Главная страница
Навигация по странице:

  • 4 БӨЛІМ АДАМЗАТ ТАРИХЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯЛАР 4.1 Ғылым, техника және қоғам

  • А.Гелен

  • 4.2 Технология мен өндірісті дамыту тұрғысынан қоғамның әлеуметтік ұйымдастырылуының типологиясы іргелі ғылымдардың жетістіктерін ұғыну ретінде

  • «Болашақ постиндустриалдық қоғам. Әлеуметтік болжау тәжірибесі»

  • «Ақпараттық қоғам постиндустриалды қоғам ретінде»

  • 4.3 ЭЕМ және адам миының басты қызметтерін модельдеу

  • Философия. 1 Блім ылым тарихы мен философиясы философиялы білімні саласы ретінде


    Скачать 2.7 Mb.
    Название1 Блім ылым тарихы мен философиясы философиялы білімні саласы ретінде
    АнкорФилософия
    Дата13.12.2022
    Размер2.7 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаtreatise34769.docx
    ТипДокументы
    #842973
    страница9 из 17
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

    Әдебиеттер:


    1. Рассел Б. Человеческое познание, его сферы границы. – М.,1957.

    2. Витгенштейн Л. Логико-философский трактат. – М., 1958.

    3. Карнап Р. Значение и необходимость. – М., 1959.

    4. Лакатос И. Доказательства и опровержения. – М., 1967.

    5. Поппер К.Р. Логика и рост научного знания. – М., 1983.

    6. Малкей М. Наука и социология знания. – М.: Прогресс, 1983.

    7. Полани М. Личностное знание. – М., 1985.

    8. Фейерабенд П. Избранные труды по методологии науки. – М., 1986.

    9. Лакатос И. Фальсификация и методология научно-исследовательских программ. – М., 1995.

    10. Томас Кун. Структура научных революций. – М.: Изд. АСТ, 2001.


    4 БӨЛІМ

    АДАМЗАТ ТАРИХЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯЛАР
    4.1 Ғылым, техника және қоғам

    Техника да адамзаттың өзі тәрізді өте ежелгі болып табылады. Тек ХХ ғасырда ғана оның дамуы, қоғамдағы орны және өркениет үшін маңызы жүйелі түрде зерттеуді қажет ететін тақырыпқа айналды. Тек философтар ғана емес, инженерлердің өзі де техниканы түсінуге көбірек назар аударады.

    Техниканы әр түрлі пән салалары үйренеді, олардың ішінде техникалық, жаратылыстану, жалпы және жеке пәндер де бар. Арнайы техникалық пәндердің саны біздің заманымызда жылдам қарқынмен өсіп келе жатыр, себебі техниканың түрлі салалары ғана емес, осы салалардың әр түрлі қырлары да қарқынды зерттелуде. Техникалық маманданудың өсімі жалпы техникалық пәндердің дамуына кері үдерісті тудырады. Алайда олардың барлығы, жеке немесе жалпы техникалық пән болсын өз назарын техниканың жеке түрлеріне, немесе аспектілеріне, техниканың белгілі бір «бөліктеріне» аударады. Техникалық пәндер техниканы әлеуметтік феномен ретінде қарастырмайды. Жаратылыстану ғылымдарының көпшілігі оны ерекше жаратылыстанулық (мысалы, физикалық) көзқарас тұрғысынан қарастырады, себебі техникалық құралдардың көмегінсіз ғылыми эксперименттерді жүргізу мүмкін емес. Әлеуметтік ғылымдардың көпшілігі, әсіресе социология мен психология техникалық дамуға арнайы талдау жүргізеді. Техниканың тарихи даму жолын гуманитарлық пән ретінде саналатын техника тарихы зерттейді. Тарихи-техникалық зерттеулер дамудың жеке салалары мен кезеңдері бойынша бағдарланған. Олар замануаи техниканың даму қарқыны мен болашағы туралы мәселелерді қарастырмайды.

    Техника философиясы батыс философиясының бір бағыты ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында құрылып, техниканы әлеуметтік феномен ретінде кешенді талдаумен айналысты. Оны классикалық философиямен жақындастыратын нәрсе – ол материалдық мәдениетті жүйелі талдауға деген қызығушылық. Себебі техника материалдық мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда техникалық білім – жасанды құрылған жүйе туралы білім болып табылады, оның мақсаты «прагматикалық нәтижеге қол жеткізу» болып табылады (Ф.Рапп). Техника феномені көпжақты болып келеді. Сондықтан оны табысты түрде зерттеу үшін пәнаралық әдістер қолданылуы тиіс, олар техниканың әр түрлі аспектілерін ашуға көмектесетін әдістемелік, өркениеттік, тарихи, мәдениеттанулық, аксиологиялық және т.б. тәсілдер.

    М. Хайдеггер бойынша, техника – «тұтыну қажеттіліктерін» қанағаттандыратын сыртқы құрал болып табылады, ал мәселенің мәні тереңіректе жатыр: құралды ізгілендірудің қажеті жоқ, керісінше адам қажеттіліктерінің құрылымын өзгерту қажет, яғни құндылықтарды ізгілендіру керек. Тек осы жолмен ғана техногенді қоғамда мәдениетті азғындатуға қол жеткізуге болады.

