Главная страница

Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер


Скачать 0.5 Mb.
НазваниеБалалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Дата27.11.2018
Размер0.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаped100.docx
ТипДокументы
#57900
страница2 из 16
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

?

Бронхиолитпен ауыратын науқасқа, гипоксия кезінде селективті емес адреномимектиктер тобындағы бронходилятаторлар не себептен жеңілдік әкелмейді?

-тыныс алу орталығын тежейді

+жүрекке оттегінің қажеттілігін арттырады

-өкпелік гипертензияны күшейтеді

-жөтелу орталығын тежейді

-иммуноглобулиндердің синтезін тежейді

?

Респираторлық бөлімшеге 1 жас 2 айлық бала келесі диагнозбен түсті: Жедел бронхиолит. Сальбутамол тағайындалды. Бұл науқасқа препараттың 1 реттік мөлшерін көрсетіңіз (мг/кг)?

- 0,30

+0,15

- 0,20

- 0,5

- 0,10

?

Созылмалы тығындалған бронхиолиттің қандай түрінде пневмосклероздың дамуына алып келетін, фиброзды және тыртықты өзгерістер терминалдық бронхиолаларда орналасады?

- жайылған

+констриктивті

-манифестті

-аз симптомды

- шапшаң

?

Созылмалы тығындалған бронхиолиттің қай түрінде фиброз және склероз дамытушы процесс альвеоларлық жол бойынша таралып, пневмонияның туындауына алып келуі мүмкін?

- жайылған

+пролиферативті

- манифестті

- аз симптомды

- шапшаң

?

11 жастағы науқас, стационарға дене қызуының 37,5 дейін жоғарылауына, бұлшықет әлсіздігіне, буындағы ауырсыну шағымымен түсті. Объективті қарағанда: бұлшықеттерін басқанда ауырсынады, білезік-алақан буынының жазғыш беткейінде эритематозды-көкшіл (лиловые) тері бөліктері байқалады. Қызғылт эритема және параорбитальді аймағы ісінген. Бұлшықет пальпациясында олардың ошақты тығыздалуымен қамыр тәрізді консистенциясы мен ауырсыну байқалады. Буындарда қимыл толық көлемде, бірақ бүккенде және жазғанда ауырсыну байқалады. Көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келуі мүмкін?

- жүйелі склеродермия

+дерматомиозит

- түйінді периартерит

- жедел ревматизімдік қызба

- жүйелі қызыл ноқта

?

4 жасар ер бала дерматологта беттің және аяқ-қол буындарының көкшіл (лиловая) эритемасы бойынша емделген. 1 жылдан кейін терідегі өзгерістерден басқа аяқ пен қолдың бұлшықеттерінің ауырсынуы қосылған. Жүрген кезде құлай бастаған, өздігінен керуеттен тұра алмаған. Стационарға жолданған. Сіздің диагнозыңыз?

-жүйелі склеродермия

-жүйелі қызыл жегі

+дерматомиозит

-ювенилді ревматоидты артрит

-ювенилді периартрит

?

Қыз бала 11 жаста, 1,5 айдан бері ауырады. Бетінде «көбелек» тәрізді бөртпе, деформация қалдырмайтын қайталамалы полиартрит көріністері байқалады. Ауыз қуысында ұсақ жаралар бар. Жүрек аускультациясында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. НЬ - 73 г/л, L - 2.8× 109 л , ЭТЖ - 61 мм/сағ. Протеинурия - 0.33-0.66 г/л. Бұл көрініс қандай ауруға тән.

-түйінді периартериит

-ювенилді ревматоидты артрит

+жүйелі қызыл жегі

-жедел ревматикалық қызба

-дерматомиозит

?

Кардиоревматологтың қабылдауына Рейно синдромымен педиатрда 4 жыл бойына бақыланып жүрген 12 жасар қыз бала жолданды. Дәрігер науқастан білезік буындарының дистрофиясы мен деформациясы, қол басы мен аяқ басының бұлшықет-буын контрактурасын, қол және аяқ терісінің тығыздығы мен жылтырлығын анықтады. Бұл көрініс қандай ауруға тән?

