Главная страница
Навигация по странице:

  • Сіз түрегеп тұрған кездегі дененің дұрыс қалпы

  • Денені бұруды бел аймағын бұрудан бастауға болмайды! Сіз отырған кездегі дененің дұрыс қалпы

  • ПАЦИЕНТТІ ТӨСЕГІНДЕ ЖЫЛЖЫТУ ЖӘНЕ ДЕНЕ БИОМЕХАНИКАСЫ

  • ПАЦИЕНТТІҢ ОРНЫН АУЫСТЫРУ Кезеңді орындалады:I кезең.

  • II кезең.

  • IV кезең.

  • VI кезең.

  • VIII кезең.

  • Арнайы ортопедиялық қондырғыларды қолдану пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың өз бетінше жүруіне мүмкіндік береді.

  • Қимыл-қозғалысы шектелген пациенттерге арналған қондырғылар.

  • ПАЦИЕНТІҢ БАСЫН ЖӘНЕ ИЫҚТАРЫН КӨТЕРУ (бір мейіргермен орындалады) Көрсетілімі

  • ПАЦИЕНТТІ БИІКТІГІ ӨЗГЕРІП ТҰРАТЫН КЕРЕУЕТТЕ КЕРІЛГЕН СЕЙСЕПТІҢ КӨМЕГІМЕН КӨТЕРУ (екі немесе одан да көп адамдармен орындалады, пациент көмектесе алады)

  • Көрсетілімі

  • ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ ШЕТІНЕ ҚАРАЙ ЖЫЛЖЫТУ

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница12 из 64
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64

    Пациентті көтергенде және жылжытқанда остеохондроздың алдын-алу.

    Пациентті көтеріп жылжытқанда әртүрлі техникалық құралдарды қолдануға тырысыңыз немесе жылжытуды топ адам болып жасаңыз.

    Жылжытқанда сақталатын науқастың және мейіргердің дене биомеханикасы

    Медициналық мекемелердегі мейіргерлік персоналдар және қалі ауыр пациенттерді күту процессіне қатысатындардың барлығы, организмге теріс әсер ететін факторлармен жиі қақтығысады. Теріс әсер ететін факторлардың бірі ол-пациентті жылжытумен байланысты шамадан тыс физикалық күштің түсуі. Паценттің орнын ауыстыру кезіндемейіргердің науқастарды қате көтеруі, омыртқалардың жарақаттанулары мен ауру сезімінің пайда болуының себебі болады. Осындай асқынулардың алдын алу үшін, мейіргерге дене биомеханикасын дұрыс қолдану керек.

    Отыруды,тұруды және ауыр зат көтеруді орындағанда белгілі бір,сіздің денеңіздің дұрыс қалпын қамтамасыз ететін ережелерді сақтаған дұрыс.

    Пациенттің орнын ауыстыруды бастамай тұрып анықтап алу керек:

    - Орнын ауыстыру мақсатын.

    - пациенттің денсаулық жағдайын, оның көмектесе алу мүмкіндігін.

    - қосымша көмек беретін механикалық құралдардың бар-жоқтығын (таяқ, балдақ т.с.).

    - Жетекшіні белгілеу (егер орнын ауыстыруды екі немесе одан да көп мейіргер жасайтын болса), нақты бұйрық бере және пациентке түсіндіре алатын адам.

    Жадыңызда сақтаңыз! Пациенті көтермей тұрып алдымен оны қауіпсіз, ыңғайлы жағдайға келтіріп алу керек..

    - Медициналық персоналға қауіпсіз, ыңғайлы, науқастың дене салмағы мен жылжитын бағытқа қатысты тепе-теңдікті сақтау дене қалпын алу керек.

    - Өзіңіздің дене салмағыңызды сіресіп қалуды жою мақсатында қолдану.

    - Көтере бастағанда аяқтарыңыздың ыңғайылы қалыпта екеніне көз жеткізіп алыңыз .

