіспен жуу Мақсаты

  • Көрсетілімі

  • Құсықтың түсі “кофе қоюлығындай ”

  • Себептері

  • Симптомдары

  • Дәрігерге дейінгі көмек: Тәуелсіз мейіргерлік араласулар

  • Тәуелді мейіргерлік араласулар

  • Қарсы көрсетілімдері!

  • ЭПИГАСТРИЯ АЙМАҒЫ АУЫРҒАНДА КӨМЕК КӨРСЕТУ Мақсаты

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница49 из 64
    1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64

    Жүрек айнуы

             Жүрек айнуы –іштің жоғарғы бөлігінде болатын жағымсыз сезім (асқазан тұсы аймағында),ауыр тарту сезімі,кейде бет-әлпеттің бозаруымен,қатты терлеуімен,жүрегінің қағуымен,көптеп сілекей шұбыруымен және тыныс алуының бәсеңдеуімен қосарласады.

    Жүрек айнуы  (лат. nausea) –құсумен жалғасатын асқазан тұсының,кеуденің,жұтқыншақтың, ауыз қуысының ауыр тарту сезімі. Жүрек айнуы сілекей шұбыруымен,терісінің бозаруымен,әлсіздікпен, қатты терлеумен, бас айналуымен,АҚ төмендеуімен кейде жартылай естен тануымен қосарласады.Осы симптомдардың негізінде құсу орталығының тітіркенуі тұрады.Егер жүрек айнуы бірнеше сағатқа созылатын болса,мейіргер пациентті өзінің жағдайын уақытша жеңілдету әдістеріне үйретуі керек– газдалмаған минералды суды аздаған мөлшерлермен ішуге.

    Жүрек айнуындағы мейіргерлік араласулар

    Күтімнің мақсаты: жүрек айнуын бәсеңдету немесе жою

    Мейіргерлік араласулар:

    Тәуелсіз:

    Төмендегі кеңестер беріледі:

    • уақытша тамақ ішуді тоқтату

    • аз мөлшерлермен қайнаған суды ішкізу

    • төсегінде ыңғайлы дене қалпында жатқызу.

                       

          Құсу

    Құсу (греч. emesis)–асқазан ішіндегі заттардың (кейде ішек ішіедегі заттардың да),ауыз арқылы (кейде мұрын арқылы) ырықсыз сыртқа қысыммен шығуы.Құсу алдында жүрек айнуы болады.Құсу тек ас қорыту мүшелерінің ауруларында ғана (асқазан патологияларында, бауыр және өт шығаратын жолдардың ауруларында, перитонитте) болмайды,сонымен қатар инфекциялық ауруларда,улануларда,бүйрек ауруларында, қант диабетінде, гипертониялық ауруда,жүйке жүйесінің ауруларында және т.б.жиі болады. Құсу пациенттің жағдайын тез нашарлатып жібереді,организмнің сусыздануын шақырып, электролиттерді жоғалтып алуын тудырады. Ес-түсінің бұзылуы кезіндегі құсуда аспирация болу қаупі үлкен болады.Құсықтың аспирациясы өкпе қабынуын тудыруы мүмкін (аспирациялық өкпе қабынуы); көп мөлшерлі аспирация асфиксияны тудыруы мүмкін.Тұрақты,қалжырататын құсудың болуы асқазанның сілемейлі қабығының сызаттанып, жарылып кетуімен қосарласуы мүмкін,сол себептен асқазаннан қан кету дамиды.

