Главная страница

Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер


Скачать 0.5 Mb.
НазваниеБалалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Дата27.11.2018
Размер0.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаped100.docx
ТипДокументы
#57900
страница14 из 16
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
/л, тромбоциттер 80 мың, ретикулоциттер-2промиль, лейкоформулада: эоз-1%, т/я -2%,с/я-12%, лимфоциттер-82%, моноциттер- 5%,. СОЭ-28 мм/сағ.

Мыналардың қайсысын диагностикада қолданған тиімді?

-Абдоминальді пункция

- Буынның пункциясы

- Жұлынның пункциясы

- плевральді пункция

- Стернальді пункция

?

6 жастағы әлсіздікке шағымданған баланы жалпы қарауда: перифериялық лимфа түйіндерінің бұршақтың көлеміндей ұлғаюы, бауырдың +1,5 см-ге ұлғаюы байқалды. Қанында анықталды: HB-110г/л, эритроциттер 3,1 млн, лейкоциттер 25,3х /л, тромбоциттер 80 мың, ретикулоциттер-2промиль, лейкоформулада: эоз-1%, т/я -2%,с/я-12%, лимфоциттер-82%, моноциттер- 5%,. СОЭ-28 мм/сағ.

Аталғандардың қайсысы фармокотерапияда қолданылғаны тиімді:

- УКС + жүрек гликозидтері

- Сәулелендіру + дезагрегаттар

- Химиотерапия + инсулин

- сәулелендіру + тиоурацил

- Сәулелендіру,полихимиотерапия

?

7 жастағы бала, 6 айдан бері ауру. Әлсіз, тәбеті төмендеген. Ата-анасы терінің бозарғанын, тез шаршағыштықты, аз қозғалысты, тұйықтықты байқаған. Анамнезінде лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүретін жекелеген ЖРВИ анықталды. Обьективті қарағанда: тері бозарған, қолтық ойысы , шап аймағында , жыныс мүшесі мен мойнында қола түсті пигментация, бетінде петехия тәрізді геморрагиялық бөртпе, дисэмбриогенездің кіші белгілері (қолдадағы бас бармақтың дисплазиясы, құлақ қалқаны деформациясф, гипоспадия). Физикалық дамуының артта қалуы, боймен салмақты пропорционалды қатынасының төмендеуі. Төмендегі синдромдардың қайсысына жақын? 

- Гоше ауруы

- Эстрема-Дамешек анемиясы 

- Жүре пайда болған анемия 

- Теміржетіспеушілік анемия 

- Фанкони анемиясы 

?

14 жасар қыз бала өт тас ауруымен ауырады. Ауру ауырсынусыз өтеді. Тексеріс нәтижесінде кальфицирленбеген, жекеленген 0,5 см конкеремент анықталды. Сіздің емдеу тактикаңыз:

- оперативті ем.

- холекинетик тағайындау

- спазмолитикалық терапия

- холеретиктер тағайындау

- урсодезоксихолий қышқылы препараттарын тағайындау +

?

10 жасар қыз бала созылмалы гастродуоденит диагнозымен Helicobacter pylori анықталған. Әкесінде – ойық жара. Зерттеу нәтижесінде Helicobacter pylori жанұя мүшелерінің барлығында анықталған. Сіздің емдеу тактикаңыз:

- Балаға кемінде 4 аптадан тұратын антацидті препараттармен емдеу жүргізу

- Отбасы мүшелерінің барлығына бір уақытта эрадикациялық терапия тағайындау

- Әкесіне және баласына бір уақытта эрадикациялық терапия тағайындау

- ФЭГДС өткізіп, патология анықталған жағдайда эрадикациялық терапия тағайындау

- Балаға эрадикациялық ем курсын жүргізу

?

15 жасар ұл бала он екі елі ішек ойық жарасымен ауырады. Профилактикалық тексеріс кезінде асқыныстар анықталған жоқ. Осыған дейін физиотерапия, спазмолитиктер, антисекреторлы терапия курстарын алған. Зерттеу нәтижесінде Helicobacter pylori оң нәтиже көрсетті. Сіздің тактикаңыз қандай:

- Спазмолитикалық тағайындау

- Антацидтер қабылдау

- Емдеудің қажеті жоқ

- Фитотерапия тағайындау

- Эрадикациялық ем жүргізу

?