    Неміс философы және әлеуметтанушысы А.Гелен өзінің «Техникалық дәуірдегі рух», «Адам. Оның табиғаты және әлемдегі орны» еңбектерінде техниканың қоғамдық өмірдегі рөліне баға береді, ол техника да әлеуметтік институттар секілді қорғау, реттеу, байланыстыру және басқа да қызметтерді атқарады деп жазды. Техника да, әлеуметтік институттар да – адамның әлеуметтік және табиғи ортада тіршілік етуіне қажетті жағдайлар деп көрсетті. Олар «гомо сапиенстің» әрекет ету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Себебі «гомо сапиенс» табиғатынан толықтай эволюцияға жетпеген жаратылыс, сондықтан да өз болмысында қосымша, жасанды жаратылған элементтерге мұқтаж. Сонымен, Гелен бойынша, әлеуметтік институттар – адам өмірін басқаратын және адамдардың тұрақты қызығушылықтарын қамтамасыз ететін «инстинкттердің орнын басушы», ал көпжақты техника феномені – осындай институттардың жұмысын оңтайландыратын көмекші, басқаша айтқанда, «әлсіз қолдар мен өткір көрмейтін көздердің орнын басушы және толықтырушы, яғни адамға табиғаттан берілмеген (немесе жетілмеген) қабілеттердің жүзеге асырушысы.

    Неміс философы А.Хунинга техника феноменін басқаша көзқарас тұрғысынан зерттеді. Ол адамда техника және техникалық біліммен қарым-қатынас жасау барысында пайда болатын қажеттіліктер мен аксиологиялық мәндердің жүйесін қарастырды, яғни техника феноменіне антропологиялық рең берді. Бұл мәселені неміс философы Ж.Эллюль одан да кеңірек қарастырды. Ол техниканы тұрмысты жеңілдететін механизм ретінде ғана емес, сондай-ақ ұтымды инструментализмге бағдарланған, «техникалық дүниетаным» секілді ойлаудың ерекше типі ретінде қарастырды. Ол техниканың фетишизациялау және демонизациялау қаупінен хабардар етеді, Техника, Машина адам санасын роботқа айналдырып, оны өзіне тәуелді етеді. Эллюльдің айтуынша, біздің заманымыздағы техника адамды өндірісте де, мәдениетте де, саясатта да, өнерде де, тұрмыста да құлға айналдыру факторы болып табылады. Сондықтан, философияның міндеті – техниканы теріске шығармай, «техника идеологиясына» түбегейлі түрде қарсы шығу. Бұл адамзат қоғамында руханилықты қайта жаңғыртудың негізінде мүмкін болады.

    Бүгінгі күні техника саласында ғылыми-техникалық білімдер қолданысқа ие болып қана қоймайды, сондай-ақ өндіріледі. Бұдан бөлек, инженерлік тәжірибеде ғылыми білімдерді пайдалану үдерісінің өзі біз ойлағандай қарапайым емес, ол үшін бұрынғы білімдерді іске асырумен шектелмей, жаңа білімдерді де игеру қажет.

    Осылайша, заманауи техника және техникалық білім ғылымның дамуымен тікелей байланысты. Бүгінгі күні бұл тезисті ешкімге дәлелдеудің қажеті де жоқ. Алайда қоғамның даму тарихында ғылым мен техниканың қатынасы бірте-бірте өзгеріске ұшырады.

    ХХІ ғасыр техниканың әлеуметтік өмірдің барлық салаларында кеңінен пайдаланылуымен сипатталады. Техника басқарудың түрлі салаларында қарқынды қолданысқа ие бола бастады. Ол әлеуметтік дамудың жолдарын таңдауға ықпал ете бастайды. Техниканың бұл жаңа қызметі оны әлеуметтік күшке айналдырды. Бұл ретте техниканың дүниетанымдық қызметтері күшейіп, оның тікелей өндірістік күш ретінде рөлі артады. Қазіргі техника философиясы техникалық танымның социомәдени феномен ретінде дамытылуын қарастырады. Оның басты міндеттерінің бірі жаңа техникалық танымның қалыптасу тәсілдерінің тарихи өзгерісін анықтау және социомәдени факторлардың осы үдеріске ықпал ету механизмдері қандай деген мәселені қарастыру. Техника философиясының міндеті бір нәрсеге үйрету емес. Ол ешқандай нақты рецепттер немесе ескертулерді тағайындамайды, ол түсіндіреді, сипаттайды, бірақ алдын ала белгілемейді. Біздің заманымыздағы техника философиясы барлық кезеңдерде заңдардың табыстылығын қамтамасыз ететін әмбебап әдіс немесе әдістер жүйесін құрды. Ол техниканың оңтайлылығын сипаттайтын нақты әдістердің ғана емес, сондай-ақ терең әдістемелік заңдардың да тарихи өзгермелі болатындығын анықтады.

    Қазіргі техника философиясы техникалық оңтайлылықтың тарихи дамитындығын және техникалық сананың басым нұсқамаларының зерттеу объектісінің типіне байланысты және техника тудыратын мәдениеттегі өзгерістердің ықпалымен өзгеретіндігін көрсетті.

