Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрсетілімі

  • ПАЦИЕНТТІ ҚЫРЫНДЫРУ Мақсаты

  • ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ШАШЫН КҮТУ Мақсаты

  • ДӘРЕТ ТҮБЕГІН (СУДНОНЫ) БЕРУ Мақсаты

  • ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ Мақсаты

  • ДӘРЕТ ТҮБЕГІН, ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ ТОЛЫҚ БАТЫРУ ӘДІСІМЕН ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ Мақсаты

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница17 из 64
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64

    МҰРЫН ҚУЫСЫНЫҢ КҮТІМІ

    Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау,мұрынмен тыныс алудың бұзылуының алдын-алу,дәрілік ерітіндіні тамызу алдында.

    Көрсетілімі:пациенттің ауыр жағдайда болуы, құрғақ, қатып қалған қабыршықтардың және мұрын қуысынан сілемейлі бөлінділердің болуы.

    Дайындаңыз: стерилді: мақта турундыларын, мензурканы, пинцеттерді, вазелин немесе өсімдік майын, лотоктар (стерилді және қолданған заттарға арналған), қолғаптарды; ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз)

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    5. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    6. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    7. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    8. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    9. Пациентті Фаулер қалпына жатқызыңыз.

    10. Сол қолдың 4 саусағын пациенттің маңдайына қойыңыз, үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз, мұрын қуысын мұқият қарап шығыңыз. Себебі: сілемейлі бөлінділер, қатып қалған қабықтар болуы мүмкін.

    11. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    12. Құрғақ мақта турундаларын мұрын қуысына сілемейлі бөлінділерді шығару мақсатымен жеңіл, айналмалы қимылдармен енгізіңіз.

    1. Мензуркаға стерилді вазелин майын құйыңыз–мұрын жолдарындағы құрғап кеткен қабыршақтарды жұмсарту мақсатымен.

    1. Турунданы пинцетпен алып вазелин майымен ылғалдаңыз, қабырғасына аздап сығыңыз.

    2. Турунданы оң қолыңызға алыңыз және жеңіл, айналмалы қимылдармен мұрын қуысына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа қалдырыңыз (кеуіп кеткен қабыршықтар бар болғанда).

    3. Турунданы мұрын қуысынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз– мұрын қуысындағы қабыршықтардың шығуына септігін тигізеді.

    4. Қолданыста болған трундаларды қолданған заттарды жинайтын лотокқа салыңыз.

    5. Екінші мұрын қуысын тура осындай реттілікпен тазалап шығыңыз.

    6. Қолданылған турундаларды ҚЖЖК-ге салыңыз, пинцетті, мензурканы ішінде дезинфекциялайтын ыдысқа салыңыз.

    7. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.




    ҚҰЛАҚТЫҢ КҮТІМІ

    Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау, ауруларың алдын алу, құлықтың жиналып қалу себебінен, есту қабілетінің төмендеуінің алдын алу, дәрілік ерітіндіні тамызу үшін.

    Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайда болуы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.

    Қарсы көрсетілімдері: құлақ қалқанының, жоғарғы есту жолының қабыну процестері.

    Дайындаңыз: стерилді: лотоктарды(стерилді және қолданған заттарға арналған), тамызғышты, пинцетті, мензурканы,мақта турундыларын, сүрткілерді, қолғаптарды; 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісін, сабынды ерітіндіні, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    10. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    11. Сабынды су құйылған ыдысты дайындаңыз.

    12. Пациентің басын тазаланатын құлақтың қарама-қарсы қарай бұрыңыз, астына лоток қойыңыз.

    13. Лотоктарды дайындаңыз(стерилді және қолданылған материалдар үшін).Стерилді лотокка дәке сүрткілерін,турундаларды петцетпен ұстап салыңыз.

    14. Сүрткіні жылы сабынды сумен ылғалдап алыңыз және құлақ қалқанын сүртіп шығыңыз, құрғақ сүрткімен кептіріңіз. (ластануын кетіру мақсатымен)

    15. Стерилді мензуркаға алдын ала су моншасында жылытылған стерилді (Т- 36-37С) 3% сутегі асқын тотығын құйыңыз.

