Главная страница

Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер


Скачать 0.5 Mb.
НазваниеБалалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Дата27.11.2018
Размер0.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаped100.docx
ТипДокументы
#57900
страница1 из 16
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

«Балалар аурулары №1,2» кафедрасы бойынша

«Жалпы медицина» мамандығының 6 курс ЖДТ бағыты бойынша,

«Балалар аурулары» пәнінен қорытынды тестілер

?

Омфалиттің қарапайым түрі үшін кіндік сақинасына қандай өзгерістер тән болады:

+жара бітеді және серозды сұйықтық тамшылары пайда болады

-іріңді сулану

-ісінеді, қызарады, ештене бөлінбейді

-ісінеді, кіндік шұңқырдың түбінде ойық жара пайда болады

-көкшіл түсті, оның некрозы басталады

?

Фунгус қандай ертіндімен өңделеді?

+күміс нитрат арқылы

-калий перманганат арқылы

-бриллиантты жасыл ерітіндімен

-йод ерітіндісімен

-спирттік йод ерітіндісімен

?

II дәрежелі гипотрофия кезінде дене салмағының тапшылығы қанша пайызды құрайды

+20-30%

-5%

-6-10%

-10-20%

-35%

?

Толқын тәрізді септикопиемияның ұзақтылық ағымы қандай?

+1,5-2 ай және одан жоғары

-1-2 апта

-2-4 апта

-4 апта-1,3 ай

-1,3 ай-1,5 ай

?

Постуральды дренажды қабылдау кезінде пациент Квинке қалпында неше минут болады?

+15-20

- 5-10

- 30

- 40

- 35

?

Балаларда жіті бронхиолитті емдеу кезіндегі бастамашы бронхиолитикті көрсетіңіз?

+сальбутамол

- фенотерол

- эпинефрин

- ипротропия бромид

- эуфиллин

?

Бронхиолитиктерді қабылдаған соң, балаларда қандай жанама әсер пайда болуы мүмкін?

+гиперқозушылық

- селкілдек тырыспалар

- тахипноэ

- тахикардия

- ұйқышылдық

?

Амбулаторлы кезеңде бронх демікпесінде қандай Jg анықтау қажет?

+JgЕ

- Jg g

- Jg М

- Jg А

- Jg В

?

Ерте кардиттің морфологиялық белгісі?

+фиброэластоз

- инфильтрация

- экссудация

- некроз

- миокардтің дистрофиясы

?

Туа пайда болған фиброэластоз кезінде ЭКГ-да не байқалады:

+QRS кешенінің жоғары вольтажы

- QRS кешенінің төмен вольтажы

- Жоғары Т -тісшесі

- SТ изосызықтан жоғары

- Р тісшесінің тегістелуі

?

Антистафилококкты гамма-глобулин қалай енгізіледі:

+2 күннен кейін 3 мл-ден 3-4 рет

-2 күннен кейін 8 мл-ден 3-4 рет

-2 күннен кейін 10 мл-ден 3-4 рет

-3 күннен кейін 6 мл-ден 3-4 рет

-күн ара 5 мл-ден 3-4 рет

?

Шала туған нәрістелердің морфологиялық көріністеріне не жатады:

+салыстырмалы басының үлкендігі (бойынан 1/3)

-бассүйектеріне қарағанда бет сүйектері үлкен

-кіндіктің жоғары орналасуы

-тек үлкен еңбегі ғана ашық

-құлақ шеміршектері қатайған

?

I дәрежелі гипотрофия кезінде баланың бойының ұзындығының көрсеткіштеріне қандай өзгерістері тән?

+сау балаға сәйкес келеді

-5 % төмен

-10% төмен

-15% төмен

-20% төмен

?

Рахиттің жітілеу ағымы үшін қандай сүйек өзгерістері тән:

+сүйек тіннің гиперплазиясы

-остеомаляция

-остеопорозы

-стеосклерозы

-гипоплазиясы

?

