Главная страница

Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер


Скачать 0.5 Mb.
НазваниеБалалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Дата27.11.2018
Размер0.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаped100.docx
ТипДокументы
#57900
страница7 из 16
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Bordetella pertussis таяқшасына антиденелерді анықтайтын ИФТ

-жалпы қан талдауы, қақырықты ИФТ, кеуде қуысына КТ

?

Ауызжұтқыншақ дифтериясымен науқастанған балада 3 күннен кейін мына симптомдар пайда болды: дөрекі жөтел, стенотикалық тыныс алу, дауысының афонияға дейін өзгеруі. Балада пайда болған процесті болжаңыз:

-вирустық круп

-көмейдегі бөгде зат

-жалған круп

+дифтериялық круп

-стридор

?

Бала орташа ауырлық дәрежелі дизентериямен ауырған, Қазір баланың жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Шағымдар жоқ. Нәжісте патология жоқ. Нәжістің соңғы бакпосев анализінде балада қайта S. dysenteriae, серовар 3 табылды. Инфекциялық үдерістің формасын анықтаңыз:

-сау тасымалдаушы

-вирусті тасымалдаушы

-иннапаранттық инфекция

+реконвалесценттік тасымалдаушы

-созылмалы тасымалдаушы

?

Парагриппті науқас бала 7 күн амбулаторлық ем алды. Учаскелік дәрігердің тексеруінен қайта өткенде келесі ауру белгілері сақталып қалған: тез шаршағыштық, тершеңдік, бас ауруы. Баладағы инфекциялық үдеріс кезеңін анықтаңыз:

-өршу

-бастапқы (предвестников)

-инкубациялық

+Реконвалесценции

-бөлек салдарларын

?

5 жасар бала жедел ауырған. Шағымдары: дене қызуы 37,0 С, құрғақ жөтел, тәбеті сақталған. Баланы қарағанда: дауысы дірілі өзгермеген, ТЖ 28 рет минутында. Өкпе перкуссиясында: өкпелік дыбыс, аускультацияда- өкпесінде қатан тыныс, құрғақ жайылмалы сырылдар естіледі. Жүрек үндері анық, ритмді. Қан анализінде өзгеріссіз. Өкпе рентгенде: өкпе суретнің күшеюы байқалады. Мүмкін болатын диагноз қандай?

- ошақты пневмония

- обструктивті бронхит

- аденовирусты инфекция

-+жедел жай бронхит

- бронхиолит

?

3 жастағы балада шұғыл ұстамалы жөтел пайда болуы. Ентігу мазасызданғанда болып, ұйықтағанда жойылады. Анасының айтуы бойынша, бала ұсақ заттармен ойнағаны анықталынды. Баланы тексергенде: экспираторлы ентігу, өкпе перкуссияда - өкпелік дыбыс «короб» тәрізді, өкпені тындағанда: тынысы қатан, бірен саран құрғақ ісқірықты сырылдар естіледі. ЖҚА - өзгеріссіз. Рентгенде - өкпе суретінің кеңеюы байқаланады. Мүмкін болатын диагноз қандай?

-аденовирусты инфекция.

- жедел жай бронхит

- обструктивті бронхит

+бөгде зат

- ошақты пневмония

?

ЖТД қабылдауында 1,6 айлық бала. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда жағдайы жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бала селқос, тәбеті төмендеген, дәм сезуі бұрмаланған. Тері жабындылары боз, құрғақ, шашы құрғақ, жылтырамайды. Жалпы бұлшықет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығыңқы. Қан талдауында: Нв 62 г/л., эр. 2,3х 1012/л, ТК-0,75, рет. 4%, сарысулық Ғе - 8 ммоль/л, ОЖСС - 108 мкмоль/л, плазманың трансфферинмен қанығу коэффиценті 12%. Анемия диагнозын жіктеніз.

- Темір тапшылық анемия, I-II дәрежелі, гипохромды, гиперегенераторлы, аралас этиологиялы

- Темір тапшылық анемия, II дәрежелі, гипохромды, гиперегенераторлы, аралас этиологиялы

- Ақуыз тапшылық анемия, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

+темір тапшылық анемия, III дәрежелі, гипохромды, гипорегенераторлы, аралас этиологиялы

- Ақуыз тапшылық анемия, III дәрежелі, нормохромды, гиперегенераторлы, вирусты этиологиялы.

