Главная страница
Навигация по странице:

  • ҚАЛІ АУЫР ПАЦИЕНТТІ НАЗОГАСТРАЛДІ СҮҢГІ АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • ПАЦИЕНТТІ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ Мақсаты

  • ГАСТРОСТОМАНЫҢ КҮТІМІ Мақсаты

  • Пациенттің функциялық жағдайын бағалау Дене температурасын өлшеу (термометрия) Термометрия және оның әдістері.

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница22 из 64
    1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64

    Кейбір кездерде пациентті қалыпты ауыз арқылы тамақтандыру қиындайды немесе мүмкіндігі болмайды.(ауыз қуысының, өңештің, асқазанның аурулары). Осындай жағдайларда жасанды тамақтандыру ұйымдастырылады. Тамақтандыруды сүңгінің көмегімен жүргізеді. Сүңгіні асқазанға ауыз, мұрын арқылы енгізеді немесе гастростома арқылы тамақтандырады. Қоректік ерітінділерді асқазан ішек жолдарынан тыс парентералдық жолмен де енгізуге болады. (көк тамырға тамшылатып). Жасанды тамақтандырудың көрсетілімдерін, оның әдісін дәрігер анықтайды.

    Мейіргер пациентті назогастралді сүңгі арқылы немесе гастростомамен тамақтандыру әдісін жақсы меңгерген болуы керек. Пациентті асқазанға гастростома (греч. Gaster — асқазан, stoma — ауыз, қуыс)арқылы енгізілген сүңгі арқылы тамақтандыруды өңештің тарылып қалуында, ол өткізбей қалғанда тағайындайды.

    Гастростома арқылы тамақтандыруды ауруханада да үй жағдайында да қолдануға болады.

    Үйде болса туысқандарын тамақтандыру техникасына және сүңгіні жуу әдісіне үйретуге болады.

    Гастростома – асқазандағы тесік ол асқазанды және іштің алдыңғы жағын біріктіріп береді.

    Өңештің тыртықтанып,тарылып қалуы себебінен өткізбеушілігі бар пациенттерге арнайы қуыс гастростома қойылады. Тарылуы: ісік пайда болғанда, күйіп қалғанда және жарақаттанғанда болады.Гастростома арқылы асқазанға тамақ енгізіледі. Кейбір, сирек кездерде, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмағанда, дәл осындай тесік– еюностома – жіңішке ішекке қойылады. Екі жағдайда да бірдей іштің алдыңғы бетіне тігілген қуыс органға (асқазан, жіңішке ішек), резеңке түтік орнатылады, түтік іштің алдыңғы бетіне тігіледі немесе 15-16 см. жабысқақ жолақтың көмегімен бекітіледі. Түтік негізгі лапаротомиялық жараның қасына орналастырылады.

    Қайта таңуды жасау кезінде екі жараның бір біріне тиіп кетуінен сақтану керек, себебі: лапаротомиялық жара жараның алғашқы тартылуымен жазылып, кетуі керек. Ал түтік шығарылған жерде, біраз уақыт өткенде аздаған іріңдеулер басталады, іріңдеу себебі: дененің бөгде затпен тітіркенуі– резеңке түтікпен. Кейде іштің алдыңғы жағындағы түтік бойымен асқазан мен ішек ішіндегі заттар шығып тұруы мүмкін.

    Қайта таңуды жасау процесінде түтік жағдайын мұқият қадағалау керек, оның орнынан қозғалып кетуіне жол беруге болмайды. Айналасындағы түтікті байлап қойған бинт жолақтарын ауыстырғанда қозғалтудын аулақ болыңыз. Түтік түсіп қалса дәрігерге айтылады. Күтім жасаудың күрделілігі ол түтіктердің айналасындағы терінің маерациясы.

    ҚАЛІ АУЫР ПАЦИЕНТТІ НАЗОГАСТРАЛДІ СҮҢГІ АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

    Мақсаты: пациентті тамақтандыру.