Бронх демікпесі емінің нәтежесін қандай индикатордың қалпына келуі көрсетеді?

+сыртқы тыныс көрсеткіштердің орнына келуі

- қан қысымының қалыпқа келуі

- дене қызуының қалыпқа келуі

- пульстің қалыпқа келуі

- диурездің орнына келуі

?

Жеңіл дәрежелі бронх демікпе кезінде, базисті емнің 1 сатысында қандай препарат қолданылады?

+сальбутамол

- бекламетазон

- будесонид

- циклосонид

- серетид

?

Пневмония кезінде дамитын өкпеден тыс асқынуларға не жатады?

+ДВС синдромы

- ателектаз

- пневмосклероз

- пиопневмоторакс

- өкпелік деструкция

?

Пневмония кезінде дамитын өкпелік асқынуға не жатады?

+пиопневмоторакс

- респираторлы дистресс-синдром

- жүрек-қанайналым жеткіліксіздігі

- ДВС синдром

- инфекциялы-токсикалық шок

?

Гемодинамиканың бұзылысыз жүретін ақауларын атаңыз?

-Фалло тетрадасы

- 52қарыншааралық перденің ақауы

- жүрекшеаралық перденің ақауы

- ашық артериялық түтік

- аортаның коарктациясы

?

Жүйелі склеродермия кезінде не байқалады:

+«қылыш соққысы» тәрізді ошақты өзерістер

- параорбитальді көгілдір (лиловая) эритема

- "көбелекті" еске түсіретін беттегі эритема

- ағаш тәрізді немесе тор тәрізді ливедо

- мұрын-жұтқыншақта жаралы-некротикалық өзгерістер

?

Гипотрофияның негізгі диагностикалық критерийіне не жатады?

+май-шел қабатының қалыңдығы

-ет салмағы

-бойының ұзындығы

-психикалық даму

-жыныстық даму

?

2. I дәрежелі Чулицкий индекс толықтығы құрайды?

+10-15

-5-10

-0-5

15-20

-20-25

?

II дәрежелі Чулицкий индекс толықтығы құрайды?

+1 - 10

-5-10

-0-5

-15-20

-20-25

?

III дәрежелі Чулицкий индекс толықтығы құрайды?

+теріс

-0-5

-1-10

-15-20

-20-25

?

Крупозды пневмонияның басталуына тән қызбаның сипаты қандай?

+39-40С

- 36.5-37С

- 37-37.5С

- 37.5-38С

- 38-38.5С

?

Цефалоспориндердің III ұрпағына төмендегі препараттардың қайсысы жатады?

+цефтазидим

- цефазолин

- цефуроксим

- цефепим

- цеф IV

?

Ауруханадан тыс пневмонияны 75% жағдайда туындайтын қоздырғыш қандай?

+ пневмококк

- көкірің таяқшасы

- микоплазма

- гемофильды таяқша

- стафилококк

?

Өкпенің жоғарғы бөліктері зақымдалған кезде крупозды пневмонияны қандай аурумен ажыратпалы диагностика жүргізіледі?

+ өкпе туберкулезімен

- жіті бронхитпен

- созылмалы бронхитпен

- бронхоэктазды ауруымен

- бронх демікпесімен

?

Ревматизмдік қызба кезінде L-формалы стрептококктың тіндер мен мүшелердегі персистенциясы немен түсіндіріледі:

+ осы формалардың фагоцитоз бен антибиотиктерге төзімділігімен

- бициллинмен алдын-алуының жоқтығымен

- уақытында басталған емнің болмауымен

- қабынуға қарсы емнің жоқтығымен

- созылмалы инфекция ошақтарының болуымен

?

Ашоф-Таллалаев гранулемасының түзілуі неге бағытталған?

+дәнекелер тінің дезорнизацияланған өнімдерінің жойылуына

- зақымдалған аймаққа қан ағуының шектелуіне

- стрептококты жоюға

- иммундық клеткалардың жиналуының шектелуіне

- қақпақша аппараттардың ақауларын жоюға

?

