көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Скачать 436.29 Kb.
|
қайғыңды қозғағалы келген жоқ, қайратыңды қолдағалы келдім ***Қазыбек пен Бұқар жыраудың шешендік сөздерінде кездеспейтін сөздері:*Бес дегеніміз-бірлесе білмеген халық жаман; *Үш дегеніңіз – үш жүзіміз біріге алмаса , сол жаман; *жеті дегеніміз – Жылай беретін балаң жаман;(Дұрыс және толық нұсқасы: бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман, екі дегеніңіз – егісіп өткен ер жаман; Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман, Төрт дегеніңіз-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман,Бес дегеніңіз –білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман, Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман,Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман, тоғыз дегеніңіз-толлғаныңыз,Он дегеніңіз Шешендік туралы жазған Аристотельдің кітабы: Риторика XV-XVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ /Хандық дәуір әдебиеті/ Жыраулар поэзиясы Қазтуған жырау Сүйінішұлы (ХҮ ғасыр) Туған жері: Еділ бойында(қазіргі Астрахань облысының красный Яр қаласының маңы) Толғаулары: «Мадақ жыры» , «Еділ», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Салп-салпыншақ анау үш өзен», «Белгілі биік көк сеңгір» , т.б *Аңыз жырлардағы асан қайғымен және оның баласы Абатпен пікірлес болған жырау: (Қазтуған) *Асан қайғы, Шерқұтты би, Ер Абат атты есімдер кездеседі: (Қазтуғанның шығармаларында) *Қазтуғанның шыққан тегі: (Шонжар) * Қазтуғанның әкесінің аты: (Сүйініш) *Қазтуғанның шешесінің аты: (Бозтуған) *Қазтуған жырларының арқауы: (Туған елі) *Қазтуған жырау ру басы, көсем әрі әскербасы және батыры болған тайпа (Түркі тайпалары) *Тайпалар көсемі, әскер басы, отты биі болған ХҮ ғ. жырауы: (Қазтуған жырау) *Тайпалар көсемі, отты биі болған Еділіне деген перзенттік қалтқысыз сезімін емірене өрнектеген шешен: (Қазтуған) * Өзін «сөйлегенде қызыл тілдің шешені», «буыршынның бұта шайнар азуы» деп таныстыратын жырау: (Қазтуған) *Өзін «буыршынның бұта шайнар азуы», «бидайықтың көп жайқаған жалғызы» деп таныстырған жырау: (Қазтуған) * «Бұдырайған екі шекелі Мұздай үлкен көбелі» - деген үзінді алынған өлең аты: («Мадақ жыры») өлең тармақтарының авторы: (Қазтуған) *Қазтуған жыраудың өзін таныстыратын жыры: («Мадақ жыры») * Қазтуғанның атын шығарған жыр: («Мадақ жыры») *Қазтуғанның («Мадақ жыры») арналды: («Өзіне») *Атамыз біздің бұлСүйінші Күйеу блып барған жұрт Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт . Қай жыраудың өмірінен: («Қазтуған») *Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақ ала ордам қонған жұрт Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт. («Қазтуған») *«Алаң да алаң, алаң жұрт» деп, туған елін тебірене жырға қосқан жырау: («Қазтуған») * Қазтуған туып-өскен жер аттары: («Еділ, Жайық, Ойыл») * Қазтуғанның жыры:(«Еділ») * «Қайран менің Еділім» деп еңіреп өткен жырау: («Қазтуған») * « Боташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай» -деп Қазтуған жырау мадақтаған өзен атауы: («Еділ») * «Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан» - деген үзіндіде Қазтуған айтып отыр: («Өзі туралы») * «Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт,» - деген өлен шумағында Қазтуған жыраудың айтқан мәселесі («Туған жер») *Қазтуған: «Азамат ердің баласы, Жабыққанын білдірмес. Жамандар мазақ қылар деп» - деген өлен шумағындағы қозғаған мәселесі: («Ерлік, елдік») * Арғымақтың баласы, Арыған сайын тың жортар. Арқамнан қосым қалар деп, Ақ дария толқын күшейтер» - деген үзінді алынған өлен: («Белгілі биік көк сеңгір») * «Салп-салпыншақ анау үш өзен» толғауының авторы: («Қазтуған») * «Жарлысы мен байы тең, Жабысы мен тайы тең, Жары менен сайы тең...»