Главная страница

Тесты по пульмонологии, реанимации, визуальной диагностике для интернов 6 курса


Скачать 303.25 Kb.
НазваниеТесты по пульмонологии, реанимации, визуальной диагностике для интернов 6 курса
Дата28.02.2023
Размер303.25 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлатесты пульмонология 6-7 курсам.docx
ТипТесты
#959219
страница9 из 14
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

* гемосидероз

* өкпенің туберкулезі

* бронхоэктазды ауру

*+ Хамман-Рич ауруы

* ошақты пневмония

! Муковисцидоз кезіндегі жөтелдің сипаты:

* құрғақ, төс артының ауруымен қинайтын

*+ ұстама тәрізді «көкжөтел тәрізді»

* ылғалды, сирек

* дөрекі, «үрген тәрізді»

* ылғалды өнімді жөтел

!Муковисцидоз кезіндегі қақырықтың сипаты:

*«шыны тәрізді»

*+ қою, жабысқақ, қиын бөлінетін

* іріңді, ауыз толтырып, шығарады

* аз, шырышты

* шырышты-іріңді

! Муковисцидоз кезіндегі обструкцияның генезінде жетекші рөл атқарады:

* бронхтардың шырышты қабатының ісінуі

* сыртынан бронхтардың жаншылуы

*+жабысқақ шырышпен бронхтардың бітелуі

* бронхоспазм

* бронхтардың дискинезиясы

! Балаға 2 жас, 6 ай. Дене температурасы 38оС, 3 күн бойына жөтеледі. Қазір- құрғақ жөтелі. Аускультативті: тыныс алу кезінде құрғақ жайылған орта көпіршікті сырылдар естіледі, тынысы қатаң. Диагнозы:

* пневмония

* бронхиолит

*+жедел бронхит

* созылмалы бронхит

* көкжөтел

! Жедел бронхит дамуының этиологиялық факторлары болып табылады:

* стафилококтар

* пневмококтар

*+РС-вирустар

* микоплазма

* клебсиелалар

! 4-айлық бала ІІ дәрежелі тыныс жетіспеушілігімен ауыр жағдайда ауруханаға келіп түсті. ТЖ = 84/мин. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, эксикозбен токсикозы бар. Өкпе үстінде тимпанит, аускультативті: тыныс шығаруы ұзарған, қиындаған, өкпенің барлық аймағынан жайылған, ылғалды, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Гемограммада: лейкопения. Болжам диагнозы:

* +жедел бронхиолит

* жедел пневмония

* муковисцидоз

* бронх демікпесі

* ЖРВИ

! Ваня 5 жаста, интоксикация, ІІ дәрежелі тыныс жетіспеушілігімен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, тыныс шығаруы қиындаған. Өкпесінде – өкпе дыбысы қораптық реңкпен, аускультативті – тыныс шығаруы шулы, тынысы әлсіреген, ылғалды орта көпіршікті сырылдар естіледі. Болжам диагнозы:

* жедел бронхит

*+обструктивті синдроммен жедел бронхит

* жедел пневмония

* жедел бронхиолит

* өкпенің поликистозы

! Балаға 2 жас, 5 күн бойына дене қызуы көтеріліп жүр. Жағдайы ауыр, дене температурасы- 38,5оС, ылғалды жөтел, мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы, танауларының керілуі, бозару, көз айналасының көгеруі бар. Өкпесінде: оң жағында жауырын бұрышының астында өкпе дыбысының жергілікті қысқаруы бар, сол жерде әлсіреген тыныс фонында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Болжам диагнозы:

* бронх демікпесі

* муковисцидоз

* +жедел пневмония

* жедел бронхиолит

* созылмалы бронхит

! 6 жасар балада– пневмония. Жөтелгенде және терең дем алғанда, оңға еңкейгенде кеудесінде ауыру сезімі пайда болды. Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін:

* ателектаз

* пневмосклероз

*+плеврит

* эмфизема

* пневмоторакс

! Трахеобронхит кезіндегі жөтел болғанда ауыру сезімі болады:

*+төс артында

* тамағында

* бүйірінде

* ішінде

* жауырын асты аймағында

! Ерте жастағы балалардағы жедел обструктивті бронхит кезіндегі бронхтар саңылауының тарылу патогенезінде негізгі рөл атқарады:

* бронхоспазм

*+ шырышты қабаттың ісінуі, бронхтар шырышының гиперсекрециясы

* бронхтар сыртынан қысылуы

* бронхтардың дискинезиясы

* пневмоторакс

! Микоплазмалық пневмонияға тән рентгенологиялық белгілері:

* сегментарлық сипаттағы гомогенді инфильтрация

*+өкпенің төменгі бөлігінің біртекті емес инфильтрациясы, өкпедегі өзгерістердің баяу қайтуы

* өкпе суретінің ұяшықты болуы

* мөлдірлігінің жоғары болуы

* жиі плевральды асқынулар

! Нозокомиальды пневмония кезінде таңдамалы препарат болып табылады:

*+ цефтиазидим

* пенициллин

* гентамицин

* эритромицин

* макропен

! Рентгенограммадағы «ұялы өкпе» аймағының көрінісі болатын белгі тән:

*+өкпенің поликистозы, қалталы бронхоэктаздар үшін

* костальды плеврит үшін

* цилиндрлік бронхоэктаздар үшін

* бронхтардың деформациясы үшін

* бронх стенозы үшін

! Созылмалы пневмония кезіндегі зақымданған аймақ жағының, кеуде қуысының жалпаюы белгісі болып табылады:

*+ пневмосклероздың

* бронхоэктаздардың

* эмфиземаның

* бронхтар деформациясының

* бронхтар обитерациясының

! Тыныс жолдары өткізгіштігінің және тыныс функциясының бұзылыстары кезіндегі көрсетілетін шұғыл көмек. Іс-әркеттің реттілігін, дұрысын таңдаңыз:

*+мойын жарақатының жоқтығына көз жеткізу, егер бөгде затпен аспирация болса – онда алып тастау, егер бөгде затпен аспирация жоқ болса: өкпелік вентиляцияны қалпына келтіру, оттегіні беру, баланың жылы тұрғандығына көз жеткізу

* басын шалқайту арқылы өкпелік вентиляцияны қалпына келтіру және ауаның еркін жеткізілуі үшін бейтарап жағдайды қалыптастыру, сосын жедел түрде көк тамырға преднизолон мен эуфиллинді енгізу, баланың жылы тұрғандығына көз жеткізу

* мойын жарақатының жоқтығына көз жеткізу, егер бөгде затпен аспирация болса – онда алып тастау, егер бөгде затпен аспирация жоқ болса: өкпелік вентиляцияны қалпына келтіру, баланың жылы тұрғандығына көз жеткізу, көк тамырға құюды бастау, оттегіні кешірек беруге болады

* мойын жарақатының жоқтығына көз жеткізу, егер бөгде затпен аспирация болса – онда алып тастау, егер бөгде затпен аспирация жоқ болса: өкпелік вентиляцияны қалпына келтіру, көк тамырға құюды бастау, оттегіні беру

* өкпелік вентиляцияны қалпына келтіру, оттегіні беру, баланың жылы тұрғандығына көз жеткізу, преднизолон енгізу

! Жасына байланысты жиілеген тыныс шекараларының дұрысын атаңыз:

* 2 айға дейін – минутына 50 рет тыныс және одан жоғары, 2 айдан 12 айға дейін – минутына 40 рет тыныс және одан жоғары, 1 жастан 5 жасқа дейін –минутына 30 рет тыныс және одан жоғары

*2 айға дейін – минутына 40 рет тыныс және одан жоғары, 2 айдан 12 айға дейін – минутына 30 рет тыныс және одан жоғары, 1 жастан 5 жасқа дейін –минутына 20 рет тыныс және одан жоғары

*+2 айға дейін – минутына 60 рет тыныс және одан жоғары, 2 айдан 12 айға дейін – минутына 50 рет тыныс және одан жоғары, 1 жастан 5 жасқа дейін –минутына 40 рет тыныс және одан жоғары

