Главная страница
Навигация по странице:

  • СЕМИНАР САБАҚТАРЫ МЕН СОӨЖ БОЙЫНША РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

  • Философия. 1 Блім ылым тарихы мен философиясы философиялы білімні саласы ретінде


    Скачать 2.7 Mb.
    Название1 Блім ылым тарихы мен философиясы философиялы білімні саласы ретінде
    АнкорФилософия
    Дата13.12.2022
    Размер2.7 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаtreatise34769.docx
    ТипДокументы
    #842973
    страница16 из 17
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

    7.2 Отандық білім берудің еуразиялық және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі

    ХХ ғасырда постиндустриалдық, ақпараттық қоғам орнағаннан кейін білім беру саласының құрылымдары мен бөліктері, қызметі мен қатынастары, институттары мен субъектілері қарқынды дамыды. Бұл өзгеріс білім беру саласын дағдарысқа ұшыратты, білім берудің классикалық әдістері ескіріп, қолданысқа жарамай қалды. Қоғам дамуының жаңа кезеңінде білім берудің бұрыңғы парадигмасы, Жаңа Заман идеалдарына негізделген тұлғаны тәрбиелеу әдістемесі мен тәсілі ығыстырылды.

    Елімізде білім беру жүйесінің реформасы 1995 жылы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты Тұжырымдамасында жарияланды. Онда «жоғарғы білім түбегейлі қайта ұйымдастырылуы қажет. Экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың өзгерістерін есепке ала отырып жоғары оқу орындарының санын, олардың құрылымын, мамандықтар тізбегін оңтайландыру қажет. Мүмкіндігінше, оқу мерзімдерін қысқартуға тырысқан жөн, бес жылдық міндетті бірыңғай дайындықтан бас тарту қажет. Көпдеңгейлі жүйенің енуі бакалавр және магистр деңгейлерін анықтауды, мамандықтар мен біліктілік сипаттамаларының тізімін бекітуді талап етеді».

    Тұжырымдама қабылданғаннан соң, білім беру бағдарламаларының мұндай дифференциациясы Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында анықталды. Осы нормативтік-құқықтық құжатқа сәйкес, келесідей өзгерістерді енгізу көзделіп отыр:

    • жоғары білім мамандықтарының классификаторын жетілдіру, бұл сегментацияның, диспропорцияның және кадрлар даярлаудағы шектен тыс қайталанушылықтың алдын алуға көмектеседі;

    • білім берудің прогрессивтік жүйелері мен технологияларын, оның ішінде кредиттік және қашықтықтан оқыту жүйесін жасау және енгізу;

    • магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге өткізу;

    • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімді үш сатылы модельге алмастыру: бакалавриат-магистратура-докторантура;

    • құрылымы мен мазмұны жағынан халықаралық бағдарламалармен үйлесетін бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын жасау;

    • білім беру гранттарының санын көбейту, жаңа кредиттік жүйенің жаңа моделін жасау арқылы жоғары білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету;

    • кәсіби кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты еліміздің ең үздік оқу орындары бойынша бөлу механизмін енгізу;

    • жұмыс берушілерді студенттерге кәсіби тәжірибе беруге, түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге шақыру арқылы әлеуметтік кеңістікті дамыту;

    • нормативтік-құқықтық актілерді даярлау және ғылыми ұйымдардың жоғары білімді маман даярлау әлеуетін арттыратын ұйымдастырушылық-экономикалық әдістерді жетілдіру;

    Бұл мәселелер 2010 жылдың 7 желтоқсанында қабылданған № 1118 ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, 2011 жылдың 20 сәуірінде қабылданған № 152 Оқу үдерісін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру Ережелерінде толықтай қарастырылады. Бұл мәселелердің шешімі жоғарғы мектепті іргелі жаңарту қажеттілігін тудырады. Білім беру жүйесінің жаңаруы негізгі мақсат емес. Ол ЮНЕСКО-ның «ХХІ ғасырға арналған ашық білім беру жүйесі» бағдарламасының рухына сай келуі тиіс.Бұл бағдарламада жастардың алдына өмірлік маңызы бар міндеттер қойылған: білуді үйрену, жасауды үйрену, бірге тұруды үйрену.