Гипотрофияның дәрежелері

+3

-1

-2

-4

-5

?

I дәрежелі гипотрофияда май шелінің ең бірінші азаюы:

+қарын тұсында

-қолдарына

-аяқтарына

-Денесінде

-Бетінде

?

Қай дәруменнің тапшылығы рахиттің дамуына әкеледі?

+гиповитаминоз Д

-гиповитаминоза А

-гиповитаминоз С

-гиповитаминоз РР

-гиповитаминоз В1,В2.

?

Рахит кезінде қандай зат алмасуы бұзылады?

+кальций фосфор

-көмірсу

-май

-витаминды

-ақ уыз

?

Крупозды пневмонияға қандай рентгенологиялық белгілер тән?

+өкпе бөлігінің біркелкі қараюы

-өкпе түбірінің кеңеюі мен тығыздалуы

- өкпе суретінің торлануы

- өкпе түбірінің ұршықтәрізді қуысталуы

- «ара ұясы» өкпесі

?

Бронхоэктазды ауруына қандай рентгенологиялық белгілер тән?

+«ара ұясы» өкпесі

- өкпе түбірінің кеңеюі мен тығыздалуы

- өкпе суретінің торлануы

- өкпе түбірінің ұршықтәрзді қуысталуы

- өкпе бөлігінің біркелкі қараюы

?

Интерстициальды пневмонияға қандай рентгенологиялық белгілер тән?

+өкпе суретінің торлануы

- өкпе түбірінің кеңеюі мен тығыздалуы

- өкпе бөлігінің біркелкі қараюы

-«ара ұясы» өкпесі

- Мак-Лауд синдромы

?

Өкпені тындағанда, обструктивті синдромға тән қандай сырылдар естіледі?

+ысқырықты сырыл

- құрғақ жайылмалы

- ұсақкөпіршікті ылғалды

- ортакөпіршікті ылғалды

- ірікөпіршікті ылғалды

?

Жүйелі қызыл жегі -бұл

+балаларда ауыр висцеральді көріністермен, гипериммунды криздермен сипатталатын иммунокомплексті ауру.

- ішкі мүшелердің фиброзды –склералық үрдістерімен зақымдалатын және тірек қимыл жүйесінің бұзылыстары.

- тері жамылғысының және бұлшықеттің жүйелі зақымданумен жүретін ауру.

- қолқаның зақымдануымен жүретін жедел, рецидивті немесе созылмалы жүйелі ауру.

- ұсақ және орта калибрлі артериялардың зақымдануымен жүретін иммунокомплексті ауру.

?

Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы жүйелі қызыл жегіде болады?

+беттегі «көбелек» тәрізді эритема.

- параорбитальді көкшіл(лиловый) эритема

- «қылыш соғу» түріндегі ошақты өзгерістер.

- ағаш немесе тор тәрізді ливедо

- мұрын жұтқыншақтағы жаралы-некротикалық процесс.

?

Мешелдің ағымы?

+жедел

-созылмалы

-баяу өршіген

-үздіксіз-рецидивті

-жай ағымды

?

Мешелдің неше дәрежесін ажыратылады?

+3

-1

-2

-4

-5

?

Мешелдің бастапқы кезеңінің клиникалық көріністері қандай?

+тершеңдік

-тырысу

-дене қызуының көтерілуі

-ентігу

-тәбеттің төмендеуі

?

Ауру балада I дәрежелі гипотрофияда қай жерінде май-шел қабаты жоқ:

+ішінде, кеудесінде

-қолдарында

-аяқтарында

-бетінде

-бөкседе

?

Этиологиясына байланысты қандай пневмонияның емінде заманауи макролидтер тағайындалады?

+микоплазмалы

- пневмококкты

- стрептококкты

- стафилококкты

- вирусты

?

Қақырықтың микроскопиялық зерттеуінде қандай көрсеткіштер бронхоэктазды аурудың болуын көрсетеді?

+Куршмана фибрилдері

- нейтрофилдер

- макрофагтар

- эозинофилдер

- эпителиальды жасушалар

?