    - Пациентті ұстап тұруға, ең ыңғайлы дене қалпында тұрғаныңызға көз жеткізіңіз, арқаны түзу ұстаңыз, пациентке мүмкіндігінше жақын келіңіз,де барлық қимыл қозғалысты басқа көмекшілермен бірдей реттілікпен жасаңыз. .

    - Ең ауыр жұмысты өзіне кім алатынын анықтап алыңыз, атап айтқанда–науқастың чандары мен денесін кім ұстайтынын.

    - Егер сіз науқасты көмекші құралдардың және көтеретін механизмдердің көмегінсіз көтеретін болсаңыз, көмекшінің қолынан мықтылап ұстап тұруыңыз қажет. Бір қолдың қарынан ұстау немесе екі қолдан бірақ ұстау қауіпсіз деп саналады. Тек саусақтармен ұстау, қауіпті болады, себебі; саусақтар ылғалданып, сусып, ашылып кетуі мүмкін.

    Әртүрлі ауыр нәрселерді көтергенде, денсаулық дене биомеханикасын қолдану керек:

    - Ауырды көтерерде табандарыңызды бір-бірінен 30 см қашықтықта орналастырыңыз, ал бір аяқта аздап алдыға қарай жылжытып қояды. Осындай қалып, ең жақсы тіректі қамтамасыз етеді және тепе-теңдікті сақтауға және құлап қалмауға көмек береді.

    - адамды немесе затты көтеру алдында, көтеретін жүк дәл қасыңызда, оны алу үшін алдыға қарай еңкейудің қажеті болмайтынына сенімді болыңыз.

    - көтерген кезде, пациентті немесе затты өз денеңізге қарай қысыңыз.

    - ауыр затты көтергенде,өз дененіздің жоғарғы бөлігін вертикалды қалыпта ұстаңыз, тек аяқтарыңызды ғана тізесінен бүгіңіз.

    - Жүкті баяулап, аздап толқытыпғ асықпай көтеріңіз

    - Денені бұру үшін алдымен жүкті көтеріңіз, содан кейін табандарыңызға тіреліп тұрып, баяу бұрылыңыз, қолдарыңызда жүк тұрғанда денені қисайтуға болмайды.Дұрыс қимылдай отырып, сіз өзіңізге қауіпсіздікті қамтамасыз етесіз және басқалардың да қауіпсіздігін сақтай аласыз.

    Пациенттке күтім жасау процесінде сіз оларды дене механикасын дұрыс қолдануға үйретесіз, әрі жарақаттанудың алдын аласыз және өзін жайлы сезуіне себепші бола аласыз. Ең негізгі бір міндетті жағдайлар ол дене қалпы.Сіз адамға ол төсегінде жатқанда, креслода отырғанда, түрегеп тұрғанда, жүргенде дұрыс дене қалпын алуға көмектесесіз. Көмекші құралдардың көмегімен («жүргізгіштердің») жүруге, серуендеуге болатынын түсіндіресіз.

    Уақытының көбін төсегінде немесе креслода өткізетін науқастар кей кездерде бір жамбасына аударылып кетуі мүмкін.Осындай пациенттерге ыңғайлы қалыпта болуға және жарақаттанып қалмауына көмектесіңіз. Осы мақсатта жастықтарды, тығыз қылып оралған сүлгілерді немесе басқа да пациентке тірек бола алатын қондырғыларды қолдануға болады.

    Сіз түрегеп тұрған кездегі дененің дұрыс қалпы:

    Буындар еркін қозғалуы үшін, тізелеріңізді босаңсытып ұстаңыз.

    Дене салмағын екі аяққа теңдей бөліп тұрыңыз және табандар бір- бірінен иық кеңдігімен бірдей қашықтықта орналасады

    Бел омыртқалар аймағына күш түсуін бәсеңдету мақсатымен, тік тұрыңыз және іш пен бөксе бұлшық еттерін ішке қарай тартып, қысып тұрыңыз;

    Басыңызды түзу ұстаңыз, осы кезде астыңғы иек, горизонтальды тегістікте орналасуы керек.