    Осы нормативтік-әдістемелік құжаттардың негізінде республикадағы реформалар құрылымдық өзгерістерден және «жоғары білім» ұғымының мәнін тереңдетуден басталды. Әлемдік қауымдастықтың ойынша, жоғары білім – мемлекеттік билік тарапынан тағайындалған университеттер немесе басқа оқу орындары тарапынан берілетін оқыту немесе ғылыми зерттеуге дайындау курстары.

    Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында «әлемнің жетекші елдеріндегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуына жасалған анализ бойынша, кадрларды даярлаудың кредиттік оқыту жүйесіне негізделген үш деңгейлі моделі: бакалавриат-магистратура-PhD докторантура кең тараған және көпшілік қабылдаған. Бұл модель АҚШ және көптеген Еуропа елдерінің университеттерінде тәжірибеден өтуде. Бұл жүйе икемді әрі тиімді, ол академиялық ұтқырлықты және өзгермелі еңбек нарығындағы түлектердің қажеттілігін қамтамасыз етеді». Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің осындай саясатын жүргізіп отыр.

    Алайда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында әлемдік қауымдастыққа кіретіндігімізді негіздеу үшін Республика Конституциясында бекітілген құқықтық негіздер жеткілісіз. Бұл үшін жоғары мектептің бүкіл құрылымын, ондағы білім алу үдерісін толықтай жаңарту қажет, осы мақсатта Қазақстан «Болон үдерісіне» қатысып отыр. Жаңарту үдерісінде «космополиттендіру» бойынша шаралар кешені жүргізіліп, ұлттық жоғары білім беру жүйесі реформаланып, мемлекеттік стандарттар қайта қаралып, Еуропалық Одақ аумағындағы білім беру жүйесіне жақындастырылды.

    Болон үдерісі аясында өткізілетін шаралардың басты мақсаты – ғылыми дәрежелер мен мамандану үдерісін реттеу, жас мамандардың алған білімдерін әлемдік қауымдастықта сәтті пайдаға асыруы үшін заманауи білім беру саясатын күшейту. Ғылыми дәрежелердің нақты, анық құрылымына өту арқылы ұлттық комиссиялық бақылау жүйесінің дәрежелерді, атақтарды, біліктілікті, курстар мен дипломдарды тексеру ісін жылдам әрі қатесіз орындауына мүмкіндік туды. Мысалы, бірыңғай қабылданған «бакалавр» дәрежесі бірыңғай Б=180 (3) моделіне бағдарланады, оның келесідей типтері мен салалары бар: «кәсіп және мамандық бойынша Б», «Кең базалық даярланған Б», «Ғылыми (академиялық) бағдарға ие Б». Магистр дәрежесі республиканың соңғы нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі дәреже болып табылады. Бұл – көптеген типтер мен салаларға ие жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Ол мамандануды жалғастыру ретінде кәсіптік бағдарды толықтыратын әр түрлі немесе өзара ұқсас салалар бойынша жан-жақты білім алуды, «еуропалық өлшемді», докторантураға дайындықты көздейді.

    Білім берудің жаңа бағдарларына сәйкес, «магистр» – бұл, бір жағынан түрлі бағдарламаларға арналған «ортақ» атау, екінші жағынан, мерзім, бағдар, мазмұн бойынша ең кем базалық талаптар, бұл логикалық ойластырылған академиялық дәрежелердің тізімдемесін қажет етеді.

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді докторантура да береді. Докторантура институтының жаңашылдығы – докторлық мектептер мен докторлық орталықтарды ашу, бірдеңгейлі PhD докторлық курстарына өту және докторлық бағдарламалардың университеттік білімнің жоғарғы деңгейі ретінде ықпалдасуы бойынша жоба құру болып табылады. Осы дәреже білім беру кредиттерін жинақтайтын және беретін құралға айналуы тиіс деп жоспарланып отыр. Ол оқу бағдарламаларының ұтқыр реформалануына және осы кредиттерді пайдаланатын тұлғалардың дербестігіне мүмкіндік береді. Кредиттік жүйелер оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда оқу жүктемесінің көлемін есепке алады, әрбір дәріс пен семинарға балл қойылу керектігін қажет етеді. Мұндай жүйеде студент елімізде де, шетелде де бір оқу орнынан екіншісіне еркін өте алады.

