Главная страница

Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер


Скачать 0.5 Mb.
НазваниеБалалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Дата27.11.2018
Размер0.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаped100.docx
ТипДокументы
#57900
страница6 из 16
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Өкпе рентгенограммасында: өкпе суреті торлы, өкпе түбірінен ұршықтәрізді сызықтар өтеді, айқын жолақ тәрізді көлеңке анықталады. Сәйкес болатын диагноз қандай?

- ошақты пневмония

-+интерстициальды пневмония

- сегментарлы пневмония

- крупозды пневмония

- созылмалы пневмония

?

5 жасар бала емханаға физикалық дамуының артта қалуына шағымданып түсті. Объективті: психикалық дамуы қалыпты, иық белдеуінің шамадан тыс дамуы байқалады. Дененің төменгі бөлігі, аяқ-қолдары әлсіз, бұлшықет гипотониясы. Жүрек шекаралары сол жаққа 2см-ге кеңейген. Жүрек ұшы түрткісі мен бірінші тон күшейген. Оң жақ екінші қабырғааралықта систолалық шу. Бауыры ұлғаймаған. Аяғында пульс анықталмайды. Қолдарында артериалды қан қысымы 150/90мм сын бағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

- Жүрекше аралық пердесінің дефектісі

- Қолқа стенозы

+Аорта коарктациясы

- Қарынша аралық пердесінің дефектісі

- Ашық артериальды өзек

?

Науқас М., 4 жас 9 ай. Кардиальды симптоматикасы: терісі бозғылт, мойын тамырларының анық пульсациясы. Бала жылағанда және мазасызданғанда денесінің төменгі бөлігінің цианозы байқалады, тыныштықта жойылады. Пальпация барысында: жүрек ұшы түрткісі күшейген, жайылмалы, солға және төмен қарай ығысқан. Төстің сол жағында ІІ қабырға аралығында систолалық діріл анықталады. Пульсі жоғары және жылдам. Перкуссиялағанда: салыстырмалы шекарасы солға қарай ығысқан. Аускультациялағанда: систолодиастолалық «машиналық шу» төстің сол жағында ІІ қабырға аралықта punctum maximum анықталады; шу сол жақ бұғана астына және жауырын аралық аймаққа беріледі. Өкпе сабауында ІІ тонның күшеюі анықталады. Аталған симптоматика қандай туа пайда болған жүрек ақауына тән?

- Жүрекше аралық пердесінің дефектісі

-Қарынша аралық пердесінің дефектісі

+ Ашық артерияльды өзек

- Фалло тетрадасы

- Магистралды артерия транспозициясы

?

6 айлық бала, бөлімшеге мына шағымдармен түсті: ентігу, емуінің қиындауы, физикалық дамудың артта қалуы, құсу, қайталамалы суық тиюлер, түнгі уақытта ыңырсулар. Анасы жүктіліктің 8 айында тұмаумен ауырған. Бұл шағымдар балада 3 айдан бері байқалады. Баланың жалпы жағдайы жүрек жетіспеушілігіне байланысты ауыр, бозғылт, әлсіз, бетінің, аяғының ісінуі. Тыныштықта ентігу, тахикардия. Жүрек тондары күңгірт, аритмия. Бауыр +5 – 6 см. Рентгенограммада – кардиомегалия. ЭКГ-да: І дәрежелі атриовентрикулярлы блокада. УДЗ – жүрек қуыстарының дилятациясы, миокард гипокинезі. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

- Жүректің тума ақауы

- Фиброэластоз

+Туа біткен кеш кардит

- Эластофиброз

- Кардиомиопатия

?

11 айлық бала стационарға физикалық дамуының артта қалуына (дене салмағы 7,0кг), физикалық және эмоциональді жүктемеде ентігу мен цианоздың пайда болуына шағымданып түсті. Қарағанда тері жамылғысы диффузды цианозды. «Барабан таяқшасы» және «сағат шынысы» симптомдары. Жүректің салыстырмалы шекаралары: сол жағы – сол жақ бұғана сызығы, оң жағы – оң жақ парастернальді сызық деңдейінде. Жоғарғысы 2 қабырға аралықта. ЖЖЖ 150 рет мин. Бұғананың сол жақ қырында қатты систолалық шу естіледі, сол жақта 2 қабырға аралықта 2 тон әлсіреген. Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

- ЖАПА

- ҚАПА

+Фалло тетрадасы

- ААӨ

- өкпе артериясының тарылуы

?

Бала 1 жаста. Тексергенде анықталды: перкуссиялағанда: жүрек өлшемдері оңға және солға ұлғайған, аускультациялағанда: төстің сол жақ қырында, максимум IV қабырға аралығында систолалық шу естіледі. ЭКГ- жүректің оң және сол жақ қарыншасының гипертрофиясы. Рентгенологиялық: өкпе суретінің күшеюі, жүректің оң және сол жақ бөліктеріне байланысты жүрек өлшемінің көлденең ұлғаюы. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

- ААӨ

- ЖАҚА

+ҚАПА

- Фалло тетрадасы

- қолқа тарылуы

?

Қандай күшті Na-урикалық зат бүйректе синтезделенеді?

- катехоламиндер

- кининдер

-+простогландиндердің А классы

- простогландиндердің Е классы

- тиамин

?

Науқас балада гематурия, протеинурия, мерзімді бактериурия, естудің төмендеуі. Қандай ауруға тән?

- Жедел пиелонефрит

- Жедел гломерулонефрит

-+Тұқымқуалайтын нефрит

- созылмалы гломерулнефрит

- тубулопатия

?

Тұқымқуалайтын нефрит диагнозын немен негізделеді?