?

ЖТД қабылдауында 11 ай 18 күндік баласымен анасы келді. 3 күн бойы жөтелуіне шағымданады, бұны суық тиюмен байланыстырады. Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) минутына 50 рет. Тыныс алу жиілігін санын бағалаңыз. БЖАЫЖ сәйкес жіктемені таңдаңыз:

-Пневмония. ТАЖ – қалыпты

+Пневмония жоқ. Жөтел немесе тұмау. ТАЖ – қалыпты

-Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс. ТАЖ – жиілеген

-Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру. ТАЖ – жиілеген

-Өте ауыр фебрилді ауру. ТАЖ –жиілеген

?

І-ші жүктіліктен, І-ші ұзаққа созылған босанудан жаңа туған нәресте, өмірінің алғашқы минуттарында енжар, спонтандық қозғалыс белсенділігі, қарап тексеруге және тітіркендіргіштерге реакциясы әлсіз, рефлекстері тұнжыраңқы. Айқайы қысқа, аз эмоциалы. Тері жабындылары көгеріңкі, тахикардия, тондары бәсеңдеген, қысқа мерзімді апноэ. Жаңа туған нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

- 9

- 8

- 7

- 6

+5

?

Балалардағы гломерулонефриттің дәл диагностикасы үшін келесі тексеру қажет:

+Бүйрек биопсиясы

-Урография

-Цистография

-Цистоскопия

-Компьютерлік томография

?

Бала 4 жаста. Көруінің төмендеуіне шағымданады, «көздерінде құм» себілген сияқты сезім байқалады, тізе және сирақ-аяқ буындарында қимылсыздық, кешке қарай қимылы толық қалпына келеді, субфебрилитет. Объективті: интоксикация, оң жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, сипағанда күйіп тұр, бүгуі шектелген. Басқа мүшелер өзгеріссіз. Көзін қарап тексергенде: көз алмасының тамырлық суретінің ұлғаюы, синехия есебінен қарашықтарының формасының өзгеруі. Науқаста қандай диагноз болуы ықтимал?

- Реактивті артрит

+Ювенильді созылмалы артрит

- Ревматоидты артрит

- Облитерацияланған артрит

- ЖҚЖ

?

Бала үш апталық, туғаннан бастап төспен тамақтануда. Қарау барысында анасы баланың мазасыздануына, сирек зәр бөлуге, 3 апта бойы 250 грамм салмақ қосқанына шағымданады. Баланың бұл жағдайының себебі?

-транзиторлы зәрқышқылы инфаркті

+гипогалактия

-зәршығару жолдарының инфекциясы

-нормотрофия

-физиологиялық салмақ жоғалту

?

Ауыр интранаталды периодпен және туған кезде асфиксия болған бала қанында метаболитикалық бұзылыстар (гипокальциемия, гипомагнеемия, гипогликемия, гипернатриемия) анықталды. Нейросонографияда өрмекші қабатында арахноидальды киста бар. Бұл балада қандай синдром болуы мүмкін?

+тырыспалық синдром

-бұлшықеттік гипотония

-вертикалды нистагм

-гипотермия

-тахикардия

?

Жаңа туған сәбиде кіндік жарасынан серозды бөлініс, жеңіл гиперемия және кіндік сақинасының аздап инфильтрациялануы анықталды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған, қан анализінде өзгерістер жоқ, кіндік тамырлары пальпацияланбайды. Сіздің болжамдық диагнозыңыз?

+катаралды омфалит

-іріңді омфалит

-гангренозды омфалит

- іріңді омфалит және кіндік артериясының тромбоартериті

-іріңді омфалит және кіндік венасының тромбофлебиті

?

Флегманозды омфалит кезінде кіндіктік жараның қандай өзгерістері тән:

+кіндік маңында тері инфильтрацияланған, ісінген, гиперемияланған

-кіндік маңындағы тері гиперемияланбаған

-кіндік маңындағы тері ісінбеген

-кіндік аймағы іш беткейінен сыртқа шығып тұрмайды

-кіндік маңындағы тері өзгермеген

?

Жаңа туған сәби терісінде қатты қызыл дақ пайда болды. Зақымдалу ошағы тез жайылды. 2 күннен соң терінің зақымдалған аймағы сұр-көгерген түске боялды, ортасында жұмсару пайда болды, сосын өлген тері қабаты түлеп, іріңді қапшықтары бар жаралы беткейлер пайда болды. Емдеу барысында жаралы қабаты эпителизацияланып, тыртық қалыптасты. Мүмкін болатын диагноз?

