Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Скачать 0.5 Mb.
|
? Бала 11 айлық. Шағымдары: физикалық дамуының кідірісі (m - 7,0 кг), физикалық жүктеме кезінде ентігу және периоралды цианоздың пайда болуы. Анамнезінде: 2 айлығынан бастап салмағын нашар қосқан, тамақтандыру кезінде тез шаршайды. Қарау кезінде: тері жамылғысы цианозды, перифериялық цианоз, «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» симптомы. Жүрек шекаралары жасына сәйкес. Тондары қатқыл, ЖСС- минутына 140. Төстің сол қыры бойында қатты тембрлі систолалық шу естіледі, сол жақта 2-ші қабырға аралықта II тон әлсіреген. Өкпеде пуэрильді тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ- минутына 40. Бауыр, талағы ұлғаймаған. Сіздің болжам диагнозыңыз? - митральды жетіспеушілік - өкпе артериясының стенозы +Фалло тетрадасы - ашық артериалды өзек - қарынша аралық перде мүкістігі ? 4 жастағы баланың ата-анасы емханаға баланың физикалық дамуының артта қалуына шағымданып келді, бала нашар жүреді. Объективті: психикалық дамуы жасына сәйкес, қалыпты, иық аймағының артық дамуы анықталған. Дененің төменгі бөлімі, аяқтары әлсіз, бұлшықет гипотониясы анықталды. Жүрек шекаралары солға 2 см кеңейген. Жүрек ұшында 1 тон күшейген. Систолалық шу 2 қабырғааралалығы оң жақтан естіледі. Бауыры ұлғаймаған.Аяғынан пульс анықталмады. АҚ - 160/90 мм рт.ст. Қандай диагноз? - феохромоцитома - вегето-тамырлық дистония +аорта коарктациясы - ашық артериальді түтік - аорта стенозы ? 5 айлық бала, кардиологиялық бөлмеге туа пайда болған жүрек ақауы диагнозымен түсті. Анасының шағымы бойынша дене салмағын аз қосу, ентігу және цианоз, олар физикалық күш түскенде күшейеді. Бала жағдайы кенеттен нашарлаған, ентігу және цианоз күшейген, мазасыздық пайда болған, интенсивті систолалық шу төмендеген. Қандай диагноз? - қарыншааралық перде ақауы - жұқпалы эндокардит +Фалло ауруы, ентікпе-цианотикалық ұстама - гипертрофиялық кардиомиопатия - жүрекше аралық перде ақауы ? Кыз бала 5 жаста. ЖРВИ кейін 1 аптадан соң науқастанды. Әлсіз, инспираторлы ентігу. Тыныс жиілігі 36 рет минутына. Пульс 120 рет 1 минутына. АҚ 80/50 мм.сын.бағ.Сирақта ісіну бар. Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасы алдыңғы аксилярлы сызық бойынша. I тон жүрек ұшында тұйықталған, функционалды тембрде систолиялық шу. Бауыр + 1,5 см. ЭКГ-де тыныстық аритмия, тісше вольтаждарының төмендеуі. ЭхоКГ- сол жақ қарыншаның жиырылу қабілетінің төмендеуі. Сіздің диагнозыңыз: - миокардиодистрофия - гипертрофиялық кардиомиопатия +жүре пайда болған ревматикалық емес кардит, вирусты этиологиялы, жедел ағымы,орташа ауырлықта, ҚЖ II А - ЖРҚ I, белсенді фазасы, белсенділігі II, біріншілік ревмокардит, жедел ағымы, ҚЖ II А - эндокардиалды фиброэластоз ? Бала 3 айлық. Туылғаннан бала салмағын аз қосады, емгенде шаршап қалады, 1 айлығында үлкен шартәрізді жүрек анықталды. Объективті: мұрын-ерін үшбұрышының әлсіз цианозы, жүрек тондары тұйық, ырғақты, шулар жоқ. Рентгенограммада үлкен шар тәрізді жүрек анықталады.Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін? - Перикардит -Кардиомиопатия +Фиброэластоз (туа пайда болған ерте кардит) -Кеш туа пайда болған кардит -Инфекциялы эндокардит ? Балалардағы преренальды жіті пиелонефриттің жиі кездесетін себебі қандай? - қуық тасы - гемолитико-уремиклық синдром +ЖІИ эксикозбен - гломерулонефрит - ауыр металлдармен улану ? Гемодиализге негізгі көрсеткіштер? - жүрек жеткіліксіздігі - 130ммоль/л шамасындағы гипонатриемия +0,66 ммоль/л креатинин көтерілуі -24 сағат шамасында анурия - 5,5 ммоль/л геперкалиемия ? Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі қай жағдайда дамиды? - фосфатттық диабетте - В витаминінің тапшылығындағы рахит +бүйректік тубулярлық ацидозда - Тони-Дебре-Фанкони ауруында - ренальдық глюкозурияда ? Бүйректік генезді артериальды гипертензияның жиі кездесу себебі? - Жедел гломерулонефрит - Жедел пиелонефрит -+Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі - Интерстициальды нефрит - Бүйрек аномалиясы. ? Бүйректің функциональді жағдайына баға беретін зерттеу әдістері қандай? - зәр бактериясы - Нечипоренко әдісі. -+эндогенді креатинин клиренсі, Зимницкий пробасы. - жалпы зәр анализі. - тәуліктік протеинурия. ? 7 жасар балада терісі кілегей қабатты, сәл сарғайған, бауыры ұлғайған, басы төрт бұрышты, кереңдік (тугоухость), бас сүйектері қалындаған. Ретикулоцитоз, эритроциттердің осмостық тұрақтылығы төмен, тік емес билирубиннің мөлшері қанда жоғары. Балада қандай анемия? -апластикалық +микросфероцитарлық -мегобластикалық -гипопластикалық -гемолитикалық ? Баланың терісі ақшыл-сары, сүйек кемігінднгі пунктатта қан түзілуі мегалобластылылық түрі, перифериялық қанда мегалоциттер, тік емес билирубин жоғары. Балада қандай анемия? -апластикалық +мегалобластикалық -микросфероцитарлық -гипопластикалық -гемолитикалық ? 10 жасар бала, терісі ақшыл-сұрғылт, ауыр энцефалопатия, ішінің кенет ауырсынуы. Қан анализінде эритроциттардың гипохромиясы, олар базофильды сызылған, қан сары суында темір жоғарлаған, зәрінде протопорфиринн синтезінің аралық заттары анықталған. Осы анемия қай затпен уланудан болған -мыспен -қорғасынмен +фтормен -цинкпен -күкірткімен ? 2 жасар бала, жалпы жағдайы жақсы, бірақ терісі ақшыл, құрғақ, шашы жіңішке, сыңғыш, тырнақтары сынғыш, жұқа, тамаққа тәбеті төмен, бор жейді, систолық шу, бауыры сәл ұлғайған, Нв 83г/л, эр 3,5х10, сіздің диагнозыңыз -темір тапшылық анемия ауыр дәрежесі +темір тапшылық анемия, орташа дәрежесі -темір тапшылық анемия жеңіл дәрежесі -жасырынды темір тапшылығы -витамин тапшылық анемия ? 1 жастағы бала, жағдайы ауыр, терісі ақшыл-бозғылт, құрғақ, көзі және табаны ісінген, ауыз аймағында жаралар, анулярлы стоматит. Бұлшық ет гипотониясы, бауыр және көк бауыр ұлғайған, тахикардия, ентігу физикалық күш түскенде, систолық шу, тәбеті төмен, Нв 66г/л, эр 2,3х10, тк 0,5, анизоцитоз+++ . сіздің диагнозыныз -темір тапшылық анемия жеңіл дәрежесі +темір тапшылық анемия ауыр дәрежесі -темір тапшылық анемия, орташа дәрежесі -жасырын темір тапшылығы -витамин тапшылық анемия ? Созылмалы гастродуодениттің гастрит тектес типінің эндоскопиясына тән? -қабынудың айқын белсенділігі мен эпителий гиперплазиясы +қабынудың аздаған белсенділігі, атрофиялық көріністер болуы мүмкін -қабынудың айқын белсенділігі -қабынудың аздаған белсенділігі, эрозивті аймақтар -айқын ісіну, гиперемиямен болатын беткейлік гиперпластикалық, эрозивті гастрит ? Ойық жараның дамуында негізгі патогенетикалық буын қандай? -тамақтану режимінің бұзылуы +шырышты қабаттың резистенттілігінің төмендеуі -психоэмоциональды жүктеме -Ішек дисбактериозы -ағзаның аллергиялық дайыдығы ? Гастродуодениттің гастрит тектес типі қалай көрінеді? -ерте