- массивті протеинурия болуымен

- лабораторлық көрсеткішпен - гематуриямен

+ бүйрек биопсиясымен

- айқын гипопротеинемиямен

- айқын ісінулердің болуымен

?

Туа пайда болған нефротикалық синдром ағымы қандай?

- Жағымсыз, 30 жасқа дейін қайтыс болады

- қатерсіз

+Тұрақты-прогрессивті, 1 жасқа дейін қайтыс болады

- емдеу тактикасына байланысты

- жағымды

?

Бүйрек генездегі тұрақты артериальды гипертензияға қандай себептер алып келеді?

- жедел гломерулонефрит

- жедел пиелонефрит.

+созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- интерстициальды нефрит

- бүйрек аномалиялары

?

6 айлық бала, шала туған, жасанды тамақтануда. Қосымша тамақтарды алмайды. Диспансерлік зерттеу кезінде анемия анықталды. Қанда Нв-90г/л, эр-3,8х1012/л. Сіздің диагнозыңыз

-темір тапшылық анемия орташа ауырлық дәрежесі

-темір тапшылық анемия ауыр дәрежесі

+темір тапшылық анемия жеңіл ауырлық дәрежесі

-жасырын темір тапшылығы

-гемолитикалық анемия

?

7 айлық бала. Туғандағы салмағы 3500г, бойы 50см. 2 айға дейін табиғи тамақтандыруда. Әрі қарай В қоспасы – кефир берілді. 1,5 айынан бастап алма шырынын тұрақсыз алған. 7 айынан бастап көкініс ұнтағы берілді, ұнтақты бала күнде емес, нашар жеген. Диспепсия және ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда терісі бозғылт, құрғақ, тахикардия, жүректе шу анықталады. Бауыры - қабырға доғасынан +2 см, көк бауыры - қабырғадан 1см-ге төмен, дене салмағы 8 кг. Нв-80г/л, эр.-3,5х1012/л, ТК-0,6, анизоцитоз, пойкилоцитоз, ЭТЖ – 10мм/сағатына анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

-темір тапшылық анемия жеңіл ауырлық дәрежесі

-темір тапшылық анемия ауыр ауырлық дәрежесі

+темір тапшылық анемия орташа ауырлық дәрежесі

-жасырын темір тапшылығы

-гемолитикалық анемия

?

Бала баспамен ауырған, ацетилсалицил қышқылымен және сульфадимизинмен емделген. Екі аптадан кейін аяғында және қолында эхимоздар және петехиялар пайда болды, содан соң мұрыннан қан кетіп, ол тамыр арқылы аминокапрон қышқылы жібергеннен және мұрынға суық басудан кейін тоқтады. «Шымшу», «жгут», «соққылау» симптомдары оң. Ішкі ағзалар қалыптыдан өзгермеген. Тромбоциттердің саны 46x109. Қан ұю ретракциясы болмады. Қан кетуі ұзақтығы 10 минут. Бір айдан кейін қанағаттанарлық жағдайда шығарылды, тромбоциттері 180x109. Сіздің клиникалық диагнозыныз?

-геморагиялық васкулит

-Верльгоф ауруы

+тромбоцитопениялық пурпура

-Жедел лейкоз

-гемофилия

?

Бала баспамен ауырған, ацетилсалицил қышқылымен және сульфадимизинмен емделген. Екі аптадан кейін аяғында және қолында эхимоздар және петехиялар пайда болды, содан соң мұрыннан қан кетіп, ол тамыр арқылы аминокапрон қышқылы жібергеннен және мұрынға суық басудан кейін тоқтады. «Шымшу», «жгут» симптомдары оң. Ішкі ағзалар қалыптыдан өзгермеген. Қан анализінде – Hb 110г/л, тромбоциттер 46*109 Қан кетуі уақыты 10мин. Бір айдан кейін қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Сіздің диагнозыңыз?

-гемофилия

-геморрагиялық васкулит

+тромбоцитопениялық пурпура

-жедел лейкоз

-Виллебронд ауруы

?

Бала 8 жаста, келесі шағымдармен ауруханаға түскен: терісіне қан құйылу, мұрыннан қан кету, нәжісі қара. Ауырғанына 3 жыл болды. Ауруы алғаш рет тұмаудан кейін басталды. 3 рет өршуі болды. Әр өршуі теріге қанның құйылуымен, мұрыннан қан кетуімен жүреді. Қарағанда терісі бозғылт, петехия және көгерулер бар. Ауыз қуысының шырышты қабатында қан кетулер, ауыздың қызыл иектері қансыраған. Мұрында қанды қабыршықтар. Жүрек тондары әлсіреген, тахикардия 110-ға дейін минутына, везикулярлық тыныс. Іші жұмсақ. Көк бауыр қабырға доғасынан 1см төмен. Қан анализінде: эр.-3,1 1012 , Нв- 78г\м, ТК- 0,8, L 12х 109 , э. -5% 10-1, т/я-3% , с/я-50%, лимфоциты - 36%, моноциты - 5%, ЭТЖ 15 мм/сағ., тромбоциттер 20х109/л. Дюке бойынша қан кетуі уақыты -12 минут, қан ұю ретракциясының индексі -1/0. Сүйек миынан пунктаты: қызыл және ақ қан өсіндісілері өзгермеген, мегакариоцитарлық талшықтар 2 тітіркенген, мегакариоциттер саны  250 1 мл3 пунктатында, бірақ тромбоциттердің үзіліп кетуі зақымдалған . Дұрыс жауабын таңда.

-гемофилия

-геморрагиялық диатез

+тромбоцитарлық пурпура

-жедел лейкоз

-Вилленбронд ауруы

?

