Патан экзамен. Патан экз. 1. Дистрофия, анытамасы, этиологиясы, жіктелуі, морфологиялы механизмі, белокты, майлы, кмірсулы паренхималы дистрофия, морфологиялы сипаттамасы. Дистрофия
Скачать 161.65 Kb.
|
15. Ісіктерге анықтама, ісіктердің даму теориясы, жіктелуі, ісіктердің өсу формалары, метастаздану туралы түсінік, ісіктердің ағзаға әсері, ісіктердің рецидиві. ІСІКТЕР Ісік (бластома, неоплазма, тумор) деп соматикалық жасу шалардың геномындағы мутагендік өзгерістерге байланысты тоқтаусыз жəне бақылаусыз көбейіп кетуі нəтижесінде пайда болатын патологиялық үдерісті атайды. Ісіктер тек адамдарға ғана емес жануарлар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде де кездеседі. Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеулер, бізден миллион жылдар бұрын өмір сүрген динозаврларда да ісік болғанын көрсетті, демек, ісік адамнан бұрын пайда болған патология. Ісіктер қазіргі таңда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде жүрекқан тамырлар ауруларынан кейінгі екінші орында тұр. Адамдардың əрбір бесінші немесе алтыншысы осы қатерлі ісіктен өледі екен. Сол үшін ісіктердің пайда болу себептерін, оның таралу жолдарын, морфологиялық өзгешеліктерін білу жəне үйрену медицина тəжірибесі үшін өте маңызды мəселе. Ісіктерді зерттеумен онкология ғылымы шұғылданады. Қатерлі ісіктердің ішінде ең көп кездесетіні карцинома. Өкпе карциномасы бойынша бірінші орында Шотландия тұр. ТМД (Тəуелсіз мемлекеттер достастығы - ТМД) елдерінде бірінші орында асқазан 191 карциномасы, Африкада бауыр карциномасы, Индияда ауыз қуысының карциномасы, Өзбекстанда өңеш карциномасы мен тері карциномасы көп кездеседі. Қазақстанның батыс аймақтарында өңеш карциномасы (қылтамақ) жиі кездеседі. Дүниеде карцинома ең көп тараған ел Австралия болса, Португалияда бұл қатерлі ауру өте сирек кездеседі. Карциноманың аз не көп болуы сол елдің тек географиялық орнымен ғана анықталмайды, ел тұрғындарының тұрмыс жағдайына, əдет-ғұрыптарына, тамақтану дағдыларына жəне басқа да себептерге байланысты. Қазіргі уақытта адамды қоршаған ортаның: ауаның, судың, жейтін тағамдардың химиялық тазалығына аса зор мəн берілуде, себебі ғылыми-техникалық прогрестің нəтижесінде адам өмірі үшін қауіпті, тіпті кейбір карцинома тудырушы заттардың осы ортада көптеп жиналғандығы анықталып отыр. Карцинома негізінен жасы ұлғайған адамдарда 60–70 жастан кейін кездесетін ауру. Кейінгі жылдары (2000 жылдан кейін) карциномамен ауыратындар жасының жасаруы байқалуда. Ісіктің морфологиялық көріністері мен құрылысы. Өсу ерекшеліктері Ісік қай тіннің немесе ағзадан өсуіне байланысты оның сыртқы көрінісі əр түрлі. Ісік ағза қуысына қарай немесе терінің сыртында полип тəрізді жіңішке сабаққа ілініп тұрса, оны экзофитті өсудейді. Егер ісік қуыс ағзаның қабырғасына немесе басқа ағзалардың ішіне қарай өссе, оны эндофитті өсу деп атайды. Ісік көбінесе үлкенді-кішілі түйін түрінде өседі, оның көлемі қай жерде өсуіне байланысты. Бас сүйегінің ішіндегі ісіктер көп үлкеймей-ақ ауыр клиникалық өзгерістерге соқтырса, іш қуысындағы ісіктер шексіз өсе беруі мүмкін. Мысалы, жатыр фибромиомасының 70 килограмға дейін жеткені белгілі, ал аналық безде 129,5 килограмдық кистома табылған. Айта кететін жəйт, тек адам өміріне қатерсіз ісіктер ғана осындай дəрежеге дейін өсуі мүмкін. Карцинома негізінен ақшыл түсті болса, саркоманың түсі балық етіне ұқсас ақшыл-қызыл болады, ал май