Осы емді таайындау кезінде нені ескеру керек
Скачать 402.63 Kb.
|
. Аурухананың қабылдау бөліміне 3 жасар ұл баланы анасы алып келді.Шағымдары:дене қызуы көтерілген,басы аурып мазасызданған,тәбеті төмендеген,әлсіз болған, құрғақ жөтел мазалаған .Дәрігер қарағанда:өкпесінде қатаң тыныс,үлкен және орташа калибрлі ылғалды сырылдар естілді. Рентген нәтижесінде симметриялы түрде өкпе суретінің күшейгенін көруге болады. Дәрігер балаға қандай диагноз қойды? А)Бронхтық астма +В)Жедел бронхит С)Созылмалы бронхит D)Жедел пневмония Е)Созылмалы пневмония. 235. 1,5 айлық кыз бала аймақтық аурухананың қабылдау бөліміне ылғалды жөтел,мазасыздық,тәбетінің төменеуіне шағымданып келді. Педиатр қызға жедел бронхит диагнозын қойды. Қан анализдерінде:лейкоцитоз,ЭТЖ жоғары. Педиатр науқасқа қандай ем тағайындайды? +А)Қақырық түсіретін, жөтелге қарсы дәрілер В)Антибактериальді дәрілер С)Витаминді ем D)Физиотерапиялық ем Е)Гормональді ем 236. 4 жасар бала анасымен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне келді. Келген кездегі шағымдары: дене қызуының көтерілуі,басының ауруы,жағдайының нашарлап тәбетінің болмауы,ұйқысының бұзылуы. Дәрігер қарағанда: ылғалды жөтел және ентігу, өкпеде перкураторлы дыбыс қысқарған,қораптық дыбыс естіледі,крепитация және ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан анализінде:лейкоцитоз,лейкоформуланың солға ығысуы,ЭТЖ жоғарылаған. Рентген суретінде:оң өкпесінің төменгі бөлігінде ошақты көлеңкелербар,өкпе түбірінің кеңеюі,өкпе суретінің күшеюі көрінеді. Дәрігер қандай клиникалық диагноз қойды? A)Созылмалы бронхит В)Интерстициальді пневмония С)Жедел бронхит +D) Ошақты пневмония Е)Созылмалы пневмония 237. Аймақтық дәрігердің қарауына 7жасар ұл бала анасымен келді.Шағымдары: көзінде бөгде дене тұрғандай сезім,жасаурау,жарықтан қорқу,ұстамалы түрде түшкіру,мұрыннан көп сұйықтық ағу. Қарағанда: жоғары ерін мен мұрын айналасының терісі қызарған және ісінген. Анасының айтуы бойынша көктем айларында және күзде осындай белгілер жиі байқалады. Қан анализінда және мұрыннан алынған жағындыда эозинофилия анықталды. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды? А) Тұмау В)Жедел ларингит С)Созылмалы ларингит +D) Поллиноз Е) Фарингит 238. 9 жасар ұл бала қалалық аурухананың қабылдау бөліміне анасымен келді. Бала мұрнының бітелуіне,ұстамалы түрде көп түшкіруге,мұрыннан шырышты сұйықтықтың ағуына,тершеңдікке түнгі ұйқысының бұзылғанына және мұрнының бітелуінен аузымен тыныс алуына шағымданады .Сұрастыру барысында науқастың тағамдық заттарға және өсімдіктерге аллергиясы бар екені анықталды. Дәрігер баланың мұрнын қарап тексергенде мұрынның щырышты қабатының ісінгенін,қызарғанын көрді. Көз айналасының ісінуін,бетінің аздап ісініп қызарғанын да көрді. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды? А) Аллергиялық обструктивті бронхит В)Аллергиялық фарингит +С)Аллергиялық ринит D)Тұмау Е)Бронхтық астма. 239. Жедел жәрдем көлігімен аурухананың қабылдау бөліміне 10 жасар бала келді. Баланың келген кездегі жағдайы ауыр,дем шығару кезінде ентігеді,мұрны бітеліп түшкіреді,ұстамалы түрде жөтеледі, басы ауырады . Дәрігер тесергенде: АҚ-ның жоғарылауы,тахикардия,аускультацияда қораптық дыбыс,”музыкалық” сырылдар естіледі. Біраз уақытқа дейін баланың дем алуы қиындап, түрі бозарды,жағдайы жеңілдегеннен соң қақырық тастады. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды? А) Аллергиялық ринит В)Поллиноз С) Жедел бронхит D) Пневмония +Е)Бронх демікпесі 240. 5 айлық қыз бала анасымен емханаға, аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Шағымдары:дене қызуы көтерілген, құрғақ жөтел мазалаған,мұрны бітеліп,тыныс алуы қиындаған. Бала мазасыз, тәбеті төмен, ауырғанына 3-4 күн болған. Нәресте осы уақытқа дейін 2 рет ЖРВИ-мен ауырған.Қарағанда: терісі бозғылт,өкпесінде үлкен және орташа калибрлі сырыл естіледі. ТАЖ-50 рет/мин. Педиатрдың нәрестеге қойған болжам диагнозы? +А)Жедел бронхит В)Туберкулез С)Бронхообструкция D) Созылмалы бронхит Е) Пневмония. 241. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 6 айлық қыз бала анасымен келді. Шағымдары: мазасыз, жиі, қатқыл үрлеп жөтеледі,ентігеді,терлегіш,тәбеті төмен,ауырғанына 4 күн болған. Қарағанда: жөтелгенде ауыз-мұрын аймағы көгереді, дауысы қырылдап естіледі,терісі бозғылт, тыныс алуы қиын, салмағы 7000 г,дене қызуы жоғары. Дәрігердің қойған болжам диагнозы? +А) Обструктивті бронхит В) Жедел бронхит С) Созылмалы бронхит D) І ші дәрежелі тыныс тапшылығы Е) ІІ ші дәрежелі тыныс тапшылығы 242. Жедел жәрдеммен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 10 айлық ұл бала келіп түсті. Қарағанда: баланың жағдайы ауыр,әлсіз,басы шалқайған,аузы ашық,кеуде қуысының бұлшықеттері тыныс алу актісіне қатысады, айқын цианоз дамыған,жүрек соғысы әлсіз,ТАЖ-60рет/мин. Балада тыныс тапшылығының қай дәрежесі дамыған? А) І В) ІІ +С)ІІІ D) ІV Е) компенсациялық саты. 243. Жедел жәрдеммен аурухананың қабылдау бөліміне 14 айлық ұл бала келіп түсі. Ауырғанынан 2күн бұрын баланы ашық құрғақ жөтел мазалаған,дауысы қарлыққан, мазасызданған,ентіккен. Қарағанда: баланың жағдайы өте ауыр,терісі бозғылт,есінен танған, цианоз дамыған. Қосымша зерттегенде: брадикардия, афония, АҚҚ төмен, аритмиялық тыныс. Дәрігердің қойған диагнозы? +А) Ларингит, ІV сатысы В) Жедел бронхит С) Ларингит,ІІІ саты D) Созылмалы бронхит Е) Ларингит, ІІ саты. 244. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 9 айлық ұл баланы анасы алып келді. Шағымдары: ысқырықты құрғақ жөтел, мазасыз,дене қызуы жиі жоғарылайды. Қарағанда:терісі бозғылт, дем алып,дем шығаруы қиын, тахикардия,дене қызуы-39градус,инспираторлық стридор. Дәрігердің қойған болжам диагнозы? +А) Өткір ларингит В) Эпиглоттит С) Фарингит D) Трахеит Е) Өткір бронхит. 245.4 жасар ұл бала жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қарағанда: қызба,әлсіз,тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентікпе бар, тері қабаты боз, мұрын- ауыз үш бұрыштарында көгерген, мұрын қанаттары кенейген, аускультацияда өкпенің екі жағында ылғалды сырылдар естіледі. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды? +А) бронх демікпесі B) ошақты пневмония C) крупозды пневмония D) созылмалы бронхит E) жедел бронхит 246. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 3жасар ұл бала анасымен келді. Анасының айтуынша: 2 күн бұрын дене қызуының жоғарлаған, мазасызданған, екінші күні құрғақ жөтел басталып, мукалтин бергеннен кейін аздап ылғалданған. Қарап тексергенде: терісі боз,ылгалды, өкпенің барлық аймағында үлкен және орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенде: өкпенің түбір төңірегінің симметриялы қоюланғаны байқалады. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды? +А) жедел ағымды бронхит B) созылмалы бронхит С) крупозды пневмония D) ошақты пневмония Е) жедел пневмония 247.Аурахананың қабылдау бөліміне 1.5 жасар ұл бала аймақтық педиатрдың жолдаумен келді. Шағымдары: жөтеледі, ентігеді, үш күн бойы дене қызуы көтерілген. Қарағанда: интоксикация белгілері айқын, ентігеді, дене қызуы 38,50С, өкпенің оң жақ жауырынның астында ылғалды ұсақ колибрлы сырылдар естіледі. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды? А) жедел бронхит В) созылмалы бронхит +С) жедел пневмония D) созылмалы пневмония Е) бронх демікпесі 248. Экссудативті плевритке төменде көрсетілген клиникалық белгілердің қайсысы сипатты +1) кеуде қуысының органдарының сау жаққа қарай ығысуы 2) кеуде қуысының органдарының ауру жаққа қарай ығысуы 3) перкуссия кезіндегі қорапты дыбыс 4) аускультация кезіндегі везикулярлы тыныс алу 5) перкуторлы анық өкпе дыбысы 249. Экспираторлы ентігу қай жағдайда көбірек байқалады +1) обструктивті бронхитте 2) жедел бронхитте 3) крупта 4) жұтқыншақ арты абсцесінде 5) жедел асқынбаған өкпе қабынуында 250. Жаңа туылған сәбиде, өкпенің қабынуының туындауына әсер етуіне қандай факторлар жатады: +1) пневмопатиялар 2) уақытына жетіп туылғандық 3) жүктіліктің бірінші жартысындағы токсикоз 4) анасында жүктіліктің ерте кезеніндегі респираторлы инфекция 5) созылынқы сарғаю 251. Үлкенірек жастағы балаларда жедел пневмонияда салыстырмалы көбірек кездеседі: +1) жоғары температура 2) талақтың ұлғайуы 3) сарғаю синдромы 4) құрғақ жөтел 5) абдоминальды синдром 252. Жедел респираторлы вирусты инфекция кезінде антибиотик тағайындауға негіз болатұғын қандай симптом? +1) аурудың үшінші күнінен кейін көтерілген жоғары температура 2) аурудың алғашқы үш күнінде көтерілген жоғары температура 3) жөтел 4) мұрын-жұтқыншақтағы катаральды белгілер 5) түшкіру 253. Стафилококты пневмония емдеу үшін қолданылады: 1) пенициллин 2) левомицетин 3) транквилизаторлар +4) цефалоспориндер 5) фторхинолондар 254.Антибиотиктердің қандай комбинациясын Сіздер рационалды емес деп ойлайсыздар? 1) пенициллин + цефалотин 2) пенициллин + нетромицин 3) ампициллин + гентамицин 4) ампициллин + оксациллин +5) пенициллин + тетрациклин 255.Зақымдалған жаққа қарай кеуде қуысының ығысуы байқалуы мүмкін: 1) гемоторакста 2) пневмоторакста 3) гидропневмоторакста 4) лобарлы эмфиземада +5) өкпенің ателектазында 256. Сурфактанттың түзілуіне әсер ететің препарат: 1) мукалтин 2) ацетилцистеин 3) гентамицин +4) амброксол 5) ампициллин 257.Төменде көрсетілген тексерулердің негізінде тыныс жетіспеушілігі диагнозын қоюға болады, қай тексеруден басқа ? 1) тыныс алу жиілігін санау 2) тыныс алу актісінде көмекші мускулатураның қатысуы +3) кеуде клеткасының рентгенологиялық тексеруі 4) орталық цианоз 5) артериялық қандағы газды тексеру (рО2, рСО2) 258.Грам оң мәнді флорамен шақырылған өкпе қабынуының бастапқы терапиясын мынадан бастаған жақсы: +1) амоксициллин 2) гентамицин 3) левомицетин 4) тетрациклин 5) амикацин 259.Көбіне-көп круп синдромы қай вирусты инфекция кезінде пайда болады? 1) энтеровирусты инфекция +2) парагрипп 3) аденовирусты инфекция 4) ротовирус 5) грипп 260.Қалыпты жағдайда 2 жастағы дені сау балада тыныс алу жиілігі қанша болады? +1) 25-30 2) 40-50 3) 30-35 4) 18-20 5) 15-16 261.Балаларда диагностикалық бронхоскопияға негізгі көрсеткіштерді атаңыз: 1) бронх демікпесі 2) жедел бронхит +3) себебі белгісіз ұстамалы жөтел 4) жедел обструктивті бронхит 5) пневмония 262. Өкпедегі деструктивті процесс қай қоздырғышпен шақырылған пневмонияға тән: 1) пневмококк 2) иерсинии 3) стрептококк +4) стафилококк 5) хламидий 263.