көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Скачать 436.29 Kb.
|
Ер Тарғын жырының кейіпкері (Қартқожақ) «Ер Тарғын»жырындағы бес жасында ақ «жас шыбықтай жай тартып,жалғыз шиден оқ атқан»кейіпкер (Қартқожақ) Бір жалғыз оқпен салып қалғанда ,Тарғынның қорамсақтағы жүз алпыс оғын күлпара қылып уатқан ердің аты (Қартқожақ) «Мен алпыс беске келген,сақалы қуарған,бір қарт шалмын,бұл ғой,жас болса да,қасындағы Ақжүністей сұлуды қиып әм өзінің жанын қиып,маған қарсы тұрды»-деген кейіпкер (Қартқожақ) «Ер Тарғын »жырындағы Қартқожақ(Үлкен адамгершілік иесі) «Ер Тарғын»жырында Ақжүніс ару қай батырдың бес жасынан алпыс бес жасқа дейінгі өмірін шеберлікпен айтып береді. (Қартқожақтың) «Ер Тарғын»жырында «Ай,Қартқожақ, Қартқожақ, Атыңның басын тарт Қожақ»-деп айтқан (Ақжүніс) «Ер Тарғын»жырындағы Қартқожақты райынан қайтарған ару (Ақжүніс) Ақжүністің мінезінің көп қыры байқалатын сәт(Қартқожаққа айтқан монологында) «Ер Тарғын» жырында батырды екі рет алдаған хан. (Ханзада) «Ер Тарғын»жырындағы Ханзада ханның елі мекендеген тау аты (Бұлғы тау) «Ер Тарғын»жырында кемеңгерлік тұлғасымен көрінген жырау .(Сыпыра жырау) «Өз өмірінде қолынан тоғыз ханды өткізіп,тоғыз ханды түзеткен кісі еді» (Сыпыра жырау) Ер Тарғын батырды райынан қайтарған данагөй жырау (Сыпыра жырау) «Есен барып ,сау қайтсам, Домалатып басыңды алармын»-депХанзада ханға бітпес жаулығын айтқан Ер Тарғынның райынан қайту себебі (елін қырғынға үшыратпауды ойлады) «Аруақты туған ер болсаң, Не қыласың бір қызды,»-деген пікірді айтатын (Сыпыра жырау) Атам қалды дейтұғын Атам менен анам жоқ Балам қалды дейтұғын, Өзімнен туған балам жоқ, Бауырым қалды дейтұғын Ағам менен інім жоқ. Үзінді қай жырдан алынған («Ер Тарғын» жыры) «Үстіме киер кебін жоқ Еңіреп жүрген ер едім Қаптаған қара борандай, Өткені ме дүние боқ»-деп жаны күйзелген батыр.(Ер ТАрғын) «Ажалым аштан болды ма Ауызға жерге жемім жоқ Егер өлсем бүл жерде, Сүйегімді ұстар теңім жоқ»-деп қиналатын батыр. .(Ер ТАрғын «Етектейін еріннен, Екі елісі қалыпты»,-деген шумақта жыршы қолданған тәсіл .(Литота) Ай,Қартқожақ,Қартқожақ ! Атыңның басын тарт,Қожақ! Алғанымнан айырма, Мені өзіңе қайырма- деген өлең жолдарының буын,бунақ,ұйқас түрлері ( 7-8 буынды,2 бунақты ,егіз ұйқас) Т.Әлімқұлұлы «Қараойға ертеде ат шалдыртыпты-мыс»-деп Махамбеттен басқа кімге айтады.(Ер Тарғынды) Қамбар батыр 1.«Қамбар батыр» жырының 19 нұсқасы белгілі 2.1903ж Қазанда жырдың алғашқы нұсқасы «Тоқсан үйлі тобыр» деген атпен жарық көрді 3.«Қамбар батыр» жырының басты тақырыбы- жер мен ел намысын қорғау. 4. «Қамбар батыр» жырының мазмұны- қалмақ басқыншыларына қарсы күрес. 5. «Қамбар батыр» жырының идеясы- елдіктің, бірліктің туын жоғары ұстау, ноғайлы елін қалмақ басқыншыларынан азат ету арманы. 6. Қамбар- елін сүйген батыр, жалғыз атты кедей жігіт. 7.Әлімбай – Қамбар батырдың әкесі. 8. Назым- Қамбарға ғашық жан, Әзімбайдың жалғыз қызы. 9.Әзімбай-Назымның әкесі, атағы жер жарған бай. 10.Қайыршақ, Қарымсақ, Сарымсақ, Қораз, Дараз, Алшыораз- Назымның ағалары 11.Жәдігер-Әзімбайдың Қамбарға жіберген хабаршысы 12.Қара қасқа ат- Қамбардың тұлпары 13. Керейұлы Келмембет- Қараманның елшісі 14.Күлбадам- Қараманның тұлпары 15.Жырдың басында батыр туралы айтылмай, бір байдың қисапсыз молбайлығы, алты ұлы мен сұлу қызының көркі, сән салтанаты туралы жырланатын батырлар жыры- «Қамбар батыр» 16.