Аиг. СЕССИЯ. Біріктірілген. Сіз емханада акушергинеколог дрігерсіз. 3 апан кні 22 жастаы йел етеккіріні 2,5 айа кідіруіне шаымданып келді. Жктілігі бойынша есепке трысы келеді
Скачать 347.25 Kb.
|
№1 клиникалық есеп Клиникалық мәліметтер: сіз емханада акушер-гинеколог дәрігерсіз. 3 ақпан күні 22 жастағы әйел етеккірінің 2,5 айға кідіруіне шағымданып келді. Жүктілігі бойынша есепке тұрғысы келеді. Ауыру анамнезі: соңғы етеккірі 18 қарашада, желтоқсанда жүктілік тесті оң болды. Өмір анамнезі: Боткин ауыруы, туберкулез, соматикалық және гинекологиялық ауырулары жоқ, гематрансфузия болған жоқ. Алергоанамнезі асқынбаған. Гинекологиялық анамнез: етеккірі 12 жастан, бірден реттелді, 5 күннен, әр 28 күн сайын. Соңғы етеккірі 18 қарашада. Жыныстық қатынас 21 жастан, некеде тіркелген. Қарап тексергенде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бойы160см, салмағы 64 кг. Тері жабындыларының түсі қалыпты, таза, ісінулер және көктамырларының варикоздық кеңеюлері жоқ. Пульсі 78 рет минутына, АҚҚ 110/70 мм.с.б.б, дене қызуы-36,30С. Іші жұмсақ, тексергенде ауыру сезімінсіз, бауыр мен көк бауыр- ұлғаймаған. «Ұрғылау» симптомы теріс. Зәр шығаруы өздігінен, нәжісі ретті. Гинекологиялық статус: Сыртқы жыныс ағзаларының дамуы дұрыс, уретра, парауретралды өтіс, бартолин бездері ерекшеліксіз. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойны таза, көгерген, жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу нүкте тәрізді, ақкір. PV: қынабы тар, жатыр мойнының ұзындығы 3,5 см, сыртқы ернеу жабық. Жатыр қалыпты дұрыс орналасқан, 11 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған, жұмсақ, ауыру сезімінсіз, қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос, ауыру сезімінсіз. Тапсырма: Дене салмағының индексін табыңыз Жүктілік мерзімін және босанудың жобалы күнін анықтаңыз Арнайы гинекологиялық зерттеу жүргізіңіз Болжамалы диагноз қойыңыз Жүкті әйелді тексеру жоспарын құрыңыз №1 ЧЕК-ПАРАҚ Қажетті жабдықтар: сабын, қағаз орамал, қолғап, антисептик сұйықтығы, гинекологиялық кресло және муляж, қасық тәрізді айна (жоғарғы, төменгі), Эйр қасықшасы және эндобраш, жағынды алатын шынылар, күнтізбе, калькулятор, босану ағымы бойынша көрнекті заттар, утилизация арналған контейнер. Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы__________________ Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының____________________________________________________________
Максималды балл – 100 балл Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут № 1 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы_____________ Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының_______________________________________________________
Максималды балл – 100 Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут №2 клиникалық есеп Клиникалық мәліметтер: сіз емханадағы акушер-гинеколог дәрігерісіз. 8 қаңтарда қабылдауға 20 жастағы әйел келді, шағымдары етеккірінің екі айға кідіруі, жүрек айнуы, құсу тәулігіне 5ретке дейін. Жүктілігіне байланысты тіркеуге тұрғысы келеді. Ауыруанамнезі: соңғы етеккірі 18 қарашада, желтоқсан айында жүктілік тесті оң болды. Жүктілігі – бірінші. Өмір анамнезі: Боткин ауыруы, туберкулез, соматикалық, аллергологиялы және гинекологиялық ауырулары, гематрансфузия болған жоқ. Гинекологиялық анамнез: етеккірі 13 жастан, бірден реттелді, 5 күн, әр 30 күн сайын. Соңғы етеккірі 18 қарашада. Жыныстық қатынас 19 жастан, некеде тіркелген. Қарап тексергенде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бойы 150см, салмағы 54 кг. Тері жабындыларының түсі қалыпты, таза, ісінулер және көктамырларының варикоздық кеңеюлері жоқ. Пульсі 78 рет минутына, АҚҚ 110/70 мм.