Главная страница
Навигация по странице:

  • Қабылдау бөлімінің мейіргерінің негізгі міндеттері

  • Қабылдау бөлімінің құжаттары

  • Медициналық құжаттарды толтыру

  • Мейіргердің этикасы мен деонтологиясының ерекшеліктері

  • Пациенттерді санитарлық-гигиеналық тазалықтан өткізу

  • ГИГИЕНАЛЫҚ СЕБЕЗГІНІ ЖҮРГІЗУ Мақсаты

  • ГИГИЕНАЛЫҚ БЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ Мақсаты

  • ПАЦИЕНТ ТЕРІСІН ЫЛҒАЛДЫ СҮРТУ Мақсаты

  • ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНЕ САЛМАҒЫН ӨЛШЕУ Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • ПАЦИЕНТТІҢ БОЙЫН ӨЛШЕУ Мақсаты

  • Дайындаңыз

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница8 из 64
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64

    Қабылдау бөлімшесінің функциялары:

    1. Пациенттерді қабылдау және тіркеу.

    2. Пациенттерді тексеру және диагностика жүргізу.

    3. Білікті медициналық көмек көрсету.

    4. Пациенттерді санитарлық тазалаудан өткізу.

    5. Пациенттерді ауруына сәйкес профилді емдеу бөлімдеріне дейін тасымалдау.

    Қабылдау бөлімінің мейіргерінің негізгі міндеттері:

    1. Медициналық құжаттарды толтыру.

    2. Шұғыл дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.

    3. Дәрігерлік тағайындамаларды орындау.

    4. Қажет болған жағдайларда кеңес беретін дәрігерлерді шақыру.

    5. Пациенттерді санитарлық тазалаудан өткізу.

    6. Термометрия (дене температурасын өлшеу).

    7. Физикалық жағдайының көрсеткіштерін анықтайды (пульсін, АҚҚ, ТАЖ).Алынған өлшемдерді температуралық параққа енгізеді.

    8. Антропометрияны жүргізу – дене салмағын өлшеу,пациенттің бойының ұзындығын, кеуде торының ауқымын Пациенттің дене салмағын және бойының ұзындығын, (егер пациенттің жағдайы көтерсе), стационарға түскен кезде өлшейді, ал содан кейін әрбір 7 күн сайын немесе одан да жиірек, (дәрігердің тағайындауы бойынша). Антропометриялық өлшемдер көрсеткіштерін температуралық параққа енгізеді.

    9. Дененің шашты бөлігін битшеңдікке тексеру және қажет болған жғдайларда битшеңдікке қарсы өңдеу шараларын жүргізу жасалады..

    10. Жұқпалы аурулар немесе битшеңдік анықталған пациентер туралы мәліметтер санэпидбақылау орталықтарына жіберіледі.

    11. Қабылдау бөлімінің әртүрлі және барлық бөлімдерінде санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды жүргізу және әрдайым ережелерін сақтап, орындап отыру.

    12. Пациенттерді емдеу бөлімдеріне дейін тасымалдау.

    Қабылдау бөлімінің құжаттары:

    1. Стационарлық пациенттің медициналық картасы (форма № 003/е).

    2. Стационардан шыққан пациенттің статистикалық картасы (форма № 066/е).

    3. Науқастарды ауруханаға қабылдауды және қабылдамай үйіне қайтаруларды тіркейтін журнал форма № 001/е).

    4. Жұқпалы ауру туралы жедел хабар беру құжатының үлгісі (форма № 001/е).

    5.Дәрігерлік ем тағайындау парағы – ф. № 004 – 1/е.

    6.Температуратуралық парақ – ф. № 004/е.

    7. Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасы – ф. № 027/е.

    8.Жұқпалы ауруларды тіркейтін журнал– ф. № 060/е.

