көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Скачать 436.29 Kb.
|
Берілген жыр қай қатарға тән? Ата-анам еді дәулетім, Мен жұртыма жау ма едім? Жат жұртық болып кеткен соң, Кетер –ау бастан сәулетім / Сыңсу/ Мақал-мәтелдер, жұмбақтар Мақал-өмірлік тәжірибеден туындаған түйінді пікір, тұжырымды сөз өрнегі немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтыай түйіні. Мәтел-белгілі бір ойға, ұғымғы ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы: 1)Мақал құрылысы екі, үш бөлімді болып, көбінесе құрмалас сөйлем түрінде келеді, ал мәтел бір бөлімді болып, жай сөйлем түрінде қолданылады. 2)Мақалда себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде салдары айтылады да, себебі айтылмайды. 3)Мақалда ой нақты айтылады, ал мәтелде ишара, тұспал түрінде айтылады. 4)Мақал ақыл-кеңес, өнеге түрінде айтылады, ал мәтелде эмоциялық мағына басым болады. Мақал-мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделеді. Көп қолданылатын көркем өрнек-снтаксистік параллелизм, әсірелеу, теңеу, т.б. Мәтелдер: Көппен көрген ұлы той. Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда. Байтал түгіл бас қайғы. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен. Сиырдың сүті тілінде. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады. Әлін білмеген әлек. Баяғы жартас, бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма? Қалауын тапса қар жанар. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Сыныққа сылтау. Сұлуынан жылуы. Тазы ашуын тырнадан алады. Кемедегінің жаны бір. Мақалдың ең басты ерекшелігі: (Аз сөзбен көп мағына беруі) Өмір құбылыстарын аз сөзбен шебер кестелеуі жағынан шешендік сөздерге төркіндес келетін ауыз әдебиетінің түрі: (Мақал-мәтел) Мақал-мәтелдің авторы: (Халық) Мақал-мәтелде көп қолданылатын көркемдік өрнекті табыңыз. Мысалы: «Су кірді тазартса, Ақыл миды тазартады.» (Синтаксистік параллелизм) Мақал-мәтелдегі көркемдік өрнек: «Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді. Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді.» (Синтаксистік параллелизм) Мақал-мәтелдегі көркемдік әдіс: «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.» (Шендестіру) Мақалдағы көркем сөз айшығы: «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.» (Теңеу) Астарлы, ауыспалалы мағынада қолданылған мақал-мәтел: (Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі) Ойы тұспалсыз, ашық айтылған мақал-мәтел: (Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ) Кең болсаң, кем болмайсың. Ақыл-жастан, асыл-тастан. Тәуекел кемесі суға батпайды. Жігітті жолдасынан таны. Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады. Атаның баласы болма, адамның баласы бол. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Өнер алды-қызыл тіл. (Мақалдар) Мақалды белгілеңіз: (Бірлік болмай, тірлік болмас) «Өжет адам...» нені жеңеді? (Өлімді жеңеді) «Жіігітке жетпіс өнер де аз» деген мақал-мәтелдің тақырыбы: (Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы) «Ақ жүрген азбас» мақалының тақырыбы: (Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы) Адамгершілікке байланысты мақал: (Жақсының ашуы шәйі орамал кекенше, Жаманның ашуы басы жерге жеткенше) «Асырауын тапса, адам болар» мақалының тақырыбы: (Тәлім-тәрбие туралы) «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» мақалының тақырыбы: (Ынтымақ, бірлік тақрыбы) «Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар» мақалының тақырыбы: (Еңбек туралы) Мақалдың тақырыбы: «Қасықтап жинағанды, Шөміштеп төкпе» (Үнемшілік туралы) «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» мақалының тақырыбы: (Батырлық, ерлік тақырыбы) Туған жер, Отан тақырыбына жазылған мақал: («Отан оттан да ыстық») Еңбек тақырыбындағы мақал: («Жан қиналмай жұмыс бітпес»); («Бейнетің қатты болса, Тапқаның тәтті болар») «Бейнет, бейнет түбі зейнет» мақакалының тақырыбы: (Еңбек) «Ерлік тәрбиеден туады» мақалының тақырыбы: (Отанды сүю тақырыбы) «Жылай-жылай арық қазсаң, Күле-күле су ішесің.» мақалдың тақырыбы: (Еңбек туралы) Ынтымақ, бірлік тақырыбына жазылған мақал: («Кеңесіп пішкен тон келте болмас») Еңбек еткен емеді, Еңбексіз ер өледі. Мақалдың тақырыбы: (Еңбек туралы) Әке көрген-оқ жонар, Ана көрген-тон пішер. Мақалының тақырыбы: (Тәрбие-тәлім туралы) «Болған адам болдым демес, Болдым десе, болғаны емес,»-өлең шумағындағы тақырып: (Ақылдылық) Мақалдың алғашқы жолы: «..., тірлік болмас.» (Бірлік болмай) Мақалдың екінші жартысы: «Батыр туса-ел ырысы, ...» (Жаңбыр жауса-жер ырысы) Мақалдың екінші жартысы: «Қатардан ассаң да ...» (Халықтан аспақ жоқ) Жақсы адам қартайса, Жазып қойған хаттай, Жаман адам қартайса, ..Мақалдың дұрыс аяқталуы: (Бықсып жанған оттай) Мақалдың жалғасы: «Ер бір рет өледі, ...» (Қорқақ мың рет өледі) «Өнер алды-қызыл тіл» мақал қандай мағынада қолданған? (Тура мағынада) Абай өзінің 29-қара сөзінде «Ата-анадан мал тәтті», «Періштьте алтын көрсе жолдан таяды», «Атың шықпаса жер өрте» деген мақалдың дұрыс еместігін дәлелдеген. ***Отбасы, туыстық қатынас туралы мақал-мәтел(дер): (*Туысы бірге кепейді, түбі бірге түтпейді; *Ағайынды жігіттің отарында малы бар; *Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады ) ***Мақал-мәтелдің құрылымдық ерекшеліктері: (*Ой дәлдігі; *Мазмұндылық; *Ықшамдылық) ***Мәтелдер: (*Сыныққа сылтау керек; *Сабақты ине сәтімен; *Қорыққанға қос көрінеді) «Қара бүркіт томағасын түсірді, Оны мен томағаламай, Кім томағалайды?» Ауыз әдебиетінің қай түрі? (Жаңылтпаш) «Қазақтың халық жұмбақтары» деген кітабында М.Әуезов жұмбақтың 20 тақырыбына тоқталады. Тапқырлық, аңғарымпаздықты қажет ететін ауыз әдебиетінің түрі: (Жұмбақ) Аяғы жоқ жүреді, Сылқ-сылқ күледі. Жұмбақтың шешуі мен көркемдік тәсіл: (Бұлақ, кейіптеу) «Өзі тоқ, көлеңкесі жоқ.» Жұмбақтың шешуі: (Су немесе құдық) «Белін бекем байлаған, Қоқысты қоймай айдаған.» Жұмбақтың шешуі: (Сыпырғыш) «Қашсам-құтылмадым, Ұстасам-қолыма түспеді.» Жұмбақтың шешуі: (Көлеңке) «Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта, Теңселіп тербеледі, адам соқса, Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен, Не пайда, үнемдемей адам жоқта». Жұмбақтың шешуі: (Домбыра) (Үш қазық-екі құлағы, бір тиегі; екі желі-екі ішегі; Тоғыз ноқта-тоғыз пернесі) «Жұмбақ-адамның дүниетану жолындағы ойынның, қиялының шамасын білдіреді»-дегенқанатты сөздің авторы: (М.