Главная страница
Навигация по странице:

  • Халаттар

  • Бет пердені кию және шешу

  • Алдымен бет перделердің қандай түрлері болатынын қарастырып көрейік.

  • Медициналық мекемелердің әкімшілік қызметкерлеріне сақтанудың универсалды шараларын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету бойынша ұсынылады.

  • Медициналық персоналды оқыту.

  • Инвазивті араласулардың санын азайту

  • Қажетті қондырғылармен қамтамасыз ету

  • Ішкі тәртіпті ұйымдастыру

  • Қауіпсіздіктің стандартты шаралары

  • Деконтаминация

  • Резидентті микрофлора ( қалыпты, әрдайым болатын, колона түзетін)

  • Транзиторлық (колона түзбейтін, тұрақты емес, көшпелі) микрофлора

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің

  • Деңгейлері: Әлеуметтік (тұрмыстық) Гигиеналық Хирургиялық

  • ҚОЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕ ЖУУ Мақсаты

  • Дайындаңыз

  • ҚОЛДЫ ГИГИЕНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЖУУ (ДЕКОНТАМИНАЦИЯЛАУ) (европалық стандартқа сәйкес) Мақсаты

  • Орындалуы міндетті жағдай

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница3 из 64
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64

    Қорғану киімдерді қолдану:

    Дұрыс қолданылатын болса қорғаныс киімдері При правильном (халат, бет перде, алжапқыш, көзілдіріктер) инфекцияның мейіргерден пациентке және керісінше берілу жолдарының тосқауылы бола алады. Кейбір жағдайларда олар қауіпсіздік жағдайында болудың жалған сезімін беруі мүмкін және керісінше аурухана ішілік инфекцияның берілу қаупін жоғарылытып жібереді.

    Халаттар полиэтиленді немесе клеенкадан жасалған алжапқыштардан гөрі қауіпсіздікті толығырақ қамтамасыз етеді, бірақ халат тез арада ылғалданып кетеді және зарарланады. Күтім жасағанда инфекцияның берілуінің алдын алатын алжапқыштарды және халаттарды бір ем-шараны орындауға ғана қолданған абзал, бір мәртеден кейін оларды ауыстыру керек мысалы: ( пациенттің ластанған көрпе жастық тыстарын ауыстырғаннан кейін);

    Қолғаптар (таза немесе стерилді) — қорғаныс киімдерінің бір бөлігі. Қолғаптар киіледі:

    • қанмен жанасқанда ;

    • ұрық суымен немесе қынап сұйықтығымен жанасқанда;

    • ауыз, мұрын сілемейлі қабықтарымен контакте жанасқанда;

    • қан араласқан араласпағанына байланысты емес, кез- келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда;

    • мейіргерлік персоналдың және/немесе пациенттің қол терілерінің бүтіндігі бұзылғанда ;

    • қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтармен жанасатын (зәрмен, нәжіспен) материалдармен немесе басқа да құралдармен жұмыс жасау қажет болғанда (катетерлермен, эндотрахеалды трубкалармен т. б).

    Стерилді қолғаптарды ешкімнің көмегінсіз ақ киюге болады.

    Бет пердені кию және шешу

    Ауа- тамшы арқылы тарайтын инфекцияның эпидемиясы кезінде, сонымен қатар науқас адаммен жанасу барысында медициналық бет пердені қолдану, жұқтыру қаупін 50%-ға дейін төмендетеді. Бірақ бет пердені тағудың белгілі бір ережелерін сақтау маңызды, өйткені ережесі сақталмаса оны тағу тиімді болмауы мүмкін. Керісінше жағдайларда бет перде жұқпадан сақтап қалудың орнына, жұқтыру қаупін жоғарылатып жібереді.

    Алдымен бет перделердің қандай түрлері болатынын қарастырып көрейік.

    Бір мәрте қолданылатын бет перделер қағаздан немесе матадан жасалған болады. Олар 2 сағат бойы тиімді сақтайды, ары қарай ылғалданып кетеді және қорғаныс жасауын доғарады. Сондықтан 2 сағат қолданғаннан кейін бет пердені ауыстыру қажет болады

    4-қабатты дәкеден жасалған бет перделерді, әрбір 4сағат сайын ауыстырады. Осындай бет перделардің тиімділігі – олардың көп рет қолдануға болатындығында.Бірақ та бұл бет перделерді қолданғаннан кейін, дезинфекциялауды ұмытпау керек.