ауырсыну, қыжыл, тәбеттің жоғарлауы -+Ерте шаншып ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, ауалы кекіру -кеш шаншып ауырсыну, тәбеттің жоғарлауы -Кеш айқын ауырсыну, тамақтан соң азаюы - қыжыл, қышықыл құрамды құсық ? Эндоскопиядағы мына өзгерістер гастриттің қай түріне тән: Созылмалы гастродуодениті бар науқаста шырышты қабаттың диффузды гиперемиясы, ісінуі, қатпарлардың гипертрофиясы, лимфофолликулярлы гиперплазия, тегіс эрозиялар. -беткейлік гастрит +НР-мен біріккен -НР-мен бірікпеген -жедел гастрит -оң гастрит ? Ішектің шырышты қабаты өзгермеген кезде ауырсыну ұстамасында көп мөлшерде шырыштың бөлінуі, іштің сол жақ квадрантында ұстама тәрізді рецидивирлеуші ауырсыну қай патологияға тән? - Созылмалы колит - Созылмалы энтерит +Тітіркенген ішекте - Бейспецификалық жаралы колит - Крон ауруы ? Сусызданусыз диареямен науқас 8 айлық балаға А жоспары бойынша ОР жүргізу кезінде құсу пайда болды. ОР жалғастыру үшін қанша уақыт күту қажет: - 50 минут - 30 минут - 40 минут +10 минут - 1,5 сағат ? Мектеп-интернатта оқитын 2-ші сынып оқушыларының біреуіне орташа ауырлық дәрежесіндегі желшешек диагнозы қойылды. Эпидемияға қарсы қандай шаралар жүргізілуі қажет: - вакцинация жасау - гаммаглобулин енгізу - қабыршақтар жойылғанға дейін оңашалау +мельцеров бокстарына жатқызу - интернатта қорытынды дезинфекция жүргізу ? Паротиттік инфекциямен сырқаттанған 5 жастағы науқас балада мына симптомдар пайда болған – іштің ауыруы, құсу, диарея, ол қандай мүшенің зақымдануын меңзейді: - ішектің - асқазанның - бүйректің +ұйқы безінің - ОЖЖ ? Науқастың бадамша бездерінде кіршең-қара түсті, қан араласқан, тығыз, алынуы қиын, жұлып алғанда орны қанайтын қабыршақты жабынды анықталды. Шынылардың арасына салып езгенде езілмейді. Баланың терісінде ине салған жерлер қанталаған. Аталған белгілер дифтерияның қай түріне тән көрініс: - ауызжұтқыншақ дифтериясы, орналасқан түрі - ауызжұтқыншақ дифтериясы, гипертоксикалық түрі - ауызжұтқыншақ дифтериясы, жайылған түрі +ауызжұтқыншақ дифтериясы, геморрагиялық түрі - ауызжұтқыншақ дифтериясы, токсикалық түрі ? 4 жастағы балаға дәрігер жұқпалы мононуклеоз диагнозын қойды. Жоспар бойынша аңқасынан флораға жұғындыны қай уақытта алу керек екенін анықтаңыз: - тамақтанғаннан кейін 1 сағаттан соң -тамақты шайған соң -тамақтанғаннан кейін 30 минуттан соң +ашқарынға немесе тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан соң -тамақтанғаннан кейін бірден ? Жедел ішектік инфекциямен сырқаттанған баланың нәжісінде қан бар. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша баланың еміне қандай дәріні таңдайсыз: - палин - амикацин - пенициллин -+ципрофлоксацин - фуразолидон ? Мед. қызметкері баланың жағдайын жіктеді: пневмония жоқ, астмоидты тыныс алу. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша баланың еміне қандай дәріні таңдайсыз: - шөптердің тұнбаларымен ингаляция - адреналинмен ингаляция -гидрокартизонмен ингаляция +сальбутамолмен ингаляциия - физ. ерітіндімен ингаляция ? Балаға қойылған болжамдау диагнозы: А вирусты гепатит. Диагноздың этиологиясын анықтау үшін жүргізілетін зертханалық зерттеу әдістері: - жалпы қан анализі -бактериологиялық қан анализі - биохимиялық қан анализі +иммуноферменттік талдау - толық тамшыға қан анализі ? 