    Құсу басталғанда оның тамақ ішумен байланысты болуын, болмауын анықтап алу керек.Асқазан ауруы себебінен болатын құсу, пациентке жеңілдену сезімін әкеледі.Ал жүйке жүйесінің ауруларында болатын орталықты құсудың болуы,тамақ ішумен байланысты емес болады және пациентке жеңілдену сезімін әкелмейді.Құсық құрамында қорытылмаған тағам қалдықтары, сілекей, өт, қан жолақтары болуы мүмкін.Асқазан мен он екі елі ішектен қан кеткенде құсық қызыл-қошқыл-қара түсті–«кофе қоюлығындай» болады: гемоглобиннің асқазан сөлінің құрамындағы тұз қышқылымен химиялық реакцияға түсуі себебінен тұз қышқылды гематин түзіледі, ол қара қошқыл түсті болады. Өңештің кеңейіп кеткен көк тамырларынан немесе асқазанның кардиалды бөлімінен қан кету болғанда (порталды гипертензияда) құсу ауызды толтырып, қара қошқыл түсті, өзгермеген қан араласқан немесе құрамында ұйыған қан кесектері арласып шығады.

     Құсу кезіндегімейіргерлік араласулар (пациенттің ес-түсі анық)

    Мақсаты : құсудың қайталануының алдын-алу

    Мейіргерлік араласулар:

    Тәуелсіз араласулар:

    • психологиялық демеу көрсету;

    • пациентке құсу кезінде өзін ұстау ережесін үйрету ;

    Тәуелді араласулар:

    • Асқазанды жуу.

    ! Құсық құрамында алқызыл қанның болуы өңештен қан кетудің дәлелдемесі бола алады,ал құсық түрінің «кофе қоюлығындай» болуы – асқазаннан қан кетудің дәлеледемесі болады.

    ҚҰСҚАНДА КӨМЕК КӨРСЕТУ

    Мақсаты: Емдік:жедел көмекті көрсету, құсықтың пациенттің тыныс алу жолдарына құйылып кетуінің алдын-алу.

    Дайындаңыз:сүлгіні,лотокты,кіршіні,электросорғышты,алмұрт тәрізді баллоншаны, қолғаптарды, бет пердені, алжапқышты, клеёңкені, шпателді, қайнаған суды, сүрткілерді, стаканды,қақпағы бар бір мәртелік контейнерді,құсықты жинайтын ҚЖЖК-ны.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    Пациенттің ес-түсі анық ( отыру қалпында).

    1. Дәрігерге пациенттің жағдайы туралы мәлімдеңіз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолғаптарды киіңіз,бет пердені,алжапқышты тағыңыз.

    3. Пациентті орындыққа ыңғайлы қылып отырыңыз, кеудесін клееңкемен жабыңыз.Пациентке сүлгі беріңіз,кіршіні аяқтарының арасына қойыңыз.

    4. Пациенттен тіс протездерін алып тастауын сұраңыз (егер ол бар болса).

    5. Пациент құсқанда алдыңғы шеткі жағынан басын алақаныңызды оның маңдайына қойып демеп, ұстаңыз.

    6. Пациентке әрбір құсудан кейін аузын таза сумен шайқау керектігін түсіндіріңіз, бетін және аузын сүрткімен сүртіңіз.

    7. Пациентке физикалық және психикалық тыныштық орнатыңыз.

    8. Құсықты өзіңіз қарап көріңіз және дәрігер келгенше қалдырып, төкпей тұра тұрыңыз.

    9. Белгісіз умен уланғанда контейнерге құсықтың 200 мл жинаңыз, аузын тығыз қылып жауып қойыңыз.

    10. Дәрігердің тағайындауымен құсықты лабораторияға зерттеуге жіберіңіз.

    11. Бет пердені, қолғаптарды шешіңіз.Сүрткілерді, қолғаптарды ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    12. Қолыңызды жуып кептіріңіз.



    Әлсіреген немесе ес-түссіз жағдайда жатқан пациентке құсқан кезде көмек көрсету

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентке дәрігерді шақыртыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолғаптарды киіңіз,бет пердені,алжапқышты тағыңыз.

    3. Дәрігер келгенше пациентті бір бүйіріне жатқызып қойыңыз,егер бұлай жасау мүмкін болмаса, басын бір жағына қарай бұру арқылы жату қалпын өзгертіңіз,құсық массасының тыныс алу жолдарына түсіп кетуінің алдын алу үшін.

    4. Жастығын алып тастаңыз, тіс протезі бар болса оны да шығарып алу керек.

