Главная страница
Навигация по странице:

  • ПАЦИЕНТТІ «КЕРЕУЕТТЕ АЯҚТАРЫН САЛБЫРАТЫП ОТЫРУ» ҚАЛПЫНАН КРЕСЛО-СҮЙРЕГІШКЕ АУЫСТЫРУ (2 адам орындайды, пациент көмектесе алады) Мақсаты

  • Көрсетілімі

  • ПАЦИЕНТТІ КРЕСЛО-СҮЙРЕГІШКЕ ОРНАЛАСТЫРУ (екі адам орындайды) Іс –әрекет алгоритмі

  • Пациентті көтерудің, ауыстырудың,орналастырудың және сүйімелдеудің қауіпсіз техникалық әдістері. БИОМЕХАНИКА

  • Отыру қалпындағы дұрыс дене биомеханикасы

  • Жату қалпындағы дұрыс дене биомеханикасы

  • ММ-де, үй жағдайында (пациент үйінде) және тұрмыстық жағдайда жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру омыртқаға шамадан тыс күш түсуді болдырмайды

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница11 из 64
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64

    Ескерту:

    • Егер пациенттің дене салмағы өте ауыр болатын болса, онда көбірек адам саны қажет болады және күш пен салмақ түсуін басқаша таратып, орындау керек.

    ПАЦИЕНТТІ «КЕРЕУЕТТЕ АЯҚТАРЫН САЛБЫРАТЫП ОТЫРУ» ҚАЛПЫНАН КРЕСЛО-СҮЙРЕГІШКЕ АУЫСТЫРУ

    (2 адам орындайды, пациент көмектесе алады)

    Мақсаты: тасымалдау барысында пациентке максималды тыныштық жағдайын орнату.

    Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайы.

    Дайындаңыз: кресло-сүйрегішті, көрпені, шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысты.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз, өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке оның аты-жөнін айтып тіл қатыңыз, (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Соблюдайте е,кәсіби такті және нәзік мінез-құлық.б и и иииььььььььььььььььби

    5. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    6. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    7. Пациентке орындалатын ем-шараның мақсатын және барысын түсіндіріңіз,оның түсінетіне көзіңізді жеткізіңіз және орындау үшін келісімін алыңыз.

    8. Пациенттің жағдайын және айналасында орналасқан заттарды бағдарлаңыз.

    9. Кереуеттің тежеуішін бекітіңіз.

    10. Кресло-сүйрегішті пациентпен қатар қойыңыз, тежеуішін бекітіңіз.

    11. Мүмкіндігінше кереуетті креслоның деңгейіне дейін түсіріңіз.

    12. Пациентке «кереует үстінде отыру» дене қалпын алуға көмектесіңіз..

    13. Кресло-сүйрегішті пациенттің аяқ жағына қойыңыз.

    14. Бір мейіргер кресло-сүйрегіштің артқы жағында тұрып, оны алдыға қарай аяқ қойғышы еденге жеткенше еңкейтеді.

    15. Екінші мейіргер (көмекші) кереуетте аяқтарын салбыратып отырған пациенттің алдында тұрады, мейіргердің аяқтары бір-бірінен 30 см қашықтықта орналасады және тізе буынынан бүгілген болады, бір аяғын алдыға қарай шығарып тұру керек.

    16. Пациенттен мейіргердің белінен қапсыра құшақтауын сұраңыз, ал сіз оның иықтарынан ұстаңыз.

    17. Пациентті кереует шетіне қарай,аяқтары еденге жеткенше, абайлап жылжытыңыз.

    18. Бір аяғыңызды пациенттің тізелерінің арасына қойыңыз (тізелер оған қарап тұруы керек), ал екінші аяқты – қолғалыс бағыта қарай.