-дерматомиозит

-жүктілі қызыл жегі

+жүйелі склеродермия

-ювенилді ревматоидты артрит

-түйінді периартериит

?

Бала 6 жаста. Анамнезде жиі ЖРВИ. Баспадан кейін 2 аптадан соң артралигиялар, тершеңдік, бозару, қайталамалы анулярлы тері бөртпелері, тахикардия, жүрек аймағының үлкеюі, жүрек шуылы тұйықталып, жүрек түрткісінде үрлемелі тембрлі систолалық шу пайда болды. ЭТЖ- 44 мм/сағ, лейкоциттер - 12 х 109/л. Қандай диагноз сәйкес?

-ревматикалық емес кардит

-ювенилді ревматоидты артрит

+жедел ревматикалық қызба

- жүйелі қызыл жегі

-дерматомиозит

?

Несеп шығару жүйесінің инфекциясы кезіндегі зәр анализіне тән өзгерістер?

- протеинурия

- гематурия

+ лейкоцитурия

- цилиндрурия

- оксалурия

?

Пиелонефрит пен зәр шығарудың төменгі жолдарына дифференциальды диагноз қою үшін төменде берілген көрсеткіштердің ішінде ең маңыздысы не?

- іш ауырсынулары.

- лейкоцитурия мен бактерияның болуы.

+зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі.

- жиі кіші дәретке бару.

- түнгі энурездің пайда болуы

?

Қуық-несепағарлық рефлюкстің диагнозы кезінде қай диагностикалақ әдіс ең ақпаратты болып табылады?

-микробтық есеп және флораға зәр себуі

-УДЗ – диагностикасы

+жоғарылаған цистография

-изотопты ренография

-в/ішілік ренография

?

Жедел гломерулонефрит қай жаста жиі кездеседі?

-өмірінің 4-5 жасында.

-1-ден 3 жасқа дейін

+10-12 жастан жоғары

-өмірінің 6-7 жасында

-өмірінің 8-9 жасында

?

Жедел гломерулонефрит туындауына әкелуі мүмкін?

-жіті пневмония

-дизентерия

+импетиго

-жіті немесе созылмалы пневмония

-жіті менингококты пневмония

?

8 жастағы бала, 1 ай бұрын ауырған. Әлсіздік, геморрагиялық синдром, дене қызуы 37,8 С, шеткері лимфатүйіндердің ұлғаюы, бозғылт, баспа анықталған. Қанында Нв 68г/л, тромбоциттер 50.000, лейкоциттер-14,2х109/л , бласттар 27, эозинофильдер 1, таяқша 4, сегмент 46, лимфоциттер-18, моноциттер-4. Сіздің диагнозыныз?

-апластикалық анемия

-жіті лимфабластық лейкоз

+жіті лейкоз

-созылмалы миелолейкоз, бластты криз

-лейкомоидтық реакция

?

7 жастағы балада бір ай бойы әлсіздік, естен тану жағдайлары, жоғары температура, ентігу болған. Пневмония ШИК реакциясы гликогенге –«оң». Нв 54г/л, Тромбоциты 79, лейкоциттер 68, бласттар 7, т\я 3, с\я 25, лимфоциты 5. Диагноз қойыңыз?

-созылмалы миелолейкоз, бластты криз

-апластикалық анемия

+жіті лимфабластық лейкоз

-жіті лейкоз

-лейкомоидтық реакция

?

Науқас 4 жаста. Әлсіздікке, терідегі, шырышты қабаттардағы қан кетулерге, тамағының ауруына шағымданады. Дене қызуы жоғары, сүйек кемігінде жасушалары аз, бластық жасушалар 3%. Трепанобиоптатта май тіндері басым. Қанда Нв 52 г/л, лейкоциты 2,7х109, т\я 8, с\я 76, лимфоциттер 12, моноциттер 4. Диагноз қойыңыз?

-апластикалық анемия

-жіті лимфабластық лейкоз

+созылмалы миелолейкоз, бласттық криз

-жіті лейкоз

-лейкомоидтық реакция

?

