Тесты по пульмонологии, реанимации, визуальной диагностике для интернов 6 курса
Скачать 303.25 Kb.
|
* дәрілік заттарды жүрек ішілік енгізу * трахеостоманы қою ! Нәрестелердегі тыныс жетіспеушілігі синдромының себептеріне жатады: * туа біткен жүрек ақауы *+диафрагмальды жарық, іштің кебуі, аспирация, ОНЖ зақымдануы * тек қана жүрек-қан тамырлардың зақымдануы * орталық нерв жүйесінің зақымдануы * өкпенің инфекциялық-қабыну патологиясы ! III дәрежелі көмейдің стенозы, жедел ларинготрахеиті бар балаға дәрігерді шақырту кезінде жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті: *+жедел госпитализациялау, кез-келген әдіспен оксигенация, отырғызып тасымалдау * трахеостоманы қою, ылғалдандырылған оттегі беру * қажет болса ӨЖЖ, асқазанға зонд енгізу * бұлшықетке немесе көк тамырғае гормонды препараттарды, антиоксиданттарды енгізу * бронхолитиктерді, ылғалдандырылған оттегіні беру ! Генезі белгісіз II-III дәрежелі көмейдің стенозы бар балаға дәрігерді шақырту кезінде жедел жәрдем дәрігерінің жасауға болмайтын іс-әрекеті: * анамнезді анықтау * жедел госпитализациялау * бөгде затты алып тастауға әрекет ету (ауыз-жұтқыншақтың бөгде заты кезінде) *+тасымалдаудың алдында седативті заттарды және гормондарды енгізу * оксигенациямен отырғызып немесе жатқызып тасымалдау ! I дәрежелі круп болған балаға шақыру кезіндегі жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті: *+симптоматикалық көңіл алаңдатушы терапия, көп мөлшерде сұйықтық беру, булық ингаляциялар * антигистаминді препараттарды енгізу, көп мөлшердегі сұйықтық беру * жансыздандыратын, седативті препараттарды енгізу * жедел госпитализациялау * дәрігер келіп қарағаннан кейін үйде қалдыруға болады ! Балалардағы тез тыныстық декомпенсацияға алып келетін ерекшеліктерге жатады: * баланың салыстырмалы тыныс жолдарының тарлығы * ларингоспазмға балалардың бейімділігі * байланыстыру аппараты клетчаткасының борпылдақтығы * тыныс бұлшықеттерінің салыстырмалы әлсіздігі *+аталған ерекшеліктердің барлығы ! Балалардағы кеңірдектің интубациясы кезінде дамымайтын асқынуларын көрсетіңіз: * гипоксия * таңдай доғашықтарының жарақаттық зақымданулары * интубациялық түтікшемен бітелуі * брадиаритмия *+эмфизема, пневмоторакс ! Тыныстың кенеттен тоқтауына немесе тыныстың декомпенсациясына жатпайтын белгілерді көрсетіңіз: * тыныс қозғалысының болмауы * брадипноэ, тыныстың патологиялық ырғағының пайда болуы *"тыныс орталығының ыдырауы" – координацияның болмауы * бозаруға ауысатын жайылған цианоз *+жүректің тоқтауы ! 3 жасқа дейінгі балалардағы жедел тыныс жетіспеушілігінің ең жиі болатын үш себептерін атаңыз: * бронх демікпесі *+пневмония, жоғары тыныс жолдарының обструкциясы, даму ақаулары * ферментопатия, гипотрофия, кеуде қуысының рахиттік деформациялары * ОНЖ зақымдануы, жүректің ақаулары * уланулар, атопиялық дерматит ! 