    19. Пациентті «құшақтау» қалпында алып, өзіңізге қарай қысыңыз да баяулап, басыңызды кресло-сүйрегіш жақта ұстап, көтеріңіз. Пациентті тез тартып, сілкіп қалмаңыз, денесін бұрмаңыз! Пациенттің қолтық астына қолыңызды батырмаңыз.

    20. Пациентке «үш» деп санағанда сіз оған тұруға көмектесетініңізді ескертіп қойыңыз.( онымен бірге аздап денені шайқап).

    21. «Үш» деп санағанда пациентті түрегелтіп тұрғызыңыз, тік тұрған қалпында сүйемелдеп ұстаңыз, онымен бірге пациенттің арқасы тура кресло-сүйрегіш жаққа жеткенше, бұрылыңыз.

    22. Кресло-сүйрегішті алдыға қарай еңкейтіңіз.

    23. Пациенттен оның денесі кресло-сүйрегішке тигенде сізге айтуын сұраңыз.

    24. Пациенттен аяққа арналған тірегішке алдымен өкшелерін қойып, содан кейін, табандарымен тұруы керектігін айтыңыз, пациентті сүйемелдей отырып,өзіңіздің бүгілген тізелеріңізбен оның тізесін тіреп тұрып, отырғызыңыз, арқаңызды түзу ұстаңыз;

    25. Пациенттің кресло-сүйрегіште нығыз отырғанына көз жеткізіңіз.

    26. Пациентті кресло-сүйрегішке жайлы қылып отырғызыңыз.

    27. Кресло-сүйрегішті жұмыс қалпына әкеліңіз.

    28. Кресло-сүйрегіштің арқасының артында орналасқан тұтқаның көмегімен, пациенттке қажетті дене қалпын беріңіз, (отыру немесе жартылай жату), оны көрпесімен жауып қойыңыз.

    29. Кресло-сүйрегіштің тежеуіштерін шешіңіз.

    30. Пациентті бөлімшеге дейін тасымалдаңыз,пациент қолдарының кресло-сүйрегіштің шынтақ тірейтін жерлерінен, шығып, кетпеуін қадағалаңыз.

    Ескерту:

    • Қолданылғаннан кейін кресло-сүйрегішті дезинфекциялаңыз.

    • кресло-сүйрегіштердегі аяқ тірегіштер, алынып-салынбайтын болады.

    ПАЦИЕНТТІ КРЕСЛО-СҮЙРЕГІШКЕ ОРНАЛАСТЫРУ

    (екі адам орындайды)

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз, өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке оның аты-жөнін айтып тіл қатыңыз, (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Кәсіптік такті және мінез+құлықты сақтаңыз.

    5. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    6. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    7. Кресло-сүйрегіштің тежеуіштерінің бекітілгенін тексеріңіз.

    8. Кресло-сүйрегіштің артқы жағына, пациентке арқаңызбен тұрыңыз.

    9. Өзіңізге сенімді тіреуді қамтамасыз етіңіз: бір аяғыңызбен креслоның арқасына тіреліңіз, екіншісін артқа қарай ұстап, тіреліңіз. Тізелеріңізді бүгіңіз.

    10. Екінші мейіргерден (көмекшіден) пациенттің бір жағына отыра тұруын сұраңыз, оның аяқтарын жоғары қарай санына дейін көтеріңіз де, өз тізелеріңізге салыңыз.

    11. Пациенттің басын өз кеуде торыңызбен немесе иықтарыңызбен тіреп тұрыңыз. Қолы арқылы алып, ұстаңыз. Іш пен бөкселердің бұлшық еттеріне күш салып, арқаңызды түзу ұстаңыз. Пациентке және көмекшіге «үш» деп санағанда, сіз пациентті креслоның арқысына қарай жылжытатыңызды айтыңыз.

    12. «Үш» деп санағанда, көмекші пациенттің сандарын аздап көтереді және оларды креслоның арқасына қарай жылжытады, (итереді); сіз пациентті креслоның арқасына қарай, сырғыту әдісін қолдана отырып жылжытасыз, (тартасыз).