Төменде берілген препараттардың қайсысы, жөтелді басатын, орталық жүйке жүйесіне наркотикалық әсер ететін препаратқа жатады?

+кодеин

- синекорд

- лидокаин

- глаувент

- либексин

?

Бронхоэктатикалық ауруда, өкпе аускультациясында қандай өзгерістер естуге болады?

+«пулемет» атуына ұқсаған сырылдар

- ылғалды ұсақ көпіршікті сырыл

- құрғақ ысқырықты сырыл

- өтпелі сырыл

- пуэрильді тыныс

?

Склеродермияда склероздың дамуында басты роль атқарады:

+антигендік белсенділік көрсететін жетілмеген коллаген

- миокардтың антигендік қасиеті

- антиген-антидене реакциясы және цитотоксикалық эффект.

- протеолитикалық ферменттердің синовиальді сұйықтыққа өтуі.

- тамыр қабырғаларының иммунды қабынуы.

?

Төменде берілген патоморфологиялық көріністердің қайсысы склеродермияға тән:

+склероз және фиброз үрдістері

-Ашоф-Талалаев гранулемасының түзілуі

-фибропластикалық панаортит

- тыныс алу жолының жаралы-некротикалық зақымданған жерлерінде грнулеманың түзілуі.

- коронарлы артериялардағы көптеген аневризмалар.

?

1 жасқа дейін сау балаларға диспансерлік байқауды емханада қалай жүргізеді?

+ай сайын

-квартал бойынша

-6 айда 1 рет

- жыл сайын

- айында 2 рет

?

1 жастан 2 жасқа дейін сау балаларға диспансерлік байқауды емханада қалай жүргізеді

+квартал бойынша

-ай сайын

-6 айда 1 рет

- жыл сайын

-айында 2 рет

?

  1. жастан 3 жасқа дейін сау балаларға диспансерлік байқауды емханада жүргізеді

+6 айда 1 рет

-квартал бойынша

-ай сайын

-жыл сайын

-айында 2 рет

?

3 жастан асқан балаларға диспансерлік байқауды емханада жүргізеді

+жыл сайын

-квартал бойынша

-ай сайын

-6 айда 1 рет

-айында 2 рет

?

Жедел обструктивті бронхитке ен жиі қандай қоздырғыш алып келеді?

+РС-вирус

- алтын түсті стафилококк

- көк –іріңді таяқша

- клебсиелла

- цитомегаловирус

?

Мектеп жасындағы балалардағы жедел пневмококкты пневмонияға тән симптомдарды ата ?

+қалтырау, жөтел, бүйірының ауырсыну

- үдемелі жөтел, құрғақ ысқырықты сырыл

- симметриялы құрғақ сырыл, экспираторлы ентігу

- дауыс қарлығуы, дем алу қиындауы

- қабырғааралық бұлшықет атрофиясы, қайталамалы жөтел

?

Өкпе салыстырмалы перкуссиясында өкпелік дыбыстағы қораптық сипаты науқаста қандай патологияда кездеседі?

+жедел обструктивті бронхит

- созылмалы пневмония

- жедел жай бронхит

- жедел ларингит

- жедел трахеит

?

Жедел обструктивті бронхитке не тән?

+экспираторлы ентігу

- инспираторлы ентігу

- үзілмелі тыныс

- Шик ентігуі

- аралас ентігу

?

Экстрасистолия– бұл:

+Кезектен тыс жүректің жиырылуы

- Импульс өткізгіштігінің толық бұзылысы

- Қозудың кері тарауы

- Импульс өткізгішігінің тежелуі

- Қозудың щеңбер бойымен қозғалысы

?

Баланың туа біткен жүрек ақауымен туылуына алып келетін қауіпті факторға жатады:

+анасындағы жүктіліктің I триместріндегі вирусты ауру, алкоголизм, кәсіптік зияндылық

- анасындағы пиелонефрит

- қанағатсыз материальдық жағдай

- құнарсыз тамақтану

- ана жасының 20 дан төмен болуы

?