    Дененің жоғарғы бөлігін түзетіңіз–иықтарыңызды сандарға қатарластырып, бір деңгейде ұстаңыз.

    Дененің бұрылуын, дененің басқа бөліктері табан қимылдарын қайталайтындай қылып бастаңыз.

    Денені бұруды бел аймағын бұрудан бастауға болмайды!

    Сіз отырған кездегі дененің дұрыс қалпы:

    Дене салмағын бірдей қылып, бөліп ұстау үшін және омыртқанаң бел аймағы бөлігіне көп салмақ түсірмеу үшін, тізелерді саннан жоғары қылып орналастырыңыз. Арқаны түзу ұстаңыз, іштің бұлшық еттері тартылған, ал иықтарыңызды ашып, кеңейтіңіз және сандарға қатынасты симметриялық түрде ұстаңыз.

    Отыру қалпында денені бұру үшін, осыны тек кеудеңізбен немесе иықтарыңызбен ғана емес, барлық денеңізбен бірақ жасаңыз,

    Тура келетін орындыққа отырыңыз және арқыңызбен орындық ар0алы5ына сүйеніңіз. Орындықтың арқасы және тереңдігі сіздің денеңізге тура сәйкестендіріп жасалған деп саналады, егер саныңыздың үштен екі бөлігі орындыққа толық енсе және табандарыңыз еш қиындықсыз еденге тиіп тұратын болса. Егер осы орындық сізге сәйкес келмесе басқа орындық таңдаңыз немесе орындықты өз мөлшерлемелеріңізге келтіру мқсатымен, басқа қондырғыларды қолданыңыз, мысалы: қатты жастықтарды немесе аяқ тірегіштерді.

    ПАЦИЕНТТІ ТӨСЕГІНДЕ ЖЫЛЖЫТУ ЖӘНЕ ДЕНЕ БИОМЕХАНИКАСЫ

    Қалі ауыр науқастарға дәрет сауытын беру, төсек-орнын қайта салу, пациентті төсегінен зімбілге, сүйрегішке және де басқа да заттарға ауыстыру сияқты мейіргердің орындайтын басқада жұмыстары одан, едәуір физикалық күш жұмсап, омыртқасына, тірек-қимыл аппараттарына салмақ түсуімен ұласады,да әрі олардың және тізе буындарының зақымданып, жарақат алуына әкеп соқтырады. Жарақаттануды болдырмау үшін келесі ескертулерді есте сақтау қажет:

    1. Ауыр жүк көтеру алдында, денені вертикалды қалыпта сақтап тұрып, тізелерді бүгу қажет.

    2. Аяқтарды бір-бірінен алшақ ұстау керек, себебі кең қойғанда, тіреу мықты болады.

    3. Бір аяқ алдыға қарай шығып тұруы керек, (аяқтардың алдыңғы– арқы қалпы). Аяқтарының осындай қалпы мейіргерге физикалық күш түсу кезінде дененің ауырлық орталығын ауыстыруға көмектеседі және жұмсайтын өз күшін азайтады.

    4. Пациентті көтергенде оны өзіңізге қарай қысып ұстау керек.

    5. Шұғыл бұрылу мен қимылдарды жасауға болмайды.

    6. Көтереттін пациентке қатар тұру, арқаны түзу ұстау,алдыға қарай еңкеймеу,жұмысты арқа бқлшық еттрімен емес, керісінше сан бұлшық еттерімен орындау керек. Егер пациентті көтеру барысында бұрылу қажет болса, онда алдымен пациентті көтеру керек, содан кейін біртіндеп, асықпай, денені қисайтпай бұрылу керек.