- Жаңа туған сәби пузырчаткасы

+ некротикалық флегмона

- Риттер эксфолиативті дерматиті

- везикулопустулез

-Рожалық қабыну

?

Бала 11 айлық , дене температурасы 38. Жөтел ұстамалы, қиын шығарылатын қақырықпен. ТЖ минутына 54. Кеуде клеткасы «бөшке» тәрізді. Өкпе аускультациясында: қатқыл тыныс, тыныс шығару ұзарған, құрғақ ысқырықты сырылдар барлық өкпе алаңдарында естіледы. Өкпе перкуссиясында: өкпелік дыбыстың қорапты сипаты байқалады. Баладағы мүмкін болатын диагноз қандай?

- жедел қарапайым бронхит

-+обструктивті бронхит

- ларингиотрахеит

- ошақты пневмония

- жедел трахеит

?

Берілген симптомокомплекс қандай ауруға тән: жоғары тыныс алу жолдарында катаральды көріністер, аурудын басталуында құрғақ жөтел сосын ылғалдыға ауысуы, өкпе аускультациясында –қатқыл тыныс , жайылмалы құрғақ және әр түрлі колибрлі ылғалды сырылдар?

- жедел трахеобронхит.

-+жедел қарапайым бронхит

- обструктивті бронхит

- жедел бронхиолит

- ошақты пневмония

?

Жедел бронхиолит кезінде аталған қай клиникалық белгінің болуы антибактериальды терапияны қолдануға көрсеткіш болып табылады?

- ентігудің айқындығы

- +ателектаздың болуы

- майда көпіршікті сырылдардың көптігі

- сырылдардың екіжақты локализациясы

- жиі жөтел

?

Ер бала 1 жаста. Өмірінің бірінші айларынан обструктивті синдромына байланысты бірнеше рет ем қабылдаған. Салмағы 7 кг. Физикалық дамуының артта қалуы байқалады. Қарау кезінде тері жабындылары және шырышты қабаттары бозғылт. ТАЖ 38 минутына. Өкпе қатқыл тыныс, тыныс шығару күшейген, барлық өкпе алаңдарында әртүрлі калибрлі ылғалды және ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Өкпе перкусиясында: өкпелік дыбыстың қораптық сипаты. Іші үлкейген. Үлкен дәреті сазды, майлы жылтыр, қиындықпен жуылады. Үлкен дәрет өзгерістерін анасы дисбактериозбен байланыстырады. Ең мүмкін болатын диагноз қандай?

- рецидивті бронхит

-+муковицидоз

- бронх демікпесі

- бронхэктазды ауру

- идиопатиялық альвеолит

?

Қалалық балалар ауруханасына Жедел бронхиолит диагнозымен 6 айлық бала жеткізілді. Осы ауруға тыныс алу жүйесінің қандай зақымдануы тән?

- терминальды бронхиолдардың біржақты зақымдануы

-+терминальды бронхиолдардың диффузды зақымдануы

- ІІІ реттік бронхтардың өткіштігіның бұзылуы

- ІІ реттік бронхтардың біржақты зақымдануы

- басты бронхтардың екіжақты зақымдануы

?

Жедел ревматикалық қызбаның латентті ағымы бар баланы қарағанда ентігу, жүрек қағу, өкпесінде майда көпіршіктік сырылдар, цианоздық беттің қызаруы, шырышты қабатының цианозы анықталды. Аускультацияда шапалақты 1 тон, пресистолық шу, митралдық тарсыл. ЭКГ-да сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы. Рентгенограммада сол жақ жүрекшенің үлкеюі, кіші қан айналым шеңберінде іркілу. Науқаста төменде көрсетілген ақаулардың қайсысы байқалады?

- митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі.

- үш жармалы қақпақшаның стенозы

-+митральды қақпақшаның стенозы

- аорталды стеноз

- аорталды қақпақшаның жеткіліксіздігі

?

