Главная страница

Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер


Скачать 0.5 Mb.
НазваниеБалалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Дата27.11.2018
Размер0.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаped100.docx
ТипДокументы
#57900
страница12 из 16
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
?

Жаңа туған нәрестеде туыла салысымен сепсис тәрізді жағдай, гипертермия, бүкіл денеде геморрагиялық бөртпе, менингоэнцефалит белгілері, анализінде анық лейкоцитоз, нейтрофилез, жұлын сұйықтығын себу барысында Listeria monocytogenes анықталды. Жаңа туған нәрестелерде осы инфекция кезінде қолданылатын негізгі препарат болып табылады:

-иммунодепрессант

-ампициллин

-делагил

-кортикоид

-цефамизин

?

Жаңа туған нәрестені қарау барысында мұрынмен тыныс алу кезінде қиналу, терісі боз-сұр түсті, сонымен қатар көпіршікті элементтері бар, алақаны мен табанында диффузды дақты-папулалы бөртпе байқалды. Ішкі органдар аускультация мәліметтері бойынша өзгеріссіз.Аталған патологияда құрсақішілік спецификалық инфекцияның дифференциальды диагностикасы үшін негізгі тәсіл болып табылады:

-Қанның бак. себіндісі

-Вассерман реакциясы

-Токсоплазмаға антидене титрі

-Райт-Хедельсон реакциясы

-аллергопробалар, эозинофилия деңгейі

?

Сәби гестацияның 34 апталық мерзімінде 2200 дене салмағымен туылды. 10-12 күндері сарғаю жоғарылап, гепатоспленомегалия, кеуде терісінде петехиальді бөртпе, беттің шырышты қабатынан алынған жұғыннан ядросы мен цитоплазмасында жасушаішілік қосымшаларымен көп ядролы алып жасуша, гемограммада тромбоцитопения анықталды. Жатыр ішілік инфекция цитомегаловирусты этиологиясымен диагнозы қойылды. Цитомегаловирусты инфекцияны емдеу кезінде ең тиімді препарат болып табылатын:

-интерферон

-цитотек

-иммунал

-сумамед

-витаминдер

?

Нәрестеде туылғанда ісіну анықталған. 3- күні мұрнынан қан тәрізді бөлінді бөлініп, мұрынмен демалу барысында қиналу, ауыз бен мұрын айналасында макуло-папузелді мыс түсті сеппе анықталды. Алақаны мен табанында диффузды қызару болып, ерні құрғап, қалыңдап, радиальді жарылу байқалды. Гепато- және спленомегалия, сарыауру анықталды. Нәресте анасы әйелдердің кеңесінде «Д» тіркеуде тұрмаған. Аталған патологияда құрсақішілік спецификалық инфекцияның дифференциальды диагностикасы үшін негізгі тәсіл болып табылады:

-Қанның бак. сеппесі

-Вассерман реакциясы

-Цитомегалияға антидене титрі

-Райт-Хедельсон реакциясы

-коагулограмма

?

Ерте жастағы балалардың тыныс алу жолдарындағы обструкция немен негізделеді?

- бронхтардың генетикалық мутациясы мен

- бронхтардын сырттан қысылуымен

- альфа –антитрипсиннің дефицитімен

-бронх шырыштың ісінуі және секреттің бөлінуімен

- кіші бронхтардың эпителиінің сыдырылуымен.

?

Жедел обструктивті бронхиттегі ысқырықты тыныстың дамуы немен байланысты?

- биогенді аминдердің босауымен

- өкпе тінінің дистрофиясы мен склерозы

- бронхтардағы гипосекреция және дискриниямен

- бронхтарда ауаның турбуленттік қозғалуымен

- тыныс алу орталығының бұзылысынан

?

Өкпені гистологиялық әдіспен зерттегенде рентгенограммадағы аралық тін қалындауы өкпенің қабынған жерлері семген, альвеолалардан тұратыны, яғни микроателектаздар анықталған. Аталғандар өзгерістер қандай пневмонияға тән?

- ошақты

- крупозды

- сегментті

- интерстициальды

- ошақты біріккен

?

Созылмалы бронхит кезіндегі бронхтардың өршімелі зақымдалуына және рецидивтін пайда болуына әкелетін себебін атаңыз?

- ревматоидты артрит

- пиелонефрит

- анамнезінде созылмалы жара болса

- аденоидит

- кардит

?

11 айлық бала стационарға физикалық дамуының артта қалуына (дене массасы 7,0кг), физикалық және эмоциональді жүктемеде ентігу мен цианоздың пайда болуына шағымданып түсті. Қарағанда тері жамылғысы диффузды цианозды. «барабан таяқшасы» және «сағат шынысы» симптомдары. Жүректің салыстырмалы тұйық шекаралары: сол жағы сол жақ бұғана сызығы, оң жағы оң жақ парастернальді сызық деңгейінде. Жоғарғысы 2қ/а. ЖЖЖ 150 рет мин. Бұғананың сол жақ қырында қатты систолалық шу естіледі, сол жақта 2 қ/а 2 тон әлсіреген. Диагностикада қай қадам негізгі болып табылады?

- ЭКГ тәуліктік мониторингі, ФКГ

- ЭКГ, ФКГ, кардиоинтервалография

- ЭКГ, жүрек Р-графиясы

- ЭКГ, ЭХО-КС, жүрек Р-графиясы

- ФКГ, жүрек Р-графиясы

?

11 айлық бала стационарға физикалық дамуының артта қалуына (дене массасы 7,0кг), физикалық және эмоциональді жүктемеде ентігу мен цианоздың пайда болуына шағымданып түсті. Қарағанда тері жамылғысы диффузды цианозды. «барабан таяқшасы» және «сағат шынысы» симптомдары. Жүректің салыстырмалы тұйық шекаралары: сол жағы сол жақ бұғана сызығы, оң жағы оң жақ парастернальді сызық деңгейінде. Жоғарғысы 2қ/а. ЖЖЖ 150 рет мин. Бұғананың сол жақ қырында қатты систолалық шу естіледі, сол жақта 2 қ/а 2 тон әлсіреген. Осы науқасқа рентгенограммадағы қандай өзгеріс тән?

- жүрек бүйірімен жатқан жұмыртқаны еске түсіреді

- жүрек көлеңкесі дөңгелек конфигурациялы

- өкпе артериясының кеңеюі, оң және сол бөліктеріне байланысты жүрек өлшемдерінің ұлғаюы

- жүрек көлеңкесі «етік» формалы

- трапецевидная форма сердца с вытянутым левым желудочком

?

Бала 2 айлық, тексергенде анықталды: пальпаторлы-жүрек ұшы түрткісі жоғарылаған, таралған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2қ/а қатты систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тон акценті. Рентгенологиялық: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Төмендегілердің қайсысы науқасты жүргізу үшін негізгі қадам болып табылады?

- жүрек гликозидтерін тағайындау

-индометацин көктамыр/і 0,1-0,2мг/кг қолдану

-ибупрофенді көктамыр/і енгізу

- ақауды хирургиялық коррекциялау кері көрсеткіш

- хирургиялық операция

?

Бала 2 айлық, тексергенде анықталды: пальпаторлы-жүрек ұшы түрткісі жоғарылайтын, таралған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2қ/а қатты систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тон акценті. Рентгенологиялық: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Ақауға қай жаста оперативті коррекция жасалады?

- 5-7 жаста

- 2-3 жаста

- 3-4 жаста

- 4-5 жаста

- өмірінің 8-12 аптасында

?

Бала 10 жаста, диагнозы – гломерулонефрит нефротикалық синдроммен,глюкокортикоидтық және цитостатикалық терапияның әсері жоғары ремиссияға жетпей жатыр.Қосымша тағы не тағайындауға болады?

- аспирин

- верошпирон

- винкристин

- лейкерам

- циклоспорин А

?

Бала 5 жаста,төмендегі симптомдармен бақылауға алынған: безгек, петехиалды бөртпелер,нефротикалық симптомдармен және бүйрек зақымдалумен,қосымша микроангиопатиялық гемолитикалық анемиясы,тромбоцитопения бар. Айтылған өзгерістер қандай ауруға сәйкес келеді

- гломерулонефриттегі жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- тромбоцитопениялық пурпурадағы жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- жедел тамыр ішілік гемолиздегі жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- ұзақ уақыт басылудағы жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- гемолитика-уремиялық синдромдағы жедел бүйрек жеткіліксіздігі

?

Нефротикалық синдром кезінде жүргізілген биопсияда көрінетін аздаған өзгерістерді атаңыз.

- Жартыай тәрізді экстракапиллярлы

- мембранозды вариант

- мембранозно-пролиферативті вариант

- фокально-сегментарлы гломерулосклероз

- «сусыздану» және минимальды гломерулонефриттегі подоциттердің ісінуі

?

Қыз бала 5 жаста, 3 күннен бері субфебрилді дене қызуы болған, қабақтың домбығуы, тері қабатының бозаруы. Жалпы зәр анализі: лейкоцитурия, диурез аздап жоғарылаған. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы төмендеген. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- вульвовагинит

- жедел гломерулонефрит

- бүйректас ауруы

- цистит

- пиелонефрит

?

