Главная страница
Навигация по странице:

  • 14 Чек-ПАРАҚ

  • 14 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

  • 15 Чек-ПАРАҚ

  • 15 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

  • 16 клиникалық есеп

  • Аиг. СЕССИЯ. Біріктірілген. Сіз емханада акушергинеколог дрігерсіз. 3 апан кні 22 жастаы йел етеккіріні 2,5 айа кідіруіне шаымданып келді. Жктілігі бойынша есепке трысы келеді


    Скачать 347.25 Kb.
    НазваниеСіз емханада акушергинеколог дрігерсіз. 3 апан кні 22 жастаы йел етеккіріні 2,5 айа кідіруіне шаымданып келді. Жктілігі бойынша есепке трысы келеді
    Дата14.06.2022
    Размер347.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСЕССИЯ. Біріктірілген.docx
    ТипДокументы
    #590645
    страница6 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    Тапсырма

    1. Бимануалды зерттеу жүргізіңіз

    2. Болжама диагнозды қойыңыз

    3. Тексеру жоспарын жасаңыз

    4. Дифференциалды диагностиканы жүргізіңіз

    5. Емдеу жоспарын жасаңыз



    14 Чек-ПАРАҚ
    Қажетті жабдықтар: сабын, қолғаптар, қағаз орамал,антисептик сұйықтығы,гинекологиялық кресло және муляж,қасық тәрізді айна,Фолькман және Эйра қасықтары, эндобраш, жағынды шынылары, жоюға арналған контейнер.

    Ф.А.Ж.емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы______

    Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының_________________________________________________





    Дағдыларды орындаудағы қадамдық іс-әрекеттер

    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық

    емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Науқасқа өзін таныстыру, зерттеу мақсатын түсіндіру

    10

    5

    0

    2.

    Куско айнасын қынапқа енгізу

    10

    5

    0

    3.

    Қынаптан жағынды алу

    10

    5

    0

    5.

    Бимануалды зерттеу жүргізу

    10

    5

    0

    6.

    Болжам диагноз қою

    15

    7

    0

    7.

    Тексеру жоспарын жасау

    15

    8

    0

    8.

    Дифференциалды диагностиканы жүргізу

    15

    8

    0

    9.

    Емдеу жоспарын жасау

    15

    7

    0




    Жалпы балл:

    100

    50

    0


    Максималды балл – 100 балл

    Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут

    14 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

    Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы______

    Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының_________________________________________________





    Қадамды бағалау критериілері


    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық

    емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Өзі-өзін таныстыру дағдысын, қол жуу гигиенасын көрсетті, науқасқа тексеру себебін түсіндірді. Наусты гинекологиялық креслоға жатқызды.

    10

    5

    0

    2.

    Сол қолының үлкен және сұқ саусағымен үлкен жыныс еріндерін ашты, қынапқа қасық тәрізді айнаны енгізу енгізді.

    10

    5

    0

    3.

    Жатыр мойнын ашты, оны стерилді тампонды пинцетпен ұстап сүртті, Фолькман қасығын артқы күмбезге енгізді, алынған материалды зерттеу шынысына жұқалап жақты

    10

    5

    0

    4.

    Бимануалды зерттеу жүргізді: сол қолының I және II саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашты, қынапқа оң қолының III саусағын енгізді және аралыққа қарай төмен басты,II саусақты қынапқа салды, үлкен саусағын жоғарыға қарай бағыттады;IV және V саусақты алақанға жақындатты. Анықтады: қынабы кең, жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу 1,5 см өтімді, жатыр дұрыс орналасқан, көлемі ұлғайған,консистенциясы жұмсақ, қозғалмалы, ауру сезімді, қосалқылары пальпацияланбайды, қынап күмбездері терең.


    10

    5

    0

    5.

    Болжам диагноз қойды: Жедел түсіктен кейінгі эндометрит? Ұрық жұмыртқасының қалдықтары? Жатыр мойны эрозиясы

    15

    7

    0

    6.

    Жедел аппендицитпен дифференциалды диагноз жүргізді (оң жақ мықын аймағының ауру сезімі, іш перденің тітіркену синдромы, УДЗ бойынша жатыр және жатыр қосалқылары ерекшеліксіз), жедел сальпигоофоритпен (жатыр қосалқыларының ұлғаюы және ауру сезімді болуы)

    15

    8

    0

    7.

    Тексеру жоспарын құрды:

    • Кіші жамбас ағзаларының УДЗ

    • Жалпы қан анализі

    • Коагулограмма

    • Биохимиялық қан нализі

    • Жалпы зәр анализі

    • Гонококктарды тексеруге жағынды алу

    -Микрофлораға және антибиотиктерге сезімталдығына баксебінді алу.

    15

    8

    0

    8.