-деген үзіндіде айтылған өзен немесе өлеңнің аты: (Қазтуған жырау) («Салп-салпыншақ анау үш өзен») * «Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер. Жатып қалып бір тоқты Жайылып мың қой болған жер...» деген өлен : («Қазтуғанның «Салп-салпыншақ» толғауы) *Қазтуған туралы толғауда: «Жауды көрсе жайнаған, Жай тасындай қайнаған. Еділде тұрып оқ атса, Жайыққа түсіп жоғалған» - деп қозғаған мәселесі: («Ерлік») Шалкиіз жырау Тленшіұлы (1465-1560) Туғун жері: Жайықтың шығыс беті. Толғаулары: «Би Темірге бірінші толғау» «Жел, жел есер, жел есер» «Ағынды сулар, аймақ көл» «Жауынды күні көп жүрме» «Қоғалы көлдер, қом сулар» «Алаштан байтақ озбаса» «Шығармақ бұлт жай тастар» «Балпаң, балпаң басқан күн» «Асқар ,асқар, асқар тау» «Жебелей жебе жүгірген» «Жалп-жалп ұшқан жапалақ» «Ер шобан» т.б «Ор,ор қоян, ор қоян...» Осы толғаулар енген жинақ: («Алдаспан», «Жазушы баспасы») *Шалкиіздің өмір сүрген уақыты: (1465-1560 ж.ж) * Шалкиіз жырау өмірге келген жер: (Жайық) * Шалкиіз жыраудың өмір сүрген ғасыры (ХҮ – ХҮІ ғ) * Жиһангез атанған жырау: (Шалкиіз) * Шалкиіз жырларының басты тақырыбы (Ел бірлігі) * «Ғабіл төре ел бастар Батыр жігіт жау бастар Аға жігіт қол бастар Шешен адам сөз бастар» - деген өлең шумақтың иесі: (Шалкиіз) *«Ғаділ төре ел бастар» деп ел тағдыры, болашағы, әділ басшыға байланысты деп ой түйген жырау: (Шалкиіз) * «Батыр жігіт қол бастар» - деп ерлікті, батырлықты жырына ту еткен жырау: (Шалкиіз) *Би Темірге жыр арналған жырау : (Шалкиіз) * «Сен - алтынсың, мен - пұлмын, Сен – жібексің, мен – жүнмін» - деген жолдарды Шалкиіз арнады: (Би Темірге) *Шалкиіз толғау шығарды: (Темірге) * Темір бидің көмекшісі болған жырау: (Шалкиіз) *Шалкиіз арнап толғау шығарған батыр: (Ер Шобан), «Ер Шобан» шығармасының авторы: (Шалкиіз) * «Есендікте малыңды бер де, батыр жи Басыңа қыстау іс түссе Дұспанның қолы жете алмас!» - деп Шалкиіз жырау көтеріп отырған мәселе : (Бірлік - ынтымақ) *«Жағаға дұспан қолы тимеске, Артында туысқанның көбі игі, «Асау тулап жықпасқа, Арты айылдың беркі игі» - деген үзінді алынған шығарма: («Жауынды күні көп жүрме») *«Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Күндердің күні болғанда Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!» - қай шығармадан алынған : ( «Жауынды күні көп жүрме») *«Ағайынның ішінде Бір жақсысы бар болса, Қолқалаған көп жаман Сол жақсыны көре алмас» - деген шумақ авторы: (Шалкиіз) «Жалп – жалп еткен жапалақ Жазы да кімге жолдас болмаған?» «Саздауға біткен қара ағаш, Кімдерге сайғақ болмаған?» «Жағы түкті жылқы айуан, Иесін қайда жаяу салмаған?» «Жағаңа жалаң жібек байлаған, Арулар кімнен қалмаған?» - деген үзінділер алынған шығарма : («Қоғалы көлдер, қом сулар») *Шалкиіз жыраудың «қоғалы көлдер, қом сулар» толғауының не жайында: (Өмірдің өткінші екендігі) * «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауында дүниенің үнемі бір қалыпты тұрмайтындығын айтып, болашақ ұрпаққа өмірден аларыңды алып, береріңді беріп қал деген ой айтқан жырау: (Шалкиіз) *Шалкиіз жыраудың: «Бір жақсымен дос болсаң, Азбас-тозбас мүлкі етер Бір жаманмен дос болсаң, Күндердің күні болғанда Жімле ғаламға күлкі етер» - деп көтерген мәселесі: (Достық, жолдастық жайлы) *«Жел астына қарасам, Қоға менен тал өсер Ораздының ұлы өсер» «Кенелемін деген жігіттің Сүбеде алтау-жетеу ағайыны тез өсер» «Сүйейін деген жігіттің Жылқы ішінде екі арғымағы тең өсер» - деген үзінділер алынған: ( «Жел, жел есер, жел есер» шығармасынан) *«Толарсақтан саз келсе Қажымай оған жүретін. Қабырғадан қан келсе Қажымай оған күлетін » Осы үзіндіде айтылады: (Батырлық жайында) *«Ағайынның ішінде Бір жақсысы бар болса, Қоңқалаған көп жаман Сол жақсыны көре алмас» - деген шумақ: ( «Шалкиіздікі») *«Дулығаның төбесі туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді» - деп батырлықты жоғары бағалаған жырау: (Шалкиіз) *Шалкиіз шығармашылығына жатпайтын қатар: («Еңсегей бойлы Ер Есім», Жиембетттікі) Доспамбет жырау (ХVІ ғ.) Доспамбет жыраудың туған жері: (Азау) Доспамбет жырау өмір сүрген ғасыр: (XV-XVI ғ.