    Пациентті дәрігер қарап-тексеріп болғаннан кейін, мейіргер медициналық құжаттарды толтырады, сонымен қатар пациентті құлақдар еткен ережелер тұсына белгі жазады, стационарға жатқызылуы берген келісімі туралы да белгі жазылады.

    Медициналық құжаттарды толтыру

    Мейіргер «Науқастарды ауруханаға қабылдауды және қабылдамай үйіне қайтаруларды тіркейтін журналға» пациенттің төлқұжатынан алынған деректерді: Аты-жөнін, туылған жылын, мекен-жайын, сонымен қатар, кім жібергенін, жіберген мекеменің қойған диагнозын, қабылдау бөлімі қойған диагнозды, емдеу бөлімінің атауын жазады. «Стационарлық науқастың медициналық картасы», «Стационардан шыққан пациенттің статистикалық картасы», «Жұқпалы ауру туралы жедел хабар беру құжатының үлгісі»мейіргер құжаттың алғашқы парағын толтырады.

    Алғашқы парағын толтыру

    Стационарлық науқастың медициналық картасы

    Тіркеп қою :

    Әкесінің аты,өз аты, тегін, жасын, мекен жайын;

    Жұмыс орнын, мамандығын/кәсібін;

    Туған туыстарының телефонын олардың аты-жөнін, тегін;

    сақтандыру құжатының полисінің нөмірін, берілген күнін, сақтандыру компаниясының атын;

    егер пациент ес түссіз жағдайда болса тегінің орнына «белгісіз» деп жазу керек;

    стационарға түскен күнін уақытын;

    аллергиялық реакцияларын;

    тасымалдау түрін;

    пациентті стационарға жатуға кім жібергенін анықтап жазады;

    аурханаға жату жолын:

    • шұғыл жатқызу жолы ,

    жоспарлы госпитализация;

    Бағыттап жіберген медициналық мекеменің диагнозын.

    Мейіргердің этикасы мен деонтологиясының ерекшеліктері

    Мейіргердің ең негізгі қасиеттерінің бірі қарапайымдылық шыншылдық, адалдық,мейірімділік болуы керек. Ол өзінің айналасындағы адамдарға жылы жүзбен қарауы, олардың қайғылары мен қуаныштарын түсіне білуі, әрдайым сөзімен және ісімен көмек көрсете алуы керек.

    Мейіргердің киім-кешегі,бет-әлпеті, өзін-өзі ұстай білуі, қамқорлық жасай білуі, пациентке көңіл бөлу деңгейі оның жеке тұлғалық аспектілерін көрсетеді.Егер мейіргер сөйлескенде қатыгездік танытып , онша көңіл аудармаса, жүріп- тұрғанда дөрекілік көрсететін болса, пациенттің оған деген сенімі жойылады.Мейіргердің сөзі нақты, даусы қатты шықпайтын, эмоциялы, сыпайылылығымен ерекшеленетін болуы керек. Мейіргерлік этикамен деонтологияның негізгі принциптері болып, Флоренс Найтингейлдің антында Халықаралық мейіргерлік кеңестің Этикалық кодексінде келтірілгендей: гумандық, мейірімділік, жақсы көре білу, қамқорлық жасау, қайғысын түсіне білу, қайырымды болу,ақы тілемеу, еңбекқорлық,ескере білу сияқты жоғарғы адами қасиеттер болады.

    Пациенттерді санитарлық-гигиеналық тазалықтан өткізу

    Санитарлық өңдеу ең алдымен аурухана ішілік инфекцияның алдын алу мақсатында өте қажет. Пациентті санитарлық-гигиеналық өңдеу жұмыстарына мейіргер жетекшілік етеді. Осы іс-шара қабылдау бөлімінінің санитарлық өткізгіші орнында жүргізіледі:егер пациентті қарап-тексеру барысында зиянды жәндіктер табылса дезинсекция (биттерді жою) жасалады; гигиеналық былау жасау, себезгі жүргізіледі немесе пациентті ылғалды сүртеді; киім-кешегін таза ауруханалық киімге ауыстыру (қажет болған кездерде) жасалады.

    Қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгіші: қарап тексеретін бөлмеден, сырт киімді шешінетін орыннан, жуынатын жерлерден және пациенттер киімін ауыстыратын бөлмеден тұрады. Кейбір бөлмелер қызмет етуі бойынша біріктірілген болуы мүмкін, мысалы: қарап-тексеретін орын мен шешінетін жерлер.

    Пациентті санитарлық өңдеудің түрін, оның жағдайының ауырлық деңгейін ескере отырып,дәрігер шешеді: толық өңдеу, жартылай өңдеу. Санитарлық өңдеуді мейіргер, кіші мейіргер немесе көмекші жүргізеді. Санитарлық өңдеуді жүргізу алдында мейіргер пациентті педикулёзге тексереді, анықталып жатқан кездерде, арнайы өңдеу мен тазалықты жүргізеді. Толық санитарлық өңдеу, пациенттің гигиеналық былауды немесе себезгіні қабылдауымен жасалады. Былаудың ұзақтығы 20-25 минутқа созылады, себезгі қабылдағандағы су температурасы (былаудың) 36-37 °С болады.

    Жартылай санитарлық өңдеуден өткізудің құрамына науқасты ылғалды сүрту, беті-қолын жуындыру немесе қалі ауыр, төсек тартып жатқан пациенттердің денесін сүртіп шығу енеді. Емдеу бөліміне түскен пациент , аптасына бір рет себезгі немесе былау қабылдайды. Көптеген пациенттер себезгі астында жуынғанды ұнатып жатады, себебі: оны оңай әрі жеңіл көтереді.

    Осы гигиеналық ем-шараны орындамай тұрып мейіргер:

    • жуынатын жердің гигиеналық жайлылығын қамтамасыз етеді: ауа температурасының қатынасты тұрақты болуын (25 °С төмен болмауы керек);жел соғып тұратын жердің болмауы, таза және жиналған болуы;

    • жуынатын орындарды жинастырудың дер кезінде жүргізілуіне,жуу түрі мен тазалау әдісін таңдауға, санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың орындалуына мейіргер жауапты.

    Жадыңызда болсын! Пациенттердің қозғалыс жасау «ағымының» реттілігін қатаң сақтау қажет, санитарлық өңдеу кезінде: қарап-тексеретін орыннан, пациенттер киініп-шешінетін, «таза» бөлмеге қарай,гигиеналық былаудан немесе себезгіден кейін пациент «лас» қарап-тексеретін орынға немесе киініп-шешінетін жерге қайта келмеуі керек.

    Стационардың санитарлық өткізгіші орнында пациентті өңдеуге қажетті құралдардың барлығы болады.Осы жерде кушеткалар, таза киімдер сақталатын шкафтар және лас болған киімдерге арналған орын, санитарлық өңдеуде қолданатын заттар тұратын клеенка төселген үстел— кір сабын, жеке басқа арналған жөкелер, шашты қиятын заттар, бір мәрте қолданылатын қырындыру құралдары (жеке бір пациентке арналған), қайшылар, сонымен қатар, судың және ауаның температурасын өлшейтін термометрлер, шомылатын легенді тазалауға, дезинфекциялауға арналған арнайы жөкелер және щеткалар,санитарлық өткізгішті тазалауға арналған белгі салынған шелектер және еден жуатын қол таяқтар, т.б. Педикулециттердің және дезинфекциялайтын заттар жеткілікті болуы керек, сонымен қатар осы заттарды қолмен шашырататын гидропульт болуы керек.

    ГИГИЕНАЛЫҚ СЕБЕЗГІНІ ЖҮРГІЗУ

    Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу.

    Қарсы көрсетілімдері: пациенттің ауыр жағдайы, қан кетулер, лихорадка, жарақат алу, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы.