5 жасар бала жедел ауырған. Шағымдары: дене қызуы 37,0 С, құрғақ жөтел, тәбеті сақталған. Баланы қарағанда: дауыс дірілі өзгермеген, ТЖ 28 рет минутында. Өкпе перкуссиясында: өкпелік дыбыс, аускультацияда- өкпесінде қатан тыныс, құрғақ жайылмалы сырылдар естіледі. Жүрек үндері анық, ырғақты. Қан анализі өзгеріссіз. Өкпе рентгенде: өкпе суретнің күшеюі байқалады. Мүмкін болатын диагноз қандай? - ошақты пневмония - обструктивті бронхит - аденовирусты инфекция +жедел жай бронхит - бронхиолит ? 3 жастағы балада шұғыл ұстамалы жөтел пайда болуы. Ентігу мазасызданғанда болып, ұйықтағанда жойылады. Анасының айтуы бойынша, бала ұсақ заттармен ойнағаны анықталынды. Баланы тексергенде: экспираторлы ентігу, өкпе перкуссияда - өкпелік дыбыс «қорап» тәрізді, өкпені тындағанда: тынысы қатан, бірен саран құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ЖҚА - өзгеріссіз. Рентгенде - өкпе суретінің кеңеюі байқалады. Мүмкін болатын диагноз қандай? - аденовирусты инфекция - жедел жай бронхит - обструктивті бронхит +бөгде зат - ошақты пневмония ? Ауруханаға келесі шағымдарымен бала түсті: тізе бундарының ісінуі, қимылының шектелуі байқалған, субфибрильды температура, 3 апта бұрын баспамен ауырған. Осы ауру табан буындарының ісінуімен және ауырсынуымен басталған, сәлден соң басылды, бірақ тізе буындары қосылды. Қарағанда интоксикация, тізе буындары ісінген, қимылы ауырсынады, шектелген, тізелері ыстық, жүректің көлденең шекаралары ұлғайған, жүрек тондары әлсіз, жүрек ұшы түрткісінде систолық шу, 5 нүктеде. Қандай диагноз болуы мүмкін: +біріншілік ревматизм, белсенді фазасы, миокардит, полиартрит -ревматоидтық артрит, буын-висцералдық формасы -инфекционды аллергиялық артрит -жүйелік қызыл ноқта, белсенді фаза кардит, полиартрит -1 ревматизмдік қызба, белсенді фазасы, полиартрит ? 12 жастағы науқас стационарға мынадай шағымдармен түсті: ерін аймағының,тілдің, білектерінің жансыздану сезімі, ауыз кебуі, жұтынудың қиындауы, шашалу. Объективті: ерін аймағының, білектердің, табандардың бозаруы, «ақ дақ » симптомының оң болуы байқалады. Барилы R-граммада: өңеш перистальтикасының төмендеуі және колба тәрізді кеңеюі, үштен бір бөлігінің тарылуы байқалады. Болжамды диагноз: -ЖҚЖ -Дерматомиозит -Ревматизмдік қызба -түйінді периартериит +жүйелі склеродермия ? Бала 2 айлық, тексергенде анықталды: пальпаторлы-жүрек ұшы түрткісі жоғарылайтын, таралған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2қ/а қатты систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тон акценті. Рентгенологиялық: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Ақауға қай жаста оперативті коррекция жасалады? -өмірінің +8-12 аптасында -2-3 жаста -3-4 жаста -4-5 жаста -5-7 жаста ? 12 жастағы бала. Емдәм сақтамауына байланысты ішектегі шұрылдауға, іштегі түйілу сезіміне, іш кебуге, газ шығудың күшеюіне, нәжістің жиіленуіне шағымданады. АІЖ созылмалы ауруларымен «Д» есепте тұрады. Сіз қандай аурудың өршуі мүмкін деп ойлайсыз. +Созылмалы энтероколит -Созылмалы панкреатит -Созылмалы холецистохолангит -Созылмалы гастродуоденит -Созылмалы гастрит ? 