Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

  • Сабақтыңмақсаттары Барлық оқушылар

  • Көпшілік оқушылар: • шығармашылық жұмыс барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолданады ; Ою өрнектерді бейнелеп салуға үйренеді Кейбір оқушылар

  • Тілдікмақсаттар Оқушыларорындайалады

  • Пəндік лексика жəне терминология.

  • Құндылықтарды дарыту

  • Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Сабақтың барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері

  • Сабақтың басы 10мин.

  • Білу және түсіну . «Миға шабуыл» әдісі

  • Жаңаны қолдану . 10 минут

  • Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1: 2

  • Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім

  • қмж. 9 сын Көркем ен Ұлдар ҚМЖ-1. 1блім


    Скачать 1.91 Mb.
    Название1блім
    Дата07.11.2022
    Размер1.91 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла9 сын Көркем ен Ұлдар ҚМЖ-1.docx
    ТипДокументы
    #774813
    страница3 из 16
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16









    Пән:Өнер

    Мұғалімнің аты-жөні:

    Дата:

    Класс: 9

    Оқушы саны:

    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

    Cәндік қолданбалы өнер

    Сабақтың тақырыбы

    Интерьердің сәнді заттарының (шырағдан, сәнді сағаттар) дайындалу техникалары мен тәсілдерін зерделеу

    Бастапқы білім

    Оқушылар шығармашылық жұмыстарды жасау кезінде, қауіпсіздікті сақтау шараларын біледі. Әртүрлі әдістерді біріктіре отырып, өнер материалдарын өз бетімен анықтай алады.

    Оқыту мақсаттары

    9.1.3.1 шығармашылық идеяларды (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны) дамыту мен іске асыруда бірінші және екінші ақпарат көздерін толыққанды және нәтижелі қолдану

    Сабақтыңмақсаттары

    Барлық оқушылар:

    • Қазақ халқының қолданбалы өнерінің негізгі элементтерін анықтайды; Әлемдік және қазақтың ұлттық мәдениетіндегі өнер, дизайн және қолөнер туындыларының ерекшеліктерін анықтайды және зерделейді

    Көпшілік оқушылар:

    • шығармашылық жұмыс барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолданады ; Ою өрнектерді бейнелеп салуға үйренеді

    Кейбір оқушылар:әдебиет пәнінен жаттаған мақал –мәтелдерімен байланыстыра отырып, сәндік қолданбалы өнер туралы пікірлерін білдіре алады

    Бағалау критерийлері

    топта өздері жоспарлаған сағаттарының дизайнын алғашқы кезеңі бойынша жасайды.



    Тілдікмақсаттар

    Оқушыларорындайалады:

    • сәндік қолданбалы өнер туралы біледі

    Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтайды және зерделейді

    Оқушылар қазақ және ҚР басқа халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерімен танысады

    Пəндік лексика жəне терминология.

    Сәндеу – декорирование- decoration

    Сәндік қолданбалы өнер;

    Талқылау:Сәндік қолданбалы өнер, өрнектерді қалай ойлап табуға болады?

    Неліктен сәндік қолданбалы өнер деп аталған?

    Бейнелеу ;сырмақ, сандық, жастықша, ыдыс бейнесін толықтырып салу, әр түрлі өрнектермен сәндеу, бояу

    Құндылықтарды

    дарыту

    Сабақта оқушылар біріге жұмыс істей отыра серіктестікті, кабинетте өзін-өзі ұстау ережесін ұстану арқылы қауіпсіздік, тапсырманы орындау арқылы жауапкершілік құндылықтары дарытылады.

    Пәнаралық байланыстар

    Пән

    Кезең

    Тарих

    Оқушылар қазақ ою-өрнектерін қолдану кезінде, тапсырманы орындауда қолданады.

    Дифференциация

    Техникалармен жұмыс жасау кезінде, әр оқушының деңгейіне байланысты материалдармен жұмыс жасайды.

    АКТ қолдану дағдылары

    Осысабақтаоқушылар АКТ-ны пайдаланып шығармашылық, креативті идеяларды дамыта алады.

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

    Қауыпсіздік техникасының тармақтары бойынша , өнер кабинетінің ішінде жүгіруге, кескіш бұйымдармен ойнауға, ноутбуктармен ұқыпсыз, мақсатсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

    Сабақтың барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері


    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

    .