Жедел ревматизмдік қызбаның үздіксіз - қайталмалы ағымы бар науқасты қарағанда бетінің цианозы, акроцианоз, мойын веналары кеңейген, оң веналық пульс анықталды. Аускультацияда семсер тәрізді өсінді үстінен жоғары және сол жаққа таралатын үрлемелі систолалық шу естіледі, терең демалғанда күшейіп, тыныс шығарғанда әлсірейді. Бауыры ұлғайған. ЭКГ-да Р тісшесі үшкір, жоғары. Рентгенограммада жүрек көлеңкесі үшбұрышты, он жақ қарыншамен жүрекшенің ұлғаюына байланысты. Төменде көрсетілген ақаудың қайсысы дұрыс болып табылады:

- митралдық қақпақшаның жеткіліксіздігі

- митралдық қақпақшаның стенозы

-+үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

- үш жармалы қақпақшаның стенозы

- аорталық қақпақшаның стенозы

?

14 жастағы бала клиникаға тізе, сирақ табан буының ұшпалы ауырсынуына, ісінуімен қозғалыстың шектелуіне шағымданып түсті. Кезенді жүрек тұсының ауырсынуы мазалайды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежелі. Терісі бозарған, көз асты көгерген. Жоғары көрсетілген буындардың активті және пассивті қозғалысы ауырсынумен.Жүректің салыстырмалы шекаралары: оң жақ - төстің оң жақ қыры бойында, жоғарғы шекарасы 3 қабырға, сол жақ - ортаңғы бұғана сызығы бойында. Аускультацияда жүрек тоны орташа тұйықталған. 1 тон әлсіреген, жүрек түрткісінде үрмелі систолалық шу. Ең мүмкін диагнозыңыз?

- Рейтер синдромы

- ЖРҚ, аорта қақпақша зақымдалуымен кардит

-+ЖРҚ, полиартрит,митральді қақпақша зақымдалуымен кардит

- ревматойдты артрит

- ЖРҚ, полиартрит

?

Ер бала 5 жаста. ЭКГ-да сол жақ қарыншаға күш түсуі, рентгенограммада- кіші қан айналым шеңберінің гиперволемиясы, жүректің сол жақ бөлімінің ұлғаюы. Аталғандардың қайсысы мүмкін диагноз?

- қарыншааралық перде дефекті;

- өкпе артериясының стенозы

-+ашық артериалды өзек

- Субаортальды стеноз

- аорта коарктациясы

?

Бала 4 жаста, ата-анасы емханаға баланың физикалық дамуының артта қалуына шағымданып келді, бала нашар жүреді. Объективті: психикалық дамуы жасына сәйкес, қалыпты, иық аймағының артық дамуы анықталған. Дененің төменгі бөлімі, аяқтары әлсіз, бұлшықет гипотониясы анықталды. Жүрек шекаралары солға 2 см кенейген. Жүрек қағысы күшейген, 1 тон күшейген. Систолық шу 2 қабырғааралалығы оң жақтан естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Аяғынан пульс анықталмайды. АҚ - 160/90 мм рт.ст. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

- феохромоцитома
- вегето-тамырлық дистония
-+аорта коарктациясы
- ашық артериальді өзек
- аорта стенозы

?

Нефротикалық синдромның стероидтық тәуелділік туындауы кезіндегі минимальды өзгеріске тағайындалады?

- антикоагулянттар

- иммуномодуляторлар

- +цитостатиктар

- антиагреганттар

- глюкокортикоидтармен пульс-терапия

?

Қандай дәрілік препарат ісіктің туындауына әкеледі?

- антибиотиктер

- витаминдер

- +гипотензивті

- антигистаминды

- жүрек гликозидтері.

?

Тұқымқуалайтын нефрит патогенезінің негізгі буыны қандай?

-реагинді типті аллергиялвқ реакциялар

- подоциттер дисэмбриогенезі

- +коллаген генетикалық синтез дефектісі

- мембраналық ақуыз тасымалдаушылардың құрылысының өзгерістері.

- бүйректің қыртысты қабатының дисэмбриогенезі.

?

Тұқымқуалайтын нефрит кезінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің алғашқы белгілері кезінде көрсеткіш?

-цитостатикалық терапия

-глюкокортикоидты терапия

-+бүйрек трансплантациясы

- гемабсорбция

- плазмаферез.

?

Жедел бүйрек жеткіліксіздгіне әкелетін қандай преренальды факторлар бар?