Оң екі елі ішек ойық жарасының асқыну кезеңінде эпигастральды аймақта қандай ауырсыну тән?

- Тамақтан соң бірден дамитын ауырсыну

- Физикалық жүктеме кезінде дамитын ауырсыну

-+Тамақтан соң 2 сағаттан кейін түнгі уақытта ауырсыну

- Дененің орналасу қалпына байланысты ауырсыну

- Тамақпен байланыссыз шаншып ауырсыну

?

Оң екі елі ішек ойық жарасы кезінде асқазан-ішектен қан кету немен сипатталады?

- Кофе қойыртпағы тәрізді құсық

- Эпигастриальды аймақта ауырсынудың бірден күшеюі

-+Ішастардың тітіркену симптомының оң болуы

- Оң қабырға астында ауырсыну

- Фебрильді қызба

?

Н.Pylori-дің асқазандағы тұз қышқылы секрециясының деңгейіне негізгі патогенетикалық әсер ету механизмін көрсетіңіз:

- тұз қышқылы секрециясына әсер етпейді

- асқазанның жиектік жасушаларын бұзады

-+сарысулық гастрин концентрациясын жоғарлатады

- асқазандағы тұз қышқылы деңгейін азайтады

- тұз қышқылы секрециясына әсер етпейді

?

Созылмалы атрофиялық гастрит ненің нәтижесінде пайда болады?

- Атеросклерозбен ауыратын науқаста асқазанның шырышты қабатының атрофиясы

- Асқазанның G-жасушаларына антиденелердің өндірілуі

+Асқазанның париетальды жасушаларына антиденелердің өндірілуі

- Глюкокортикоидтарды ұзақ қабылдау

- Н.Pylori-дың асқазанның антральды бөлігіндегі колонизациясы

?

Атрофиялық гастриттің еміне не кіреді?

- Асқазанның секреторлық жеткіліксіздігінің орын басу терапиясы

- Н.Pylori-дың эрадикациялық терапиясын тағайындау

+Протондық помпа ингибиторларын тағайындау

- Селективті емес –М-холиноблокаторларды тағайындау

- Антацидты препараттарды тұрақты қабылдау

?

Науқастың сырқаты жедел басталды, дене қызуы кенеттен 40 0С дейін көтеріліп, басының қатты ауыруына, қайталап құсуына, қол саусақтарының буындарында ауырсынуыға шағымданды. Объективті анықталғаны: аяқ-қолдарында және жамбасында пішіні дұрыс емес жұлдызша тәрізді ортасы некроздалған геморрагиялық бөртпелер пайда болды, олар басқанда жоғалып кетпейді. Менингеальді белгілері оң.

Диагнозды қою үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет?

- жалпы қан анализі

- иммуноферменттік анализ

- толық тамшыға қан алу

+люмбальдік пункция

- полимеразды тізбектік реакция

?

«Пневмония» диагнозымен соматикалық бөлімшеде жатқан 1 жастағы баладан сальмонеллездің бар екені анықталды. Науқас бала жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бөлімшедегі баламен қатынаста болған басқа балаларға қандай тексеру жүргізу қажет:

- гемокультураға қан алу

-қақырықты бак.себу

- копроскопия

+ нәжісті бак.себу

- флораға аңқадан жұғынды алу

?

Маша, 4 жаста, жедел ауырды, Т – 38,0 С, ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы. Нәжісі сұйық, қызғылт сары түсті, сулы, шырыш аралас. Нәжісінен бак. себуде E. сoli табылған.

ТЕГАР (тікелей емес гемагглютинация реакциясы) анықталған қоздырғышқа қарсы антиденелер титрі – 1:40, 7 күннен кейін – 1:160.

Антиденелердің өсуінің минималды төменгі қандай титрі диагнозды дәлелдейді:

- антиденелер титрінің 6 есе өсуі

- антиденелер титрінің 2 есе өсуі

- антиденелер титрінің 3 есе өсуі

+антиденелер титрінің 4 есе өсуі

- антиденелер титрінің 8 есе өсуі

?

12 жастағы балаға дәрігер - паротиттік инфекция диагнозын қойды, 2-жақтық паротит және оң жақтық орхит. Паротиттік орхитпен науқас балаға қажетті емді тағайындаңыз:

- Дезо байламын жасау

- құрғақ жылу

- лангет тағайындау

+суспензорий тағайындау

- оральдік регидратация

?

Ауруханада «Көкжөтел» диагнозымен емделіп жатқан 1 жастағы балада жөтел ұстамасы тәулігіне 10 реттен 15 ретке дейін, реприздер 10 ретке дейін. Бір рет апноэ болды. Өкпесінің R-графиясы қалыпты. Науқас балаға қажетті емді таңдаңыз:

- пенициллин

- ампициллин

- парацетамол

-+аминазин

- супрастин

?

Науқас М. 2,5 жаста, сырқаты дене қызуының 40 С дейін көтерілуімен, басының ауыруымен, тәбетінің төмендеуімен, бір рет құсумен, бұлшық еттерінің ауырсынуымен жедел басталды. Бір күннен кейін шамалы катаральдік белгілер: мұрнының бітелуі, тамағының қырнауы пайда болды. Ауызжұтқыншағында бадамша бездері мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының аздап қызаруы байқалады. Тері жамылғысы бозарған, бөртпеден таза. Басқа мүшелерінде патологиялық өзгерістер жоқ. Нәжісі және диурезі қалыпты. Баланың қызуын түсіру үшін қандай дәрі беру қажет:

- ацетилсалицил қышқылы

- анальгин

- аспирин

+парацетамол

- индометацин

?

