Главная страница
Навигация по странице:

  • ҚОЛДЫ АНТИСЕПТИКПЕН ГИГИЕНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨҢДЕУ (европалық стандартқа сәйкес) Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • СТЕРИЛДІ ҚОЛҒАПТАРДЫ КИЮ Мақсаты

  • Ескерту

  • ММ-дегі санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар. Дезинфекциялау. Стерилдеу. Дезинфекциялайтын заттармен жұмыс істеу ерекшеліктері

  • Дезинфекциялайтын ерітінділермен жұмыс ітегендегі қауіпсіздікті сақтау шаралары.

  • Дезинфекциялайтын заттармен кездейсоқ улану болғандағы алғашқы көмек көрсету шаралары.

  • Дезинфекциялайтын зат теріге тигенде: Дереу зақымдалған тері телімін ағынды сумен жуу және оны жұмсартатын сықпа маймен майлау.Дезинфекциялайтын зат көзге түсіп кеткенде

  • Дезинфектанттың өзі немесе оның ерітіндісі асқазанға түсіп кетсе

  • Құстыруға болмайды! Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрінің бұйрығы 31 мамыр 2017 жыл № 357 Санитарлық ережелерді бекіту туралы

  • "Денсаулық сақтау обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница4 из 64
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64

    Ескерту:

    • қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмаған жағдайларда, қолдарды антисептикпен өңдеуге болады;

    • құрғақ қолдарыңызға 3-5 мл антисептикалық затты құйыңыз және оны қолдарыңызға кеуіп кеткенше ысқылыңыз, ерекше көңілді саусақ ұштарына және тырнақ айналасындағы теріге, саусақ аралықтарына аудару керек. Осылай өңдегеннен кейін қолды сүртуге болмайды! Сонымен қатар әсер ету уақытын да қатаң сақтау маңызды. Қолдарыңыз антисептикпен 15секундтай уақыт ылғалды болып тұруы керек. (немесе тері антисептигінің нұсқаулығында көрсетілген уақыт аралығында сулап ұстау керек);

    • беткейлерді өңдеудің «таза аймақтан лас аймақтарға қарай» принципі сақталуы керек; Жуылған қолдарыңызбен айналадағы заттарды ұстауға болмайды;

    • пациентті қарап тексергеннен кейін немесе ем-шараны орындағаннан соң,қолды қолғаптарды шешпей тұрып, екі рет сабындап жуу керек және қолғаптарды шешкеннен соң тағы да жуылады.



    ҚОЛДЫ АНТИСЕПТИКПЕН ГИГИЕНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨҢДЕУ

    (европалық стандартқа сәйкес)

    Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру және жою, медициналық персоналдың және пациенттің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Көрсетілімдері: инвазивті ем-шараларды орындау алдында және орындағаннан кейін; терісінің бүтіндігі бұзылған пациентке ем-шара орындау алдында және орындағаннан кейін; жаралармен және катетерлермен жұмыс жасағаннан кейін, қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен, науқастың бөлінділерімен жанасқаннан кейін, жұқпалы және паразитарлық аурулардың белгілері бар пациенттермен жанасу алдында және жанасқаннан кейін,жаңа туылған нәрестелерді қарап тексеру алдында.

    Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңді жаралардың, сызаттардың және жарақаттардың болуы, тері аурулары болғанда.

    Дайындаңыз: жылы ағынды суды, флакондағы мөлшерлемелері бар сұйық сабынды және тері антисептигін, бір мәрте қолданылатын сүлгіні немесе сүрткілерді, ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз (стандартты қара).

    2. Алақанға 3 мл антисептикті құйыңыз.

