Патан экзамен. Патан экз. 1. Дистрофия, анытамасы, этиологиясы, жіктелуі, морфологиялы механизмі, белокты, майлы, кмірсулы паренхималы дистрофия, морфологиялы сипаттамасы. Дистрофия
Скачать 161.65 Kb.
|
17.Фиброзды, майлы, қантамырлы тіндерінің,сүйекті, шеміршекті, синовиалды және серозды тіннің қатерсіз және қатерлі ісіктерінің морфологиялық сипаттамасы. Мезенхима деп дəнекер тіндердің барлық түрлері пайда болатын эмбриондық тінді атайды. Мензенхимадан дəнекер тін, қан тамырлары бұлшықеттер, шеміршек жəне сүйек тіні, сірлі қабықтар (мезотелий) қан жасау жүйесі дамиды. Осы тіндердің жетіліп үлгермеген (камбиалдық) элементтерінен белгілі бір жағдайларда қатерлі жəне қатерсіз ісіктер өсіп шығады. Мезенхимадан өсетін қатерсіз ісіктер. Фибромажетілген талшықты дəнекер тіннен өсетін қатерсіз ісік. Ол теріде, теріасты шелінде, сүт безінде, жатырда, бұлшықет аралығында өсіп, бірте-бірте үлкейіп көлденеңі 4-6 сантиметрге жетеді. Ісік айналасындағы тіндерден капсуламен шекараланған. Құрамындағы жасушалар мен дəнекер тіннің арақатынасына байланысты фиброманы қатты жəне жұмсақ түрлерге бөледі. Жұмсақ фиброма негізінен фибробласт, фиброцит жасушаларынан түзілген, олардың арасында аралық тін мен жіңішке коллаген талшықтары көрінеді. Аралық тін ісінген жағдайда фибробласт жасушалары бір-бірінен алшақтап, жұлдыз тəрізді болып қалады. Ісіктің бұл түрін миксомадеп атайды. Қатты фиброма əр түрлі бағытта орналасқан дəнекер тін талшықтарынан жəне аз мөлшердегі фибробласт 218 жасушаларынан құралған. Ісік стромасы кейде гиалинге ұқсас қатты. Десмоидтық фиброма қатты фиброманың бір түрі, іштің тік бұлшықетінің апоневрозынан өседі. Ісік ұршық тəрізді, қатарласа орналасқан талшықтар түзетін, жасушалардан құралған. Десмоидтық фиброманың ерекшелігі – ол айналасындағы тіндерге ене шекарасыз өседі. Десмоид басқа жерлерде де өсуі мүмкін, оның экстраабдоминалды десмоид деп атайды. Дерматофиброма (гистиоцитома), терімен байланысқан дə некер тін ісігі. Ісік жасушалары кейде фибробласт жасушаларында коллаген түзіп, кəдімгі фибромаға ұқсап, кейде гистиоцит жасушалары басым болып, олардың арасында көпядролық цитоплазмасында май немесе гемосидерин бар, Тутон жасушалары пайда болады. Ісік құрамында қан тамырлары да көп, сондықтан дерматофиброманың ангиофиброма-тоздық, липидтік жəне сидерофилдік түрлерін ажыратады (М. Ф. Глазунов). Липома – май тінінің қатерсіз ісігі. Ол кесіп қарағанда сары немесе ақшыл сары түсті, салмағы 10-15 килограмға дейін жетуі мүмкін. Əдетте липома айқын шекараланған ісік, бірақ кейде ол бұлшықет арасына сіңіп өседі. Липома көлемі мен пішіні əр түрлі май жасушаларынан түзілген. Егер маймен бірге дəнекер тін өсіп кетсе, онда ісікті фибролипома деп атайды. Липома құрамында қан жасаушы элементтер болса оны миелолипомадейді. Бүйректің кыртысты қабатында май тінінен, қан тамырларынан жəне бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан құралған сирек кездесетін ісік – ангиомиолипома өседі. Гибернома қоңыр май тəрізді өт е сирек кездесетін ісік. Қоңыр май қалдықтары кездесетін жерлерде: омыртқа, бүйрек, бүйрекүсті безі айналасында, жауырын аралығында, мойында, қолтық астында дамиды. Қоңыр май алғашқы рет қысқы ұйқыға