Гентамицинді балаларға тағайындаудың қандай теріс көрсеткіштері бар; 1) анемияға әкелуі мүмкін +2) нефротоксикалық әсері 3) пневмония кезінде оң мәнді әсер 4) жөтелге қарсы әсер 5) оны қолданған кезде аллергияның көп болуы 264. Жедел бронхитке тән белгілерді атаңдар: 1) уыттану +2) өкпедегі шашыраңқы ылғалды орташа көпіршікті сырылдар 3) өкпедегі біржақтама ылғалды майда көпіршікті сырылдардың болуы 4) қан сынағында қабынуға сипатты айрықша ауытқулардың болуы 5) R-граммадағы өкпеде ошақты инфильтрацияның болуы 265.ЖРВИ кезінде антибиотик тағайындауға негіз болатын қай симптом: 1) тәбеттің төмендеуі 2) ауыз- мұрын- жұтқыншақтағы катаральды белгілер 3) аурудың алғашқы үш күнінде температураның көтерілуі 4) жөтел +5) қан сынағында лейкоцитоз және формуланың солға қарай ығысуы 266. Муковисцидозға төменде көрсетілген формалар көбірек сипатты: 1) ісікті +2) аралас өкпелік- ішектік 3) сарғаю 4) анемиялық 5) нефротикалық 267. Пневмония кезінде инфекцияның өкпеге көбіне, жиірек жайылу жолын атаңдар: 1) контактты 2) гематогенді +3) бронхогенді 4) лимфогенді 5)трансмиссивті 268. Инспираторлы ентігу төмендегіге тән: 1) пневмонияға 2) тыныс жетіспеушілігіне +3) жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде зат 4) бронхитке 5) бронх демікпесіне 269.Аралас (экспираторлы-инспираторлы) ентігу тән: 1) бөгде затқа 2) бронх демікпесіне +3) бронхиолитке 4) респираторлы аллергозға 5) крупқа 270. Тахипноэ байқалады: +1) анемияда 2) жөтелде 3) коматозды жағдайда 4) бас сүйегі іші қысымының жоғары болуы 5) ұйықтатын дәрілермен уыттану 271. Брадипноэ байқалады: 1) анемияда +2) ұйықтатын дәрілермен уыттану 3) жоғары температурада 4) деструктивті пневмонияда 5) лихорадкада 272. Кеуде клеткасының бөшке тәріздес формасы көбіне-көп мына жағдайда пайда болады: 1) экссудативті плевритте 2) муковисцидозда 3) созылыңқы пневмонияда +4) бронх демікпесінде 5) бронхитте 273. Перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады: 1) өкпе эмфиземасында +2) экссудативті плевритте 3) жедел бронхитте 4) өкпедегі туберкулезді кавернада 5) ЖРВИ-да 274.Ерте жастағы балалардың жоғарғы тыныс жолдарының анатомо- физиологиялық ерекшеліктері келесі жағдайлардың жиі туындауына әкеледі: +1) стеноздаушы ларингит 2) баспа 3) мұрыннан қан кету 4) бір қалыпты дем алу 5) синуситтар 275. Хламидий инфекциясы шақыруы мүмкін: 1) менингит +2) конъюнктивит 3) бронхит 4) ринит 5) энцефалит 276.Крепитация сұйықтықтың қай бөлікте сүзілуінің нәтижесінде түзіледі: 1) трахеяда 2) бронхта 3) жұтқыншақта +4) альвеолада 5) плевра қуысында 277. Плевраның үйкеліс сырылы барлық жағдайда естіледі, тек қана бір жағдайда естілмейді: 1) плевра туберкулезінде +2) плеврадағы сұйықтықта 3) плевраның жабысуында 4) фибринозды плевритте 5) плевраның ісігінде 278. Экссудативті плевриттің клиникалық белгілері келесінің бәрі, тек біреуінен басқа: 1) қысқа ауырсынып жөтелу 2) зақымданған жақта тыныс алудың тіптен төмендеуі 3) кеуде клеткасының сәйкес келетің жартысының тыныс алу актінен қалыс қалуы +4) ылғалды ірі көпіршікті сырылдар 5) перкуторлы дыбыстың қысқаруы 279. Аймақтық дәрігер мерзімі жетіп туылған баланы қарады. Баладағы қандай көрсеткіш патологиялық болып табылады? А) артериялық қан қысымы с.б.70/36 мм. В) жүректің тұйық шекарасының жоғарғы шегі - 2 қабырға С) жүрек соғу жиілігі минутына 140 рет D) ырғақтың жоғарғы жиілігі мен тұрақсыздығы +Е) жүрек ұшындағы систолалық шу 280. Дәрігер емізулі кезеңдегі баланы профилактикалық тексеру кезінде балалар үйіндегі жүрек-қан тамырлар жүйесінде ешқандай патологияларды анықтамады. Зерттелген балада жүректің тұйық шекарасы қай жерде анықталады? А) 1-қабырға В) 1-қабырға аралық +С) 2-ші қабырға D) 2-ші қабырға аралық Е) 3-ші қабырға 281. 9 жастағы ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келеді, баспамен жиі ауырады. Қараған кезде қандай белгі жүрек-қан тамырлар жүйесінің бұзылысын көрсетеді? +А) пульс минутына 120 рет соғады В) артериялық қан қысымы с.б.100/60 мм С) жүректің сол жақ шегі ортаңғы бұғана сызығында D) жүрек ұшының түрткісі V-қабырға аралықта Е) жүректің жоғарғы шегі III-қабырға 282. Балалар ауруханасының кардиоревматологиялық бөліміне 5 жасар ұл бала түсті. Қарағанда: жүрек ұшының түрткісі 3-қабырға аралықта, сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа естіледі, шашыраңқы, әлсіз, жүректің сол жақ қыры сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан сыртқа 2,5 см шығыңқы. Жоғарғы қыры 2-қабырға, оң жақ қыры төс маңы сызығымен, жүрек тондары бәсеңдеген, жүрек түрткісінде үш жақты ырғақ, жүрек негізінде ұзақ емес орташа қарқынды систолалық шу естіледі. Артериялық қан қысымы с.б. 100/50 мм. Қандай көрсеткіш жасына сай болып бағаланады? А) пульс минутына 130 рет +В) артериялық қан қысымы с.б. 100/50 мм С) жүрек түрткісінің сипаттамасы D) жүрек шекараларының сипаттамасы Е) аускультация мәліметтері 283. Балалар ауруханасының кардиоревматологиялық бөліміне 5 жасар ұл бала түсті. Қарағанда: жүрек ұшының түрткісі 3-қабырға аралықта, сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа естіледі, шашыраңқы, әлсіз, жүректің сол жақ қыры сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан сыртқа 2,5 см шығыңқы. Жоғарғы қыры 2-қабырға, оң жақ қыры төс маңы сызығымен, жүрек тондары бәсеңдеген, жүрек түрткісінде үш жақты ырғақ, жүрек негізінде ұзақ емес орташа қарқынды систолалық шу естіледі. Артериялық қан қысымы с.