* 2 айға дейін – минутына 70 рет тыныс және одан жоғары, 2 айдан 12 айға дейін – минутына 55 рет тыныс және одан жоғары, 1 жастан 5 жасқа дейін –минутына 45 рет тыныс және одан жоғары

* 2 айға дейін – минутына 80 рет тыныс және одан жоғары, 2 айдан 12 айға дейін – минутына 50 рет тыныс және одан жоғары, 1 жастан 5 жасқа дейін –минутына 40 рет тыныс және одан жоғары

! Емдеудің дұрыс тәсілін қабылдау үшін (ауру тарихында көрсетілген) жөтелі немесе қиындаған тынысы бар баладағы міндетті түрде бағалау керек белгілеріне жатады:

*+жөтелдің ұзақтығы, жөтел пароксизмдерінің болуы, ТЖ, кеуде қуысы төменгі аймақтарының тартылуы, стридордың болуы, астмоидты тыныстың болуы, ауыр тыныс жетіспеушілігінің болуы, ылғалды жергілікті сырылдардың болуы

* жөтелдің ұзақтығы, жөтел пароксизмдерінің болуы, ТЖ, қабырға аралықтарының тартылуы, стридордың болуы, астмоидты тыныстың болуы, ауыр тыныс жетіспеушілігінің болуы, ылғалды жергілікті сырылдардың болуы

* жөтелдің ұзақтығы, жөтел пароксизмдерінің болуы, ТЖ, кеуде қуысы төменгі аймақтарының тартылуы, стридор болуы, ауыр тыныс жетіспеушілігінің болуы, ылғалды жергілікті сырылдардың болуы

* жөтелдің ұзақтығы, жөтел пароксизмдерінің болуы, ТЖ, кеуде қуысы төменгі аймақтарының тартылуы, стридор болуы, ауыр тыныс жетіспеушілігінің болуы, ылғалды жергілікті сырылдардың болмауы

* жөтелдің ұзақтығы, жөтел пароксизмдерінің болуы, ТЖ, кеуде қуысы барлық аймақтарының тартылуы, стридордың болмауы, ауыр ТЖ болмауы, ылғалды жергілікті сырылдардың болуы

!Жөтел немесе қиындаған тыныс бойынша 2 айдан 5 жасқа дейінгі балалардың жағдайын тез және дұрыс бағалау үшін келесі симптомдар тобы қолданылады:

* жиілеген тыныс, өкпеде сықырлардың болуы, стридор, астмоидты тыныс

*+жиілеген тыныс, кеуде қуысы төменгі бөлімдерінің тартылуы, стридор, астмоидты тыныс

* жиілеген тыныс, аңқаның гиперемиясы, кеуде қуысы төменгі бөлімдерінің тартылуы, астмоидты тыныс

* жиілеген тыныс, аңқаның гиперемиясы, кеуде қуысы барлық бөлімдерінің тартылуы, астмоидты тыныс

* жиілеген тыныс, аңқаның гиперемиясы, кеуде қуысы төменгі бөлімдерінің тартылуы, стридор

! Стридор – дегеніміз:

*+тыныс алудағы қатаң тыныс

* тыныс щығарудағы қатаң дыбыс

* дөрекі үрген тәрізді жөтел

* қайталанатын жөтел

* ұстама тәрізді жөтел

!Астмоидты тыныс – дегеніміз:

* тыныс шығару кезіндегі ысқырықты дыбыс

* тыныс алу кезіндегі ысқырықты дыбыс

*+тыныс шығару кезінде тембрі және қарқындылығы әртүрлі дыбыстар немесе тыныс шығаруы ұзарған

* тыныс шығаруы қысқа, тыныс алуы ұзарған

* ылғалды сырылдардың болуымен жиілеген тыныс

! Кеуде қуысыынң тартылуы (жөтелдің ауыр жіктелуінің белгісі ретінде) - дегеніміз:

*+тыныс алуда кеуде қуысы төменгі аймақтарының тартылуы

* тыныс алуда қабырға аралықтардың тартылуына

* кеуде қуысы кез-келген бөлімдерінің тартылуы

* тыныс алуда жоғарғы кеуде қуысының тартылуы

* тыныс алуда эпигастрийдің тартылуы

! Ауыр тыныс жетіспеушілігі дегеніміз – аталған белгілердің қайсысы болғанда айтамыз:

*+бала еме, іше немесе сөйлей алмағанда тыныстың айқын қиындауы, кеуде қуысыынң айқын тартылуы, тыныс алу актісі кезіндегі бастың ие беру қозғалысы

* жиілеген тыныс, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы

* қабырға аралықтардың тартылуыи танауларының керілуі

* қабырға аралықтардың тартылуы және танауларының керілуі, еме және іше алады

* өкпенің төменгі бөлімдерінің тартылуы, жөтел, еме және іше алмайды

! Тыныс жағынан шұғыл жағдайды қандай белгілері бойынша тез және дұрыс бағалауға болады:

* асфиксия немесе ауыр тыныс жетіспеушілігі немесе мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы

* асфиксия немесе тыныс жетіспеушілігі немесе орталық цианоз

* ауыр тыныс жетіспеушілігі немесе мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы

*+асфиксия немесе ауыр тыныс жетіспеушілігі немесе орталық цианоз

* асфиксия немесе 1-2 дәр.ТЖ

! Жөтел немесе қиындаған тыныс (біріншілік бағалау кезінде басқа ауыр классификациялардың болмауы кезінде) блогы бойынша 2 айдан 5 жасқа дейінгі баланы тез госпитализациялауға көрсеткіштер:

* жалпы қауіптіліктің кез- келген белгісі болса немесе кеуде қуысы төменгі бөлімдерінің тартылуы немесе дене температурасының 38,5С жоғары болса

* температураның болуы, жиілеген тыныс немесе стридор болса

*+ жалпы қауіптіліктің кез- келген белгісі болса немесе кеуде қуысы төменгі бөлімдерінің тартылуы немесе тыныштық жағдайында стридор болса

* температураның, жөтелдің болуы

* жөтелдің, мазасыздықтың болуы

! 2 айдан 5 жасқа дейін астмоидты тынысы бар (біріншілік бағалауда) балаға қолдан жасалған спейсермен аэрозольды сальбутамолдың көмегімен тез әсер ететін бронхолитикпен тест жүргізудің әдістемесі жүргізіледі:

* 10-15 минут интервалмен 3 циклға дейін (1 цикл – дегеніміз 3 рет басу, 40 секунд), әрбір циклдан кейін тыныс алу мен тыныс жиілігін бағалау

*+15-20 минут интервалмен 3 циклға дейін (1 цикл – дегеніміз 3 рет басу, 40 секунд), әрбір циклдан кейін тыныс алу мен тыныс жиілігін бағалау

* 15-20 минут интервалмен 3 циклға дейін (1 цикл – дегеніміз 1 рет басу, 20 секунд), әрбір циклдан кейін тыныс алу мен тыныс жиілігін бағалау

* 15-20 минут интервалмен 5 циклға дейін (1 цикл – дегеніміз 3 рет басу, 40 секунд), әрбір циклдан кейін тыныс алу мен тыныс жиілігін бағалау

* 5-10 минут интервалмен 2 циклға дейін (1 цикл – дегеніміз 3 рет басу, 40 секунд), әрбір циклдан кейін тыныс алу мен тыныс жиілігін бағалау

! Кеңірдек интубациясының көрсеткіштері болып табылады:

* брадикардия

*+апное

* бронх демікпесінің ауыр ұстамасы

* гипотония

* ашық пневмоторакс

! Ларингостеноз кезінде ерте жастағы балаларда айқын дамитын ерекшелікті білу керек:

*+бронхтар шырышты қабатының ісінуін

* бронхтардың тегіс салалаы бұлшықеттерінің спазмын

* альвеолярлы-капиллярлы мембрана диффузиясының бұзылысын

* тыныс орталығының жетілмегендігін

* көмейдің кеңдігін

! II дәрежелі көмейдің стенозымен асқынған ларинготрахеит кезіндегі реанимациялық көмек көрсетілгенде енгізеді:

* эуфиллин

* -стимуляторлар

*+глюкокортикоидтар

* өкпенің жасанды вентиляциясы

* гипотензивті препараттар

! Спонтанды пневмотораксы бар науқаста жүрек-қан тамырлардың жетіспеушілігінің белгілері, аралықтағы ағзалардың қарама қарсы жаққа ығысуы пайда болды, сау өкпенің вентиляциясы азайды. Осындай жағдайда қандай асықынулардың орын алуы мүмкін:

* пневмония

* жедел бронхит

*+кернелген пневмоторакстың дамуы

* тері астылық эмфизема

* тыныс жолдарының бөгде заты

! Жедел тыныс жетіспеушілігіндегі ең ерте белгісі болып табылады:

* диффузды цианоз

* ентігу

*+мойын веналарының ісінуі

* тахикардия

* тұншығу

! Кеңірдектің интубациясы жүргізімейді:

* бас негізінің сынығында

* омыртқаның мойын бөлігінің сынығында

* бөгде затпен көмекей-көмеудің обструкциясында

* көмейдің ісінуінде

* кернелген пневмотораксте

! Өкпенің жасанды желдетуін жүргізуге көрсеткіштер:

* систолиялық АҚ 80 мм сын. бағ. төмен

* терінің айқын цианозы

* стридорозды тыныс

* тілдің "тартылуы"

*+ III дәрежелі жедел тыныс жетіспеушілігі, кома

! Кернелген пневмоторакспен зардап шеккен науқасқа ауруханаға дейінгі көрсетілетін тиімді іс-әрекет:

* тез госпитализациялау

*+ оксигенотерапияны жүргізу, к/т жансыздандыратын препараттарды енгізу, госпитализациялау

* зақымданған жағында кеуде қуысының пункциясы, оксигенотерапияны жүргізу, госпитализациялау

* кеңірдектің интубациясы, инфузиялық терапия жүргізу

* оксигенотерапия, госпитализациялау

! Шұғыл жағдайда кеуде қуысын зерттеу кезінде негізгі ЕМЕС клиникалық белгілері болып табылады: 
* кеуде қуысының екі жақ жартысының тыныс алуға бірдей қатысуы 
* қабырға аралықтың және төстің тартылуы дәрежесі 
* тері астылық эмфиземаның болуы 
*+арқа терісі түсінің өзгеруі мен бөртпелердің пайда болуы 
* салыстырмалы "жүрек тұйықтығы" шекараларының ығысуы

! Реанимация бөлімшесіне госпитализациялаудың көрсеткіштері болып табылады: 
*+компенсирленген фукнциональды бұзылыстардың фонында болжамдық қауіпті симптодар мен синдромдардың болуы 
* онкологиялық аурулар фонында декомпенсация жағдайында 
* реанимациялық шаралардың тиімсіз болғаннан кейінгі, мәйіттік көгерулер жағдайында
* декомпенсация кезінде біріншілік көмектің емдік шараларынан кейінгі көмектің болуы

* клиникалық өлім кезіндегі жағдайында

! Балалардағы тыныстық реанимациялау кезінде маңызы зор болып табылады: 
*+тыныс жиілігі және тыныстық қоспаның көлемі, таза оттегімен тыныстау
* жүрек жиырылуының саны
* Геринг - Брейер симптомы
* асқазан зондын енгізу қажеттілігінің болмауы 
* басын қайта шалқайтып, міндетті түрде ауа өткізгішті енгізу 

! Нәрестелерді реанимациялау кезінде маңызы зор болып табылады: 
*+оттегімен ӨЖЖ, мүмкін болса интубациялық түтік арқылы, тыныс жиілігі мен жүректің жиырылу жиілігінің қатынасы 1:3, 1:4 болса 
* жүректің жиырылу жиілігі, гемодинамиялық бұзылыстар, цианоз
* асқазанға зонд қою
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


написать администратору сайта