кететін жануарлардан табылған. Гибернома (латынша: hibernus – қысқы) термині де осы түсінікпен байланысты. Ісік коңыр түсті түйін түрінде өсіп, көлденеңі 5-8 сантиметрге жетеді. Ісік көппішінді, цитоплазмасы май тамшыларымен толған түйіршікті, ядросы хроматинге бай жасушалардан құралған. Олардың арасында өте ірі, кейде көпядролы жасушалар да кездеседі. Лейомиома бірыңғай салалы бұлшықет ісігі, көбінесе жатырда, асқазанішек жолдарында кездеседі. Ісік əртүрлі бағытта жайғасқан бұлшықет талшықтарынан түзілген. Ісік құрамында дəнекер тін басым болса, ол ісік фибромиома деп, қан тамырлары көп болса – ангиомиома деп аталады. Жатырда фибромиома салмағы 70 килограмға дейін жеткендігі анықталған (82- сурет) Рабдомиома көлденең жолақты бұлшықет ісігі жүректе, аяқ-қол бұлшықеттерінде өседі, оның көлденеңі 10-15 сантиметрге жетеді. Ісік ұрықтық кезеңдегі бұлшықет талшықтарына ұқсас жасушалардан жəне миобластардан құралған. Кейбір жасушаларда көлденең жолақтардың табылуы, бұл ісіктің рабдомиома екендігінің морфологиялық белгісі болып саналады. Қан жəне лимфа тамырлары ісіктері Қан жəне лимфа тамырлары ісіктерінің көпшілігі дизон тогенездік негізде дамиды. Олардың қатерсіз түрлеріне капиллярлық, каверналық, веналық гемангиомалар, гломусангиома, қатерсіз гемангиоперицитома, лимфангиома жатады. Капиллярлық гемангиома ең көп кездесетін ісік. Ол бет терісінде, мойында, арқада, көкшіл не қызғылт түсті дақ немесе түйін түрінде көрінеді (83-сурет). Микроскоппен қарағанда бір-біріне өте жақын жатқан. 1-2 қабатты, эндотелиге ұқсас, жасушамен астарланған, шекарасы анық білінбейтін майда қан тамырларынан (капиллярлардан) түзілген. Каверналық гемангиома қоңыр қызыл түсті түйін түрінде бауырда, асқазан-ішек жүйесінде, теріде кездеседі. Бауырдың каверналық ангиомасы жарылып кеткенде ішке қан кету мүмкін. Ол қабырғасы жұқа, ішкі қабаты эндотелий жасушаларымен астарланған, бірбірімен жалғасқан, қанмен толған ірі қуыстардан түзілген Веналық гемангиомада қан тамырларының саңылуы бір-бірінен қалың дəнекертіндік қабатпен бөлінген. Оның құрамында бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары да болады. Гломусангиома терідегі гломустардан, артерия жəне вена жүйелерін біріктіруші қан тамырлардан, оңың ішінде Суке-Гойер өзегі деп аталатын артериялық бөлігінен өсетін ісік. Микроскоппен қарағанда ісіктің тəртіпсіз орналасқан, ішкі қабаты эндотелимен қапталған майда саңылау тəрізді қан тамырларынан түзілгендігі көрінеді. Оларды пішіні домалақ не сопақша, цитоплазмасы ашық, ядролары гиперхромды боялған тығыз, эпителиоидты жасушалар қоршап жатады. Қатерсіз гемагиоперицитома капилляр айналасындағы перицит жасушаларының көбейіп өсіп кетуімен сипатталады. Эндотелий жасушаларында өзгерістер болмай-ды. Лимфангиома лимфа тамырларынан өсетін ісік. Олардың капиллярлық, каверналық, кистоздық түрлерін ажыратады. Лимфангиома жайылмалы түрде не бірнеше кисталардан түзілген түйін түрінде өседі, ол жайылмалы түрде өскенде ісік пайда болған жер үлкейіп, тілде макроглоссия, ерінде макрохейлия деп аталатын өзгерістерге соқтырады. Кистоздық лимфангиоманы кесіп қарағанда олардың ішінде сəл сарғыштау, мөлдір сұйықтық көрінеді. Қатерсіз синовиома көбінесе ірі