    3. Қолыңызды антисептик толық кеуіп кеткенше мұқият, іс қимылдардың реттілігін евростандартқа сәйкес сақтай отырып ысқылаңыз.(қолды антисептикпен өңдегеннен кейін сүртуге болмайды):

    • Бір алақанды екінші алақанға бастапқы қимылдар қайталанатын қозғалыстар жасап,бір-біріне аздап ысқылау;

    • Оң алақанмен ол қолдың сыртқы жағын жуу және қолдарыңызды ауыстыру;

    • Қайтадан алақанды алақанмен, бір қолдың саусақ аралықтарымен екінші қолдың саусақ аралықтарының ішкі жағына көңіл бөліп жоғары төмен қарай жуу;

    • Екі қолдың саусақтарын бірдей «құлпы» тәрізді қылып біріктіріңіз, бүгілген саусақтардың сыртқы жағын екінші қолдың алақанына үйкелеп жуыңыз,қолдарды ауыстырыңыз;

    • Бір қолдың үлкен саусағын екінші қолдың бірінші және екінші саусақтары арасында толық қамтып ұстап, айналмалы қимылдармен, ысқылап жуыңыз, осы қолдың білегін қапсыра ұстап жігерлі қимылдар жасап жуыңыз және қолдарыңызды ауыстырыңыз;

    • Бір қолдың саусақтарын біріктіріп, саусақ ұштарын екінші қолдың алақанына айналмалы қимылдар жасап, ысқылап, жуыңыз және қолдарыңызды ауыстырыңыз;

    1. Тері антисептигі толық кеуіп кетуін қамтамасыз етіңіз.

    Ескерту:

    Антисептикті қолданбай тұрып оған берілген методикалық ұсыныстарын оқып шығу керек.

    Қолды тиімді зарарсыздандырудың негізгі жағдайы, өңдеуге қажетті уақытта қолды ылғалды қылып ұстап тұру керек.

    СТЕРИЛДІ ҚОЛҒАПТАРДЫ КИЮ

    Мақсаты:персоналдың және пациенттің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    • Қолғаптар пациенттермен немесе олардың бөлінділерімен жанасқанда болуы мүмкін кәсіптік ауру жұқтырып алудың алдын алады;

    • Қолғаптар персоналдың қолдарын транзиторлық қоздырғыштармен контаминацияланудан сақтайды және микробтардың ары қарай пациентке берілу қаупін төмендетеді;

    • Қолғаптар пациенттерге медициналық қызметкерлердің қолдарының резидентті микробтары болып табылатын микробтарды жұқтырып алу қаупін төмендетеді.

    Көрсетілімдері:инвазивті ем-шараларды орындағанда, кез-келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, пациенттің немесе медициналық персоналдың тері бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер мен манипуляциялар жасалғанда; клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда пациенттерден алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, пациентке күтім жасағанда.

    Дайындаңыз: орамадағы стерилді қолғаптарды, тері антисептигін, қауіпсіз жинайтын және жоятын контейнерді «Б» класына жататын медициналық қалдықтарға арналған (ҚЖЖК).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Орамадағы стерилді қолғаптарды дайындап қойыңыз, олардың бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және сіздің қол өлшеміне сәйкес келетінін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы орамасын ашыңыз да сыртқы ораманы жайып қойыңыз.

    2. Қолыңызға гигиеналық деңгейде деконтаминация жүргізіңіз және тері антисептигімен өңдеңіз.

    3. Қолғаптардың стерилді ішкі орамасын ашып, бүктемелерін жайып қойыңыз.

    4. Оң қолға арналған қолғапты сол қолмен қайырмасынан, саусақтарыңыз қолғаптың қайырмасының ішкі жағына тиіп кетпейтіндей қылып ұстаңыз.

    5. Оң қолдың саусақтарын біріктіріп, оларды қолғапқа енгізіңіз.

    6. Оң қолдың саусақтарын ажырытыңыз және оларға қолғапты, қайырмасын бұзбай кигізіңіз.

    7. Сол қолға арналған қолғаптың қайырмасының астына, қолғап киілген оң қолдың 2-ші, 3-ші және 4-ші саусақтарын, оң қолдың 1-ші саусағы сол қолға арналған қолғаптың 1-ші саусағы жағына қарап тұратындай қылып, енгізіңіз.

    8. Сол қолға арналған қолғапты қайырмасының астынан оң қолдың 2-ші, 3-ші және 4-ші саусақтарымен вертикалды қылып ұстаңыз.