б. 100/50 мм. Бұл жағдайда сіздің болжам диагнозыңыз? +А) миокардит В) эндокардит С) перикардит D) жүрек ақауы Е) ревматизм 284. 10 жастағы ұл бала миокардитке күдіктенумен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде ЖРВИ-мен ауырған. Қандай көрсеткіш жасына сай бағаланады? А) пульс минутына 196 рет +В) артериялық қан қысымы с.б. 95/60 мм С) жүректің сол жақ қыры ортаңғы бұғана сызығымен D) жүрек ұшының түрткісі әлсіз, шашыраңқы Е) жүрек негізіндегі систолалық шу 285. 7 жасар ұл бала стационарға түсті. Баланың шағымдары: дене қызуының фебрильді жоғарылауы, жүрек тұсының ауыруы, жүректің жиі соғып кетуі. Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, жүрек шекаралары сол жаққа қарай ұлғайған, тахикардия, транзиторлы экстрасистолия, жүрек тондарының бәсеңдеуі, 5-ші нүктеде қарқынды емес, систолалық шу естіледі. Бұл балада қандай патология? А) жүректің функционалды өзгеруі В) эндокардитке тән өзгерістер +С) миокардитке тән өзгерістер D) перикардитке тән өзгерістер Е) панкардитке тән өзгерістер 286. 6 жасар ұл бала аймақтық дәрігерге диспансерлік бақылауға келді. Қарағанда: жүрек ұшының түрткісінде орташа қарқынды систолалық шу естіледі және оны дәрігер функциональды шу деп бағалады. Шудың функциональды екендігін не дәлелдейді? А) ұзақ емес, әлсіз +В) жүктемеден кейін күшейеді С) тік бағытта азаяды D) мойын тамырларына берілмейді Е) жүктемеден кейін азаяды 287. 6 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. АҚДС вакцинасын алу алдында қараған кезінде қай көрсеткішті паталогиялық деп бағалады? А) пульс минутына 120 рет +В) артериялық қан қысымы с.б. 100/60 мм С) жүрек ұшы түрткісі IV-қабырға аралықта D) жүректің сол жақ қыры ортаңғы бұғана сызығымен Е) жүректің жоғарғы жиілігі мен тұрақсыздығы 288. 3 жасар ұл бала аймақтық дәрігерге анасымен келді. Анамнезінде 4 күннен бері ЖРВИ-мен ауырады. Қарағанда: жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі өзгерістерді анықтады. Қандай симптомдар жүректің зақымдануын көрсетеді? А) жүрек соғу жиілігі минутына 150 рет В) артериялық қан қысымы с.б. 90/60 мм. С) жүректің сол жақ қыры ортаңғы бұғана сызығымен +D) ырғақтың жоғарғы жиілігі, лабилділігі Е) жүрек негізіндегі систолалық шу 289. 5 жасар ұл бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. 4 күннен бері ЖРВИ-мен ауырады. Қарағанда: дене қызуы 36,7°С, жүрек қан-тамырлар жүйесіндегі өзгерістерді анықтады. А) жүрек ұшының түрткісі V-қабырға аралықта В) артериялық қан қысымы с.б. 100/65 мм. С) жүректің сол жақ қыры ортаңғы бұғана сызығымен +D) жүректің соғу жиілігі минутына 132 рет Е) жүрек негізіндегі систолалық шу 290. 3 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге келді. Емгеннен кейін 20 минуттан соң дәрігер қарағанда қандай көрсеткіш жүрек қан тамырлар жүйесін бұзылысын айғақтайды? +А) пульс минутына 100 рет В) артериялық қан қысымы с.б. 76/45 мм. С) жоғарғы қыры екінші қабырға аралығында D) тондардың бәсеңдеуі Е) ырғақтың жоғары жиілігі мен лабилділігі 291. 7 жасар ұл бала аймақтық дәрігерге анасымен келді. Бұл балада систолалық шу бар екенін анықтады. Шудың қандай ерекшеліктері оның функционалды екендігін дәлелдейді? А) ұзақ емес сипатта В) жүктемеден кейін азаяды +С) тік бағытта күшейеді D) мойын тамырларына таралмайды Е) тік қалыпта азаяды 292. Стационарда баспамен ауырған 13 жасар қыз баланы кардиоревматолог тексергенде ревматизмнің бар екеніне күдіктенді. Эндокардтың зақымдалуына қандай көрсеткіштер жатады? А) артериялық қан қысымы с.б.110-65 мм В) пульсі минутына 80 рет С) жүрек ұшының түрткісі 5-қабырға аралықта +D) жүрек ұшындағы систолалық шум Е) жоғарғы қыры 3-қабырғада 293. Аймақтық дәрігер жаңа туылған дені сау баланы үй жағдайында қарады. Тыныштық күйде жаңа туылған нәрестенің 1 минуттағы жүрек соғысының жиілігі? А) 80 В) 90 С)100 D)O110 +Е)140 294. 7 күндік шала туылған нәрестені аймақтық дәрігер қараған кезде келесі белгілерді анықтады: құсу, жоғары жүйке-рефлекторлық қозғыштық, іріңді омфалит. Дене қызуы 37,2С. Аускультация кезінде I және II тондардың тең арақашықтықтағы бірдей дыбысты естілетін жүректің маятник тәрізді ырғағы естіледі. Бұл кардиальды феноменді қалай бағалайды? А) ОЖЖ-нің перинатальды зақымдалуы В) қызба әсерінен болған зақымдалу С) токсикалық іріңді инфекциялық ошақтың болуы +D) эмбриокардия, қалыпты варианты E) асқорыту жүйесінің дисфункциясы 295.Балалар ауруханасына қабылдау бөліміне 11жасар ұл бала келіп түсті. Екі тізе буындарының қақсап ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: баланы дене температурасы субфебрильді, әлсіз, шаршағыш, тәбеті төмен, буындары ісінген, қызарған, жергілікті температурасы жоғарылаған. Қан анализінде: С реавктивті белок оң мәнді. Дәрігердің диагнозы? А) Тетрадо Фалло +В)Ревматизм С)Круп синдромы D) Бронхит Е)Туа пайда болған жүрек ақауы 296.Балалар ауруханасына қабылдау бөліміне 14жасар қыз бала келіп түсті. Буындарының қақсап ауырсынуына, таңертегі құрысуға шағымданады. Қарағанда: дене температурасы субфебрильді, симмертриялы түрдегі буындарының ісінуі, ауырсыну, гиперемиясы байқалады. ЭТЖ 14мм /сағ жоғарылаған. Дәрігердің болжам диагнозы? А) Геморрагиялық васкулит В)Жүйелі қызыл жегі C)Жаншау +D)Ювенильді ревматоидты артрит Е) Ревматизм 297. 6 жасар бала қалалық аурухананың қабылдау бөліміне анасы алып келді.