    5. Пациенттің кеудесіне және мойнына сүлгіні жабыңыз, аузының бұрышына құсықты жинауға арналған бүйрек тәрізді лотокты жақындатып қойыңыз.

    6. Егер пациент өз бетінше аузын шайқай алмайтын болса, оның ауыз немесе мұрын қуысынан, құсық массасын электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорғызып, шығарыңыз.

    7. Әрбір құсудан кейін пациенттің ауыз және мұрын қуысының күтімін жүргізіңіз.

    8. Құсық массасын алдымен өзіңіз көріңіз,дәрігер келгенше төкпеңіз, Дәрігердің тағайындамасымен лабораторияға, зерттеу мақсаты көрсетілген жолдамасын толтырып жіберіңіз.

    АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

    Мақсаты: диагностикалық, емдік: асқазан ішіндегі заттарды өңеш арқылы сыртқа шығару.

    Көрсетілімі:сапасы төмен тағамдармен, дәрілік препараттармен,алкогөлдік ішімдіктермен,саңырауқұлақтармен,көмірқышқыл газымен улунулар.

    Қарсы көрсетілімдері:асқазан-ішек жолдарынан қан кетулер,ауыз қуысының,өңештің,жұтқыншақтың,асқазанның қабыну аурулары, миокард инфаркты,бас миындағы қан айналуының бұзылуы, бронх астмасы,өңештің тарылуы.

    Дайындаңыз: стерилді:бір мәртелік жуан асқазан сүңгісін,әйнек түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л. әйнек оймышты,лотоктарды;кіршіні, ішінде 10-12 л (Т-20-22С) су бар шелекті, қолғаптарды, бет пердені, 2 клееңке алжапқышты, сыйымдылығы 1 л. крөжкені, 2 лотка, дәке сүрткілерін,ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар шелекті, сүлгіні немесе жаялықты, лабораториялық зерттеуге арналған жолдама бланкін, стерилді, бір мәртелік қақпағы бар ҚЖЖК-ні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентке ем-шараның мақсатын (улануларда шұғыл көмек көрсету) және барысын түсіндіріңіз.

    2. Өзіңізге және пациентке клееңке алжапқыш тағыңыз.

    3. Пациентті орындықтың арқа сүйеріне арқасын тығыз жақындатып, отырғызыңыз,басын аздап алдыға қарай еңкейтіңіз. Егер пациент әлсіз болса, оны сол жақ бүйірімен жатқызыңыз.

    4. Тіс протездерін алып қойыңыз (егер пациентте болса).

    5. Пациенттің аяқтарын ажыратыңыз,аяқтарының арасына жуынды суға арналған кіршіні қойыңыз.

    6. Пациенттің (оң жағына) қатарласып, тұрыңыз, басын аздап артқа қарай шалқайтыңыз.

    7. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолғаптарды киіңіз,бет пердені,алжапқышты тағыңыз.

    9. Стерилді асқазан сүңгісін қолыңызға алыңыз,астыңғы күрек тістері (тұйық жағынан бастап) мен кіндігінің арасындағы қашықтықты өлшеңіз – осы жерге бірінші белгісін салыңыз және оған бір алақанның ұзындығын қосыңыз (пациенттің) – екінші белгісін салыңыз.

    10. Стерилді үстелдің үстіне стерилді асқазан жуатын жүйені жинақтаңыз, (сүңгі, біріктіретін әйнек түтік,сүңгі,оймыш).

    11. Пациентке сүңгіні енгізу кезінде оны тістерімен қыршуға,қолымен тартуға болмайтынын түсіндіріңіз,оған мұрнымен тыныс алуы мен жұту қимылдарын жасау керектігін айтыңыз.

    12. Сүңгінің тұйық жағын жылы сумен сулаңыз.

    13. Пациенттің аузын ашуын сұраңыз,сүңгіні тұйық жағынан 10 см қашықтықта ұстап, оң қолыңызға алыңыз, оны пациент тілінің түбіріне жақындатып, салыңыз.

