Главная страница
Навигация по странице:

  • 11 ЧЕК-ПАРАҚ

  • 11 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

  • 12 клиникалық есеп

  • 12 ЧЕК-ПАРАҚ

  • 12 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

  • 13 клиникалық есеп

  • № 13 ЧЕК-ПАРАҚ

  • 13 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

  • 14 клини калық есеп

  • Аиг. СЕССИЯ. Біріктірілген. Сіз емханада акушергинеколог дрігерсіз. 3 апан кні 22 жастаы йел етеккіріні 2,5 айа кідіруіне шаымданып келді. Жктілігі бойынша есепке трысы келеді


    Скачать 347.25 Kb.
    НазваниеСіз емханада акушергинеколог дрігерсіз. 3 апан кні 22 жастаы йел етеккіріні 2,5 айа кідіруіне шаымданып келді. Жктілігі бойынша есепке трысы келеді
    Дата14.06.2022
    Размер347.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСЕССИЯ. Біріктірілген.docx
    ТипДокументы
    #590645
    страница5 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    Тапсырма:

    1. Леопольд әдісін жүргізіңіз

    2. Нәрестенің жүрек соғысын тыңдаңыз

    3. Клиникалық диагноз қойып, жүкті әйелді одан әрі тексеру жоспарын жасаңыз

    4. Босану кезіндегі жансыздандыру туралы әңгіме жүргізіңіз

    5. Келесі тексерілу күнін белгілеңіз


    11 ЧЕК-ПАРАҚ
    Қажетті жабдықтар: сабын, қағаз орамал, антисептик сұйықтығы, муляж (акушерлік, сүт бездері), акушерлік стетоскоп, күнтізбе, босану ағымы бойынша көрнекті заттар,утилизация жасайтын контейнерлер.

    Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы__________________

    Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының____________________________________________________________





    Дағдыларды орындаудағы қадамдық іс-әрекеттер

    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық

    емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Жүкті әйелге өзін таныстыру, қолын жуу

    10

    5

    0

    3.

    Леопольд әдісін жүргізу

    15

    7

    0

    4.

    Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау

    10

    5

    0

    5.

    Көктамырлық кеңеюлерді, ісінулерді анықтау

    10

    5

    0

    6.

    Нәрестенің орналасуына, позициясына, жатуына байланысты клиникалық диагноз қою

    15

    7

    0

    7.

    Жүкті әйелді одан әрі тексеру жоспар құру

    15

    8

    0

    8.

    Босануды жансыздандыру туралы әңгіме жүргізу

    15

    8

    0

    9.

    Келесі тексерілу күнін белгілеу

    10

    5

    0




    Жалпы балл:

    100

    50

    0



    Максимальды балл – 100балл

    Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут
    11 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

    Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы_________________

    Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының____________________________________________________________




    Қадамды бағалау критериілері


    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық

    емес орындады

    орындаған жоқ

    1

    Өзін-өзі таныстыру дағдысын, қол жуу гигиенасын дұрыс көрсетті

    10

    5

    0

    2

    Леопольд әдісін жүргізді(3 әдісін)

    -Жүкті әйелдің оң жағына бетпе-бет орналасады. Екі қолдың алақаны жатыр түбінде орналасады, саусақтардың ұштары бір-біріне бағытталған, бірақ жанаспайды, жатыр түбінің биіктігі анықталады.

    - Содан соң қолды жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне ауыстырады. Алақан беткейімен жатырдың бүйір бетіне пальпация жүргізеді. Нәрестенің арқасы мен майда бөліктерінің орналасуын анықтап, емтихан тапсырушы нәрестенің орналасуы, позициясы, түрі жайында қорытынды жасайды

    - Нәрестенің жатқан бөлігін анықтайды, ол үшін оң қолдың алақанын қасаға үстіне қойып, саусақтарымен жатқан бөлікті ұстап көреді, қатты, ірі қозғалмалы, дөңгелек бөлік анықталды – баспен жатуы

    15

    7

    0

    3

    Нәрестенің жүрек соғысының аускультациясын жасады (1 минутта 136 рет)

    10

    5

    0

    4

    Аяқтарында көктамырлардың кеңеюі бар екенін анықтады

    10

    5

    0

    5

    Клиникалық диагноз қойды (жүктілігі 36 апта, нәрестенің тігінен орналасқан, 2-позиция, баспен жатыр, аяқтарында көктамырлық кеңеюлер). Фиброзды-кистозды мастопатия?