    13. Пациент өзін жайлы сезінетіне көз жеткізіңіз, кресло-сүйрегіштің доңғалақтарынан тежеуіштерін шешеіңіз.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Педикулез туралы түсінік.

    2. Педикулездің эпидемиялогиялық қауіптілігі.

    3. Педикулезге қарсы шараларды өткізу реттілігі.

    4. Пациентті тасымалдау ережелері мен әдістері.

    5. Пациентті емдеу бөлімшесіне дейін тасымалдау ережелері.

    6. Пациентті зімбілмен тасымалдау.

    7. Пациентті сүйрегішпен тасымалдау.

    8. Пациентті кресло-сүйрегішпен тасымалдау.

    9. Пациентті тасымалдау тасымалдау тәртіптері мен әдістері.

    10. Пациентті сүйрегіштен кәдімгі кереуетке ауыстыру.

    11. Пациентті кәдімгі кереуеттен сүйрегішке ауыстыру.

    12. Пациентті «кереуетте аяқтарын салбыратып отыру» қалпынан кресло-сүйрегішке ауыстыру.

    13. Пациентті кресло-сүйрегішке отырғызу.

    Пациентті көтерудің, ауыстырудың,орналастырудың және сүйімелдеудің қауіпсіз техникалық әдістері.

    БИОМЕХАНИКА - тірі жүйелердегі механикалық қимыл-қозғалыстардың заңдылығын зерттейтін ғылым.

    Ең кең мағыналы түрде алғанда биомеханикадағы тірі жүйелерге жататындар:

    Бір тұтас жүйелер, мысалы - адам; оның органдары және тіндері; организмдердің қосындылары, демек бір топ адамдардың бірігіп бір қимыл қозғалыстарды жасауы.

    Адам жасайтын барлық қозғалыстар физикалық заңдылықтарға толық сәйкестікпен жасалады, бірақ биомеханика тірі емес денелердің қозғалысынан аздап күрделірек болады.

    Адамның қимыл қозғалыстары қаңқаның, бұлшық еттердің, вестибулярлы аппараттың және жүйке жүйесінің бірігіп жұмыс істеуімен қамтамасыз етіледі.

    МЕДИЦИНИНАДАҒЫ БИОМЕХАНИКА сүйек -бұлшық ет, жүйке жүйесінің, вестибулярлы аппараттардың дене тепе-теңдігін және денеге ең күрделі тыныштық жағдайда, және қозғалғанда физиологиялық қалыпты: жүргенде, ауыр зат көтергенде, еңкейгенде, отыру дене қалпында, тұрғанда, жатқанда, сонымен қатар күнделікті тіршілік функцияларын орындағанда күш жұмсау координациясын беру барысын зерттейді.

    Адам денесінің кеңістіктегі вертикалды қалпын тек тепе-теңдік жағдай болғанда ғана сақтай алады.

    Денеге тіректі тепе-теңдік қалпын беретін маңызды жағдай, ол дененің ауырлық орталығының тірелу алаңына деген қатынасы.

     Бірінші ереже: 

    Дененің тіректі тепе-теңдігі, дене қалпының кез-келген өзгеруі жағдайында, тек оның ауырлық орталығының тірелу алаңына проекциялануда ғана болады.

     Екінші ереже: 

    Тірелу алаңы үлкейтілген жағдайларда тепе-теңдік мықтырақ сақталады.Тік тұрған жағдайда тірелу алаңын,табандарды бір-бірінен алыстату арқылы кеңейтіп алуға болады: табандардың арасындағы қашықтықты 30 см- дей қылып, біреуін кішкене алдыға қарай шығарып тұрады.

     Үшінші ереже: 

    Ауырлық орталығы, тірелу алаңына жақынырақ болатын болса дененің тепе-теңдігі тұрақтырақ болады. Осы дене қалпын аяқтарды аздап тізеден бүгіп, отыра қалумен беруге болады. (Алдыға қарай еңкеймеңіз! Көтеретін адамға немесе жүкке мүмкіндігінше жақын тұрыңыз).