буындарда кездесетін, көлденеңі бірнеше сантиметрге жететін, қоңыр аралас ақшыл түсті қатты ісік. Синовиоманың бір фазалы жəне екі фазалы түрлері бар. Бір фазалы сино-виома негізінен ұршық тəрізді, ал кейде тек ірі, цитоплазмасыашық түсті жасушалардан құралған. Екі фазалы синовиомада аталған жасушалардың екі түрі де кездеседі. Олардың арасында эпителиге ұқсас жасушалармен астарланған өзектер пайда болады. Ісік жасушаларынын арасында құрамында май тіні бар ксантомдық жəне полиморфтыядролы алып жа-сушалар да көрінеді. Бұл ісікке гемосидерин жиналып қалу тəн. Кейде сүйекке жəне шеміршекке айналған алқаптар көрінеді. Мезотелиома сірлі қабақтардың ішкі қабатын астарлап жататын мезотелий жасушаларының ісігі. Қатерсіз мезотелиома барлық сірлі қабықтардан, əсіресе, плеврадан жиі өсетін, қатты консистенциялы ісік. Ол өзінің микроскоптық көрінісі бойынша жасушаға бай фиброманы елестетеді. Остеома сүйек тінінің ісігі, оның тығыз жəне кеуек түрлері бар. Қалыпты жағдайда сүйек белгілі бір ретпен жайғасқан сүйек белдеулерінен түзілген болса, остеомада олар əр түрлі бағытта орналасқан жəне жетілу мерзімі əр түрлі сүйек тінінін құралған, араларында пластинкалық жəне талшықтық сүйектіні, кеңейген гаверс өзектері, сүйектің сорылу ошақтары да көрінеді. Остеоидтық – остеома (қатерсіз остеобластома) сүйектердің диафизінде кездесетін, диаметрі 1 сантиметрден аспайтын қатерсіз ісік. Ол бірбірімен жалғасып жатқан сүйекке ұқсас жəне кальций тұздары аз сүйек 222 белдеулерінен тұрады. Олардың арасында көпядролы алып жасушалар – остеокластар жəне дəнекер тін элементтері өсіп кеткен. Хондрома гиалин шеміршегінен өсіп шығатын қатты ісік (85-сурет). Ең көп кездесетін жері қолдың, аяқтың майда сүйектері, омыртқа. Ісік сыртқы қарап өссе – оны экхондрома деп, сүйек өзегіне қарап өссе – энхондрома деп атайды. Хондрома негізгі зат ішінде жеке-жеке түйіншелер түрінде орналасқан толық не шала жетілген шеміршек жасушаларынан түзілген. Қатерсіз хондробластома аралық затқа өте бай, хондробласт жасушаларынан түзілген ісік. Олардың арасында көпядролы алып жасушалар (остеокластар) да бар. Мезенхиманың қатерлі ісіктері Мезенхимадан өсетін қатерлі ісіктерді саркома (грекше sarcos – ет) деп атайды, олар кесіп қарағанда балық етіне ұқсас Саркоманың мезенхиманың қатерсіз ісіктерінен айыр машылығы, онда жасуша атипизмі жақсы дамыған, митоздар көп, айналасындағы тіндерге ене өсіп негізінен гематогенді метастаздар береді. Ісіктің тез өсуіне байланысты саркомда некроз ошақтары пайда болады. Фибросаркома дəнекер тіннің қатерлі ісігі, ол аяқ-қолдың жоғарғы бөлігінде, жұмсақ тіндердің арасында түйін түрінде немесе айналасындағы тіндерге ене өскен ісік түрінде байқалады (86-сурет). Фибросаркома басқа саркомаларға карағанда баяу өскендіктен, ауру дəрігерге көрінгенде ол əжептəуір үлкейіп, көлденеңі орташа 8 сантиметрге жетеді. Фибросаркома дəнекер тін талшықтары мен жасушаларынан түзілген. Оның жетілген жəне жетілмеген түрлері бар. Жетілген фибросаркома коллаген талшықтарынан тұрады, олардың арасында ұршық тəрізді, ядросы ірі, гиперхромды фибробласт 223 тəрізді жасушалар кездеседі. Ісікте типтік митоздар саны көп, атипиялық митоздар бірен-саран. Жетілмеген фибросаркомада