    9. Сол қолдың саусақтарын біріктіріңіз де оларды қолғапқа енгізіңіз.

    10. Сол қолдың саусақтарын ажыратыңыз және оларға қолғапты қайырмасын бұзып алмай енгізіңіз.

    11. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз,сосын оң қолғаптың қайырмасын сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарының көмегімен,оларды қайырма астына енгізу арқылы жазыңыз.

    Ескерту: бір қолғаптың бүтіндігі бұзылған кезде, дереу екі қолғап бірдей ауыстыру керек, себебі бір қолғапты шешкенде, екіншісін ластамай шешу мүмкін емес.

    ҚОЛҒАПТАРДЫ ШЕШУ

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолғаптағы оң қолдың саусақтарымен сол қолдың қолғабының тек сыртқы жағынан ұстап, осы қолғапты теріс айналдырып, тартып шешіп алыңыз.

    2. Сол қолдың қайырылып шешілген қолғабын, қолғаптағы оң қолмен мыжып, ұстап тұрыңыз.

    3. Сол қолдың қолғапсыз екі саусағын оң қолдың қолғабының астына енгізіп, қолғапты сыртқа қайырып шешіңіз.

    4. Екі қолғапты (сол қолдың қолғабы оң қолдың қолғабының ішінде) медициналық қалдықтардың «Б» класына арналған ҚЖЖК тастау керек.

    Бақылау сұрақтры:

    1. Аурухана ішілік инфекция туралы түсінік?

    2. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау туралы нормативті- құқықтық құжаттар.

    3. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер дегеніміз не?

    4. Инфекцияның ауру көзін атаңыздар

    5. Инфекцияның берілу жолдарын атаңыздар

    6. Артифициалды жол – бұл …………………

    7. АІИ алдын алудағы қауіпсіздікті сақтау шаралары

    8. АІИ алдын алудағы бақылау шаралары

    9. Қолды деконтаминациялау деңгейлерін атаңыздар

    ММ-дегі санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар. Дезинфекциялау. Стерилдеу.

    Дезинфекциялайтын заттармен жұмыс істеу ерекшеліктері

    Инфекциялық емес стационарда дезинфекциялық шараларды жүргізу ерекшеліктері бөлімшенің профилімен анықталады.

    Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялайтын ерітінділер,нұсқаулығында көрсетілген (ерітінділерді қолдану методикалық нұсқаулықтарында) жарамдылық мерзіміне байланысты қолданады. Дезинфекциялық шаралардың жүргізілу тиімділігі көптеген құрама бөліктерге байланысты болады, олардың ең маңыздысы болып табылады:

      1. дезинфекциялайтын заттарды қатаң тек белгіленген бір (регламентталған) концентрацияда қолдану;

      2. дезинфекциялайтын ерітінділерді немесе газ тәрізді заттарды дезинфекциялайтын заттардың зарасыздандырылатын обьектілермен жеткілікті деңгейде жанасуын қамтамасыз ететіндей мөлшерінде жұмсау;

      3. дезинфекциялайтын заттар әсер етуі үшін белгілі бір уақытпен қамтамасыз ету. (экспозиция).


    Жүргізілген күнделікті және қорытынды дезинфекцияның тиімділігін бақылауды қоршаған ортаның әртүрлі обьектілерінен жуынды суды алумен, (есік тұтқаларынан, палатадағы жихаздардан және т.б.жағынды алумен) және алынған материалдарды әрі қарай бактериологиялық әдіспен зерттеумен жүргізеді.

    Медициналық персонал таңдап алынған белгілі бір заттың қолданылуы туралы әдістемелік нұсқауын, микробқа қарсы әсер етуі ауқымына ерекше көңіл бөліп зерттеп оқып шығуы керек (дезинфекциялайтын жердің бетіндегі микроорганизмдердің толық жойылуын қамтамасыз етеді ме), токсикалық параметрін (науқастар жатқанда қолдануға болатын болмайтындығын, онымен жұмыс жасағанда абайлау шараларының қандай түрін қолдану керек екендігін және т.б.) осы дезинфекциялайтын заттың жуғыш әсері бар ма жоқ па екендігін, сонымен қатар осы заттың сипаттамасында бар ерекшеліктерін білуі керек.