Баланың дене қызуы 38 С қа жоғарылаған ,жүрек,буын,іш аймақтары ауырсынған , мұрнынан қан кеткен. Қарағанда : тері асты түйіндер үлкейген және тізе буындары қызарған ,қызу белгілері бар.ҚЖА: лейкоцитоз,ЭТЖ жоғары,С-реактивті белок оң мәнді.ЭКГ: Р-Q интервалы ұзарған. Баланың клиникалық диагнозы қандай? +А)Ревматизм В)Миокардит С)Перикардит D) Геморрагиялық васкулит Е)Жүйелі қызыл нүкте 298. Орталық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 14 жасар ұл бала келді.Бала 2 апта бұрын тұмаумен ауырған. Келген кездегі щағымдары : ентігеді, жүрек тұсы ауырады. Қарағанада: жалпы жағдайы ауыр, тахикардия, цианоз белгілері бар.ЭКГ-де ритмнің бұзылысы , PQ-интервалының ұзаруы , Т-тісшесінің өзгеруі, ST- сегментінің төмендеуі анықталады. Аускультацияда қосымща жүрек шулары естіледі. ФКГ-де I –тон амплитудасының төмендуі және деформациясы, патологиялық III-IV тон анықталды. Баланың клиникалық диагнозы қандай? +А) Миокардит В)Ірі қан тамырларының транспозициясы С)Қарыншааралық перденің ақауы D) Жүрекше аралық ақауы Е)Перикардит 299. Қалалық емханаға дәрігердің қабылдауына 8жасар баланы анасы алып келді. Шағымдары: дене температурасының көтерілген, буындары ісінген ,ауырсынған. Анасының айтуы бойынша баласы 3 апта бұрын баспамен ауырған. Дәрігер лабараториялық және аспаптық тексерулер нәтижелеріне сүйеніп ревматизм диагнозын қойды. Дерігер ауқасқа қандай ем тағайындады? А) Метилпред,Прозерин,Колхицин,Трилон +В)Пенициллин,Преднизолон,Вольтарен,Аспирин С)Винкристин,Онкавин,Адриомицин D)Гемодез,Альбумин ерітінділері,плазмоферез Е)Эуфиллин,Диклофенак,Атропин,Новакаин 300.Аймақтық дәрігерге 5 жасар баланы анасы алып келді. Анасының айтуы бойынша: бала аз қозғалады,тез шаршайды ,баланың орнынан тұруы қиын және жүрісі «үйрек» тәрізді . Қарағанда: көз айналасының ісінуі,көруінің нашарлағаны ,буындарының қызарып, терісінің қабыршақтанғаны анықталды.ҚЖА: анемия,эозинофилия,лейкоцитоз,ЭТЖ жоғары.Қан сарысуында: альдолазаның,трасаминазаның,креатиинфосфокиназаның деңгейі жоғары.Рентгенде тері және тері астына кальций жиналған. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды? А) Полиомиелит В)Бұлшық ет дистрофиясы +С)Дерматомиозит D)Жүйелі қызыл ноқта Е)Ревмотоидты артрит 301. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 10 жасар ұл бала келіп түсті. Шағымдары: әлсіз,мазасыз,терлегіш, ентігеді,тез шаршайды,дене қызуы жоғарылаған. Анамнезінде: 2 апта бұрын баспамен ауырған.Қарағанда: бала әлсіз,мазасыз,терісі таза,бозғылт,дене қызуы өзгермелі. Үлкен буындары ісінген,қызарған, қозғалғыштығы төмендеген,ауырсынады. ҚЖА: С-реактивті белок анықталды. Дәрігердің қойған диагнозы? А) Дерматомиозит В) Жүйелі қызыл жегі +С) Ревматизм D) Подагра Е) Миокардит 302. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 11 жасар қыз бала келді. Шағымдары: Аяқ бұлшықеттері қатты сырқырап ауырады,әлсіз,үлкен қадам тастай алмайды, дене қызуы көтерілген,жұтыну қиындаған. Қарағанда: терісі бозғылт,буын аймағы ісінген,қызарған. ҚЖА: ЭТЖ жоғары,лейкоцитоз,С-реактивті белок. ҚБА: креатинфосфокиназа, трансаминаза жоғары,НЖА: креатинурия. Дәрігердің қойған диагнозы? +А) Дерматомиозит В) Полиартрит С)Жүйелі склеродермия D) Геморрагиялық васкулит Е) Миокардит 303. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 13 жасар қыз бала анасымен келді. Шағымы: басы ауырады, ,әлсіз,аяқ-қол буындары ауырсынады,шашы түскіш,таңертеңгі құрысу бар,беті ісінеді. 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарағанда: дене қызуы жоғары, жалпы жағдайы нашар, бетінде және мойнында көбелек пішінді қызыл түсті нүктелер бар. ҚЖА: протеинемия, ЭТЖ, С-реактивті белок жоғары, лейкопения, тромбоцитопения. LE-клеткалар табылды. НЖА: альбуминурия, гематурия. Дәрігердің қойған диагнозы? +А) Жүйелі қызыл жегі В) Дерматомиозит С)Жүйелі склеродермия D) Геморрагиялық васкулит Е) Миокардит 304. Аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен 12 жасар қыз бала жеткізілді. Шағымдыры: әлсіз , ентігеді, жүрек маңы аурады. Қарағанда : баланың жағдайы ауыр , ентігеді, терісі боз, жүректің солға қарай ығысқан, жүрек соғуы жиі , жүрек тондары әлсіз, систолдық шу естіледі. Бала 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды? +А) миокардит B) ревматизм С) стенокардия D) перикардит Е) эндокардит 305. Амбулаториялық емделу кезінде 9 жасар ұл бала респираторлық ауруға байланысты бисептол қабылдаған. Емнің 3-ші күнінде афтозды стоматит пайда боған, Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс? +А) Лейкоциттер - 2,3х109/л В) Лимфоциттер - 44% С) ЭТЖ - 12 мм/ч D) Эозинофилдер - 2% Е) Моноциттер- 5% 306.Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 11жасар ұл бала келіп түсті. Бала ашыққан кезде және астан 1–2сағаттан соң асқазан маңы ауырсынады, қыжылдайды. Әкесінде асқорыту жүйесінде ауруы бар. Лабараториялық тексеруде: тұз қышқылының максимальды секрециясының жоғарғы деңгейі, қан мен зәрде песиногеннің жоғары мөлшері байқалады. Баланың нәжісінде жасырын қан анықталған. Дәрігердің қойған диагнозы? А) Ларингоспазм В)Асқазан атониясы +С) Ойық жара ауруы D)Аэрофагия Е) Өңеш рагы 307.