жасушалар саны басым олардың ішінде атипиялық митоздар көп, ал строманың aздығы сондай кей жерлерде ісік тек жасушалардан құралған. Кейбір ісіктерде көпядролы, полиморфты жасушалар кездеседі. Ісікте некроз ошақтары, қан құйылған жерлер көрінеді. Жас балаларда тума фибросаркома кездеседі. Дерматофибросаркома терімен байланысты ісік, арқада, иықта жəне балтырда тері астынан томпайып түрған түйін түрінде байқалады. Ол баяу дамып, алып тастағанда қайта өсіп шығады (рецидив), бірақ метастаз беруі өте сирек. Ісік құрамында жасушалар да көп, олардың арасында көпядролы Тутон жасушаларына ұқсас жасушалар, цитоплазмасы көбіктенген, көппішінді атипиялық жасушалар, бұралған (муарлы) жəне ырғақты құрылымдар кездеседі. Липосаркома май тінінін, қатерлі ісігі, кез келген жаста кездеседі. Ісік өсіп, салмағы 3 кг жəне онан да көп болады. Кесіп қарағанда түйін түрінде немесе айналасын да шекарасыз өсіп кеткен ісік түрінде көрінеді. Түсі ақшыл сары, кейде қан құйылу, некроз ошақтары болуына байланысты шұбарланған. Липосаркоманың бірнеше түрі бар: 1) негізінен жақсы жетілген липосаркома. Бұл жерде липоциттерде өзгерістер аз, ядролары гиперхромды, митоздар сирек, арасында дəнекер тін талшықтары көп, 2) миксоидтық (ұрықтық) липосаркома ұрық кезеңіндегі май тінін елестетеді. Шырышты тін арасында липобластар жəне липоциттер көрінеді, 3) домалақ жасушалы липосаркома негізінен майда липоциттерден түзілген, 4) көппішінді (жетілмеген) липосаркома жасушалар 224 құрамының түрлілігімен жəне ядролардың айтарлықтай атипизмімен сипатталады. Қатерлі гибернома ісік жасушаларының арасында бірядролы жəне көпядролы, ерекше ірі, атипиялық жасушалардың болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қатерсіз гиберномаға тəн жерлерде кездеседі. Қатерлі лейомиома (лейомиосаркома), бірыңай салалы бұлшықет ісігі, оның екі түрі бар: 1) Типтік қатерлі лейомиома кəдімгі лейомиомаға ұқсас, олардан тек жасуша атиптігімен ғана ерекшеленеді. 2) Атипиялық қатерлі лейомиомада жасушалар полиморфизмі басым, əсіресе көпядролы симпластардың болуы осы ісік үшін тəн морфологиялық белгілердін, бірі болып саналады. Рабдомиосаркома өте қатерлі ісіктердің бірі, көптеген метастаз береді. Микроскоппен қарағанда бұл ісік көлденең жолақты бұлшықет жасушаларының ұрықтық, даму кезеңіне сай келетін полиморфты, айрықша атипизмді бірядролы, кейде қосядролы жасушалардан құралған. Бұл ісік диагнозын анық қою үшін цитоплазмасында көлденең жолағы бар бұлшықет жасушаларын іздеп табу керек. Лимфангиосаркома лимфа тамырларынан өсетін, атипті эндотелий жасушаларымен астарланған қуыстар түзетін ісік. Қатерлі синовиома. Синовиоманың қатерсіз түрі жоқ, деген ғылыми ұғым бар. Бұл жерде цитоплазмасы ашық немесе ұршық тəрізді жасушалардан құралған ісік көрінеді. Синовиоманың екінші түрі ұршық тəрізді жасушалы саркоманы елестетеді, олардан тек ашық жасушалардан түзілген, эпителийге ұқсас қүрылымдар барлығымен ғана ерекшеленеді. Дегенмен қатерлі синовиомада жасуша атипизмі көбірек кездеседі Қатерлі мезотелиома сірлі қабықтардың өте қалыңдап ке туімен, олардың қуысының тарылып немесе бүтіндей тығындалып қалуымен сипатталған ісік. Мезотелий жасушалары безді өзектерге ұқсап не бүрлі құрылымдар