    16. Пинцетпен алынған турунданы оң қолмен ұстаңыз және 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісінде ылғалдаңыз, ал сол қолмен құлақ қалқанын ету жолын түзету үшін артқа, жоғары қарай тартыңыз және турунданы айналмалы қимылдар жасап сыртқы есту жолына 1 см тереңдікке 2-3 минутқа енгізіңіз.

    17. Құрғақ турунданы сыртқы есту жолына жеңіл айналмалы қимылдар жасап 1 см тереңдікке 2-3 минутқа енгізіңіз.

    18. Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз– есту жолынан бөлінділері мен құлықтың шығуы қамтамасыз етіледі.

    19. Қолданылған мақта турундалары мен сүрткілерді қолданылған материалдар жиналатын лотокқа салыңыз.

    20. Екінші есту жолында дәл осындай реттілікпен тазалаңыз.

    21. Қолданылған турундаларды, сүрткілерді ҚЖЖК-ге салыңыз, пинцетті, мензурканы, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысқа салыңы

    22. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.

    Ескерту: құлақты тазалау үшін мақтаны қатты затқа орауға болмайды,есту жолы жарақаттануы мүмкін.





    ПАЦИЕНТТІ ҚЫРЫНДЫРУ

    Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау

    Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайда болуы.

    Қарсы көрсетілімі: бет әлпетінің жарақаты.

    Дайындаңыз: суы бар ыдысты, компреске арналған сүрткіні , сүлгіні, ұстараны, қырындыруға арналған көбік жаққышты, қауіпсіз ұстараны, сықпа майды, қолғаптарды, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Пациентке Фаулер қалпын беріңіз.

    10. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    11. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    12. Үлкен сүрткіні жылы суда (Т-40-45ºС), ылғалдап, аздап сығып пациенттің бетіне 1 минутқа қойыңыз, содан кейін алып тастаңыз.

    13. Қырындыруға арналған жаққыштың көмегімен пациенттің бетіне, сықпа май жағыңыз.

    14. Пациентті терісін ұстара жылжитын бағытқа қарама-қарсы қылып, аздап тартыңқырап қырындырыңыз.

    15. Пациенттің бетін ылғалды сүрткімен сүртіп алыңыз, содан соң сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

    16. Қырындыратын заттарды дезинфекциялайтын ерітіндіге салыңыз, сүрткілерді ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    17. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.

    18. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ ШАШЫН КҮТУ

    Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау

    Көрсетілімі: пациенттің енжар қалпы.

    Дайындаңыз: жылы суды (37-38ºС),сабынды немесе су сабынды, кіршіні, крөжкені, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін, орамалды, (мақта матадан жасалған), лас сейсептерді салатын мөшекті.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3.Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6.Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8.Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Қалі ауыр науқастың басын төсегінде жууыңыз.

    10. Басына жоғарырақ қалып беріңіз, демек арнайы жастық салыңыз немесе пациенттің иығының астына матрацын валик қылып орап қойыңыз, үстіне клеңке жабыңыз.

    11. Пациенттің басын мойын деңгейінен артқа қарай шалқайтыңыз.

    12. Жылы су құйылған кіршіні кереуеттің бас жағына пациенттің мойын деңгейіне, астына орындық қойып жақындатыңыз.

    13. Пациенттің басын сулаңыз, сабындаңыз, аздап күш салмай бас терісін саусақтармен уқалаңыз.

    14.Басты маңдай жағынан бастап су сабынмен көбіктетіп, артқа қарай бағыттап жууыңыз.

    15.Шашын таза сумен шайқап, сүлгімен құрғатыңыз.

    16. Шашын тісі жиі тарақпен күнде тарау керек,

    17. Қысқа шаштарды түбірінен ұшына қарай тарайды, ал ұзын шаштарды аз аздан бөліп алып, ұшынан бастап, түбіріне қарай тарайды, ақырындап, жұлмай тарау керек.Сірке суына малынған тарақпен қайызғақты және шаңды жақсы кетіруге болады, сонымен қатар педикулездың адын алады.