3 жастағы баланы қандай арнайы дәрігер қарайды?

+хирург, стоматолог

-инфекционист

-гастоэнтеролог

-ортопед

-логопед

?

Босануға дейінгі патронажды мейірбике неше рет жүргізеді?

+2 рет

-1 рет

-3 рет

-4 рет

-5 рет

?

Босанудан кейінгі патронажды мейірбике мен дәрігер перзентханадан шыққаннан кейін қашан балаға жүргізеді?

+бірінші 3 күннің ішінде

-бірінші аптаның ішінде

-1 айдан кейін

-ай сайын

-апта сайын

?

Емханада бала даму картасының кандай формасын арнайды?

+112 форма

-36 форма

-10 форма

-20 форма

-52 форма

?

Жедел обструктивті бронхит емінде төменде аталғандардың қайсысы таңдаулы препарат болып табылады?

+ бета-2 адреномиметиктер

- антибиотиктер

- мукокорректорлар

- седативті препаратттар

- десенсебилизациялық препараттар

?

Іріңді ылғалды плеврит кезінде өкпені перкуссиялағанда қандай өзгерістер тән?

+Грокко-Раухфус, Гарланд ұшбұрышының табылуы

- Штернберг оң симптомды

- Вильямс оң симптомды

- Гольцнехта-Якобсон симптомы

- Яблоков феномені

?

Атипиялық пневмония емінде қандай препарат ең тиімді болып табылады?

+кларитромицин

- пенициллин

- гентамицин

- азиотромицин

- стрептомицин

?

Гипоаллергендік диетада қандай тағамды шектеу қажет?

+ бал

- қышқыл сүт тағамдары

- қияр

- орамжапырақ, кәді

- жасыл алма

?

Туа пайда болған жүрек ақауларының компенсаторлы жүрек гиперфункция сатысына төмендегілердің қайсысы жатады?

+апаттық саты, гипертрофия, кардиосклероз сатысы

- гипертрофия сатысы

- компенсация, декомпенсация

- үдемелі кардиосклероз

- компенсаторлы гипофункция, апаттық

?

Аталғандардың қайсысы өкпе гипертензиясы даму фазасына жатады?

+гиперволемиялық, аралас, склеротикалық

- гиповолемиялық, гипофункциональді

- апаттық, кардиосклеротикалық

- гемодинамикалық, аралас

- апаттық, гиперволемиялық

?

Тырысу кезінде қандай препарат бұлшықетке енгізіледі?

+25% сульфат магния

- 50% анальгин

- 0,2% нарадреналин

- 2,4% эуфиллин

- 0,1% кардиамин

?

Қай аптада қалыпты жағдайда босану мерзімді болып табылады?

+37-41 апта

-32-34 апта

-34-36 апта

-42-45 апта

-30-32 апта

?

Жүктіліктің қай аптасында ерте босану болып табылады?

+32-36 апта

-36-33 апта

-37-41 апта

-42-45 апта

-38-39 апта

?

Жуктіліктін қай аптасында баланы кеш туылған деп атайды

+42-45 апта

-32-34 апта

-34-36 апта

-37-41 апта

-30-32 апта

?

Бронх демікпеге қандай жөтел тән?

+ұстама тәрізді

- дөрекі жөтел

- реприздермен

- ауырсынумен жөтел

- «ит үрілі» сияқты

?

Жедел бронхиолитпен ауыратын балаларға эуфиллинді микстура ретінде тағайындайды. Препараттың күнделікті мг/кг мөлшері қандай?

+ 24-30

- 5-8

- 1-4

- 4-5

- 8-10

?

7.Қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен Жедел бронхиолит диагнозымен бала жеткізілді. Қай жастағы балалар бұл аурумен жиі ауырады?

+алғашқы 2 жас

- 2ден 5 жас

- 6-дан 8 жас

- 8-ден 12 жас

- 12-ден 16 жас

?