тінінің ісігі сары түсті. Ісіктің жұмсақ немесе қатты болуы, оның паренхимасы мен стромасының арақатынасына байланысты. Ісік құрамында паренхима (ұлпа) басым болса ол əдетте жұмсақ, ал стромасы (тіні) көп болса қатты болады. Барлық ісіктерді гистологиялық құрылы сына, клиникалық көріністеріне қарап қатерсіз, қатерлі, жергілікті тінді бұзып өсуші ісіктер деп үш топқа бөледі. Қатерсіз ісіктер əдетте ұзақ уақыт өседі жəне организмді аса қауіпті өзгерістерге ұшыратпайды. Оларға негізінен тіндік аптипизм тəн. Тіндік атипизмге ісік құрамындағы паренхима мен строма арақатынастарының бұзылуы, строманы түзуші дəнекер талшықтардың, нерв талшықтарының əр түрлі жуандықта болуы немесе олардың түрлі бағытта ретсіз орналасуы, қан тамырларының бір жерде көп, екінші жерде аз болуы жəне т.б. кіреді. Бірақ жасушалар түзілісінде өзгеріс болмайды. Қатерсіз ісіктер айналасындағы тінге бойламай, оларды ығыстыра (экспансиялық)өседі, олардың құрылысы өзі дамыған ағзаның (тіннің) құрылысына сəйкес болады, яғни гомологиялық ісіктер қатарына жатады. Қатерсіз ісіктер метастаз бермейді, хирургиялық жолмен алып тастағанда кейбір сирек жағдайда болмаса қайта өспейді (рецидив бермейді). Қатерсіз ісіктер өте үлкейіп кеткенде ғана жанындағы ағзаларды басып механикалық тұрғыдан əсер етеді жəне олардың қызметін бұзады. Сонымен қатар қатерсіз ісіктің қатерлі ісікке айналу мүмкіндігін (малигнизация) де естен шығармау керек. Қатерлі ісіктерге жасушалық атипизм жəне полиморфизм тəн, олар инвазиялық түрде өседі. Егер ісік түзуші жасушалар өзі өсіп шыққан ағза не тін жасушаларынан өзгеше болып гетерологиялық ісіктер қатарына жатады. Жасуша ядролары бояуларды жақсы сіңдіріп (гиперхромия) микропрепаратта айқын көрінеді, ядро шықтары үлкейеді, жалпы ядро-цитоплазма арақатынасы ядро пайдасына шешіледі (73, 74 суреттер). Қалыпты жағдайда бұл арақатынасы 1:4, 1:6 болса, қатерлі ісіктерді 1:2, тіпті 1:1 дейін жетеді. Қатерлі ісік жасушалары тез өсіп-өнетіндіктен олардың арасында митоз (жасушаның бөлініп көбеюі) құбылысы көп кездеседі, кейде ісік жасушаларының 10 пайызы митоз жағдайында болады, олардың ішінде патологиялық митоздардың саны көбейеді (хромосомалардың шашылып немесе бөлшектеніп кетуі, 193 хромосомалар арасында көпірлердің пайда болуы, көп полюсты митоздар, үш топты метафаза жəне т. б.) (И.А. Алов). Кейбір жасушада хромосома саны 200- 300-ге жетеді. Қатерлі ісік айналасындағы тіндерге сіңе өсіп (инфильтративтік өсу), əуел бастан метастаз береді. Метастаз деп ісік жасушаларының алғашқы ісік ошағынан бөлініп шығып басқа бір ағзаларда жаңа ісік түйінін түзуін айтады. Метастаз дамуы өте күрделі құбылыс, ол бірнеше кезеңдерден тұрады: 1) ісік түйініне жаңа қан тамырларының өсіп кіруі; 2) ісік прогрессиясына байланысты ісік жасушаларының ішінен метастаз беруге қабілетті жасушалар тобының сұрыпталуы; 3) ісік жасушаларының лимфа немесе қан тамырларының экстрацеллюлярлық матриксіне, кейін тіректік мембранасына өздерінің интегриндік рецепторы арқылы жабысуы; 4) олардың протеолиздік ферменттер (ІV типтегі коллагеназа, плазминогенді белсендіретін заттар, фибронектин) бөліп шығара отырып, тіректік мембрананы бұзуы, сөйтіп, қан немесе лимфа тамыры ішінде ісіктік эмболдың пайда болуы; 5) ісік жасушаларының майда тамырлар қабырғасына қайта жабысуы (адгезиясы); 6) ісік жасушаларының тіректік мембрана айналасындағы тіндерге шығып, өсіпөнуі нəтижесінде