Главная страница
Навигация по странице:

  • 23 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

  • 24 ЧЕК – ПАРАҚ

  • 24 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

  • Аиг. СЕССИЯ. Біріктірілген. Сіз емханада акушергинеколог дрігерсіз. 3 апан кні 22 жастаы йел етеккіріні 2,5 айа кідіруіне шаымданып келді. Жктілігі бойынша есепке трысы келеді


    Скачать 347.25 Kb.
    НазваниеСіз емханада акушергинеколог дрігерсіз. 3 апан кні 22 жастаы йел етеккіріні 2,5 айа кідіруіне шаымданып келді. Жктілігі бойынша есепке трысы келеді
    Дата14.06.2022
    Размер347.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСЕССИЯ. Біріктірілген.docx
    ТипДокументы
    #590645
    страница10 из 13
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

    Тапсырма:

    1. Алдын ала диагноз қою

    2. Ұрық жүрек соғысының аускультациясын жүргізу

    3. Айнамен қарау, қынаптық тексеру жүргізу

    4. Дифференциальдық диагностика жүргізу

    5. Тексеру жоспарын құру

    23 ЧЕК – ПАРАҚ
    Қажет құралдар: сабын, бір рет қолданатын қолғап, бір рет қолданатын орамал, гинекологиялық кресло, гинекологиялық муляж, антисептик ерітіндісі, Куско қақпақшалы айнасы, стетоскоп, сантиметрлік жіпше, утилизацияға арналған контейнер

    Емтихан тапсырушының аты-жөні _______________________ Тобы ______ Мамандығы:

    Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________________________





    Дағдыны орындау кезіндегі іс қимылы

    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Жүкті әйелге өзін таныстыру, қолды жуу

    10

    5

    0

    2.

    Ұрық жүрек соғысының аускультациясын және ішті қарауды жүргізу

    10

    5

    0

    3.

    Сыртқы жыныс мүшелері, айнамен қарауды көрсету

    10

    5

    0

    4.

    Қынаптық тексеруді жүргізу

    15

    7

    0

    5.

    Пациентке тексеру нәтижесін толықтай түсіндіру

    15

    7

    0

    6.

    Клинический диагноз қою

    15

    8

    0

    7.

    Дифференциальдық диагностика жүргізу

    10

    5

    0

    8

    Тексеру жоспарын құрау

    15

    8

    0




    Балл жиынтығы:

    100

    50

    0


    Максимальды балл – 100 балл

    Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 15 мин
    23 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

    Емтихан тапсырушының аты-жөні _______________________ Тобы ______ Мамандығы:

    Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________________________





    Қадамдарды бағалау критерийлері

    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Өзін таныстыру және қол жуу дағдысын көрсетті, көзбен байланысты қалыптастырды

    10

    5

    0

    2.

    Акушерлік стетоскоп көмегімен ұрық жүрек соғысының аускультациясын жүргізді:Ұрық жүрек соғысы тұйықталған, минутына 170 рет.

    Ішті қарауды жүргізді: Жатыр пішіні сопақ, қозғыш, тығыздалған.Ұрық тігінен орналасқан, келген мүшесі жатыр қабырғасының қозғыштығынан анықталмайды..

    10

    5

    0

    3.

    Сыртқы жыныс мүшелері қалыпты, түктену әйел жынысына тән. Уретра, парауретральды жолдар, бартолин бездері дұрыс дамыған.

    10

    5

    0

    4.

    Айнамен қарады: сол қолдың I және II саусақтарымен жыныс еріндерін ашты, оң қолмен қақпақша тәрізді Куско айнасын жабық күйінде, қырынан, кіші жамбастың шыға беріс жазықтығының тік өлшемінде енгізіп, көлденең өлшемге ауыстырды. Осыдан кейін айнаны ашып, жатыр мойнын жалаңаштады, айнаны бұранды көмегімен бекітті. Жатыр мойны мен қынап қабырғаларын қарады: жатыр мойны таза, артқа ығысқан, бөлінді қанды, 10 млмөлшері. Қынаптан айнаны шығарды.

    15

    7

    0

    5.