    Ресурстар

    Сабақтың басы

    10мин.

    Ынтымақтастық атмосфераны орнату үшін бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді және күннің сәтті өтуін тілейді.

    Білу және түсіну . «Миға шабуыл» әдісі

    • Жақсы, балалар, біз сыныбымыздың ішінен ерекше не көріп тұрмыз? Бұрын сыныбымызда болмаған қандай заттар бар?

    • Балалар, сынып бұрышындағы, ыдыс түрін, оюлы көрпешені, киім –кешек түрлерін байқап, хабарлау тиіс.

    • Олар нелер? Қандай мақсатта қолданылады?

    • Олай болса, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ екен?

    • -Біз бүгін бейнелеу өнерінің бір түрімен танысқалы отырмыз.Бейнелеу өнерінің бұл түрі «Сәндік қолданбалы өнер» деп аталды.

    Сабақ мақсатын қою. Сонымен біз бүгін сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не екенін білеміз. Қолданбалы бұйымдарды бояу құралдары арқылы өрнектеуге үйренеді екенбіз.- Бұл слайдта не көрдіңіздір?

    - Не үшін сағаттарды түрлі техникамен сәндейді?

    • Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыппен байланысты болады?

    • «Интерьердің сәндік заттарын дайындау».

    Кейін сабақ мақсаттарын , бағалау критерилерін таныстырамын.

    Сабақтың презентациясы.

    Сабақтың ортасы

    20 минут

    10 минут

    Оқушылармен біріге үй интерьеріндегі сәндеуге арналған бұйымдардың бірі, сағатты қарастырамыз.

    Оқушыларға идеяларын жетілдіру үшін ноутбуктарды әр топты қамтамасыз ету.
    Сұрақтар:
    1 - Мүсіншілер мүсінді неден жасайды?
    (Мәрмәр тастан, гранитпен) ағаштан, сазбалшықтан немесе ермексаздың көлемін ұлғайта отырып жасайды.
    2 - Мүсіндеудің негізгі объектісі кім?
    Мүсіндеудің негізгі объектісі адам.
    3 - Бюст, мүсін, топтық мүсін дегеніміз не?
    Бюст -(адамның кеудеден жоғары бейнесі)
    Мүсін -(Фигураның тұтас бейнесі)
    Топтық мүсін -(Бірнеше адамның бейнесі)
    Мүсіндеу - Барлық жағынан қарауға болатын жұмыр және рельефті болып екіге бөлінеді.
    Рельеф - жазықтық бетінде орналасады.
    Монументтік мүсіндеу - бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылады. Тұрмыста шағын пішінді мүсіндеу кең тараған. Бұл әр - түрлі материалдардан фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалған шағын көлемді мүсіндер. Қазақстанның ежелгі мүсін өнері тас дәуірінде пайда болған. Ол кезде тас мүсін балбал тастардан жасалып, сопақ тастар іріктеліп алынған. Ондай тастар Орталық Қазақстан мен Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ал біздің Маңғыстау мен Үстірттен табылған тас мүсіндердің басым көпшілігі әктастан ойылған. Сонымен балалар өткен «мүсін өнері» тақырыбымызды аяқтаймыз.
    Жаңа тақырып өту.
    Сәндік қолданбалы өнерінде киіз үйдің алатын орны ерекше. Киіз үй қазақтың шағын мұражайы. Ең бірінші оқушылар қазақтық ұлттық бұйымдары дегенімізде ұлттық ағаш үйімізге тоқталмай кету мүмкін емес.
    Ұлттық ағаш үйімізді тұрғызу үшін, оқушылардан олардың құрылысын сұраймын, және оларға түсінік берем. Киіз үй - қазақ халқының шағын мұражайы. «Ақ үй», «ақ орда», «ақ боз үй» деп аталады. Киіз үйдің сүйегін құрайтын «үй ағашты» алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Киіз үй құрылымдық негізіне, ерекшелігіне байланысты сүйегі және жабуы деп бөлінеді.
    Киіз үйдің жабуы: туырлық, керегенің іргесінен уықтық орта шеніне дейінгі жерді: үзіктің кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты: түндік шаңырақты: киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сыртқы киіз арасы ши, астары жарғақ теріден жасалады, түріп қоюға ыңғайлы. Киіз үйдің кеңеюі оның кереге санының өсуіне байланысты. Бас арқан, белбеу, шаша уықтарын қозғалмау үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уықпен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тұратын жалпақ құр. Біз тақырыбымыз түсінікті болу үшін киіз үй тұрғызамыз. Киіз үйді тұрғызу үшін тапсырмаларды орындаймыз.
    1 - тапсырма: ұлттық қолөнер бұйымдарын атаңыздар:
    Оларға (білезік, мосы, самаурын, кебеже, тостаған, таға, ұршық, тегене, торсық, тон, көсеу, ер - тоқым) т. б жатады.
    2 - тапсырма: аталған бұйымдарды жіктеп теріп жаз
    1 - теріден жасалған бұйымдарды жіктеп жаз.
    2 - ағаштан жасалған
    3 - темірден жасалған бұйымдар
    3 - тапсырма: ұлттық төсеніш түрлерін ата, бұл тапсырманы орындау үшін сөзжұмбақ шешеміз.
    ЖАСТЫҚ
    Қ ҰСТӨСЕК
    СЫРМАҚ
    ТЕКЕМЕТ
    ШИ
    КІЛЕМ
    КИІЗ
    Оқушылар негізі ағаш өнерімен айналысатын шеберлер 4 топқа бөлінеді.
    1 - Үйші, 2 - балташы(бұлар киіз үй құралдарын дайындап, үй сүйегін жасайтын адам.)
    3 - Тоқушы(ши тоқу), 4 - оймашы(сықырлауыққа ойып оюлар салу.)
    Балалар бұл киіз үйдің сұрақтарына жауап бере отырып, ұлттық қолөнер бұйымы ожаудың суретін саламыз. Бірінші ожауды көмекші сызықтар арқылы көрсетеміз. Екінші бояу түсімен сурет салып үйрену. Оқушыларға сурет салуға уақыт белгілеп, салған суреттерін тақтаға іліп көрсету. Ожау қайыңмен қарағайдан жасалады. Оқушылар суретімізді сала отырып, сәндік қолданбалы өнерге тоқталамыз. Сәндік қолданбалы өнер деп - тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген туынды жасауды айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Қазақтың сәндік қолданбалы өнеріне ою - өрнектердің қосатын үлесі зор. Ою - өрнек дегеніміз - қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш.