Қыз бала, 10 жаста ,поликлиникаға мұрнынан қан кетуге, қан құсуға шағымданды. 4 жасынан бастап қан кетуден зардап шегеді. Асқыныстары жылына 4-5 рет мұрыннан қан кету, теріде геморрагия көріністері. Объективті жағдайы: орта ауыр дәрежеде. Өзіне назар аударғанда терісінің бозарғанын, денесінің және аяқ-қолдарының әр жерінде көгерулер, көлемі 0,5х1,0 см до 3х4 см, бет және мойын аймағында петехиалді бөртпелер. Экхимоздар ассиметриялы орналасқан. Эр.-3,3-10*12 л, Нв-85 г/л, тромбоциты-24, 6х10*9/л, лейк.-8,0х10*9/л. Дуке бойынша қан кету ұзақтығы-15 мин. Грегерсен реакциясы оң. Зәр анализінде паталогия жоқ. Аталған ауруға қандай дәрілік топты тағайындаған дұрыс?

-бром препараттары мен глюкокортикоидтар

-глюкокортикоидтар мен антибиотиктер

-антибиотиктер мен жүрек гликозидтері

-хирургиялық емі

-эпсилонаминокапронды қышқылдар,глюкокортикоидтар

?

Ауру А., 5 жаста.Шағымдары:дененің және аяқ-қолдың терісінде бөртпелер пайда болған,қайталамалы іш ауырсынуы.2 апта бұрын ЖРВИ мен ауырып,амбулоторияда емделген. Объективті көріністері:орташа ауыр дәрежеде,іштің ауру көрсеткіші,субфебрилді температура,терісінде бөртпелер кеудесі мен аяқ-қолдарында,құйрық бөлімінде,құлақ маңында.Бөртпелер жоғары қарай беріледі,табан аймағында бөртпелік некроздар п.б. Қан анализі:Эр.-4,2х10*12/л,тромбоциттер-245х10*9/л,Нв-134г/л,лейкоциттер-10,8х10*9,п/я-8,с/я-60,эозонофилдер-4,лимфоциттер-22,моноциттер-6,ЭТЖ-32мм/сағ,Дуке б/а қан кету 3 мин,зәр анализіде паталогия жоқ. Аталған ауруға қандай дәрілік топты тағайындаған дұрыс?

-антибиотикатерапия

-макролидтер

-жүрек гликозидтері

-антоксидтер

-деагреганттар енгізу

?

Науқас П, 10 жаста, мұрнынан қан кетіп бөлімшеге түсті. Анамнез жинау барысында 2апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған, сосын денесінің әр-түрлі бөлімдері, локализациясы анықталмаған, көлемі әртүрлі экхимоздар мен майда қан ұйындылары бар геморрагиялық бөртпелер. Геморрагиялық бөртпелер саны көп геморрагиялық синдром бет және мойын аймағына таралған, петехиалді элементтер бар. Жалпы қан анализі: Нв-101г/л,Эр.-3,2х10*12/л, тромбоциттер-12х109/л, лейкоциттер-6,4х10*12/л, п/я-2, с-59, эозонофилдер-3, лимфоциттер-28, моноциттер-8, ЭТЖ-5мм/сағ. Миелограмма: сүйек миы жасушалары, бласттық жасушалар-2, нейтрофилді өсінді -62, лимфоциттер-5, мегакариоциттер-1 на 120 мегакариоцитов, тромбоциттерде бұзылыстар жоқ. Аталғандардың ішінде қайсысы ең қолайлы фармакотерапия болып табылады?

-витамин А, дибазол

-аминокапронды қышқыл,гепарин

-этамзилат,курантил

-аминокапронды қышқыл,витамин D

-этамзилат, аминокапронды қышқылдар

?

9 жасар П. есімді бала сол жақ тізе және сол тобығының буындарының ауырсынуына, іш бөлігінің ұстамалы ауруына және төменгі аяқ бөлігіне қызғылт бөртпелердің шығуымен шағымданды. Апта өткен соң төменгі аяқ бөлігінде ұсақ бөртпелер пайда болды және сол жақ тізе буынында тұрақты емес ауырсыну болады. Қарау барысында: аяқ аймағында (бөксе), құлақ сырғалығында ұсақ түйіршікті, қызыл-көкшіл геморрагиялық бөртпелер темір жамылғысынан аздап шығыңқы. Сол жақ тізе және сол жақ тобығы буындары ісінген, қозғалыс және пальпация кезінде ауырсыну, ұстаған кезде ыстық, төменге карай геморрагиялық аралас бөртпелер. Пальпация кезінде іші ауырады. Жалпы қан анализі: НЬ 110 г/л, Эр 3,5х1012/л, ц.п. 0,9, тромбоцит 435х109/л, лейкоцит 10,5х109/л, жас 1%, т/я 5%, с 57%, эозинофил -2%, лимфоцит -28%, моноцит 7%, СОЭ 25 мм/сағ. Биохимиялық қан анализі: жалпы ақуыз — 71 г/л, мочевина — 3,7 ммоль/л, креатинин — 47 ммоль/л, билирубин общий — 20,2 мкмоль/л, АСТ-25Ед, АЛТ-20ХБ. Ең қолайлы фармакотерапия келесілердің қайсысы болып табылады?

-фурасемид 2мг кг +седуксен по 0,5-0,3мг/кг

-нерабол 0,1мг /кг+ лазикс по 2 мг/кг

-лазикс 2мг /кг+ тренталпо 5-10мг/кг тәулігіне

-курантил 5мг/кг +нерабол по 0,1мг /кг

-курантил 5мг/кг+трентал 5-10мг/кг тәулігіне

?

Балада бірнеше жыл бойынша келесі шағымдар пайда болды: ашқарында, тамақтан 1,5-2 сағаттан кейін кейбір кезде түнгі немесе кеште пайда болатын ауырсыну сезімі. Тамақ ішкен соң ауырсыну азаяды. Қыжыл немесе қышқылмен кекіру. Асқа тәбеті жақсы. Пальпацияда – эпигастрий аймағының ауырсынуы. Гастриттің қандай түрін қоюға болады?

-гастрит сияқты

-жедел гастрит

-беткейлі гастрит

-панкардит

-ойық жара сияқты

?

13 жастағы баланың шағымы: кіндік аймағында, эпигастрий аймағында ауырсыну, әсіресе майлы тамақтан кейін. 1-1,5 сағаттан соң өз бетімен басылады. Эпигастрий аймағында ауырлық және толу сезімі, тәбеті төмендеген. Ауамен кекіру, лоқсу, жеңілдік әкелетін құсу. Пальпацияда эпигастрий және кіндік аймағында жайылмалы ауырсыну. Бала 3 жыл бойы ауырады. Созылмалы гастродуодениттің клиникалық түрін анықтаңыз?

-ойық жара сияқты

-жедел гастрит

-беткейлі гастрит

-панкардит

-гастрит сияқты

?

Баланың диагнозы: Созылмалы гастродуоденит, гиперпластикалық, антральды гастрит, жалпақ эрозиялы дуоденит, Нр (+), секреторлық қызметі жоғарылаған, өршу кезеңі. Антихеликобактер емін тағайындаңыз.

-екіншілік

-үшіншілік

-монотерапия

-бес реттік

-төртіншілік

?

13 жастағы қыз бала 10-15 тамақтан кейін іштің жоғарғы бөлігінде ауырсынуға шағымданады. Тәбеті төмен. Анамнезінде осындай ауырсыну 5 жыл бойынша мазасызданады. Балада тамақтану тәртібі бұзылған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған. Эпигастрий аймағын пальпациялағанда ауырсынады. Гастродуодениттің клиникалық түрін анықтаңыз.

-ойық жара сияқты

-жедел гастрит

-беткейлі гастрит

-панкардит

-гастрит сияқты

?

Баланың жасы 1 жас 2 ай. Ауырғанына 2 күн болды. Дене қызуы 37,80С дейін, жөтел, дауысының қарлығуы пайда болды. Баланың жағдайы біртіндеп нашарлай бастады. Екінші күннің соңына қарай жөтелгенде дыбысы шықпайды, тыныс алуы қиындаған. Тыныс алу кезінде кеуде, эпигастр аймағы шұңқырлары ішке тартылуы байқалады. Болжамдау диагнозын қойыңыз:

-ЖРВИ, ларинготрахеит

-ЖРВИ, көмей стенозы 2 дәрежесі

-көмейдегі бөгде зат

-көмей папилломатозы

-көмей дифтериясы

?

Бала 5 жаста. Бетінде, терісінің жазу беткейлерінде қызғылт түсті дақ сипатындағы бөртпелер, бір-бірімен қосылмаған, шүйде лимфотүйіндері ұлғайған. Қандай диагноз қоюға болады:

-қызылша

-лимфаденит

-паротит

-скарлатина

-қызамық

?