    Төртінші ереже: 

    Дене тепе-теңдігін сақтауға және омыртқа бағанасына түсетін күшті азайтуға дене қалпының дұрыс жағдайда болуы да септігін тигізеді. (осанкасы). Демек: омыртқа бағанасының физиологиялық майысулары, иық белдемшесінің қалпы және аяқ буындарының жағдайы: ияқтар мен сандар бір деңгейде болуы керек,арқаны түзу ұстау. Осы дене қалпын ұстап көтергенде аяқтың буындары мен бұлшық етттері қозғалғанда жұмыстың максималды бөлігін өзіне алады, сөйтіп, омытырқалармен арқа бұлшық еттеріне онша көп күш түспейді.

     Бесінші ереже: 

    Бұрылғанда тек иықтармен ғана емес, толықтай денемен бұрылу да омыртқалардың физиологиялық емес қисайып кетуінің алдын алады, әсіресе осы қимылдар ауыр затты көтеру кезінде жасалатын болса. Сондықтан ауыр көтеріп келе жатқанда денені шұғыл бұруға болмайды!

    Алтыншы ереже: 

    Егер ауыр нәрсені көтерудің орнына оны орнынан домалатумен, мүмкіндігінше айналдырумен жылжытатын болса, омыртқаға түсетін күш азаяды.

    Жоғарыда келтірілген дене биомеханикасының ережелеріне қосымша ескерту: демді ішке тартқанда, қатты күш салып ышқынуға болмайды. Осы кезде адамның жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысының ауыр бұзылулары болуы мүмкін: жүрек жұмысының реттілігінің бұзылуы, жүрек бұлшық еттерінің қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлау.( Вальсальва бұзылысы).

    Бұндай кездерде "құлақта шуыл", бас айналуы, әлсіздік, естен тану болуы мүмкін. Осыған ұқсас жағдайлар кейбір пациенттерде, дене қалпын шұғыл өзгерткенде байқалуы мүмкін (постуралды рефлекс).

    Қимылдамайтын қалі ауыр науқастарда жарақаттың басқа түрін алу қаупі және жарақаттар болады. Бұл жарақаттар жұмсақ тіндердің жарақаты. Дұрыс күтім жасалмау нәтижесінде болатын: жұмсақ тіннің ұзақ уақыт жаншылып қалуы және олардың пациентті жылжытқанда жарақаттанып қалуы. Осындай жарақаттанулар «ойылу» немесе» «жамбас тесілуі» деп аталады.

    Қимылдамайтын қалі ауыр науқастарда осындай жарақаттанулардың болмауы үшін, келесі ережелерді есте сақтау қажет болады:

    1) Пациентке жасалатын жылжытудың мақсатын және барысын түсіндіріңіз. Жасалайын деп тұрған манипуляцияға оның қатыса алу мүмкіндігіне баға беріңіз. Жылжыту орындалып жатқанда пациенттен қандай қимыл-қозғалыстар жасауын күтетіңізді айтып, жеткізіңіз.

    2) Пациентті орнынан жылжытуды оны төсекте жоғары көтеріп ауыстырудың орнына, "аудару" әдісімен жасау, жеңілдеу және қауіпсіздеу, болады.

    3) Мейіргер пациентті төсегінің үстінде аударыстырғанда, жылжытқанда, басқа жерге жатқызғанда, жұмсақ тіндерінің сызаттанулары болмау керек.