    18.Басына таза,мақта матадан жасалған орамал салып қойыңыз.

    19.Кереуеттің бас жағын түсіріңіз күтім заттарының барлығын жинап алыңыз, матрацын түзетіңіз.

    20.Қолданылған күтім заттарын дезинфекциялайтын ерітіндіге салыңыз.

    Ескерту:

      • Қарсы көрсетілімдері болмаса қалі ауыр науқастың басын, аптасына бір рет жуу керек. Осы іс әрекетті орындау үшін ең ыңғайлы қондырғы деп саналатыны арнайы бас тіреуіші, бірақ кереуеттің бас жағы алынбалы салынбалы болуы керек. Ол осы көп күш жұмсауды қажет ететін шараның орындалуын едәуір оңайлатады;

      • Әйелдердің шашын тісі жиі тарақпен күнде тарайды;

      • Ер адамдардың шашын қысқа қылып алады;

      • 6% сірке су ерітіндісіне малынған тісі жиі тарақ, қайызғақ пен шаң тозаңды жақсы тазалайды.

    ДӘРЕТ ТҮБЕГІН (СУДНОНЫ) БЕРУ

    Мақсаты:пациенттің физиологиялық бөлінділерін жіберуін қамтамасыз ету.

    Көрсетілімі: қатаң төсек тартып жату және төсекте жату ережесіндегі пациенттерге ішегі мен қуығын босату үшін жүргізіледі.

    Дайындаңыз: дезинфицяланған түбекті (судноны), клееңкені,жаялықты, қолғаптарды,кермені, суды, дәрет қағазын, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентті айналасындағылардан кермемен қоршап қойыңыз,көрпесін алып тастаңыз немесе беліне дейін түріңіз, пациенттің жамбасының астына клееңке, үстіне жаялық төсеңіз, (немесе бір мәрте қолданылатын жаялықты).

    2. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    4. Пациентке бір жамбасына бұрылуға көмектесіңіз,аяқтарын тізе буынынан аздап бүгіңіз және сандарын бір-бірінен ажыратыңыз.

    5. Сол қолыңызды бір бүйірінен сегізкөздің астына енгізіңіз,пациентке жамбасын көтеруге көмек беріңіз.

    6. Оң қолыңызбен дәрет түбегін пациенттің бөкселері астына қарай оның бұт аралығы дәл дәрет ыдысының ойығының үстіне келетіндей қылып жылжытыңыз, жаялықты пациенттің бел тұсына қарай тартыңқыраңыз.

    7. Пациентті көрпесімен немесе сейсебімен жауып, оңаша қалдырыңыз.

    8. Паиент физиологиялық дефекациясын аяқтағанда, түбекті оң қолмен ұстап тұрып,пациентті аздап бір бүйіріне бұрып, оны пациент астынан шығарып алыңыз.

    9. Аналь тесігінің айналасын дәретхана қағазымен сүртіңіз.Қағазды дәрет ыдысына тастаңыз. Қажет болғанда пациенттің бұт аралық аймағын жуыңыз. ( стандартын қара).

    10. Түбекті,клееңкені, жаялықты және кермені алып тастаңыз.Қажет болса сейсепті ауыстырыңыз.

    11. Пациентке ыңғайлы жатуға көмек беріңіз, көрпесін жабыңыз.

    12. Дәрет түбегінің бетін жаялықпен немесе клееңкемен жабыңыз және дәретханаға алып кетіңіз.

    13. Түбек ішіндегісін унитазға төгіңіз,оны ыстық сумен шайқаңыз.

    14. Түбекті дезинфекциялайтын ерітіндіге батырып салыңыз.

    15. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.

    16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ

    Мақсаты: пациенттің физиологиялық бөлінділерін жіберуін қамтамасыз ету

    Көрсетілімі: қатаң төсек тартып жату және төсекте жату ережесіндегі пациенттерге ішегі мен қуығын босату үшін жүргізіледі.