    Көрсетілімі:жарақаттану, тілдің, жұтқыншақтың, өңештің ісінуі және жарақатттануы, жұтудың, сөйлеудің бұзылуы, ес түссіз жағдайда жатуы, психикалық ауру кезінде тамақтанудан бас тартуы, өңештің немесе өткізбей қалуы, өңешке немесе асқазан ішек жолдарына ота жасағаннан кейінгі кезеңде.

    Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жарасының асқынған кезеңі.

    Дайындаңыз: стерилді: бір мәрте қолданылатын назогастралды сүңгіні, 200 мл оймышты немесе Жане шприцін, сүрткілерді, фурациллин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан 600-800 мл жылы сұйық тамақты (38˚С - 40˚С), лотокты, лейкопластырді, қолғаптарды,«Б». классының медициналық қалдықтарын жинайтын ҚЖЖК.

    Іс- әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке және оның туысқандарына ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Пациентті Фаулер қалпында жатқызыңыз.Мұрын қуысының тазалығын тексеріңіз, пациенттен мұрынымен тыныс алуын сұраңыз.Басын бір жағына қарай бұрыңыз, кеудесін сүрткімен жауып қойыңыз.

    10. Енгізілетін сүңгінің ұзындығын тексеріңіз:пациенттің бой ұзындығын сантиметрге ауыстырып, одан 100 шегеріп тастау.

    11. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    12. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    13. Қолғаптарды киіңіз.

    14. Лотокқа фурациллин ерітіндісін құйыңыз және оған сүңгіні белгісіне дейін малып алыңыз. (сүңгіні ылғалдау үшін).

    15. Астыңғы мұрын қуысы арқылы сүңгіні 15-18 см. тереңдікке енгізіңіз.Пациенттің басын алдығы қарай еңкейтіңіз және оң қолыңызбен сүңгіні салынған белгісіне дейін енгізіңіз.Пациентке су ішкізіңіз,асықпай суды аз аздан жұта отырып сүңгіні асқазанға жеткенше жылжытады.

    16. Жане шприціне 30-40 мл ауа сорып алыңыз да оны сүңгімен жалғастырыңыз.

    17. Фонендоскоптың басын асқазан тұсына қойыңыз.

    18. Сүңгі арқылы асқазанға фонендоскоппен тексере отырып ауа енгізіңіз. (дыбысын естисіз).

    19. Сүңгіге қысқыш салып қойыңыз немесе тығынмен бекітіңіз және шприцті ажыратып алыңыз, сүңгінің сырттағы ұшын лотокқа салыңыз.

    20. Сүңгіні жабысқақ жолақпен мұрнына немесе бетіне бекітіп қойыңыз. Жане шприціне дайын жылы сұйық тамақты сорғызып алаңыз, ауасын шығарыңыз.

    21. Сүңгіден қысқышты (тығынды) алып тастаңыз,оймышты немесе поршенсіз Жане шприцін сүңгінің бос ұшына жалғастырыңыз, оларды асқазан деңгейіне дейін түсіріңіз.

    22. Оймышты немесе поршенсіз Жане шприцін аздап еңкейтіңіз және оған дайын тұрған тамақты 20-30 мл-ден құйыңыз, оймышты біртіндеп,тамақ толық асқазанға кеткенше,жоғары көтеріңіз,оймыштың мойнында аздаған тағам қалуы керек.

    23. Оймышты ақырындап, асқазан тұсына дейін түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізу әдісін қайталаңыз.

    24. Сүңгіні тамақтандырғаннан кейін шәймен немесе қайнаған сумен шайқау керек.

    25. Сүңгінің ұшына қысқыш (тығын) салыңыз.оны пациенттің киіміне бекітіңіз.

    26. Пациентті жартылай жату, жартылай отыру қалпында 30 минуттай уақытқа қалдырыңыз.