Юля, 5 жаста. Бір апта бұрын сырқаттанды, енжарланып, тәбеті төмендеді. Әредік зәрінің түсі қоюланып, 10 қарашада - бір рет құсу болды. Биохимиялық қан анализінде АлАТ белсенділігі – 1080 нмоль/л. Қыздың анасы бір ай бұрын вирустық гепатитпен ауырып, ауруханадан шыққанына 5 күн болған. Баланың қан сарысуынан анти – HAV IgM анықталған. Дәрігер баладағы вирустық А гепатитіне күдіктенді.

Науқас балаға қажетті емді тағайындаңыз:

- ремантадин

- аллохол

- интерферон

+но-шпа

- холосас

?

Бала 4 жаста. Қарағанда бетінде, терісінің жазу беткейлерінде ұсақ дақты, қызғылт түсті, бір-біріне қосылмаған бөртпелер анықталған және шүйде лимфотүйіндері ұлғайған. Дене қызуы 37,2 0 С. Бұл баланың гемограммасында қандай өзгерістер болуы мүмкін:

- ретикулоцитоз

- атипті мононуклеарлар

- лейкоцитоз

+плазматикалық жасушалар

- цитомегалдар

?

Балада туылған кезде айқын ісінулер, 3 күнде мұрыннан қанды бөлініс, мұрыннан тыныс алуы қиындалып, ауыз және мұрын аймағында макулопапулезды мыс түстес бөртпелер пайда болды. Табанында және алақанында – диффузды қызарулар. Еріні құрғақ, қалыңдаған, радиальды жарылулар. Гепатоспленомегалия, сарғаю анықталды. Анасында Вассерман реакциясы оң. Сіздің тактикаңыз.

-реоферон

-метронидазол

-кортикостероидтар

+Пенициллинді емді тағайындау

-цитостатиктер

?

Нәрестеге құрсақішілік пневмония диагнозы қойылды. Тыныс жеткілісіздік ІІ дәреже. Терапияның негізгі тәсілі болып табылады:

-қан алмастырып құю

-преднизолон

-иммуностимуляция

+дезинтоксикациялы, инфузионды және антибактериалды

-өкпені желдету

?

БЖАЫЖ кестесіне сай пневмонияны антибактериалды емдеудің екінші курсында таңдау препаратын таңдаңыз?

-Ампициллин

-Макропен

-Сумамед

+Цеклор

-Зитрокс

?

ЖТД қабылдауында 10 жастағы бала аяқтарында ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады, бөртпелер бүкіл денеге тез жайылған. Дене қызуы 37,6ºС. Анамнезінде тағамдық сенсибилизация, ЖРВИ-мен жылына 2-3 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, білек, буын аймағы, құлақ қалқаны терісінде көлемді экссудативті-геморрагиялық бөртпелер байқалады, бөртпелер симметриялы, кейбір бөртпелер бір-бірімен қосылған. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиялар байқалады. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәрі патологиясыз. Сіздің болжам диагнозыңыз:

-Жедел лейкоз

-Скарлатина

-Гемофилия

+Геморрагиялық васкулит

-Тромбоцитопениялық пурпура

?

8 жастағы ұл бала. Ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады. Дене қызуы субфебрилді. Анамнезінде тағамдық аллергия, ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, білек, буын аймағы, құлақ қалқаны терісінде көлемді экссудативті-геморрагиялық бөртпелер байқалады, бөртпелер симметриялы, кейбір бөртпелер бір-бірімен қосылған. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиялар байқалады. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәрі патологиясыз. Балада геморрагиялық васкулит қандай түрі:

-Буындық түрі, жедел ағымы

-Терілік түрі, жедел ағымы

-Аралас түрі, жедел ағымы

+Терілік түрі, жеделдеу ағымы

-Аралас түрі, жеделдеу ағымы

?

ЖТД қабылдауында анасымен ЖРВИ басынан өткерген 3 айлық бала. Анамнезінде: бала қайталамалы жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы гестозбен өткен, бірінші босанудан, салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша бағалау 8-9 балл. Бала омырау емеді. Салмағы 5400 гр., бойы - 61 см. Жүйке-психикалық дамуы жасына сай. Екі рет ЖРВИ ауырған. Гемоглобин 120 г/л. Қарау кезінде ЖРВИ көріністері жоқ. Бұл баланың ауруға резистенттілігін анықтаңыз:

-Жоғары

+Орташа

-Қалыпты

-Төмен

-Өте төмен

?

1 жастағы балаға ЖТД шақыру жасады. Жедел ауырған. Бала мазасыз, ұстағанда ыстық, дене қызуы 37,9º С. Аранында энантема, денесінде ұсақ нүктелі бөртпелер, қызғылт реңді. Бір апта бұрын ККП екпесін алған. Сіздің диагнозыңыз және гипертермия түрі:

-Қызылша, типтік түрі. «Қызыл» гипертермия

-Қызылша, типтік түрі. «Ақ» гипертермия

-Қызылша, атипті түрі. «Қызыл» гипертермия

-Екпеден кейінгі реакция. «Қызыл» гипертермия

+Екпеден кейінгі асқыну. «Қызыл» гипертермия

?

Жаңа туған 5 күндік сәбиде тері жамылғысының сарғаюы байқалады. Сарғаю 2-ші тәулік соңына қарай анықталды(Крамер бойынша 3 аймақ). Жағдайы өзгермеген, белсенді емеді. Жалпы билирубин мөлшері 162 мкмоль/л. Дені сау. Баланың нәжісі өзгермеген, диурез - қалыпты. Сіздің болжам диагнозыңыз?