    Дайындаңыз: клееңке алжапқышты, резеңке қолғаптарды, щеткаларды, жуынатын легенге арналған детергентті, дез ерітіндіні, су термометрін, сабынды және жөкені, сүлгіні, таза іш киімдерді, резеңке кілемшені.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,сенімді, конфиденциалды, қатынас орнатыңыз.

    2. Пациентке жасалатын іс-әрекеттің мақсатын және жүргізілу барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    3. Клееңке алжапқышты тағып, қолғаптарды киіңіз.

    4. Желдеткіштерді жабыңыз, себезгілік бөлменің еденін тазалағыш заттармен, шетен қолданып, мұқият жуып шығыңыз, дезинфекциялайтын ерітіндімен өңдеңіз, еденге резеңке кілемшені төсеңіз.

    5. Су шүмегін ашып, суды (Т- 35-38ºС) қылыңыз.

    6. Пациентке киім кешегін шешуге көмектесіңіз және оны себезгі бөлмесіндегі орындыққа шынтақтарынан ұстап, демеп отырғызыңыз.

    7. Егер пациент өз бетінше жуына алмайтын болса, оны өзіңіз сабын мен жөкені қолданып, келесі реттілікпен жуындырыңыз: басын – денесін – қолдарын–сан қатпарларын– бұт аралық аймақтарды – аяқтарын.

    8. Пациентке себезгілік бөлмеден шығуға көмектесіңіз, оның денесін осы реттілікпен сүртіп шығыңыз.

    9. Пациенттің таза киімдерін кигізіңіз.

    10. Себезгілік бөлменің еденін тазалайтын заттармен, шетен қолданып, мұқият жуып шығыңыз, дезинфекциялайтын ерітіндімен өңдеңіз.

    11. Күтімге қолданылған заттарды зарарсыздандырыңыз.

    ГИГИЕНАЛЫҚ БЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ

    Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу.

    Көрсетілімдері: дәрігердің тағайындамасы.

    Қарсы көрсетілімдері: кез-келген қан кетулер, пациенттің ауыр жағдайы, лихорадка, жарақаттар, жедел кезеңдегі қан кетулер, жедел жұқпалы аурулар, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы.

    Дайындаңыз: су термометрін, қайшыларды, сүлгіні, сабын мен жөкені, иіс сабынды,сусабынды, таза іш киімдерді, резеңке қолғаптарды, клеёңке алжапқышты, ішінде зарарсыздандратын ерітінді бар ыдысты, аяқ тірегішті.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,сенімді, конфиденциалды, қатынас орнатыңыз.

    2. Пациентке жасалатын іс-әрекеттің мақсатын және жүргізілу барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    3. Клееңке алжапқышты тағып, қолғаптарды киіңіз.

    4. Желдеткіштерді жабыңыз себезгілік бөлменің еденіне резеңке кілемшені төсеңіз,(ағаш торшасын), еденді тазалағыш заттармен, шетен қолданып, мұқият жуып шығыңыз, дезинфекциялайтын ерітіндімен өңдеңіз

    5. Былау сауытының жартысына дейін алдымен салқын сумен, содан соң жылы сумен толтырыңыз, су температурасы– 35 - 37ºС.

    6. Пациентке киімін шешуге көмектесіңіз.

    7. Пациентті былау сауытына, оны артқы жағынан, шынтақтарынан демеп,аяқтарын тірегішке тіретіп ұстаңыз да, орындыққа абайлап отырғызыңыз, ал су деңгейі пациенттің кеудесінің семсерше тәрізді өскініне дейін жетіп тұруы керек, (толық былау).

    8. Пациентті ол өз бетінше жуына алмайтын болса, келесі реттілікпен жөкені қолданып жуындырыңыз: басын, денесін, қолдарын,ішін, бел аймағын, аяқтарын, сан қатпарларын, бұт аралығын.