Әуезов) Ертегілер Ертегі – қара сөзбен айтылатын(кейде өлеңтүрінде), көбіне өмірде сирек кездесетін немесе ойдан шығарылған оқиғаларды баяндайтын шығармалар: Ертегі үшке бөлінеді: Қиял -ғажайып ертегілер («Ер Төстік», «Күн астындағы күнекей қыз», «Ұшқыш кілем», «Сырттандар» т.б.) Хайуанаттар туралы ертегілер(«Түлкі,қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Боз інген») Тұрмыс– салт немесе шыншыл ертегілер («Аяз би», «Атымтай Жомарт», «Дүмше молда»т.б.) Қазақ ертегілерін академик М.Әуезовнеше жікке(жанрға)бөлген:(3–ке) Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалатын ауыз әдебиетінің ең көне жанры: (Ертегілер) Ертегі не себепті үнемі жақсылықпен аяқталады? (Адам жаны жақсылықты аңсағандықтан, арман –қияында үнемі жақсылық жеңгендіктен) Ертегілердің кіріспесінде кездесетін нұсқа:(Ерте– ерте ертеде...) «ЖиһанкезСиндбадтың жеті сапары» ертегісі қай халықтың туындысы? (Араб) Қиял ғажайып ертегілер:(«Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік», «Алтын сақа»), (Үш өнерпаз) Шыншыл ертегілер(«Аяз би», «Қырық өтірік») Қазақ ертегілерінің түрлере:(«Хайуанаттар жайлы ертегі, Қиял -ғажайып ертегі») Шыншыл ертегі:( «Атымтай Жомарт»,) («Аяз би», «Қырық өтірік») Жаман, Меңді сұлу, Ақша хан қай ертегінің кейіпкерлері? («Аяз би»), «Аяз би»: (Шыншыл бейне) Асқан ақылымен ел билеп, хан тағына отырып, кедей кезіндегі киімдерін төрге іліп қойған кейіпкері бар ертегі: («Аяз би»), («Аяз би») ертегісінде Мадан ханның құдасы («Ақша хан») («Аяз би») ертегісінде Мадан ханның шыққан тегі:(Наубай) («Аяз би») ертегісінде Мадан ханның уәзірлерінің саны: (Қырық) («Аяз би») ертегісінің бас кейіпкері: (Жаман) Аяз бидің бұрынғы есімі: (Жаман) Жаманға Аяз би деген атты қойған:(Бес ханның елі) Аяз бидің әйелінің аты (Меңді) («Аяз би») ертегісіндегі Жаманның пікірінше шөптің, құстың жаманы: (Қара қоға мен сауысқан); (Уәзірлердің пікірінше жантақ пен дуадақ) «Шөптің жаманы – қара қоға, құстың жаманы –сауысқан еді,» – дейтін ертегі кейіпкері:(Жаман) «Бұл күндерде хан оны өзіне жақын дос қылды.Бұлекеуін араздастырайық», деп ақылдасып,хан мен Жаманның арасына от жаққан кейіпкерлер: (40 уәзір) Аяз бидің басына бақ әкелген басты үш қасиет:(Өмірлік тәжірибесінің молдығы, зеректік, уәдеге беріктігі) «Жаман – көптің бірі және айласыз жалқы адам», – деп М.Әуезов айтқан кейіпкер: (Аяз би) Адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді бейнелі,тұспалды түрде сипаттайтын ертегінің түрі: Хайуанаттар жайлы ертегілер: («Тышқан мен жылан», «Аю, түлкі және қойшы) Зорлықшыл, қиянатшыл,жауыз,озбыр, қатал адам бейнесінде суреттелетін аң: (Арыстан) Қу, айлакер адам бейнесінде суреттелетін аң:(Түлкі) Қорқақ адам бейнесінде суреттелетін аң: (Қоян) Ананың балаға деген шексіз махаббатын ғажап бейнелеген ертегі: («Боз інген») Табиғаттың сырын түсінсем,жеті қат жер асты құпиясын білсем деген халық арманынан туған ең көне