    4) Пациентті орнынан жылжытуда оның денесінің үлкен бөлігінде үйкеліс болады. Үйкелісті болдырмау үшін, жылжытқанда денесінің үйкеліс болатын жерлерін азайту керек. Пациенттің қолдары өзінің мойнында немесе мейіргердің белінде болатын болса немесе екі қолын кеудесіне айқастырып ұстап отырса, үйкеліс күші азаяды. Мүмкін болған жағдайда мейіргерге пациенттің көмегін пайдалану жақсы болады: пациент төсек үстінде көтерілуі кезінде, шынтақтары мен өкшелеріне тірелуі керек, пациент мейіргердің көмегімен, жұмсақ тіндерін жарақаттамайды.

    5) Пациенттің денесімен төсегінің арасында үйкеліс аз болған сайын, мейіргерге жылжытуды орындау үшін көп күш жұмсау қажет болмайды: бұл мейіргердің омыртқасына күш түсуі мен жарақаттанулардың алдын алады.

    6) Егер пациент сізге қажетті жылжуға көмек көрсете алмайтын болса, сіз әріптесіңізді көмекке шақырасыз. Екі немесе үш мейіргерге осы іс-әрекетті орындау ыңғайлы және қауіпсіз болады. Бірігіп орындалатын іс-әрекет жоспарын, алдын ала әріптестеріңізбен және пациентпен талқылап алыңыз.

    Қимылдамайтын қалі ауыр науқастарда ойылудың пайда болуынан және басқа да проблемалардан аулақ болу үшін, (буындардың майысып кетуі, бұлшық ет гипотрофиясы, бүйректе тастың пайда болуы және т.б.) олардың дене қалпынтөсегінде жиі-жиі ауыстырып отыру керек. Осы дене қалпын өзгертулерді дене биомеханикасын ескере отырып, әрбір 2 сағат сайын жаса отыру қажет.

    Пациентке ыңғайлы, физиологиялық дене қалпын беру, тіндердің жаншылуын болдырмау,буындардың майысып кетуін және сіңірлердің созылып кетуін болдырмау үшін ойылуға қарсы әсер бере алатын матрац пен функциялық кереует және арнаый қондырғылар қажет. Оларға жататындар: қажетті мөлшердегі жастықтардың жеткілікті саны, сейсептен, ақжаймадан, көрпеден жасалған валиктер, арнайы табанның майысып кетуінің алдын алатын табан тірегіштер.

    Омыртқа аурулары- дүние жүзіндегі барлық медицина қызметкерлерінің маңызды проблемасы болып отыр деп көрсетеді- статистика ғылымы. Сондықтан медицина қызметкерлерінің денсаулығын жақсарту шараларын жасау маңызды. Осы шараларды қоғам, денсаулық сақтау жүйелері, өнеркәсіп орындарын ұйымдастырушылар, сонымен қатар әрбір қызметкер өзі жасау керек. Тек жеке тұлға ғана өз денсаулығын өзі сақтай да, жақсарта да алады.

    Жұмыс жасау барысында, тұрмыстық жағдайда, демалғанда, денені дұрыс қалыпта ұстау және дене биомеханикасы туралы түсінікті білу өте маңызды.

     Дене механикасы – бұл адам қозғалыс жасау барысында денесінің тепе-теңдігін сақтауға бейімделуі.

     Дененің дұрыс қалыпта болуы– бұл арқаның түзу болуы және ешбір қасаюлардың, нығыздалулардың, қысымның немесе қысылудың болмауы дискомфорт сезімінің болмауы.

                             

    Отыру қалпындағы дұрыс дене биомеханикасы :

    Орындық тым жұмсақ және тым иілген болмауы керек;

    Орындықтың биіктігі тізенің ұзындығына сәйкес келетін болуы керек (егер аяғы еденге жетпейтін болса, астына тіреуіш қою керек); 

    Орындықтың тереңдігі сан ұзындығының 2/3 келуі керек; 

    Орындықтың арқа тірегіші артқа қарай 3-50 шалқайған болады , ал оның жоғарғы планкасы жауырын астына келуі керек ; 

    Дене салмағы негізінен отыру өсінділерімен көтерілуі керек;