    4.2 Технология мен өндірісті дамыту тұрғысынан қоғамның әлеуметтік ұйымдастырылуының типологиясы іргелі ғылымдардың жетістіктерін ұғыну ретінде

    ХХ ғасырдың екінші жартысында кең жайылған ғылыми-техникалық революция бірқатар мәселелер мен қайшылықтарды тудырып қана қоймай, жаңа ғылыми пәндер мен жаңа техниканың көмегімен адам өмірінің күрделі мәселелері мен қайшылықтары шешіледі деп үміт те берді. Мұндай ойларға біздің заманымызда «сциентистік» және «техницистік» атаулары берілді.

    Сциентизм термині (лат. – ғылым, білім) қоғамды дамытудағы ғылымның рөлін күшейту немесе абсолюттендіруді білдіреді. Бұл термин ХVІІІ ғасырдан бастап философтар, әлеуметтанушылар, техникалық мамандар тарапынан кеңінен қолданыла бастады. Осы уақытта ғылым қоғамдағы шынайы өндіріс күшіне айналды, ал оның жетістіктері – техникалық прогресстің кепілі болып табылды. Сциентистер адам өмірінде ғылым мен техника басты рөл ойнайды, олар – материалдық жағдайдың кепілі деп санады. Өнер, философия, дін, мәдениет олар үшін екінші орында тұрады. Қоғамдық өмірдің барлық маңызды мәселелерін тек ғылымның көмегімен шешуге болады. Ғылым өмірдің мәні және өмірлік мақсатты таңдау туралы сауалдардың жауабын табуға да көмектеседі. Алайда оңтайлы білімнің рөлін асыра бағалау біржақты көзқарас болғандықтан, адам болмысын терең түсінуге мүмкіндік бермейді.

    «Сциентистік» және «техницистік» ілімдердің формалары әр түрлі болып келеді, мысалы: «кибернетикалық», «генетикалық», «компьютерлік». Өз кезегінде, сциентизмнің көптеген түрлері өткен ғасырдың 50-80-ші жылдарында идеялық күрес алаңында бір-бірін алмастырып отырған индустриалдық, постиндустриалдық, ақпараттық қоғам тұжырымдарының негізіне алынған. Заманауи ғылыми-техникалық білім культі сана культінің «жаңа өнімі» болып табылды.

    ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында микроэлектрондық революция орын алып отырған тұста «өздігінен дамитын технологиялық өсімге» негізделген постиндустриалдық қоғам туралы тұжырымды «үлкен ғылымның идеологтары», американдық әлеуметтанушылар – Д. Белл мен У. Ростоу ұсынды. Олар енгізген жаңа ұғым тарих философиясында түрліше түсіндірілді, мысалы: «супериндустриалды» немесе «үшінші толқын қоғамы» (Э. Тоффлер), «ақпараттық-компьютерлік» (И.Масуда), «қызмет көрсетілетін таптардың қоғамы» (Р. Дарендорф) және т.с.с., алайда жалпы мағынасы бір болып қалды.

    Әлеуметтік философияның сциентистік-технократиялық бағытының танымал өкілі Белл өзінің «Болашақ постиндустриалдық қоғам. Әлеуметтік болжау тәжірибесі» еңбегінде осындай қоғамның даму қарқынын сипаттады, оған негіз болып отырған фактор – ғылыми-техникалық прогресс деп санады. Постиндустриалды қоғамда, Беллдің айтуынша, қоғамдық дамудың тұтқасы бұдан 150 жыл бұрынғыдай өнеркәсіп өндірісі емес, бұл кезде теориялық білімдерді іздеу, тексеру және жүйелеудің, ғылыми прогресс пен жаңашылдықтың көзі – мультиуниверситет (ғылым мен білім беру саласындағы монополистік корпорация) болып табылады. Белл қоғамның бұл моделінің әлеуметтік құрылымына көлденеңінен де, тігінен де («лифт теориясы») анализ жасады, мұндай қоғамның қалыптасуында ғылымның ықпалы зор.

    Сциентистердің болжамы бойынша, жаңа қоғамда әлеуметтік жағдайды көрсететін фактор жеке меншік емес, басқа типтегі капитал, яғни білім болып табылады. Соған сәйкес әлеуметтік жанжалдар «еңбек пен капиталдың қайшылығынан емес, білім мен біліксіздіктің арасындағы қақтығыстан туындайды». Ал билік меншік иелерінің табынан сауатты басқарушы элитаның қолына өтеді. Осылайша, постиндустриалдық қоғам тұжырымдамасына сәйкес, капиталистік қоғамның бұрыңғы маңызды құндылықтары екінші орынға ауысады да, алдыңғы орынға ақпарат пен әлеуметтік өмірдің бұқарасыздануы шығады. Ақпараттық қоғамда адамның жеке тұлғалық қасиеттері емес, оның нақты әлеуметтік қызметтерді орындауға қабілеттілігі бағаланады. Бұл – бір біріне тәуелсіз екі жүйе – дербес және қоғамдық құндылық жүйелерінің жылдам трансформациясына бейімделген «модульдік» адам.