    Ұлттық ою - өрнек түрлері шығу тегіне қарай екі топқа бөлінеді.
    1 - Қазақ халқының өзіне тән, ертеден келе жатқан ұлттық оюлары
    2 - Басқа халықтардан ауысқан жаңа интернационалдық ою - өрнектер.
    Қазақ ою - өрнегі дамып, өзгеріске ұшырады және жетілді. Қазір оның 200 - ден астан түрі мен атауы бар. Ою - өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға бөлуге болады.
    1. Космогониялық (Ай, Күн, жұлдыздарды бейнелейтін өрнектер)
    2. Зооморфты (Аң, мал, атаулары мен олардың дене мүшелеріне байланысты туған өрнектер)
    3. Өсімдік бейнелі өрнектер: «қызғалдақ гүлі», «райхан гүлі», «жеті гүл» т. б
    4. Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер: шаршы, ромб, төртбұрыш, үшбұрыш т. б
    5. Қару - жарақтар мен тұрмыстық керек - жарақтарға байланысты туған өрнектер: «балта», «түйме», «ожау», «тарақ», «балдақ», «қос тұмарша» т. б
    Өрнектердің түстері мен бояулары
    Ою - өрнектердің орналасуының зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппенен кезектесіп отырмаса, өрнек әлсіз нашар болып отырады. Бояу мен түсті таңдап пайдалануда қазақ халқының этнографиялық тарихымен логикалық ұғымы өте терең.
    Көк түс - аспанның символы
    Қызыл түс - оттың, күн көзінің символы
    Сары түс - ақыл парасаттың символы
    Қара түс - жердің символы
    Жасыл түс - жастықтың символы
    Халық шеберлері өсімдіктердің жапырақтарынан, қабықтарынан және тамырларынан жасалған бояуларды көп қолданған. Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың түрлері негізінен 3 түрі бар.
    1 - Табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан, әр - түрлі минералдармен өсімдік жемістерінен, малдың қанымен бауырынан алынады.
    2 - Осы заманғы химиялық әдістермен өндірілетін алуан түсті ұнтақ пен артық бояулар.
    3 - Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар. Бұларға әр - түрлі қоспалар қосып пайдаланады.
    Әшекейлік заттар: Ою - өрнек әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Зергерлер әшекейлі болу жағына аса назар аударады. Композициялық тұйық өрнектер дегеніміз - шеңбер ішінде түрлі бұрыштар ішінде орналасады. Ою - өрнектер рельефтік және жазықтыққа салынған ою - өрнектер болып бөлінеді.
    Бұйымды оюмен әшекейлеу барысында төмендегі ережелерді сақтау керек.
    1 - Салынатын өрнек әрқашан бұйымның көлемімен оның пішініне сәйкес келуі тиіс.
    2 - Өрнекті композиция негізге бұйымның түстік фонының өрнектеріне сәйкес келуі, яғни бір - бірімен жарасымды болу керек.
    3 - Өрнектер бір - бірімен тепе - теңдікте болуы шарт.
    4 - Түрлі түстер арқылы өрнекті композицияның ортасы, шеті, фоны анықталады.
    5 - Тұйық композициялық өрнектер шеңбер, үшбұрыш немесе ромб ішінде орналасуы тиіс.