Балалар ауруханасына 12жасар ұл бала келіп түсті. Баланың айтуы бойынша: құсады, лоқсиды, аузына қышқыл дәм келеді, әсіресе тамақтан соң және жатқан кезде айқын байқалады, бала тамақтанудан бас тартқан. Төстің төменгі тұсында тамақтан соң бірден күйдіру сезімі пайда болады. Дәрігердің болжам диагнозы? А) Сигмоидит +В)Гастроэзофагальды рефлюкс С)Ойық жаралы колит D) Гастродуоденит Е)Кіндік жарығы 308.Аймақтық дәрігерге 4айлық қыз бала қаралуға келді. Анасының айтуы бойынша. тамақтандырғаннан соң сәби көбіне мазасызданады. Іші үнемі кебіңкі болады. Тамақтанудан 5-10 минуттан соң,өзгермеген сүттің иісімен бірге ауаның дыбыспен шығуы естіледі. Қарағанда: эпигастрий маңы тез толысып, перкуссияда қораптық дыбыс береді Баланың осы жағдайы қай кезде байқалады? А) Аэробты инфекция В)Гастроэзофагальды рефлюкс С)Гастрит D) Панкреатит +Е)Аэрофагия 309.Балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 4апталық ұл бала келіп түсті. Анасының айтуы бойынша: 2апта бойы жалғасқан лоқсулар бірте бірте көбейген. Балада фонтан тәрізді құсық, әр тамақтың кезінде немесе тамақтанғаннан кейін болады. Сәби ылғи мазасыз, аш, қомағайланып сорады. Нәжісі сирек, мөлшері аз. Бұлшықет гипотониясы айқын байқалады. Салмақ қоспаған. Дәрігердің болжам диагнозы? А) Пилорикалық бөліктің дамымауы В)Панкреотит +С) Пилоростеноз D)Кардия сфинктерінің жеткіліксіздігі Е)Пилороспазм 310. 13 жасар баланы қалалық аурухананың қабылдау бөліміне анасы алып келді. Баланың шағымдары: мазасыз,тәбеті төмен,жүрегі айнып 1-2 рет құсқан , іш аймағы және кіндігінің айналасы ауырады. Қарағанда: терісі бозғылт,тілі ақ жабындымен жамылған,басқанда эпигастрий аймағы ауырсынады, үлкен дәреті тұрақсыз. Дәрігер қандай болжам диагноз қойды? А) Жедел перитонит В)Эзофагит +С) Жедел гастрит D) Гепатит Е)Энтероколит 311. Аудандық ауруханаға келген 14 жасар ұл баланың шағымдары мен лабораториялық зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып дәрігер жедел гастрит диагнозын қойды. Ауру асқынусыз. Дәрігер қандай ем тағайындады? +А) Диета,спазмолитик( Но-шпа),Платифиллин,Церукал,Алмагель В)Диета,Промедол,Эуфиллин,Глюкозаның 5%-тік ерітіндісі көк тамырға С)Ацетилсалицил қышқылы,Метиндол,Метрит D) Омепразол,Аспирин,Строфантин,В12 витамині Е)Аллахол,Халасас, Аспирин, Пиперазин 312. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 3 жасар ұл баланы анасы алып келді. Анасының айтуы бойынша баланың тәбеті төмен, әлсіз,мазасыз,туылғаннан бері салмақ қосуы жасына сай емес,салмақты аз қосады.Қарағанда: іш маңы катты ауырады, іші ісінген, үлкен дәреті сұйық және ащы иісті.Науқастың зерттеулері нәтіжесінде лактозурия, аминоацидурия,шипергликемия анықталған. Дәрігер қандай диагноз қойды? А) Жедел гастрит +В)Мальабсорбция синдромы С)Созылмалы гастрит D) ішектің тітіркену синдромы Е)Гастродуоденит 313. Балалар ауруханасына 12жасар ұл бала келіп түсті. Баланың айтуы бойынша: құсады, лоқсиды, аузына қышқыл дәм келеді, әсіресе тамақтан соң және жатқан кезде айқын байқалады, бала тамақтанудан бас тартқан. Төстің төменгі тұсында тамақтан соң бірден күйдіру сезімі пайда болады. Дәрігердің болжам диагнозы? А) Сигмоидит +B)Гастроэзофагальды рефлюкс С)Ойық жаралы колит D) Гастродуоденит Е)Кіндік жарығы 314. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 14 жасар ұл бала келді. Шағымдары:тәбеті төмен,жүрегі айниды,майлы,қуырылған тамақ жегеннен соң іш аймағы ауырсынады, «кофе қойыртпағы» құсады,құсқаннан кейін жеңілдейді. Диагноз қоюға ең тиімді тексеру жоспары? А) Кеуде торының шолу рентгенографиясы В) Ларингоскопия С) Ирригоскопия +D) ФГДС Е) Колоноскопия 315. Қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 15 жасар қыз бала келді. Шағымы: ащы,тұзды, майлы тамақ жегеннен 20-30 минуттан соң оң жақ қабырға асты ауырсынады, тершең, әлсіз, тәбеті төмен, аузында қышқыл дәм сезіледі. НЖА: микрогематурия және микроальбуминурия. Копрологиялық зерттеу: стеаторея,амилорея,аздаған қан құрамдастары. Клиникалық диагнозыңыз? А)Ішек тітіркену синдромы В) Асқазан жарасы С) Дизентерия D) Жедел гастрит +Е) Жедел холецистит 316. Аймақтық дәрігерге 3,5 жасар ұл бала анасымен келді. Қарағанда: аналь тесігінің маңында қызару, тырналған іздер байқалды. Бұл симптом қай аурудың белгісі? А) коли-инфекция В) дизентерия +С) энтеробиоз D) аскаридоз Е) лямблиоз 317. 10 айлық бала ішек бұзылысының 2-ші күнінде стационарға келіп түсті. Кезекші дәрігер қарағанда: баланың дене температурасының 38-С-қа градуска көтерілуін, соңғы тәулікте 4 рет дәрет сындырғанын байқады. Осы уақытқа дейін 8 рет сұйық нәжіс байқалған. Бұл баланың зәр шығару мөлшерінің жиілігіне не себеп болды? А) зәрдің рефлекторлы кедергісі +В) сусызданудан диурездің төмендеуі С) гемодинамикалық бұзылыс D) жедел бүйрек жетіспеушілігі Е) зәрдің келуіне кедергі келу 318. Жұқпалы аурулар ауруханасына 8 жасар қыз келді. Қызылшамен ауырған, бөртпенің 2-ші күні қан анализі тексерілді. Қандағы қай көрсеткіш ауытқыған? А) Базофилдер - 0,5% В) Эозинофилдер - 3% С) ЭТЖ - 8 мм/ч +D) Лейкоциттер - 3,1х109/л Е) Тромбоциттер- 219,8х109/л 319. Стационардың қабылдау бөліміне 1,5 жасар ұл баланы ата-анасы алып келді. Баланың кеуде терісінде іріңді бөртпелер бар, субфебрильді температура анықталды. Соңғы уақытта салмақ қосуы аз. Қанның қандай көрсеткіші дәрігердің назарын аударуы тиіс? +А)Таяқшалы нейтрофилдер - 12% В) Сегментядролы нейтрофилдер - 40% С) Гемоглобин - 150 г/л D) Эозинофилдер - 2% Е) Моноциттер- 7% 320. Жұқпалы аурулар бөліміне 7 жасар қыз балаға көкжөтел, спазматикалық кезеңі деп диагноз қойылды. Ұстамалардың саны күніне 10-12 рет, өкпеде құрғақ сырылдар естіледі. Қанның қандай көрсеткіші осы аурудың көрінісі деп бағалану керек? А) Лимфоциттер- 58% В) Базофилдер - 0,5% +С) Лейкоциттер - 17х109/л D) ЭТЖ - 9 мм/ч Е) Моноциттер - 5% 321.