    Бұрын сциентизм мен техницизм осы шақ пен болашақ туралы аса оптимистік ойлар ретінде әрекет етті. Соңғы онжылдықта олар екі бағытқа бөлінді. Бірі техника мен ғылымның мүмкіндіктеріне көңілі толмай, алайда әлеуметтік дамудың басқа механизмдері мен мүмкіндіктерін қарастырмастан сыни оптимизм немесе сциентистік пессимизм тұжырымын жасады. Басқасы бұрыңғы сциентизмді өткір сынға алып, ғылыми-техникалық прогресстің жаңа толқынына, білімнің қайта құрушы рөліне, қоғамның саяси және рухани өмірінің ізгілендірілуіне үміт артты.

    Жапон философы Е. Масуданың «Ақпараттық қоғам постиндустриалды қоғам ретінде» (1986) еңбегінде мазмұндаған тұжырымдамасын да мысалға келтіруге болады. Мұндай тұжырымдардың тәжірибелік ықпалын бағаламау дұрыс болмайды, дәл осындай тұжырымдар көлемді ғылыми-техникалық жаңалықтарды және олармен байланысты әлеуметтік өзгерістерді жүзеге асыруда «әрекет философиясы» ретінде қызмет атқарады. Масуда – ақпараттық қоғам туралы болжам-жоспарды жасаушылардың бірі болып табылады, оның жасаған тұжырымы Жапонияда және басқа индустриалды дамыған мемлекеттерде сәтті жүзеге асырылды. Әдетте мұндай тұжырымдамалар теориялық және тәжірибелік қызығушылықты көрсететін бөлімдерден, идеялар мен қорытындылардан тұрады. Масуда да, басқа ақпараттық қоғам тұжырымын жасаушылар да, мысалы Д. Белл, А. Тофлер, М.Кастельс, Дж. Нэсбит қоғамның «ақпараттық» даму сатысындағы (компьютер мен телекоммуникация құралдарына өту) ғылым мен техниканың ерекшеліктеріне талдау жасайды. Олар ақпаратқа жаңа ғылыми-техникалық қызметтің алғашқы негізі ретінде анықтама береді. Масуданың түсіндіруіне қарағанда, ақпараттың ерекшелігі ол тұтынғаннан кейін жойылып кетпейді, ақпарат алмасу кезінде толықтай берілмейді (тұтынушының ақпараттық жүйесінде қалып қояды), ол «бөлінбейді», яғни мәліметтер толық болған жағдайда ғана мағынаға ие болады, ал оның сапасы ақпараттық қоғамның кеңеюіне байланысты жоғарылайды.

    Масуда басқа да маңызды мәселелерді қарастырады, мысалы үшін, адамдарға арналған «жаңа өмір сүру ортасын», яғни «компьютополисті» құру. Бұл қалада келесідей «ақпараттық жүйелер» бар болады: кабельдік көпарналы теледидар; жолаушыларға арналған екі орындық экипажы бар транспорттық рельстік жүйе; тауарларды автоматты жеткізу қызметі; денсаулық сақтау мен білім беруге арналған жаңа компьютер жүйелері; қоршаған ортаның ластануын автоматты бақылау; ғылыми, басқарушылық ақпарат, кәсіби бағдар және т.б. орталығы. Мұндай жобалар көптеген дамыған елдерде жүзеге асырылуда.

    Ғылыми-техникалық және ұйымдастыру-басқарушылық көзқарас тұрғысынан алғанда ақпараттық қоғамның жаңа тұжырымдамалары позитивті қызығушылықты тудырады. Олардың әрқайсысы ең алдымен техницизм мен сциентизмге, «ақпараттық сана» культіне бағдарланған, олардың прогресі қоғамдық қатынастардың, жеке меншік пен билік қатынастарының түбегейлі қайта құылуына негіз болады.

    Техницистік және сциентистік қиялдар технократиялық утопиямен, яғни ғылыми-техникалық мамандардың, сарапшылардың алдағы билігі (грек тілінен «кратос» – билік) туралы оймен бірікті.

    Қоғамдағы осы секілді ғылыми-техникалық утопияларға жауап ретінде антитехницистік және антисциентистік жағдайлар күшейді. ХХ ғасырда көптеген «антиутопиялар» пайда болды. Осы жанрда бірқатар танымал жазушылар қалам тербеді, мысалы, Г.Уэллс, А.Франк, Э.Синклер, Дж. Лондон («Темір табан»), К.Воннегут («Механикалық пианино», орыс тіліне «Утопия 14» деген атаумен аударылған), Р. Брэдбери («Фаренгейт бойынша 451º»), ағайынды Стругацкийлер және т.б. Осы жанрдағы классикалық шығармаларға Е. Замятиннің «Біз», ағылшын жазушысы О.Хакслидің «О ғажайып жаңа әлем» және Дж.Оруэллдің «1984 жыл» еңбектері жатады. Бұл шығармаларда тоталитарлық мемлекетке теңелген «роботтандырылған» болашақтың бейнелері келтірілген, мұнда ғылым мен техника жетілген, ал еркіндік пен дербестік жоқ.