-сау

+Жаңа туғанның транзиторлы сарғаю (гипербилирубинемия)

-Жаңа туғанның гемолитикалық сарғаюы

-Жаңа туғанның механикалық (обтурационды) сарғаюы

-Жаңа туғанның паренхиматозды сарғаюы

?

12 жасар қыз бала жедел болған дене қызуына,бас ауруына,шөлдеуге шағымданды. Дене тмпературасы 40,0° С.Есі шатасқан.Тері жамылғысы цианозбен,саны мен жамбасында геморрагиялық бөртпелер,майда петехий мен 3-4 см болатын ірі қан ұйындыларымен.Сонымен қатар іште,арқаның терісінде,жоғары аяқтамалардағы розеолозды және розаеолозды-папулезды элементтер анықталады.Керниг симптомы әлсіз оңпульс 120 соққы минутына,жүрек тондары тұйық,АҚ 85/55 сын.б.б.,ТАЖ 28 рет минутына.Қан анализінде лейкоцитоз 22х10 9 /л солға жылжумен,ЭТЖ 26 мм/сағ.Сіздің диагнозыңыз?

-Тұмау

+Септицемия

-Менингококкцемия

-Тромбоцитопениялық пурпура

-Шенлейна-Генох ауруы(геморрагиялық васкулит)

?

Бала 3 айлық, қарау барысында денесінің қатпарларында көптеген іріңдіктер байқалады, элементтердің маңайындағы тері қызарған, түбі инфильтрацияланбаған. Сіздің болжамдық диагнозыңыз?

-пемфигус

+везикуло-пустулез

-Риттер дерматиті

-Жаңа туған сәби флегмонасы

-папуло-эрозивті стрептодермия

?

Алғашқы күндеріде нәрестелердің зәрінде белоктың болуының себебі:

-базальды мембрананың өткізгіштігінің төмен болуы

+базальдық мембрананың өткізгіштігінің жоғары болуы

-проксимальдық түтікшелердің реабсорбциясы жоғарлауы

-сусыздануы

-кіндік қанда АДГ концентрациясы жоғары

?

Алғашқы күндерде нәрестелердің зәрінде белоктың болуының себебі:

-базальдық мембрананың өткіздігі жоғары

+проксимальдық түтікшедегі реабсорбциясының төмендеуі

-кіндік қанда АДГ концентрациясы жоғары

-сусыздануы

-альдостеронды шығаруның жоғарлау

?

Бала 2 жаста. 4 күннен бері ауырады. Шағымымдар: дене қызымы жоғарылағанға, жиі тыныс алу, жөтел, тамақтан бас тарту, әлсіздік. Баланың жағдайы орташа ауырлықта. Перкуссия кезінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы оң жақ жауырын астында байқалады. Тыныс қатан, қысқарған аймақта әлсіреген, майдакөпіршікті ылғалды сырылдар байқалады. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суретінің күшеюі , оң жақта дұрыс емес формалы ұсақ ошақты көлеңкелер. Сәйкес болатын диагноз қандай?

- созылмалы пневмония

+жедел ошақты пневмония

- ж1едел сегментарлы пневмония

- жедел интерстициальды пневмония

- жедел крупозды пневмония

?

Бала 10 жаста . 2 күннен бері ауырады. Шағымдары: Т-39 көтерілуі, мұрыннан су ағу, ерінде герпестік бөртпелер, әлсіздік , тәбеті төмендеуі, бас ауыруы. Өз еркімен парацетамол, антигриппин қабылдаған, әсері болмаған. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, бозғылт, Т-38.7, пульс жиілігі 110, ТАЖ-44 минутына. Жөтелгенде, терең тыныс алғанда байқалатын сол жақ бүйірінің ауырсынуына шағымданады. Перкуссияда: Жауырынның төменгі сол жақта дыбыстың қысқаруы және сол аймақта тыныс әлсіреген. Сәйкес келетін диагноз қандай?

- оңжақтық сегментарлы пневмония

+солжақтық крупозды пневмония

- солжақтық ошақтық пневмония

- солжақтық интерстициальды пневмония

- оңжақтық крупозды пневмония

?

Бала 4 айда. Анасы баланың жағдайының бұзылуына, жөтелге, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Объективті қарағанда: қиіндалған шулы тыныс, акроцианоз, жиі құрғақ қинайтын жөтел, кеуде клетка эмфизематозды желденуі, ТАЖ-68-70 минутына, өкпедегі тыныс қатан, тыныс шығаруы ұзарған, анық құрғақ ысқырықты және крипитациялық сырылдар естіледі. Төмендегілердің қайсысы алғашқы диагнозға сәйкес келеді?

- жіті бронхит

+облитерлеуші бронхиолит

- жедел пневмония

- бронхылық демікпе

- обструктивті бронхит

?

Балаға 2 жас 11 ай. Жедел ауырды. Үйде өз еркімен парацетамол, панадол берген. Түскендегі шағымдары: жиі ылғалды жөтел, Т-39 көтерілуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Қарағанда: интоксикация синдромы айқын, ТАЖ-44 рет минутында. Ентігу аралас, тері –жабындылары бозғылт. Дауыс дірілі оң жақта күшейген, перкуторлы: оң жақ жауырын үшінаң төмен өкпелік дыбыс қысқарған, және сол жерде өкпе аускультация кезінде тыныс әлсіреген, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. ЖҚА: лейкоцито, нейтрофиллез солға ығысуымен, ЭТЖ жоғарылған. Өкперентгенограммасында сол жақ төменгі бөлікте көлеңкелер. Сәйкес келетін диагнозды тандаңыз?