Жырда тоқсан үйлі тобырын( қара халқын) аң аулап асыраған батыр - Қамбар батыр 17. Қамбар батырдың тойға келмей қалуы арқылы жыраудың аңғартқысы келген ойын табыңыз – Қамбардың қатардағы қарапайым кісі еместігін аңғартады. 18. Қамбар батырдың ғашығы, әрі сүйген жары – Назым 19. Қыз Назым шықты бұраңдап, Он сегіз толған жасына, Камшат бөрік келісіп, Бриллиант қойды басына, - деген үзінді қай жырдан алынған? «Қамбар батыр» жыры 20. Тарлан ат- қандай эпостық кейіпкерлердікі ( Ер Тарғын, Көбікті) 21. А.Байтұрсынов бастырған эпостық жыр- «Ер Сайын» 22.Эпостық жанр (Тарихи жыр) Лиро –эпостық(ғашықтық)жырлар Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан айырмашылығы: 1.Батырлық эпоста батырдың халық мүддесі жолындағы күресі негізгі тақырып болса,ғашықтық дастандардың негізгі тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы,қасірет-зары,махаббаты. 2. Батырлық дастандарда шешуші рөл атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар,тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады. 2.Батырлар жырында образдар шындықтан шалғай,шартты түрде алынса,ғашықтық жырларда образдар реалистік түрде сипатталады. Ғашықтық жырлардың батырлар жырынан үш айырмашылығын атап көрсеткен қаламгер (М.Әуезов) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жыры-қазақ лиро-эпостарының ішіндегі ең көнесі,оның 15 шақты нұсқасы бар.Алғашқы башқұрт тіліндегі нұсқасын 1812 жылы Т.Беляев жазып алып,Қазанда жариялаған.Ең танымалы- Жанақ ақын жырлаған нұсқа.Ш.Уалиханов жырды Атығай Арыстанбай ақынның аузынан жазып алған.1833 жылы А.С.Пушкин де әңгімесін жазып алған.В.В.Радлов неміс тіліне аударып бастырған.Абай Құнанбаев 1884 жылы Жанақ ақыннан жырдың бір нұсқасын жазып алып, Г.Н.Потанинге сыйға тартқан. Радлов,Бейсенбай,Шөже нұсқаларында Қозы өлмей,аман қалады.Г.Н.Потанин: «Бұл жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма,»-деп бағалаған. Қозы Көрпештің әкесі-Сарыбай (75 жаста),сүйген жары –Баян.Қарабай-бай (83 жаста),Баянның әкесі; Ай мен Таңсық-Қарабайдың қыздары,Баянның әпкелері;Тайлақ-Сарыбайдың құрдасы,Сарыбайдың өлімін түсынде көріп,әйеліне жеткізеді;Айбас-Тайлақтың кенже інісі;Сасан би-Қарабай көшіп барған елдің биі;Көсемсары-сері;Қодар-қара күш иесі,батыр;Танаш-Қарабайға құда болып барған кісі. Қарабайдың мінген аты-Аққайың. Жырдың негізінде Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»(1939ж.) трагедиясын жазды. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-адал достықты жырлайтын дастан.Мұнда халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады.Ұнамды мінездер,ұнамды кейіпкер арқылы жоғары бағаланады».(М.Әуезов) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-махаббат тақырыбына арналған дүние жүзіндегі ауыз әдебиетінің (фолкьклор) төрінен орын алады» (С.Мұқанов) Ш.Уалиханов «Ромео-Джульетта»жырына теңеген жыр: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын Шоқан жазып алған ақындар (Арыстанбай,Жанақ) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын Шоқан жазып алған ақын: (Жанақ) Ш.Уалихановтың Жанақ ақынның айтуымен ең алғаш қағазға түсірген жыры: ( «Қозы Көрпеш-Баян сұлу») Ш.