метастаздық түйіннің пайда болуы. Осылайша өтетін сатылы өзгерістерді метастаздық каскад деп атайды. Метастаздық каскад (тізбек) (V. Kumar et al. 1997 бойынша) 8-кесте. Ісік жасушалары негізгі ісік түйінінен бөлініп шығуы олардың бір-196 бірімен тығыз байланыспағандығының нəтижесі. Оның себептеріне ісік жасушаларының мембраналарында өткізгіштіктің артып кетуі (лизосомалық мембраналар өткізгіштігінің артып кетуі, мембрана сыртында протеолиздік ферменттердің көп жиналуы, Са 2+ иондарының мөлшерінің азаюы), ісік жасушаларының арасындағы теріс зарядтың күшеюі, жасушааралық жанасудың əлсіреуі жəне т.б. жатады. Көбінесе лимфогендік немесе гематогендік метастаздар дамиды. Кейде ісік жасушалары лимфа ағымына қарсы бағытта тарайды (ретроградтық метастаз).Мысалы, асқазан карциномасының аналық безге метастаз беруі (Круккенберг метастазы). Ісік жасушалары нерв талшықтарын бойлай (периневральдық метастаз), не айналадағы тіндерге жабыса (имплантациялық метастаз), не өзек бойын қуалай да таралуы мүмкін. Мысалы, əйел аналық безі карциномасында ісік жасушалары негізгі түйіннен үзіліп түсіп іш пердесіне жабысып, жаңа түйіндер түзеді. Ал қылтамақ (өңеш карциномасы) асқазанға, ішекке, ас жолын қуалай өтуі мүмкін. Метастаздардың пайда болуы науқас өлімін жеделдететін фактор. Ісіктің морфогенезі Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша, ісіктің пайда болуына ісікалды үдерістері себеп болады. Ісіктің ең бірінші белгісі жасушалардың толық дəрежеде жетіле алмай дисплазия ошақтарын қалыптастыруы. Бұл негізінен созылмалы қабыну, қайта қалпына келу (регенерация) аймақтарында байқалатын құбылыс. Ісік алаңы ілімі бойынша (Willis, 1953) ісік бар жерде бірнеше аймақтарды көруге болады: ортада инвазивтік карцинома, оны айнала орнықты карцинома, одан соң дисплазия аймағы, кейін қалыпты тіндер жатады. Ісік морфогенезінің қазіргі жобасы осы ілім негізінде жасалған. Уиллистің пікірі бойынша ісікалды үдерістерінің көпшілігі дисплазияға жатады. Дисплазия деп эпителий қабаттарының арасында əр түрлі дəрежедегі атипиялық эпителий жасушаларының пайда болуын айтады. Дисплазия аймағында эпителидің бір бағытта жайғасуы, қатарлылығы, жалпы архитектоникасы бұзылған, жасушалардың ядросы ірі гиперхромды, митоздар кез келген қабатында көрінеді. Демек, қатерлі ісік дисплазия ошақтарынын, малигнизациясы нəтижесінде пайда болады. Бірақ та ісікалды үдерістері əрдайым ісікке айналуы шарт емес. Соған қарай карциномаларалды үдерістердің облигаттық (яғни, карциномаға міндетті түрде өтетін) жəне факультативтік (ракқа өтуөтпеуі белгісіз) түрлерін ажыратады. Облигаттық ісікалды үдерістеріне: тоқ ішек полипозы, пигментті ксеродерма жəне басқалар жатады. Факултативтік ісікалды үдерістеріне организмдегі көптеген дистрофиялық, пролиферативтік жəне дисплазиялық өзгерістер жатады, олар тіндердің қайта құрылуына соқтыратын, бірақ қайтымды үдерістер болып есептеледі. Əрбір ағзаның өзіне тəн карциномаалды үдерістері бар. Асқазанда оларға: созылмалы жара, полипоз, атрофиялық немесе гипертрофиялық гастрит; теріде – ұзақ бітпейтін жаралар, жарықтар, гиперкератоздар; жатыр мойнында – лейкоплакия, эндоцервикоздар, эритроплакия жатады. Карциномаалды үдерістердің қатерлі ісікке өту кезеңінің ұзақтығы (малигнизация) толық анықталмаған, дегенмен облигаттық карциномаалды үдерістері шамамен 10–15 жылға созылатындығы белгілі. Демек, қатерлі ісіктің профилактикасы деп