- крупозды пневмония

+ошақты пневмония

- интерстициальды пневмония

- сегментарлы пневмония

- полисегментарлы пневмония

?

Баладағы бронх демікпесінің ауырлығын анықтау үшін, не есепке алынуы керек?

- физикалық тексеріс нәтижелерін

+ұстамалар жиілігі, ФТК1 және ТПЖ

- пикфлоуметрия мен ЭКГ нәтижелерін

- аллергендермен терілік тест нәтижелерін

- объективті тексеріс нәтижелері

?

Бала 2 айлық, тексергенде анықталды: пальпаторлы-жүрек ұшы түрткісі жоғарылайтын, таралған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2қабырға аралық қатты систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тон акценті. Рентгенологиялық: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ең ықтимал:

- ЖАҚА

- ҚАПА

+ААӨ

- Фалло тетрадасы

- қолқа коарктациясы

?

Бала 3 айлық, стационарға емгенде ентігуге, аз салмақ қосуға шағымданады. Тексергенде жүрек шекаралары оңға кеңейген, өкпе артериясы үстінен 2 тон әлсіреген, төстің сол жақ қырынан 2-3 қабырға аралық қатты систолалық шу естіледі. Жүрек Р-графиясы: жүрек «етік» формасында, өкпе артериясының доғасы төмендеген. ЭКГ-оң қарынша гипертрофиясы. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ең ықтимал:

- қолқа коарктациясы

- ҚАПА

+Фалло тетрадасы

- ААӨ

- өкпе артериясының тарылуы

?

14 жастағы бала клиникаға АҚ 180-200 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауына, мұрыннан қан кетуге, бас ауруына шағымданып түсті. Баланың диспропорциялық дамуын тексергенде: дененің жоғарғы бөлігі жақсы дамыған, төменгі бөлігі – әлсіз (жүргенде аяғында ауырсыну және әлсіздік), қолда АҚ 180мм.сын.бағ., аяқта 90 мм.сын.бағ Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ең ықтимал:

- Фалло тетрадасы

- ҚАПА

+қолқа коарктациясы

- Магистральді тамырлардың транспозациясы

- Қолқа тарылуы

?

14 жастағы бала, бірнеше рет ревматикалық қызбаның шабуылынан кейін келесі симптомдар анықталды, жүректің түрткісі күшейген және төменге ығыс қан, жүрек үшінде үрлеген систолық шуы қатаңғы тембрымен, шу жатқанда жақсы естіледі, физикалық күштен кейін күшейеді, жүрек үшінде 1 тон әлсіреген, өкпе артериясында 2 тон күшейген ЭКГде сол жақ қарыншанын гипертрофиясы. Рентгенограммада жүрек сол жақ үлкейген. Төменде көрсетілген ақаудың қайсы дұрыс болып табылады:

- аорта доғасының стенозы

- митаральді стеноз

+митральді қақпақшаның жеткіліксіздігі

- аорта қақпақшаның стенозы

- митральді қақпақшаның стенозы және жетіспеушілігі

?

15 жасар бала, 7 жылдын ішінде бір неше рет ревматизмдік қызбаның шабуылы болған, ремиссия кезінде, терісі ақшыл. Жүрек ұшы күшейген және астыға ығысқан, жүрек шекарасы сол жаққа үлкейген. Аускультацияда құйылған диастолық шу, 2 тонан кейін естіледі, төстің сол жақ қырында. Жақсы естіледі. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенограммада жүрек «етік» тәрізді сол жоқ қарыншаның гипетрофиясының белгілерінің. Төменде көрсетілген ақаудың қайсы дұрыс болып табылады:

- митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі

- аорталды қақпақшанын стенозы

+аорталды қақпақшаның жеткіліксіздігі

- митральды қақпақшаның стенозы

- аортаның коартациясы

?

Жедел пиелонефрит асқынуы болып табылады?

- несеп-тас аурулары

- гломерулонефрит

+Апостематозды нефрит

- цистит

- нефрит

?

Науқаста зерттеу кезінде гидремия анықталды. Бұл неге әкеледі?

- протениурияға

- гематурияға

+қандағы азоттық метаболиттердің жоғарылауы

- нефриттік ісінуге

- анемияға.

?

Қандай ауру кезінде гематурия, АҚ жоғарылауы, айқын ісінулер байқалады?

- С.Г.Н. аралас формасы

- С.Г.Н. нефротикалық формасы.

+Ж.Г.Н.

- Жедел пиелонефрит

- Нефротический синдром.

?

Нефротикалық синдром кезінде минимальды өгерістермен ісіктік синдромдар қалай көрінеді?

- мүмкін. қабақ, бет, бел аздаған ісігі.

- айқын емес, беттегі ісінулер локализациясы.

+анасарка деңгейіне жетуі

- бел аймағының аздап ауырсынуы

- экстраренальдіге қарағанда рениальді синдромдардың басым болуы.

?

Нефротикалық синдром кезінде анасаркамен ауыратын науқастың асқынысы болып табылады?

- гипертониялық энцефалопатия

- абдоминальды ауырсыну синдромы

+гиповолемиялық шок

- интерстициальді нефрит

- эклампсия

?