Уалихановтың ең алғашқы жазып алған ауыз әдебиеті нұсқасы: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») Шоқанның ел ішіндегі аңыз-әңгімелерден,халық жырлары дастандарынан алғашқы жазып алған шығармасының аты (Қозы Көрпеш-Баян сұлу)жыры Шоқан өзі жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырын берген прфессор: (Березин) «Қозы Көрпеш-Бян сұлу»жыры орыс тілінде аударылыпсол тілде жарыққа шыққан жыл:(1853 ж) 1833 жылы А.С.Пушкиннің кіші жүз қазақтарынан жазып алған жыр «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын жазып алып,сол тақырыпқа поэма жазуды ойлаған орыс ақыны: (А.С.Пушкин) В.В.Радлов неміс тіліне аударып бастырған жыр; («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырында басым суреттелген кәсіп (Мал бағу) Түйемойнақ,Жылытау,Сауыр,Сойқал деген жер атаулары қай жырда кездеседі.: ( «Қозы Көрпеш-Баян сұлу») Балталы,Бағаналы деген жер аттары кездесетін жыр: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы тарихи шындықпен сәкес келетін жер-су аттары: (Бетпақдала,Аягөз) Сасан би,Қарабай,Қодар атты есімдер кездесетін жыр аты: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») Айбас,Қарабай,Қодар қай жырдың кейіпкерлер: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының кейіпкерлер тізбесі(Ай,Таңсық,Қодар) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының негізгі тақырыбы: (Жастардың бас бостандығы) Қозының мінген аты: (Күрең бесті) Бір ағаштағы қос шынар сияқты көрінетін ғашықтар(Қозы мен Баян) «Іздеп едім,қайнаға-ау,кез келесіз, Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз. Қайнаға-ау,көріпсіз бір перзентті, Сүйіншіге,қайнаға-ау,не бересіз?»-деген үзінді: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») Сарыбай мен Қарабайдың кездескен жері: (Балталы жерінде) Жыр басында ұшырасатын кейіпкерлер : (Сарыбай мен Қарабай) Қозының әкесі: (Сарыбай) Сарыбай қанша жаста: (75 жаста) Қозыны Баянмен табыстырған адамды табыңыз: (Айбас) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Айбас қандай кейпкер:(Әділдік жолында күресуші) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы кейіпкер: (Айбас) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Қозының намысын қорғау үшін шыққан: (Айбас) Сәлем де ініңізге,іздеп келсін, Келмесе,сорлы Баян дегені өлсін,-деп Баян кімге айтқан : (Айбасқа) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Қозы мен Баянға тілеулес боп, көмектесетін жандар: (Ай мен Таңсық,Айбас,Көсемсары) «Тал бойының міні жоқ,қолаң шашты, Шашының ұзындығы тізін басты. Гүл төгілер аузынан меруерт тісті, Ондай жан дүниеде жаралмас-ты,»-деген қай кейіпкердің сипаты: (Баянның) «Аппақ керік маңдайлы қылығы наз, Малың түгіл басыңды берсең-дағы аз,»-деген: (Баянның бейнесі) Лиро-эпостық кейіпкерлерінің ішінде тоқсан сері жігіт қай қыз үшін елінен безеді: (Баян сұлу) .....ғашық болып тоқсан бағылан, Бәрі де іздеп шықты жапан түзге. Бәрі де ғашықтықпен жапан кезген, Баршасы ғашық болып елден безген. Үзіндідегі көп нүктенің орнына лайықты кейіпкер: (Баян сұлу) Баянның әкесі: (Қарабай) Қызынан малын артық көретін әке: (Қарабай) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Қарабайдың жылқысының санын табыңыз:( 90 мың) Баянды Қозыдан алып қашқан Қарабай Қодарға қай жерде кездеседі: (Бетпақта) Бетпақтан алып өткен Қодарға Қарабай қандай уәде берген: (Баянды бермек болады) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы алты құлаш ала бедеу