ертегінің түрі: (Қиял – ғжайып ертегілер) Ертегіде кездесетін жауыздық бейнесі: (Жалмауыз кемпір) Қиял –ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері:(Мыстан кемпір, дию, пері, жезтырнақ) Қиял –ғажайып ертегілер:(«Ер Төстік», «Күн астындағы Күнекей қыз», «Керқұла атты Кендебай») «Жерден шыққан Желім батыр» ертегесі ертегілердің қай түрі: («Қиял –ғажайып») «Сырттандар» ертегісінде бала шошып оянады? (Қасқырдан) «Сырттандар» ертегісінде баланы қасқырдан аман алып қалған адам:(Жігіттің сырттаны) «Ер Төстік» ертегісі Ер Төстік-негізгі кейіпкер: Ерназар- Ер Төстіктің әкесі.Кенжекей – Ер Төстіктің жары. Шалқұйрық –Ер Төстіктің тұлпары. Құба інген –түйесі. Аңыз-әңгімелер Аңыз-фольклорлық проза жанры. Онда елдің, тайпа , рудың шыққан тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар-хан, батырлар, би-шешендер жайындағы , сондай-ақ нақтылы бір жер –су, сол жерде өткен оқиғалар турасындағы шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтсе де уақыт өте келе өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады. Қазақ аңыздарына алғаш назар аударғандар – Ш.Уәлиханов пен Г.Потанин. Дербес жанр ретінде М.Әуезовтің еңбектерінде ғана қарастырыла бастады. Кейіпкерлері: Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Асан қайғы, Жиренше шешен мен Қарашаш т.б Аңыздың өзіндік ерекшеліктері: 1) Тарихи шындықтан туады; 2) Аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде айтылатын жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, оқиғаның болған кезеңі, өмірде бар деректер болады; 3)Аңызда да ойдан қосылған күшеткіш қоспалар болады, біріақ ертегідегідей қиял емес Аңыз әңгіміенің өзіне тән еркешелігі: Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді Белгігі бір адамның атына , іс –әрекетәне байланысты туатын, шындық оқиға мен қиял ғажайын араласып келетін ауыз әдебиетінің түрі: Аңыз әңгімелер Аңыз әңгіменің қай түріне жатады: Мифтік әңгімелер Қазақ аңызында кездесетіндер: Асан қайғы, Жиренше шешен мен Қарашаш Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт Даналықты, шешендік пен тапқырлықты танытатын аңыз кейіпкері: Жиренше шешен Қазақ аңыздарындағы қарапайым адамдар бейнесіндегі кейіпкер: Жиренше шешен Жәнібек ханның «Бұл дүниеде не өлмейді ? » деген сұрағына жауап берген шешен адам?: Жиренше шешен Жиренше шешеннің ссүйген жары әрі ақылшы серігі: Қарашаш Жиреншеге Қарашаштың қазасы жайлы естірту айтатын хан: Әз Жәнібек хан Жиреншеге қандай жаманат хабар туралы естірте айтылды?- Қарашаш дүниеден өткенде «Жиренше шешенге Қарашаш сұлудың өлгенін Жәнібек ханның естіртуі» -естіртудің қай түріне жатады?: қарасөз түріндегі естірту Жәнібектің –Інісі өлген қандай екен?