    14. Пациентке жұтатын қимылдарды жасауы және мұрын арқылы терең тыныс алуы керектігін айтыңыз,өзіңіз сүңгіні баяулап өңешке енгізе беріңіз.

    15. Сүңгіні абайлап асқазанға,қойылған белгіге дейін енгізіңіз,сүңгіге оймышты жалғастырыңыз және оны пациенттің асқазанының тұсында, қуысына ауа еніп кетпеуі үшін,аздап қисайтып, ұстаңыз.

    16. Оймышты сумен оның бетіне дейін толтырып 1л. су құйыңыз.

    17. Оймышты аздап жоғары көтеріңіз,су оның жіңішкерген жеріне дейін жеткенде,оймышты пациент тізелерінен төмен деңгейге дейін түсіріңіз,осы қалыпта оймыш асқаннан қайта шыққан сумен толғанша ұстап тұрыңыз.

    18. Оймыштың ішіндегісін кіршіге төгіңіз.

    19. Асқазан жууды осылай бірнеше рет, асқазаннан таза су шыққанша қайталаңыз.

    20. Сүңгіні пациенттің асқазанынан сүрткінің көмегімен абайлап,баяу шығарып алыңыз.

    21. Клееңке алжапқышты шешіңіз.

    22. Сүңгілерді ҚЖЖК-ге тастаңыз,оймышты ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысқа салыңыз.

    23. Пациенттің аузын шайқатыңыз, еріндерін сүрткімен сүртіп құрғатыңыз.

    24. Сүрткілерді ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    25. Бет пердені, алжапқышты, қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК-ге тастаңыз, қолыңызды жуып кептіріңіз.

    26. Пациентті палатасына дейін тасымалдап жеткізіңіз және оған жатуына көмектесіңіз.

    27. Пациентке физикалық және психикалық тыныштық орнатыңыз.

    28. Бактериологиялық лабораторияға арналған жолдама бланкісін толтырыңыз және зерттеуге жуынды судың алғашқы шыққан бөлігін (200 мл-дей) жіберіңіз.

    29. Жуынды суды канализацияға төгіңіз.

    Ескерту:

      • Сүңгіні енгізгенде оның асқазанға еркін енуіне бақылау жасап отыру керек;

      • Егер жуынды суда қан жолақтары пайда болса, дереу ем-шараны тоқтатыңыз және дәрігерді шақыртыңыз;

      • Кіршіге қайта құйылған жуынды судың көлемі, оймыш арқылы енгізілген судың мөлшеріне сәйкес келуі керек;

      • Егер пациенттің құсқысы келе берсе, сүңгіні енгізуді тоқтатыңыз, оған бірнеше рет мұрын арқылы терең тыныс алуы керектігін айтыңыз және содан кейін ем-шараны қайтадан орындаңыз;

      • Егер сүңгіні енгізгенде пациент жөтеле бастаса, тыныс алуы қиындап, бет-әлпеті көгеріп кетсе ( бұл сүңгі жұтқыншаққа немесе кеңірдекке түсіп кеткенінің белгісі) дереу сүңгіні шығарып алыңыз және енгізуді қайталаңыз;

      • Егер жуынды суды зерттеуге алу қажет болған жағдайларда,п.п.15, 16 екі рет қайталаңыз және жуынды суды дайындап қойған стерилді контейнерлерге құйыңыз.

    Асқазынды сүңгісіз әдіспен жуу

    Мақсаты: емдік: детоксикациялық –токсикалық заттардың уландыратын әсерін тоқтату және оларды организмнен шығару;

    диагностикалық:жуынды судан химиялық заттарды,микроорганизмдерді және олардың токсиндерін іздестіру.

    Көрсетілімі:сапасы төмен тағамдық,дәрілік, химиялық заттармен улану.

    Дайындаңыз: ішінде 2-3 литр су быр ыдысты, стаканды, сүлгіні немесе сүрткіні, дезинфектанттары бар контейнерді ,тіреуіште тұратын жуынды суды төгетін сыйымдылықты (кірші), бет пердені, алжапқышты, қолғаптарды, «Б» дәрежелі медициналық қалдықтарды жинайтын ҚЖЖК-ні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентті орындыққа отырғызыңыз.