    Дезинфекциялайтын заттардың ерітінділерін арнайы бөлінген, желдеткіш пен ауаны сорып алатын қондырғылар немесе сорып алатын шкафтар орнатылған орындарда дайындайды. Персонал жұмыс істегенде арнайы киімдерді киіп жүруі керек: халатты, медициналық баскиімді, дәкеден жасалған бет пердені тағуы, резеңке қолғаптар киюі, егер нұсқау болса онда белгілі бір өндіріс орнынан шыққан, респираторды және қорғайтын көзілдіріктерді тағуы керек.

    Дезинфекциялайтын заттардың ерітінділерін дезинфекциялайтын заттарды құбыр суымен арнайы техникалық сыйымдылықта (сауытта) араластыру арқылы дайындайды. дезинфекциялайтын заттың жұмыс ерітіндісін дайындау үшін оның қажетті мөлшерін құрғақ түрінде таразыға тартып өлшейді немесе өлшеу үшін арнайы мөлшерлі қасықтарды қолданады. Сулы ерітінді немесе спиртті концентратты түріндегі дезинфекциялайтын заттарды олардың жұмыс ерітіндісін дайындау үшін арнайы белгі ұрылған стаканның, тамызғыштың немесе шприцтің көмегімен өлшейді. Кейбір кездерде дезинфекциялайтын заттар флакондарда, олардың қақпақтарында екінші қақпақ түрінде қондырылған немесе алынып-салынатын мөлшерлегіш ыдыс түрінде немесе қондырылған арнайы сорғыш ыдыс түрінде шығарылады.

    Қажетті концентрациядағы жұмыс ерітіндісін дайындаған кезде құрғақ затпен судың ұсынылған қатынасын сақтау өте маңызды. Қалыпты жағдайда жұмыс ерітіндісін дайындаған кезде алдымен ыдысқа талап етілген мөлшердегі су құйылады, содан кейін оған дезинфекциялайтын затты салады, араластырады да бетін қақпақпен толық еріп кеткенше жауып қояды.Таблетка түрінде немесе басқа да әртүрлі орамада шығарылған дезинфекциялайтын заттардың жұмысшы ерітіндісін дайындау ыңғайлылырақ болады.

    Химиялық табиғатына байланысты кейбір заттардың жұмысшы ерітіндісін алдын ала дайындап қояды және беті жабық ыдыста арнайы бөлмеде қолданылғанша белгілі бір уақытқа дейін (тәулік және тәуліктен аспайтын уақыт)сақтайды,кейбіреулері дайындалғаннан кейін бірден қолданылады.

    Дезинфекциялайтын ерітінділермен жұмыс ітегендегі қауіпсіздікті сақтау шаралары.

    • дезинфекциялайтын заттармен жұмыс жасауға жасы 18-ден асқан, қауіпсіздік техникасының, қауіпсіздік шараларын сақтаудың және кездейсоқ уланулардың алдын алатын тиісті нұсқаулықтардан өткен адамдар жіберіледі;

    • осы заттармен жұмыс жасауға химиялық заттарға көтеріңкі сезімталдығы, аллергиялық аурулары, өкпесінің және жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар адамдар жіберілмейді;

    • персонал нұсқаулықтан және арнайы дайындықтан өткен, дезинфекциялайтын заттарды дайындау және қолдану әдістеріне үйретілген болуы керек;

    • дезинфекциялайтын заттардың жұмысшы ерітінділерін дайындау жақсы желдетілетін бөлмелерде немесе сорғыш–желдеткіш шкафтар астында жүргізген дұрыс;

    • заттарды қақпағы тығыз жабылатын, қара түсті ыдыстарда, құрғақ, салқын жерде, адамдар жалпы қолданатын жерлерден аулақ бөлмелерде сақтау қажет;

    • барлық дезинфекциялайтын заттар және олардың ерітінділері міндетті түрде аты, қоюлығы, дозасы,дайындалған күні және жарамдылық мерзімі көрсетіліп, сыртына жазылған ыдыстарда сақталуы керек;