ғ.) Доспамбеттің жерленген жері: (Астрахань) Доспамбеттің ақындық шығармашылығын зерттеуші: (М.Мағауин) Доспамбет өз толғауларында өзін қалай таныстырып отыратындығы: (Ер Доспамбет) Доспамбеттің өміріне қатысты сипат: (Мамай бидің тұсында қол бастаған жырау) «Айналайын, Ақ Жайық» деген өлеңінде туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын жырға қосқан жырау: (Доспамбет) «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?» - деп жырлаған жырау: (Доспамбет) Азау, Азау дегенің Әл-Ғұсман – патша жұрты екен. Азаудың ер Доспамбет ағасы Дін ісләмнің кірті екен. Азаудың ер Доспамбет ағасы Азаудың бір бұрышындай жарты екен! – деген үзінді қай жыраудың өлеңінен алынған: (Доспамбет) «...Аймадетке оқ тиді, Отыз екі омыртқаның буынынан. Зырлап аққан қара нан, Тыйылмайтын жанның уақ тамырынан...» - деген үзінді: (Доспамбеттікі) «Арғымаққа оқ тиді, Қыл майқанның ..., Аймадетке оқ тиді, Отыз екі омыртқаның буынынан», - өлеңнің тармағының жалғасы: (түбінен) «Қарағайлы кәдік бойында, Қамшым қалды ойында: Бүлдіргесі бұлан терісі, Өрімі құнан білдің терісі, Өрімі құнан білдің қайысы, Шырмауығы – алтын, сабағы – жез...» - депқамшыны сипаттағанжырау: (Доспамбет жырау) «Алғаным Әли ағаның қызы еді, Қас арудыңөзі еді. Маңдайы күнге тимеген, Желге шашын үрмеген», - деген жолдардың авторы: (Доспамбет) «Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ мінген өкінбес...» Осы үзіндінің авторы: (Доспамбет) «Екі арыстан жау шапса, Оң қылқандай шаншылса, Бетегелі Сарыарқаның бойында, Соғысып өлген өкінбес!» - деген шумақ кімнің өлеңінен алынған? (Доспамбет жырау) «Бетегелі Сарыарқаның бойында, Соғысып өлген өкінбес!» - деп, туған жеріне деген сүйіспеншілігін жырға қосқан жырау: (Доспамбет) «Алаштан байтақ озбаса», «Күн қайда толғауларының авторы кім? (Доспамбет) «Доспамбет жыраудың өлеңі: («Айналайын, Ақ Жайық») Доспамбет жыраудың толғауы: («Күн қайда?») «Айналайын, Ақ Жайық» өлеңінің авторы: (Доспамбет) «Айналайын, Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік боз орда, Еңкейе кірер күн қайда? Толғамалы ақ балта Толғап ұстар күн қайда?» - деген шумақтың авторы: (Доспамбет) Зерттеушілердің пікірінше, Доспамбет жырау «Айнала бұлақ басы тең» толғауын шығарған мезгілі: (Өмірінен қоштасар сәтте) «Тәңірінің өзі берген күнінде Хан ұлынан артық еді менің несібем! Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді!» - деген шумақ қай жыраудың шығармасынан алынған? (Доспамбет) Доспамбет жырау мен Шалкиіз жыраудың аттас шығармасы: («Қоғалы көлдер, қом сулар») «Еділдің бойынан ен жайлап, шалғынға бие біз байлап...» деп, еліне тыныштық, бейбіт күн іздеген жырау: (Доспамбет) «Озушылар, озбаңыз, Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз. Бізім бетке барсаңыз, Есақай, Қосай екі ұл, Алдыңызға жыр құнақтай, Жылай шықса не айтарсыз?» Қай жыраудың өлең жолдарынан алынған? (Доспамбет жыраудың соңғы сөзі) *** Талай жорықтарға қатысқан жауынгер жыраулар: (Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді) *** Доспамбеттің толғаулары: («Айналайын, Ақ Жайық», «Айнала басы бұлақ тең», «Қоғалы көлдер, қом сулар») *** Доспамбет жырау толғауынан алынған үзіндідегі көркемдік тәсіл(дер): «Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым, өкінбен. Толғамалы ала балта қолға алып, Топ бастадым, өкінбен...» (Аллитерация, Қайталау) Жиембет жырау Бортағашұлы (ХVІІ ғ.) XVII ғасырда Есім ханның тұсында өмір сүрген әрі әскер басы, әрі ақын болған жырау: (Жиембет) Есім ханның жанында ұзақ уақыт кеңесші, жырау, ықпалды бидің бірі