    Отандық жоғары кәсіптік білім беру жүйесін реформалау барысында, Еуропаның жоғарғы білім беру жүйесінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орындарын аккредитациялау жүйесін жетілдіруге бағытталғаны есепке алынды. Бұл Еуропалық Одаққа мүше барлық елдерде және оған қосылған мемлекеттерде «тәуелсіз сарапшыларға» деген сенім коэффициентін көтеру, оларды мойындау үдерісін жеңілдету, білім беру стандарттарының төмендеуіне қарсы тұру әрекетін жеңілдетуге бағытталған. Мұндай шаралардың кешені білім беру мекемесінің дербестігін арттыруға және халықаралық деңгейде білім берудің сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

    Білім берудің құрылымын жаңашаландыру қазақстандықтардың білім алу тәртібі туралы ойларын өзгертуі мүмкін. Еуропалық білім беру жүйесінің стандарттарын міндеттеп енгізу қазақстандық мәдениетте, экономикада және әлеуметтік салада қаншалықты позитивті немесе негативті көрініс беретіндігін айту қиын. Бұл сауалдарға уақыт қана жауап береді. Қазірше, бұл жаңалықтардың біліктіліктің жаңа құрылымының релеванттылығына мүмкіндік беретіндігі, жоғары білім беру жүйелерінің ықпалдастығын күшейтетіндігі, оның деңгейлерінің арасында «көпір» орнататындығы анық. Осының арқасыында, жоғары білім туралы дипломдардың «мөлдірлігі» мен өзара үйлесімін қамтамасыз етеді, «бакалавриат» – «магистратура» құрылымдарының арасындағы үздіксіз байланыс университеттерге докторантураны қайтаруға мүмкіндік береді. Докторантура бағдарламаларының жақындасуы, сондай-ақ, икемді, персоналды, тәжірибеде жұмыс жасауға қабілетті ESTS кредиттік жүйесі Қазақстанды әмбебап және ұтқыр, оңтайлы және прогрессивті білім беру жүйесі бар мемлекет ретінде танытуға жағдай жасайды. Алайда түрлі мәдениеттердің мұндай сабақтастығы Еуразия кеңістігіндегі білім берудің жүйе құраушы және қорғаушы қызметіне зиян келтірмейді ме? Ол білім беруді руханилық және әмбебаптық (басты және мәнді) секілді элементтерден арылтпай ма? Жалпы, прагматизм мен руханилық бір жүйеде үйлесе ме? Руханилықтың жойылуы қоғамға не алып келеді? Білім беру жүйесінің кеңінен енгізіліп отырған реформалары адамға емес, халықаралық деңгейде пайдалануға жарамды маманға арналып отырғандығын теріске шығаруға болмайды.

    Тарихқа сүйенсек, бір жағынан, реформалар қажет, екінші жағынан, мұндай күтілмеген реформалар көп сауалдарға себеп болады, олардың барлығына жауап табу мүмкін емес. Біздегі білім беру жүйесіндегі реформалар да нақты жауаптарды талап ететін бірқатар жалпы, әрі жеке сауалдардың тууына себеп болды. Олардың ішіндегі кейбіреулері мыналар:

    • академиялық және ғылыми дәрежелер мен атақтарды берудің бұрыңғы жүйесін өзгертудің не қажеті бар?

    • «базалық» және «кәсіби» жоғарғы білім ұғымдарының, магистратураның «салалық» және «ғылыми-педагогикалық» формаларының формальды-мазмұндық айырмашылығы неде?

    • PD академиялық дәрежесі мен ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін теңдестірудің нормативтік-құқықтық негіздері қандай?

    • магистрлер мен ғылым кандидаттарынан талап етілетін оқу бағдарламалары мен докторантурадағы ғылыми-біліктілік талаптарының айырмашылығы неде?

    • қандай нормативтік-құқықтық ережелер мен ғылыми-біліктілік талаптарының негізінде PhD академиялық дәрежесінің иелеріне ғылым докторы дәрежесі және қауымдастырылған профессор ғылыми атағы беріледі?

    Бұл сұрақтарға жауап беру үшін бірқатар мәселелрге назар аударған жөн. Қазіргі халықаралық білім беру кеңістігінде Қазақстан тұрақты орын иелену үшін елімізде отандық және әлемдік мәдениеттің гуманистік дәстүрлерін сақтайтын және жаңғыртатын білім беру жүйесі орнауы тиіс. Бұл әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді модульдік түрде үйрету қажеттілігін тудырады. Ұлттық білім беру жүйесінің мектептік типтері мен білім беру бағдарламалары икемді және ашық болуы тиіс. Ол өзін-өзі жетілдіре алатын, батыстық модельдерге сәйкестенген болуы керек, сонымен бір уақытта, ол қазақ ағартушылық тәжірибесін аралас экономикалы ашық демократиялық қоғамның сұраныстарымен үйлестіре алуы қажет. Академиялық дәрежелер мен ғылыми атақтарды берудің жаңа жүйесіне өту арқылы бұл міндеттер шешіле ме, мұның қажеті бар ма?