    15

    7

    0

    6

    Жүктілікті әрі қарай жүргізудің жоспарын құрды:

    - зәрдегі белокты тексеру

    - коагулограмма

    - ангиохирургтың консультациясы

    - маммологтың консультациясы

    - сүт бездерінің УДЗ

    - аяқтардың эластикалық компрессиясы

    15

    8

    0

    7

    Босану кезіндегі жансыздандыру туралы әңгіме жүргізді

    15

    8

    0

    8

    Келесі тексерілу күнін белгіледі (40-аптада)

    10

    5

    0




    Жалпы балл:

    100

    50

    0


    Максимальды балл – 100балл

    Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут
    12 клиникалық есеп
    Клиниклық мәліметтер: Сіз емхананың акушер-гинеколог дәрігерісіз, емханада қабылдау күні 24 шілде.

    Алғаш жүкті болушы әйел 23 жаста, дәрігерге 5-рет қаралуға келді. Аяқтарының ісінуіне, оң жақ сүт безінің қатаюына шағымданады. Алдағы босануы туралы, серіктес босану туралы сұрақтар қояды.

    Ауру анамнезі: Жүктіліктің 11 аптасынан бері тіркеуде тұрады. Соңғы етеккірі 18 қарашада болды.

    Қарап тексергенде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі нормостеникалық. Тері жабындысының түсі қалыпты, таза, аяқтарында ісінулер. Көк тамыр кеңеюлері жоқ. Сүт бездері қалыпты дамыған, симметриялық, емізіктері айқын, ареола мен емізіктері пигменттелген, тері жабындысы өзгермеген, оң жақ сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында көлемі 2,5*1,5 эластикалық консистенциялы, шекарасы анық, қозғалмалы өсінді пальпацияланады, емізіктерде сызаттар және бөлінділер жоқ . Пульс минутына 78 рет. АҚҚ110/70 мм с.б.б. Дене қызуы -36,3 . Іші жұмсақ, жатыр тігінен овоид пішінді, қозбаған. Жатыр түбінің биіктігі – 36 см, кіші жамбас кіреберісінде – нәрестенің қатты, ірі домалақ бөлігі, қозғалмалы, нәрестенің жүрек соғысы 136 рет минутына, кіндіктен төмен оң жақта анықталады. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. «Ұрғылау» симптомы теріс. Зәр шығаруы өздігінен, ауырсынусыз, үлкен дәреті қалыпты.

    Тапсырма:

    1. Жүкті әйелде ісінулерді анықтау үшін қарап тексеруді жүргізіңіз.

    2. Леопольд әдісін жүргізіңіз

    3. Клиникалық диагноз қойып, жүкті әйелді одан әрі тексеру жоспарын жасаңыз

    4. Босану кезіндегі серіктестік туралы әңгіме жүргізіңіз

    5. Келесі тексерілу күнін белгілеңіз



    12 ЧЕК-ПАРАҚ
    Керекті құрал-жабдықтар: сабын, қағаз сүлгі, антисептик ерітіндісі, муляж (акушерлік, сүт безі), акушерлік стетоскоп, күнтізбе, босану ағымындағы көрнекті жабдықтар.

    Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы__________________

    Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының_________________________________________________ ___________




    Дағдыларды орындаудағы қадамдық іс-әрекеттер

    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық

    емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Жүкті әйелге өзін таныстыру, қолын жуу

    10

    6

    0

    2.

    Көктамырлық кеңеюлерді және ісінулерді анықтау.

    10

    6

    0

    4.

    Леопольд әдісін жүргізу

    15

    6

    0

    5.

    Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау

    10

    6

    0

    6.

    Нәрестенің орналасуын, позициясын, жатуына байланысты клиникалық диагноз қою

    15

    6

    0

    7.

    Жүкті әйелді одан әрі тексеру жоспар құру

    15

    7

    0

    8.