    Емдеу тактикасын анықтады:

    • Микрофлораға баксебіндісінің нәтижесін ескере отырып антибактериалды терапия,

    • Инфузионды және десенсибилизирлеуші терапия,

    • Саңырауқұлақтарға қарсы терапия,

    - утеротоникалық дәрі-дәрмектер.

    15

    7

    15




    Жалпы балл:

    100

    50

    0


    Максималды балл – 100 балл

    Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут
    15 клиникалық есеп
    Клиникалықмәліметтер: Сіз қабылдау бөлімінің гинеколог дәрігерісіз. Науқас 30 жаста, ішінің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне, етеккірі 1,5 ай кідіргеніне, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің болуы шағымдарымен ауруханаға жеткізілді.

    Ауру анамнезі: бір апта бойы жүрек айну мазалайды, ішінің толғақ тірізді ауру сезімі жақын күндері күшейді, жыныс жолдарынан қоймалжың қанды бөлінділер пайда болды.

    Өмір анамнезі: Боткин ауруы, туберкулез, венерологилық, соматикалық аурулар, аллергия болмаған. Жарақат, гемотрансфузия болмады.

    Гинекологиялық анамнез: етеккірі 12 жастан, бірден реттелген, 4 күннен, әр 30 күн сайын, аздаған, ауру сезімінсіз. Жыныстық қатынас 22 жастан, тұрмыста. Жүктілігі – 1, медициналық (хирургиялық) түсік 2 жыл бұрын, жатыр және жатыр қосалқыларының қабынуымен асқынған. Контрацепция – ҚАК, соңғы 6 ай бойы жүктілікті жоспарлаған.

    Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есі анық, дене бітімі нормостеникалық. Тері жамылғысы бозғылт-қызыл түстес, таза. Емшек бездері дамыған, симметриялы, емізіктері анық, ареолдары және емізіктері пигментацияланған, емізіктерден бөлінділер мен сызаттар жоқ. Пульсі 80 рет 1 минутта, АҚҚ 100/60 мм с.б.б., дене қызуы 36,80С. Іш пішіні қалыпты, тыныс алуға қатысады, пальпациялағанда төменгі бөлігі ауру сезімді. Дәреті және зәрі ерекшеліксіз.

    Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, уретра, парауретралды жолдар, бартолин бездері ерекшеліксіз.

    Айнамен қарағанда: қынап шырышы және жатыр мойны көгерген, қоймалжың қою қанды бөлінді.

    PV: қынап тар, жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу жабық, жатыр көлемі қалыптыдан сәл ұлғайған, жұмсақ, ауру сезімінсіз, қозғалмалы, сол жақ қосалқылары анықталмайды, жатырдың оң жағынан консистенциясы «қамыр» тәрізді тұзіліс анықталады және оны пальпациялағанда ауру сезімді, күмбездері бос.
    Тапсырма

    1. Сыртқы жыныс мүшелерін тексеріңіз, айнамен қараңыз, бимануалды зерттеу жүргізіңіз

    2. Болжама диагнозды қойыңыз

    3. Тексеру жоспарын жасаңыз

    4. Дифференциалды диагностиканы жүргізіңіз

    5. Емдеу жоспарын жасаңыз


    15 Чек-ПАРАҚ
    Қажетті жабдықтар: сабын, қолғаптар, қағаз орамал, антисептик сұйықтығы, гинекологиялық кресло және муляж, қасық тәрізді айна, емшек бездерінің муляжы, жоюға арналған контейнер.

    Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы______

    Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының_________________________________________________





    Дағдыларды орындаудағы қадамдық іс-әрекеттер

    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық

    емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Науқасқа өзін таныстыру, зерттеу мақсатын түсіндіру. Науқасты гинекологиялық тексеруге дайындалу

    10

    5

    5

    3.

    Сыртқы жыныс мүшелерін қарауды жүргізу

    10

    5

    5

    4.

    Айнамен қарауды жүргізу

    10

    5

    15

    5.

    Бимануалды зерттеу жүргізу

    15

    5

    10

    6.

    Болжам диагноз қою

    10

    8

    15

    7.

    Тексеру жоспарын жасау

    15

    7

    15

    8.

    Дифференциалды диагностиканы жүргізу

    15

    7

    15

    9.

    Емдеу жоспарын жасау

    15

    8

    10




    Жалпы балл:

    0

    50

    100


    Максималды балл – 100 балл

    Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут

    15 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
    Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы______

    Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының_________________________________________________






    Қадамды бағалау критериілері


    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық

    емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Өзі-өзін таныстыру дағдысын, қол жуу гигиенасын көрсетті, науқасқа тексеру себебін түсіндірді. Наусты гинекологиялық креслоға жатқызды.

    10

    5

    0

    2.

    Сыртқы жыныс мүшелерін қарады: дүрыс дамығанын, түктену сипатын (әйел типтес), уретра және анус – ерекшеліксіз, қынап қабырғасы, жатыр мойнының қынаптық бөлігін ашты

    10

    5

    0

    3.