13 жастағы бала 3 жыл бойы гематологтың бақылауында. Химиятерапияны алған. Бозғылт, спленомегалия, гепатомегалия, интоксикация. Нв 78 г/л, тромбоциттер 120х109, лейкоциттер 75х109, бласттар 6, базофильдер 3, эозинофильдер 5, промиелоциттер 6, миелоциттер 18, метамиелоциттер 21,т\я 24, с\я 13, лимфоциттер 4. Диагноз қойыңыз?

-апластикалық анемия

-жіті лимфабластық лейкоз

+созылмалы миелолейкоз, балстты криз

-жіті лейкоз

-лейкомоидтық реакция

?

Науқас, 8 жаста, 4 ай бойы әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуын байқайды. 2 апта бұрын мұрыннан қан кету, шырышты қабаттарда және теріде геморрагияларды байқаған. Қан анализдерінде ауыр анемия, тромбоцитопения, лейкопения. Стернальді пунктантта- атипиялық жасушалар, бластты трансформация жоқ. Сәйкес диагнозды таңдаңыз

-эритромиелоз

-лейкемоидтық реакция

+сүйек кемігінде қатерлі ісік метастазы

-екіншілік жіті лейкоз

-апластикалық анемия

?

Ұл бала 12 жаста, соңғы жылдан бері ащы, қуырылған, көп мөлшердегі тағам, газдалған су қолданғанда қарынүстілік аймақта ауырсыну мазалайды. Төс артында сирек ауырсыну және «бөлікті» тағам өткен кезде қиналады. Кекіру, қыжыл мазалайды. Аш болу кезінде эпигастрийде ауырсынуы бар. Іші ұлғаймаған, жұмсақ, терең пальпацияда семсер тәрізді өсінді астында аздаған қыжыл мен ауырсыну анықталды, ауырсыну пилородуоденальды аймақта да анықталады. Бауыр қабырға доғасының жиегіне сәйкес, ауырсынбайды. Нәжісі бірқалыпты, біріккен. НР-инфекциясына биопсиялық тест (де-нол тест) теріс. Сіздің қоятын диагнозыңыз қандай?

- он екі елі ішектің ойық жарасы

- созылмалы гастрит

+гастроэзофагальді рефлюксті ауру, терменальді эзофагит

- асқазан ойық жарасы

- панкреатит

?

Ұл бала 2 жаста. 6 ай бойы балада күніне 5-6 рет ыдыраған шырыш араласқан жиілеген нәжіс, соңғы 2 айда нәжісте қан жолақтары пайда болған. Жиі дефекация алдында ішінің ауырсынуы, тәбеттің төмендеуі, салмақтың төмендеуі, субфебрильді температура мазалайды. Антибиотиктер курсымен, бактериофаг, пробиотиктермен амбулаториялық ем қабылдаған, нәтижесі тұрақсыз. Іші үрленген, пальпацияда жиек ішекте ауырсыну, сигма ішек пен соқыр ішек спазмасы анықталады. Бауыры +1,5; +2; тығыздау, Мерфи, Кер симптомы оң. Колонофиброскопияда: Айқын қатынасты қан кету. Сигма тәрізді ішек пен тік ішектің шырышты қабаты сұр –қызғылт түсті, ошақты гиперемияланған,айқын қатынасты қан кету. Сіздің диагнозыңыз қандай?

-геморрой

-парапроктит

+бейспецификалық жаралы колит

-крон ауруы

-құрттар

?

Қыз бала 12 жаста, тамақтан кейін 30-45 минуттан соң пайда болатын іштегі тұйық, сыздаушы сипаттағы ауырсынуға, сонымен қатар әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, жиі бас ауруына шағымданады. Беткей және терең пальпацияда оң қабырға астында ауырсыну мен бұлшықеттерінің қатаюы байқалады, сонымен қатар эпигастрийде ауырсыну бар. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см шығып тұр, жиегі жұмсақ, ауырсынусыз, эластикалы. Греков –Ортнер симптомы оң. Нәжісі ретті, біріккен. Биохимиялқ қан анализінде : жалпы ақуыз 79 г/л, Ал AT - 30 Ед/л, АсАТ - 40 Ед/л, СФ - 150 Ед/л (қалыпта 70-140), амилаза - 78 Ед/л (қалыпта 10-120), тимол сынамасы - 4 ед, билирубин - 17 мкмоль/л, байланысқан. - 3 мкмоль/л. Клиникалық диагноз қойыңыз.