кімнің астына мінген аты екенін табыңыз: (Қодардың) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының басты кейіпкерлері кімдердің қастандығы мен қиянатынан азап шегетіні: (Қарабай,Қодар) Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығы: (У береді) «Қара көзін қан басып қарағанда, Маңына жоламайды,Қодар үркіп,»-деген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан алынған жолдарда кім туралы сөз болып отыр: (Қозы Көрпеш) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы: «Тіршілікте,тазшеке-ау,ұмытпайын, Қоя берші ,көштегі жеңгең көрер,»-деген жалынышты сөздерді айтатын кейіпкер: (Қодар) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанындағы Сарыбай маралды не себептен өлтіргені: (Қарабай өтінішіне орай) Қарабай жарып жібергенде маралдың ішінен не шығады: (Егіз қодық) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Қарабайдың үйіне құдалық туралы сөйлесуге он бір кісі қосып,кімді жібереді: (Танаш) «Балталы,Бағаналы,ел аман бол, Бақалы,балдырғанды көл,аман бол,»- деген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Ай мен Таңсықтың сөздері салт жырларының ішіндегі қоштасуға жатады. «Балталы,Бағаналы,ел аман бол, Бақалы,балдырғанды көл,аман бол,»- деген қоштасу өлең алынған жыр: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ) «Балталы,Бағаналы,ел аман бол,»-деп,туған жерімен қимай қоштасатын лиро-эпос жырындағы қыздардың аты: (Ай,Таңсық) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қоштасу жырын айтқан кейіпкерлер:(Ай мен Таңсық) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қандай тұрмыс-салт жырлары қолданылған: (Қоштасу,жар-жар,естірту,жоқтау) «....Аққу ұшып көлге кетті, Ақсұңқар ұшып шөлге кетті, Олар адасып кеткен жоқ, Әркім баратын жерге кетті.» Жыршының жұмбағының шешуі:(Сарыбайдың өлгенін естіртіп отыр) Сарыбайдың бұл дүниеден өткендігін естірткен: (Тазша) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры қандай өлең түрімен жырланған: (11 буынды қара өлең түрімен) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-адал достықты жырлайтын дастан. Мұнда халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады. Ұнамды мінездер,ұнамды кейпкерлер арқылы жоғары бағаланады,»-деген пікірдің иесі: (М.Әуезов) «Қодар-Қарабайдың қара шоқпары,қараңғы күші есебіндегі сұмырай серігі,»- деген пікірдің иесі. (М.Әуезов) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының тілі-нағыз халық тілі,»-деген пікірдің авторы: (М.Әуезов) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастаны-қазақ әдебиетінің зор мұрасының бірі,»-деген пікірдің авторы: (М.Әуезов) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясын жазған: (Ғ.Мүсірепов) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры мен Ғ.Мүсіреповтың осы аттасы трагедиясының айырмашылығы: (Көп айырмашылығы бар) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасындағы Қарабай : (Баянның әкесі) Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды ойнаған әртіс: (Серке Қожамқұлов) Қозы мен Баянға арналған ескерткіш тұрғызылған жер: (Аягөз) *** «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры (*Көп нұсқалы жыр; *Ғашықтық жыр) ***«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырындағы Қарабай бейнесі: (*Сараң,дүниеқоңыз;)*Қатыгез,өзімшіл) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Сарыбайдың