Патан экзамен. Патан экз. 1. Дистрофия, анытамасы, этиологиясы, жіктелуі, морфологиялы механизмі, белокты, майлы, кмірсулы паренхималы дистрофия, морфологиялы сипаттамасы. Дистрофия
Скачать 161.65 Kb.
|
Остеомиелит Остеомиелит деп сүйек кемігінің қабынуын айтады. Бірақ қабыну үдерісі тез арада сүйек тініне жəне сүйекқабына өтеді. Этиологиясы. Қазіргі таңда 80-90% жағдайда остеомиелиттің қоздырушысы жылтыр (золотистый) стафиллококк болып саналады. Си- рек жағдайларда қанда басқада бактериялар (стрептококтар, пневмокок- тар, ішек таяқшалары, саңырауқұлақтар жəне т.б.) табылады. Инфекция негізінен гематогендік жолмен түседі - біріншілік гемтогендік остеомиелит дейміз. Көбінесе оның даму көзі анықталмай қалады. Кейбір жағдайларда инфекция сүйек айналасындағы іріңді қабыну ошақтарынан немесе сүйек жарақаттанғанда (сынғанда, оқ тигенде) тікелей жанасу жолымен түсуі мүмкін, бұл – екіншілік остеомиелит деп аталады. Клиникалық ағымы бойынша жедел жəне созылмалы остеомиелитті ажыратады. Жедел гематогендік остеомиелит кезінде іріңді қабыну дамиды, ол ісініп, сүйек кемігіндегі қысым көтеріліп, ірің Гаверс өзектеріне жəне периостқа өте бастайды. Периосттық сүйектің компакты (тығыз) қабатынан ажырай бастауы сүйек тініндегі қанайналымының бұзылуына, кейде тромбтар пайда болу- ына жəне сүйектің шекараланған аймағының некрозына əкеледі. 38. Одонтогенді кисталар мен амелобластоманың клиника-анатомиялық формалары, этиопатогенезі, морфологиялық ерекшелігі, асқынуы. Одонтогенді кисталар Одонтогенді (тіске тікелей байланысты) кисталар. Киста деп сырты талшықты дəнекер тінмен қапталған, іші эпителимен көмкерілген қуысты атайды. Кисталардың даму себептеріне байланысты екі түрге бөлінеді: 1) одонтогенді (тіске тікелей байланысты); 2) тістен тыс пайда болған кисталар. Оларды мына топтарға бөлуге болады: 1) дизонтогенездік кисталар; 2) фолликулярлы (ішінде тістер бар) кисталар; 3) тіс түбіріндегі қабынудың əсерінен пайда болған кисталар. Дизонтогенездік кисталар тума ақаулар қатарына жатады. Көбінесе төменгі жақ сүйегі бұрышында азу тістердің орнына өсіп шығады. Морфологиялық құрылысына қарай бір қуысты жəне көп қуысты түрлерін ажыратады. Қабырғасының ішкіжиегін көп қабатты жалпақ эпителий астар- лайды, бұл эпителидің түлегені де байқалады. Операция жолымен алып тастағаннан кейін, бұл кисталар кейде қайта пайда болады. Фолликулярлы кисталар тістің өсе бастаған кезіндегі жетілмеген эмалінен дамиды. Кисталардың осы түрі жақ сүйектердің тіс ұяшығын құрайтын сүйектерінде орналасады. Қуыс қабырғасының ішкі қабатын көп қабатты түлейтін жалпақ эпителий астарлайды. Ал қуыстың ішінде бір немесе бірнеше тістер табылуы мүмкін. Қабынудан соң пайда болған кисталар тіске байланысты кисталардың құрайды. Кистаның бұл түрі тістің түбірін қаптап тұрған созылмалы периодонтиттің күрделі гранулемасынан дамиды. Микроскоппен қарағанда бұл кистаның