    Антиутопиялардың авторлары ғылым мен техниканың билігі туралы идеяны пессимистік түрде бағалайды және техницистік оптимизмді қабылдамайды. Алайда техницистік-сциентистік және антитехницистік тұжырымдамалардың, утопиялар мен антиутопиялардың идеялық-теориялық негіздері ұқсас. Тек эмоцияға толы бағалаулар ғана қарама-қарсы бағытқа өзгеруі мүмкін. Бұған қоса, антиутопиялардың адам мен адамзатқа арналған әлеуметтік сын ретіндегі, сақтандырушы қызметі орасан. Олар ғылым мен техниканы бақылауға алу қажеттігін, егер басты орында адамның материалдық қажеттіліктері тұрып, оның рухани-адамгершілік мақсаттары мен құндылықтары еленбесе қоғамда орын алуы мүмкін қатерлер туралы болжам жасады.

    4.3 ЭЕМ және адам миының басты қызметтерін модельдеу

    Ғылыми-техникалық, өндірістік-тәжірибелік және теориялық қызметі саналы түрде қолданылатын ақпаратқа негізделген қоғам үлкен маңызға ие қорды меншігіне алады. Бұл қорды көп рет және жан-жақты пайдалануға және жаңа ақпараттық жүйелер түрінде шексіз «жаңартуға» болады. Ақпарат – бұл, біріншіден, әрі қарай қолдануға жарамды, білімнің салыстырмалы жаңа типі, екіншіден, қоғам үшін сақталуы және қолданылуы, өндірілуі маңызды болып табылатын білім, ол өзіне сай келетін техникалық-ұйымдастырушылық құрылымдарды тудырады.

    Бүкіл әлемде ақпараттық салада жұмыс асайтын адамдардың саны тоқтаусыз өсіп отыр. Ақпарат саласының автоматтандырылуы мен компьютерлендірілуі барлық жерде орын алуда. ЭЕМ ең күрделі есептердің өзін жылдам әрі дұрыс шеше алады, ол үлкен көлемдегі ақпараттың семантикалық анализі үшін де, жылдам түсіндіру үшін де қолданылады. Компьютерлік революция барысында «жасанды интеллектіні» құру мәселесі өткір тұрды. Бұл терминді 1956 жылы Дж.Маккарти енгізді. Оның екі басты мағынасы бар: біріншісі, адамның интеллектуалдық қызметін жүзеге асыруға қабілетті бағдарламалық және ақпараттық құралдарды құру теориясы; екіншісі, олардың көмегімен орындалатын бағдарламалық ақпарат құралдары мен қызметтері.

    ХХ ғасырдың 70-90 жылдары компьютерлер пайда болғаннан кейін жасанды интелектіні құру бойынша жұмыстар басталды. Ғылыми қауымдастық бұған толықтай келіскен жоқ, ол адам интелектісіне ұқсас «жасанды сананы» құруға бола ма немесе ол мүлдем басқа сапалық қасиеттерге ие бола ма; білімді компьютерлік желілер арқылы беруге бола ма деген секілді және т.б. сауалдарға жауап іздеді. Бұл мәселелердің барлығы шешілуі және философиялық негізделуі тиіс.

    Мәселе ойлағанға қарағанда тереңірек болып шықты, себебі жасанды интеллект пен сана ұғымдарының арақатынасын анықтап алу қажет болды.

    Ғылым тарихы мен философиясында бұл сауалдарға берілген жауаптар дәстүрлі түрде үш топқа бөлінеді: материализм (сана – ми қызметінің нәтижесі); дуализм (сана мен материя – Әлемнің тең құқықты бөлшектері); идеализм (сана – бұл іргелі ақиқат). Алғашқы екі жағдайда сана дербес емес немесе материалдық әлемнен алшақтаған. Үшінші «нұсқа» (идеализм) әрқашан әлемдік діндер тарапынан, ал соңғы кездері физик-теоретиктер тарапынан қолдау тауып отырды. Белгілі математик, физик, философ Б.Рассел «бейтарап монизм» рухында, сана – бұл барлық физикалық және менталдық құбылыстар мен заттардың негізін құрайтын мән деп түсіндіреді. Алайда, сананың табиғатын ашу ісі әлемге танымал ғалымдар – кванттық физиканың докторларына бұйырды.

    Олар, сана – ми қызметінің «жанама құбылысы» және мида орын алып отырған биологиялық үдерістердің нәтижесі ме әлде сана – тәннен тыс өмір сүре алатын миға тәуелсіз, Әлемнің іргелі бөлшегі ме деген мәселені шешуге тырысты.

    Американдық философ, бүкіл әлемге белгілі физик Д.Хагелиннің ойынша, «сана физикасы» жаңа ғылыми парадигманың аясында кванттық механика заңдарының негізінде «сана деген не?» және «оның бастаулары қайда?» деген сауалдарға жауап түрінде қарастырылды. Басқаша айтқанда, сананың табиғаты қарқынды дамып отырған кванттық механиканың құпияларымен тығыз байланыста зерттелді.

    Тағы бір көрнекті физик-теоретик, философия докторы, кванттық физика бойынша «Силиконды алқаптың» бас маманы Н. Герберт сана – біздің барлық әрекеттеріміздің (өнер, ғылым, күнделікті өмір, жеке қатынастар) іргесі болып табылады деп жазды. Ол біздің болмысымызды анықтайды. Алайда, «ғылым өзінің 400 жылдық қызметінде физикалық әлемді танудың барлық саласында (кварцтен квазарға дейінгі) үлкен жетістіктерге жеткеніне қарамастан, ғылым үшін сана «интеллектуалды қара кетік» ретінде қала береді.

    Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы мен кванттық механикасы ғылымда бетбұрыс жасады. Ол әлемнің жаңа ғылыми бейнесін, жаңа парадигманы жасады, оған сәйкес болмыстың іргелі негіздері болып «үш басты өлшем – материя, мақсат және сана» есептеледі. Ғылым әлемінің алдында көп өлшемді физиканы дамыту міндеті тұрды, ол сананы Әлемді бейнелеуге арналған теңдеулер жүйесіне жатқызды. А. Детельдің «Биоөрістің физикалық моделі», С. Петерсеннің «Тай-тзы кванттық теориясы», А. Госвамидің «Өзін-өзі танушы Әлем» еңбектерінде ақыл мен сана – күрделі кванттық жүйелердің ажырамайтын күйі ретінде сипатталады. Оған ішкі белсенділік тән, бұл белсенділік өзін-өзі басқаруда және керісінше, энтропияда көрініс береді.

    Белсенділіктің бағыты кванттық өрімдердің бір-бірімен ішкі байланысын қамтамасыз ететін ақпаратқа байланысты. Зерттеушілер, субквантты әлем – бұл сана әлемі деп тұжырымдайды. Материя мен сананы бөлуге болмайды: олардың арасында екіжақты байланыс бар, бұл байланыс бірыңғай ақпараттық өріс арқылы жүргізіледі.

    Фарадей мен Максвелл электромагнетизмді ашқаннан кейін макроскопиялық қатты денелерге қарағанда табиғаты мен сапасы басқа бұл өрістер Әлемнің іргелі құрамдас бөлігі ретінде танылды. Осыған байланысты, сана біртұтас әлемнің неғұрлым нәзік деңгейі ретінде түсіндіріледі. Бұған қоса, энергия-материя мен сананың арақатынасы мәселелерімен айналысатын қазіргі физиктер сана феноменін дұрыс түсіндіру үшін кванттық теорияның жеткіліксіз екендігі туралы қорытындыға келді. Ал философ-физиктер (Ф.А.Вольф, П.Рассел, Д.Чалмерс, Н.Герберт және т.б.) сана физикалық заңдарға қатыссыз өмір сүреді деген ойды ұстанды, олар мынадай қорытындыға келді: «сана – бұл табиғатқа тән дербес негізгі үдеріс, ол жарық және электр қуаты тәрізді кеңінен тараған».

    Сонымен, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы көптеген көрнекті ғалымдардың ойынша, сана – болмыстың кеңістік, уақыт және материя тәрізді іргелі (өте маңызды) қасиеттерінің бірі. Олар миды алып компьютер ретінде қарастырады, ал сананың табиғатын кванттық механиканың құпияларымен байланыстырады. Техницистер (С. Хаймрофф, Р.Пенроуз және т.б.) «жаңа механицизм» рухында біздің миымыз ақылды «тудырып» қана қоймай, кейбір кезде оны шектеп отырады деп тұжырымдайды, яғни ми ретранслятор және қорғаныш қызметтерін атқарады. Ми Әлемнен естеліктерді «тартатын» құрал қызметін атқарады, яғни оны компьютердің уақытша жады немесе қатты дисктен басты ақпаратты қабылдайтын жергілікті диск ретінде түсінуге болады. Бұл үдерістер адам миында кванттық деңгейде орын алады.

    Британдық физик және математик Р.Пенроуз медицина докторы, Аризона университеті жанындағы сананы зерттеу Орталығының директоры С. Хаймроффпен бірігіп сана туралы жаңа теорияны жасап шықты. Олар «сана кванттық және классикалық әлемдердің арасындағы шегарада өмір сүреді» деп санайды. Хаймрофф мұны «санаға қарсы әмбебап ой» деп атайды, «ол бізге ықпал ете алады... ол Планк шкаласы деңгейінде өмір сүреді» деп жазады (Хаймрофф бойынша Планк деңгейі ең кіші анықталатын қашықтық, ол «сутегі атомының диаметрінен 10 триллион рет кіші»).

    Белгілі ғалым, «Зағиптарды қорғау қоры» компаниясының директоры және «ақпараттық қабылдау орталығын ашу» (ғылым бойынша көріпкелдік) әдістемесінің авторы М.Комиссаров АҚШ-та «Қоршаған ортаны ақпараттық қабылдау мектебін» ашты. Ол ақпараттың адам өміріндегі орны мен рөлі туралы болжамды тәжірибеде нақтылай түсті. Оның ойындағы ақпарат – бұл энергия. Ол табиғатынан электр желісі немесе электромагниттік және гравитациялық өрістер секілді объективті және материалдық. Біздің миымыз ақпаратты сырттан қабылдайды, бұл үшін сезім органдарын іске қосады. Ондаған мыңжылдықтар бойы мұндай ақпараттар адамды түрлі қауіп-қатерлерден қорғау үшін жеткілікті болды. Алайда, біз өмір сүріп отырған әлем сенгісіз түрде күрделенді. Қазіргі әлемде аман қалу үшін «алтыншы сезімді» іске қосу және дамыту қажет. Комиссаровтың айтуынша, әдеттегі бес сезім ағзасынан бөлек адам миында «ақпарат энергиясына» жауап беретін және бір сезім бар. Ол тікелей ақпараттық қабылдау қабілетін («көріпкелдік») кез келген адамда оятуға болады деп жазады. Бәрінен жылдамырақ 10-12 жастағы бүлдіршіндерді үйретуге болады. Комиссаровтың әдісін пайдаланса, бұл қабілетті оятуға 10-15 минут жеткілікті болады. Үйретуден соң, оның шәкірттері көздерін жұмып тұрып жақыннан және қашықтан (бірнеше километрге дейін) «көре алады». Бұл физика және физиология заңдарына қайшы келмейді, ал біздің осы заңдар туралы ойымызға қарсы келеді, – деп жазады ғалым.