- энтеробиоз

- диетотерапия

- +Жоғары мөлшердегі электролиттердің жоғалту және сусыздану

- АҚ тез жоғарылауы

- сәйкессіз қанды құю кезіндегі гемолиз

?

Вера 4 жаста, ауруханаға мұрыннан қан кетуімен және денесіндегі көптеген көгерулермен түскен. Осыған дейін ауруханада жамбас флегмонасымен емделген. 2 рет қан құйған. Объективті: терісі бозарған, денесінде көптеген экхимоздармен петехиалар, ауызында, көз конъюктивасында қан құйылған. Жүрек тондары тұйықталған, 110 рет мин. Дейін тахикардия. Бауыр ұлғаймаған, көкбауыры қабырға доғасынан 1см төмен. Шымшу, жгут, соққылау симптомдары оң. Салмағы 20 кг. Қан анализінде Эр - 4,2*1012, Hb - 115г/л, Ц.П - 0,9, Le - 7*109, э - 1%, п - 3%, с - 45%, л - 41%, м - 9%, СОЭ - 18мм/ч, тромбоциттер 10*109, тромбоциттер анизоцитозы. Қан кету уақыты 15 мин. Сүйек миы пунктатында: қызыл және ақ өсуі өзгермеген, мегакариоцитарлы өсінділер қозған, тромбоциттердің үзілуі жоғарылаған. Сіздің диагнозыныз:

-гемофилия

-геморрагиялық диатез

-+тромбоцитепниялық пурпура

-жедел лейкоз

-Виллебранд ауруы

?

10 жасар қыз бала ара шақаннан кейін тізе және шынтақ буындарынын үстінде түйінді бөртпелер пайда болды, осындай бөртпелер санында, жамбасында пайда болды. Ішкі мүшелерінде патологиялар жоқ. Температурасы 37,2. Диагноз қойыныз:

-тромбоцитопениялық пурпура

-Верльгоф ауруы

-+геморрагиялық васкулит терілік синдроммен

-Эбштейн ауруы

-Гиппел Линдау синромы

?

5 жасар Сережа репираторлық инфекциямен ауырды. 1 аптадан кейін температурасы 38С жоғарлады, аяқ қолында қызыл бөртпелер пайда болды, буындарында ісіну мен ауырсыну байқалады. Қарағанда геморрагиялық бөртпелер папула және дақтар түінде, түсі "қызыл вино" түсті, симметриялы орналасқан, шынтақ, тізе буындарының бүгу бетінде орналасқан, буындары ісінген көлемі ұлғайған қимылы ауырсунымен. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Орташа тахикардия. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бүйрек пальпацияланбайды. Соққылау симптомы теріс. Ауыз қуысы таза. Бадамша бездері ұлғаймаған. Сіздің диагнозыныз

-тромбоцитопениялық пурпура

-гемофилия

-+геморрагиялық диатез

-жедел лейкоз

-Рандю Ослер ауруы

?

3 жасар Игорь, жедел ауырды, пенвмониядан кейін қайтадан дене температурасы 38 жоғарлады, басының ауруы, геморрагиялық бөртпелер тізе, шынтақ буындарында папула және дақтар түрі қызыл, іші терісінде қан талаған, мойын лимфатүйіндері ұлғайған, кариозды тістері бар. Қан анализінде эритроциттер 4,5x1012 , Нв 111г\м, т.к 0,9, L 8 109 , э.2, т 1, с 69, л 29, ЭТЖ 18мм/с, тромбоциттер 210х10, Ли Уайт бойынша қан ұю 3 мин, зәріде белок 0,3 г/л, Le-10-12, эр-30-40, Грегерсен сынамасы терісі. Сіздің диагнозыныз

-геморрагиялық васкулит абдоминалдық синдромымен

-гемофилия

+-геморрагиялық васкулит терілік буындық түрі

-жедел лейкоз

-гемраргиялық васкулит терілік, бүйректік синдромымен

?

10 жасар Валя, жедел ауырды, кенеттен ара шақаннын соң, бірнеше сағаттан кейін бундарын үстінде бөртпелер түйіндер және дақтар пайда болды, осындай бөртпелер сонын ішкі жағында, жамбасында пайда болды, шымшу, жгіи симптомы теріс температурасы 37,2, 2 күннен кейін бөртпелер қоныр болды, кейбір элементтерде нероздар және қанды қабыршақтар пайда болды. Сіздің диагнозыныз:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


написать администратору сайта