3 жастан 12 жасқа дейінгі балалардағы жедел тыныс жетіспеушілігінің үш негізгі себептері болып табылады: * сепсис * энцефалиттер мен менингиттер *+бронх демікпесі, пневмония, ТБЖА * диафрагмальды жарық, сколиоз * туа біткен жүрек ақауы ! "Ауыздан ауызға" вентиляциялаудың тиімсіздігі кезінде жүргізу қажет: *+зәбір көрушінің басын шалқайту, төменгі жағын алдыға шығару және реанимациялық шараларды жалғастыру * бас жағын төменге түсіру және реанимациялық шараларды жалғастыру * бас жағын жоғары көтеру және реанимациялық шараларды жалғастыру * басқа реаниматологты шақыру және реанимациялық шараларды жалғастыру * трахеостоманы қою және реанимациялық шараларды жалғастыру ! Ауа өткізгіштер қолданылады: * егер бар болса әрқашан *+басын шалқайтумен, тыныс жолдары өткізгіштігі бұзылыстарын қалпына келтіре алмағанда * кеңірдек интубациясының алдында * спонтанды тынысты қалпына келтіргеннен кейін * "Амбу" қапшығымен вентиляциясы үшін ! Асқазан құрамының заттарымен аспирациясында келесі ерте асқынулардың дамуына алып келеді: *+цианоздың және тыныс бұзылысына, сырылдардың пайда болуына, асфиксияға * жүрек жетіспеушілігіне * бронхопневмонияға * өкпенің абсцесіне * пневмотораксқа !Тіндерге оттегінің жеткізілуін жоғарылату жүргізілмейді: * оксигенотерапиямен * анемия кезінде қан құюмен *+тұзды ерітінділерді құюмен * гемодиамика көрсеткіштерінің қалыптастырумен * альвеолярлы-капиллярлық мембрана функциясын қалыптастырумен !Қақырықты сұйылту мен шығаруға ықпал етеді: * дегидратация * 100% оттегімен ингаляция *+тыныс алатын қоспаны ылғалдандыру, гидратация * тұзды ерітінділерді енгізу * зәр айдағыш заттар ! Инфекциялық-токсикалық шоктың бірінші сатысының тиімді терапиясына кіреді: * глюкокортикоидтар, симпатомиметиктер * инфузиялық терапия, глюкокортикоидтар * антибактериальды терапия, глюкокортикоидтар *+глюкокортикоидтар, инфузиялық терапия, симпатомиметиктер * антибиотиктер, гормоны, инфузиялық терапия ! Инфекциялық-токсикалық шоктың екінші сатысының тиімді терапиясына кіреді: *+инфузиялық терапия, глюкокортикоидтар, дофамин, антибиотикотерапия * инфузиялық терапия, глюкокортикоидтар, супрастин * инфузиялық терапия, глюкокортикоидтар, лазикс * антибиотикотерапия, дофамин, инфузиялық терапия * дофамин, антибиотикотерапия ! Анафилактикалық шоктың найзағай тәрізді түрі сипатталады: *+агональды тыныспен, артериялық қан қысымының күрт төмендеуімен, 2-3 минут бойына жедел тиімсіз жүрек симптомдарының дамуымен * тұншығумен, ысслаумен, қорқынышпен, жіп тәрізді пульспен * есекжеммен, Квинке ісігімен, терілік қышумен * аллергенді енгізгенге жүректің және тыныстыңкүрт тоқтауымен * бастың ауыруымен, әлсіздікпен, ентігумен, тахикардиямен ! Кез-келген генездегі науаста тыныстың жартылай депрессиясы кезінде қанында байқалады: * рО2жоғарылауы *+ рО2 төмендеуі, рСО2 жоғарылауы * қанда қанттың,рСО2 жоғарылауы * рСО2 төмендеуі * рО2 және рСО2 қалыпты көрсеткіштер деңгейінде ! Науқаста ентігу дамыған кезінде қанында байқалатын өзгерістер: * рО2 жоғарылауы *+ рО2 төмендеуі * рСО2 жоғарылауы *+ рСО2 төмендеуі * рО2 өзгермеуі !Кернелген пневмоторакс кезіндегі дәрігердің тактикасы болып табылады: * пульмонологиялық бөлімшеге жедел жатқызу * кеңірдектің жедел интубациясы және ӨЖЖ *+бұғана ортаңғы сызық бойынша ІІ қабырға аралықтан плевра қуысына дренаж жасау * артқы аксилярлық сызық бойынша VII қабырға аралығына дренаж жасау * аталғандардың барлығы !Науқастан аспирациялық пневмонияны диагностикалау кезіндегі жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті: * антибиотикотерапия, үйде бақылау * дезинтоксикациялық, антибактериальды терапия, аймақтық дәрігерге "актив" беру *+адекватты тыныспен қамтамасыздандырумен госпитализациялау және тасымалдау кезінде аналгезия * іс-әрекеті аурудың ауырлығына байланысы жоқ * викасолды, антибиотиктердіенгізу, тұратын мекен-жайы бойынша педиатрдың бақылауы ! Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыр дәрежелі асфиксиямен және ОНЖ перинатальды патологиясымен мерзіміне жетіп туылған нәресте келіп түсті. Балада ауыр дәрежелі жедел тыныс жетіспеушілігі– респираторлықдистресс-синдромы бар. Реаниматолог дәрігері баланы ӨЖЖ ауыстыруға шешім қабылдады. Тыныс жиілігінің көрсеткіші мерзімі жетіліп туылған нәресте үшін ӨЖЖ ауыстыру үшін бекітілген (бастапқы) көрсеткіші болып табылатын тыныс жиілігін атаңыз: * 15-25 минутына *+30-40 минутына * 40-60 минутына * 60-70 минутына * 70-80 минутына ! Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне респираторлық дистресс синдромымен жаңа туған нәресте келіп түсті. Жедел тыныс жетіспеушілігінің және қан айналысы бұзылысының клиникасы бар. Тыныштық жағдайында цианоз байқалады, рН = 7, 15, рО2 = 40 мм сын.бағ., рСО2 = 60 мм сын.бағ. шұғыл жағдайда сәйкес келетін емді тағайындаңыз: * трахеобронхиальды ағашты санациялау * оксигенотерапия *+ тыныс шығару кезіндегі оң қысыммен ӨЖЖ * тыныс шығару кезіндегі теріс қысыммен ӨЖЖ * муколитиктермен ингаляциялық терапия ! Жедел жәрдем бригадасымен, жедел тыныс жетіспеушілік синдромымен өте ауыр жағдайда 5 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Келесі диагноз қойылды: жедел ларингит III дәрежелі. III дәрежелі стеноздаушы ларинготрахеобронхитпен келіп түскен балаға бірінші кезекте жүргізілетін шаралар: * көк тамырғагормондарды енгізу * дегидратациялық терапия *+ наркоз арқылы тікелей ларингоскопия, ӨЖЖ ауыстыру * көңіл алаңдатушы терапия * оксигенотерапия ! Балада астматикалық жағдай, адреномиметиктермен тиімсіз емделу гипоксияның, ұйқышылдықтың, гиперкапнияның, ацидоздың дамуына алып келді.Шұғыл емінің құрамында болуы керек: * натрийдің бикарбонатын енгізу * көк тамырғадиазепам * эуфиллиннің инфузиясы *+ интубация және вентиляция * спейсер арқылы сальбутамол ! Бала, 3 жасар, Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне рентгенологиялық нақтыланған екі жақты пневмонияны тиімсіз амбулаторлы 12 күн емделгеннен кейін келіп түскен. Есі – кома 1 дәр. Жағдайында.Тынысы дербес, беткей. Аускультативті: өкпесінде барлық аймағында тынысы әлсіреген, көп мөлшерде сықырлаған сырылдар естіледі. Кеуде қуысының экскурсиясы толық емес. Осы жағдайдағы мүмкін болатын қышқылды-негізді статусты немесе қанның газды құрамының өзгерістерін көрсетіңіз: * рСО2 жоғарылауы, рО2 жоғарылауы, рН жоғарылауы * рСО2 төмендеуі, рО2 төмендеуі, рНтөмендеуі *+ рСО2жоғарылауы, рО2төмендеуі, рНтөмендеуі * рСО2төмендеуі, рО2жоғарылауы, рНтөмендеуі * рСО2жоғарылауы, рО2төмендеуі, рНжоғарылауы ! Бала, 2 жасар, реанимация бөлімшесінде келесі диагнозбен ауруханада жатыр: екі жақты жайылған пневмония. 3 күн бойына өкпені жасанды желденуінде (ӨЖЖ) жатыр, рН - 7,15: РаСО2- 63 мм сын.