өлімін естірткен: (*Тазша) ***Ай,Таңсық,Айбас,Тайлақ деген кейіпкерлер кездесетін жыр: (* «Қозы Көрпеш-Баян сұлу») «Айман-Шолпан» жыры «Айман-Шолпан» жырын ең алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайқыисламұлы. Поэманың тууына негіз болған – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғалар. Эпостық элементтермен қатар тарихи поэмаларға тән элементтер де анағұрлым басым. Маман- Тама елінің байы, Айман, Шолпан-Маманның қыздары, Көтібар-Шекті елінің батыры, қара күштің иесі, Теңге - Көтібардың ерке де долы тоқалы, Есет- Көтібардың ұлы, тарихи тұлға, Арыстан- Көтібардың інісі, Шолпанның сүйген жігіті, Әлібек – Айманның сүйген жігіті. Жыр негізінде М.Әуезов «Айман-Шолпан» (1934ж.) комедиясын жазды. Таным дерек Көтібар Бәсендеұлы (т.ж.б.-1823)-батыр. Кіші жүз құрамындағы шекті руынан шыққан. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібардың жеті баласы болған, үлкені-атақты Есет батыр тарихи тұлға(«Қазақстан» ұлттық энциклопедия, бес том, елу төрт бет) Ел тұтқасын ұстау әйелдердің де қолынан к елетіндігін дәлелдеген жыр: («Айман-Шолпан» жыры) «Айман-Шолпан» жырының негізгі тақырыбы : (Ескі мен жаңаның арасындағы күрес) Айман мен Шолпанның әкесінің аты : (Маман) Маманның шыққан тегі, руы : (Шекті) Арыстан, Есет, Әлібек атты кейіпкерлер кездесетін жыр : («Айман - Шолпан») Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел , саналы қыз образы : (Айман) «Айман-Шолпан» жырындағы Айманның өзге жырлардағы қыздардан айырмашылығы : (Әлеуметтікіске араласуында) «Айман-Шолпан» жырындағы Айманның ақылы байқалады : ( Баланы баурап алуынан) «...Мен ажалым жетпей өлмеспін, ешкімнің қырсығына көнбеспін»-деген сөз иесі : (Айман) Айманның Шолпанды елге қайтаруының себебі : (От жағып, күң болып кетеді деп ойлағандықтан) «Айман-Шолпан» жырындағы Айманның есік алдындағы Қызылқұмға жасырған байлығының саны : (500 ат, 80 інген, 40 алтын, 15 күміс табақ) «Қараңыз, мына сөздің сарасына, Көз жетті елді шаппақ расына. «Шайтан сөз топ ішінде не керек ? » деп ... – деген жолдың жалғасы : (Арыстан түсе берді арасына) «Айман-Шолпан» жырындағы «Шайтан сөз топ ішінде неге керек?» - деп, бітімге шақырған сөздердің иесі : (Арыстан) «Айман-Шолпан» жырында Айманның атты сұрап алуына да , Шолпанды еліне қайтаруына да , Есеттің Айманға 60 күнге дейін неке қимауын қалап алуына да себепкер болған адам : ( Арыстан) Әлібек бейнесіне тән сипат : (Жау іздеуге , пәле іздеуге құмар емес) Маман байдың ауылын кім шабады ? : (Көтібар) «Айман-Шолпан» жыры аяқталар тұста Көтібар : (Өкіл әке болады) Маман мен Көтібарды бейнелеудегі ерекшелік : (Сарказм мен ирония) «Айман-Шолпан» жырындағы қазақ феодалдарының тән сипаттары : (Тоғышар , Топас , ұсақ тіршілік адамдары) «Айман-Шолпан» жырындағы Көтібардың баласы: (Есет) «Айман-Шолпан» жырындағы кейіпкер : (Теңге-Көтібардың бәйбішесі) Берілген үзінді қай жырдан алынған? «Базарда теңге болсаң, пұл боларсың, Қолыңа құрық алсаң, құл боларсың. Батырдың айтқан сөзі рас болса, Қолыма су құятын күң боларсың» : («Айман-Шолпан»,Теңгеге айтқан) «Айманның ақ мамықтай білегі бар, майысқан жез қармақтай сүйегі бар,»-деген жолдардағы көркемегіш құрал : (Теңеу) «Айман-Шолпан» жыры : ( Лиро-эпостық жыр, Тарихи жыр) «Айман-Шолпан» жырындағы тарихи тұлғалар : ( Есет , Көтібар) |