14 жасар ұл бала 4 жыл көлемінде он екі елі ішек ойық жарасымен ауырады. Зерттеуде Helicobacter pylori анықталды. «Үштік» антихеликобактериялық терапия қабылдаған. 6 апта бұрын өткізілген эрадикация бақылауы Helicobacter pylori ге оң нәтиже берді. Сіздің емдеу тактикаңыз:

- Антацидты терапия

-Протонды помпа ингибиторларының үзілісті курстық терапиясы

-протон помпасының ингибиторларымен терапия

-Хирургиялық ем

-Эрадикациялық квадротерапия тағайындау

?

Бала 10 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына дене температурасының жоғарлауына, басының ауруына, бүкіл денеде, сонымен қатар бастың шашты бөлігіндегі розеолезді-везикулезді сипаттағы бөртпеге шағымданған. Ол оқитын мектепте желшешекпен сырқаттанған балалар болған. Бала желшешек диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Науқасқа жергілікті емнің қандай әдісін қолдану керек:

-бөртпе элементтерін жару

-бөртпе элементтерін гормоналды маймен өңдеу

-жалпы ваннаға түсіру

-тері жамылғыларын УФ сәулелендіру

-бөртпе элементтерін бриллиант жасылымен өңдеу

?

Бала 5 жаста. Бетінде, жазу беткейлерінде қызғылт түсті, дақты сипаттағы, бірікпейтін бөртпелер бар, шүйде лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Сіздің диагнозыңыз:

-қызылша

-скарлатина

-лимфаденит

-қызамық

-паротит

?

Бала 4 жаста. Қараған кезде бет терісінде, жазу беткейлерінде ұсақ дақты, қызғылт түсті, бірікпейтін бөртпе мен артқы мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Баланың гемограммасынан қандай өзгерістерді күтесіз:

-атипті мононуклеарлар

-лейкоцитоз

-ретикулоцитоз

-плазматикалық жасушалар

-цитомегалар

?

Аймақтық педиатр балада инфекционды мононуклеоз бар деп күдіктенді. Қанның жалпы анализінде 30% атипті мононуклеарлар табылды.

Инфекционды мононуклеозбен ауырған балада қандай клиникалық белгілер болуы керек:

-баспа синдромы, экзантема синдромы, лимфоаденопатия

-баспа синдромы, экзантема синдромы, спленомегалия

-баспа синдромы, экзантема синдромы, гепатомегалия

-баспа синдромы, экзантема синдромы, панкреатит

-баспа синдромы, лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия, экзантема мүмкін

?

Балаға 5 ай. Сырқаттанғанына 1 апта болған. Сырқаты 38° С дене қызуымен басталды, тамақтанғаннан соң құсу пайда болды, нәжіс 8 ретке жиіледі, сулы, қызғылт сары түсті, ақ қорытылмаған түйіншектермен. Соңғы күндері құсуы тұрақты, нәжісі 12-15 дейін жиіледі. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, тургоры мен серпімділігін бірнеше төмендеген, еңбегі толы. Іші кепкен, ішектері шұрылдайды, сигма түйілмеген (спазмдалмаған). Анусы үңіреймеген. Сіздің болжамдау диагнозыңыз.

-дизентерия

-брюшной тиф

-сальмонеллез

-тырысқақ

-эшерихиоз

?

5 жастағы баланың диагнозы: Бронхиальды астма, ауруханада жатқанына 10-шы күні дене қызуы 380С-қа дейін көтеріліп, шайнағанда ауырсыну, басының ауырсынуы, қайталап құсу, ішінің ауырсынуы пайда болды. Дәрігер қарап пальпация жасағанда ауырсынатын екі жағында құлақ маңының ісінуін, сілекей бөлінуінің төмендегенін, терісінің қызармағанын байқаған. Сіздің болжамдау диагнозыңыз:

-дифтерия

-менингококкты инфекция

-цитомегаловирусты инфекция

-энтеровирусты инфекция

-паротитті инфекция

?

Созылмалы аурулары жоқ, жиі ауыратын, жүйкелік-психикалық, физикалық дамуында бастапқы өзгерістері бар, функциональды ауытқушылықтары бар балалар қандай денсаулық тобына жатады:

-I денсаулық тобы

-I денсаулық тобы

-III денсаулық тобы

-IVденсаулық тобы

-Vденсаулық тобы

?

9-жасар қыз балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық түрі, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, созылмалы ағымы,ауыр, НК2Б» диагнозы анықталды. Қанайналым жетіспеушілігінің қандай белгілері балада бар?