    Босануда серіктестіктің маңызы туралы әңгіме жүргізу

    15

    7

    0

    9.

    Келесі тексерілу күнін белгілеу

    10

    6

    0




    Жалпы балл:

    100

    50

    0


    Максимальды балл – 100

    Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут

    12 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
    Ф.А.Ж.емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы__________________

    Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының____________________________________________________________





    Қадамдарды бағалау критерилері


    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық

    емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Өзін таныстыру дағдысын, қол гигиенасын көрсетті.

    10

    6

    0

    2

    Аяқтарының ісінуін анықтады.

    10

    6

    0

    3.

    Леопольд әдісін жүргізді(3 әдісін)

    -Жүкті әйелдің оң жағына бетпе-бет орналасады. Екі қолдың алақаны жатыр түбінде орналасады, саусақтардың ұштары бір-біріне бағытталған, бірақ жанаспайды, жатыр түбінің биіктігі анықталады.

    - Содан соң қолды жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне ауыстырады. Алақан беткейімен жатырдың бүйір бетіне пальпация жүргізеді. Нәрестенің арқасы мен майда бөліктерінің орналасуын анықтап, емтихан тапсырушы нәрестенің орналасуы, позициясы, түрі жайында қорытынды жасайды

    - Нәрестенің жатқан бөлігін анықтайды, ол үшін оң қолдың алақанын қасаға үстіне қойып, саусақтарымен жатқан бөлікті ұстап көреді, қатты, ірі қозғалмалы, дөңгелек бөлік анықталды – баспен жатуы

    15

    6

    0

    4.

    Нәрестенің жүрек соғысының аускультациясын жасады(1 минутта 136 рет)

    10

    6

    0

    5.

    Клиникалық диагноз қойды(жүктілігі 36 апта, нәрестенің тігінен орналасқан, 2-позиция, баспен жатыр, аяқтарында көктамырлық кеңеюлер). Оң жақ сүт безінің фиброаденомасы?

    15

    6

    0

    6.

    Жүктілікті әрі қарай жүргізудіңжоспарын құрды:

    -АҚҚ өлшеу

    - зәрдегі белокты тексеру

    - тәуліктік протеинурия

    - коагулограмма, биохимиялық қан анализі.

    -сүт бездерінің УДЗ

    - маммологтың консультациясы

    15

    7

    0

    7.

    Босану кезіндегі серіктестік туралы әңгіме жүргізді

    15

    7

    0

    8.

    Келесі тексерілу күнін анықтады (40-аптада)

    10

    6

    0




    Жалпы балл:

    100

    50

    0


    Максималды балл – 100 балл

    Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут
    13 клиникалық есеп
    Клиникалық мәліметтер: Сіз стационарда қабылдау бөлімінің гинеколог дәрігерісіз. Науқас 39 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі кенеттен пайда болған ауру сезіміне, жүрек айнуға, құсу шағымдарымен жеткізілді.

    Ауру анамнезі: Етеккір циклінің 16-күні физикалық жүктемеден кейін ауру сезімі пайда болған.

    Өмір анамнезі: Боткин ауруы, туберкулез, венерологиялық, соматикалық аурулармен - ауырмаған, аллергия жоқ. Жарақат, гемотрансфузия болмаған.

    Гинекологиялық анамнез: Етеккір 13 жастан, бірден қалыптасқан, ретті, 5 күн, әр 27 күн сайын. Жыныстық қатынас 26 жастан, тұрмыста. Мерзімінде босану-1 , баласы 7 жаста. Тосқауылдық контрацепция қолданады.

    Гинекологиялық аурулары: 3 жыл бұрын жатыр мойнының эрозиясы анықталды. 2ай бұрын оң жақ аналық бездің кистасы анықталды.

    Қарап тексергенде: Жағдайы орташа ауырлықта, есі анық, дене бітімі нормостеникалық. Тері жабындысы бозғылт. Дене қызуы 37,8ºС, пульсі – 94 рет минутына,АҚҚ – 100/60 мм с.б.б. Іш пішіні қалыпты, тыныс алуға қатысады, пальпациялағанда ауырсынады, іштің төменгі бөлігінде іш перденің тітіркену симптомы оң. Дәреті мен зәр шығаруы ерекшеліксіз.

    Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс ағзаларының дамуы дұрыс, уретра, парауретралды өтіс, бартолин бездері ерекшеліксіз.

    Айнамен қарау: қынаптың шырышты қабаты таза,жатыр мойны эрозияланған, ақкір.

    PV: қынабы кең, жатыр мойыны цилиндр пішінді, сыртқы ернеужабық , жатыр өлшемі қалыпты, консистенциясы тығыз, anteversio- flexio, қозғалмалы, ауырсынусыз. Сол жақ қосалқысы пальпацияланбайды, жатырдан оң жақбүйірінде көлемі5,0*5,0*6,0см болатын домалақ, консистенциясы тығызэластикалық, ығыстырғанда ауырсынатын тұзіліс байқалынады, қынаптың оң жақ бүйір күмбезінде ауырсыну бар.
    Тапсырма:

    1.Айнамен қарау және бимануалды тексеріс жүргізіңіз

    2. Болжам диагноз қойыңыз

    4. Тексеру жоспарын құрыңыз

    5. Дифференциалды диагностиканы жүргізіңіз

    6. Емдеу жоспарын құрыңыз
    № 13 ЧЕК-ПАРАҚ
    Қажетті жабдықтар: сабын, қолғаптар, қағаз орамал, антисептик сұйықтығы, гинекологиялық кресло, муляж, Куско айнасы және көтергіш, Эйр және эндобраш қасығы, заттық шыны, утилизацияға арналған контейнер.

    Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының ____________________Тобы_________Мамандығы__________________

    Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының ____________________________________________________________






    Дағдыларды орындаудағы қадамдық іс-әрекеттер

    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық

    емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Науқасқа өзін таныстыру, зерттеу мақсатын түсіндіру. Науқасты гинекологиялық зерттеуге дайындалу

    10

    5

    0

    2.

    Сыртқы жыныс ағзаларын қарау

    10

    5

    0

    3.

    Айнамен қарауды жүргізу

    10

    5

    0

    4.

    Бимануалды зерттеу жүргізу

    10

    5

    0

    5.

    Болжам диагноз қою

    15

    7

    0

    6.

    Тексеру жоспарын құру

    15

    8

    0

    7.

    Ұқсас патологиялармен қысқаша дифференциалды диагностика жүргіз және оларды негіздеп жою

    15

    8

    0

    8.

    Әрі қарай жүргізу тактикасын негіздеу

    15

    7

    0




    Жалпы балл:

    100

    50

    0


    Максималды балл – 100 балл

    Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут
    13 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

    Ф.А.Ж. емтихан тапсырушының____________________Тобы_________Мамандығы_________________

    Ф.А.Ж. емтихан қабылдаушының ____________________________________________________________





    Қадамды бағалау критериілері

    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық

    емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Өзі-өзін таныстыру дағдысын, қол жуу гигиенасын көрсетті, науқасқа тексеру себебін түсіндірді. Наусты гинекологиялық креслоға жатқызды.

    10

    5

    0

    2.

    Сыртқы жыныс мүшелерін қарады: дүрыс дамығанын, түктену сипатын (әйел типтес), уретра және анус – ерекшеліксіз, қынап қабырғасы, жатыр мойнының қынаптық бөлігін ашты

    10

    5

    0

    3.

    Айнамен қарау: сол қолдың I және II саусағымен үлкен жыныс еріндерін ашты, оң қолымен айнаны кіші жамбастың шыға беріс жазықтығының тік өлшеміне сәйкестіріп енгізді, көлденең өлшемге ауыстырды, аралықты төмен тартты, төменгі айнаға параллелді көтергішті енгізді, алдыңғы қынап қабырғасын көтерді.

    Жатыр мойнын және қынапты қарады: қынап шырышы қызғылт, жатыр мойны эрозиясы, ақкір.

    10

    5

    0

    4.