    • . заттарды жылу қондырғылары көзінен аулақ, тік түскен күн сәулесінен таса, балалардың қолы жетпейтін жерде, дәрілік препараттардан бөлек сақтау қажет;

    • дезинфекциялайтын, стерильдейтін химиялық заттармен және инсектицидтермен жасалатын барлық жұмыстар арнайы киімдерді киіп,резеңке қолғаптармен , герметикалық көзілдіріктермен және төрт қабат дәке бет пердесін тағып немесе шаң-тозаңға қарсы респираторды киіп жүргізіледі.

    • осы заттармен жұмыс істегенде олардың теріге және көзге тиіп кетуінен аулақ болу керек;

    • осы заттармен жасалатын жұмыстың барлық түрін қол терісін резеңке қолғаптармен қорғап жүргізген дұрыс. Тыныс алу жолдарын қорғау үшін универсалды респираторларды қолдану керек, ал көзді қорғау үшін герметикалық көзілдіріктер қолданылады;

    • бұл заттармен жұмыс істеу кезінде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажет. Жұмыс аяқталғанда қолды және бетті сабындап жуу керек.

    • әкімшілік өкілі дезинфекциялайтын заттарды қолдану туралы нұсқаулықтардың жасалуына және орындалуына жауапты болуы керек;



    Дезинфекциялайтын заттармен кездейсоқ улану болғандағы алғашқы көмек көрсету шаралары.

    • Тыныс алу жолдарының тітіркену белгілері пайда болғанда:

    • осы заттармен жұмыс істеуді тоқтату;

    • зардап шегушіні тез арада жұмыс орнынан таза ауаға немесе жақсы желдетілетін бөлмеге шығару;

    • ауыз мұрын-жұтқыншақ қуысын сумен шайқау;

    • жылы сұйықтық ішкізу (сүтке натрий гидрокарбонатын немесе минеральды су қосып («Боржоми») беруге болады.

    Дезинфекциялайтын зат теріге тигенде:

    Дереу зақымдалған тері телімін ағынды сумен жуу және оны жұмсартатын сықпа маймен майлау.

    Дезинфекциялайтын зат көзге түсіп кеткенде:

    Көзді таза су ағымымен 10-15 минуттай ұзақтықта жуу, содан соң көздерге 1-2 тамшы 30% сульфацил натрий ерітіндісінің 1-2 тамшысын тамызу керек. Тез арада окулист дәрігерге көріну керек.

    Дезинфектанттың өзі немесе оның ерітіндісі асқазанға түсіп кетсе:

    -зардап шегушіге ішіне белсендірілген көмірдің 10-20 таблеткасы үгітіліп салынған бірнеше стакан су ішкізу керек. Мүмкіндігінше дәрігерге қаралу керек. Құстыруға болмайды!

    Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрінің бұйрығы

    31 мамыр 2017 жыл № 357
    Санитарлық ережелерді бекіту туралы


    "Денсаулық сақтау обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»

    Денсаулық сақтау обьектілерінде санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-алдын алу шараларын ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

     

    Денсаулық сақтау объектілерінде аурухана ішілік жұқпалы аурулардың (ары қарай АІИ) алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін жұқпалы ауруларды бақылау бағдарламасы жасалады және ол қарастырады:

    1) аурухана ішілік жұқпалы ауруларды есептеу және тіркеуді;

    2) аурушаңдық анализін жасау, қауіп қатерлі факторларды анықтау, пайда болған АІИ себептерін зерттеп, айқындау және оларды болдырмау шарраларын жасау;

    3) микробиологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүзеге асыру;

    4) антибиотикпен профилактика жасауды және антибиотикотерапияны жүргіздің тактикасын жасау;

    5) кәсіптік аурулардың алдын алатын шараларды ұйымдастыру;

    6) персоналды жұқпалы ауруларды қадағалау сұрақтарына, ережелеріне үйрету;

    7) санитарлық –эпидемияға қарсы ережені ұйымдастыру және қадағалау;

    8) медициналық қалдықтарды жинауды,зиянсыздандыруды,сақтауды және тасымалдауды ұйымдастыру.