    Сананың табиғатына қатысты кванттық физика саласындағы мұндай зерттеулер қажетті философиялық түсіндірмесін таппады. Марксизм тұрғысынан, сана табиғатты дамыту өнімі ғана емес, ол алдыңғы буын адамдарының біріккен еңбегінің, қоғам болмысының да өнімі. Ол – адам табиғатының ажырамас бөлігі және одан тыс қарастырылуы мүмкін емес. Машиналық, кибернетикалық «мидың» қызметі бөлек қағидаларға негізделген, мұнда идеал бейнелер мен ұғымдар құрылмайды, олардың орнын электр импульстары мен сигналдар алмастырады. Машина «ойламайды», ол адамның қоршаған ортаны тану үдерісін қайталай алмайды. Ол – адамның танымдық қызметіне көмектесуші құрал. Кибернетикалық құралдардың пайда болуы ойлаудың жаңа формасын емес, табиғаттың адам миындағы көрінісін реттейтін жаңа буынды тудырды.

    Адамдағы ойлау ақпаратты қабылдау, сіңіру және жеткізу үдерістерімен байланысты, бұл үдерістер тек мида ғана емес, басқа да жүйелерде, мысалы үшін ЭЕМ-да орын алуы мүмкін. Кибернетика материяның бейнелеу, сезіну, ойлау және басқа да қасиеттерімен байланыс орната отырып, материалитсік диалектиканың екі іргелі принципінен: әлемнің материалдық бірлігі және даму принциптерінен келіп шығады. Алайда бұл байланысты абсолюттендіруге де, теріске шығаруға да болмайды. Ойлау үлерісі – адамға тән қасиет, оның тамыры кибернетикалық есептерден айрықша.

    Кибернетикалық ми мен адам миының жұмысындағы сапалы айырмашылықтарға қарамастан, олардың қызметтерінде кибернетика зерттейтін ортақ заңдылықтар (байланыс, басқару және бақылау саласында) бар. Алайда, автоматты жүйе және жүйке жүйесі қызметінің арасындағы бұл ұқсастық салыстырмалы түрде шартты болып келеді, оны абсолюттендіру мүмкін емес.

    Кибернетикалық зерттеулердің бастапқы сатысында жансыз материя мен ойлайтын мидың арасындағы сапалы айырмашылықтар есепке алынған жоқ, танушы субъект пен материалдық әлем объектісінің арасындағы шегараның барлығы жойылды. ЭЕМ-ның қызметін интеллектуалды деп бағалаудың себебі, есептеуіш техникасы бірқатар логикалық қызметтерді атқаруға қабілетті болды. Жасанды интеллект немесе өз жаратушысынан да «ақылдырақ» болатын кибернетикалық сананы құруға мүмкіндік берілді. Физик-теоретиктердің алдында мынадай сауал тұрды – кибернетикалық құралдардың дамуының қандай да бір шегі бар ма?

    Жасанды сананы құру мүмкіндігін қарастыра отырып, осы мәселенің екі түрлі тұсына назар аудару қажет. Біріншіден, кибернетика мидың барлық қызметін емес, тек «белсенді емес» ақпаратты алу, өңдеу және жеткізуге қатысты міндеттерді, яғни логикалық қызметтерді модельдейді. Басқалары – адам миының шексіз түрлі қызметтері бұл ғылымның назарынан тыс қалады. Екіншіден, модельдеу теориясы тұрғысынан алғанда түпнұсқа мен үлгінің толығымен бірдей болуы мүмкін емес.

    Адам мен «машинаның» санасы ойлау субъектісі біржақты сипатталғанда және сана «көрініс табатын» қандай да бір материалдық жүйемен алмастырылған жағдайда теңестіріледі. Сезім мен ақылға, тұлғалық қасиеттерге ие адам – жалғыз ойлаушы субъект болып табылады. Ақпараттық қоғамда адам өз еңбегінің нәтижелерін заттандыратын кибернетикалық машиналарға ие болады. Кез келген өндіріс құралы секілді кибернетика адам миының мүмкіндіктерін жалғастырады және күшейтеді. Бұдан әрі де адам өзінің ойлау үдерісіндегі кейбір қызметтерін машинаға беріп отырады. Алайда, ойлау үдерісінің өзі ғылыми ұғымдарды, теорияларды, идеяларды тудыратын рухани өндіріс болып табылады, бұлардан объективті әлемнің заңдылықтары көрініс табады. Мұның барлығы өздігінен жүзеге аспайды, міндетті түрде адамның басқаруын талап етеді.