түзіп, солардың ішін жəне сыртын қаптап жатады. Ісік стромасы дəнекер тін талшықтарынан тұрады. Олардың арасында бірядролы не көпядролы алып жасушалар да кездеседі. Мезотелиома сан түрлі көрініске ие болып кейде аденокарциномаға, кейде саркомаға ұқсайды. Осындай полиморфизм жəне ісіктің сірлі қабаттарда орналасуы мезотелиома үшін тəн қасиет. Остеосаркома сүйектің қатерлі ісігі (92-сурет). Ол негізінен ұзын сүйектерде өседі. Ісіктің остеобластық жəне остеолизистік түрлерін ажыратады. Ісіктің бірінші түрінде сүйек түзу үдерісі басым, сондықтан ісік өте қатты. Ісіктің екінші түрінде ісік арасында жұмсақ тіндер де кездеседі. Микроскоппен қарағанда полиморфты атипиялық остеобласт жасушалары көрінеді. Ісік жасушалары айналасындағы сүйекті бұзып, өздеріне тəн жаңа ісік сүйегін түзеді. Сүйектер бұзылған жерде көпядролы, остеобласт жасушалары пайда болады. Бірақ жаңа түзілген остеоид тінге кальций тұздары шөгіп, нағыз сүйекке айнала алмайды. 18. Меланин түзуші тіннің қатерлі және қатерсіз ісіктері, морфологиялық сипаттамасы. Меланин түзуші тіннің ісіктері Алғашқы меланин түзуші жасушалар (меланоциттер) теріде, көздің нұрлы қабықшасында жəне ми қабықтарында дамиды. Теріде əрбір он негіздік (базалдық) жасушаға бір меланоцит жасушасы тура келеді. Меланин түзуші жасушалардан: пигменттік невустар (тума ақаулар) жəне меланомалар (нағыз ісіктер) дамиды. Пигменттік невустар балалардағы ең көп кездесетін тума ақаулар қатарына жатады. Олар теріде жекелеген немесе өте көп, қоңыр түстегі жалпақ кейде азырақ томпайған қал (мең) түрінде көрінеді. Микроскоптық құрылымына қарап невустың төмендегі түрлерін ажыратады: 1) шекаралық невус; 2) дермаішілік невус; 3) аралас (күрделі) невус; 4) эпителиоидтық немесе ұршықтəрізді жасушалық невус; 5) баллонға ұқсас жасушалардан түзілген невус; 6) галоневус; 7) көгілдір невус. Шекаралық невус эпидермис пен дерманың шекарасында ірі, домалақ немесе көпбұрышты, цитоплазмасы түссіз, ядросы көпіршіктенген невус жасушаларының топталуымен сипатталады. Бұл жасушаларда пигмент көп болмайды. Дерма ішілік невуста невус жасушалары тек дермада жайға сады, оларда пигмент көп. Аралас невус невус жасушаларының əрі эпидермисте, əрі дермада орналасуымен сипатталады. Эпителиоидтық (немесе ұршықтəрізді жасушалы) – невус балалар- да жəне жасөспірімдерде кездеседі. Сондықтан оны ювинилдік невус деп те атайды. Ол теріде қоңыр-қызыл түсті түйін түрінде көрінеді. Микроскоппен қарағанда невус ірі, цитоплазмасы əлсіз боялған, көбінесе ұршықтəрізді жасушалардан түзілген, олардың арасында митоздар көп. Көпядролы алып жасушардың болуы: осы ісік үшін тəн құбылыс. Ісік жасушаларында меланин өте аз, микроскоптық көрінісі меланомаға ұқсағанымен, ювенилдік невус өте жəй өседі, қатерлі ісікке айналып кетпейді, белгілі бір уақыттан кейін өзіненөзі жоқ болады. Баллонға ұқсас жасушалардан түзілген невус домалақ пішін ді, цитоплазмасы түссіз, ірі жасушалардан түзілген. Галоневус невус айналасында пигментсіз аймақтың пайда болуымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте жойылып орнында пигментсіз ақшыл дақ қалады. Көгілдір невус бетте, қол-аяқта, жамбаста, белде көгілдір түстегі, тегіс дақтар немесе қатты, қатпарлы табақша