    27. Қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту:

      • Сүңгіні жасанды тамақтандырудың барлық кезеңіне қалдырады, бірақ 2-3 аптадан асырмау керек, себебі бұл сілемейлі қабықтың ойылу процессінің алдын алу шараларына жатады;

      • Тамақты су моншасында Т-38-40ºС дейін жылыту керек;

      • если нет противопоказаний, пациент находится в положении сидя;

      • егер пациент ес-түссіз жағдайда болса, ол жату қалпында болады, басын бір жағына қарай бұрып қою;

      • сүңгі тыныс алу жолдарына түсіп кетсе пациент көгереді, жөтеледі, тұншығады,осындай кезде сүңгіні дереу шығарып алу керек;

      • сүңгіні енгізу тереңдігін, ұзындығын әдістердің біреуімен анықтаңыз:

      • мұрын ұшынан – құлақ сырғалығы – семсерше тәрізді өскін;

      • Формуланы қолданып: бой ұзындығынан алу (см) – жүз;

      • Мұрын арқылы сүңгі енгізілген пациентті жуындырғанда, тек суланған сүлгіні қолданып жасау керек.Осындай мақсатқа дәке сүрткісін немесе мақтаны қолдануға болмайды.

    ПАЦИЕНТТІ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

    Мақсаты: пациентті тамақтандыру.

    Көрсетілімі: ас қорыту трактісінің өткізгіштігі бұзылған барлық жағдайлар: жерлерінде ауыз қуысы – асқазан; бетке жаққа жасалған оталар және жарақаттар; ауыз қуысының жаралары, жұтқыншақ пен өңештің жарақаттары; зақым алу, ісіктер, мидың зақымдануы, жұтудың бұзылуымен ұласқан күю процессінің болуы; күюлер.

    Дайындаңыз: стерилді әйнек оймышты, резеңке түтікті (фистула), сүрткілерді, сыйымдылық (көлемі 500 мл),T- 35-45ºС дейін жылытылған тағамды, қысқышты, пластырді, ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысты, қолғаптарды,«Б». классының медициналық қалдықтарын жинайтын ҚЖЖК.

    Іс- әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    8. Пациентті алдыда тамақтандыру болатынына дайындаңыз.

    9. Т- 35-45ºС дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты дайындап қойыңыз.

    10. Пациентке ыңғайлы дене қалпын беріңіз. (Фаулер қалпын).

    11. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    12. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.Қолғаптарды киіңіз.

    13. Резеңке түтіктен алдындағы тесігін жауып тұратын сүрткіні және қысқышты алып қойыңыз.

    14. Резеңке түтікті (фистулаға) әйнек оймышпен жалғастырыңыз.

    15. Оймышты аздап пациент жаққа қарай қисайтып, жоғары көтеріңіз.

    16. Оймыш арқылы асқазанға тамақты аз аз мөлшерден енгізіңз.

    17. Оймыш пен резеңке түтікті тамақтандырғаннан кейін шәймен шайқап қойыңыз.

    18. Оймышты шешіп алыңыз және ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бас ыдысқа салыңыз.

    19. Резеңке түтіктің (фистуланың) ұшына стерилді сүрткіні жауып, қысқышпен қысыңыз.

    20. Гастростоманы күту шараларын жүргізіңіз ( стандартты қара).

    21. Қолғаптарды шешіңіз,ҚЖЖК-ге салыңыз.

    22. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту: -гастростома арқылы тамақтандырғанда алдымен асқазанға жылы тамақты 50 мл-ден тәулігіне алты рет енгізеді,тамақ мөлшерін біртіндеп үлкейтеді де 250-500 мл дейін, ал тамақтандыру санын төртке дейін жеткізеді;

    - кейде пациентке тағамды өз еркімен шайнауға рұқсат беріледі, содан кейін оны стакандағы сумен араластырады, да оймышқа құйып асқазанға енгізіледі. (асқазаннан сөл бөлінуінің рефлекторлық тітіркенуін сақтауға әсер етеді);

    Гастростома арқылы тамақтандыруды ауруханалық жағдайда және үй жағдайында да қолдануға болады.