4 жасар қыз бала, ауруханаға келесі шағымдармен түскен аяғынын өзгеруі, мұрыннан қан кетуіне, 1:5 жасынан ауырады, анасы бірінші рет аяғындағы өзгерулерге байқады, содан мұрыннан қан кетуі болды. Қарағанда терісі бозғылт, аяғында көпшілік көгеруі, денесінде бірен саран петехиалды бөртпелер. Шымшу, жгут симптомы он. Ауызының және көзінің клегей қабатында қан құйылған. Нв 110 г\м, эр 4,2х1012, т.к 0,9, L 8 109, п. 3, с. 42, л. 44, м. 9. ЭТЖ 8мм\с тромбоциттер 70x10. Қан кетуі уақыты 6 мин. қан ұюының басталуы 2мин, аяқталуы 4 мин. Сүйек мыйының пунктаты қызыл, ақ түйіректері өзгермеген, мегакариоциттердің сәл жоғары, бірақ байланған тромбоциттер төмен. Келесі ем қабылдаған преднизолон, аминокапрондық қышқылы, бірақ жағдай жақсарылған жоқ. Сіздің диагнозыныз:

-геморрагиялық диатез

-гемофилия

+тромбоцитопениялық пурпура

-жедел лейкоз

-Вилленбронд ауруы

?

5 жасар қыз бала, ауруханаға мұрыннан қан кетуімен, денесіндегі көпшілік көгерімен түскен. Қарағанда терісі ақшыл, терісінде көптеген экхимоздар және петехиалар клегей қабатында, көзінде конъюктивада қан құйілуы, жүрек, жүрек тондарын әлсіреген, PS 110 соғуы мин, көк бауыры 1см, шымшуы, жгут, симптомы оң. Қанда эр. 4,2, Нв 115г\м, т.к 0,9, L 7х109, э. 1, п. 3, с. 45, м. 9, ЭТЖ 18 мин тромбоциттер 30х10, қан ұю ретракциясы болмаған, қан кетуі уақыты 8 мин сүйек миының пунктанты өзгерсіз, мегакариоцитарлық түбі теркендіоген, тромбоциттердің бөлінуі жоғары. Емделгеннен кейін қанағаттарлық жаңдайда шығарылған тромбоциттер 180х10. Сіздің диагнозыныз

-Гемофилия

-геморрагиялық васкулит

+тромбоцитарлық пурпура

-жедел лейкоз

-Вилленбронд ауруы

?

Науқас П. Босану бөлімінен қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.Біраұ 17 күннен кейін терісінде майда геморрагиялық бөртпе және бірлі жарым көгеру пайда болған.Жалпы қарау барысында терісінде және шырышты қабаттарында петехиальді геморрагиялық бөртпе мен экхимоз анықталды.Кіндік жарасы таза.Жүрек тондары анық.минутына 130 соққы.Іші жұмсақ,бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен.Көкбауыр 2 см-ге. Эр-4,2*10, Hb-115г/л Т.К-0,9, Le-10*10, э-5%, п-1%,с-33%,л-56%,м-5% ЭТЖ-12мм/ч. тромбоциттер 210*10. Дюке бойынша қан кету уақыты 6 мин. Қан ұю уақыты 2 мин. Анасының терісінен ешқандай геморрагиялық бөртпе анықталмады.Нәрестенің қанында PLA тромбоцитарлы антиген анықталды,анасында анықталмады.Нәрестенің қан сарысуында тромбоциттерге изоантидене анықталды.

Сіздің диагнозыныз

-Гемофилия

-Геморрагиялық диатез

-Тромбоцитопениялық пурпура

+Жедел лейкоз

-ДВС-синдром

?

15 жасар Витя, жедел ауырды денесінде петехиалық геморрагиялық бөртпелер, гематомалар, мұрыннан қан кетуі, ауыздан клегей қабатынан қан құйылуы, нәжісі қара. Анасы Верльгоф ауырынан аутоиммундық түрімен ауырған 18 жасынан, жүктілік кезінде өршуі болған, ол жеңіл түрінде өткен, преднизолон және димедролмен емделген. Анасының қан анализінде эр.4,0х1012, Нв 140 г\м, т.к 0,9, L 15х109, 75, т.1, с722, л 67, м 5, ЭТЖ 15 мм\с , тромбоциттер 5x19. қан кетуі Дюле бойынша 6 мин, қан ұю басы 2 мин, аяңы 4 мин, қан ұю ретракциясы 118. Баланың қанда сары суда тромбоциттерге аутоантиденелер табылған. Сіздің диагнозыныз

-Гемофилия

-геморрагиялық диатез

+тромбоцитарлық пурпура

-жедел лейкоз

-ДВС синдромы

?

Науқас Валя К., Босану бөлімінен қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.Бірақ 20 күннен кейін терісінде майда геморрагиялық бөртпе және бірлі жарым көгеру пайда болған.Жалпы қарау барысында терісінде және шырышты қабаттарында петехиальді геморрагиялық бөртпе мен экхимоз анықталды.Кіндік жарасы таза.Лимфа түйіндері ұлғаймаған.Өкпесінде тынысы пуэрильді,минутына 36 рет..Жүрек тондары анық.минутына 130 соққы.Іші жұмсақ,бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен.Көкбауыр 2 см-ге.Несеп ақшыл сары.Нәжіс сары түсті,ботқатәрізді. Салмағы 4000 г.Қан анализінде:Эр-4,2*10, Hb-115г/л Т.К-0,9, Le-10*10, э-5%, п-1%,с-33%,л-56%,м-5% ЭТЖ-12мм/ч. тромбоциттер 210*10. Қан кету уақыты 8 мин. Қан ұю уақыты Морфин бойынша басы-3 мин,аяғы -6 мин мин. Анасының қан анализі: Эр-4,5*10, Hb-120г/л Т.К-0,9, Le-6*10,э-1%, п-2%,с-63%,л-24%,м-9%,ЭТЖ-4 мм/ч. Tr-210*10. Дюке бойынша қан кету уақыты 3 мин. Қан ұю уақыты 2 мин. Анасының терісінен ешқандай геморрагиялық бөртпе анықталмады.Нәрестенің және анасының қан сарысуында тромбоциттерге аутоантидене анықталмады. Нәрестенің қанында тромбоцитарлы антиген анықталды,анасында анықталмады.Нәрестенің қан сарысуында тромбоциттерге изоантидене анықталды. Сіздің диагнозыңыз

-Гемофилия

-Геморагиялық диатез

+Тромбоцитопениялық пурпура.