-холецистит

-өт жолдарының дискенизиясы, гиперкинетикалық түрі

+өт жолдарының дискенизиясы, гипокинетиикалық түрі

-холецистохолангит

-асқазанның ойық жарасы

?

Ұл бала 13 жаста, гастроэнтерологиялық бөлімге эпигастрийде орналасқан тамақтан кейін 15-20 минуттан соң дамитын, 30 минуттан бірнеше сағаттарға созылатын іштегі ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айну, аузындағы ащы дәмге шағымданған. Іші ұлғаймаған, терең пальпацияда эпигастрийде ауырсынады. Бауыр қабырға доғасынан 2 см үріліп тұр, жиегі жұмсақ, эластикалы, аздаған ауырсынулары бар. Ортнер симптомы оң. Биохимиялық қан анализінде: жалпы ақуыз - 80 г/л, АлАТ - 40 Ед/л, АсАТ - 40 Ед/л, СФ - 158 Ед/л (қалыпта 70-140), амилаза - 93 Ед/л (қалыпта 10-120), тимол сынамасы - 4 ед, билирубин - 18 мкмоль/л, байланысқаны - 2 мкмоль/л.

Клиникалық диагноз қойыңыз.

- өт жолдарының дискенизиясы

- жіті холецистит

+созылмалы холангит

- ойық жара ауруы

- панкреатит

?

Ұл бала 12 жаста, ішіндегі өткір ауырсынуға, оң қабырға астында орналасқан, оң жақ жауырын мен мықын аймағына берілетін ауырсынуға, жүрек айну, жеген тамағымен бірнеше ретті құсуына шағымданады. Ішіндегі ауырсыну тамақтан кейін 15 минуттан соң пайда болады. Осындай ұстама 7 ай бұрын болған. Нәжісі кезеңді түссізденген. Қарау барысында: терісі аздап сарғайған, склерасы субиктериялы. Іштің беткей пальпациясында іштің оң жақ бөлігі бұлшықеттерінің ригидтілігі, ауырсынуы байқалады. Өт қабы симптомдары: : Мерфи (+), Ортнера (+), Френикус (+). Диагноз қойыңыз.

-асқазан ойық жарасы

- холецистит

+өттас ауруы

- он екі елі ішек ойық жарасы

- гастрит

?

Егер балада диарея 14 күннен артық созылса және онда сусыздану белгілері болмаса, онда ауру БЖАИЖ бағдарламасы бойынша қалай жіктеледі:

-жіті диарея

- созылмалы диарея

+созылыңқы диарея

- атипті диарея

- дизентерия

?

БЖАИЖ бағдарламасы бойынша 1 аптадан 2 айға дейінгі балада ауыр сусыздану белгілері:

- диарея

- мелена

- гепатомегалия

+ көздерінің кіртиюі

- лимфа түйіндерінің ұлғаюы

?

БЖАИЖ бағдарламасына сәйкес нәрестедегі дизентерия белгісін көрсетіңіз:

- анустың гиперемиясы

- тенезмдер

- тенезмдер эквиваленті

+нәжістегі қан

- нәжістегі су

?

Медициналық қызметкерғ 1 айлық балаға БЖАИЖ бағдарламасы бойынша жергілікті бактериялық инфекцияны анықтады. БЖАИЖ бағдарламасына сәйкес, 1 аптадан 2 айға дейінгі балаға жергілікті бактериялық инфекцияны емдеу үшін қандай дәрі-дәрмек беру керек:

- тетрациклин

- бензилпенициллин

- гентамицин

+амоксициллин

-левомицетин

?

