Главная страница

Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер


Скачать 0.5 Mb.
НазваниеБалалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Дата27.11.2018
Размер0.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаped100.docx
ТипДокументы
#57900
страница15 из 16
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

- Д дәруменді жалғастыру 5000 МЕ дозада

?

Бала 3 жаста. Жиі ылғалды жөтел, қызба 39, құсу, дірілдеу, тәбіттің төмендеуіне шағымданып түсті. Жалпы қарауда: айқын интоксикациялық симптом, ТАЖ-60 мин, шүйде бұлшық еттің регидтілігі, аралас сипаттағы ентігу байқалды. Оң жақта дауыс дірілі күшейген. Перкуторлы оң жақта өкпе дыбысы қысқарған, сол аймақта тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті,крепитациялық сырылдар бар. Қойылған диагноз: крупозды пневмония. Крупозды пневмонияның «менингиальды тұрі» өкпеде ошақтың қай бөлігінде орналасқанда кездеседі?

- оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде

- сол жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде

- оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде

- оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде

- сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде

?

Науқас 8жаста. Дене қызбасы 40 С. Іште ауырсыну, жөтел, тыныстың қиындауы пайда болды. Оң жағында дауыс дірілі күшейген. Өкпе перкусиясында: оң жағында өкпелік дыбыстың қысқаруы, сол жерде үнемі әлсіреген дыбыс фонында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Қойылған диагноз: крупозды пневмония. Крупозды пневмонияның «абдоминальды түрі» кезінде өкпедегі ошақ қайда орналасады?

- оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде

- оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде

- сол жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде

- оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде

- сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде

?

Балада пневмония. Негізгі шағымдарына интоксикацияның үдеуі қосылды, жөтелгенде бүйірдегі ауырсыну пайда болды. Кеудесының зақымдалған жағы тыныс алудан қалады және терісі ісінген, қабырға аралық тегістелген. Өкпені перкуссиялағанда: дыбыс тұйық, Грокко-Раухфус үшбұрышын аңғаруға болады. Балада пневмонияның қандай асқынысы дамыған?

- эмфизема

- ателектаз

- пневмосклероз

- плеврит

- деструкция

?

Пневмония кезіндегі организмнің қандай қорғаныш симптомдары гиперкапния мен гипоксемияға жауап ретінде, перифериялық тамырлардың спазмына, АҚҚ жоғарылауына, жүрек лақтырысының күшеюіне алып келеді?

- эритроцит тасымалдау қызметінің белсенуі

- тахипное және ентікпе

- жүрек жұмысының күшеюі

- перифериялық қан айналымның өзгерісі

- бүйректің конпенсациялық механизмі

?

Баланың екі бетінде цианозды қызару, пальпацияда кеуде қуысының дірілдеуі, жүрек ұшында шапалақты І тон және диастолалық шу анықталды. Қай зақым анықталды?

- қарыншааралық перденің ақауы

- митральды жетіспеушілігі

- аортальды жетіспеушілігі

- митральды тарылу

- митральды қақпақшаның пролапсы

?

14 жасар бала ауруханада Ревматизм, белсенді сатысы, аралас митральды қақпақша ақауы диагнозымен емделіп жатыр. Тәртіп жеткілікті орындалмайды. Ата-аналары келгенде тойып тамақтанып 3-ші қабаттан сатымен төменге түсіп, жоғары көтеріледі. Осыдан кейін бала жағдайы нашарлап, демікпе күшейіп, минутына 120-ға дейін аритмиялық пульс пайда болды, сол кезде жүрек жиырылуы 150 минутына болды. Аузынан көбікті қақырықпен жиі тамақты жыртатындай жөтел пайда болды. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

- септикалық эндокрдит

- оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігі

- жедел пнвмония

- сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі

- тромбоэмболия

?

14 жасар бала диагнозы: Қайталамалы ревмокардит, аралас митралды ақау. Тәртіпті орындамайды. Ата-аналары келгенде тойып тамақтанып 3-ші қабаттан сатымен төменге түсіп, жоғары көтеріледі. Осыдан кейін бала жағдайы нашарлап, демікпе күшейіп, минутына 120-ға дейін аритмиялық пульс пайда болды, сол кезде жүрек жиіырылуы 150 минутына болған. Аузынан көбікті қақырықпен тамақты жыртатындай жөтел пайда болды. Аспирин, АТФ, кокарбоксилаза, преднизолонмен емделген. Тағы қандай дәрі тағайындауға болады:

- эуфиллин

- делагил

- гепарин

- кофеин

- строфантин

?