    Қорғаныс бет перделері инфекция жұғу қаупі бар кездерде тағылады. Ауру жұқтырып алу қаупі бар жерлер :аурулардың өршіп тұрған кездегі адамдар көп жиналатын жерлер,(ауруханалар, емханалар, қоғамдық көліктер).

    Медициналық бет пердені қалай тағу керек? Бет пердені тағу өзін өзі ақтауы үшін және инфекцияның таралуы жоғарылап кетпеуі үшін оны дұрыс тағу өте маңызды. Бет пердені дұрыс тақпау себебінен жұқпалы аурулар тез тарап кетеді, сондықтан дұрыс тағу және дер кезінде медициналық қалдыққа тастау керек. Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бет перде тағу бойынша келесі ұсыныстарды береді:

    Бет перде мықты бекітілуі керек, ауызды, мұрынды толық,бет пен перде арасында ашық жер қалдырмай тығыз жауып тұруы керек;

    Тағылған бет пердеге қол тигізуге болмайды . Егер қолыңыз тиіп кетсе, мысалы оны алып тастау немесе түзету үшін, қолыңызды мұқият сабындап жуу керек немесе тері антисептигімен өңдеу керек.

    Ылғалданып қалған немесе суланып кеткен бет пердені дереу жаңасына ауыстырып алу керек;

    Бір мәрте қолданылатын бет пердені қайталап тағуға болмайды;

    Қолданыста болған бет перделерді тез арада медициналық қалдық деп санап, ҚЖЖК-ге тастау керек.

    Егер жұмыс жасау барысында сіз бет пердеңіздің ылғалданып, суланып кеткенін сезсеңіз оны жылдам, жаңасына ауыстырып алыңыз. Перде сүзгісінің дем алатын ауаның ылғалдылығымен тез арада толып, бітеліп қалуы, оның тесіктерін жауын тастайды да, перденің тиімділігін төмендетеді. Сонымен қатар бітеліп қалған сүзгілік тесіктер оларға отырып қалған бактериялардың көбейіп кетуіне жақсы қоректік орта болады. Тағулар арасында бет пердені мойынға түсіріп қоюға немесе қалтаға салып жүруге тиым салынады. Сонымен қатар бір мәрте қолданыста болған бет пердені қайталап тағуға мүлдем болмайды. Қолданылған пердені оның бауларынан немесе резеңкесінен ұстап қана шешіп алып, ҚЖЖК-ге тастау керек. Бет пердені шешкен соң тез арада қолды сабындап жуу керек. Далада жүрген кездерде,таза ауамен тыныс алу пайдалы, сондықтан далада пердені тағудың қажеті жоқ болады.

    Медициналық мекемелердің әкімшілік қызметкерлеріне сақтанудың универсалды шараларын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету бойынша ұсынылады. Медициналық көмекті ұйымдастыру

    Медициналық персоналды оқыту.

    Медициналық мекеменің қызметерлері кәсіптік инфекция жұқтырып алу қауіп- қатері туралы білуі және сақтанудың универсалды шараларын барлық пациенттермен жұмыс жасағанда пациент диагнозына байланысты емес кез- келген жағдайларда, сақтауға міндетті екендігін ұғынуы керек. Медициналық мекеменің персоналы жүйелі түрде түгел қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтуі керек.Сақтанудың универсалды шараларына үйрету медициналық персоналды жұмысқа қабылдау кезінде жүргізілетін міндетті нұсқаулықтардың негізгі бөлігі болуға тиісті..

    Инвазивті араласулардың санын азайту

    Қажеттілігі нақты дәлелденбеген инвазивті араласулардан аулақ болу қажет. Медициналық қызметкерлер осы ережені білуі және орындауы керек, сонымен қатар қажеттілігі нақты дәлелденбеген қан құйюдан (егер инфузиялық ерітінділермен шектелуге болатын болса), иньекциялардан (егер препараттарды ішке қабылдауды тағайындауға болатын болса), тігу салудан (мысалы эпизиотомиялардан аулақ болуға тырысу барысында) және т. б.аулақ болуға тырысу ұсынылады. Емдеудің стандартты сызбасына орындалуы мүмкін барлық жағдайларда препараттардың ішке қабылдауға болатын дәрілік формалар енуі керек.

    Инвазивті араласулар қажеттіліктерін қысқарту қажет. Иньекцияларды және инфузияларды орындау үшін заманауи бір мәрте қолданылатын қондырғыларға,сонымен қатар дәрілік препараттардың пероралдық формаларына тапсырыс беруді арттыру керек.