    9. Пациенттің иықтарын сүлгімен жабыңыз және оған былау сауытынан шығуға көмектесіңіз,( қажет болған жағдайларда, екі адам көмектеседі).

    10. Пациенттің денесін тура осы реттілікпен сүртіп шығыңыз.Ерекше көңілді табиғи қатпарларына бөле отырып, саусақ аралықтарын құрғатып шығыңыз.

    11. Пациенттің аяқ, қол тырнақтарын қиып алыңыз.(стандартын қара).

    12. Пациентке шашын тарап, киінуге, аяқ киімін киюге көмектесіңіз.

    13. Былау сауытынан суды ағызып жіберіңіз және оны дезинфекциялайтын ерітіндімен өңдеп,ағынды сумен шайыңыз.

    14. Қолданған күтім заттарын дезинфекиялаңыз.

    15. Қолғаптарды шешіңіз және қолыңызды жуып құрғатыңыз.

    Есіңізде болсын: былаудың ұзақтығы –25 минуттан аспауы керек.

      • Былау қабылдап жатқан пациентті қараусыз қалдыруға болмайды,міндетті түрде оның жалпы жағдайын, өзін-өзі сезінуін бақылап тұру керек (сыртқы түрін және пульсін);

      • Пациенттің жалпы жағдайының нашарлауы болғанда, дереу былау қабылдауды доғару керек, дәрігерді шақыртып, пациентке алғашқы көмек көрсету қажет;

      • Жартылай былау – су деңгейі кіндігіне дейін жетеді.

    ПАЦИЕНТ ТЕРІСІН ЫЛҒАЛДЫ СҮРТУ

    Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу.

    Көрсетілімдері: пациенттің ауыр жағдайы, қатаң төсекте жату ережесі.

    Дайындаңыз: клееңкені, ақжайманы, лотокты, кіршіні, Т-35-37С жылы суды, сүрткіні немесе сүлгіні, ауыстырып киетін ішкиімдермен, көрпе жастық тыстарын, қолғаптарды, шүбіректен жасалған жең қапты, кір сейсептерге арналған су өтпейтін мөшекті, «Б» класына арналған ҚЖЖК (Бұйрық №357).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,сенімді, конфиденциалды, қатынас орнатыңыз.

    2. Пациентке жасалатын іс-әрекеттің мақсатын және жүргізілу барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    3. Стерилді қаптамадағы қолғаптарды дайындаңыз, орамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерінің сәйкестігін тексеріңіз. Қолғап орамасының сыртқы қабатын ашып, жайып қойыңыз.

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолғаптарды киіңіз.

    5. Пациенттің астына клееңке төсеңіз.

    6. Кіршіге жылы су құйыңыз.

    7. Пацинттің денесінің жоғарғы бөлігін киімінен босатыңыз.

    8. Сүрткіні, сүлгінің жартысын немесе дәкеден жасалған шүберекті жылы сумен ылғалдап алыңыз, аздап сығып алыңыз.

    9. Пациенттің денесін келесі реттілікпен сүртіңіз: бетін, иек астын, құлақтарының артын,мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің астындағы қатпарларды, қолтық астын .

    10. Сүлгінің құрғақ жағымен пациенттің денесін жоғарыда көрсетілген реттілікпен құрғатып, сүртіп алу керек және пациентті көрпесімен жауып қойыңыз.

    11. Тура осы әдіспен пациенттің арқасын, ішін, сандарын, аяқтаын сүртіп шығады.

    12. Пациенттің аяқ, қол тырнақтарын қиып алыңыз.(стандартын қара).

    13. Қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК салыңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНЕ САЛМАҒЫН ӨЛШЕУ

    Мақсаты: диагностикалық.

    Көрсетілімдері: дене салмағының тапшылығын, семіздікті, жасырын ісінулерді анықтау, дене салмағының динамикасын бақылау, емдеу процесінде болатын ісінулерді тіркеу үшін; пациент стационарға түскен кезде.