    Қынаптық тексеру жүргізді: сол қолдың I және II саусақтарымен жыныс еріндерін ашты, оң қолдың III саусағын қынапқа енгізіп, шатаралыққа баса отырып, II саусақты енгізді, үлкен саусақ жоғары қарай бағытталған; IV және V – алағанға қарай жиналған. Анықтағаны: қынап босанбаған әйелдікіндей, жатыр мойны артқа қарай ығысқан, ұзындығы 3,0 см, жұмсарған, цервикальдық өзек 1 к\саусақты ішкі ернеуге өткізеді. Ұрық басымен келген, жамбас қуысына кіреберісте орналасқан. Бөлінді қанды, мөлшерлі.

    15

    7

    0

    6.

    Клиникалық диагноз қойды: Жүктіліктің 38аптасы. Калыпты орналаскан плацентанын мерзімінен бурын ажырауы

    15

    8

    0

    7.

    Ұқсас патологиялармен қысқаша дифференциальдық диагностика жүргізіп, келесі жағдайларды жоққа шығарды:- --Плацентаның жолда жатуы

    -Жалған толғақ

    10

    5

    0

    8

    Пациентке оның жағдайын және емдеу мүмкіндіктерін түсіндіріп, келесі жүргізу тактикасын негізді және дұрыс құрады:

    - Госпитализация, жедел кесір тілігі

    15

    8

    0




    Балл жиынтығы:

    100

    50

    0


    Максимальды балл – 100 балл

    Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 15 минут

    24 клиникалық жағдай
    Клиникалық мәліметтер: Жүкті әйел Б., 23 жаста, жүктіліктің 37-38 аптасында, ішінің төменгі жағы үш сағат аумағында толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданып, стационарға келіп түскен.

    Ауру анамнезі: ішінің төменгі жағы үш сағат аумағында толғақ тәрізді ауырсынуы

    Өмір анамнезі: етеккірі 14 жастан басталған, бірден қалыптасқан, ретті, 28 күн сайын, 5 күннен, мөлшерлі, ауырсынусыз. Жыныстық қатынас 22 жастан. Басынан өткен аурулары: жиі суық тию. 15 жасынан бастап темекі шегеді, күніне 10-12дана.

    Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай. Терісі мен шырышты қабаттарының түсі қалыпты. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек соғысы анық, ретті. Пульс 76 рет минутына, АҚҚ 110/70 мм б б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. «Соғу» симптомы екі жақтан теріс. Дәреті және зәр шығару ерекшеліксіз.

    Акушерлік статус: Іш көлемі жүктілікке байланысты ұлғайған.Іш аумағы 95 см, Жатыр түбі биіктігі 35 см. Ұрық тігінен орналасқан, басымен келген, ұрық басының 4/5 қасаға үстінде. Ұрық жүрек соғысы ретті, минутына 130-132 рет. Жатыр қозғыш, 10 минут арасында,2 толғақ өтті, ұзақтығы 25-30 секундтан, күші жеткілікті.

    Айнамен қарау:қынап қабырғасы мен жатыр мойны шырышты қабаты таза, бөлінді қалыпты.

    Қынаптық тексеру:жатыр мойынының орналасуы жамбас осіне сәйкес, шеті жұқа, мойны мойны созылған, ашылуы 2 см, қағанақ қуығы жарылмаған. Ұрық басымен келген,кіші жамбас қуысына тірелген, экзостоздар жоқ, мүйіске саусақ жетпейді.

    Тапсырма:

    1. Клиникалық диагноз қою

    2. Ұрық жүрек соғысының аускультациясын жүргізу

    3. ҰБС анықтау

    4. Қынаптық тексеру жүргізу

    5. Босану жүргізу жоспарын құрастырды
    24 ЧЕК – ПАРАҚ
    Қажет құралдар: сабын, бір рет қолданатын орамал, антисептик ерітіндісі, муляж (акушерлік, сүт безі), стетоскоп, сантиметрлік жіпше, партограмма, калькулятор

    Емтихан тапсырушының аты-жөні _______________________ Тобы ______ Мамандығы: акушерия және гинекология негізі

    Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________________________





    Дағдыны орындау кезіндегі іс қимылы

    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Жүкті әйелге өзін таныстыру, қолды жуу

    10

    5

    0

    2.

    ҰБС анықтау

    10

    5

    0

    3.

    Ұрық жүрек соғысының аускультациясын жүргізу

    10

    6

    0

    4.

    Қынаптық тексеру жүргізу

    10

    6

    0

    5.

    Партограмма толтыру

    15

    7

    0

    6.

    Клиникалық диагноз қою

    15

    7

    0

    7.