    Дайындаңыз:дезинфицияланған зәр қабылдағышты , стерилді дәке сүртілерін, клееңкені, жаялықты, қолғаптарды, кермені, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентті айналасындағылардан кермемен қоршап қойыңыз.

    2. Көрпесін алып қойыңыз, пациенттен аяқтарын тізесінен бүгуін және сандарын ажыратуын сұраңыз. Егер өз бетінше жасай алмайтын болса жәрдем беріңіз.

    3. Пациенттің бөкселерінің астына клееңке, үстіне жаялық төсеңіз под таз пациента клеенку, а затем пеленку (немесе бір мәрте қолданылатын жаялықты).

    4. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    6. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты ұстаңыз және оны пациенттің бұт аралығына қойыңыз.

    7. Сол қолыңызға дәке сүрткісін алыңыз, онымен пациенттің жыныс мүшесін ораңыз.

    8. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткісін алып тастаңыз.

    9. Пациентті көрпесімен жауып, оңаша қалдырыңыз.

    10. Зәр қабылдағышты, жаялықты, клееңкені алып тастаңыз. Пациентті көрпесімен жауып, кермені алып тастаңыз.

    11. Зәр қабылдағышты зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа толық батырып салыңыз, дәке сүрткісін ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    12. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.

    13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ДӘРЕТ ТҮБЕГІН, ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ ТОЛЫҚ БАТЫРУ ӘДІСІМЕН ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ

    Мақсаты:инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,санитарлық-эпидемияға қарсы ережені сақтау

    Дайындаңыз: арнайы киімді, қолданылған дәрет түбегін, зәр қабылдағышты, ҚР-да қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялайтын заттарды, белгі салынған қақпағы бар дезинфекциялайтын ыдысты белгі ыдыстада, қақпағында да болуы керек, емкости, сабынды,қолды өңдейтін тері антисептигін.

    Міндетті болуы керек жағдайы:дәрет түбегі, зәр қабылдағыштар қолданылғаннан кейін бірден дезинфекцияланады.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қорғайтын арнайы киімді киіңіз(халатты, су өтпейтін алжапқышты, бет пердені).

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    3. Дезинфекциялауға арналған қақпағы тығыз жабылатын және белгі салынған сиымдылықты дайындаңыз.Оның белгісі дұрыс салынғанын тексеріңіз:атауын оқып,ерітіндінің қоюлығын, қолдану мақсатын тексеріңіз.

    4. Сиымдылыққа дезинфекциялайтын ерітіндінің қажетті қоюлығын құйыңыз.

    5. Сиымдылықтың биркасына ерітіндінің атын, дайындалған ерітіндінің қоюлығын, дайындалу күнін, уақытын, дайындаған адамның аты-жөнін көрсетіңіз. (дезерітіндінің дайындалу сапасына баға беру және бұйрықпен регламенттелетін талаптардың орындалуын бақылау үшін).

    6. Дәрет ыдыстарының (түбек пен зәр қабылдағыш) ішіндегісін унитазға төгіңіз,оларды ыстық сумен шайқаңыз.

    7. Дәрет түбегі мен зәр қабылдағышты дезинфекциялайтын ерітіндіге бірден,қолданылғаннан және тазартылғаннан кейін, ерітінді осы заттардың бетінен 5-10 см асып тұратындай қылып, батырыңыз. (бұйымдардың жан-жақтарына толық зарарсыздандыратын ерітінді тиіп тұруы үшін).

    8. Алжапқышты, қолғаптарды шешіңіз, дезинфекциялайтын сиымдылыққа тастаңыз.

    9. Күтім заттарын осы зарарсыздандыратын ерітіндіні қолдану ережесінде көрсетілген уақытқа сәйкес ұстаңыз.

    10. Таза қолғаптарды,алжапқышты киіңіз.

    11. Дәрет түбегі мен зәр қабылдағышты ағынды ыстық судың астында шайқаңыз.

    12. Арнайы бөлінген, белгі салынған сөреде кептіріңіз, құрғақ түрінде сақтаңыз..

    13. Арнайы киімді шешіңіз,қолыңызды жуып, кептіріңіз.
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64


    написать администратору сайта