    ПАЦИЕНТТІҢ ОРНЫН АУЫСТЫРУ

    Кезеңді орындалады:

    I кезең. Пациенттің ем-шараға араласа алу мүмкіндігін бағалаңыз, атап айтқанда: оның қимыл-қозғалыс жасай алуын,бұлшық ет күштерін, сөзге адекватты жауап беруін.

    II кезең. Төсегін максималарды ыңғайлы биіктікке көтеріп алыңыз.Сізге пациентпен жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін.

    III кезең. Убрать с постели подушки и прочие предметы, мешающие перемещению пациента.

    IV кезең. Қажет болған кездерде басқа да мейіргерлердің көмегіне жүгіну керек.

    V кезең. Оны тыныштандыру үшін және бірге жұмыс жасуға шақырыңыз, пациентке ем-шараның мақсатын түсіндіріңіз.

    VI кезең. Төсек-орынға горизонталды қалып беріңіз, доңғалақтарын бекітіңіз. Осылайша пациентке жеңіл жақындай аласыз және оны қосымша күш жұмсамамай жылжыта бересіз.

    VII кезең. Инфекция жұғу қаупін төмендету мақсатымен ем-шараны орындағаннан кейін қолыңызды жуыңыз.

    VIII кезең. Пациентті жылжытып жатқызғаннан кейін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, кереуетті түсіру керек, тұтқаларын көтеріп қояды.

    IX кезең. Пациент денесінің дұрыс қалыпта болғанын тексеріңіз.Арқасы түзу болуы, әртүрлі қисаюлар, тартылуларының болмауы керек. Одан жатуы ыңғайлы екендігін сұраңыз.

    Арнайы ортопедиялық қондырғыларды қолдану

    пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың өз бетінше жүруіне мүмкіндік береді.

    Тірек-қимыл аппараттарының қабыну аурулары және жараттары мен зақым алулары біртіндеп мүгедектікке әкеп соқтырады және өз бетінше қимыл қозғалыстар жасауды қиындатады. С аналогичными трудностями сталкиваются и многие больные, страдающие различными неврологическими заболеваниями (например, после перенесенного инсульта), а также лица пожилого и старческого возраста. Улучшить качество жизни пациентов, дать им возможность самостоятельно ходить, позволяет применение специальных ортопедических изделий.

    Таяқтар және балдақтар.

    Таяқтарды қолдану егде тартқан адамдарға, мүгедектерге, инсульттан кейінгі реабилитация кезеңіндегі науқастарға, дененің төменгі бөліктерінің зақымданулары болғанда және операцияларынан кейінгі кезеңдерінде жүріп –тұруына көмек көрсетеді.Жүргенде таяқты қолдану тепе-теңдікті сақтауды жақсартады,себебі ол қосымша тірелу мүмкіндігін тудырады.Таяқтарды жеңіл материалдардан жасайды.Олардың ыңғайлы қолға ұстағышы бар және науқастың бой ұзындығына байланысты оның биіктігін реттеуге болады.Кейбір моделдерін қаттап жинауға болады.

    Кейбір кездерде жүргенде пациентке тек қана білезікке ғана емес,сонымен бірге шынтақ немесе иық буындарына да сүйенуіне тура келеді.Осындай науқастарға балдақ қолдануға ұсыныс жасауға болады.

    Қыс мерзімінде таяқтар мен балдақтарды қолдану қиындау болады.олар мұзда немесе тығыз қарда қатты тайғанайды және науқастар үшін жақсы тірелу нүктесі бола алмайды.Бұл қайта жығылуына және қосымша жарақат алуына себеп болады.Осыдан аулақ болу үшін қыс күндері таяққа және балдақтарға арнайы тайғанамайтын қондырғылар салып қою керек.