БЖАИЖ бағдарламасы бойынша 1 аптадан 2 айға дейінгі балаға амоксициллинді не түрінде берген жақсы:

- капсула

- ерітінді

- таблетка

+сироп

- ұнтақ

?

Бала 5 айлық, склерема, сарғаю, гепатоспленомегалия, гепатит, менингоэнцефалит. Зәр тұнбасынан үкікөз типті жасушалар анықталған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

- қызамық

- токсоплазмоз

- листериоз

+цитомегалия

- ұшық

?

Егер нәрестеде диареяны бағалау кезінде мазасыздану немесе ауырсынып тітіркену, көздерінің кіртиюі, тері қатпарының баяу жазылу белгілері табылатын болса, онда ауру шамалы сусыздану ретінде жіктеледі. БЖАИЖ бағдарламасына сәйкес тері қатпары баяу жазылады, егер ол ... секундтан артық уақытта жазылса.

- 4

- 1

- 3

+2

- 5

?

Медициналық қызметкер 1 айлық баладан диареяны анықтаған. БЖАИЖ бағдарламасына сәйкес, нәрестедегі диареяны бағалау кезінде анасынан міндетті түрде сұрауыңыз керек – бала нәжісінде ... бар-жоқтығын.

- острицалардың

- шырыштың

- қорытылмаған түйіршіктердің

+қанның

- ештене сұрамау керек

?

Бала 9 айлық. Жетілмеген. Объективті қараған кезде жағдайы қанағаттанарлық, бала өздігінен тұра алмайды, буындарды айтпайды, тісі жоқ. Маңдай және шүйде қатпарлары айқын білінеді, рахиттің белгілері, бұлшықеттің гипотониясы айқын. Диагнозды растау үшін қандай зерттеулер қолданылу керек?

- жұлын-ми пункция

- антропоментрия

- жалпы зәр анализі

+Ca, P және сілтілі фосфатазаға қан

- құсақ қуысының УДЗ

?

Бала 3 айлық. Мазасыз, салмағы өте аз, іш қату белгілері. Бала төспен тамақтанады. Серуендеуге сирек шығады. Туылған кезде салмағы 3100 гр, бойы 50 см. Объективті қарағанда тері асты шел май қабатының кеудеде және іште нашар дамыған. Тіндер тургоры төмен. Салмағы 4320 гр, бойы 59 см. Бақылау тамақтандыруда 80 мл сүт емді. Тропидті ағымындағы гипотрофия кезінде науқас балаға қандай фармакологиялық препараттарды тағайындау керек?

- инсулин

- глюкоза+ физ.ерітінді

- инсулин + физ.ерітінді

+инсулин + глюкоза

- Рингер ерітіндісі

?

Дәрігер-акушер 20 жасар жүкті әйелмен (36 апталық) рахиттің антенатальды алдын алуы жайлы сұхбаттасты. Дәрігер дәруменге бай тамақтануға, таза ауада серуендеуге, қыс мезгіліне және климаттың өзгерістеріне байланысты күн тәртібін және УФО курсын сақтауды ұсынды. Бала туылған соң, дәрігер нәрестеге қандай рахитқа байланысты спецификалық профилактикалық ұсыныс береді?

- емдік дене шынықтыру

- күніне 1-2 рет Гендевит поливитаминің

- құнарлы, дәруменге бай тамақтар

+күніне D500 ME Д дәрумені және УФО

- 2000-5000 МЕ Д дәрумені

?

Нәрестеге 15 күн. Анасы баласының тамақтан кейін,сондай-ақ біраз уақыттан соң жиі құсуына шағымданады. Іріген сүтпен құсады. Емуі белсенді, нәжісі қалыпты, патологиялық қоспаларсыз, диурезі жеткілікті. Анамнезінен босану тез болғаны белгілі, Апгар бойынша 6-7 балл. Өмірінің бірінші күнінен бастап құсады. Болжамды диагноз :

-лактазды жетіспеушілік

-пилоростеноз

-перинатальды энцефалопатия

-ішек дисбактериозы

+пилороспазм

?