    Үстелдің биіктігі адам бойының ұзындығына сәйкес келуі керек,(устелдің беті бүгілген қолдың шынтақтарының деңгейінде болуы, ал үстел астында аяқтарға арналған жер көп болуы керек; 

    Ұзақ уақыт отырған кездерде, мүмкіндігінше, бел омыртқалар бөліміне арналған қосымша тіреуіштерді қолданған дұрыс болады (мысалы: жастықшаларды);

    Отыру қалпында болып, денені бұру үшін, тек кеудемен немесе иықтармен емес, бүкіл денемен толық, бұрылу керек;

    Отыру қалпында жұмыс жасау кезінде – және ұзақ уақыт отырғанда- 15 минут сайын дене қалпын өзгертіп отыру қажет.

    Тұру қалпындағы дұрыс дене биомеханикасы

    Тізе буындары еркін қимыл-қозғалыс жасауы үшін тізелер босаңсыған қалыпта болады;

    Дене салмағы екі аяққа теңдей бөлініп тұруы керек;

    Табандар бір бірінен иық кеңдігімен бірдей қашықтықта орналасады;

    Бел омыртқалар аймағына күш түсуін бәсеңдету мақсатымен, тік тұрыңыз және іш пен бөксе бұлшық еттерін ішке қарай тартып, қысып тұрыңыз;

    Астыңғы иек горизонталды тегістікте орналасатындай қылып, басты түзу ұстаңыз;

    Тізелерді сандармен бір деңгейде орналасатындай қылып, тұрыңыз;

    Жер бетіндегі көлікпен қозғалғанда және лифт қолданғанда, аяқты тізеден аздап бүгіп тұру керек;

    Егер ұзақ уақыт тік тұратын болсаңыз, дене қалпын әрбір 10 минут сайын өзгертіп тұруға кеңес беріледі;

    Еңгейген қалыпта жұмыс жасағанда, мысалы: лабораториялық ыдыс-аяқты жуғанда, аяқ астында, тіреу, орындықша болуы керек, себебі: дене салмағы бірде оң бірде, сол аяққа ауыстырылып тұруы керек.

    Жату қалпындағы дұрыс дене биомеханикасы

    Төсек- орын жеткілікті деңгейде тығыз, қатыңқы болуы керек;

    Арқасымен жатып ұйықтайтындар үшін, жастықтардың биіктігі 10 сантиметрден;

    ал бір бүйірімен жатып, ұйықтайтындар үшін, 15-20 сантиметрден аспауы керек;

    ММ-де, үй жағдайында (пациент үйінде) және тұрмыстық жағдайда жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру омыртқаға шамадан тыс күш түсуді болдырмайды:

    Онша үлкен күш түспегендегі майда бұлшық еттердің және үлкен күш түскендегі ірі бұлшық еттердің, әртүрлі топтағы бұлшық еттердің қимыл-қозғалыстарының ауысып отыруы;

    Ауыр нәрсені көтергенде, денені алдыға қарай еңкейтуге болмайды,керісінше аяқтарды тізеден және жамбас-сан буынан бүгу керек;

    Пациентті еденнен көтергенде, мейіргердің аяқтары оның денесінің екі жағында орналасуы керек, пациентті аяқтарының арасынан көтеріп алу үшін;

    Пациентті бір қолмен көтергенде, бос қолмен дененің тепе-теңдігін сақтауға тырысу керек, демек арқаның қалпын тік ұстау керек;

    Екі иығыңыз мүмкіндігінше, жамбас деңгейі мен бірдей деңгейде және бір жазықтықта болуы керек;

    Жүкті бір қолмен емес, керісінше екі қолға кезекпен ауыстырып тасымалдаңыз;

    Дененізбен шұғыл қимылдар жасамаңыз: (бұрылу, еңкею, тартып қалу);

    Пациенттің дене салмағы мен жүру бағытына қатысты тепе-теңдікті сақтаңыз.

                 
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64


    написать администратору сайта