    Жоғары білім беру моделінің бұлайша түрлендірілуі жоғары білімге деген жаппай сұраныс артып отырған сәтте, халықтың өзінің бүкіл өмірі бойында кез келген уақытта жоғары білім алуды бастауға және аяқтауға деген мүмкіншілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай диверсификация еліміздегі жоғары білімге деген үлкен сұранысқа жауап болды, оның республиканы әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамыту үшін маңызы зор.

    Мұндай мәселелердің табысты шешімі жоғары оқу орындарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді модульдік оқытуды тұжырымдамалық негіздеуге арналған инновациялық әдісті талап етеді.

    «Инновация» термині латын тілінен аударғанда «жаңару, жаңашылдық немесе өзгеріс» деген мағынаны береді. Қазіргі кездегі оның анықтамалары түрлі мағыналық реңктерге ие. Ғылыми зерттеулерде бұл ұғым ХІХ ғасырдан бері қолданылады, ол бір мәдениеттің кейбір элементтерін басқасына енгізу дегенді білдіреді. ХХ ғасырдың басында білімнің жаңа саласы – инноватика – жаңа ашылулар туралы ғылым пайда болды. Бұл ғылым материалдық өндіріс саласындағы техникалық жаңалықтардың заңдылықтарын зерттейді. Педагогикалық инновациялық үдерістер өткен ғасырдың 50-ші жылдарында Батыстағы арнайы зерттеу тақырыбына айналды. Педагогикада инновация – білім берудің және тәрбиелеудің мазмұнын, мақсаттарын, әдістері мен формаларын жаңарту, оқытушы мен оқушының қызметін жаңаша ұйымдастыру дегенді білдіреді.

    Сонымен, бұл терминнің (ұғымның) бірыңғай анықтамасы жоқ және болуы мүмкін емес, себебі ол қолданылу аясының кеңеюіне байланысты жаңа мағынамен толығып отырады. Инновацияның мазмұнына тұрақты түрде енетіндер: белгілі бір жаңалықты ғылыми-теориялық білу, іске асыруға дайын жаңа тиімді білім беру технологиялары немесе технологиялық сипаттау түрінде орындалған инновациялық педагогикалық тәжірибе жобасы. Инновацияның осындай анықтамасынан келіп шығып, Қазақстан Болон декларациясына қосылғаннан бері отандық білім беру жүйесінде инновациялық өзгерістер орын алғанын атап көрсетуге болады.

    Мұндай өзгерістер білім беру саласында жаңа бағдарларды үнемі іздеп отыру қажеттігін тудырады. Білім берудің кредиттік технологиясына өтпестен бұрын, білім берудің базалық бағыты «өмірге дайындайтын» білімді, дағдыларды, ақпараттық және әлеуметтік қабілетті қалыптастыруға бағытталды. Енді әлеуметтік және жеке қажеттіліктердің тепе-теңдігін орнататын тұлғаға ықпал ету технологиялары мен әдістерін құруға назар аударыла бастады. Бұл әдіс студенттерге кәсіби және әлеуметтік салада өзін-өзі жетілдіруге, қоғамға жылдам бейімделуге мүмкіндік беретін өзін-өзі дамыту механизмін орнатады.

    Классикалық университеттен зерттеу университетіне өту жағдайында студенттің өкілеттілігін қалыптастыру – күрделі үдеріс. Жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесінің трансформациясы – заңды құбылыс, постиндустриалды даму жағдайында классикалық капитализм «академиялық капитализмге» ауысады, оның басты қозғаушы күші білім және ақпарат. «Академиялық капитализмнің» аясында зерттеу университетінің басты міндеті символдық және монеталық капиталды арттыру болып табылады.