    ГАСТРОСТОМАНЫҢ КҮТІМІ

    Мақсаты:емдік.

    Көрсетілімі: ота жасалғаннан кейінгі жағдай.

    Дайындаңыз: стерилді: пинцеты 3-4 тал пинцетті., ножницы Купер қайшысын, сүрткілерді, мақта түйіршіктерін, бинтті, қолғаптарды, лотокты, Жане шприцін, антисептикалық ерітіндіні, шпателді; стерилді емес: жылытылған Лассара пастасын, лейкопластырді, қоданылған таңу материалдпрын салатын лотокты, ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысты, қолғаптарды,«Б». классының медициналық қалдықтарын жинайтын ҚЖЖК.

    Іс- әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    8. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    9. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.Қолғаптарды киіңіз.

    10. Жабысқақ пластырдың ұзындығы 15-16 см,ден аспайтын жолағын дайындап алыңыз, тері үстндегі түтікті ораңыз және оның екі ұшын пациенттің терісіне жабыстырып қойыңыз.

    11. Стома төңірегіндегі теріні антисептикалық ерітіндімен ылғалданған мақта түйіршіктерімен өңдеп шығыңыз.

    12. Стома төңірегіндегі теріге шпателмен қалың қылып жылытылған Лассар пастасын жағып шығыңыз.

    13. Пастаның үстіне «шалбар» тәрізді қылып кесілген стерилді сүрткілерді салыңыз,(бірінші сүрткінің кесілген жағы төмен қарап, екіншісінің- кесілген жағы жоғары қарай, үшіншісі – солға қарайды, төртіншісінікі – оң жаққа қарайды).

    14. Осы стерилді сүрткілердің үстіне үлкен дәл ортасында тесігі бар сүрткіні салыңыз (түтікті ілгері шығару үшін).

    15. Стерилді сүрткіні резеңке түтікке салыңыз (фистулаға) және қысқышпен қысып қойыңыз.

    16. Тесіктен үлкен сүрткіге шығарылып қойылған резеңке түтікті (фистуланы), бинт жолағымен қатты байлап қойыңыз, да оны пациенттің беліне айналдырып, белдік тәрізді қылып, екі түйін жасап байлап қойыңыз. Осы белдікті бинттің иығы арқылы өткізілген екінші жолағымен байлап бекітеді және ол белдіктің түсіп кетуінің алдын алады.

    17. Таңу жасалғаннан кейін түтіктің асқазанға қарай өткізетініне сенімді болу үшін, Жане шприцімен немесе оймышпен түтікке стерилді ерітіндінің аздаған мөлшерін құйып көреді. Резеңке түтік өткізбей қалса немесе орнынан шығып кеткен жағдайларды дәрігерге жеткізу қажет.

    18. Қолданылған құралдарды ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысқа салыңыз.

    19. Қолғаптарды,сүрткілерді, түйіршіктерді ҚЖЖК-ге салыңыз.

    20. Қолғаптарды шешіңіз,ҚЖЖК-ге салыңыз.

    Бақылау сұрақтары

    1. «Тамақтандыру» терминіне түсінік беріңіз.

    2. Қалапты тіршілік етуге өте қажетті заттарды атаңыз.

    3. Килокалория дегеніміз не?

    4. «Диетотерапия» терминіне түсінік беріңіз.

    5. Емдік тамақтандыру ережесі нені қарастырады?

    6. Емдік тамақтаныруды қамтамасыз ететін медициналық құжатты атаңыз–.

    7. Үлестіктің түрлері.

    8. Пациенттерге тамақты кім таратады?

    9. Емдеу бөлімшесіндегі дәмхананың немесе асхананың ағымды жинастырылуы қалай жүргізіледі?