-Бетінде ісік, асцит, жөтел, ентікпе, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард

-Асцит, жөтел, бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы, гидроперикард

-Жөтел, ентікпе, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әр түрлі калибрлы сырылдар, бауыры қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы

-Аяғында ісік, ентікпе, гидроторакс, жөтел, тахикардия,өкпеде құрғақ сырылдар

-Асцит, жөтел, ентікпе,бауыры қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

?

Дәрігердің қабылдауында 6 айлық қыз бала. Бала жедел ауырған, таңертең дене қызуы 38,7°С, жоғарылап, бала селқостанып, тәбеті төмендеген, мұрын-жұтқыншақ жағынан айқын катаральды өзгерістер, мұрыны бітеліп, жөтел пайда болған. Бала ана сүтімен қоректенеді, дамуы қалыпты. Өкпесінде қатқыл тыныс. Диагноз қойыңыз :

-Гипертермия

-Катаральды баспа

-ЖРА, жеңіл дәрежелі ауырлықта

-ЖРА,орташа дәрежелі ауырлықта

-ЖРА,ауыр дәрежелі ауырлықта

?

9 айлық қыз бала. Шағымдары: салмағының азаюы, дауысының қарлығуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, енжарлық. Объективті: баланың жалпы жағдайы ауыр. Дауысы афониялы, тынысы баяулаған. Дене салмағы 30% кем. Сусыздану белгілері анықталады.

Төмендегі келтірілген тактикалардың қайсысы орынды?

-Емханалық ем тағайындау

-Ауруханаға жолдау

-ФГДС тағайындау

-Диспансерлі бақылау

-Диетологқа жолдама беру

?

9 жасар қыз бала. Анамнезінде: 5 жыл бойы ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады, желшешекпен, қызылшамен, баспамен екі рет ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі мен шырышты қабаттары бозарған, сұрғылт реңмен. Бетінің, балтыры мен табанының, алдыңғы құрсақ қабырғасының ісіңкілігі байқалады. АҚҚ 150/110 мм. сын. бағ. Жүрек шекарасы: 3 қабырғадан жоғары, оң жағы төстің оң қырында, сол жағы бұғана ортаңғы сызығынан 1 см сыртқа қарай. Жүрек үндері ырғақты, үнді, ЖЖЖ 72рет/мин. Жүрек ұшында дөрекі емес систолалық шу естіледі. Диурез 400 мл тәулігіне, зәрі лайлы, қоңыр түсті. Осы науқасты диспансерлеу уақыты қанша?

-1 жыл

-3 жыл

-5 жыл

-14 жыл

-өмір бойы

?

4 айлық қыз бала. Тәбеті төмендеген, емшек сүтінен бас тартады. Қарап тексергенде кеуде қуысының тартылуы, қосымша бұлшық еттерінің тыныс алуға қатысуы анықталады. Ентігу, тыныс алу жиілігі = 100 рет. Төмендегі келтірілген тактикалардың қайсысы орынды?

-Ауруханаға жолдау

-Амбулаторлы емдеу

-Инфекционисттің кеңесі

-Күндізгі стационарға жолдау

-Госпитализацияға көрсеткіш жоқ

?

11 айлық ұл бала. Шағымдары жоқ. Анамнезінде: анасы АИТВ– тасымалдаушысы. Объективті: тері жабындысы бозарған, көзге көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсті. Лимфа түйіндері: құлақмаңы, қолтықасты, бұғана үсті, шап 3-4 см дейін ұлғайған. Лабораторлы көрсеткіштері: экспресс тест ELISA (+).

Төмендегі келтірілген тактикалардың қайсысы орынды?

-Амбулаторлы ем

-Күндізгі стационарға жолдау

-Стационарға зерттеуге жолдау

-Үйден стационар ашу

-Инфекционисттің кеңесіне жолдау

?