осы карциномаалды үдерістерін өз мезгілінде анықтап соларды емдеуді түсіну керек. Ісіктердің этиологиясы Ісіктердің пайда болу себептері өте көп, олар əлі де болса ақырына дейін зерттелмеген. карциноманы тексеруші Халықаралық қоғамның анықтауы бойынша адам карциномасының 80-90 пайызы қоршаған ортада таралған канцерогендік (қатерлі ісік тудырушы) заттардық əсеріне байланысты. Химиялық канцерогенез. Жапон ғалымдары Ямагива жəне Ишикава (1915) үй қоянының құлағына 15 ай бойы таскөмір қара майын жаға отырып, карциноманың пайда болатынын бірінші рет эксперимент жүзінде дəлелдеген болатын. 1927 жылы осы зат құрамындағы негізгі канцероген 3,4-бензпирен екендігі анықталады. Əсер ету механизмдеріне қарап химиялық канцерогендер екі топқа бөледі: 1) жасушалардың ДНҚ-сымен тікелей əсерлесетін толық канцероген, 2) организмдегі химиялық реакцияларға байланысты пайда болған 202 метаболиттері арқылы əсер ететін жанама канцерогендер, оларды проканцерогендер деп те атайды. Пайда болу көздері бойынша экзогендік жəне эндогендік канцерогендерді ажыратады. Экзогендік канцерогендер қоршаған ортадан түседі. Күнделікті өмірде олардың негізгі көзі болып автомобилдер, олардан бөлініп шығатын газдар құрамындағы көп оралымды көмірсутектер, олардың ішінде 3,4-бензпирен, диметилбензантрацен, метилхолантрен. Ірі қалаларда (мысалы, Алматыда) сыртқы ортаны ластаушы заттардың ішінде олар 80% құрайды. Қазіргі таңда карцинома туындататын, канцерогендік заттардың саны мың жарымға жақындап қалды. Көптеген кəсіптік (профессионалдық) карциномалар да əр түрлі химиялық заттардың əсерінен дамиды. Мысалы, хош иісті аминдергежататын анилин, бензидин, 2-нафтиламинмен жұмыс істейтін адамдардың көпшілігінде 5 жылдан кейін қуық карциномасы пайда болады. Ренгенологтарда, басқа дəрігерлерге қарағанда тері карциномасы 8 есе жиі кездеседі. Нитрозды қоспалардың көпшілігі канцероген екендігі анықталып отыр, олардың əрбір тобы белгілі бір ағза карциномасын тудырады. Этилнитроздық аминдер бүйректің, нерв жүйесінің карциномасына, диэтилнитроздық аминдер – бауыр карциномасына соқтырады. Канцерогенді нитрозды қоспалардың организмге тамақпен түскен нитраттар мен аминдерден түзілу мүмкіндігі бар. Саңырауқұлақ уы микотоксиндер, соның ішінде, афлотоксин организмге түскенде бауыр карциномасы дамиды. Кейбір металл булары (хром, қорғасын, никель) тыныс жолдарына түскенде өкпе карциномасын, терімен жанасқанда (мысалы, мышьяк) тері карциномасын, асбест талшықтары өкпе карциномасы мен мезотелиома ісігін, мышьяк – тері, өкпе, бауыр карциномасын, бензол – миелолейкозды; бетанафтиламин – қуық карциномасын; винилхлорид – бауырдың ангиосаркомасын; кадмий – қуықасты безінің жəне бүйректің карциномасын; хром мен уран - өкпе карциномасын туындатады. Ісік дамуында зиянды əдеттердің де маңызы зор, мысалы, шылымның түтінінде, арақ-шарап құрамында канцерогендік заттар бар. Шылым шегетін адамдар, шекпейтіндерге қарағанда өкпе карциномасына 10 есе жиі шалдығады. Сонымен қатар, ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей карциномалары да 3–9 есе көбейеді. Маскүнемдерде сау адамдарға қарағанда қылтамақ 17 есе, көмей карциномасы 10 есе көп кездеседі. Ісіктердің жіктелуі Ісіктің қазіргі кездегі халықаралық жіктелуі (классификациясы) ісік гистогенезі негізінде құрылған, яғни ісікті əр түрлі топтарға бөлгенде оның қайсы тіннен пайда болғандығы, қатерсіз не қатерлі екендігі есепке алынады. Организмнің кез келген ағзасы немесе тіні ісік көзі бола алады. Қазіргі уақытта барлық ісіктерді 7 топқа бөледі: 1. Арнайы даму орны жоқ эпителийлі ісіктер. 