    Жүргізгіштер. (ходунки)

    Жүргізгіштер тірек-қимыл аппараты қызметінің ауыр зақымдануында науқастарға көмек көрсету үшін жасалған. Олар қолдану барысында қимыл-қозғалыс координациясының жақсаруына ,тепе-теңдікті сақтауға септігін тигізеді және дененің төменгі бөліктеріне шамадан тыс күш түсуінің алдын алады. Жүргізгіштер жеңілдетілген материалдардан жасалады.осы ортепедиялық тауар биіктігін реттеуге болады.Көптеген моделдері оңай бөлініп тез жиналады, көп орын алмайды.Жүргізгіштер науқастарға созылмалы аурулардан,операциядан кейінгі реабилитацияда, мүгедектерге және қарт адамдарға тұрмыс жағдайында қимыл- қозғалыстарын жақсарту үшін және басқа адамдардың көмегін қажет етпей-ақ өз бетінше жүріп тұру қабілетін қалпына келтіру үшін қолданылады.

    Роллерлер

    Роллерлер пациенттердің үй жағдайында және көшеде жүріп –тұруын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Оны қолдану көрсетілімдері : сан сүйегі мойнының сынуы, жамбастың және аяқтың сынулары немесе жұлынның зақымдануы, мидың қан айналымы бұзылуынан кейінгі реабилитациясы, қатты айқындалған физикалық әлсіздік болып табылады.Роллерлердің барлық моделдері дерлік онша ауыр емес жүктерді тасымалдауға арналған қондырғылармен жабдықталған.Роллерлерді қолдану пациенттерге қала көшелерінде өзін-өзі сенімді ұстауға мүмкіндік береді және олардың өмірін әжептеуір жеңілдетеді.

    Қимыл-қозғалысы шектелген пациенттерге арналған қондырғылар.

    Науқастарды кереуеттен мүгедек қол арбасына ауыстырғанда көптеген қиындықтар туындайды. Тасымалдауды өте мықты пластмассадан жасалған

    арнайы тақтайды қолдану бірыңғайландырады.

    Қимыл-қозғалысы шектелген пациенттерге еңкейю және түсіп қалған заттарды жерден алу өте қиынға соғады. Белсенді түрде қармап ұстайтын арнайы қондырғыны қолдану осындай жағдайларда басқа адамнан көмек сұрау тәуелділігінен арылтады.Сонымен қатар мүгедектерге шұлықтары мен шөлкейлерін киюге көмектесетін қондырғылыр да бар.

    Артритпен,Паркинсон ауруымен,жүйке бұлшық ет ауруларымен ауыратын науқастарға және егде тарқан адамдарға отыру қалпынан тұру қалпына келу көптеген қиындықтар туғызады.Осы категориядағы пациенттерге арналған арнайы көтергіш-қол арба. Осындай қол арбалар сырт жағынан қарағанда кәдімгі қол арбасына өте ұқсас болады, бірақ олардан айырмашылығы осы арбада жасалған төмен түсіретін және жоғары көтеретін арнайы механизм болады.Пациентке қол арбадан тұру үшін тек көтеретін механизмнің түсіретін тетігін басса болды. Содан кейін науқасқа тек адыға қарай жүру керек.Отыру үшін тек қол арбаға сүйену керек және осы кезде түсіретін механизм жұмысы өз бетінше іске қосылады.

    Қимыл-қозғалысы шектелген пациенттерге жүріп –тұруын оңайлату үшін арнайы әртүрлі ортопедиялық бұйымдарды қолдану оларға күтім жүргізу үшін арнайы адамды жалдау қажеттілігінен арылтады.Өз бетінше отырып-тұруы арқасында пациенттерде реабилитациялық кезең тез әрі жақсы өтеді, асқынулары да болмауы мүмкін. Және ең бастысы қимыл-қозғалысын сақтаған әрі өзі өзіне қызмет көрсететін пациенттер депрессияға сирек ұшырайды.

    ПАЦИЕНТІҢ БАСЫН ЖӘНЕ ИЫҚТАРЫН КӨТЕРУ

    (бір мейіргермен орындалады)

    Көрсетілімі: жастығын жөндеу; киім-кешегін түзеу,көрпе жастық сейсептерін ауыстырудың бір кезеңі ретінде.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Кәсіптік тактіні және нәзік, биязы мінез-құлық көрсетіңіз.