3 айлық ұл бала. Анасының сөзі бойынша іш қату, іштің желденуі, екі реттік құсу мазалайды. Іш қатуы туғаннан мазалайды. Қазіргі кезде тазалау клизмалары мен газ шығарушы түтіктің әсері жоқ. Мүмкін диагноз?

-ішек өтімсіздігі

-Крон ауруы

-мегаколон

+Гиршпрунг ауруы

-копростаз

?

12 жастағы ұл бала. Қыжылдауға, қышқыл тағам қалдықтарымен кекіруге, ашқарында тамақ ішкеннен 1 сағат өткеннен соң эпигастрий аймағында ауырсынуға шағымданады. Эпигастрий аймағын пальпациялау кезінде ауырсыну байқалады. Эндоскопия қорытындысында: дөңгелек немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатының терең ақауы ақ фибринді жабындымен жабылған, қабыну сақинасымен қоршалған. Бұл ауруға сай диагнозды көрсетіңіз:

-Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, I балғын жара, перевисцерит

-Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизация бастауы, стеноз

+Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, I балғын жара, асқынусыз

-Асқазанның ойық жара ауруы, өршудің басылу сатысы, жараның жазылуы, асқынусыз

-Асқазанның ойық жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз

?

Анасы баласында ауыз қуысының шырышты қабығында жабын болуына шағымданып келді. Балаға 1 ай, омыраумен тамақтанады. Тамақтанғанда мазасыз. Жабынды 10 күн бойы сақталды. Қарап тексергенде: бала мазасыз, ауыз қуысы – қызарған ірімшікті жабындымен, тілі мен қатты таңдай , ұртты толығымен жабады. Басқа ағзалар бойынша өзгеріссіз. Диагноз:

-жіті герпетикалық стоматит

-молочница, жеңіл дәрежеде

-молочница, ауыр дәрежеде

+молочница, орташа дәреже

-ауыз қуысының созылмалы кандидозы

?

1 жасқа дейінгі бала жылына ЖРА-мен қанша рет ауыру керек, жиі ауыратын балалар санына қосуымыз үшін (жылына эпизодтар):

-2 және көп;

-7 және көп;

-6 және көп;

+4 және көп;

-3 және көп

?

Дәрігер қабылдауында 3 айлық баласымен анасы келді. Қарау барысында кіндік жарасынан серозды бөлініс байқалады. Сіздің диагнозыңыз?

-іріңді омфалит

+суланған кіндік

-кіндік фунгусы

-кіндік венасының флебиті

-кіндіктік канатиктің гангренасы

?

Бала 2 апталық, дене қызуының жоғарылауы, мазасыздық, тәбетінің төмендеуі шағымдарымен келді, дәрігер қарауында кіндік маңындағы тері ісінуі, кіндік сақинасының гиперемиясы, кіндік маңы жергілікті қызба, жарадан іріңді бөлініс бар. Сәйкес келетін диагноз?

-суланған кіндік

+іріңді омфалит

-кіндік фунгусы

-кіндік венасының флебиті

-кіндіктік канатик гангренасы

?

Жаңа туған сәбидің геморрагиялық ауруына не тән?

-фибринолиз жоғарылауы

+протромбинді комплекстің төмендеуі

-тромбоцитопения

-қанда глобулиндердің азаюы (VIII, IX, X факторлар)

-нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы

?

Шала туған сәбиде тырыспалық синдромды жиі туындыратын себеп?

-асфиксия

+гипогликемия, гипокальциемия

-пренаталды ОЖЖ зақымы

-туудағы басішілік жарақат

-іріңді омфалит

?

Жүктіліктің 36 аптасында, ешқандай өзгеріссіз 2000 гр. салмақпен бала туылған. Тынысы қалыпты, жүрек тамыр соғысы мин 120 рет артық, тері түсі ақшыл қызыл, реакциялары жақсы, бірақ дұрыс еме алмайды. Баланың жағдайын бағалаңыз?

-сау бала

+төмен салмақпен шала туылған бала

-өте төмен салмақты шала туылған бала

-артық күнді бала

-жетілген бала
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


написать администратору сайта