    Осы орайда, білім беру символдық және монеталық капитады қалай арттырады деген сауал туады. Бұл тікелей немесе түрлі құралдардың көмегімен жүзге асырылуы мүмкін. Осы кезде біздің алдымызда не істеу керек, неден бастау керек және жаңалықты пайдаға асыру механизмдері қандай деген «мәңгі» сауалдар тұрады. Ең алдымен, студенттердің жалпы өкілеттілігін құрудан бастау қажет. Осы үдерістің тиімділігін арттыру үшін модульдік оқытудың бүкіл қуатын пайдалану қажет. Алайда мұны қалай жүзеге асыруға болады?

    Модульдік оқытуды түрлі негізде құруға болады. Әлеуметтік-гуманитарлы пәндерді модульдік оқыту үшін білім беру философиясы өнімді болып табылады. Ол әлеуметтік-гуманитарлық жаратылыстанымдық-техникалық білімді дамыту логикасын көрсетеді.

    Білім беру философиясы дербес зерттеу бағыты ретінде ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында қалыптасты. Колумбия университетінде (АҚШ) білім берудің философиялық мәселелерімен, философтар мен педагогика теоретиктерінің арасында байланыс орнатумен, колледждер мен университеттерде білім беру философиясы бойынша оқу курстарын даярлаумен, білім беру бағдарламаларының философиялық сараптамасымен айналысатын зерттеушілер тобы пайда болды. Өткен ғасырдың ортасынан бастап білім беру философиясы бүкіл батыс еуропалық елдердегі оқыту жүйесінде маңызды орынды алды.

    Заманауи өркениет жаңа – ақпараттық даму деңгейіне жетті, онда жетекші әлемдік беталыс – әлеуметтік және мәдени үдерістердің жаһандануы болып табылады. Алайда, жаһандану өзінің оң тұстарымен қатар, бірнеше кері сипаттарға да ие, бұлар әлемдік қауымдастыққа әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және рухани-әдептік дағдарыс алып келді.

    БҰҰ-ның 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен конференциясында заманауи өркениетті тұрақты дамыту стратегиясы қабылданды, оған сәйкес ХХІ ғасырдың даму болашағын басып озатын білім беру тұжырымдамасының қажеттігі айтылды. ЮНЕСКОның «ХХІ ғасырдың ашық білім беру жүйесі» бағдарламасында жастардың алдына өмірлік маңызы бар келесі міндеттер қойылады: білуді үйрену, жасауды үйрену, бірге тұруды үйрену.

    Заманауи білім берудің беталысын талдай отырып, екі басты бағытты бөліп көрсетуге болады, олар бір жағынан бір-біріне қарсы тұрса, екінші жағынан өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып тұрады. Бұлар – білім берудің әртараптандырылуы мен интернационализациясы. Диверсификация жаңа білім беру мекемелерін ұйымдастыруды; білім беру қызметін қоғамдық мекемелердің құзіретіне бірте-бірте беруді; білім берудің жаңа бағыттарын, жаңа курстар мен пәндерді енгізуді; пәнаралық бағдарламаларды құруды мақсат етеді. Білім берудің интернационализациясы оқытудың ұлттық жүйелерін жақындастыруға, олардан ортақ әмбебап тұжырымдар мен бөлшектерді, яғни ұлттық мәдениеттердің көптүрлілігінің негізін құрайтын жалпы негіздерді табуға және дамытуға бағытталған. Білім берудің диверсификация және интернационализация үдерістері бір-біріне қайшы келмейді, керісінше бір-бірін толықтырып, білім берудің алдағы жүзжылдықтағы дамуын анықтайды және жоғары стандарттарға қол жеткізуге үлес қосады.

    Бұл мәселелер 2010 жылдың 7 желтоқсанында қабылданған ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған № 1118 Мемлекеттік бағдарламасында, 2011 жылы 20 сәуірде қабылданған № 152 Оқу үдерісін кредиттік технологиялар бойынша ұйымдастыру Ережелерінде нақты қарастырылған. Бұл мәселелердің сәтті шешімі жоғары оқу орындарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді модульдік оқытудың тұжырымдалық негіздерін ииновациялық әдіспен жасауға негіз болды.

    Әдебиеттер

    1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004.

    2. Кананыкина Е.С. Источники права о структуре высшего образования: от национальной политики к международным тардициям// Философия образования. – Новосибирск, 2004.


    СЕМИНАР САБАҚТАРЫ МЕН СОӨЖ БОЙЫНША РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


    написать администратору сайта