    10. Диеталар қандай белгілердің көрсеткіші бола алады?

    11. Тамақты қабылдау әдісіне байланысты тамақтандырудың келесі түрлері болады:

    12. Жасанды тамақтандыруға түсінік беріңіз.

    13. Жасанды тамақтандыру түрлерін атаңыз.

    14. Гастростома дегеніміз не?

    15. Пациентті назогастралды сүңгі, гастростома арқылы тамақтандырудың мақсаты не?

    16. Пациентті назогастралды сүңгі, гастростома арқылы тамақтандырудың көрсетілімдерін атаңыз.

    17. Пациентті назогастралды сүңгі, гастростома арқылы тамақтандыруға қандай қарсы көрсетілімдері болады?

    18. Гастростоманың күтімін жүргізіңіз.

    Пациенттің функциялық жағдайын бағалау

    Дене температурасын өлшеу (термометрия)

    Термометрия және оның әдістері.

    «жылу өндіру, жылу беру, термометрия» түсініктері Терморегуляция бұл функциялық жүйе, ол перифериялық (тері, қан тамырлары) және орталық (Гипоталамус) терморецепторларынан құралады, терморегуляцияның арнайы орталықтары, жылудың жасалуы мен жылудың берілуін реттеп отыратын эфференттік жолдары бас миында орналасады.

    Қоршаған ортаның температурасы жоғарылаған кезде, терінің қан тамырлары кеңейеді,оның жылу өткізгіштігі (конвекциясы) және жылуды сәулелендіруі артады, сонымен қатар көтеріңкі тер шығуы болады, ол жылу берілуін жоғарылатады да жылу жасалуын төмендетеді. Бұл организмді ысып кетуден қорғайды.Керісінше қоршаған ортаның температурасы төмендеген кезде теріден жылудың берілуі төмендейді, ол терінің жылуды өткізгіштігінің бәсеңдеуімен және оны қан тамырларының тарылуымен ұлғасады, қаңқалық бұлшық еттердің жиырылу белсенділігі жоғарылауы себебінен жылуды жасап шығару артады, сөйтіп дене қызуының төмендеп кетуі болмайды.

    Ересек дені сау адамның қолтық астынан өлшенген температурасы 36,4 – 36,9°С.аралығында болады. Максималды леталды дене температурасы (адамды өлімге әкелетін көрсеткіші) 43°С құрайды. Осы температура болғанда организмдегі зат алмасу процессінде қайта орнына келмейтін өзгерістер мен жасушаның құрылымдық бүлінулері болады.Минималды леталды дене температурасы 15 -23°С аралығында тербеледі. Сонымен қатар заманнауи медициналық практикада денені жасанды жолмен салқындату әдісі кең қалданылады, (жасанды гипотермия), бұл жасушалардың оттегі тапшылығына төтеп бере алуын жоғарылататын практика, мысалы:нейрохирургиялық және кардиологиялық оталар жасалғанда қолданылады.

    Кейбір жағдайларда дене қызуының физиологиялық тербелуі болады. Атап айтқанда тік ішектен,қынаптан,шат қыртысынан,ауыз қуысынан өлшенген дене температурасы қолтық астынан өлшенген дене температурасынан 0,2 – 0,4 °С-ге жоғары болады екен. Зат алмасу процессі интенсивті түрде өтетін балаларда қызудың реттелуі процессі толық қалыптаспаған,сондықтан бала денесінің температурасы, ересектермен салыстырғанда жоғарырақ болады.Жаңа туған нәрестелерде мысалы: қолтық астындағы дене температурасы 37,2°С.болады, егде тартқан адамдарда керісінше дене температурасы аздап төмендеген болады (субнормалды). Ал әйелдердің дене температурасы етек кір циклімен де анықталады. Овуляция кезеңінде (жетілген фолликуланың жарылуы және жасушалардың шығуы)кезінде ол 0,6 – 0,8 °С дейін көтеріледі.