тəрізді ісіктер түрінде көрінетін 231 невустың ерекше бір түрі. Көгілдір невус дермаішінде ұзынша келген, меланинге өте бай, əр түрлі бағытта жайғасқан жасушалар тобынан құрылған. Көгілдір невус дерманың ең терең қабаттарында жатады, ал эпидермис пен невус арасында өзгермеген дерма бар, невустың көгілдір түсі осы жағдайға байланысты. Егер көгілдір невус құрамында жасушалар өте көп болса жəне олардың арасында жасушалар полиморфизмі, бірлі-жарымды көпядролы алып жасушалар пайда болса, оны пролиферацияланушы немесе жасушалы көгілдір невус дейді. Балаларда іштен туылған алып пигментті невус кездеседі. Невустың түрі қоңыр, аяқты, кейде арқаны түгел қамтиды, түк басқан невус, сирек жағдайлары қатерлі ісік – меланомаға айналып кетуі мүмкін. Меланома аса қатерлі ісіктер қатарына жатып, меланоцит жасушаларынан дамиды. Мелонама 20 жастан кейін, əсіресе 40-50 жаста көп кездеседі. Ол көбінесе пигменттік невустардан кейін, кейде алдын ала өзгермеген теріде де өседі. Меланоманың түсі қара-қошқыл немесе қап-қара, үстіңгі қабаты жараланып, қанап тұрады. Өсу сипатына қарап меланоманың: беткей, жайыла өсуші жəне түйінді түрлерін ажыртады. Меланоманың бірінші түрінде ісік жасушалары эпидермис аймағында көлденеңіне (радиалды) өседі. Ісік жасушаларының эпидермистен дермаға, одан шел қабатына ене өсіп, метастаз беруі бірнеше жылға созылады. Меланоманың екінші түйінді түрі ə дегеннен терінің барлық қабаттарына яғни эпидермистен дермаға қарай тікелей бойлап өсе бастайды. Тері меланомасы сирек ісіктер қатарына жатып, еркектерде ісіктердің 0,8%-н, əйелдерде – 1,4%-н құрайды. Меланоманың прогнозы оның инвазиялық өсу ерекшеліктеріне байланысты. Ол Кларк бойынша 5 деңгейге бөлінеді: І – (меланома in situ) меланома жасушалары эпидермис ішінде, базалдық мембранадан əрі өспейді; ІІ – дерманың сорғышты қабатына өсуі (инвазия); ІІІ – дерманың ретикулярлық қабатына дейін өсуі; ІҮ – ретикулярлық қабатта өсуі; Ү – теріасты шелмайына инвазия. Бреслоу ісіктің қалыңдығын өлшеу арқылы болжам жасайды. 0,76 ммден жұқа ісіктер І жəне ІІ деңгейді (Кларк бойынша), 0,76 мм-ден қалың ісіктер ІҮ деңгейге сəйкес келеді. Егер ісік қалыңдығы 1,5 мм-ден асса ісік болжамы қиындайды. Микроскоптық көріністеріне қарап меланоманың: 1) эпителиге ұқсас жасушалы, 2) ұршыққа ұқсас жасушалы (96-сурет), 3) майда жасушалы (невожасушалы), 4) алып жасушалы, 5) баллонға ұқсас жасушалы түрлерін ажыратады. Меланоманың клиникалық көріністері, оның жасушалық құрамына аса тəуелді емес. 232 Эпителиге ұқсас жасушалардың түзілген меланома осы ісіктің ең көп кездесетін түрі. Бұл меланома эпителий жасушаларына ұқсас, ірі, əр түрлі пішіндегі, атипиялық пигментке өте бай жасушалардан құралған. Олардың арасында митоздар көп, бірлі-жарымды бір немесе көпядролы алып жасушалар да кездеседі. Ісік жасушаларының цитоплазмасы кейде көпіршіктеніп тұрады Меланоманың пигментсіз түрі де кездеседі. Бұл ісіктердің меланомаға тəн екендігін ісік метастаздарында меланин пайда болғанда ғана дəлелдеуге болады. Меланома - өте тез гематогендік (97-сурет) жəне лимфогендік метастаз бергендіктен, организмде меланин мөлшері көбейіп, тері қараяды (меланодермия) немесе меланин зəрмен шыға бастайды (меланоурия). |