Бала 9 жаста, 2 апта бұрын баспамен ауырған. Соңғы 2 күнде кіші дәретке баруы азайған, зәрі қара-қоңыр түсті, бұлыңғыр. Қарағанда: бетінің, сирақтың ісінуі байқалады. АҚ 145/90 мм.сын.бағ. Тәулігіне 300 мл зәр бөлінген, зәрі қызыл-қоңыр түсті, бұлыңғыр. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы – 1024, ақуыз 1,5 г/л, Эритроциттер көру аймағында өзгерген. Клиникалық қан анализі: Hb-105 г/л, лейкоцит- 9,2*109, т.я.-7%, с/я-71%, эоз-1%, лиф.-18%, мон-3%, тромб-530*109, ЭТЖ-25 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 60 г/л, альбумин – 32 г/л, мочевина 15 моль/л, креатинин 140 мкмоль/л, калий 6,1 мэкв/л. Эндогенді креатинин бойынша клиренс – 52 мл/мин. Науқастың бүйрек қызметі қалай бағаланады:

-жедел бүйрек жеткіліксіздігі

-бүйрек қызметінің бұзылуынсыз

-жедел кезеңді бүйрек жеткіліксіздігі

-бүйректің концентрациялық қызметі төмендеген

-созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

?

ЖТД қабылдауында 9 ай 15 күндік баласымен анасы келді. 3 күн бойы жөтелуіне шағымданады, бұны суық тиюмен байланыстырады. Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) минутына 50 рет. Тыныс алу жиілігін санын бағалаңыз. БЖАЫЖ сәйкес жіктемені таңдаңыз:

-Пневмония. ТАЖ – қалыпты

-Пневмония жоқ. Жөтел немесе тұмау. ТАЖ – қалыпты

-Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс. ТАЖ – жиілеген

-Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру. ТАЖ – жиілеген

-Өте ауыр фебрилді ауру. ТАЖ –жиілеген

?

Отбасылық дәрігерге профилактикалық қабылдауға 5 айлық бала келді. Қараған уақытта ешқандай шағымдары жоқ. Ана сүтімен тамақтанады. Анамнезінен: бірінші жүктіліктен, 38-39 аптадағы бірінші босанудан туған. БЦЖ вакцинациясы өмірінің үшінші күні босану үйінде жасалған. Туберкулезбен ауырған науқас адамдармен қатынаста болған жоқ. Объективті: физикалық және жүйкелі-психикалық дамуы жасына сай. Мүшелер бойынша ақаулар жоқ. Сол йығын қарағанда БЦЖ дамуының белгілері жоқ. Осы балаға қатысты отбасылық дәрігердің әрекеті:

-Қайтадан вакцинация жасауға болмайды

-6 айға дейін алдын ала жасалған Манту сынағынан кейін вакцинациялау

-6 айдан кейін Манту сынағынсыз вакцинациялау

-6 айға дейін Манту сынағынсыз вакцинациялау

-1 жаста алдын ала жасалған Манту сынағынан кейін вакцинациялау

?

Қыз бала 5 ай, АКДС-2 вакцинациясынан кейін 3 сағаттан соң ащы айқай, монотонды жоғары нотада, 8 сағатқа созылған айқай пайда болды. Осы балада қандай профилактикалық егуді қолданған ең тиімді?

-Жеке календарь

-Абсолютты медициналық әкету

-Салыстырмалы медициналық әкету

-Иммунизация АД мен жалғасуы мүмкін

-Иммунизация АДС-М мен жалғасуы мүмкін

?

1,8 айлық бала. Клиникада мына диагнозбен қаралды: кеш миокардит, ауыр дәрежелі. Баланың жағдайының нашарлауы үдей түскен, ТАЖ минутына 65 ретке дейін жоғарылаған, цианоз, тынысы шулы, жөтел көпіршікті қақырықпен, жүрек тондары тұйық, өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдардың көп мөлшері естіледі. Рентгенограммада венозды іркілу анықталады. Бұл симптоматика мен рентгенологиялық көрініс неге негізделген:

-Бронхиолиттің дамуымен

-Пневмонияның дамуымен

-Өкпе існуінің дамуымен

-Кардиосклероздың дамуымен

-Пневмосклероз дамуымен

?

Бала 11 айда, салмағы 9 кг. Дене қызуының 39,50 С жоғарылауы анықталады, терісі бозғылт тырнақ беті мен аузы көгерген, «ақ дақ» симптомы оң. Аяқ қолдары суық. Шұғыл шаралар қандай?

-парацетамол 100 мг

-парацетамол 100 мг+ тамыр кеңейткіш препараттар

-парацетамол 120 мг + спиртті ерітіндімен сүрту

-парацетамол 150 мг + ірі тамыр маңына мұз қою

-парацетамол 200 мг+ ампициллин 250 мг

?