    Қажетті қондырғылармен қамтамасыз ету

    Медициналық мекемелер шектеулі ресурстар жағдайында болса да, инфекциялық қадағалау стандарттарына сәйкес қажетті қондырғылармен және ағымды жұмсалатын материалдармен қамтамасыз етілген болуы керек. Барлық медициналық мекемелерде бір мәрте қолданылатын шприцтердің және инфузияға арналған жүйелердің, дезинфектанттардың және кесетін әрі өткір медициналық құралдарға арналған контейнерлердің қажеттілікке сәйкес түрлілігінің жеткілікті санының қолданыста болуы қалыпты жағдай деп есептелуі керек. Медициналық мекемелердің жеке бас қорғаныс заттарымен және сумен қамтамасыз етілуіне ерекше көңіл бөлінуі керек,(егер медициналық мекемеде тұрақты су құбыры болмаса, оны жеткілікті мөлшерде тұрақты әрі жеткілікті мөлшерде құбыр суымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру керек)

    Ішкі тәртіпті ұйымдастыру

    Медициналық мекемеде қалдықтарды мемлекеттік стандарттарға сәйкес жою жоспарын жасау қажет. Нақты бір медициналық мекемеде қолдынылатын күші бар нұсқаулықтарда және айналымдағы құжаттарда қондырғыларды қолдану ережесі, персоналдың нұсқаулықтардан өту реттілігі және бақылау тәртібі көрсетілген болуы қажет. Медициналық мекемедегі ағымды бақылаудың жүргізілуі медициналық персоналдың қауіпсіздік техникасын сақтауына және кәсіптік инфекция жұқтырып алудың алдын-алуға септігін тигізеді. АИТВ–сы мен инфицирленген материалдармен жанасқан жағдайларда медициналық қызметкерлер кеңес берілуімен, алдын алу жұмыстарымен, одан ары қарай бақылауға алынумен және көмектің бсқа да түрлерімен қамтамасыз етілуі керек.

    Қауіпсіздіктің стандартты шаралары пациенттер арасында болатын қайшыланатын инфекция қатерін төмендетуге, сонымен қатар кәсіптік инфекция жұқтырып алу қаупін минимизациялауға бағытталған.

    • Организмнің кез-келген биосубстраттарымен (қанмен, организм сұйықтықтарымен, секреттерімен, экскреттерімен) және контамирленген заттармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуады.

    • Қолғаптарды шешкеннен соң және пациенттермен жанасулар арасында қолды сабындап жуады немесе тері антисептигімен өңдейді.

    • Егер пациентті қарап тексеру немесе манипуляция орындау барысында биологиялық сұйықтықтармен, кілегейлі қабықтармен, жарақаттанған терімен және контамирленген заттармен жанасу мүмкін болса, қолғаптар кию өте қажетті.

    • егер пациентті қарап тексеру немесе манипуляция орындау барысында биологиялық сұйықтықтар шашырап кететіндей болса бет перде және көзді қорғайтын қорғаныс зпттарын (көзілдірік, қалқан) тағу қажет, халат кию керек. Халат былғанып қалса дереу ауыстырылады.

    • қолданыста болған инеге қалпағын кигізуден, оларды шприцтен ажыратудан, майыстырудан және қолмен сындырудан аулақ болу керек.

    • өткір заттарды қолданғаннан кейін тесілмейтін контейнерлерге тастау керек.

    • медициналық аспаптарды және қондырғыларды тазарту, дезинфекциялау және стерилдеу шараларын қолдануға күші бар нормативті құжаттарға сәйкес жүргізеді.

    Қолды деконтаминациялауда қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер

    1. Деконтаминация – зарарсыздандыру және инфекциядан қорғау мақсатымен микроорганиздерді кетіру немесе жою үрдісі: тазалау, дезинфекциялау, стерилдеу.

    2. Контаминация – жұғып кетуі, тидіріп алғанда, жанасқанда жұғуы, ұрықтанулары, көбейуі

    3. Асептика-бұл микроорганимдердің жараға және пациент ағзасына түсіп кетуінің алдын алуға бағытталған шаралар жиынтығы.

    4. Антисептика – жарадағы, басқа да патологиялық құрылымдардағы немесе бүтін организмдегі микробтарды жоюға бағытталған емдік, алдын- алу шаралар жиынтығы.