болған жырау: (Жиембет) Жиембет жырау Бортоғашұлының атқарған қызметі: (Қолбасшы, әскербасы) Жиембет жырау кім болған? (Әскербасы әрі әйгілі ақын) Жиембет жыраудың қыс жайлауы қай жерде? (Жем – Сағыз бойында) «Беріктігімді сұрасаң, Қарағай мен қайындай», - деп өзі жайлы жырлаған ХVІІ ғасыр жырауы әрі әскербасы: (Жиембет) Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүрген? (Есім ханның) Есім ханның есімі Жиембет жыраудың шығармаларында көп кездеседі. Қай ханның тұсында Жиембет айдауға жіберілген? (Есім ханның) Ханға қарсы тұрғаны үшін елінен айдалған ХVІІ ғасыр жырауы: (Жиембет) Жиембет жырау: «Хан ие, ісің жол емес, Жолбарыстай Жиембет, Құрбандыққа қол емес», - деген жолдарды айтқан өлеңі: («Әмірің қатты Есім хан») «Еңсегей бойлы Ер Есім, Есімі сені есірткен Есіл менің кеңесім, Ес білгеннен Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін», - деген жолдардың авторы: (Жиембет) «Білік салып бұйырдың, Қанын ішіп қаңбаққа, Жанын отқа салмаққа... Хан ие, ісің жол емес», - деп Жиембет жырау айтқан: (Есім ханға) «Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Соқыр бурыл байталға жайдақ мінгенсің», - деп Жиембет әшкереледі: (Есім ханды) «Бас кессе де басылмай, Ақ ісімді жасырмай, Атқа мінген ер едік», - деген жолдарды хан, әкімдерге бас имеген Жиембет жырау қай ханға арнаған? (Есімге) «Қайратым қанша қайтса да, Мұныңа, ханым, шыдаман!» - деген жолдарды Жиембет кімге арнаған? (Есім ханға) «Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін», - деген өлең шумағындағы ақын ойы: (Опасыз хан қылығына қарсы үн қату) «Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін», - деген жолдарды Жиембет жырау қай ханға арнаған? (Есімге) Жиембет жырау: «Мен өлсем құнсыз кетер деме сен, Кешегі өзің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай ...» - деген өлең шумағын айтқан: (Есім ханға) Ақтамберді жырау Сарықлы (1675-1768) 1675-1768 жылдары өмір сүрген, әйгілі Бөгенбай батырға жыр арнаған жырау: (Ақтамберді жырау) Ақтамберді жырау қай батырдың ерлігін жырға қосқан: (Бөгенбай) Ақтамберді жырау қай соғыста өзінің ерлігімен, жалынды жырымен көзге түскен: (Ойраттармен соғыста) «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауының авторы: (Ақтамберді) Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз?! – деген жолдардың авторы: (Ақтамберді) Ақтамбердінің «От басар орны отаудай» өлеңі: (Жылқы малының қадір-қасиеті туралы) «Әділ туған жақсыға, Екі даугер жүгінер. Тізесін қисық бұрмаса, Әділдігі білінер», - деген жолдар қай жыраудың шығармасынан алынған: (Ақтамберді) «Жапанға біткен терекпін, Еңсемнен жел соқса да теңселмен», - деп басталатын Ақтамберді жыраудың өлеңінде не туралы баяндайтын: (Батырлық қасиеттерін, қайсар мінезін) «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторы: (Ақтамберді жырау) Ақтамберді жыраудың кейінгі ұрпақты бірлікке, татулыққа шақырған өлеңі: («Балаларыма өсиет») «Балаларыма өсиет: Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айрылма, Бірлікте бар қасиет», - деген толғаудың авторы: (Ақтамберді) «Ел шетіне жау келсе, Алдына, сірә, дау келсе. Батырсынған жігіттің Күшін сонда сынаса!» - деп, Ақтамберді жырау көтерген мәселе: (Ерлік, батырлық жайлы) «Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап...» - деп жырлаған жырау: (Ақтамберді) «Ел-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап...» - деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынған? (Ақтамберді) «Ел-жұртты қорғалап, Өлімге жүрміз бас байлап», - деп өз толғауларында ерлік, батырлықты жырлаған Ақтамберді жырау қай батырға жыр арнаған? (Бөгенбай батырға) «Ағайын көп болса, Ұлы шерік қолмен тең. Білімді туған жақсылар Аз да болса көппен тең», - деп Ақтамберді жырау қандай мәселені айтқан? (Елдік, бірлік) |