Бала 11 жаста, ауруханада мынандай диагнозбен жатыр: Ревматизм І, белсенді фаза, белсенділігі V дәрежелі, эндомиокардит, полиартрит бірақ баланың түскен кездегі шағымдары жоғалды, қайта алған жалпы қан анализі, биохимиялық көрсеткіштер – жақсарған. Бала Шалкова № 1-3 сынағын горизонталды қалыптан отыру қалпына орындады. Науқас қандай тәртіпте болуы мүмкін:

-жалпы

- төсектік

- қатал төсектік

- палаталық

- жартылай төсектік

?

Науқасқа 10 жас, дене температурасының жоғарылауына, бел аймағындағы ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. 2 апта бойы ауырсынды. Анамнезінде бел аймағындағы жиі ауырсыну. Қарағанда интоксикация, дизэмриогендер стигмдері. Қан анализінде анемия, зәр анализінде белок- 0,66 г\л, эритроциттер көру алаңында 8-10. УЗИ-де бүйрек поикистозы. Сіздің диагнозыңыз:

- фосфат диабет

- гломерулонефрит

- қантсыз бүйрек диабеті

- тұзды бүйрек диабеті

- бүйрек поликистозы

?

де Тони -Дебре –Фанкони ауруында қандай көріністер болады?

- антидиуретикалық гормонның секрециясының бұзылысы

- ішек сорылуының бұзылысы

- бүйрек каналдарының эпителийдің паратгомонға сезімталдығының төмендеуі

- 1,25 –дегидрохоликальциферолдың пайда болуының бұзылысы

- заттар реабсорбциясының төмендеуі, проксимальды каналдарадағы глюкозаны қоса есептегенде

?

Бала 4 жаста, іштегі және белдегі ауырсынуға шағымданады. Хирургпен қаралды – хирургиялық патологиялар анықталмады. Қарағанда: АҚҚ- 80\50 мм.с.б. зәр анализінде протеинурия – 1,5г\л, лейкоцитурия, бактериальды гематурия, канал дисфункциясы, түйіршікті цилиндрлер. Зимницкий пробасында гипостенурия. Сіздің диагнозыңыз?

- Бүректік тубулярлы ацидоз

- Жедел гломерулонефрит

- Туа біткен бүйрек аномалиясы көрінісіндегі интерстициалды нефрит

- Альпорт синдромы

- Тубулопатия

?

Науқас 10 жаста, бүйрек ауруымен ұзақ ауырған. Зерттеу кезінде азотемия, гиперкреатинемия-0,43 ммоль\л, анемия, гипертензия және остеодистрофия. Сіздің диагнозыңыз?

-Жедел гломерулонефрит

-Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

-Бүйрекүсті безінің жедел жеткіліксідігі

-Созылмалы пиелонефрит

-Бүйрекүсті безінің созылмалы жеткліксіздігі

?

Бала 7 жаста. Әлсіз, тәбеті төмендеген. Ата-анасы терінің бозарғанын, тез шаршағыштықты, аз қозғалысты, тұйықтықты байқаған. Анамнезінде лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүретін жекелеген ЖРВИ анықталды. Обьективті қарағанда: тері бозарған, қолтық ойысы , шап аймағында , жыныс мүшесі мен мойнында қола түсті пигментация, бетінде петехия тәрізді геморрагиялық бөртпе, дисэмбриогенездің кіші белгілері (қолдадағы бас бармақтың дисплазиясы, құлақ қалқаны деформациясф, гипоспадия). 
Фанкони анемиясы диагнозын қойды.  Көрсетілген фармакотерапияның қайсысы қойлайлы? 

-дифенин 5 мг/кг 

-винкристин 1-5 мг/кг 

-гливек 400 мг ішке 

-димефосфон 20 мг/кг

-глюкокортикоид 2-3 мг/кг 

?