-деген сұрағына Жиренше : Сол қанатың қайырылғаны -Ағасы өлген қандай екен? -деген сұрағына Жиренше : Оң қанатың қайырылғаны деп жауап берген. «Қатының өлді , қамышының сабы сынды,»- деген сөз ел аузында кімге байланысты айтылған?: Жиреншеге Аңыздағы «Сұратқан хан ақымақ па , сұраған сен ақымақ па?» - деген сөзді ненің атынан айтты?: Қаңбақтың атынан Қаңғырған қаңбақпен сөйлесіп , ханның қателігін бетіне басқан аңыз кейіпкері : Жиренше «Қайран менің өз үйім, кең сарайым боз үйім» деген аңыз кейіпкері: Жиренше Аңыз әңгіме: «Жиреншенің хан сынағына түскені» Еркек қойды қоздатып , хан сынағынан мүдірмей өткен аңыз кейіпкері:Жиренше Жиренше туралы аңызда аты аталатын ақылды әйелдің есімі: Қарашаш «Қорықпа! Сиырларды ащы құдықтың басына айдап барып, жалғыздап суар да айналдырып қуа бер, әуелі ішінің қармауы кетер, онан кейін жын аралас су кетер»(«Жиреншенің хан сынағына түскені») -деп айтқан Қарашаш Алдар көсе қай жанрдың кейіпкері : Аңыз әңгімелер Халықтың әділетсіз байларды масқаралау, келеке ету тілегенен туған ұнамды, күлдіргі образ: Алдар көсе Алдар көсе қандай образ: Күлдіргі Аңыз әңгіме: «Алдар мен шайтан» «Алдар көсенің шайтанды алдауы» деген аңыздағы шайтанның аттары: Құлан мен Түлен Алдар көсенің шайтанды алдауына арналған аңыздарды сюжеті мен құрылымы жағынан күлдіргі әңгімеге жатқызуға болады. Алдар көсенің алдаудағы мақсатын белгілеңіз: қарны тоқ, ақылы жоқтарға тұсау Шығайбай, бізбикеш деген кейіпкерлерқай аңызға қатысты: Алдар көсе «Алдар көсе» аңызындағы байдың қызы: Бізбикеш «Алдар көсе» аңызында : «Отырайын он ай ,»- деп төрге шығатын кейіпкер: Алдар көсе «Алдар көсе» аңызында:-Естіген өтірік , көрген шындық ,- деп айтатын : Бай «Өтірік болса , сақалым жұлынсын, Қыз астындағы тырнадай. Бәрін де осының көріп келдім, Асыңды асшы ұрламай,»- деген жолды айтқан: Алдар көсе Сараңдықтың жиынтығын беретін аңыз әңгіме кейіпкері: Шығайбай «Алдар көсе» аңызында: «Шық, әй!»- деп үйіне адам қондырмас кейіпкерді табыңыз: Шығайбай «Алдар көсе» аңызында Алдар көсе майдың орнына тезек салады «Алдар көсе» аңызында Алдар қазанға еттің орнына не салады?: тулақ «Ұрының әйелі өзіне лайық,»- деген сөздің авторы: халық Алдар көсенің мінген аты: Қасқа ат «Алдар көсе» аңызында байдың өлтірген аты: Өзінің аты Аңыз кейіпкерлері: Жошы хан, Жиренше «Баламды өлді деп естірткен адамның құлағына қорғасын құямын,»- деп жар қылған аңыз кейіпкері: Жошы хан Жошы ханға бала өлімін қандай күй арқылы естірткен?: «Ақсақ құлан» Аңыз кейіпкеріне айналған жырау: Асан қайғы Желмаясымен «жер жанатын» іздеген жырау: Асан қайғы Мерке жеріндегі Аспараны көргенде : «Ей Аспара көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер!»- деген аңыз кейіпкері: Асан қайғы Жетісуды көргенде; «Мынау жетісудың әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен,»- деген аңыз кейіпкері: Асан қайғы Асан қайғының «тау тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен , тоқты қысыр қалмайтын жер екен,»- деген сыны қай жерге қатысты айтылған: Қызылтауға Түркі тілдес халықтарға ортақ аңыз кейіпкері: Қожанасыр Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген аңыз әңгіме : «Лұқпан хакім» Батырлар жыры 1.Ең көне замандағы эпостар: «Құламерген,Жоямерген,Досан батыр ,Құбығұл ,Атилла, Ергенекон» 2.Қазақ хандығы кезіндегі эпостар: Қобыланды,Алпамыс,Ер тарғын ,Қамбар,Едіге т.б 3.Жаңа дәуірдегі эпостар :Өтеген батыр,Сұраншы батыр,Еспенбет,Нарқыз, т.б. 4.Батырлар жыры жақын жанр түрі: Эпостық жырлар. |