Бронхиолитпен ауыратын балаларда гиперкапнияның көрінуі минутына тыныс алудың қандай жиілігінде байқалады?

+70

- 50

- 30

- 40

- 20

?

Балаларда ашық артериялық түтіктің жабылуына не қолданылады?

+индометацин

- вольтарен

- аспирин

- бутадион

- преднизолон

?

Ашық артериялық түтіктің қызметін сақтауы ақау ретінде қаралады:

+ нәрестелік кезең

- өмірінің 3 айы

- 1 жас

- 6 айлық

- 2 жастан

?

Кіндік жараның қабынуын қалай атаймыз:

+омфалит

-везикулопустулез

-пемфигус

-абцесс

-флегмона

?

Омфалиттің қандай түрілері ажыратылады:

+жай түрі, флегманозды,некротикалық

-катаральды,катаральды емес

-ауыр,орта,женіл

-асқунымен

-асқунысыз

?

Омфалиттің жай түрі қалай аталады:

+«суланған» кіндік

-«болбыр» кіндік

-«құрғақ» кіндік

-«кір» кіндік

-«қызыл» кіндік

?

Құрсақішілік кезеңннің ұзақтығы:

+270 күн

-250 күн

-260 күн

-300 күн

-290 күн

?

Төмендегілердің қайсысы тозаңдық аллергендерге жатады?

+жусан

- цитрустар

- сиір сүті

- банан

- шоколад

?

Бронхиолитпен ауыратын науқасқа, гипоксия кезінде селективті емес адреномимектиктер тобындағы бронходилятаторлар не себептен жеңілдік әкелмейді?

-+жүректің оттегіге қажеттілігін арттырады

- тыныс алу орталығын тежейді

- өкпелік гипертензияны күшейтеді

- жөтелу орталығын тежейді

- иммуноглобулиндердің синтезін тежейді

?

Балаларға жедел бронхиолит кезінде тамырішіне 2,4% эуффилин тағайындалды. Препарат дозасын көрсетіңіз мл/кг:

+0,3-0,4

- 5-8

- 1-4

- 4-5

- 0,8- 1

?

Жедел бронхиолитте науқастың ауырлық жағдайы қандай синдроммен байланысты болады?

+тыныс жеткіліксіздігімен

- интоксикациялық

- обструктивті

- ауырсыну

- катаральді

?

Толочинова-Роже ауруы бұл:

+қарыншааралық перде дефекті бұлшық ет бөлігінде

- жүрекше аралық перде дефекті

- қарыншааралық перде дефекті мембранозды бөлігінде

- қарыншааралық перде дефекті мен жүрекше аралық перде дефекті бірге

- жүрекше аралық перде дефекті кіші дефекті

?

Төменде көрсетілген тума ақаулардың қайсысы кіші қанайналым шеңберіннің кедейленуімен жүреді?

+Фалло тетрадасы

- Ашық артериалды өзек

- қарыншааралық перде дефекті

- жүрекше аралық перде дефекті

- постдукталды аорта коарктациясы

?

Нәрестелердің қанында билирубиннің денгейі қай мөлшерге дейін жоғарлағанда сарғаю байқалады?

+34 мк моль/л жоғары болғанда;

-2 мк моль/л;

-10 мк моль/л;

-12 мк моль/л;

-15 мк моль/л;

?

Метеоризм кезінде 0,05% прозеринді теріастына қандай мөлшерде енгізеді?

+Бір жаста 0,1мл.

-10 мл/кг

-100 мл/кг

-25 мл/кг

-3 мл/кг

?

Омфалиттің қарапайым түрінде баланың жалпы жағдайы:

+қанағаттанарлық

-орташа ауыр дәрежелі

-бұзылған

-интоксикация белгілері

-ауыр

?

Орталық аналептикаға қайсысы жатады

+цититон, лобелин

-преднизолон

-ГОМҚ

-кардиомин

-маннитол

?