    2. Тіреуіші бар жуынды суды төгетін сыйымдылықты (кірші) пациенттің аяқтарының арасына қойыңыз.

    3. Пациенттің кеудесін сүлгімен немесе сүрткімен жабыңыз.

    4. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолғаптарды киіңіз,бет пердені,алжапқышты тағыңыз.

    6. Пациентке бірінен кейін бірін үзбей,қатарынан 4-6 стакан су ішу керектігін айтыңыз.

    7. Пациентке тілінің түбірін оң қолының немесе сол қолының 2-3 саусақтарымен,шпателмен,тітіркендіріп құсу рефлексін шақырыңыз.

    8. Осы ем-шараны бірнеше рет асқазаннан «жуынды су таза болып шыққанша» қайталаңыз.

    9. Пациентке аузын шайқауы үшін аздап су беріңіз, ауыздың жан жағынсүрткімен сүртіңіз.

    10. Бет пердені, алжапқышты, қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК-ге тастаңыз, қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту:белгісіз умен уланып қалғанда:

    • Құсық массасын таза,құрғақ контейнерге жинаңыз

    • Оның қақпағын тығыз жабыңыз және лабораторияға жолдама бланкісін толтырып зерттеуге жіберіңіз.

    Құсықтың түсі “кофе қоюлығындайболғанда

    Мақсаты: құсудың қайталануын болдырмау

    Мейіргерлік араласулар:

    ӨҢЕШТЕН, АСҚАЗАННАН ҚАН КЕТУ

    Себептері:асқанзанның және он екі ішектің ойық жаралары (эрозиялар және тамыр қабырғаларының жарақаттары),асқазанның қатерлі ісігі, геморрагиялық гастрит,өңеш көк тамырларының варикоздық-кеңейюі.

    Қан кетулер көптеген жағдайларда аяқ астынан басталады.Симптомдары қан жоғалту мөлшеріне байланысты болады.

    Симптомдары:жүрегінің айнуы және құсығы қан жолақтары аралас, құсық «кофе қоюлығындай» болады,(гемоглобин түсінің қышқыл реакциялы болатын асқазан сөлінің құрамындағы тұз қышқылының әсерінен өзгеруі). Анық байқалатын әлсіздік,бас айналуы,қорқыныш сезімі,терісі мен көрінетін сілемейлі қабағының бозаруы,денесін суық тер басқан, пульсі жіп тәрізді жиі, артериялық қысымның төмендеуі,нәжісі қара түсті «қара май сияқты» (мелена). Өңеш көк тамырларының варикоздық-кеңейюінен қан кету болғанда– құсық күңгірт –шие түсіндей болады,кейде иногда күңгірт –алқызыл түсті болады.

    Дәрігерге дейінгі көмек:

    Тәуелсіз мейіргерлік араласулар:

    1. Пациентті төсегіне жатқызыңыз.

    2. Абсолютті тыныштықты қамтамасыз етіңіз,пациентке горизонталды дене қалпын беріңіз.

    3. Дереу дәрігерді шақыртыңыз.

    4. Эпигастрия аймағына суық басыңыз (мұзды мұйық) немесе салқын компресті қою.

    5. Алғашқы тәулікте тамақ, су, дәрі ішуге тиым салыңыз.

    6. Суық сусындар ішкізіңіз немесе мұз кесектерін жұтқызыңыз.

    7. Құсығын жинау үшін лоток, кірші немесе шелек беріңіз,клееңке, сүлгіні ұсыныңыз.

    8. Темекі тартуға тиым салыңыз!

    9. Пациентті тыныштандырыңыз және психотерапия жүргізіңіз.

    10. Пациенттің жалпы жағдайын бақылаңыз:ес-түсін, пульсін, АҚ, терісінің түсін, дәреттерін және әрбір 30 минут сайын диурезін қадағалаңыз.