5 жастағы бала, салмағы 20 кг. Эпилептикалық ұстама кезінде 0,5% седуксен енгізу керек. Енгізу көлемін анықтаңыз: -0,5 мл қ/і +1,0 мл қ/і -1,5 мл қ/і -2,0 мл қ/і - 2,5 мл қ/і ? Балаға 3 ай, дене салмағы 4200, дене ұзындығы 55см, туылған кездегі дене салмағы 3000, ұзындығы 50см. Клиникада 4 тәуліктен бері Дистрофияның гипотрофиялық типі, өршу кезеңі, постнатальды даму, алиментарлы этиологиялы диагнозымен жатыр. Гипотрофия дәрежесін көрсетіңіз? -I дәрежелі гипотрофия +II дәрежелі гипотрофия -III дәрежелі гипотрофия -I дәрежелі құрсақішілік гипотрофия -гипостатура ? Жаңа туған нәрестенің кіндік сақинасы ісінген және қызарған. Аталған өзгерістер қандай ауруға тән? -везикулопустуллез +омфалит -стрептодермия -псевдофурункулёз -пемфигус ? Балаға 2 ай, салмағы 4200, ұзындығы 56см. Туылған кездегі салмағы 3500, ұзындығы 53см. Толықтық индексі 10-15, тері қатпары бос, тін тургоры және бұлшықет тонусы төмен. Лоқсуға бейім. Анасында сүт жоқ. Гипотрофия дәрежесін көрсетіңіз? -II дәрежелі гипотрофия +I дәрежелі гипотрофия -III дәрежелі гипотрофия -I дәрежелі құрсақішілік гипотрофия -гипостатура ? Дәрігер жаңа туған нәрестенің біріншілік патронажында баланы қарап, қорытынды жасады. Ең алдымен не жасау керек? -Теріні және кіндік қалдығын өңдеу +Температуралық режим шартын және нәрестенің тамақтану түрін бағалау -Арнайы мамандар консультациясын тағайындап, диспансерлік тобты анықтау -Рахиттің алдын-алуын жүргізу -Жаңа туған нәрестенің вакцинациядан кейінгі жағдайын бағалау ? Мынадай жағдайлар: жаңа туған нәресте эритемасы, транзиторлы гипербилирубинемия, транзиторлы қызба, дене салмағын 10% дейін жоғалту – күні жетіп туған нәрестеде қай жасында болады? -Тек өмірінің 1 тәулігінде +5-7 күнге дейін -тек 3 тәулікте -өмірінің 10-15 күнінде -өмірінің 18-28 күнінде ? 2 айлық бала, бірінші аптадан бастап тұрақты «көкжөтел» тәрізді жөтел мазалайды. Табиғи тамақтануда, бірақ салмағын қоспайды. Өкпеде перкуторлық дыбыс қысқарған, аускультацияда екі жақта әр түрлі қалибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі күніне 8 рет, көп мөлшерде, жабысқақ жылтыр түйіршіктермен, исі жағымсыз. Сіздің болжам диагнозыныз: -обструктивті бронхит +муковисцидоз аралас түрі - жедел жай бронхит - ошақты пневмония - қайталмалы бронхит ? 3 жастағы бала жедел ауырды. Түскен кездегі дене қызуы 37.5С, жоғарғы тыныс жолдарындағы катаральды өзгерістер мазалайды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, ТАЖ-28 рет минутында. Перкуторлы –өкпелік дыбыс «қорап» тәрізді, аускультацияда: тыныс шығаруы ұзарған және көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Рентгенограммада диафрагма күмбезінің жалпақтануымен төмен түскені және өкпе тінінің мөлдірлігінің жоғарылауы байқалады. Сәйкес келетін диагноз қандай? - жедел жай бронхит -+обструктивті бронхит - созылмалы пневмония - бронх демікпесі - жедел бронхиолит ? Интерстициальды пневмонияның манифестік типіне жедел ентігу тән. Осы кезде ТАЖ минутына қандай сандарға дейін өзгереді? - 40-45 -+ 80-100 - 45-50 - 50-55 - 35-40 ? Антигистаминдердің біріншілік ұрпақтарының кемшілігіне не жатады? - оқу белсенділігін жоғарлатады -+седативті әсері -кардиотоксикалық әсері -қоздырғыш әсері -бассүйекішілік қысымды жоғарлатады ? Бала 6 жаста . Шағымы: температурасы 39.8˚С жоғарлауы , бас ауруы , ентігу 80-ге дейін, ауыз-мұрын ұшбұрышының цианозы. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, жиі қинайтын жөтел, бозғылт, Т- 39.2˚С, бала мазасыз, тәбеті жоқ. Перкуссияда –өкпеде тимпанит, өкпенің жиегі төмендеген, салыстырмалы жүрек тұйықталу шекарасының тарылуы. Аускультацияда : тұрақсыз бірен саран құрғақ сырылдар естіледі. Ішін пальпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. |