Аймақтық дәрігер 5 айлық ұл баланы қарағанда оның тері қатпарлары қыртыстануының баяулағанын байқады. Тері серпімділігінің төмендеуі қандай жағдайды көрсетеді? А) Рахиттің өршу сатысы В)Дистрофияның 1-дәрежесі + С)Сусыздану D)Склерема Е)Склередема 322.Ішек инфекциясы бөліміне 5 айлық ұл бала келіп түсті. Зерттеу барысында дәрігер қолымен бала жамбасының ішкі бетінің жұмсақ тіндерін басып көреді. Бұл әдіспен дәрігер нені анықтайды? А)Тері серпімділігін + В)Жұмсақ тіндердің тургорын С)Теріастылық эмфиземаның болуын D)Теріасты май қабатының даму дәрежесін Е)Iсінудің болуын 323.Аймақтық дәрігер 7-сынып оқушысын қабылдады. Оқушы дене температурасының 37,50С-қа жоғарылауына, қол, жамбастың жазылатын бетінде ұсақ папулезді бөртпелердің пайда болуына шағымданды. Дәрігер қарағанда жұтқыншағы аздап қызарған. Желкедегі лимфа түйіндері жұмсақ, көлемі 1x1 см, сәл ауырсынады. Осы лимфа түйіндеріндегі реакция қай ауруда болады? А)Жәншау + В)Қызамық С)Жұқпалы мононуклеоз D)Туберкулез Е)Аденовирусты инфекция 324.Педиатр 6 жасар ұл баланы тамағының ауырсынуына және дене температурасының 37,50С-қа жоғарылауына байланысты үй жағдайында қарады. Ангина диагнозы қойылды. Ауырғанына 3 күн болған. Анасы мойнының артқы бүйірлік аймағындағы ісікке көңіл аударды. Дәрігер қайта қарауда жұқпалы мононуклеозға күдіктенеді. Диагнозды негіздеуге не себеп болды? A.Баспа В)Бөртпе С)Лимфа түйіндерінің ұлғаюы D)Гипертермия + Е)Спленомегалия 325.Стационарда сепсис диагнозы қойылған 6 айлық ұл балаға остеомиелитті жоққа шығаруы үшін тізе және сан сүйектерінің рентгенограммасын жасатты. Осы жастағы нәресте сүйегінің қандай ерекшеліктері бар және рентгенограмманы талдау кезінде есепке алынуы керек? + А)Эпифиздің шеміршектік сипаты В)Сүйектердің әлсіз минерализациясы С)Эпифиздегі сүйектену ядросының қалыптасуы D)Сүйек қабының айқындығы Е)Сүйек қабының қалыңдауы 326. Балабақшаның бір топ балаларын диспансерлік тексеру кезінде үнемі жөтелетін бірнеше балалар анықталды. Олардың мұрынмен тыныс алулары қиын, ауызбен дем алады, мұрындарынан шырышты-іріңді бөлінділер ағады. Көмейдің артқы қабырғасынан дәл сондай секрет бөлінеді. Жұтқыншақ қалыпты жағдайда. Бұл балаларды тексерген кезде қандай өзгерістер анықталуы мүмкін? А) Бронхит В)Аденоидит + С)Жедел ринит D) Гайморит Е)Пневмония 327. Аймақтық педиатрдың қабылдауына 1,5 жастағы ұл баланы анасы алып келді. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары: спастикалық дем алумен ұстама тәрізді жөтел, жиі құсумен аяқталады. Бұл симптомдарға қарап қандай ауру туралы ойлауға болады? А) Көмейдің жедел стенозы В)Пневмония С) Трахеит D)Бронхоаденит + Е)Көкжөтел 328.Аймақтық дәрігерге 10 айлық ұл бала анасымен келді. ЖРВИ-мен ауырған. Мазасызданғанда шулы тыныс пайда болады. 1-дәрежелі көмейдің стенозы диагнозы қойылған. Ауруханаға дейінгі кезеңде сіз қандай ем қолданасыз? +А) Бумен ингаляциялау В)Антигистаминді дәрмектер С)Жалпы ыстық ванна D) Несеп айдағыш дәрілік заттар Е)Ауа ваннасы 329. Аймақтық дәрігер 8 айлық ұл баланы шақыртумен көруге келді. Балада экссудативті диатез бар. 3 күн бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда: риниттің белгілері бар, жөтел, дене температурасы 38,50С-ке дейін жоғарылаған. Түнде бірнеше рет тыныс жеткіліксіздігі мазалаған, дем алғанда шулы, көкірек клеткасының ішке қарай кіруі, «үрген тәрізді» жөтел болған. Осы пайда болған симптомды қалай бағалайсыз? А) Бронх демікпесі В)Обструктивті бронхит +C)Круп синдромы D)Бастапқы пневмония Е)Көкжөтел 330. 1 жарым жасар ұл бала дене қызуы 39,80С-ке дейін жоғарылап, ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін клоникалық-тоникалық құрысулар ұстамасы пайда болды. Жедел жәрдем дәрігері құрысуды фебрильді етіп бағалады. Фебрильді ұстамасы неден пайда болды? А)Мидың гипоксиясы В)Гематоэнцефалиялық барьердің өткізгіштігінің жоғарылауы С)Метаболикалық ацидоз +D)Қыртысты қабық структрулары кемелділігінің жетіспеуі Е)Метаболикалық алкалоз 331. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 жас 2 ай қыз бала анасымен келді. ЖРВИ-мен 3–ші күн ауыруда. Стенозды ларинготрахеиттің белгілері пайда болды. Диагнозқойыңыз? +А) «Үрген тәрізді» жөтел В)Өкпеде ылғалды сырылдар С)Экспираторлы ентігу D)Катарльды белгілердің айқын болуы Е)Өкпеде ұсақ калибрлі сырылдар болуы 332. 