    Қарсы көрсетілімдері: пациенттің ауыр жағдайы, төсекте жату ережесі.

    Дайындаңыз: едендік таразыны,стационарлық пациенттің медициналық картасын, температура парағын, қолғаптарды, бір мәрте қолданылатын клееңкені, «Б» класына арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,сенімді, конфиденциалды, қатынас орнатыңыз

    2. Пациентті дене салмағының өзгеру динамикасының ерекшеліктерімен таныстырыңыз.

    3. Дене салмағын өлшеуді күнде бір уақытта жүргізіңіз, (таңертең, аш қарында), (егер ол емдеу бөлімінде жасырын ісінулерді анықтау мақсатымен жатқан пациент болса).

    4. Стерилді қаптамадағы қолғаптарды дайындаңыз, орамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерінің сәйкестігін тексеріңіз Қолғап орамасының сыртқы қабатын ашып, жайып қойыңыз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолғаптарды киіңіз.

    6. Таразының тілдері нөлді көрсетіп тұруы керек.

    7. Таразының алаңшасына клееңкені төсеңіз.

    8. Пациентке аяқ киімсіз, іш киімімен, таразаның алаңшасына абайлап, шығып, тұруына көмектесіңіз.

    9. Таразы шкаласының көрсеткіштерін белгілеп алыңыз.

    10. Алынған көрсеткіштер температура парағына (ф-004/е) жазыңыз, пациентке өлшем нәтижелерін айтыңыз.

    11. Пациентке абайлап таразы алаңшасынан түсүге көмектесіңіз

    12. Клееңкені алып, ҚЖЖК-ға тастаңыз.

    13. Қолғаптарды шешіп, ҚЖЖК-ға тастаңыз.

    14. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Есіңізде болсын:

      • Пациенттің дене салмағын өлшеуді ол қуығын босатқаннан соң және үлкен дәрет алғаннан кейін жүргізеді.

    ПАЦИЕНТТІҢ БОЙЫН ӨЛШЕУ

    Мақсаты: пациенттің физикалық даму көрсеткіштерін бағалау;

    Көрсетілімдері:пациентті алғашқы тексеру, динамикалық бақылау, пациентті стационарға қабылдау.

    Дайындаңыз: бой өлшегішті, бір мәрте қоланылатын клееңканы, қолғаптарды, «Б» класына арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,сенімді, конфиденциалды, қатынас орнатыңыз

    2. Стерилді қаптамадағы қолғаптарды дайындаңыз, орамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерінің сәйкестігін тексеріңіз Қолғап орамасының сыртқы қабатын ашып, жайып қойыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолғаптарды киіңіз.

    4. Бой өлшегіштің алаңшасына клееңкені төсеңіз.

    5. Бой өлшегіштің бір шетінде тұрыңыз және жылжымалы планканы пациенттің бойынан жоғарырақ қылып ұстаңыз.

    6. Пациентке бой өлшегіштің алаңшасына вертикалды тік планкасына арқасымен, оған өкшелерін,бөкселерін, жауырындарын, желкесін тигізіп, қатты сүйенбей тұруын сұраңыз.

    7. Жылжымалы планканы пациенттің төбесіне дейін түсіріңіз.

    8. Пациентке бой өлшегіштің алаңшасынан түсуін сұраңыз.

    9. Пациенттің бойын бой өлшегіштің шкаласынан жылжымалы планканың төменгі жағындағы көрсеткіштен анықтаңыз.

    10. Пациентке өлшем нәтижесін айтыңыз.

    11. Алынған өлшем нәтижелерін тіркеңіз.

    12. Клееңкені алып, ҚЖЖК-ға тастаңыз.

    13. Қолғаптарды шешіп, ҚЖЖК-ға тастаңыз.

    14. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64


    написать администратору сайта