    3. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    4. Кәсіптік такті және нәзік мінез-құлықты сақтаңыз.

    5. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    6. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    7. Пациентке ем шараның мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның айтқанды түсінетініне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.

    8. Кереуеттің тежеуіштерін бекітіңіз.

    9. Егер бар болса, бір шетіндегі тұтқасын түсіріңіз.

    10. Кереуеттің бір шетіне бет әлпетіңізді бас жағына қаратып, аяқтарыңызды бір бірінен 30 см. қашықтықта қойып тұрыңыз.

    11. Аяқтарыңызды тізеден аздап бүгіңіз. Алдыға қарай еңкеймеңіз!

    12. Пациенттен (егер ол көмектесе алатын болса) сізге көмектесуін сұраңыз, ол қолдарын сізді мойныңыздан өткізіп, құшақтауы керек немесе кереуеттің тұтқасынан ұстайды.

    13. Өз қолдарыңызды пациенттің сізге жақын жағындағы қолының астынан өткізіңіз,ал екіншісін оның иықтары мен мойнының астына жіберіңіз.

    14. Дене салмағын оның аяқтарына салып, пациенттің басы мен иықтарын көтеріңіз. Пациентті көтергенде денесін бұруға болмайды!

    15. Пациенттен бос қолымен сізге көмектесуін сұраңыз. Бір қолыңызбен пациенттің иықтары мен мойнын демеп тұрып, бір қолыңызбен оның жастығын түзетіңіз.

    16. Пациенттің иықтары мен мойнын жастығына түсіріңіз. Оның жайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

    17. Қолдарыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ БИІКТІГІ ӨЗГЕРІП ТҰРАТЫН КЕРЕУЕТТЕ КЕРІЛГЕН СЕЙСЕПТІҢ КӨМЕГІМЕН КӨТЕРУ

    (екі немесе одан да көп адамдармен орындалады, пациент көмектесе алады)

    Көрсетілімі: иықпен көтеруді қолдану мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады.

    Іс –әрекет алгоритмі

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентке ем шараның мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның айтқанды түсінетініне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.

    7. Пациенттің жағдайын және айналасындағы орналасқандарды бағдарлаңыз.

    1. Кереуетті өзіңіздің сандарыңызға дейін түсіріңіз.Кереуеттің тежеуіштерін бекітіңіз.

    1. Бір-біріңізге бетіңізбен қарап, кереуеттің екі шетінде тұрыңыз, (егер пациент семіз болса, екі шетінде екі адамнан тұру керек):

    • Кереуетке жақын тұру;

    • Мейіргерлердің иықтары пациенттің арқасының тұсында;

    • Табандар кең орналасады;

    • Кереуеттің бас жағына жақын орналасқан аяқ жүретін бағытқа қарай бұрылып тұрады;

    • Аяқтар тізесінен бүгілген;

    • Арқа түзу болады.

    1. Сейсепті бүктеп, жинап, алыңыз (бір жағынан кеуде торына дейін, бір жағынан санының астына дейін).

    2. Пациентті көтеріңіз.

    3. Сейсептің жоғарғы жағындағы ұштарынан ұстаңыз.

    4. Сейсептің төменгі жағындағы ұштарынан ұстаңыз.

    5. Бір аяқты жүру бағына қаратып ұстаңыз, (бұйрық беретін көшбасшы «үш» - деп санағанда).Пациентті төсегінің үстінде біртіндеп, вертикалды қалыпқа келтіріңіз.

    6. Ары қарай жасалатын қимыл-қозғалыстар, пациентті көтеру мақсатына байланысты болады.

    7. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ ШЕТІНЕ ҚАРАЙ ЖЫЛЖЫТУ
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64


    написать администратору сайта