Бронхиолитпен ауыратын балада, обструктивті синдромның ауыр дәрежесін анықтау үшін В.Таль балдық кестесі бойынша қандай критерийлер бағаланады?

+тыныс жиілігі, құрғақ ысқырықты сырыл, цианоз, қосымша бұлшықеттің тынысқа қатысуы

- тыныс жиілігі, ылғал сырыл, туа біткен рефлекстер, бұлшықет тонусы

- ЖЖЖ, өтпелі сырылдар, бұлшықеттің күші

- тыныс жиілігі, ЖЖЖ, ұсақ көпіршікті сырыл, цианоз

- тыныс жиілігі, периоральді цианоз, бұлшықет гипертонусы

?

Таль шкаласы бойынша бронхиолиттің ауыр дәрежесіне қандай балдық көрсеткіш тән?

+9-12

- 2-4

- 5-8

- 1-2

- 4-5

?

Балалардағы бронхиолиттің ауыр ағымының қауіпті факторы не?

+гипоксемия мен гиперкапния

- созылмалы ағымы

- тыныс алу жетіспеушілігінің I дәрежесі

- тыныс алу жетіспеушілігінің II дәрежесі

- диспноэ мен гипокапния

?

Бронхиолитті емдеу кезінде препараттардың қай тобы тыныстың тежелуіне алып келеді?

+ іріктемелі емес адреномиметиктердің бронходилитаторлары

-глюкокортикоидтар

- әсері кең спектрлі антибиотиктер

- антихолинергиялық препараттар

- иммунодилятаторлар

?

Қолқа коарктациясына не тән?

+қолдың артериялық қысымының жоғарылауы

- аяқтың артериялық қысымының жоғарылауы

- қолдың артериялық қысымының төмендеуі

- тамыр соғысы қысымның жоғарылауы

- диастолалық қысымның төмендеуі

?

Көгерусіз қанайналымның кіші шеңберінің толысуымен туа біткен ақауға не жатады ?

+ ашық артериялық өзек

- Эйзенменгер кешені

- торапты тамырлардың транспозициясы

- жалпы артериялық бағана

- қолқа коарктациясы

?

Жаңа туған сәбилердің гемолитикалық ауруы кезінде қанда қандай көрсеткіштердің деңгейі жоғарылайды?

-тура билирубин және трансаминаз белсенділігі

+жанама билирубин, ретикулоцитоз

-тура және жанама билирубин

-тура билирубин және лейкоциттердің

-тура билирубин және ЭТЖ

?

Сепсис кезінде тыныс жүйесінде болатын өзгерістер:

-тыныс алуы тереңдеуімен ритмнің сиреуі

+ритмнің жиілеуі және тыныс алу тереңдігінің төмендеуі, ентігу, цианоз

-жиіліктің тербелуімен беткей тыныс (36-дан -76-ға дейін минутына)

-5-10 сек апноэға тенденциямен беткей тыныс

-тыныс Гейн-Стокс немесе Биота түрі

?

Сепсис кезінде зәр шығару жүйесінде болатын өзгерістер:

-бактериурия, полиурия

+диурездің азаюы, зәрде ақуыздың, эритроциттердің анықталуы

-поллакиурия

-диурездің азаюы, зәрде тұздар, бактерияның анықталуы

-диурездің көбеюі, зәрде тұздар, цилиндрлердің анықталуы

?

Сепсис кезіндегі қан анализінің сипаттамасы:

-лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ гипореактивті

+лейкоцитоз нейтрофилды жылжумен, анемия, ЭТЖ жоғарлаған

-лейкопения, нейтрофилез, ЭТЖ жоғары

-лейкоцитоз, лимфацитоз, ЭТЖ жоғарлаған

-лейкоцитоз, лимфацитоз, моноцитоз, ЭТЖ жоғарлаған

?

Дәрігерлер жаңа туған сәбиге везикулопустулез диагнозын қойды. Біріншілік элементті атаңыз.

-дақ

+көпіршік

-эрозия

-стриялар

-күлбіреу
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


написать администратору сайта