    Тәуелді мейіргерлік араласулар:

    1. Гематокритті және гемоглобинді анықтаңыз.

    2. Қан тобын және резус-факторын анықтаңыз.

    3. Нәжісін және құсық массасын құрамындағы қанды анықтау үшін лабораториялық зерттеуге жіберіңіз.

    4. Дәрігердің тағайындамаларын орындаңыз.

    5. Пациентті тез арада хирургиялық стационарға арқасына жату қалпында жатқызып, аяқтарын аздап көтеріп зімбілмен жеткізіп, госпитализациялау керек.

    Қарсы көрсетілімдері! Жылылық ем-шараларды орындамау (жылытқыш және т.б.) іш аймағына,жүрек тамырларын тарылтатын заттарды енгізбеу.

    Асқазан тұсының ауруы

    Асқазан тұсындағы ауру сезімдері көбінесе эпигастрия аймағында болады.

            Ерте басталатын ауру сезімдері (тамақ ішкеннен соң 30 - 60 минут өткеннен кейін басталады), кешігіп басталатын ауру сезімдері (тамақ ішкеннен соң 1,5 - 3 сағаттан кейін) және аш қарындағы ауру сезімдері (6 – 7 сағаттан кейін басталады және тамақ ішкеннен кейін жойылып кетеді). Түнде және аш қарында болатын ауру сезімдері  асқазан ойық жарасында байқалады. Әрбір түрлерін сұрыптап қарау үшін алдымен ауру сезімінің түрін анықтап алу керек (сыздап,толғақ тәрізді, «қанжар сұққандай»),өрістеу түрін және пайда болу жиілігін білу керек.

             Ауру сезімдеріндегі мейіргерлік араласулар:

    Мақсаты: ауру сезімін бәсеңдету немесе жою 

    Мейіргерлік араласулар:

    ЭПИГАСТРИЯ АЙМАҒЫ АУЫРҒАНДА КӨМЕК КӨРСЕТУ

    Мақсаты:пациент ауру сезімінің біртіндеп (7 күннің ішінде) бәсеңдей бастағанын айтады.

    1. Пациенттің психоэмоциялық жағдайын жақсарту,асқазаннан қан кетудің алдын-алу үшін емдік-қорғау ережесімен қамтамасыз ету.

    2. Пациенттің асқазанының сілемейлі қабығын физикалық,химикалық және механикалық тұрғыдан аяп-ашу мақсатымен №1а емдәм үстеліне сәйкес келетін тамақтануын қамтамасыз ету.

    3. Пациентті тағайындалған дәрілік препараттарды қабылдау ережесіне үйретіңіз.Медициналық персонал мен пациенттің өзара түсіністіктеріне толық қол жеткізу және дәрілік препараттардың әсері тиімді болуы үшін.

    4. Пациенттке оның ауруының барысы туралы түсіндіріңіз,қорқып тұрған сезімін азайту мақсатымен,емнің жақсы аяқталатынына деген сенімін арттыру үшін диагностикалаудың,емдеудің және алдын алудың заманауи әдістері туралы айтып беріңіз.

    5. Диагностикалық ем-шаралардың нақтылығын және тиімділігін арттыру үшін, пациентті ФГДС-ке және асқазанды сүңгілеуге дұрыс дайындауды қамтамасыз етіңіз.

    6. Туысқандарымен пациентті организмнің иммундық күшін жоғарылату мақсатымен,асқазан сөлінің құрамындағы тұз қышқылының белсенділігін төмендету үшін құрамында дәрумендері жеткілікті болатын тамақтанумен қамтасыз ету керегі туралы әңгіме өткізу.

    7. Асқынуларын (қан кету, тесілу) ерте анықтау және дер кезінде жедел көмек көрсету үшін пациенттің сыртқы түрі мен жалпы жағдайын бақылаңыз (пульсі, АҚ, нәжісінің жағдайын).

    8. Емнің тиімділігі үшін дәрігердің тағайындамаларын орындаңыз.
    1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64


    написать администратору сайта