Аиг. СЕССИЯ. Біріктірілген. Сіз емханада акушергинеколог дрігерсіз. 3 апан кні 22 жастаы йел етеккіріні 2,5 айа кідіруіне шаымданып келді. Жктілігі бойынша есепке трысы келеді
Скачать 347.25 Kb.
|
Тапсырма: Клиникалық диагноз қою Ұрықтың жүрек соғысын аускультациялау Ұрықтың болжамды салмағын анықтау Қынаптық зерттеу жүргізу Жүктілікті жүргізу мен босану жоспарын құру №25 Чек ПАРАҚ Керекті жабдықтар: сабын,бір реттік үлгі, антисепик, (акушерлік, сүт бездер) муляжы, стетоскоп, сантиметрлік өлшегіш, партограмма, калькулятор. А.Т.Ж. студент______________________________Группа ______ Мамандық: акушерия және гинекология А.Т.Ж. экзаменатор________________________________________________
Максимальды балл – 100 балл Тапсырмаға берілетін уақыт – 15 минут. №25 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ А.Т.Ж. студент______________________________Группа ______ Мамандық: акушерия және гинекология А.Т.Ж. экзаменатор________________________________________________
Максималлды балл – 100 балл Тапсырмаға берілетін уақыт – 15 минут. №26 клиникалық есеп Клиникалық мәліметтер: Сіз перзентхананың қабылдау бөлімінің дәрігер-гинекологісіз. Жүкті әйел М. 30 жаста 39-40 апта жүктілік. 3 сағат аралығындағы іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданып стационарға түсті. Ауру анамнез : 3- 4 сағат аралығындағы іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауру сезімі. Өмір анамнез: Менструациясы 14 жастан, тұрақты 28 күн сайын , 4-5 күн аралығында, аздаған ауру сезімсіз.Жыныстық қатынаста 21 жастан. Жүктілік – 2; босануы– 1, асқынусыз. Ауырған аурулары: 2 жыл көлемінде – анемия жеңіл түрде. Осы жүктілік жеңіл анемия ағымында жүрді, антианемиялық препараттар қабылдады. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және сыртқы шырышты қабаттары қалыпты түсте.Өкпеде тынысы везукулярлы, сырылдар жоқ.Жүрек тондары анық, ритмді.Пульс 76 рет, АҚ 110/70 мм рт ст. Іші жұмсақ,ауру сезімінсіз, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Соққылау симптомы екі жақта теріс. Нәжісі ретті.Зәр шығаруы ауру сезімінсіз. Акушерлік статус: 2-3 толғақтан 10 минут сайын 25 секунд орта күш. Іші жүктілік әсерінен ұлғайған. Бел айналымы 102 см, Жатыр түбі биіктігі 35 см. Ұрықтың жатысы тігінен, басымен 3/5 бөлігі жамбас бөлігінде. Ұрықтың жүрек соғысы 146 рет минутына. Қынапты айнада қарау: жатыр мойны шырышты қабаты және қынап таза, бөлінділер шырышты. Қынатық зерттеу: Қынап босанған , жатыр мойны жамбас осінде центральды , тегістелген, ішкі ернеудің 2 см ашылуы бар. Қынап қабы бүтін. Ұрықтың келуі басымен, 3/5 жамбас қуысында.Экзостоз жоқ. Мүйіске жетпейді. 4 сағаттан соң 3-4 толғақтан 10 мин 40 сек орта куште. Ұрықтың жатысы тігінен , басымен, жамбас қуысында 3/5. Ұрықтың жүрек соғысы анық, 146 рет минутына. Қынатық зерттеу: Қынап босанған, жатыр мойны жамбас осінде орталық орналасқан, тегістелген, ішкі ернеудің 5 см ашылуы бар. Қынап қабы бүтін. Ұрықтың келуі басымен, 3/5 жамбас қуысында.Экзостоз жоқ. Мүйіске жетпейді. Тапсырма: Клиникалық диагнозды қою Ұрықтың жүрек соғысын, ұрықтың болжам салмағын анықтау Қынаптық зерттеуді жүргізу Босану барысын анықтау. Партограмма толтыру. №26 Чек-ПАРАҚ Керекті заттар: сабын, бір реттік сүлгі, антисептика ерітіндісі, муляж (акушерлік,сүт безінің), стетоскоп, сантиметрлік лента, партограмма, калькулятор ФИО экзамен тапсырушы ______________________________Группа ______ Мамандық: Акушерия және гинекология Ф.И.О. экзаменатор________________________________________________
Максимальды балл – 100 балл Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут №26 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ ФИО экзамен тапсырушы : _______________________ Группа: _______ Мамандық: Акушерия және гинекология негізі Ф.И.О. экзаменатор_______________________________________________
Максимальды балл – 100 балл Тапсырмаға берілетін уақыт – 15 минут. №27 клиникалық есеп Клиникалық жағдай: Акушер-гинеколог қарауына Л. есімді 16 жасар пациент етеккірдің болмауына, іштің төменгі жағында ауру сезіміне шағымданып келді. Ауру анамнезі: өзін алғаш рет іштің төменгі жағындағы ауырлық сезімі мен іштің төмен тартып ауру сезімі басталғалы яғни 1 жыл көлемінде аурумын деп есептейді. Ауру сезімі ұстамалы, ай сайын қайталанып, ауру сезімі күшейеді. Анальгетик қабылдаған.Соңғы 2-3 айда ауру сезімі күшейген, жиі зәр шығаруға, іш қатуға шағымданып емханаға келді. Анамнезінен: дамуы және өсуі жасына сәйкес.Соматикалық және тұқым қуалаушылық анамнезі ауыртпалықсыз.Жыныстық қатынасқа тұспеген. Объективті: салмақ – 55кг, бойы 160 см, екіншілік жыныстық белгілері айқын. Сыртқы жыныстық ағзаларын қарау: сыртқы жыныстық ағзалары дұрыс дамыған.Түктенуі әйел типтес.Қыздық перде созылған, көкшіл түсте, шығыңқы. Сүт бездері дұрыс формалы, симметриялық, ареола мен емізік өзгеріссіз, сүт безінің барлық квадранты ерекшеліксіз, сұт безінен бөлінділер жоқ. Регионарлы аймақ ерекшеліксіз. |