фиброзды қабырғасы, ішкі жағынан көп қабатты жалпақ, түлемейтін эпителиі айқын көрінеді. Ал фиброзды қабырғаның өзінде лимфоциттерден, плазмоциттерден, гистиоциттерден құралған сіңбелер байқалады. Қабыну асқынғанда киста қуысына ірің толып кетуі мүмкін (240-сурет). Қабыну үдерісі түрлі жолдармен тараса гайморит жəне фронтит деген асқынуға соқтыруы мүмкін. Амелобластома Амелобластома (синонимі – адамантинома, эпителиалды одонтома) – тіс эмалінің жетілмеген эпителиінен өсіп шығатын қатерсіз ісік. Көбінесе 20 жастан 50 жасқа дейін кездесіп, төменгі азу тістерде көпке дейін байқалмай өсіп, кейіннен көлемі үлкейген кезде жақ сүйектерін зақымдайды. Рентген көрінісінде зақымданған сүйектер араның жеке немесе көп қуысты ұясы сияқты болып көрінеді. Ісіктің өзі жұмсақ пышақпен оп- оңай кесіледі. Макроскопиялық көрінісі бойынша оның екі түрін ажыратады: 1. солидты (қаттылау); 2) кистозды. Амелобластомалардың 4-6 пайызымалигнизацияға ұшырайды, ол одонтогендік карциносаркома деп аталады. Операция жолымен алып тастағаннан кейін амелобластомалар кейде қайта өсіп шығады. Микроскоптың көрінісі бойынша амелобластомалардың 5 түрін ажыратады: 1) фолликулярлы; 2) племорфты (тармақтанған); 3) акантоматозды; 4) негізді (базалды-жасушалы); 5) т?йіршікті-жасушалы (гранулярлы-жасу- шалы). Амелобластоманың солидты түрі қаттылау немесе жұмсақтау, ақшыл-сұр немесе қоңыр-қызыл түсті түйін болып көрінеді. Кесіндісін қарағанда бұл ісік маңайдағы тіндерден капсуламен шекараланған. Микроскоппен қарағанда сопақ немесе домалақ эпителийлі ошақтар (комплекстер) ара- сында дəнекер тіннің талшықтары мен қан тамырлары көрінеді. Эпителийлі кешендердің шет жағы бір қабат цилиндр тəрізді эпителимен жиектеледі, бұл жасушалардың ядросы үлкен, хроматині мол, ал эпителийлі кешендердің ор- тасында жұлдыз тəрізді тармақтанған жасушалар көрінеді (330-сурет). 39. Шығутегі аралас одонтогендік ісіктер, амелобластикалық фиброманың морфологиялық ерекшелігі. Одонтогендік фиброма Одонтогендік фиброма – бұл ісік көптеген фибробласттар мен дəнекер тін талшықтары жəне цементке ұқсас толықтай жетілмеген құрылымдардан тұрады. Амелобласттық фиброма – көбі одонтогендік эпителий топтарынан жəне тіс емізіктеріне ұқсас борпылдақ дəнекер тіннен құралады. Бұл ісік жастар- да жəне балаларда кездеседі. Малигнизацияға ұшыраған одонтогендік ісіктер тістің эпителилі жəне мезенхималы өнімдерінен дамуы мүмкін. Амелобластома Амелобластома (синонимі – адамантинома, эпителиалды одонтома) – тіс эмалінің жетілмеген эпителиінен өсіп шығатын қатерсіз ісік. Көбінесе 20 жастан 50 жасқа дейін кездесіп, төменгі азу тістерде көпке дейін байқалмай өсіп, кейіннен көлемі үлкейген кезде жақ сүйектерін зақымдайды. Рентген көрінісінде зақымданған сүйектер араның жеке немесе көп қуысты ұясы сияқты болып көрінеді. Ісіктің өзі жұмсақ пышақпен оп- оңай кесіледі. Макроскопиялық көрінісі бойынша оның екі түрін ажыратады: 1. солидты (қаттылау); 2) кистозды. Амелобластомалардың 4-6 пайызымалигнизацияға ұшырайды, ол одонтогендік карциносаркома деп аталады. Операция жолымен алып тастағаннан кейін амелобластомалар кейде қайта өсіп шығады. Микроскоптың көрінісі бойынша амелобластомалардың 5 түрін ажыратады: 1) фолликулярлы; 2) племорфты (тармақтанған); 3) акантоматозды; 4) негізді (базалды-жасушалы); 5) т?