    Босану темпін анықтау

    15

    7

    0

    8

    Босану жүргізу жоспарын құрастыру

    15

    7

    0




    Балл жиынтығы:

    100

    50

    0


    Максимальды балл – 100 балл

    Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 15 минут

    24 клиникалық есеп бойынша ЕМТИХАН АЛУШЫНЫҢ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

    Емтихан тапсырушының аты-жөні _______________________ Тобы ______ Мамандығы: акушерия және гинекология негізі

    Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________________________





    Дағдыны орындау кезіндегі іс қимылы

    Баллмен бағалау

    толық орындады

    толық емес орындады

    орындаған жоқ

    1.

    Өзін таныстыру және қол жуу дағдысын көрсетті, көзбен байланысты қалыптастырды

    10

    5

    0

    2.

    Жордания бойынша ҰБС анықтады (ҰБС=ІАхЖТБ)

    10

    5

    0

    3.

    Ұрық жүрек соғысының аускультациясын жүргізді (минутына 130-132 рет)

    10

    6

    0

    4.

    Қынаптық тексеру жүргізді: сол қолдың I және II саусақтарымен жыныс еріндерін ашты, оң қолдың III саусағын қынапқа енгізіп, шатаралыққа баса отырып, II саусақты енгізді, үлкен саусақ жоғары қарай бағытталған; IV және V – алағанға қарай жиналған. Анықтағаны: жатыр мойынының орналасуы жамбас осіне сәйкес, шеті жұқа, мойны мойны созылған, ашылуы 2 см, қағанақ қуығы жарылмаған. Ұрық басымен келген, кіші жамбас қуысына тірелген, экзостоздар жоқ, мүйіске саусақ жетпейді.

    10

    6

    0

    5.

    Партограмма толтыру

    15

    7

    0

    6.

    Клиникалық диагноз қойды: Жүктіліктің 37-38 аптасы, босанудың І-ші кезеңі

    15

    7

    0

    7.

    Босану темпін анықтады (жеткілікті)

    15

    7

    0

    8

    Босану жүргізу жоспарын құрастырды (консервативті жүргізу)

    15

    7

    0




    Балл жиынтығы:

    100

    50

    0

    25 клиникалық есеп


    Науқас А 28 жаста, 17-18 апталық жүктілікпен жергілікті емханада есепте тұрады. Әйел консультациясына 5 рет барды. Алтыншы қабылдауда жүктілік мерзімі 40 апта 4 күнге сәйкес болды



    Ауру анамнез: шағым жоқ. Жүктілік мерзімі соңғы етеккірге сәйкес 40 апта 4 күн .

    Өмір анамнезі: Етеккір 13 жастан, тез тұрақталған, арасы 28 күн тұрақты,ұзақтығы 4-5 күн, мөлшері қалыпты, ауру сезімсіз. Жыныстық өмір 20 жастан бастап. Жүкітілік- 2, босану -1, асқынусыз. Балалық шағында қызылша, тұмаумен ауырған.

    Жүкітлік мерзімі:

    Етеккір бойынша – 40 апта +4күн

    УДЗ 12-13 аптасында түсірілгені бойынша: 42 апта

    УДЗ 32 аптасында түсірілгені бойынша – 41 апта + 6 күн

    Объективті қарау:

    Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері мен шырышты қабат қалыпты. Өкпеде везикулярлы дыбыс естіледі,сырыл жоқ. Жүрек тоны анық, ритмді. Пульс 76 рет мин. АҚ 110/70 мм.мн.бағ. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз, бауыр мен көкбауыр қалыпты. Екі жақтан «соққылау» симптомы анықталмайды. Үлкен дәреті қалыпты. Диурез қалыпты, ауру сезімсіз. Ісік жоқ.

    Сүт бездері гипертрофияланған, симметриялы, емізікше анық, ареола мен емізікшелер пигменттелген, екі жақта бірдей жоғарғы сыртқы квадрантта сүт бездерінде түйін мен ауырлық сезімі анықталды, емізікшеде жабынды жоқ, уызға ұксас бөліністер.

    Акушерлік статусы:

    Іш көлемі жүктілік есебінен ұлғайған.

    Іш айналымы 99 см, жатыр түбі биіктігі 37 см.Жатыр овоидты, қозғыш, кернелмеген.Ұрықтың орналасуы тік, кіші жамбас кіреберісіне баспен келген.Ұрықтың жүрек соғысы ритмді, минутына 140 рет.
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


    написать администратору сайта