5 жастағы бала жедел сырқаттанды, дене қызуы жоғарылап, құсу, тамағының ауырсынуы, ал бірнеше сағаттан соң бөртпе пайда болды. Бөртпе 3-7 күнге созылды. Дәрігер ауыз-жұтқыншағын қарағанда фолликулярлық баспаны анықтады, тілі қалың сарғыш-сұр жабындымен қапталған. 3 күннен кейін тілінің ұшы мен жан-жағынан тазара бастады, және емізікшелері ұлғайып ашық-қызыл түсті болып айқындалды. Бөртпе қайтқаннан кейін түлеу байқалды. Қанында – солға ығысқан нейтрофильді лейкоцитоз, жоғарылаған ЭТЖ. Қандай диагноз болуы мүмкін:

-қызамық

-қызылша

-менингококцемия

-псевдотуберкулез

-скарлатина

?

Баланың жасы 2 жас 7 айлық, кешкілік жедел ауырды. Дене қызуы 39-400С дейін жоғарылап, қайталап құсу, ішінің ауырсынуы пайда болды. Нәжісі бастапқыда нәжістік сипатта, содан кейін мөлшері азайып, сұйылды, құрамында қан мен шырыш араласқан. Сырқатының екінші күні дене қызуы 380С, нәжісі сұйық, жиілігін санау мүмкін емес – құрамында шырыш, қан, ірің бар, тенезмдер пайда болды. Анусы ашылып тұр. Сіздің диагнозыңыз:

-жай диспепсия

-іш сүзегі

-ротавирусты гастроэнтерит

-тырысқақ

-дизентерия

?

4 жастағы қыз бала дене қызуы көтеріліп жедел ауырды, қайталап құсқан, 2- күні көзінің тамырларының инъекциясы, аңқасында аздаған гиперемия, жұмсақ таңдайы мен таңдай доғаларында ұшықтық бөртпелер пайда болған, нәжісі тәулігіне 3 ретке дейін сұйылған. Диагноз қойыңыз:

-жедел ішектік инфекция

-жедел респираторлық-вирустық инфекция

-менингококктық инфекция

-ұшықтық инфекция

-энтеровирустық инфекция

?

Бала 3 жаста. Сырқаттануынан бір апта бұрын иммуноглобулин алған. Аздап дене қызуының жоғарылауымен жедел ауырды. Сырқатының 4 күні көп емес, бозғылт, ұсақ бөртпе пайда болды. Диагноздың қайсысы дұрыс:

-менингококкцемия

-қызамық

-псевдотубркулез

-скарлатина, геморрагиялық түрі

-митигирленген қызылша

?

Бала 10 жаста, 3 апта бұрын баспамен ауырған. Соңғы 2 күнде кіші дәретке баруы азайған, зәрі қара-қоңыр түсті, бұлыңғыр. Қарағанда: бетінің, сирақтың ісінуі байқалады. АҚ 145/90 мм.сын.бағ. Тәулігіне 300 мл зәр бөлінген, зәрі қызыл-қоңыр түсті, бұлыңғыр. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы – 1024, ақуыз 1,5 г/л, Эритроциттер көру аймағында өзгерген. Клиникалық қан анализі: Hb-105 г/л, лейкоцит- 9,2*109, т.я.-7%, с/я-71%, эоз-1%, лиф.-18%, мон-3%, тромб-530*109, ЭТЖ-25 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 60 г/л, альбумин – 32 г/л, мочевина 15 моль/л, креатинин 140 мкмоль/л, калий 6,1 мэкв/л. Эндогенді креатинин бойынша клиренс – 52 мл/мин. Науқастың бүйрек қызметі қалай бағаланады:

-жедел бүйрек жеткіліксіздігі

-бүйрек қызметінің бұзылуынсыз

-жедел кезеңді бүйрек жеткіліксіздігі

-бүйректің концентрациялық қызметі төмендеген

-созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

?

11 айлық бала стационарға физикалық дамуының артта қалуына (дене массасы 7,0кг), физикалық және эмоциональді жүктемеде ентігу мен цианоздың пайда болуына шағымданып түсті. Қарағанда тері жамылғысы диффузды цианозды. «Барабан таяқшасы» және «сағат шынысы» симптомдары байқалады. Жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары: сол жағы- сол жақ бұғана сызығы бойында, оң жағы- оң жақ парастернальді сызық деңдейінде. Жоғарғысы 2 қабырға аралықта. ЖЖЖ 150 рет мин. Бұғананың сол жақ қырында қатты систолалық шу естіледі, сол жақта 2 қабырға аралықта 2 тон әлсіреген. Диагностикада қай қадам негізгі болып табылады:

-ЭКГ, ЭХО-КС, жүрек Р-графиясы

-ЭКГ, ФКГ, кардиоинтервалография

-ЭКГ, жүрек Р-графиясы

-ЭКГ тәуліктік мониторингі, ФКГ

-ФКГ, жүрек Р-графиясы

?

Бала I жүктілік, I босанудан, туылған кездегі салмағы 2900 г. , ұзындығы 49 см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+), баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-). Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл. 3-ші тәулікте балада тері жамылғысының сарғаюы пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Биохимиялық қан анализінде тура емес билирубин фракциясы 90 мкмоль/л, трансаминазалар қалыпты. Болжамды диагноз қандай:

-пренаталды гипотрофия

-Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

-АВО сәйкессіздік бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы.

-физиологиялық сарғаю

-асфиксия кезіндегі сарғаю.

?

7 күндік нәрестені патронаждық қарау: іштің төменгі бөлігінде, аяқ қолдарда, әр түрлі даму сатысындағы көпіршіктер байқалады (өлшемі 0,5-тен 1,5 см дейін , серозды-іріңді қосылысы бар, көпіршіктер негізі эритематозды дақтар фонында инфильтрацияланған). Никольский симптомы теріс. Көпіршіктерді ашқанан кейін эрозия қалады. Бұрынғы көпіршіктер орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене температурасы субфебрилді. Сіздің диагнозыңыз :

-Туа біткен буллезді эпидермолиз

-Туа біткен сифилис

-Синдром Лайела

-Эксфолиативті Риттер дерматиті

-Пемфигус (нәресте көпіршігі)

?

2 апталық қыз бала. Шағымдары мазасыздық, себепсіз жылау, кенеттен шыңғыру. Анамнезінен: бірінші жүктілік ,екінші жартысы гестоз фонында өткен, түсік тастау қаупі болған. Босану кезінде асфиксия болмаған. Объективті қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Мазасыз, кезеңді құсулар болады. Гиперестезия, қылилық, Грефе симптомы анықталды. Үлкен еңбегі 2,5х2,3см керілген. Рефлекстер жылдамдатылған, мазасызданған кезде аяқ қолдары дірілдейді. Окулист қарауы: көз түбін зерттеген кезде көктамырлардың толыққандығы, көру жүйкесінің дискісіне қан құйылған. Диагноз қойыңыз:

-жұлын-милық босану жарақаты

-орта дәрежелі асфиксия

-жеңіл дәрежелі церебралды ишемия, қозу синдромы

-орта дәрежелі церебралды ишемия, бас ішілік гипертензия

-перинаталды энцефалопатия, тежелу сидромы

?

Отбасылық дәрігерімен үш жасар бала үй жағдайында тексерілді. Үш күннен бері науқастанып қалған, дене қызуы 38° С көтерілген. Жөтел, мұрыны бітелген. Жағдайы түнде нашарлаған, мазасыздық пайда болған, дауысы қарлығып, жөтелі үрмелі болып өзгерген. Тыныс алуы шулы, тыныс алуы арақашықтықта естіледі, мұрық-ауыз үшбұрышының цианозы, бозаруы , өңеш кілегей қабаты гиперемияланған, түйіршіктелген. Қабырға аралықтың ішке кіруі, сырыл естілмейді, пулсі 120 рет минутына. Болжамды диагнозыңыз:

-бронхопневмония

-обструктивтік бронхит

-бронхиалдық демікпе ұстамасы

-бронхтағы бөгде денелер

-ЖРВИ ларинготрахит

?

22 күндік нәресте. Өмірінің алғашқы күнінен бастап көкжөтел тәрізді жөтел мазалайды.Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Перкуссияда: өкпенің кей аймақтарында өкпе дыбысының тұйықталуы мен қысқаруы байқалады, аускультацияда – өкпенің екі жағында әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі көп мөлшерлі, өткір жағымсыз иісті, жабысқақ жылтыр түйіршіктермен, тәулігіне 6 ретке дейін. Сіздің болжам диагнозыңыз:

-Муковисцидоз;

-Обструктивті бронхит;

-Жедел қарапайым бронхит;

-Ошақты пневмония

-Қайталамалы бронхит

?

Бала А. 5 жаста. Айқын цианоз, ойын ойнағанда және тыныштық кезінде ентігу, жиі ұстама, ұстама кезінде бала тізерлеп отырып қалады. Бойы–100см, салмағы–12кг. АҚҚ- 110/70мм.сын.бағ.. ЖСЖ-115 рет/мин. Аускультативті: жүрек тондары қатты, төстің сол жақ қырында, эпицентірі II қабырға аралығына келетін систолалық шу естіледі. Ритмі ырғақты.

ЭКГ: α бұрышы +160. Тахикардия ЖСЖ 142 рет мин. Оң жақ бөлімнің гипертрофиясы . ЭхоКГ: ФВ 64%. Қарыншааралық пердеде, аорта астылық ақау бар, өлшемі 1,6 см. Жүрекшеаралық перде деңгейінде лақтырыс жоқ. Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сол жақ қарынша гипоплазиясы. Аортаның оң жақта орналасуы. Болжам диагнозыңыз ?

-Фалло тетрадасы

-Фалло триадасы

-Магистральды тамырлардың екіге ажырауы

-Магистральды тамырлардың транспозициясы

-Жүрекше аралық перденің ақауы

?

Қыз бала 4 жаста, жағдайы ауыр. 10 күн бұрын жедел бронхитпен ауырған. Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, цианоз, беті ісіңкі, ентігу миутына 60 рет. Жүректің көлденең шекарасы сол жаққа ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясында II тонның акценті, топталған экстрасистолалар. Жүрек ұшында және V нүктеде орташа интенсивті систолалық шу, I тонға жақын естіледі. Өкпеде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз.

-Ревматикалық емес кардит, вирусты этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н1 «А»

-Ревматизмдік қызба, активті фаза, кардит, Н1 «А»

-Ревматикалық емес кардит, вирусты-бактериальды этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н2 «Б»

-Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық түрі, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы,, жеделдеу ағымы, ауыр, Н2 «Б»

-Ревматикалық емес кардит, бактериальды этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н2 «Б»

?

Науқас К. 10 жаста , шағымы тыныш кезіндегі ентігу, ісік,тез шаршау. «ҚАПА» диагнозы бойынша кардиологта «Д» есепте тұрады. Жағдайы ауыр,мәжбүрлі қалпы. Акроцианоз. Бетінде,алдыңғы іш қабырғасында,тізе және табантарында ісіктер анықталады. Тыныш жағдайда ентігу ТАЖ (40 рет мин.), өкпесінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек шекарасы кеңейген. Тахикардия, ЖСЖ 128 рет мин. Бауыр қабырға доғасынан - 4,0 см ге шығыңқы.Осы науқаста жүрек жетіспеушілігінің қандай сатысы және түрі?

-Сол жақ қарынша ҚЖ IIб

-оң жақ қарынша ҚЖ IIб

-Тотальды ҚЖ IIб

-Тотальды ҚЖIIа

-Оң жақ қарынша ҚЖ Iiа

?

ЖТД дәрігеріне, 3 айлық баланың анасы шағымданды, оның қызы соңғы 2 айда аз әрі әлсіз еметін болды, тек 50-70 грамм еміп сосын ұйықтап кетеді. Ему уақытында қатты терлейді, терісі бозарып, жиі тыныс алады, ауызы және көз айналасы көгереді. Бала бозарған , жылағанда ауыз мұрын ұшбұрышында цианоз, ентігу болады. ТАЖ- 60 рет 1 мин, ЖСЖ - 150 рет 1 мин. Жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшы соққысы сол жақ бұғана орта сызығынан 2,5 см сыртқары. Шу жоқ. Өкпесінде қатқыл тыныс. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см шығыңқы. Анасы жүктіліктің 20-ы аптасында ЖРА мен ауырған.Босануы қалыпты өткен.Клиникалық диагноз қоюға қандай әдіс ең тиімді?

-Эхокардиография

-Электрокардиография

-Фонокардиография

-Жүрек рентгенографиясы

-Спирография

?

Бала 12 жаста, баспамен ауырған, 2 аптадан кейін буындарда "ұшпалы" ауырсыну, олардың ісінуі және қозғалысының шектелуі, қызба пайда болды. Анықталғаны: тахикардия, жүрек шекарасының үлкейуі, тондарының әлсіреуі, ат шабыс дыбысы, жүрек ұшында жұмсақ соғатын шу, бауыр ұлғайған. Қан анализінде: ЭТЖ – 60 мм/сағ, лейкоцит 15,2 г/л, АСЛ-О-600 ЕД; СРБ (+++); серомукоид-0,800. Диагноз: ревматизмдік қызба, белсенділігі III дәреже. Біріншілік ревмокардит, полиартрит, жедел кезең. ҚЖ IIA. Патогенетикалық мақсатпен төмендегі препараттардың қайсысын тағайындауға болады?

-Преднизолон

-Цефазолин
-Делагил
-Дипразин

-Эритромицин

?

Бала 14 жаста диагнозы: Ревматизмдік қызба, активті фазасы, біріккен митральды ақау. Күн тәртібін толық сақ тамайды. Келген туысқандарын тамаққа тойып алып үйлеріне шығарып салды, 3 ші қабатқа баспалдақпен көтерілген. Осыдан кейін жағдайы нашарлап,ентігу күшейген, аритмиялық пульсі 120 ға дейін жоғарылады, ал ЖСЖ мин 150 болды. Көбікті қақырықпен жөтел пайда болды. Қандай асқыну жайында ойлауға болады:

-Жүрек жетіспеушілік,оң жақ қарыншалық түрі

-Жедел жүрек жетіспеушілік,сол жақ қарыншалық түрі

-Жедел пневмонии

-Септикалық эндокардит

- Ревмокардит

?

Карина 8 жаста. 1,5 ай бұрын ЖРВИ – мен ауырған. Тәбетінің төмендігіне, әлсіздікке, қызбаға, бұлшықеттегі, буындағы, сүйектегі ауырсынуға шағымданады. Қыз бала 5 кг – ға арықтаған. Бетте, мойында, кеудеде, аяқ – қолда эритематозды бөртпелер көрініс береді. Жарыққа сезімталдығы байқалады. Шаштары қатты, сынғыш. Жүрек жағынан – тахикардия. Гепатоспленомегалия, лимфааденопатия. Қанда қабыну реакциясы, зәрде нефритке тән әлсіз көріністер. Дәрігер жүйелі қызыл жегіге күмәнданады. Нақты диагнозды қою үшін мына лабораториялық көріністердің қайсысы спецификалық?

-Гемолитикалық комплемент

-Сиал қышқылы, жалпы белок, альбуминдер

-Аминотрансфераза, альдолаза

-Антинуклеарлы антиденелер

-Холестерин, фибриноген

?

Отбасылық дәрігердің қабылдауында бала физикалық күш түсу кезіндегі ентігуге, қақырықтың қиын бөлінуімен жүретін құрғақ жөтелге, шаршағыштыққа, дене салмағын жоғалтуға шағымданады. Қарағанда: акроцианоз, еріннің цианозы, бойының артта қалуы, тырнақтарының «сағат шынысы» тәрізді өзгеруі, саусақтарының соңғы фалангасының «барабан таяқшалары» сияқты өзгеруі. Аускультацияда – тұрақты емес ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада – өкпе суретінің күшеюі және деформациясы, созылыңқы қатаюлар, тор тәріздес ағарулар, өкпенің «ара ұясы» тәріздес көрінісі. Бронхоскопия кезінде: бронхтардың тарылуы мен деформациясы. Сыртқы тыныс алу функциясын тексергенде өкпенің өмірлік сыйымдылығының төмендеуі, рестриктивті типпен вентиляциялық жетіспеушілік. Емінде негізгі болып табылды:

-антибиотиктер

-спазмолитиктер

-муколитиктер

-глюкокортикоидтар

-шөптік дәрілер

?

Аллергиялық аурулар кезінде болатын аллрегиялық реакцияның кезендерін атаңыз.

- физиологиялық, патофизикалық, иммунологиялық

- иммунологиялық, патологиялық, физиохимиялық

- патохимиялық, физиологиялық

-иммунологиялық, патохимиялық, патофизиологиялық

- патофизикалық, патохимиялық

?

Макрофагтарда, альвеола мен альвеола аралықта гемосидериннің жиналуы өкпенің туа біткен қандай ауруларында болады?

- идиопатиялық диффузды өкпе фиброзы

- муковисцидоз

- Гудпасчер синдромы

- Цилен-Гиллерстедт синдромы

- отбасылық спонтанды пневмоторакс

?

Өкпе рентгенінде: қабырғааралығы кең, диафрагма төмен орналасқан, өкпе алаңдарының мөлдірлігі жоғарылаған, өкпе түбірі кеңейген, өкпе суретінің күшейген, әр турлі пішінді ошақтық көлеңкелер аңықталды. Берілген R- грамма көрсеткіштері төменде берілген пневмониялардың қайсысына тән?

- бөліктік

- интерстициальды

- сегментарлы

- ошақтық

- крупозды

?

Берілген клиникалық белгілер қандай пневмонияға тән: бала мәжбүрлі қалыпта, іштің ауырсынуына шағымданады және ауырған бүйірімен жатқысы келеді, дене температурасының 39 жоғарылауы, тері жабындылары бозғылт, ауыз айналасындағы цианоз фонында беттің гиперемиясы, ерін герпесі, ентігу байқалады?

- полисегментарлы

- ошақтық

- сегментарлы

- крупозды

- интерстициальды

?

3 жастағы баланың ата-анасы емханаға баланың физикалық дамуының артта қалуына шағымданып келді, бала нашар жүреді. Объективті: психикалық дамуы жасына сәйкес, қалыпты, иық аймағының артық дамуы анықталған. Дененің төменгі бөлімі, аяқтары әлсіз, бұлшықет гипотониясы анықталды. Жүрек шекаралары солға 2 см кеңейген. Жүрек ұшында 1 тон күшейген. Систолық шу 2 қабырғааралалығы оң жақтан естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Осы клиникалық көріністердің аорта коарктациясын нақтылайды.
- АҚ аяқ пен қолда бірдей

- оң жақ қарыншадағы миокард гипертрофиясы
- АҚ қолға қарағанда аяқта жоғары
- АҚ аяққа қарағанда қолда жоғары
- рентгенограммада өкпе сүретінің күшеюі
?

Бала 5 жаста.Ауруханаға түскендегі диагнозы: ЖРВИ. 3-ші тәулікте науқаста ентігу, күрт әлсіздік, жіп тәріздес пульс, жиі жөтел ауызға қақырықтың толуы байқалады. Аускультация кезінде екі жақты өкпенің төмен аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада: өкпенің альвеолярлы ісігі. ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның насостық қызметі төмендеген.Қандай асқынудың дамуы жайлы ойлауға болады:

- жедел оң жақты қарыншалық жүрек жетіспеушілігі

- жедел пневмония

- перикардит

- жедел сол жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігі

- тоталды жүрек жетіспеушілігі

?

Бала 11 жаста, ауруханада мынадай диагнозбен жатыр: Ревматизм І, белсенді фаза, белсенділігі V дәрежелі, эндомиокардит, полиартрит бірақ баланың түскен кездегі шағымдары жоғалды, қайта алған жалпы қан анализі, биохимиялық көрсеткіштер – жақсарған. Бала Шалкова № 1-3 сынағын горизонталды қалыптан отыру қалпына орындады. Науқас қандай тәртіпте болуы мүмкін:

- палаталық

- төсектік

- қатал төсектік

- жартылай төсектік

- жалпы

?

Нәрестеде ему кезінде ауыз- үшбұрышының айқын емес көгеруі байқалады. Аускультацияда: бірінші тон өзгермеген, екінші тон кеуденің алдыңғы қабырғасы мен жауырын аралыққа таралатын систоло-диастолалық шумен үйлескен. Осындай тума жүрек ақауы кезінде қанның ағысы қалай өтеді?

- Аортадан өкпе венасына

- Өкпе артериясынан аортаға

- Аорто-коронарлы шунт

- Аортадан өкпе артериясына

- Аортадан аранциев өзегіне

?

Қыз бала 13 жаста температурасы 38,7˚С ге дейін көтерілуіне, тәбетінің төмендеуіне шағымданады, аз көлемді несеп шығару кезіндегі ауырсыну. Бұлыңғыр несеп, қанды түйіршіктерімен. Жалпы зәр анализі: лейкоцитоз, нәруыз ізі, жалпақ эпителий. Зәр егісінде: шартты фотогенді флора анықталған. Сіздің диагнозыңыз?

- несептас ауруы

- жедел гломерулонефрит.

- созылмалы гломерулонефрит

- цистит

- пиелонефрит.

?

Науқас бала 9жаста, дене қызуының фебрильді санға дейін көтерілуімен, бел аймағындағы ауырсынумен шағымданып стационарға түсті. Бетінің ісінуі, көз айналасы көгерген, тері қабаты бозғылт, құрғақ. Бала тексерілмеген. Анамнезінде анасы мен апасында созылмалы пиелонефрит анықталған. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- цистит.

- тұқым қуалаушы нефрит

- гломерулонефрит.

- пиелонефрит.

- баланит

?

Ұл бала 14жаста, созылмалы тонзилитпен зардап шегеді, баспамен ауырады: 2апта өткен соң қабақтарының ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігі төмендеген. Қабағының ісінуі бір жылдан бері анықталған. Кейін бір жарым жылда вирусты инфекция фонында ентігу, бет, бел аймағының ісінуі, гидроторакс пайда болған. Жүрек тоны күңгірттенген. АҚ125/80 мм.рт.ст Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1021, белок 9г/л, көру аймағында эритроциттер-15-20, препараттағы гиал.цилиндр 2-4. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма

- жедел гломерулонефрит

- созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық форма

- жүрек ауруы нәтижесінде жүрек жеткіліксіздігі

- созылмалы гломерулонефриттің өршуі, аралас форма.

?

Денис 5 жаста жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясынан соң 2 күннен кейін зәр түсінің өзгеруімен ауруханаға түсті. Жалпы қарауда: ісік жоқ, гипертензия жоқ, ет жуындысы тәрізді несеп. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- нефротикалық синдром.

- созылмалы гломерулонефрит, нефротиялық форма

- Созылмалы гломерулонефрит, аралас форма

- жеделдеу гломерулонефрит

- JgA нефропатия

?

Науқас О., 5 жаста, оң жақ тізе буынындағы қозғалыстың шектелуіне және ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну велосипедпен құлаған соң 2 сағаттан соң пайда болды. Мұрыннан қан кетулер жиі болады. Жарақат алған соң тері астында гематомалар пайда болады. Жалпы қарау кезінде тізе буынында ауырсыну және аяғын баса алмайды. Тері жамылғысы бозарған. Аяқтарында, маңдайында ірі экстравазаттар көрінеді. Оң жақ тізе буыны көлемі үлкейген, ұстағанда ыстық, ауырсыну бар, қозғалысы шектелген. Сол жақ шынтақ буыны шектелген, 4 жасында алынған жарақаттан кейін аздап ұлғайған.

Жалпы қан анализі: НЬ 100 г/л, эр 3,0×1012/л, ретикулоцит 3%, тромбоцит 300×109/л, лейкоцит 8,3 х 109/л, п/я 3%, с/я 63%, эозинофил 3%, лимфоцит 22%, моноцит -9%,СОЭ-12мм/сағ.Дуке бойынша қан кету ұзақтығы 2 мин 30 сек. Қанның ұю уақыты Ли-Уайт бойынша 15 мин-тен ұзақ. Мыналардың қайсысы диагностикада қолданған тиімді?

-буындар рентгені, АЛАТ, АСАТ

-коагулограмма, иммуноглобулин

-протромбинді индекс, іш қуысының УДЗ

-іш қуысының УДЗ, буындардың рентгені

-буындардың рентгені, коагулограмма

?

Науқас 7 жаста, оң жақ тізе буынындағы қозғалыстың шектелуіне және ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну велосипедпен құлаған соң 2 сағаттан соң пайда болды. Мұрыннан қан кетулер жиі болады. Жарақат алған соң тері астында гематомалар пайда болады. Жалпы қарау кезінде тізе буынындағы ауырсынуға және аяғын баса алмайды. Тері жамылғысы бозарған. Аяқтарында, маңдайында ірі экстравазиттар көрінеді. Оң жақ тізе буыны көлемі үлкейген, ұстағанда ыстық, ауырсыну бар, қозғалысы шектелген. Сол жақ шынтақ буыны шектелген, 4 жасында алынған жарақаттан кейін аздап ұлғайған.

Жалпы қан анализі: НЬ 100 г/л, эр 3,0×1012/л, ретикулоцит 3%, тромбоцит 300×109/л, лейкоцит 8,3 х 109/л, п/я 3%, с/я 63%, эозинофил 3%, лимфоцит 22%, моноцит -9%,СОЭ-12мм/сағ. Дуке бойынша қан кету ұзақтығы — 2 мин 30 сек. Шұғыл терапия ретінде қай емді қолданған дұрыс.

-пирацетам 20мг/кг в сут+ витамин С к/т

-иммуноглобулин к/т в дозада 0,5 г/кг+ витамин С к/т

-тек 9 фактор 35ХБ/кг б/е

-тек 8 фактор 100-300 ХБ/кг сут к/т

-криопреципитат 25-40ХБ/кг+концентрат 8/9фактор к/т

?

13 жасар қыз бала мойынның лимфалық түйіндерінің үлкеюі шағымымен стационарға жатқызылды. Жалпы қарау кезінде мойын конфигурациясының өзгерісі байқалады. Мойынның сол жақ лимфа түйіндері пальпацияланады 5,0×7,0 см, оның ішінде бөлек лимфалық түйіндер пальпацияланады, көлемі 1,0-1,5 см, бір-біріне жабыспаған және тері асты майымен қоршалған, ұстағанда ауырмайды. Жалпы қан анализі: НЬ 132 г/л, Эр 4,5х1012/л, тромбоцит -495х109/л, лейкоцит 8,4х109/л, п/я 4%, с/я 72%, эозинофил 1%, лимфоцит 20%, моноцит 3%, СОЭ 37 мм/сағ. Қандай диагностикалық әдіс тиімдірек?

-кеуде клеткасының рентгенограммасы

-миелограмма

-биохимиялық анализ

-иммунограмма

-мойынның лимфалық түйінінің пункциясы

?

13 жасар қыз бала мойынның лимфалық түйіндерінің үлкеюі шағымымен стационарға жатқызылды. Жалпы қарау кезінде мойын конфигурациясының өзгерісі байқалады. Мойынның сол жақ лимфа түйіндері пальпацияланады 5,0×7,0 см, оның ішінде бөлек лимфалық түйіндер пальпацияланады, көлемі 1,0-1,5 см, бір-біріне жабыспаған және тері асты майымен қоршалған, ұстағанда ауырмайды. Жалпы қан анализі: НЬ — 132 г/л, Эр — 4,5х1012/л, тромбоцит -495х109/л, лейкоцит — 8,4х109/л, п/я — 4%, с/я — 72%, эозинофил — 1%, лимфоцит — 20%, моноцит — 3%, СОЭ — 37 мм/сағ. Фармакотерапияның қай түрі тиімдірек?

-магнезиалды терапия

-хирургиялық ем + УВЧ

-жүрек гликозидтері

-сәулелі терапия

-винкристин + сәулелі терапия

?

12 жастағы ер баланың шағымдары: ашқарынға, түнде іші ауырсынады. Тамақты ішкеннен соң ауырсыну басылады. Қыжыл, қышқылмен немесе ауамен кекіру. Асқа тәбеті жақсы. 1 рет құсудан кейін жеңілдік болады. Әлсіздік, бас ауруы, тершендік байқалады. Пальпацияғанда эпигастрий аймағы ауырсынады. Асқазан секреторлық қызметі жоғары. Осы клиникалық белгілерін эндоскопиялық тексерумен салыстырыңыз.

-асқазанның ойық жара ауруы

-қабыну белсенділігі төмен, асқазан шырыш қабатының атрофиялық өзгерістер

-эндоскопиялық тексеру бойынша асқазан денесінің қабынуы анықталды

-пангастрит

-асқазанның антральды бөлігінің және оң екі елі ішектің бұлтығының қабынуы

?

Ауруханаға 14 жастағы бала келесі диагнозбен түсті. Созылмалы гастрит, антральды беткейлі гастрит, жалпақ эрозиялы дуоденит, Нр (+), секреторлы қызметі жоғары, өршу кезеңі. Секреторлы қызметін басатын қандай препарат тобын тағайындайсыз?

-антигистаминдер

-седативті

-анальгетиктер

-витаминдер

-сорылмайтын антацидтер

?

13 жасар ұл бала аш қарынға немесе 2-3 сағғатан кейін тамақтан соң ауырсынудың пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болды. Соңғы кезде ауырсыну жиі түнгі уақытта мазалайды, қарқынды, ұзақ. Әкесінде созылмалы гастрит. Қарағанда айқын интоксикация симптомдары бар, жылауық, ашуланшақ. Іші жұмсақ, кіндік аймағында ауырсыну. Бауыр және көк бауыр пальпацияланбайды. Тілінде ақ жабынды. Дұрыс диагноз қою үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?

-құрсақ қуысының мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі

-жалпы қан анализы

-копрограма

-қанның биохимиялық зерттеуі

-фиброэзофагогастродуоденоскопия

?

15 жасар ұл бала диагнозы «Оң екі елі ішек ойық жарасы». Ауруханаға келесі шағмыдарымен түскен: «кофе» тәрізді құсу, іштің ауырсынуы, қышқылмен кекіру. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

-перфорация

-пенетрация

-малигнизация

-стриктуралар

-қан кетуі

?

12 жастағы ер бала жедел ауырған. Дене қызуы 38,5 ˚С, кейіндеу оң жақ қабырға аралық нервтердің бойымен ашу,жөтелу және ауырсыну пайда болды. Кешке қарай сол жерде қызару, 2-ші тәуліктің соңына қарай тығыз орналасқан, ішінде мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болды. Анамнезінен бала 5-жасында жел шешекпен ауырғаны белгілі болды. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:

-цитомегаловирустық инфекция

- жел шешек

- ұшықтық инфекция, орналасқан түрі

- ұшықтық инфекция, генерализденген түрі

-белдемелі ұшық

?

10 жастағы бала жедел ауырды. Сырқаты дене қызуының 40 С дейін жоғарылауымен, басының ауыруымен, тәбетінің төмендеуімен басталды. Бір күннен кейін мұрны бітелу түрінде катаральдік белгілер пайда болды. Ауызжұтқыншағында бадамша бездерінің және жұтқыншақтың артқы қабырғасының аздаған қызаруы байқалады. Тері жамылғысы бозарған, бөртпелерден таза. Басқа мүшелер бойынша патологиясыз. Нәжісі мен диурезі қалыпты. Сіздің болжамдау диагнозыңыз:

- дифтерия

- аденовирусты инфекция

- іш сүзегі

- псевдотуберкулез

-тұмау

?

Таня В. 7 айлық бала, 8 наурызда оң қолының парезі себепті ауруханаға түсті. Анамнезінде 1 наурызда қыз балаға полиомиелитке қарсы тірі вакцинаны ревакцинациялау жүргізілген. 7 күн өткеннен кейін таңертең анасы қызының оң қолының қозғалыссыз қалғанын байқады. Жалпы жағдайы өзгеріссіз, дене қызуы қалыпты. Дәрігер ауруханаға емделуге жіберді. 5 күннен кейін оң қолының қозғалысы қалпына келді, бірақ тонусының қалпына келуі бір айға созылды.

Сіздің болжамдық диагнозыңыз.

- полиомиелит, спинальдік түрі

- полиомиелит, бульбарлық түрі

- полиомиелит, понтиндік түрі

- полиомиелит, салданусыз түрі

-вакциноассоциирленген полиомиелит

?

Серік, 2 жаста. Жедел сырқаттанды. Дене қызуы 38,8°С, бозарған, енжарлық пен селқостық бар. Мұрнынан көп мөлшерде шырышты бөлінулер бар, жөтелі құрғақ. Мойын лимфотүйіндері III өлшемдерге дейін ұлғайған. Оңжақтық коньюктивит. Аңқасы қызарған, бадамша бездері II өлшемдерге дейін ұлғайған, жабындылар жоқ, жұтқыншақтың артқы қабырғасында фолликулдардың гиперплазиясы байқалады. Өкпесінде қатқыл дыбыс, құрғақ, шашыранды сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан +2,5 см, Li +1,0 см –шығып тұр. Жалпы қан анализінде: лейкопения, лимфоцитоз. Сіздің болжамдық диагнозыңыз:

- энтеровирустық инфекция

- көз дифтериясы

- жұқпалы мононуклеоз

- қызылша катаральдік кезеңі

-аденовирустық инфекция

?

Менинигитке күдікпен бала ауруханаға түсті, оның басы ауырған, бірнеше рет құсқан. Қарағанда менингеальдік симптомдар оң: шүйде бұлшық еттерінің тартылуы мен Керниг симптомы. Люмбальдік пункция жасалды: цитоз 1800 жасуша, лимфоциттер – 25%, нейтрофилдер – 75%, Панди реакциясы ++, Нонне-Апельт ++. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

- субарахноидальдік қан кету

- менингизм синдромы

- энтеровирусты сірлі менингит

- туберкулездік сірлі менингит

- іріңді менингит

?

Медициналық қарау кезінде балада шағым жоқ. Қанның биохимиялық талдауында жалпы биллирубин және оның фракциялары қалыпты түрде; қаннан ИФТ-да анти-HAV IgG және анти-HBcor Ig M табылды. Сіздің диагнозыңыз қандай.

- вирусты гепатит Д, сарғаюсыз, гепатит В -мен бұрын ауырған

- вирусты гепатит А, сарғаюмен, гепатит В-мен бұрын ауырған

-. вирусты гепатит В, сарғаюмен, гепатит А -мен бұрын ауырған

- вирусты гепатит С, сарғаюсыз, гепатит В -мен бұрын ауырған

- вирусты гепатит В, сарғаюсыз, гепатит А -мен бұрын ауырған

?

Нәрестеге 5 күн болды. Жағдайының ауырлығына байланысты ТБС(СДР) диагнозы қойылды. Біріншілік ателектаз. Берілген жағдайдың ауырлығы бағаланады:

-қоздырғышқа қан сарысуындағы антидене деңгейімен

-Апгар шкаласымен

-венозды қанағыс деңгейімен

-бронхиалды өткізгіштік деңгейімен

-Сильверман шкаласымен

?

Бала 4 айлық. Ауруханада бала келесі диагнозбен 18 күн жатыр: Дистрофия гипотрофияның 2-типі, стабилизация кезеңі, аралас этилогиялы. Балаға диетотерапияның қай сатысын тағайындау керек екенін көрсетіңіз?

-Минимальді

-Аралық

-Аралас

-Максимальді

-Оптимальді тамақтану

?

Науқастың анамнезінде - іріңді баспамен ауырған. Екі аптадан кейін жағдайы күрт нашарлаған: жүрек шекарасы айқын ұлғайып, жүрек ұщы түрткісі солға және төмен қарай ығысқан. Бірінші тон тұйықталған, жүрек ұшында үрлеген систолалық шу естіледі, ол жүрек негізіне және қолтық асты аймаққа дейін естіледі. Осы науқасқа кеуде клеткасының рентгенограммасын өткізген кезде жүрек конфигурациясының қандай көлеңкесін көруге болады?

- «Етік» түрінде

- Трапеция тәрізді конфигурация

- «Бүйірінде жатқан жұмыртқа »

- «Голландиялық бәтіңке» түрінде

- Шар тәрізді конфигурация

?

Жүректің туа пайда болған жүрек ақауы бойынша бақыланатын 6 айлық балада беттінде цианозбен айқын ентігу ұстамалары, акроцианоз, бірінші рет пайда болды. Зерттелген ЭХОКГ-да Тетрада Фаллонның белгілері. Оң қарыншаның гипертрофиясы, қарынша аралық перденің үлкен ақауы, өкпе артериясының тарылуы, 50 пайыз аорта транспозициясы. Ентігу – цианозды. Ұстаманы жою үшін төменде көрсетілген препараттардың қайсысы ЕҢ тиімді болып келеді?

- Рибоксин

- Дигорсин

- Фуросемид

- Индометацин

- Анаприлин

?

ҰЛ бала 3 айда. Анасы баласының тамақтан кейін,сондай ақ біраз уақыттан соң, сонымен қатар тамақтану алдында жиі құсуына шағымданады. Омыраумен тамақтанады, емуі белсенді. Іріген сүтпен құсады. Нәжісі мен зәрі қалыпты. 1 айда салмағына 700 грамм қосқан. Анамнезінен босану тез болғаны белгілі. Өмірінің бірінші күнінен бастап құсады.Бұл ауру неліктен дамыған:

-ішек өтімсіздігінен

-қоршау тарылуынан

-ішек дисбактериозынан

-қоршау спазмы салдарынан

-лактазды жетіспеушіліктен

?

5 жастағы баласы бар әйел адам баласында 5 тәулікке дейін нәжісінің болмауына және іш ауырсынуына шағымданып келді. Қарап тексергенде кеуде қуысы ағзалары жағынан өзгеріссіз. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынады, тітіркену симптомдары жоқ. Қандай әрекет жасалу тиіс?

-тазалау клизмасы

-іш айдайтын препараттар беру

-антибиотик тағайындау

-сифонды клизма

-майлы клизма

?

Алимбек 10 жаста. Іштің ұстама тәрізді ауыруы, нәжістің 4-5 күнге дейін болмауы мазалайды. Нәжістің болмауы 4-5 ай бойы. Объективті: бала қозған, тез тітіркенеді, іш пальпациясында жуан ішек бойымен ауырсыну анықталған. Нәжісі фрагменттелген, тығыз (қой нәжісі). АІЖ рентгеноскопиясында баридің жуан ішек бойымен баяу жылжуы мен оның спастикалық жағдайы анықталған. Бұл жағдайда қандай ем түрі қажет?

-физикалық белсенді өмір сүру

-тазалау клизмалары

-қатты клетчаткасыз диета

-лактулоза, тазалау клизмалары

-жоғары минералданған минеральды су

?

Қабылдауда 4-жастағы бала мен оның анасы. Жүрек айнуға, нәжістің 4 күн бойы болмауына шағымданады. Іш қату 6 ай бойы мазалайды. Объективті: терісі құрғақ, қабыршақтанған, тырнақ пен шаш сыңғыштығы анықталады.Аузынан жағымсыз иіс, ауыз бұрышының жарылуы.Іші қампиған, ұлғайған. Ішті пальпациялағанда ауырсынбайды,төмен өрлеуші және сигма тәрізді ішекте нәжіс бөліктері анықталады. Қандай диагностикалық зерттеу осы жағдайда жасалуы қажет?

-колоноскопия

-ирригоскопия

-ректороманоскопия

-гистологиялық зерттеу

-тік ішекті саусақпен тексеру

?

Жас ана нәрестенің іш қатуға бейімділігіне шағымданады ( нәжіс тек газ шығарушы түтікті енгізген соң ғана шығады) және терісінің сарғаюының сақталуына, салмақ аз қосуға шағымданады. Нәрестеге 15 күн. Анамнезінен: туғандағы салмағы- 4200 гр. Қарап тексергенде: кеңсірігі кең, көзі кең орналасқан, аузы ашық, үлкен жуан тіл, кіндік жарығы, денесінің сұрғылттануы. Бала әлсіз, ұйқышыл. Көзқарасын бекітеді, бірақ қарауы қысқа. Парасимпатикалық тип бойынша терінің айқын вегето-тамырлық реакциясы.Қалыпты терең рефлекстер фонында бұлшықеттік гипотония.Тіреу және адымдау рефлекстері аздап төмендеген.Ошақты симптоматика жоқ. ТАЖ - 38 рет/мин, ЖСЖ 100 рет/мин. Ішкі ағзалар өзгеріссіз.Бұл жағдайдың патогенетикалық емнің препаратын атаңыз:

-мерказолил

-преднизолон

-гидрокортизон

-L- тироксин

-дексаметазон

?

Бала 6 ай. Объективті: тершеңділікітің жоғарлауына, краниотабес, кеуде қуысының төменгі апертурасы иілген. Бұлшықет тонусы төмен, іші «бақа тәрізді», іштің тік бұлшықеттерінің ажырауы, гипотониясы көрініс береді. Сиыр сүтімен тамақтандырылады, қосымша тамақтандыру қабылдаған. Қанда Са 2,04 ммоль/л, Р - 1,31 ммоль/л. Осы жағдайда рахиттың қандай кезені болуы мүмкін?

-Бастапқы
-Өршу
-Реконвалесценция
-Қалған көріністер
-Асқыну

?

Бала 6 ай. Қарап тексергенде: іш пен аяқ – қолдарында тері асты қабаты жоқ. Тері жабындылары сұр бозғылт, құрғақ, тез қатпарларға жиналады. Тің тургоры, бұлшықеттік масса мен бұлшықеттік тонус кенеттен төмендеген. Дене салмағы қалыптымен салыстырғанда 23% төмендеген (бойына шаққанда). Баланың жағдайын қалай бағалау керек?

-Нормотрофия

-Паратрофия

-Гипотрофия 1 ст.

-Гипотрофия 2 ст.

- Гипостатура

?

Қыз 5 күндік. Туылғандағы дене салмағы 3100 грамм, ұзындығы 51 см. Объективті: Тері жабындылары шамалы иктерирленген, мұрын қалқанында, төмпешігінде ақшыл – сарғыш ұсақ дақтар, іште ірі пластинкалы қабыршақтануы анықталады. Кіндік жарасы таза, сыртқы жыныс ағзаларының ісіңуі анықталады. Осы клиникалық жағдай қандай шекаралық жағдайға тән?

-Токсикалық эритема

-Гемолитикалық ауру

-Жыныстық криз

-Жай эритема

-Милия

?

Қыз 3 ай, екінші АКДС + полиомиелит вакцинациясы алдын алу егуі жасалды. Алдында жасалған АКДС + полиомиелит вакцинациясын жақсы өткізді. Кешке қарай дене температурасы 390С дейін көтерілді, мазасыздығы жоғарылады, тырысу болды. Объективті: вакцина жасаған орында тің 8 см диаметрге дейін қалыңдаған, гиперемия. Тырысулар кезінде литикалық қоспа мен суықтандырудың физикалық әдістерін қолданған соң қайталаған жоқ.

Осы балада қандай профилактикалық егуді қолданған тиімді?

-АДС-М вакцинациясы ары қарай жалғасуы мүмкін

-Вакцинация аяқталды

-Вакцинация алдын ала дайындықпен жүргізіледі

-Вакцинацияны қалыпты мерзімде жалғастырады

-Вакцинацияға абсолютті медициналық әкетуі бар

?

Ұл 1,5 жаста, бірінші АКДС ревакцинациясы жасалды, алдындағы вкцианцияға реакция болған жоқ. 3 сағаттан соң терсінде бөртпелер пайда болған, қабақ пен жоғарғы еріннің ісіңуі, аяқ – қолдарыныңда түлеуі байқалды.

Осы жағдайда ең алдымен қандай дәріні енгізу тиімді болып саналады?

-Лованник 10 мг 1 рет тәулігіне ішке

-Супрастин 2% - 0,5 бұлшықет ішіне

-Преднизолон 2мг/кг/тәулігіне ішке

-Кетотифен 500 мкг 2 рет тәулігіне ішке

-Адвантан 0,1% 2 рет күніне, жергілікті

?

Қыз 5 күндік. Анасында бронхиальды демікпе бар. Босыну жылдам, кесір тілігі арқылы. Туылғандағы дене салмағы 2800 грамм, ұзындығы - 50 см. Бала омыраумен емеді. Қыз белсенді, физиологиялық рефлекстері жақсы. Кіндік жарасы таза. Үлкен еңбегі 3x3 см, ісінбеген. Тыныс алуы пуэрильды. Жүрек үндері анық. Іші жұмсақ, бауыру қабырға доғасынан 1 см шығып тұр. Дәреті күніне 5 рет, сарғыш, ботқа тәріздес.

Осы балада қандай профилактикалық егуді қолданған ең тиімді?

-Салыстырмалы медициналық әкету

-Абсолютты медициналық әкету

-Жалпы қолданған календарға сай қарапайым әдіспен егу

-Алдын ала дайындықпен қалыпты мерзімде

-Жеке календарь бойынша аянышты әдіспен

?

Ұл 1,5 жаста. Шағымы: тері қышуына, бөртуіне. Объективті: терісі құрғақ, беті гиперемирленген, аяқ – қолдарында, мойында, шап аймағында папуловезикулезды бөртпе.

Осы балада қандай профилактикалық егуді қолданған ең тиімді?

-Салыстырмалы медициналық әкету

-Жеке календарь

-Абсолютты медициналық әкету

-Уақытша медициналық әкету

-жалпы календарьға сай

?

3 жастағы бала. Шағымдары: дене температурасының жоғарлауы мен іш өту. Объективті: жалпы қауіп-қатер белгілері жоқ, жөтел мен тыныс алу қиындауы жоқ. Іш өту екі апта бойы жалғасуда, нәжісінде қан жоқ. Бала мазасыз, шөлдеу жоқ. Көздері шүңіреймеген. Тері қатпары баяу жазылады. Құлақ аурулары жоқ. Тамақ аурулары жоқ. Баладағы диареяны қалай жіктейміз?

-сусыздану жоқ

-орташа сусыздану

-ауыр сусыздану

-созылмалы диарея

-гемоколит

?

10 айлық бала. Салмағы 9600 кг. Дене температурасы – 38,6ºC. Анасының айтуынша соңғы екі аптада құрғақ жөтел мазалайды. Жалпы қауіп-қатер белгілері жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 48 рет. Кеуде клеткасының тартылуы жоқ. Бала дем алғанда ысқырықты шуыл естіледі. Тыныштық кезінде дем алғанда ысқырықты шуыл жоқ. Дене массасының төмендеуі жоқ, екі аяғының ісінуі жоқ. Алақандары бозарған. БАБЖ бойынша аталған дәрілік препараттардың қайсысын тағайындауға болады?

-Парацетамол

-Нистатин

-Амоксациллин

-Аспирин қышқылы

-Ибуфен

?

3 айлық бала. Шағымдары: дене температурасының жоғарлауы мен іш өту. Объективті: жалпы қауіп-қатер белгілері жоқ, жөтел мен тыныс алу қиындауы жоқ. Іш өту екі апта бойы жалғасуда, нәжісінде қан жоқ. Бала мазасыз, мазасыз, шөлдеу жоқ. Көздері шүңіреймеген. Тері қатпары баяу жазылады. Құлақ аурулары жоқ. Тамақ аурулары жоқ.

4 айға дейінгі орташа сусыздану кезіндегі алғашқы 4 сағатта берілетін регидрон көлемі?

-50-100 мл

-100-200 мл

-200-400 мл

-400-700 мл

-700-1000 мл

?

1 жас 3 айлық бала, салмағы 2100 г, ауыр жағдаймен түсті. Ауруханада 3-типті аралас этиологиялы гипотрофияның бастапқы периодындағы дистрофия диагнозымен жатқанына 3 күн болды. Туылған кездегі салмағы 3000 г. Бала жасанды тамақтандырылады. Балаға диетотерапияның қай сатысын тағайындау керек екенін көрсетіңіз?

-Оптимальді тамақтану

-Аралық

-Аралас

-Минимальді

-Максимальді

?

Бала 3,5 айлық, 4500 массалық, бойы 59 см, дистрофия - типі бойынша гипотрофия 2 дәрежелі, бастапқы кезеңі. этиологиясы аралас диагнозымен емханада 8 күн бойы жатыр. Жасаңды тамақтандырылуда, туған кездегі массасы 3400, бойы 51 см. Балаға қандай кезеңдегі диетотерапия жүргізу қажет ?

- аралас

- оптимальді тамақтану

- минимальді

-аралық

- максимальді

?

Бала 2,5 айлық. Мазасыздыққа, өте қатты тершеңдікке, шошынуға шағымданады. Анамнезінде туылғанынан бері жасанды тамақтануда және сиыр сүтін қабылдайды, шала туылған, Д2 витаминіне профилактика жүргізілмеген, сыртқа шықпайды. Қарау барысында басының формасы брахиоцефальді, пальпациялағанда жұмсақ, қырлары басыңқы және жұмсақ, краниотабес, лямбтәрізді жіптер бойында және самай сүйектерінің артқы бөлімдерінің 1,5-2 см жұмсарған жерлері , басқан кезде жұмсақ пергамент сезімі анықталады. Бұлшықет гипотониясы. Биохимиялық анализде Р , сілтілі фосфатаза деңгейінің төмендеуі байқалады. Жіктелуі бойынша диагноз қойыңыз:

-Рахит 2, жедел ағымды, өршу кезеңі

-Рахит 2, жеделдеу ағымды, өршу кезеңі

-Рахит 2, рецидивтеуші ағымды

-Рахит 1, жедел ағымды

-Рахит 3, жеделдеу ағымды

?

Бала 10 айлық. Әлсіздікке, терлегіштікке, тәбетінің төмендеуіне, физикалық дамудан артта қалуына шағымданады. Анамнезінде бала 1,5 айынан бастап жасанды тамақтандырылуда, қыс мезгілінде туылған, туылғанынан бері 5 % ұнтақ жармасы ботқасын, шырын, ірімшік, жұмыртқа сарысын қабылдайды, сыртқа шықпайды. 5 айында алғаш қойылған диагнозы - Рахит 2, витамин Д2 қабылдаған, бірақ анасы уақытылы бермеген . Қарау барысында басының формасы квадрат тәрізді, кеуде клеткасы бүйір жаққа қарай «Рахиттік», «О» тәріді айқын белгілер, кариестті тістер анықталады, іші үлкен, бауыры мен көкбауыры үлкейген. Рентгенографияда метафиздерде өсу зонасында бірнеше жолақтар анықталады. Жіктелуі бойынша диагноз қойыңыз :

-Рахит 2, жеделдеу ағымды, өршу кезеңі

-Рахит 2, рецидивтеуші ағымды

-Рахит 1, жедел ағымды

-Рахит 2, жедел ағымды, өршу кезеңі

-Рахит 3, жеделдеу ағымды

?

Ер бала 12 жаста. Жағдайы ауыр. Ентігуге, жөтелгенде және терең дем алғанда кеудесі ауырсынады, терісі бозғылт. Айқын акроционоз. Физикалық жүктеме ентігудің күшеюіне әкеледі. Кеуде торының оң жағы тыныстан қалады, қабырғааралықтар тегістелген. 4 қабырға деңгейінен бастап өкпелік дыбыстың тұйықталуы анықталған. Грокко-Гаухфус, Гарланд ұшбұрыштары анықталған. Аускультацияда тыныс естілмейді. Кеуде торының R-графиясында оң өкпенің төменгі бөлігінің қараюы, кеудеаралықтың сол жаққа ығысуы байқалады. ЖҚА: Hb 110 г/л, лейкоциттер 16х10 9, т/я 15%, с\я 60%, э 1%, м 5%, л 19%, ЭТЖ -30 мм/сағ. Пневмонияның қандай өкпелік асқынысына күдіктенуге болады?

- ателектаз

- абсцесс

- булла

- плеврит

- пневмоторакс

?

Бала 2 жаста . Дене темпаратурасы 38.5. Енжар, тәбеті төмендеген, ылғалды жөтел мазалайды. ТАЖ 48 минутына. Өкпелік тыныстың оң жауырынасты аймақта қысқаруы. Осы аймақта тыныстың әлсіреуі және ылғалды кіші көпіршікті сырылдар. Ауруханадан тыс оң жақтық ошақты пневмония болжам диагнозы қойылған. Қойылған аурудын диагностикасының «алтын стандарты» болып не табылады?

- бронхоскопия

- кеуде торы мүшелерінің R-скопиясы

- бронхография

- кеуде торы мүшелерінің R-графиясы

- кеуде торы мүшелерінің УДЗ

?

Бронхиолалардың гранулярлы және фиброзды тіннен тұратын түйінді массалармен облитерациясы және өкпенің зақымданған аймақтарының қанайналымының резекциясымен жүретін ауруды аңықтаңыз?

- жедел бронхиолит

- обструктивті бронхит

- бронх демікпесі

- облитирлеуші бронхиолит

- қарапайым бронхит

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


написать администратору сайта