    Жұқпалы емес ауруларға арналған денсаулық сақтау объектілерінде, айналасындағыларға эпидемиологиялық қауіп төндіретін жұқпалы аурумен ауыратын науқас табылғанда, ол дереу изоляторға ауыстырылады. Изолятор болмаған жағдайларда жұқпалы аурумен ауыратын пациент, кеселіне сәйкес келетін ауруханаға ауыстырылады.

    Стационарлық ем қабылдауға түскен пациенттердің жылжу ағымын сақтау, жоспарлы түрде түскендерін және жедел түскендерін, қабылдау бөлімінен профилі бойынша емдеу бөлімшесіне жатқызу. Шұғыл жағдайларда жедел көрсеткіштер (клиническим көрсеткішімен) бойынша науқастарды бірден операциялық, анестезиологиялық және реанимациялық бөлімдерге, босанатын залға, қабылдау бөліміне кірмей апаруға болады.

    «Лас» және «таза» ағымдардың, бір-бірімен кездесіп қалуын болдырмау мақсатымен науқастарды, келіп-кетушілерді, дайын тамақты тасымалдайтын бөлек лифтері белгілеп қояды. Және ол лифтерді «жағдайлы лас» және «жағдайлы таза» деп бөліп қолданады.

    Қабылдау бөлімінде стационарға жататын пациенттің тамағы қарап, тексеріледі, дене қызуы өлшенеді, педикулезге, қышыма қотырға, дерматомикозға қаралады,ауру тарихына белгі соғылады.

    Жұқпалы ауру бар деген күдік туындағанда пациентті қабылдау бөліміндегі диагностикалық палатаға (боксқа), ол жұқпалы аурулар бөліміне (стационарына) ауыстырылғанша оңашалайды.

    Іріңді-септикалық жұқпалы аурулары бар пациенттерді іріңді-хирургиялық бөлімшеге ауыстырады, егер бөлімше болмаса бөлек палатаға жатқызылады

    Стационарға жататын пациенттерге санитарлық өңдеу жүргізіледі және таза киім кешек кешені беріледі, пижама мен үй аяқ киімі беріледі. Стационарда пациенттің өз үй киімімен жүруіне рұқсат беріледі, тек туберкулезге карсы емдейтін мекемелердің пациенттеріне бұған рұқсат берілмейді.

    Палаталардағы кереуеттер бөлме көлеміне, қала құрылысы мен құрылыс архитектуралық бөлімдері саласының, сәйкес келетін күші бар мемлекеттік нормативтерінде келтірілген талаптарда көрсетілгендей қатаң саны сақталып орналастырылады.

    Науқастарды ауруханаға жатқызу барысында палаталарды толтырудың кезеңдігі сақталады (үш күнтізбелік күн ішінде).

    Денсаулық сақтау объектісінде эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты кереуеттердің профилін ауыстыру, мемлекеттік органның территориалдық көрсеткішімен байланысты болып, тұрғын халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жақсы жағдайда болуына бағытталып шешіледі.

    В гирудотерапия жасалатын кабинеттерде сүліктер бір рет қана қолданады, қайталанып қолдануға жол берілмейді. Қолдылған сүліктер қабылданған «Б» класына жататын медициналық қалдықтарды жою ережесіне сәйкес жойылады.

    Терінің және сілемейлі қабықтың бүтіндігінің бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет қолданылатын қолғаптарды киіп жасалады.

    Медициналық персонал қолдарын әрбір медициналық манипуляциялардан кейін, қолды жуудың деңгейлерін қатаң сақтап, жуады.

    Өндірістік бақылауды ұйымдастыруды жүргізу шаралары нормировативтік құжаттарға сәйкес жүргізіліп отырады.

    Денсаулық сақтау объектілерінде жүргізілетін дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шаралар жүйелілік түрде, сәйкес келетін нормативті құжаттардың негізінде ұйымдастырылады және жүргізіледі.

     
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64


    написать администратору сайта