1 жарым жасар ұл балада кешке дене қызуы көтерілді. Екі күн бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Кешке дөрекі жөтел, ентікпе, тыныс алуы минутына 40 ретке дейін, мазасыз, дем алу кезінде бұғана үстінің кіріңкі болуы байқалады. Шақыртумен келген аймақтық дәрігер баланы ауруханаға жатқызуды ұсынды. Дәрігер неден күдіктенді? А)Риниттің белгілері В)Пневмонияға күдіктену С)интоксикация белгілері +D)көмейдің бастапқы тарылуы Е)Тонзиллиттің белгілері 333. Аурухананың қабылдау бөліміне 6 айлық бала анасымен тұмаумен ауырып келді. Дене температурасы 39,80С, шағын катаральді белгілер бар. Терісі сұр, ұстағанда қолы және аяқтары салқын, саусақтарында көгеру бар. ЖСЖ минутына 150 рет. Зәрдің тығыздығы 1010. Осы айтылған симптомдар жиынтығын қалай бағалайсыз? А)тыныс жетіспеушілігі В)жүрек жетіспеушілігі С)гипотермиялық синдром +D)гипертермиялық синдром Е)бүйрек жетіспеушілігі 334. Аурухананың қабылдау бөлімінде 8 айлық қыз бала ЖРВИ-мен ауырып келген. Гипертермиялық синдром пайда болды: дене қызуы 39,50С, ентігу, тахикардия, терінің сұрлануы, саусақтарының көгеруі, денесі салқын. Бұл жағдайда балаға қандай көмек береміз? А)Антибактериальдық терапия В)Антипиретиктер С)Витамин препараттары D)Қантамырларды кеңейтетін препараттар +Е)Дене қызуын басатын дәрі-дәрмектер 335. Аймақтық дәрігер үйге шақыртумен 1 жасар ұл баланы көруге келді. Бала кенеттен ауырып қалған. Дене қызуы 38,50С, ринит белгілері және жөтел байқалады. Анасының айтуынша бала кешке қарай мазасызданған. Тыңдағанда: шулы тыныс, дөрекі «үрген тәрізді» жөтел, инспираторлық ентігу, бұғана үсті ойығының ішке кіруі, ауыз төңірегінің біршама цианозы байқалды. Осы пайда болған симптомды қалай бағалайсыз? А)Көмейдің компенсацияланған стенозы +В)Көмейдің субкомпенсацияланған стенозы С)Көмейдің декомпенсациялық стенозы D)Стеноздың терминалды фазасы Е)Ларингит 336. Қабылдау бөліміне 8 айлық қыз бала түсті. Ауруы жедел басталған.Үлкен дәреті жиі және сұйық, құсу байқалады. Ішек инфекциясы диагнозы қойылды. Балада сусызданудың пайда болуына қандай көрсеткіштер тән? +А)Шөлдеу, шырышты қабаттың құрғауы В)Үлкен еңбектің ісінуі С)Тері жамылғысының ылғалдануы D)Дене қызуының көтерілуі Е)Әлсіз,мазасыздану 337. 9 айлық бала стационарға сусызданудың 3- дәрежесімен жеткізілді. Ауыр дегидратация диагнозын қоюға тән көрсеткіштер? +А) тін тургорының қатты төмендеуі В)Диурезі сағатына 10 мл-ден төмен С)Акроцианоз D)Қайталамалы құсу Е)Дене қызуының көтерілуі 338. Аймақтық дәрігер үйге шақыртумен 10 айлық баланы қарады. Дәрігер ішек инфекциясы, сусызданудың 2- дәрежесі диагнозын қойды. Дене салмағы 7% -ға дейін төмендеген. Қандай емдеу тактикасын қолданған дұрыс? А)Көктамырішілік гемодезді енгізу В)Көктамырішілік реополиглюкин енгізу С)Көктамырішілік тұзды глюкоза ерітінді енгізу +D)Энтералды тұзды-глюкоза ерітінді енгізу Е)Көктамыр ішілік физиологиялық ерітінді енгізу 339. 2 жарым жасар ұл бала жиі ЖРВИ-мен ауырады. Лимфатико-гипопластикалық анамолиясы бар. Анасы соңғы тәулікте баласының тәбетінің төмендеуін, мұрынмен дем алуы қиындығын, әлсіздігін байқады. Дене температурасы 37,00С. Түнде кенеттен мазасыз ұстамалы жөтел, ысқырықты, алыстан естілетін шулы тыныс пайда болды. Бала мазасызданды. Жедел жәрдем дәрігері қарау барысында анықтады: бетінің ісіңкі болуы, ауыз төңірегінің цианозы, тыныс алу жиілігі минутына 52-60 рет, аускультацияда өкпеде құрғақ ысқырықты және әртүрлі калибрлі ылғалды екі жақты сырылдар естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз? А) Обструктивті синдромы бар ЖРВИ В)Бронхтарға бөгде зат түсу +С) Бронх демікпесінің ұстамасы D)Жедел пневмония Е)Көкжөтел 340. 3 жарым жас ұл баланың дене қызуы 380 С, ринит белгілері бар, «үрген тәрізді» дөрекі жөтел және инспираторлы стридор, көкірек клеткасының ішке қарай кіруі, мазасыздық анықталды. Баладағы жоғарғы тыныс алу жолдары жедел обструкцияның негізгі себебі? А)жедел ринит +В)ларингоспазм С) жедел эпиглотит D) көмейдің аллергиялық ісінуі Е) жедел тонзиллит 341 Жедел жәрдем дәрігері ЖРВИ-мен ауырған 2 жасар ұл баланы қарады. Гипертермиядан құрысу ұстамаса пайда болды. Құрысулар фебрильді түрде бағаланды. Мұндай жағдайда құрысуға қарсы қандай препарат тағайындаған дұрыс? А)анатруксоний В)хлоралгидрат +С)оксибутират натрий D)имбретил Е)циклобутан 342. Стационарға 1 жарым жасар қыз бала жедел ішек инфекциясымен, сусызданумен түсті. Қандай клиникалық симптомдар организмнің сусыздану дәрежесін көрсетеді? А)дене салмағының 3-4% -ға жоғалуы В)тері қабатының сұрлануы +С) тері қатпарының баяу жазылуы D)аяқ-қолдың салқындауы Е)дене қызуы 37,2-37,60С 343. Стационарда 1 жас 3 айлық баланың дене қызуы 380С-қа жоғарылады, нәтижесінде жиі сұйық нәжіс пайда болды, 4 рет құсу болған. Дәрігер қарау барысында жедел ішек инфекциясы сусызданудың 2-дәрежесі диагнозын қойды. Қандай симптом сусызданудың дәрежесін қоюға негіз бола алады? +А) дене салмағының 7%-ға төмендеуі В)сұйық нәжіс тәулігіне 10 ретке дейін С)шырышты қабаттың біршама құрғауы D) әлсіздік, адинамия Е)тері қабатының сұрлануы 344. Стационарда 1 жас 3 айлық баланың дене қызуы 380С-қа жоғарылады, нәтижесінде жиі сұйық нәжіс пайда болды, 4 рет құсу болған. Дәрігер қарау барысында жедел ішек инфекциясы сусызданудың 2 -дәрежесі диагнозын қойды. Гиповолемиялық шоктың белгілері жоқ сусызданудың 2-дәрежесінде регидратацияның қандай түрін қолданған дұрыс? А)8 сағаттың ішінде су мен шәйді үзіліссіз беру +В) глюкозаның тұзды ерітіндісін оральды енгізу С)глюкозаның тұзды ерітіндісін парентеральды енгізу D) коллойдты ерітінділерді енгізу Е)гемодезді көктамырдан жіберу 345. Жұқпалы аурулар ауруханасына 8 жасар қыз келді. Қызылшамен ауырған, бөртпенің 2-ші күні қан анализі тексерілді. Қандағы қай көрсеткіш ауытқыған? А) Базофилдер - 0,5% В) Эозинофилдер - 3% С) ЭТЖ - 8 мм/ч +D) Лейкоциттер - 3,1х109/л Е) Тромбоциттер- 219,8х109/л |