    5. Резидентті микрофлора ( қалыпты, әрдайым болатын, колона түзетін) – флора, қалыпты жағдайда теріде өмір сүретін, әрі теріде көбейетін микробтар. Күнделікті өмірде қолдағы тұрақты микробтардың ең көп саны тырнақтар айналасынан табылады, ал саусақтар арасында одан аздау болады. Тұрақты микроорганизмдерді кәдімгі қолды сабындап жуу әдісімен немесе антисептикалық процедуралардың көмегімен толық жою немесе кетіру мүмкін емес, бірақ та сабындап жуғанан соң олардың саны едәуір азайып қалады, хотя их численность при этом может быть значительно снижена.

    Транзиторлық (колона түзбейтін, тұрақты емес, көшпелі) микрофлора, медициналық персоналдың жұмыс барысында пациентпен немесе қоршаған ортаның объектілерімен жанасқанда жұқтырып алатын микробтар жинағы. Транзиторлық микроорганизмдер қол терісінде қысқа (тек кейбір жағдайларда 24 сағаттан ұзақ) уақыт сақталады. Олар кәдімгі сабынның көмегімен оңай кетіп қалады, немесе тері антисептигін қолданғанда тез жойылады.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылдың 23 сәуір айында шыққан № 111 бұйрығымен келісілген, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Төрағасы медициналық мекеменің қызметкерлеріне берген әдістемелік ұсыныстарына сәйкес, медициналық персонал қолына деконтаминациялау жүргізеді

    Қолды деконтаминациялаудың үш деңгейі





    Деңгейлері:

    Әлеуметтік (тұрмыстық)

    Гигиеналық

    Хирургиялық

    Өңдеу мақсаты:

    Пациенттермен немесе қоршаған ортаның объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық персоналдың қол терісімен контамирленетін, жұғатын ластануды және транзиторлық флораны кетіру.

    Ластануды кетіру немесе транзиторлық микрофлораны жою.

    Қолғаптар жыртылып қалғанда болатын, хирургиялық жараның ластануын болдырмау үшін транзиторлық микрофлораны жою және резидентті микрофлораның санын азайту

    Өңдеу әдісі:

    Қолды кәдімгі жуу.

    Гигиеналық антисептика

    Хирургиялық антисептика

    Қолды өңдеу жүргізіледі:

    • Тамақ дайындау, тарату, тамақ ішер және пациенттерді тамақтандыру алдында;

    • Дәретханаға барғаннан кейін;

    • Пациентке күтім жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;

    • Қолдың кез-келген ластануында.




    Қолды гигиеналық өңдеу жүргізіледі:

    • инвазивті ем шараларды орындау алдында, орындағаннан кейін;

    • иммунитеті әлсіреген пациентті күту алдында және күту жасалған соң;

    • жараларға ем шаралар орындағанда, катетермен жұмыс жасағанда;

    • қолғаптарды кию алдында және оларды шешкенен кейін;

    • организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан кейін немесе болуы мүмкін микробтық ластану болғанда;

    Қолды арнайы өңдеу жүргізіледі:

    • кез-келген хирургиялық операциялар алдында.

    Қол жуудың кезеңдері:

    - қолды сабындап жуу (механикалық тазарту)

    • қолды сабындап жуу;

    • қолды антисептикпен өңдеу.

    • қолды сабындап жуу;

    • қолды антисептикпен өңдеу.



    Ескерту:

    • қолды гигиеналық деңгейде ағынды сумен сабындап ластануды кетіру үшін және микроорганиздердің санын азайту үшін жуу;

    • қолды тері антисептигімен микроорганизмдердің санын қауіпсіз деңгейге дейін азайту үшін өңдеу;

    ҚОЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕ ЖУУ

    Мақсаты: Пациенттермен немесе қоршаған ортаның объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық персоналдың қол терісімен контамирленетін, жұғатын ластануды және транзиторлық флораны кетіру; персоналдың және пациенттің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Көрсетілімі: тамақ үлестіру алдында, пациентті тамақтандырғанда; әжетханаға барғаннан кейін; пациентті күту шараларын орындау алдында және орындағаннан кейін, егер персоналдың қолы пациенттің биологиялық сұйықтықтарымен ластанып қалса.

    Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерлемедегі сұйық сабынды;секунттық тілі бар сағатты;қағаз сүлгіні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Саусақтардан сақина, жүзік, сағатты және басқа да әшекей бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

    2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін түріңіз.

    3. Шүмекті ашып, су температурасын реттеңіз (35- 40ºС).