    Жасанды интеллектіні құру және сипаттаудағы басты қиындықтың себебі, осы уақытқа дейін табиғи интеллектіге бірыңғай және көпшілік мойындаған анықтама мен түсінік берілмеген. Сондықтан, жасанды интеллектіні зерттеушілердің көпшілігі және ақпараттық эпистемология бойынша мамандар уақытша пайдалануға мәжбүр. Тәжірибеде, жасанды интеллект дегеніміз адамның интеллектуалдық қызметі арқылы алынатын нәтижелерге жылдам жететін бағдарламалық және ақпараттық құралдардың жинағы.

    Кеңінен тараған және бір уақтылы шара жасанды интеллект адамның интеллектуалды қызметіне толықтай немесе жартылай ұқсауға ұмтылыс болып табылады, себебі адамның интеллектісі әлі күнге дейін үлкен философиялық жұмбақ күйінде қалып отыр. Тіпті логикалық, психиатриялық, ғылыми-психологиялық деңгейлердің өзінде ол феноменологиялық жағынан ғана зерттелген. Сондықтан, жасанды интеллектіге берілген анықтамалардың ешқайсысын толықтай дұрыс немесе нақты деп қабылдауға болмайды. Шынайы өмірде тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті жүйе жасанды интеллект жүйесі деп аталады.

    Негізінен, жасанды интеллектінің басты мәселесін былай түсіндіруге болады: егер біз белгілі бір мәселелерді шешетін нақты білімдерге ие болсақ, онда осы білімдерді жүйелеудің арқасында нақты алгоритмдерді немесе эвристикалық ережелерді алуға болады. Осыларды пайдалана отырып, заманауи аппарат құралдары әр түрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін бағдарламалар жасай алады. Алайда, адам көптеген күрделі мәселелерді шешеді де, мұны қалай жасап отырғандығы туралы тіпті білмейді де. Біз санамыздың қалай жұмыс жасайтынын білмейміз. Біз алдымызға міндеттер қоямыз, олардың шешімін табамыз, күтілмеген, жаңа, шығармашылық шешімдерді қабылдай отырып, оларды қалай тапқанымызды өзіміз түсінбейміз. Басқаша айтқанда, біз миымызда орын алып отырған үдерістер мен түрлі операцияларды реттеуге қабілетті емеспіз. Сондықтан да компьютерге мидың қызметіне сәйкес келетін еліктеу және қайталау әрекеттерін орындата алмаймыз.

    Танымал «Лавлейс тезисі» былай дейді: машина ешқашан өзіне адам тапсырмаған істі орындамайды, ол адамның қатысуынсыз өздігінен ешнәрсе жасай алмайды. Шындығында, адамның көп нәрсеге қабілеті жетеді, ол өзінің қолынан келмейді деп ойлаған істерін де жасай алады. Мұндай пікірлер компьютерлік агностицизмге негіз болады.

    Компьютерлік агностицизм де, компьютерлік «эйфория» да философиялық негізге ие. Мәселенің мәні – ойлау адамға (нақтырақ айтқанда, адам миына) ғана тән қасиет пе, әлде бұл қызметті «адами емес», яғни техникалық, аппараттық жүйелер де атқара ала ма деген сауал болып табылады. Компьютерлік оптимистер мен пессимистердің арасындағы тартыс екі түрлі шешімді ұсынады: адам санасы мен кибернетикалық миды өзара алмастыруға болады деген тұжырымды қабылдау немесе қабылдамау.

    Жасанды интеллект жүйесі мен адам санасының арасындағы ұқсастық пен айырмашылық мәселесінің зерттеушілерді қызықтыру себебі, жасанды интеллектінің ғылыми бағытқа және таным «құралына» айналуы болып отыр. Кейбіреулер, компьютер жүйесінің мүмкіндіктерін адам санасының мүмкіндіктерімен жақындастыру қажет деп есептесе, басқалар, жасанды интеллектіні құрудың басты мақсаты – адам миын модельдеу емес, керісінше, адамның мүмкіндіктерінен жоғары ақпаратты өңдеу әдістерін ойлап табу және адам ойы жетпейтін немесе адамның ойын пайдаланудың қажеті жоқ тұстарда іске асырылатын жүйені құру.

    Нанотехнологиялар ғасырында, қазірдің өзінде түрлі білімдердің алып базалары мен қуатты сараптамалық жүйелер құрылды. Бұл жүйелер кейбір міндеттерді өздерін құрған мамандардан да ұтымды шешеді. Қазірде газет мәтіндерін кез келген дауыспен және шынайы уақыт режимінде оқи алатын, сондай-ақ техникалық әдебиеттерді аударатын интеллектуалдық компьютер желілері бар. Мұндай жетістіктер «кибер-миды» құру идеясын жақтаушылардың болашақта жасанды интеллект жаратылып, қуаты мен шығармашылық мүмкіндіктері жағынан адам санасынан да басым түсетіндігіне деген үміттерін арттырып отыр.
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17


    написать администратору сайта