    Айнамен қарау: сол қолдың I және II саусағымен үлкен жыныс еріндерін ашты, оң Куско айнасын жабық күйінде кіші жамбастың шыға беріс жазықтығының тік өлшеміне сәйкестіріп енгізді, көлденең өлшемге ауыстырды, айнаны ашып шүріппемен бекітті, жатыр мойнын ашты.

    Жатыр мойнын және қынапты қарады: қынап шырышы және жатыр мойны көгерген, қоймалжың қоңыр түсті қанды бөлінді.

    10

    5

    0

    4.

    Бимануалды зерттеу жүргізді: сол қолының I және II саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашты, қынапқа оң қолының III саусағын енгізді және аралыққа қарай төмен басты, II саусақты қынапқа салды, үлкен саусағын жоғарыға қарай бағыттады; IV және V саусақты алақанға жақындатты. Анықтады: қынабы тар, жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу жабық, жатыр ұлғайған, жұмсақ, ауру сезімінсіз, қозғалмалы, сол қосалқылары пальпацияланбайды, жатырдың оң жақ бүйірінен консистенциясы «қамыр» тәрізді тұзіліс анықталады, пальпациялағанда ауру сезімді, күмбездері терең.

    15

    5

    0

    5.

    Болжам диагнозды қойды: Жатырдан тыс жүктілік?

    10

    8

    0

    6.

    Тексеру жоспарын құрды:

    - КЖА УДЗ

    - ЖҚА

    - ЖЗА

    - жүктілік экспресс-тесті

    15

    7

    0

    7.

    Дифференциалды диагностиканы жүргізді, жойды:

    - Қауіпті түсік (сыртқы қанды бөлінділер анық, жатыр етеккір кідіру мерзіміне сәйкес ұлғайған, жатыр мойны өзегі ашық, қосалқылары ұлғаймаған, бос қан іш ұуысында жоқ, УДЗда – жатырда ұрық жұмыртқасының болуы, қосалқылары ерекшеліксіз).

    - Жедел аппендицит (оң жақ мықын аймағының ауру сезімі, іш перденің тітіркену синдромы, УДЗ бойынша жатыр және жатыр қосалқылары ерекшеліксіз)

    15

    7

    0

    8.

    Емдеу жоспарын құрды:

    - жедел лапароскопия, сальпинготомия;

    - инфузионды және антианемиялық терапия

    10

    8

    0




    Жалпы балл:

    100

    50

    0


    Максималды балл – 100 балл

    Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут
    16 клиникалық есеп
    Клиникалық мәліметтер: Сіз емханада акушер-гинеколог дәрігерсіз. 19 қаңтар күні 24 жастағы әйел етеккірдің 1,5 айға кешігуімен, лоқсу, күніне 8 ретке дейін құсу, дене салмағының 2 кг төмендеуіне шағымданып қабылдауға келді.

    Ауру анамнезі: Соңғы етеккірі 6 желтоқсанда болды, жүктілік тесті оң. Жүктілігі бірінші. Жүктілігі бойынша тіркеуге тұрғысы келеді.

    Өмір анамнезі: Боткин ауруы, туберкулез, аллергиялық және гинекологиялық аурулармен ауырмаған. Гемотрансфузия болмаған. Соматикалық ауруы: созылмалы холецистит.

    Гинекологиялық анамнез: етеккірі 13 жастан, бірден реттелген, 5 күн, әр 26 күн сайын. Соңғы етеккірі 6 желтоқсан. Жыныстық қатынас 22 жастан, тұрмыста.

    Қарап тексергенде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі астеникалық. Бойы 155 см, салмағы 46 кг. Тері жабындысы қалыпты түсте, құрғақ, ісінулер мен тамырлардың варикоздық кеңеюлері жоқ. Тілі ылғал,түбінде ақ жабынды. Пульс 1 минутта 88 рет. АҚҚ100/70 мм с.б.б., дене қызуы – 36,30С. Іші жұмсақ, пальпациялағанда-ауырсынусыз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. «Ұрғылау» симптомы теріс. Зәр шығару өздігінен, үлкен дәреті 2 күн сайын.

    Гинекологиялық статус:

    Қарап тексеру: сыртқы жыныс ағзаларының дамуы дұрыс, уретра, парауретралды өтіс, бартолин бездері ерекшеліксіз.

    Айнамен қарау:қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойны таза, көгерген, жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу нүктелі, ақкір.

    PV:қынабы тар, жатыр мойнының ұзындығы 3,5 см, сыртқы ернеу жабық. Жатыр қалыпты дұрыс орналасқан, 6 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған, жұмсақ, ауыру сезімінсіз, қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос, ауыру сезімінсіз.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта