Главная страница

Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер


Скачать 0.5 Mb.
НазваниеБалалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Дата27.11.2018
Размер0.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаped100.docx
ТипДокументы
#57900
страница16 из 16
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

-Интерметирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта

-Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

-Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі

-Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәрежелі ауырлықта

?

ЖТД қабылдауында 1,8 айлық бала. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда жағдайы жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бала селқос, тәбеті төмендеген, дәм сезуі бұрмаланған. Тері жабындылары боз, құрғақ, шашы құрғақ, жылтырамайды. Жалпы бұлшықет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығыңқы. Қан талдауында: Нв 62 г/л., эр. 2,3х 1012/л, ТК-0,75, рет. 4%, сарысулық Ғе - 8 ммоль/л, ОЖСС - 108 мкмоль/л, плазманың трансфферинмен қанығу коэффиценті 12%. Анемия диагнозын жіктеніз.

- Темір тапшылық анемия, I-II дәрежелі, гипохромды, гиперегенераторлы, аралас этиологиялы

- Темір тапшылық анемия, II дәрежелі, гипохромды, гиперегенераторлы, аралас этиологиялы

- Ақуыз тапшылық анемия, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

- Темір тапшылық анемия, III дәрежелі, гипохромды, гипорегенераторлы, аралас этиологиялы

- Ақуыз тапшылық анемия, III дәрежелі, нормохромды, гиперегенераторлы, вирусты этиологиялы

?

5 жасар ұл бала. Шағымдары: енжарлық, аяқ және бет аймақтарындағы ісінулер, тәбетінің төмендеуіне, ішіндегі ауру сезімі. Анамнезінен бала жиі суық тиіп ауырады, екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозарған, көзінің алды көгерген, қабақтары ісіңкі, аяқтары ісінген. Лимфа түйіндері диаметрі 0,5 см , азап ауырады, айналасындағы тіндерге жабыспаған. Жалпы зәр анализінде: нәруыз 14г/л, салыстырмалы тығыздығы 1030, реакциясы сілтілі, эритроциттер 20 дейін к/а, лейкоциттер 8-10 к/а гиалинді цилиндрлер. Науқастың диспансерлеу уақыты қанша болуы мүмкін?

-1 жыл

-3 жыл

-5 жыл

-14 жасқа дейін

-Диспансерлеу қажеті жоқ

?

9 айлық қыз бала. Анамнезінде: ағасының ұсақ ойыншықтарымен ойнап отырған. Кенеттен жөтел, ентігу пайда болып 10 минуттан кейін жоғалған. Бала белсенді, дене қызуы 36,70 С, перкуторлы өкпесінде қораптық дыбыс, аускультативті өкпенің сол жоғарғы бөлімінде тыныс шығару кезінде ысқырықты сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: эритроциттер- 3,8 х 1012/л, гемоглобин 130 г\л, лейкоциттер 4,3х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы – 5 мм\сағ. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

-Бронхиолит

-Бронх демікпесі

-Бронх бөгде заты

-Обструктивті бронхит

-Бронхөкпелік аспергиллез

?

11 жастағы бала. Емдәм сақтамауына байланысты ішектегі шұрылдауға, іштегі түйілу сезіміне, іш кебуге, газ шығудың күшеюіне, нәжістің жиіленуіне шағымданады. АІЖ созылмалы ауруларымен «Д» есепте тұрады. Сіз қандай аурудың өршуі мүмкін деп ойлайсыз.

-Созылмалы энтероколит

-Созылмалы панкреатит

-Созылмалы холецистохолангит

-Созылмалы гастродуоденит

-Созылмалы гастрит

?

1,7 айлық бала. Клиникада мына диагнозбен қаралды: кеш миокардит, ауыр дәрежелі. Баланың жағдайының нашарлауы үдей түскен, ТАЖ минутына 65 ретке дейін жоғарылаған, цианоз, тынысы шулы, жөтел көпіршікті қақырықпен, жүрек тондары тұйық, өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдардың көп мөлшері естіледі. Рентгенограммада венозды іркілу анықталады. Бұл симптоматика мен рентгенологиялық көрініс неге негізделген:

-Бронхиолиттің дамуымен

-Пневмонияның дамуымен

-Өкпе існуінің дамуымен

-Кардиосклероздың дамуымен

-Пневмосклероз дамуымен

?