Бала 15 жаста. Туғалы ауру. 2 айлығында терісі мен шырышты қабат сарғаюы пайда болған. Объективті: бала астеник, терісі мен шырышты қабаты сары, мұнаралық бассүйек, готикалық тңдай. Бауыр +2,0 см, көкбауыр +15,0 см. ЖҚА - НВ 82Г/Л , лейкоцит 8,3х109/л, тромбоцит - 240 тыс., ретикулоцит - 121 ‰,қанның биохимиялық анализі - креатинин - 84,5 мкмоль/л, мочевина - 4,0 ммоль/л, о. билирубин - 210 ммоль/л, тура - 12 ммоль/л, тура емес - 198 ммоль/л. Гемолитикалық анемия диагнозы қойылған. Көрсетілген диагностиканың қайсысы қолайлы? 

-гепатит маркерлеріне ИФА

-бауыр биопсиясы 

-коагулограмма 

-цитогенетика

-миелограмма 

?

10 жасар бала. Туғанынан ауырған. 2 айлығында алғаш рет тері мен шырышты қабатының сарғаюы байқалған. Объективті: дене бітімі-астеникалық, тері мен шырышты қабаты сарғайған, мұнара тәріздес бас қаңқа, готикалық таңдай, Бауыр + 2,0 см, көкбауыр +15,0 см. Гемоглобин-82 г/л , лейкоциттер 8,3х109/л, тромбоциттер-240 мың, ретикулоциттер-121%, биохимиялық қан анализі- креатинин-84,5 мкмоль/л, мочевина-4,0 ммоль/л, билирубин- 210 ммоль/л, тура -12 ммоль/л, тура емес- 198 ммоль/л. Гемолитикалық анемия диагнозы қойылган. Төменде аталғандардың ішіндегі тиімді фармакотерапия?

-Аппендэктомия

-Жүрек гликозидтері

-Цитостатиктер

-Сәулелендіру

-Спленэктомия

?

Фанкони анемиясының патогенезінде сүйек кемігінен гипоцеллюлярлықты, барлық қан түзу орталықтарының төмендегенін (эритроидты, миелоидты, мегакариоцитарлы), май тінінің өскенін анықтайды.Фанкони анемиясындағы ақау гемопоэздің қандай деңгейінде анықталады?

-Ізашар жасуша деңгейінде

-Гликопротеин жасушасының деңгейінде

-Жасуша рецепторы

-Жүйке жасушасы

-Бағана жасуша деңгейінде

?

12 жасар қыз бала 2 жыл көлемінде тамақтан соң 10-15 мин кейін оң жақ қабырға асты мен эпигастрии аймағында пайда болатын шаншу түріндегі ауырсынуларға шағымданады. Тамақ тәртібі мен диета сақтамайды. Анасында – созылмалы гастрит, әкесінде – он екі елі ішек ойық жарасы. Эзофагогастродуоденоскопия: асқазан қабырғасында көптеген әртүрлі калибрлі томпайған ісіктер, әртүрлі мерзімді нүктеленген қан құйылулар. Берілген патологияны емдеу үшін қандай препарат қолданған дұрыс?

-Домперидон

-Мезим

-Урсофальк

-Нексиум

-Омепразол

?

14 жасар ұл бала педиатрға тамақтан кейін эпигастрий аймағындағы ауырсынуларға, кеуде ортасындағы аймағындағы қыжылға,ауыздағы құрғақ жәнепериодты түрдегі қышқыл дәмнің болуына шағымданады. 6 ай бұрын іште ауырсыну және қыжыл пайда болған. Ұзақ үзілісті тамақтанады, құрғақ тамақтарды қолданады. Күніне 3-4 шылым шегеді. Жасөспірім тексеріліп, арнайы гастроэнтерологиялық стационарға жіберілді. Қандай препарат қыжыл мен эпигастрий аймағындағы ауырсынулар пайда болғанда тиімді?

-Алмагель

-Мезим

-Урсофальк

-Бибиформ

-Нексиум

?

Ер бала, 10 жаста. Педитрға 1 жыл бойы ішінің ауырсынуына, эпигастрия аймағына қарай тарайтын шаншып ауыру сезіміне шағымданды. Ауыру сезімі тамақ ішкеннен кейін 15-20 мин кейін басталады. Анасы жағынасозылмалы гастрит, әжесі-созылмалы панкреатитпен ауырған. Қойылған диагноз: с H. Pylori дамытқан созылмалы гастродуоденит, асқыну стадиясы. 1 қатардағы 3реттік терапия тағайындалған. Терапияда ұсынылатын препараттар? 

- Омепразол + Де-нол + тетрациклин

- Омепразол + Де-нол + макмирор 

- Омепразол + Де-нол + кларитромицин 

- Омепразол + Кларитромицин + макмирор 

- Омепразол + кларитромицин + амоксицилин

?

Қыз бала, 6 жаста. Гастроэнтерологтың қабылдауында: кіндік маңы аймағындағы сырқыраған мінездегі мезгіл мезгіл ауырсыну сезіміне шағымданады, ауру сезімі 20-30 минутқа дейін созылады, ішкен тағамға және оның мөлшеріне байланысты емес. Диспепсиялық шағымдарына ауалы кекірік, іштегі ауырлық сезім, тез тойымдылық. Үлкен дәретке 3-4 күнде 1 рет. Жүргізілген өт айдау терапиясы оң нәтиже бермеді. Препарат тағайындаңыз? 

- Кларитромицин

- Тетрациклин 

- Мезим 

- Макмирор 

- Урсодеоксихолевая кислота 

?

7 жастағы бала 2 күн бұрын дене қызуының 390 С-қа көтерілуімен, басының ауырсынуымен, жұтынғанда тамағының ауырсынуымен жедел ауырды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, терісінде ұсақ нүктелі бөртпелер, табиғи қатпарларда қою орналасқан. Аңқасында бадамша бездері гиперемиялы, лакуналарында іріңді қақ. Тілі емізік тәрізді. Сіздің болжамдау диагнозыңыз:

-менингококкты инфекция

- қызылша

- қызамық

- жел шешек

- скарлатина

?

Бала 3 жаста. Ауырғанына 10 күндей болды, дене қызуының 380С-қа көтерілуімен, біртіндеп үдеген құрғақ жөтелден басталды. Жөтел ұстамасы кезінде беті қызарады, мойын көк тамырлары білеуленеді. Ұстама созылғыш қақырықтың бөлінуімен аяқталады. Қарағанда – беті домбыққан, бозарған, периоральды цианоз. Тілінің жүгеншігінде – жара. Сіздің болжамдау диагнозыңыз:

- аденовирусты инфекция

- тұмау

- парагрипп

- бронх демікпесі

- көкжөтел

?

10 жастағы баладан, соматикалық ауруханадан шығарғаннан кейін 3 айдан соң, ол жерде қан құю жүргізілген, анықталды: HBs Ag, анти – HBc JgM. Сарғаюмен бірге АлАТ 1782 нмоль/л жоғарылағаны және анти – HAV JgG табылған. Зертханалық көрсеткіштер: жалпы биллирубин – 48 мкмоль/л, тік – 24 мкмоль/л, тимол сынамасы – 2 Бірл. Сіздің болжамдау диагнозыңыз:

- вирусты гепатит D

- вирус тасымалдаушы

- вирусты гепатит А

- вирусты гепатит С

- вирусты гепатит В

?

Гепатитпен ауырған науқаспен қарым қатынаста болған 3 жастағы баладан, сырқаттануынан 28 күн бұрын анықталған: HBs Ag, анти – HBc JgG. Анти - HBc JgМ теріс. Сарғаю фонында АлАТ 1782 нмоль/л дейін жоғарылаған және анти – HAV JgM бар. Сіздің болжамдау диагнозыңыз:

- вирусты гепатит D

- вирус тасымалдаушы

- вирусты гепатит В

- вирусты гепатит С

- вирусты гепатит А

?

Баланың жасы 2 айлық. Ауруханаға мына шағымдармен келді, нәжісі сұйық тәулігіне 10 ретке дейін, сулы, үлкен аймақты ылғалды, мөлдір шырыш араласқан, түскен күні 3 рет құсқан. Ауырғаннан кейін 3 күннен соң ауруханаға жатқызылған. Түскендегі жағдайы ауыр, гиподинамиялы, тамаққа тәбетті төмендеген, су ішуі құлықсыз. Тері жамылғысы бозғылт көкшіл түсті (цианозды), тері тургоры төмендеген, тері қатпарлары қалыңдаған, жазылуы баяу. Айтылған талдаулардың қайсысы эксикоздың қандай түрін анықтауға мүмкіндік береді:

- қанға биохимиялық анализ және белок фракциясы

- жалпы қан анализі

- нәжіс баксебу

- серологиялық қан анализі

- қанның ионограммасы

?