10 айлық бала стационарға физикалық дамуының артта қалуына (дене массасы 7,0кг), физикалық және эмоциональді жүктемеде ентігу мен цианоздың пайда болуына шағымданып түсті. Қарағанда тері жамылғысы диффузды цианозды. «барабан таяқшасы» және «сағат шынымы» симптомдары. Жүректің салыстырмалы тұйық шекаралары: сол жағы сол жақ бұғана сызығы, оң жағы оң жақ парастернальді сызық деңдейінде. Жоғарғысы 2қ/а. ЖЖЖ 150 рет мин. Бұғананың сол жақ қырында қатты систолалық шу естіледі, сол жақта 2 қ/а 2 тон әлсіреген. Осы науқасқа рентгенограммадағы қандай өзгеріс тән?

-жүрек көлеңкесі «етік» формалы

-жүрек көлеңкесі дөңгелек конфигурациялы

-өкпе артериясының кеңеюі, оң және сол бөліктеріне байланысты жүрек өлшемдерінің ұлғаюы

-жүрек бүйірімен жатқан жұмыртқаны еске түсіреді

-трапецевидная форма сердца с вытянутым левым желудочком

?

Бала 12 жаста, ауруханаға бастың ауырсынуы, жүрек айнуы, әлсіздік, диурездің төмендеуіне, зәр түсінің өзгеруіне шағымданып түсті. 1 жасына дейін атопиялық дерматитпен ауырған. 1 жастан кейін ЖРВИ мен 3 рет баспамен ауырған. 3 апта бұрын баспамен ауырған. Соңғы екі күн бұрын бастың ауырсынуы, жүрек айнуы, тәбеттің төмендеуі, кіші дәретке сирек баратын болған, зәрі қара-қоңыр түсті, бұлыңғыр. Қарағанда: беттің ісінуі, сирақтың ісінуі байқалады. ҚҚ 145/90 мм.с.б. Берілген аурудың этиологиясы қандай?

-пневмококк

-стафилакокк

-стрептококк

-вирусты инфекция

-тағамдық аллергия

?

Жаңа туған балада жүрек қағысы минутына 100- ден аз,брадипноэ. Бұлшықет тонусы төмендеген. Рефлекторлық қозуы сақталған. Тері жамылғысының түсі күлгін бірақ төменгі жағында цианоздар байқалады. Жаңа туылған баланың жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз :

-4

-6

-8

-2

-10



Жаңа туылған бала. Тері жамылғысы күлгін. Брадипноэ, жүрек соғысы минутына -90. Жөтеледі, жоғары активті қозғалыстарда тітіркенеді. Баланың жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

-6

-7

-8

-5

-10

?

Бала И, жүктіліктің 32-33 аптасында. Кіндігі мойынды айналасын бір ораған. Жүктілік токсикозбен байқалған, АҚ жоғарылаған 140/90 дейін. Туған кезде ентігу минутына 60-70-ке дейін. 2-3 сағаттан соң күшейген. Дем алу "қорсылдаған", гапс-тынысы типті. Мұрын желбезегі деформацияланған, жақтары тыныс алу кезінде ісінген. Дене температурасы 35,80, гипорефлексия. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия. Бұл жағдайы көрсетілген балада:

- Орташа дәрежедегі асфиксия

-Ауыр дәрежедегі асфиксия

- Құрсақішілік пневмония

- Тыныс алу бұзылысының синдромы

- Аспирациялық мекония синдромы

?

Бала 6 айлық. Әлсіздікке, тәбетінің күрт төмендеуіне, қайталамалы құсыққа, іштің қатуына шағымданады. Бала екі апта аралығында ем ретінде тәулігіне 4 рет 5000ME араластырғыш майлы «D» витаминін қабылдаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа,шаршағыштық,тері асты май қабаты жақсы дамыған, терінің серпімділігі төмендеген, бауыры үлкейген. Сусыздануға қарамастан жеткілікті диурез. Диагнозы: гипервитаминоз <Д> . Терапия тағайындау

- Дезинтоксикациялық терапия жүргізу, Д дәруменді жалғастыру

- Д дәруменді жалғастыру 2500 МЕ дозада

- Д дәруменін тағайындауындауды тоқтату, С дәруменді енгізуді бастау

- Д дәруменін тағайындауындауды тоқтату, А, Е дәрумендерін тағайындау және дезинтоксикациялық терапия жүргізу
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


написать администратору сайта