с.б.б, дене қызуы-36,30С. Іші жұмсақ, тексергенде ауыру сезімінсіз, бауыр мен көк бауыр - ұлғаймаған. «Ұрғылау» симптомы теріс. Зәр шығаруы өздігінен, нәжісі ретті. Гинекологиялық статус: Сыртқы жыныс ағзаларының дамуы дұрыс, уретра, парауретралды өтіс, бартолин бездері ерекшеліксіз. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойны таза, көгерген, жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу нүкте тәрізді, ақкір. PV:қынабы тар, жатыр мойнының ұзындығы 3,5 см, сыртқы ернеу жабық. Жатыр қалыпты дұрыс орналасқан, 7 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған, жұмсақ, ауыру сезімінсіз, қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос, ауыру сезімінсіз. Тапсырма Дене салмағының индексін табыңыз Жүктілік мерзімін және босанудың болжам күнін анықтаңыз Арнайы гинекологиялық тексеру жүргізіңіз Болжамалы диагноз қойыңыз Ерте токсикозбен асқынған жүктіліктің тексеру жоспарын құрыңыз №2 ЧЕК-ПАРАҚ Қажетті жабдықтар: сабын, қағаз орамал, қолғап, антисептик сұйықтығы, гинекологиялық кресло және муляж, қасық тәрізді айна (жоғарғы, төменгі), Эйр қасықшасы және эндобраш, жағынды алатын шынылар, күнтізбе, калькулятор, босану ағымы бойынша көрнекті заттар, утилизация арналған контейнер. Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы____________ Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының______________________________________________________
Максималды балл – 100 балл Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут № 2 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы___________ Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының______________________________________________________
Максималды балл – 100 балл Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут №3 клиникалық есеп Клиникалық мәліметтер: Сіз емханада акушер-гинеколог дәрігерсіз. 19 қаңтар күні 21 жастағы әйел етеккірдің 1,5 айға кешігуімен, лоқсу, күніне 10 ретке дейін құсу, дене салмағының 2 кг төмендеуіне шағымданып қабылдауға келді. Ауру анамнезі: Соңғы етеккірі 6 желтоқсанда болды, жүктілік тесті оң. Жүктілігі бірінші. Жүктілігі бойынша тіркеуге тұрғысы келеді. Өмір анамнезі: Боткин ауруы, туберкулез, аллергиялық және гинекологиялық аурулармен ауырмаған. Гемотрансфузия болмаған. Соматикалық ауруы: созылмалы холецистит. Гинекологиялық анамнез: етеккірі13 жастан, бірден реттелген, 5 күн, әр 30 күн сайын. Соңғы етеккірі 6 желтоқсан. Жыныстық қатынас 19 жастан, тұрмыста. Қарап тексергенде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі астеникалық. Бойы 155 см, салмағы 46 кг. Тері жабындысы қалыпты түсте, құрғақ, ісінулер мен тамырлардың варикоздық кеңеюлері жоқ. Тілі ылғал,түбінде ақ жабынды. Пульс 1 минутта 88 рет. АҚҚ100/70 мм с.б.б., дене қызуы – 36,30С. Іші жұмсақ, пальпациялағанда-ауырсынусыз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. «Ұрғылау» симптомы теріс. Зәр шығару өздігінен, үлкен дәреті 2 күн сайын. Гинекологиялық статус: Қарап тексеру: сыртқы жыныс ағзаларының дамуы дұрыс, уретра, парауретралды өтіс, бартолин бездері ерекшеліксіз. Айнамен қарау:қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойны таза, көгерген, жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу нүктелі, ақкір. PV:қынабы тар, жатыр мойнының ұзындығы 3,5 см, сыртқы ернеу жабық. Жатыр қалыпты дұрыс орналасқан, 6 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған, жұмсақ, ауыру сезімінсіз, қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос, ауыру сезімінсіз. |