    • Бейнебаян көрсету.

    • Не түсіндіңдер? Сонымен сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не екен?

    • Оның қандай түрлері бар екен?

    • Біздің күнделікті тұрмысымызда қандай қол өнер шығармаларын көріп жүрміз?

    • Ал, олардың сәнді болуы неге байланысты?

    • (оқушы жауаптарын тыңдау)

    Дескриптор:

    • Сәндік қолданбалы өнер туралы біледі.

    • Ұлттық қолданбалы заттардың озық үлгілерімен танысады.

    Сәндік бұйымдардағы өрнектерді қалай ойлап табады деп ойлайсыңдар? Слайд 8

    • Байқампаздық қабілеттіріңді сынап көрейік

    Жаңаны қолдану . 10 минут

    Берілген аяқталмаған суреттегі заттарды, өрнектермен толықтырып сәндеу

    1. топ. Ыдыс сәндеу

    2. топ. Сырмақ сәндеу

    3. топ. Жастықша сәндеу

    4. топ. Сандық сәндеу

    Дескрипторы:

    -Аяқталмаған суреттегі заттарды өрнектермен толықтырады.

    -Түстердің үйлесімділігін сақтай отырып, бояйды.

    -Түрлі – түсті қарындаш пен фломастерді үйлесімді қолданады

    Оқушылар алдыңғы сабақта бөлінген шағын топтарда жұмыс жасайды.

    Тапсырма.

    Әр топ өздері жоспарлаған парағына сәйкес, материалдарды дайындап, бастапқы кезеңін жасау.
    Дескрипторлар:


    • Сағаттың бетіндегі суретті дұрыс орналастырады.

    • Таңдаған техникасымен жұмыс жасау кезінде, түстер үйлесімділігіне көңіл бөледі.

    • Сағатты қазақтың этно - стилінде орындайды

    • Бастапқы кезеңін ұқыпты орындайды.

    Әр топқа 2минут уақыт беріледі, өздерінің жұмыстарымен кезекпен шығып, таныстырады. Дескриптор бойынша өздерін бағалайды.

    Сағат жасау әдістері: әртүрлі техникадағы шебер-класстар Декупаж ✿ Часы ✿ Decoupage ✿ Wall clock ✿ Мастер-класс Татьяны Чимбирь

    Сабақтың соңы

    5 минут

    «Оқушы үні» әдісі бойынша оқушыларбүгінгі сабақтан өздеріне алған қызықты ақпараттарды айтады. Олар өздерінің жасаған жұмыстары бойынша ойларын айтулары тиіс.

    Мұғалім оқушылардың жұмыстарына кері байланыс береді.




    Сабақ бойынша рефлексия

    Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрыс қойылғанба?

    Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткізді ме?Жеткізбесе,неліктен?

    Дифференциация дұрыс жүргізілдіме?

    Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталды ма?

    Сабақжоспарынанқандай ауытқулар

    болды, неліктен?




    Жалпы баға

    Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

    1:

    2:

    Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

    1:

    2:

    Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


    написать администратору сайта