    Дене қызуының тәуліктік тербелуін барлық адамдардан бірдей бақылауға болады, тербелуі қалапты жағдайларда 0,1 – 0,6 °С құрайды. Дене қызуының максималды температурасы тәуліктің екінші жартысында (17 және 21 сағаттарда) байқалады, ал минималды дене қызуы – таңертең (3 және 6 сағат аралықтарында) анықталады. Жаз айларында дене температурасы орташа есеппен алғанда 0,1 – 0,5 °С жоғарылау болады,қыс айларында аздап төмендейді. Дене температурасының көтерілуін тамақ ішкеннен кейін, бұлшық етке күш түскенде, қатты эмоциялық тітіркену болғанда(мысалы:актерлерде, емтихандық сессия кезіндегі студенттерде, старт алдында спортсмендерден көруге болады).

    Безгек.Бұл термометр әйнек резервуардан тұрады, оның ішіне шкала мен капилляр орналастырылған,төменгі бөлігі кеңейтілген және ол жер сынаппен толтырылған.Жылыған кезде сынап жоғары қарай капиллярмен көтеріледі, салқындаған да сол максималды көтерілген жерінде қала береді, сынап болғандықтан сілкігенде өз орнына түседі. Медициналық термометрдің шкаласы температураны өлшеу диапазонының 34 тен бастап,42 °С дейін бөлінген, бөлім бағасы 0,1°С.Заманауи кезеңде дене температурысын электрондық термометрмен өлшейді.

    Дене температурасын көбінесе қолтық асты ойысынан өлшейді, кейбір жағдайларда– шат қыртысынан ( жас балаларда), ауыз қуысынан, тік ішектен және қынаптан өлшеуге болады.

    Дене қызуын қолтық асты ойыстан өлшеу үшін, алдымен ол жердің терісін бөртпелерге қарап, тексереді, содан кейін құрғатып сүртеді, осы шаралар жасалынбаса термометрия көрсеткіштері тура болмай қалады.Дене қызуын өлшеу барысында пациент иығын кеуде торына тығыз қысып отыруы керек, қалі ауыр, әлсіреген пациенттердің қолын ұстап отыруға мейіргер көмектеседі.

    Дене қызуын тік ішектен өлшегенде пациент аздап бір жамбасына бұрылады,термометрді алдын ала вазелин майымен майлайды, тік ішек қуысына 2-3 см.тереңдікке енгізеді, шат қыртысынан өлшегенде баланың аяғын жамбас-сан буынынан аздап бүгеді.Дене қызуын ауыз қуысынан өлшеген кезде термометр тіл астына орналастырылады.

    Дене қызуын өлшеу ұзақтығы 10 минутты құрайды. Электронды термометрмен дыбысы берілгенше өлшейді.Термометрияны ережеге сәйкес тәулігіне екі рет жүргізеді: таңертең (сағат 6 дан 8 дейін) және кешке қарай (сағат 17 ден 19 дейін).Кейбір жағдайларда, әсіресе қызба болғанда, қызу жиірек өлшенуі керек, мысалы: әрбір 2-3 сағат сайын.

    Дене температурасының тәуліктік тербелісін қағазға сызба түрінде түсіру үшін температура парағы қолданылады. Парақтың абсцисс бағанасында ауру күндері белгіленеді, әрбір тәулік температураны екі рет өлшеуге арналып, бөлінген: таңертең, кешке қарай.Ординат бағанасында температуралық тор орналасады, оның әрбір бөлім бағасы 0,2°С.құрайды.Температура парағына күнделікті өлшенген температураның көрсеткішін нүктемен белгілейді.Нүкте күніне екі рет қойылады.Содан кейін нүктелер бір бірімен қара түсті қаламмен біріктіріледі, осылай температуралық сызба, пайда болады. Қызба болғанда оның қандай да бір түрін көрсетіп тұрады.
    1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64


    написать администратору сайта