-Жедел лейкоз

-Виллебранда ауруы

?

Хеликабактермен бөлінген уреаза асқазанның шырышты қабатына қандай әсер көрсетеді?

- Асқазан ортасын сілтілеу

- Қышқылдықыт жоғарлату

+Мочевинаны ыдыратып, көмірқышқыл газы мен аммиакты түзеді

- Асқазан шырышты қабатының тамырларының өткізгіштігін арттырады

- Эрозивті үрдіс

?

Хеликобактердің 12- елі ішекке орналасуы қай жағдайда болады?

+Асқазандық тип бойынша 12-елі ішек қышқылдануы мен эпителийінің метаплазиясы

- Реактивтіліктің төмендеуі

- Сфинктер әлсіздігі

- Асқазанға ішек құрамының лақтырылуы

- АІЖ жолының моторикасының төмендеуі

?

Созылмалы гастродуодениттің дамуына алып келетін агрессия факторын көрсетіңіз?

- Жиі ОРВИ

- Сутегі ионының кері диффузиясы

+НCL мен пепсиннің шектен тыс өндірілуі

- Созылмалы ошақ инфекциясы

- Метеоризм

?

ӨЖД морфологиялық өзгерістеріне қай бұзылыстар жатады?

- Өт түзілу функциясының бұзылуы

- Холестаз көріністері

+Шырышасты мен бұлшықетті қабатта лимфоидты элементтердің инфильтрациясы

- Өт шығару функциясының бұзылуы

- Өт жолдарының қозғалыс функциясының бұзылуы

?

Егер дуоденальды зондтауда «В» (˃60 мл) үлкен порциясында баяу ағуы(˃25 мин), «В»-да өт интенсивті боялуы, холецистограммада өт қабының ұлғаюы , босауының баяулауы, көлденең өт қабының 20% -ға жиырылуы ӨЖД-ның қай түрінде кіреді?

- Холецистит

- ӨЖД-ның нипертоникалық түрі

-+ӨЖД-ның гипотоникалық түрі

- Панкреатит

- Өттас ауруы

?

Миша, 8 жаста, жедел ВГА ауырады. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай маркерді анықтау қажет:

-НВsAg, HВeAg

-анти НАV Ig G

-анти HCV Ig M

+анти HAV Ig M

-анти НDV Ig G

?

Менинигитке күдікпен бала ауруханаға түсті, оның басы ауырған, бірнеше рет құсқан. Қарағанда менингеальдік симптомдар оң: шүйде бұлшық еттерінің тартылуы мен Кернигсимптомы. Люмбальдік пункция жасалды: цитоз 1800 жасуша, лимфоциттер – 25%, нейтрофилдер – 75%, Панди реакциясы++, Нонне-Апельт ++.

Ликвор көрсеткіштерін талдаңыз.

-ликвор көрінісі патологиясыз

-лимфоцитарлық плеоцитоз, Панди ++, Нонне-Апельт реакциялары ++

-лимфоцитарлық плеоцитоз, Нонне-Апельт ++

+нейтрофильдік плеоцитоз, Панди ++, Нонне-Апельта реакциялары++

-нейтрофильдік плеоцитоз, Панди реакциясы ++

?

Қабылдау бөлімшесіне баспа диагнозымен баланы алып келген. Объективті:ауыздан тәттілеу-шылқыма иіс шығады, ауызжұтқыншақта аздаған қызару бар, бадамша бездерінде ақшыл-сұр жабынды бар, қалақшамен (шпатель) қиын алынады, алынған орны қанайды. Аңқадан BL алынған жұғынды талдау оң.

Осы науқасқа жасайтын алғашқы емдік тактикаңыз.

-антибактериальдік терапия

-тырысуға қарсы терапия

-ыстық түсіретін терапия

+дифтерияға қарсы сарысуды енгізу

-симптоматикалық терапия

?

9 айлық баланың ауруханаға түскендегі диагнозы: ЖРВИ, жедел ларинготрахеит. Жұтқыншақтың I дәрежелі стенозы. Бұл баладағы стенозды емдеу үшін БШАИЖ тактикасы:

-антигистаминдік терапия

-антибактериальды терапия

-глюкокортикоидты терапия

+жылы суйықтық ішкізу

-сальбутамолмен ингаляция

?

8 айлық бала дене қызуының 37,40 С дейін көтерілуімен, тәулігіне 10 ретке дейін реприздермен ұстама тәрізді жөтелмен, көзінің ақ қабатына қан құйылуы мен тілінің астында жараның болуымен ауруханаға түсті. Өкпесінде перкуторлық дыбыс қораптық. Аускультацияда аздаған құрғақ сырылдар. Болжамдық диагнозы: Көкжөтел.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зертханалық және аспаптық тексеру әдістерін жүргізу қажет.

-жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауы, копроскопия, нәжісті баксебу, кеуде қуысына R-грамма

-жалпы қан талдауы, жалпы зәр талдауы, копроскопия, нәжісті баксебу, кеуде қуысына КТ жасау

-жалпы қан талдауы, мұрыннан флораға жұғынды, кеуде қуысына КТ

+жалпы қан талдауы, пластинаға жөтелу әдісі, кеуде қуысының R-граммасы,
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


написать администратору сайта