Инфекционист дәрігерге 23 жастағы жүкті әйелді қаралды, ол қызамықпен ауыратын баламен қарым-қатынаста болған. Қарым-қатынас кезінде жүктіліктің 10 аптасында болған. Қызамықпен ауырмаған. Діни сенімге байланысты вакцинадан бас тарқан. Дәрігер ұрықта Грег үштігінің болуы мүмкін деп болжам жасады. Грег үштігі мына ақауларды дамыту мүмкін:

- конъюнктивит, птоз, жүрек ақаулары

- гепатомегалия

- гидроцефалия

- полиартрит, саңыраулық, даму ақаулары

- катаракта, кереңдік, жүрек ақаулары

?

8 жастағы бала созылмалы тонзилитпен ауырады, ангинамен ауырған, 2 аптадан кейін қабақтың ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабылеттілігі төмендеуін байқаған. Бір жыл бойы кезеңді қабақтың ісінуі байқалған. 1,5 жылдан кейін вирустық инфекциядан кейін ентігу, бетінің, бел аймағында ісіктер пайда болды, гидротракс. ҚҚ 125\80 сын.бағ.бой. Жалпы зәр анализінде тығыздығы 1028, ақуыз 9г\л, эритроциттер 15-20 көру аймағында, гиалинды цилиндрлер 2-4. Сіздің болжамды диагнозыныз?

-Жедел гломерулонефрит

-СГН, нефротикалық түрі

-СГН гематуриялық түрі

-СГН, аралас түрі

-тұқым қуалайтын нефрит

?

Бала 6 айлық, тексергенде анықталды: пальпация кезіңде жүрек ұшы түрткісі таралған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2 қабырға аралықта қатты систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тон акценті. Рентгенологиялық: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Диагноз?

-ҚАПА

-ЖАҚА

-ААӨ

-Фалло тетрадасы

-қолқа коарктациясы

?

Бала 3 жаста. Тексергенде анықталды: перкуторлы - жүрек өлшемдері оңға және солға ұлғайған, аускультативті: төстің сол жақ қырында IV қабырға аралықта қатты систолалық шу, өкпе артериясында 2 тон акценті. ЭКГ- да жүрек гипертрофиясы. Рентгенологиялық: өкпе суретінің күшеюі, жүректің оң және сол жақ бөліктеріне байланысты жүрек өлшемінің көлденең ұлғаюы. Диагноз?

-ЖАҚА

-ҚАПА

-ААӨ

-Фалло тетрадасы

-қолқа тарылуы

?

ЖТД қабылдауында 8 жастағы бала аяқтарында ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады, бөртпелер бүкіл денеге тез жайылған. Дене қызуы 37,6ºС. Анамнезінде тағамдық сенсибилизация, ЖРВИ-мен жылына 2-3 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, білек, буын аймағы, құлақ қалқаны терісінде көлемді экссудативті-геморрагиялық бөртпелер байқалады, бөртпелер симметриялы, кейбір бөртпелер бір-бірімен қосылған. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиялар байқалады. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәрі патологиясыз. Сіздің болжам диагнозыңыз:

-Жедел лейкоз

-Скарлатина

-Гемофилия

-Геморрагиялық васкулит

-Тромбоцитопениялық пурпура

?

13жастағы бала демалудың қиындығының кезеңді ұстамаларына шағымданады. Анамнезінен: Қиын тыныс алу ұстамалары соңғы 1,5 жыл ішінде 3-4 рет мазалаған, өздігінен басылады, түңгі ұстамалар жоқ. Анамнезінде атопиялық дерматит кеудені обьективті қарағанда және рентгенологиялық тексергенде патологиялар анықталған жоқ. Спирография анықтамалары бойынша ПСВ-85%. Диагноз қойыңыз:

-Интермиттирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


написать администратору сайта