бағ. ВЕ -3,0мэкв/л. Қышқылды-негіздістатустың көрсеткіштерін бағалаңыз: * компенсирленгентыныстық алкалоз * компенсирленгенметаболикалық ацидоз *+ компенсирленбегентыныстық ацидоз * субкомпенсирленгентыныстық ацидоз * аралас алкалоз ! Жедел жәрдем бригадасы дәрігерлерімен кома жағдайындағы 3 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің кезекші дәрігері емдеу-диагностикалық зерттеуге және шұғыл көмек көрсетуге кірісті. Анамнезі анықталмаған кома жағдайында ауруханаға келіп түскен науқасқа бірінші кезекте не істеу керек: * А/Қ өлшеу * глюкоза және налоксон ерітінділерін енгізу * есінің деңгейін бағалау *+ адекватты тынысты қамтамасыздандыру * тұлғасын идентификациялау ! Балада өкпенің жасанды желденуінде альвеолярлы-капиллярлық мембрана арқылы газдар диффузиясының бұзылысы орын алды. Альвеолаға дейінгі трахеобронхиальды ағаш бойынша газдардың жеткізілуі бұзылмаған. Қандай гипоксияның дамуыорын алды: *+ гипоксиялық * анемиялық * циркуляторлық * гистотоксикалық * гипоксия жоқ ! Қайтарылмайтын өкпе ісінуінің фонында ауыр гипоксияға байланысты науқас өкпені жасанды желдендіруге ауыстырылды. ӨЖЖ мақсатты түрде қандай тәртіпте жүзеге асырған дұрыс: * тыныс шығару кезінде теріс қысыммен нормовентиляция тәртібінде * тыныс шығару кезінде оң қысыммен нормовентиляция тәртібінде * тыныс шығару кезінде теріс қысыммен гипервентиляция тәртібінде *+ тыныс шығару кезінде оң қысыммен гипервентиляция тәртібінде * өкпені жасанды желдендіру жоғары жиіліктегі тәртіпте ! Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру үшін қолданылатын қарапайым әдістерге барлығы жатады, біреуінен басқа: * басын шалқайту * аузын ашу және төменгі жағын қозғалту * постуральды дренаждау арқылы тыныс жолдарын механикалық тазалау және кеуде қуысын ұрғылау * тілін шығару *+басын төменге ию ! Пневмония кезінде гипоксемия дамуының негізгі факторлары болып табылады: * гипертермия * беткей тыныс * метаболизмнің жоғарылауы *+ өкпенің аэрациялық емес аймақтарындағы қан айналымның сақталуы(шунттар) * жедел оң қарыншалық жетіспеушілік !Өкпені жасанды желдендіру арқылы қолдан наркоз беру үрдісі кезінде дәрігер анестезиолог тыныс алу және шығару кезінде газдынаркотикалық қоспаның өтуі кезіндегі қиындағандығын сезінді (ауыру дәрежелі). Бұл кезде бронхиальды шу ара қашықтықтан естіледі. Содан кейін үдемелі түрде жоғарылаған гипоксия және гиперкапния дамыды. Осындай жағдайда басқа да реанимациялық шаралармен мақсатты түрде аталған препараттардың қайсысысын енгіземіз: * тубарин * прозерин * морфин *+ эуфиллин * седуксен ! Бір жасар бала жедел ауырды, дене температурасы- 38,9°С, бала қозған, жиі үрген тәрізді жөтел, инспираторлық ентігу, тахипноэ 60 рет мин., тынысы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен шулы тыныс. Болжам диагнозы: * ЖРВИ, обструктивті бронхит *+ЖРВИ, ларинготрахеит, II дәрежелікөмей стенозы * ЖРВИ, бронхопневмония * ЖРВИ, ларинготрахеит, I дәрежелі көмей стенозы * жоғарғы тыныс жолдарының бөгде заты !Астматикалық статустың дамуына бейімдеуші факторларға жатады: * десинсибилизирлеуші заттарды қабылдау * сұйықтықты көп ішу * эуфиллинді шектен тыс қолдану * жедел ішектік инфекция *+жедел респираторлық вирусты инфекция ! Астматикалық статус ІІ сатысының маңызды белгісі болып табылады: * цианоздың айқындылығы * мойын веналарының пульсациясы * тахикардия * тыныстың қатаңдығы *+өкпе үстінен тыныс шуларының болмауы ! Бөгде затпен шақырылған, жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі патогномды симптомы болып табылады: * тұншығу * ентігу *+ұстама тәрізді жөтел * дене қызуының жоғарылауы * кеудесінің ауруы !Жедел бронх обструкциясы кезінде қандай патофизиологиялық механизмдердің рөлі маңызды емес: *бронхтар тегіс бұлшықетінің спазмы |