9 жастағы қыз бала. Ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады. Дене қызуы субфебрилді. Анамнезінде тағамдық аллергия, ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, білек, буын аймағы, құлақ қалқаны терісінде көлемді экссудативті-геморрагиялық бөртпелер байқалады, бөртпелер симметриялы, кейбір бөртпелер бір-бірімен қосылған. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиялар байқалады. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәрі патологиясыз. Балада геморрагиялық васкулит қандай түрі:

-Буындық түрі, жедел ағымы

-Терілік түрі, жедел ағымы

-Аралас түрі, жедел ағымы

-Терілік түрі, жеделдеу ағымы

-Аралас түрі, жеделдеу ағымы

?

ЖТД қабылдауында анасымен ЖРВИ басынан өткерген 5 айлық қыз бала. Анамнезінде: бала қайталамалы жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы гестозбен өткен, бірінші босанудан, салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша бағалау 8-9 балл. Бала омырау емеді. Салмағы 5400 гр., бойы - 61 см. Жүйке-психикалық дамуы жасына сай. Екі рет ЖРВИ ауырған. Гемоглобин 120 г/л. Қарау кезінде ЖРВИ көріністері жоқ. Бұл баланың ауруға резистенттілігін анықтаңыз:

-Жоғары

-Орташа

-Қалыпты

-Төмен

-Өте төмен

?

2 жастағы қыз балаға ЖТД шақыру жасады. Жедел ауырған. Бала мазасыз, ұстағанда ыстық, дене қызуы 37,9º С. Аранында энантема, денесінде ұсақ нүктелі бөртпелер, қызғылт реңді. Бір апта бұрын ККП екпесін алған. Сіздің диагнозыңыз және гипертермия түрі:

-Қызылша, типтік түрі. «Қызыл» гипертермия

-Қызылша, типтік түрі. «Ақ» гипертермия

-Қызылша, атипті түрі. «Қызыл» гипертермия

-Екпеден кейінгі реакция. «Қызыл» гипертермия

-Екпеден кейінгі асқыну. «Қызыл» гипертермия

?

Ұл бала, 6 айлық. Шығымы: ылғалды қақырықты жөтел, мұрнынан су ағу. 3 күн бойы ауырады. Бүгін жағдай кенеттен нашарлаған. Температурасы 39ºС, анасын ембейді, дистанционды сырылдар. Объективті:терісі бозғылт, ылғалды, периоральды цианоз, тынысы беткей, ентігу аралас типті, ТЖ 60 рет/мин, бұғана үсті ойығы және қабырға аралықтары көтеріліп тұр, PS 160 рет/мин, аускультативті – өкпенің барлық алаңында әлсіреген тыныс есебінен көптеген құрғақ және ылғалды әр-түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Диагноз қойыңыз:

-Жедел жай бронхит, ТЖ I дәрежесі

-Жедел обструктивті бронхит, ТЖ II дәрежесі

-Бронхиолит, ТЖ II дәредесі

-Ауруханадан тыс пневмония, ТЖ II дәрежесі

-Бронх демікпесі, status asthmaticus

?

Сегіз жастағы қыз баланың анамнезі бойынша ауырғанына екі жыл болған. Ауруханаға келген кездегі шағымы: тамақ ішкеннен кейін, тұзды, ащы тамақ жегенде пайда болатын эпигастрий аймағындағы тұйық, сыздаған ауырсыну болады. Кейде жүрегі айнып, құсады. Құсығы қорытылмаған және жеңілдік әкеледі. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қыз бала арық. Ішін,эпигастрий аймағын сипағанда ауырсыну сезімі бар. Асқазан рентгеноскопиясы: өңеш және кардии өтімділігі жақсы, асқазан тонусы төмен, ашқарынға біраз сөл жиналған, сөл тексеру барысында көбейе түсуде, перистальтикасы нашар, шырышты қабатының қыртысы иірілімді. Қарын пішіні тегіс. Пиязшық пен он екі елі ішектің ілмегі дұрыс формалы, жиырылуы жақсы. Дуодено-мықындық өту жері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:

-Асқазан жарасы ауруы

-Дуодено-гастральді рефлюкс

-Асқазанның функциональдық бұзылысы

-Созылмалы гастродуоденит

-Жіті гастрит
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


написать администратору сайта