2. Сыртқы жəне ішкі секреция бездері мен жамылғы эпителий ісіктері. 3. Мезенхималық ісіктер. 4. Меланин түзуші тін ісіктері. 5. Нерв жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері. 6. Қан жүйесінің ісіктері. 7. Тератомалар. 16. Эпителиден дамыған қатерсіз және қатерлі ісіктер, морфологиялық сипаттамасы. Арнайы даму орны жоқ эпителий ісіктері Бұл ісіктер кез келген жалпақ не безді эпителиден дамиды. Олар қатерсіз жəне қатерлі болып екі топқа бөлінеді. Қатерсіз ісіктер. Эпителиден пайда болатын, арнайы даму орны жоқ, қатерсіз ісіктерге папиллома мен аденома жатады. Папиллома (латынша papilla – бүртік) жалпақ жəне өтпелі эпителиден өсіп шығатын ісік. Ол теріде, ауыз, мұрын қуысында, көмейде, бүйрек астауында, қуықта, сүт бездерінің өзектерінде, ми қарыншаларының ішінде өседі. Папиллома көлденеңі 1 сантиметрге дейін болған түйінше түрінде кейде сабақшаға ілінген полип тəрізді терінің не шырышты қабықтарының үстінде жайғасатын ісік, оның сырты бүртіктеніп тұрады. Микроскопта қарағанда осы 212 бүртіктерді көп қабатты эпителий қаптап жатқаны, эпителий қабатының қалыңдығы əр түрлі екендігі, оның беткей бөлігінде гиперкератоз, дискератоз кұбылыстары көрінеді (76-сурет). Əр түрлі механикалық əсерлер нəтижесінде папилломада қабыну, қанау үдерістері дамиды. Папилломаның организм үшін маңызы онын қай жерде жайғасқандығына байланысты. Мысалы, көмей папилломасы жас балаларда тыныс жолдарын басып қалып асфиксияға (тұншығу) соқтырады. Ересек кісілерде өсетін көмей папилломасы мен қуық папилломасы қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін (малигнизация). Аденома – безді ағзалар эпителиінен, олардың өзектерінен өсетін ісік. Ол айналасындағы тіндерден жақсы шекараланған, үлкендігі бірнеше миллиметрден, ондаған сантиметрге жететін, жұмсақ ісік. Аденомалар өсіп шыққан жеріндегі тіндерге ұқсас құрылымдар түзеді. Оның түрлері: 1) белдеулі (трабекулалы) аденома ісік жасушаларының бір-біріне жақын жатқан таяқша тəрізді құрылымдар түзуімен сипатталады; 2) түтікті (тубулярлы) аденомада эпителий жасушалары бір-бірімен бірігіп түтікшелер түзеді; 3) альвеолалы (немесе ацинарлы) аденома қуыстары біраз кең безді құрылымдардан тұрады; 4) бүртікті аденомалар кең қуыстарда эпителидің бүртіктер түзіп өсіп кетуіменжəне бұл қуыстарда көп мөлшерде сұйықтық жиналып қалуымен сипатталады. Жасушалардың ядролары базалды бөлігінде жайғасқан, ұзынша, гиперхромды боялған. Аденоманың бұл түрі көп ретте қатерлі ісікке айналып кетеді. Егер аденома құрамында эпителиден көрі дəнекер тін өсуі басым болса, бұл ісікті фиброаденома деп атайды. Қатерлі ісіктер. Эпителиден туындайтын қатерлі ісікті карцинома деп атайды. Карцинома адамдағы қатерлі ісіктің түрі, ол түйін түрінде, не жайыла өскен, ақшыл реңдегі ісік, қатты, кейде жұмсақ болады. Əрбір ағзаның карциномасы өзіне тəн морфологиялық көріністерге ие. Рагты жіктегенде оның микроскоптық өзгерістері есепке алынады. Осы принцип бойынша карциноманың мына түрлерін ажыратады: 1) «эпителиішілік карцинома»; 2) жалпақ жасушалы; 3) безді; 4) шырышты; 5) солидті; 6) майда жасушалы; 7) фиброзды; 8) медуллярлы карцинома. «Эпителиішілік карцинома» немесе «Carcinoma in situ» эпителий қабатының ішінде өсетін карцинома, көпке дейін айналасындағы тіндерге бойлап кірмейді. Микроскоппен қарағанда жасуша атипизмін, көптеген митоздарды көреміз. Жалпақ жасушалы (эпидермалдық) карцинома терінің, шырышты қабаттардың жалпақ не өтпелі эпителийінен өсіп шығады. Бұл карцинома безді ағзалар эпителийінен, мысалы, бронхтарда, асқазанда метаплазия жолымен де өсіп шығуы мүмкін. Жалпақ жасушалы карцинома кейде жалпақ эпителиге тəн қасиетке, яғни кератин түзу мүмкіншілігіне ие. Осы белгіге қарап жалпақ жасушалы карциноманың екі түрін ажыратады: түлеуші жəне түлемеуші карцинома. Егер ісік жасушалары түлеу қасиетін сақтаған болса, олар ісік арасында інжуге ұқсас, қабат-қабат жайғасқан құрылымдар түзеді, оларға 213 «карцинома інжулері» деп ат берілген (77-сурет). карциноманың бұл түрінде атипиялық жасушалар мен митоздар саны аз болып эпителидің жалпы құрылысы сақталады. Жалпақжасушалы карциноманың түлемейтін түрі ірі, ядролары үлкен көп пішінді жасушалардан түзілген, олардың арасында митоздар көп. Кератин кейбір жасушаларда ғана көрінеді. карцинома жасушалары əр түрлі қалыңдықтағы созылмалар немесе ұяшықтар түрінде өседі. Безді карцинома (аденокарцинома) ең жетілген карцинома қатарына жатады. Ол безді ағзалардық шырышты қабықтарының призмалық немесе текше тəрізді эпителиінен өсіп шығады. Ісік жасушалары көппішінді атипиялық безді құрылымдар түзіп айналасындағы тіндерге бойлай өседі. Ісік жасушаларының ядролары үзынша, базалды жайғасқан оларда митоздар көп, бездерінің негізгі мембранасының бүтіндігі бұзылған. Ісік жасушалары ацинустық, сорғыштық, тубулярлық құрылымдар да түзе алады Шырышты (коллоидты) карцинома ісік жасушаларының көп мөлшерде шырышты сұйықтық бөліп шығарумен сипатталады. Ісік ұстап көргенде іркілдеп тұрады, микроскоппен қарағанда шырышпен не коллоидпен толған қуыстар ішінде карцинома жасушалары көрінеді. Жасуша ішіндегі сұйықтық олардың ядросын шетке ығыстырып ісік жасушалары жүзікке ұқсап қалады (жүзік тəрізді жасушалар). Шырышты карцинома жетілмеген карциноманар қатарына жатады. Солидті карцинома (латынша solidum – қатты) аса тез өсетін ісіктер қатарына жатып, микроскоппен қарағанда бір-біріне тұтаса жатқан, аралары дəнекер тінмен бөлінген эпителий жасушаларынан түзілген. Ісік жасушаларының арасында митоздар көп. Ісік жасушалары коллаген затын түзе алу қабілетіне ие, сол үшін ісік қатты. Майдажасушалы карцинома жетілмеген карциноманар қатарына жатып, көбінесе өкпеде кездеседі. Ісік жасушалары майда, ядролары гиперхромды боялған лимфоцит тəрізді домалақ немесе арпа дəніндей сопақша, 215 ядрошықтары көрінбейді, ешқандай құрылымдар түзбейді. Бұл ісіктің карцинома тобына жатуын кейбір жағдайларда анықтау өте қиын. Фиброзды карцинома (скирр) сүт бездерінде, асқазанда көбірек кездеседі, өте қатерлі, ерте метастаз беретін карцинома. Ісік жасушаларымен бір қатарда дəнекер тін көп өсіп кеткен, сондықтан ұстап көргенде қатты (79- сурет). Медулярлы (аденогенді) карцинома ми тəрізді ақшыл жəне жұмсақ ісік. Микроскоппен қарағанда ісікте стромаға қарағанда, паренхима (жасушалар) басым болады. Жасуша атипизмі өте күшті болғандықтан, ісік тез өсіп, некрозға ұшырайды. Аралас (диморфтық) карцинома. Диморфты карцинома бір ағзада екі түрлі карциноманың қатар дамуы. Мысалы, жалпақ жасушалы карцинома пен аденокарциноманың, аденокарцинома мен майда жасушалы карциноманың бір ағзада дамуы, олар сирек кездесетін карциноманар қатарына жатады. |