йіршікті-жасушалы (гранулярлы-жасу- шалы). Амелобластоманың солидты түрі қаттылау немесе жұмсақтау, ақшыл-сұр немесе қоңыр-қызыл түсті түйін болып көрінеді. Кесіндісін қарағанда бұл ісік маңайдағы тіндерден капсуламен шекараланған. Микроскоппен қарағанда сопақ немесе домалақ эпителийлі ошақтар (комплекстер) ара- сында дəнекер тіннің талшықтары мен қан тамырлары көрінеді. Эпителийлі кешендердің шет жағы бір қабат цилиндр тəрізді эпителимен жиектеледі, бұл жасушалардың ядросы үлкен, хроматині мол, ал эпителийлі кешендердің ор- тасында жұлдыз тəрізді тармақтанған жасушалар көрінеді (330-сурет). 40. Плеоморфты аденома этиопатогенезі, морфологиялық сипаттамасы, асқынуы. Аденома – безді ағзалар эпителиінен, олардың өзектерінен өсетін ісік. Ол айналасындағы тіндерден жақсы шекараланған, үлкендігі бірнеше миллиметрден, ондаған сантиметрге жететін, жұмсақ ісік. Аденомалар өсіп шыққан жеріндегі тіндерге ұқсас құрылымдар түзеді. Оның түрлері: 1) белдеулі (трабекулалы) аденома ісік жасушаларының бір-біріне жақын жатқан таяқша тəрізді құрылымдар түзуімен сипатталады; 2) түтікті (тубулярлы) аденомада эпителий жасушалары бір-бірімен бірігіп түтікшелер түзеді; 3) альвеолалы (немесе ацинарлы) аденома қуыстары біраз кең безді құрылымдардан тұрады; 4) бүртікті аденомалар кең қуыстарда эпителидің бүртіктер түзіп өсіп кетуіменжəне бұл қуыстарда көп мөлшерде сұйықтық жиналып қалуымен сипатталады. Жасушалардың ядролары базалды бөлігінде жайғасқан, ұзынша, гиперхромды боялған. Аденоманың бұл түрі көп ретте қатерлі ісікке айналып кетеді. Егер аденома құрамында эпителиден көрі дəнекер тін өсуі басым болса, бұл ісікті фиброаденома деп атайды. Плеоморфты аденомаорта жастан асқан адамдарда жиі кездесетін жəне сілекей бездер ісіктерінің 50 пайызын құрайтын ісік. Оның 90 пайызы шықшыт безінде дамиды. Жай көзбен қарағанда бұл ісік бөлшектенген тығыз,айқын шекараланған түйін түрінде көрініп, оның кейбір жері шеміршектеніп немесе шырыштанып тұрады. Микрокөріністе ісік екі компоненттен: эпителий жəне мезенхима өнімдерінен тұрады. Цилиндр тəрізді немесе куб тəрізді эпителий түрлі түтікшелер түзеді, сонымен қатар көп қабатты жалпақ эпителий тəрізді жасушалар болады. Бұлардың арасында шырыш толған қуыстар, қалыңдығы əр түрлі дəнекер тіннің талшықтары топталып, гиалинозға ұшырап жатқан ошақтар жəне хондроциттердің топтары көрінеді (333-сурет). Өте сирек жағдайларда бұл ісік құрамында жетілмеген сүйек тінінің өнімдері де байқалуы мүмкін. |