    4. Ағында судың астында қолыңызды сабындап білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд уақыт бойы жуыңыз. Жуу барысында ерекше көңілді қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймақтарына бөліңіз. Жуу реттілігі: әрбір қолдың сыртқы жағын, алақандарын, әрбір қолдың бірінші саусақтарын тығыз ұстап, айналмалы қимылдар жасап жуады. (қолды әлеуметтік деңгейде жуу үшін осы уақыт жеткілікті болады, егер қолдың сыртқы жағы мұқият сабындалатын болса және қол терісінде ластанған жерлер қалмайтын болса).

    5. Сабынды көпіршіктерді кетіру үшін қолыңызды ағынды судың астында шайқаңыз (қолыңызды саусақтарды жоғары қаратып, қол жуғышқа тигізбей, су шынтақтан ағып кететіндей қылып ұстаңыз). Қолдың саусақтары ең таза жері болып қалуы керек.

    6. Шүмекті жабыңыз.

    7. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.

    ҚОЛДЫ ГИГИЕНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЖУУ (ДЕКОНТАМИНАЦИЯЛАУ)

    (европалық стандартқа сәйкес)

    Мақсаты:транзиторлық микрофлораны кетіру және жою, медициналық персоналдың және пациенттің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Көрсетілімі: инвазивті ем-шараларды орындау алдында және орындағаннан кейін; қолғаптарды киер алдында және шешкеннен кейін; организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан кейін және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін; иммунитеті әлсіреген пациентке күтім шараларын орындау алдында.

    Орындалуы міндетті жағдай: тырнақтарды қысқа қылып алу, қол тырнақтарында бояу болмауы керек, жасанды тырнақтың болмауы, қолдарыңызда зергерлік әшекей бұйымдардың болмауы.

    Дайындаңыз: мөлшерлегіштегі сұйық сабынды; антисептикті, секундтық тілі бар сағатты; жылы ағынды суды; бір рет қолданылатын сүлгіні немесе бір рет қолданылатын сүрткілерді; «А» класына жататын медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинайтын және жоятын (ҚЖЖК).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Саусақтардан сақина, жүзік, сағатты және басқа да әшекей бұйымдарды шешіңіз,

    2. қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

    3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3бөлігіне дейін түріңіз.

    4. Су құбырынының шүмегін қағаз сүлгінің көмегімен ашыңыз және су температурасын реттеңіз (35С-40С),(Бұл әдіс қолдардың су шүмегінде орналасқан микроорганизмдермен жанасуының алдын алады).

    5. Қолыңызды сулаңыз, ылғалды қолдарыңызға сұйық сабынды құйыңыз.

    • Жылы судың орташа жәй ағымының астында қолды білектің2/3 бөлігіне дейін жігерлі ысқылап, сабындаңыз және қолдарыңызды келесі реттілікпен жуыңыз:

    • Бір алақанды екінші алақанға бастапқы қимылдар қайталанатын қозғалыстар жасап,бір-біріне аздап ысқылау;

    • Оң алақанмен ол қолдың сыртқы жағын жуу және қолдарыңызды ауыстыру;

    • Қайтадан алақанды алақанмен, бір қолдың саусақ аралықтарымен екінші қолдың саусақ аралықтарының ішкі жағына көңіл бөліп жоғары төмен қарай жуу;

    • Екі қолдың саусақтарын бірдей «құлпы» тәрізді қылып біріктіріңіз, бүгілген саусақтардың сыртқы жағын екінші қолдың алақанына үйкелеп жуыңыз,қолдарды ауыстырыңыз;

    • Бір қолдың үлкен саусағын екінші қолдың бірінші және екінші саусақтары арасында толық қамтып ұстап, айналмалы қимылдармен, ысқылап жуыңыз, осы қолдың білегін қапсыра ұстап жігерлі қимылдар жасап жуыңыз және қолдарыңызды ауыстырыңыз;

    • Бір қолдың саусақтарын біріктіріп, саусақ ұштарын екінші қолдың алақанына айналмалы қимылдармен ысқылап, жуыңыз және қолдарыңызды ауыстырыңыз;

    Әрбір қимылдар 5 реттен, 10 секунд ұзақтықта қайталау керек.

    1. Қолыңызды сабыны толық кеткенше ағынды жылы судың астында шайқаңыз.

    2. Шүмекті оң немесе сол қолдың шынтағымен жабыңыз.

    3. Қолдарыңызды бір мәрте қолданылатын сүлгімен немесе сүрткімен құрғатыңыз.

    4. Шынтақпен жабылатын шүмек жоқ болса, шүмекті бір рет қолданылатын сүлгімен немесе сүрткімен ұстап жабу керек.

    5. Сүлгіні немесе сүрткіні ҚЖЖК- ге тастаңыз.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64


    написать администратору сайта