    Бимануалды зерттеу жүргізді: сол қолының I және II саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашты, қынапқа оң қолының III саусағын енгізді және аралыққа қарай төмен басты,II саусақты қынапқа салды, үлкен саусағын жоғарыға қарай бағыттады;IV және V саусақты алақанға жақындатты. Анықтады: қынабы кең, жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу жабық, жатыр қалыпты көлемде, қатты, anteversio, -flexio, қозғалмалы, ауру сезімінсіз, сол қосалқылары пальпацияланбайды, жатырдың оң жақ бүйірінен көлемі 5,0х5,0х6,0 см, консистенциитугоэластикалық, қозғалтқанда ауру сезімді домалақ өсінді анықталды, оң жақ қынап күмбезі ауру сезімді.

    10

    5

    0

    5.

    Болжам диагноз қойды: оң жақ аналық без киста аяқшасының бұралуы? Жатыр мойны эрозиясы

    15

    7

    0

    6.

    Ұқсас патологиялармен қысқаша дифференциалды диагностика жүргіз және оларды негіздеп жойыңыз:

    - Жатырдан тыс жүктілік(етеккірінің кідіруі, жыныс жолдарынан қанды жағынды бөлінділер, «қалқыған жатыр» симптомы, «Дуглас айқайы» симптомы, жүктілік тесті оң),

    - Жедел аппендицит (оң жақ мықын аймағының ауру сезімі, іш перденің тітіркену синдромы, УДЗ бойынша жатыр және жатыр қосалқылары ерекшеліксіз)

    15

    8

    0

    7.

    Тексеру жоспарын құрды:

    - КЖА УДЗ

    - ЖҚА

    - ЖЗА

    - жүктілікэкспресс-тесті

    15

    8

    0

    8.

    Әрі қарай жүргізу тактикасын негіздеңіз және дұрыс таңдаңыз, науқасқа оның жағдайын және емдеу тәсілдерін түсіндіре отырып:

    • Жедел ота жасау – лапароскопия, оң жақтық аднексэктомия

    • Отадан кейінгі кезеңде: антибиотикалық терапия

    15

    7

    0




    Жалпы балл:

    100

    50

    0



    Максималды балл – 100

    Тапсырмаға берілген уақыт – 15 минут

    14 клиникалық есеп
    Клиникалық мәліметтер: Сіз қабылдау бөлімінің гинеколог дәрігерісіз. 25 жастағы науқасты гинекологиялық қабылдау бөліміне алып келді.

    Дене қызуының 37,8°С көтерілуіне, әлсіздікке, ішінің төменгі жағындағы ауру сезіміне, жыныс жолдарынан қанды – іріңді, жағымсыз иісті бөлінділердің келуіне шағымданады.

    Ауру анамнезі: жүктілігінің 8-аптасында медициналық түсік жасатқан, 4 күннен кейін жоғарыда айтылған шағымдар пайда болды.

    Өмір анамнезі: Боткин ауруы, туберкулез, венерологилық, соматикалық аурулар, аллергия болмаған. Жарақат, гемотрансфузия болмады.

    Гинекологиялық анамнез: етеккірі 14 жастан, бірден реттелген, 5 күннен, әр 28 күн сайын. Жыныстық қатынас 20 жастан, тұрмыста емес, тосқауылдық контрацепцияны қолданады. Жүктілігі – 1, медициналық(хирургиялық) түсік – 1. Гинекологиялық аурулары: жатыр мойнының эрозиясы 1 жыл бұрын анықталған.

    Қарап тексергенде: Жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, тілі ақ жағындымен жабылған, дымқыл, дене қызуы 37,8ºС, пульсі – 94 рет минутына, ритмді, АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. Іші жұмсақ,пальпациялағанда төменгі бөлімі ауру сезімді, бауыры және көк бауыры пальпацияланбайды,перитонеалдық симптомдар жоқ, ұрғылау симптомы теріс. Дәреті ретті, қалыпты, зәр шығаруы ауырсынусыз.

    Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, уретра, парауретралды жолдар, бартолин бездері ерекшеліксіз.

    Айнамен қарағанда: қынап шырышы қызарған, жатыр мойны эрозияланған, іріңді-қанды бөлінді.

    PV: қынабы кең, жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу 1,5 см өтімді, жатыр дұрыс орналасқан, көлемі ұлғайған,консистенциясы жұмсақ, қозғалмалы, ауру сезімді, қосалқылары пальпацияланбайды, қынап күмбездері терең.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта