Главная страница

Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер


Скачать 0.5 Mb.
НазваниеБалалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Дата27.11.2018
Размер0.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаped100.docx
ТипДокументы
#57900
страница11 из 16
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
9, ЭТЖ-25 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 60 г/л, альбумин – 32 г/л, мочевина 15 моль/л, креатинин 140 мкмоль/л, калий 6,1 мэкв/л. Эндогенді креатинин бойынша клиренс – 52 мл/мин. Науқастың бүйрек қызметі қалай бағаланады:

-жедел бүйрек жеткіліксіздігі

-бүйрек қызметінің бұзылуынсыз

-жедел кезеңді бүйрек жеткіліксіздігі

-бүйректің концентрациялық қызметі төмендеген

-созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

?

ЖТД қабылдауында 11 ай 18 күндік баласымен анасы келді. 3 күн бойы жөтелуіне шағымданады, бұны суық тиюмен байланыстырады. Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) минутына 50 рет. Тыныс алу жиілігін санын бағалаңыз. БЖАЫЖ сәйкес жіктемені таңдаңыз:

-Пневмония. ТАЖ – қалыпты

-Пневмония жоқ. Жөтел немесе тұмау. ТАЖ – қалыпты

-Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс. ТАЖ – жиілеген

-Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру. ТАЖ – жиілеген

-Өте ауыр фебрилді ауру. ТАЖ –жиілеген

?

Отбасылық дәрігерге профилактикалық қабылдауға 3 айлық бала келді. Қараған уақытта ешқандай шағымдары жоқ. Ана сүтімен тамақтанады. Анамнезінен: бірінші жүктіліктен, 38-39 аптадағы бірінші босанудан туған. БЦЖ вакцинациясы өмірінің үшінші күні босану үйінде жасалған. Туберкулезбен ауырған науқас адамдармен қатынаста болған жоқ. Объективті: физикалық және жүйкелі-психикалық дамуы жасына сай. Мүшелер бойынша ақаулар жоқ. Сол йығын қарағанда БЦЖ дамуының белгілері жоқ. Осы балаға қатысты отбасылық дәрігердің әрекеті:

-Қайтадан вакцинация жасауға болмайды

-6 айға дейін алдын ала жасалған Манту сынағынан кейін вакцинациялау

-6 айдан кейін Манту сынағынсыз вакцинациялау

-6 айға дейін Манту сынағынсыз вакцинациялау

-1 жаста алдын ала жасалған Манту сынағынан кейін вакцинациялау

?

Ұл 4 ай, АКДС-2 вакцинациясынан кейін 3 сағаттан соң ащы айқай, монотонды жоғары нотада, 8 сағатқа созылған айқай пайда болды. Осы балада қандай профилактикалық егуді қолданған ең тиімді?

-Жеке календарь

-Абсолютты медициналық әкету

-Салыстырмалы медициналық әкету

-Иммунизация АД мен жалғасуы мүмкін

-Иммунизация АДС-М мен жалғасуы мүмкін

?

1,5 айлық бала. Клиникада мына диагнозбен қаралды: кеш миокардит, ауыр дәрежелі. Баланың жағдайының нашарлауы үдей түскен, ТАЖ минутына 65 ретке дейін жоғарылаған, цианоз, тынысы шулы, жөтел көпіршікті қақырықпен, жүрек тондары тұйық, өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдардың көп мөлшері естіледі. Рентгенограммада венозды іркілу анықталады. Бұл симптоматика мен рентгенологиялық көрініс неге негізделген:

-Бронхиолиттің дамуымен

-Пневмонияның дамуымен

-Өкпе існуінің дамуымен

-Кардиосклероздың дамуымен

-Пневмосклероз дамуымен

?

Бала 1 жаста, салмағы 10 кг. Дене қызуының 39,50 С жоғарылауы анықталады, терісі бозғылт тырнақ беті мен аузы көгерген, «ақ дақ» симптомы оң. Аяқ қолдары суық. Шұғыл шаралар қандай?

-парацетамол 100 мг

-парацетамол 100 мг+ тамыр кеңейткіш препараттар

-парацетамол 120 мг + спиртті ерітіндімен сүрту

-парацетамол 150 мг + ірі тамыр маңына мұз қою

-парацетамол 200 мг+ ампициллин 250 мг

?

11 айлық бала стационарға физикалық дамуының артта қалуына (дене массасы 7,0кг), физикалық және эмоциональді жүктемеде ентігу мен цианоздың пайда болуына шағымданып түсті. Қарағанда тері жамылғысы диффузды цианозды. «барабан таяқшасы» және «сағат шынымы» симптомдары. Жүректің салыстырмалы тұйық шекаралары: сол жағы сол жақ бұғана сызығы, оң жағы оң жақ парастернальді сызық деңдейінде. Жоғарғысы 2қ/а. ЖЖЖ 150 рет мин. Бұғананың сол жақ қырында қатты систолалық шу естіледі, сол жақта 2 қ/а 2 тон әлсіреген. Осы науқасқа рентгенограммадағы қандай өзгеріс тән?

-жүрек көлеңкесі «етік» формалы

-жүрек көлеңкесі дөңгелек конфигурациялы

-өкпе артериясының кеңеюі, оң және сол бөліктеріне байланысты жүрек өлшемдерінің ұлғаюы

-жүрек бүйірімен жатқан жұмыртқаны еске түсіреді

-жүрек трапеция тәрізді сол жақ қарыншасы ұлғайған

?

Бала 10 жаста, ауруханаға бастың ауырсынуы, жүрек айнуы, әлсіздік, диурездің төмендеуіне, зәр түсінің өзгеруіне шағымданып түсті. 1 жасына дейін атопиялық дерматитпен ауырған. 1 жастан кейін ЖРВИ мен 3 рет баспамен ауырған. 3 апта бұрын баспамен ауырған. Соңғы екі күн бұрын бастың ауырсынуы, жүрек айнуы, тәбеттің төмендеуі, кіші дәретке сирек баратын болған, зәрі қара-қоңыр түсті, бұлыңғыр. Қарағанда: беттің ісінуі, сирақтың ісінуі байқалады. ҚҚ 145/90 мм.с.б. Берілген аурудың этиологиясы қандай?

-пневмококк

-стафилакокк

-стрептококк

-вирусты инфекция

-тағамдық аллергия

?

Балаға 1 ай, тек қана анасының омыраумен тамақтанады (ИГВ). Бір айда 800 г салмақ қосқан, жалпы жағдайында өзгерістер жоқ, ұйқысы мен тәбеті қалыпты. Нәжісі туғаннан ботқа тәрізді, сары түсті, тәулігіне 4 рет. Зерттеу барысында анасының сүтінде эпидермальды стафилококк табылған. Баланың нәжіс зерттеу кезінде алтын түсті стафилококк табылған. Сіздің әрекетіңіз?

- емізуді жалғастыру, анасына және балаға антибиотиктер тағайындау.
- сауылған, пастерленген омырау сүтін беру.
- емізуге тиым салу,анасына және балаға антибиотиктер тағайындау.
- емізуді жалғастыруға беру.

- сиыр сүтімен тамақтандыру.

?

Емізетін әйелде дене қызуы 37,5 С көтерілді. Кеуде ісінгені пайда болды, пальпация кезінде ауырсыну,айқын емес гиперемия.Сүтін сауғанда түсі қалыпты, құрамында қан немесе іріңдік жоқ. Сіздің іс әрекетіңіз?

- Кеудемен емізуге тиым салып,сүтін бактериологиялық зерттеуге жіберу

- Кеудемен емізуге тиым салу
- Сауылған пастерленген сүт беру
- Кеудемен тамактандыра беруге болады,қалған сүтін сауып тұру керек
- Сиыр сүтімен тамақтандыру

?

Қыз бала 1 айлық. Анамнезінде: бала 3-ші жүктіліктен, жүктіліктің 1-ші жартысында токсикозбен, 2-ші жартысында жатырдан қан ағуымен өткен. Бірінші 2 жүктілік түсікпен аяқталған, ең соңғы түсік осы жүктілікке дейін 6 ай бұрын істелінген. Күні жетпей туылған.Туылғанда салмағы 2200 г, бойы 40 см, бірінші айғайлауы әлсіз.

Объективті қарауда:1 айлығында қарау кезінде:салмағы 2800г, бойы 44 см; қыз аз қимылдайды, ұйқышыл, емуі әлсіз. Иық кеуде бөлімдерінде түктер айқын бар.Тері асты шел май қабаты денесі мен аятарында әлсіз дамыған.Тынысы аритмиялық апноэмен 4-5 секунд. Тыныс алу саны минутына 42. Жүрек тондары қатты, ритмді. ЖЖЖ минутына 140. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынын 2 см шығынқы. Сіңір және туылғанда пайда болатын табиғи рефлекстер жоғарылаған, Моро рефлексі спонтанды. Шала туылған дәрежесін анықтаңыз?

- 4 дәреже
- 2 дәреже
- 3 дәреже
- 1 дәреже
- 5 дәреже

?

Айлық бала жоғары қызумен, қабылдау бөліміне түскен, тынышсыздық және (щажение) оң аяқтың оң жақ тізе буынының ісінуі, регидирленген және пассивті қимылдар, ауырсынумен жүреді. Септикалық артриттің алдын алу диагнозын қою үшін қандай зерттеулер ең тиімді болып табылады?

- ОАК
- Тізе буынының рентгенографиясы
- ЭТЖ анықтау
- Синовиальді сұйықтықты зерттеуге алу
- Қанды егуге жүргізу

?

Пневмония кезінде альвеолаларда қабыну процесі болғандықтан, альвеоларлы қабырға арқылы жүретін газ диффузиясының бұзылысы туындайды. Қандай тыныс жетіспеушілігіне төмендегі өзгерістер тән?

- тіндік

- вентиляционды

- циркуляторлық

- диффузды-таралулық

- аралас

?

Науқас 10 жаста. Қиын бөлінетін қақырыққа, жиі жөтелге, температурасының 37,8 С дейін көтерілуіне шағымданады. Бір апта денесі ауырады. Терең тыныс алғанда, жөтелгенде, сау жағына қарай енкейгенде кеуде қуысында ауырсынудың күшеюі байқалады. Объективті тексергенде: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпе аускультациясында оң жақ артқы-төменгі бөлігінде дем алғанда және шығарғанда шу естіледі, фонендоскопты тығыз жанастырғанда күшейеді, жөтелден кейін жоғалмайды. Балада қандай асқыныс туындаған?

- бронхоэктаз

- өкпе абсцессі

- пневмоторакс

- плеврит

- өкпе ателектазы

?

Бала 5 жаста, мысықпен қатынастан кейін пайда болған ентігуге шағымданады. Аллергологта бронх демікпесі бойынша «Д» тізімде тұр. Стационарға түскендегі жалпы жағдайы өте ауыр. Тұншығу ұстамасы 7 сағ бойы қайтпады. 30 мин сайын адреналин 3 инъекция жасағанан кейін жағдайы жақсармаған. Баланың хал жағдайының нашарлауын қалай бағалайсыз?

- жедел жүрек жетіспеушілігі

- спонтанды пневмоторакс

- неврологиялық бұзылыстар

- астматикалық статус

- өкпенің жедел ісіну ұстамасы

?

Бала 10 жаста. Өкпе рентгенограммасында келесі өзгерістер байқалған: өкпе суретінің деформациясы, перибронхиалды тығыздалу, «ұяшықтық» өкпелік сурет, сақина тәрізді көлеңкелер. Бұл өзгерістер қандай патологияға тән?

- өкпе абсцесі

- бронх демікпесі

- жедел жай бронхит

- бронхоэктазды ауру

- өкпе ісінуі

?

12 жасар балада баспамен ауырғаннан соң, 2 жетіден кейін ұшпалы ауырсыну, қызба, қозғалыстың шектелуі және олардың ісінуі пайда болды. Бауырдың ылғаюы, жүрек тонның тұйықталуы, тонның әлсіреуі, галоп, жүрек ұшындағы әлсіз шу анықталған. Қанда ЭТЖ 60 мм/час, лейкоцитоз 15.2 Г/л; АСЛ-О-600 АЕД; СРБ (+++); серомукоид-0,800. Диагноз: ревматизм, белсенділігі III дәрежелі. Біріншілікті ревмокардит, полиартрит, жедел ағымды, ҚАЖ IIA. Патогенетикалық мақсатта төмендегі препараттардың қайсысын қолданады?
- дипразин
- цефазолин
- делагил
- преднизолон
- эритромицин
?

Бала 11 жаста, стационарда 2 аптадан бері жатыр, мынандай диагнозбен: жедел ревматикалық қызба, активті фаза, 2 дәрежелі активті, эндомиокардит, полиартрит. Түскен кездегі шағымдары басылған, қайталамалы қан анализі және биохимиялық анализ көрсеткіші бойынша жақсара бастаған. Шалкова сынамасы бала орындады - дене қалпының өзеруі горизантальді отырған қалыпта. Науқас қандай режимде болу қажет?

-төсектік

-палаталық

-жалпы

-жартылай төсектік

-қатал төсектік

?

Бала 11 жаста. Шағымдары: әлсіздік, арықтау, қызба дұрыс емес типті. Объективті: жоғары және төменгі қабақ аймағында лилова эритема байқалады. Пальпацияда миалгия табан және иық бұлшықетінің қамыр тығыздығы сияқты. Әлсіздік, төсектен әрен тұрады, өзіне әрен қызмет етеді. Қандай лабораторлы өзгерістер болады осы науқаста?

-Тромбоцитопения, анемия,лейкоцитоз

-ЭТЖ жоғарлауы, , ĹЕ жасушалары

-Моницитоз, холестерин мен билирубиннің жоғарлауы

-Эозинофилия, лейкопения, ЭТЖ жоғарлауы

-ЭТЖ жоғарлауы, креатенинфосфокиназасының көтерілуі

?

Ұл бала 9 жаста, 1,5 ай бойы ауырған, әлсіздік, шаршағыштық, арықтау, артралгия. Температурасы 39-400 С. Объективті: табан буының артриті, кәрі жілік буынының бетінде және мұрынның қыртысында эритемасы бар. ЖҚА: ЭТЖ-52 мм/сағ. Биохимияда- диспротеинемия, 2 и - фракциясының глобулиндерінің жоғарлауы. LE-жасушасы 5:1000 лейкоциттер. Осы науқасқа тиімді фармокотерапияны тағайынданыз?

- Диклофенак

- Пенициллин

- Аспирин

- Бициллин

- Преднизолон

?

10 жастағы баланың диагнозы – гломерулонефрит нефротикалық синдром, глюкокортикоид және цитостатикалық терапия кезінде ремиссия нәтижесіз. Қосымша қандай дәріні тағайындауға болады.

- аспирин

- верошпирон

- винкристин

- лейкерам

- циклоспорин А

?

10,5 жастағы бала, бөлімшеге әлсіздік, диурездің төмендеуі, зәр түсінің өзгеруіне шағымданып түскен. 2 апта алдында ЖРВИ –мен ауырған, мектепке барған. Ауру діріл түрінде басталған, дене температурасы 39,5°С жоғарлаған, дизуриялық көріністер, зәр түсі «ет жуындысы» тәрізді. Қарау кезінде: іштің тік бұлшықеттерінің айырмасы, кеуде және көзде гипертелоризмі, аяқта «екітісті» белгілері анықталады. Терісі бозғылт мрамор түсті. Қабақ пен тізе ісінген. Өкпеде сырылдар жоқ. Жүрек тондары айқын, ұшында систолалық шу. АҚ130/95 мм рт.ст. ЖСЖ — 100 мин. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға доғасынан +2 см. Симптом Пастернацтский екі жақты теріс. Тәулігіне 300 мл зәр бөлінеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- Жүрек жеткіліксіздігі

- Жүйелі қызыл жегі

- Нефротикалық синдром пиелонефритпен

- Бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек шаншылуы арқасында

- Жедел бүйрек жеткіліксіздігі нефритикалық синдроммен,бастапқы кезең

?

5 жастағы қыз бала, 2-ші жүктіліктен, анасының жүктілік кезіндегі бірінші триместрде токсикоз және үшінші триместрде нефропатия болған. 2-ші босану мерзімінде. Туған кездегі салмағы 3800 г., бойының ұзындығы 52 см. Қазіргі ауруы құсумен басталған, нәжісі сұйық, субфебрильді температура. Келесі күні бел аймағында шұғыл ауырсыну, діріл дамыған, дене температура 39°С, екі реттік құсу, тері сарғаюы, зәр түсі қоңырқай. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- фосфат диабет

- Бүйректің поликистозы

- бүйректік қантсыз диабет

- бүйректік тұзды диабет

- Гемолитико-уремиялық синдром. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

?

5 жастағы бала. Жиі зәр шығару, іштегі ауырсыну, температураның 38,5° жоғарлауы, әлсіздікке шағымданады. 3 күннен бері ауырады. Зәр талдауында: ақуыз- 0,099 г/л, лейкоциттер - 20-30 көру алаңында бактериялар бар. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- Бүйректік тубулярлы ацидоз

- Тубулопатия

- Интерстициалды нефрит туа пайда болған бүйрек көрінісінде

- Альпорт синдромы

- Жіті пиелонефрит

?

Максим 6 жаста. Шағымдары: аяқ-қол және дене терісінде бөртпелердің пайда болуы, іштің қайталамалы ауырсынуы. Кешегі күннен анасы баласының түнгі ұйқыдағы мазасыздығын, бөртпелер көбейгендігін және іштің ауырсынуынан ояна беретінін байқаған. Обьективті тексеру: аяқ-қолдардың терісіндегі, бөксе аймағындағы, құлақ қалқанындағы бөртпелер анықталған. Бөртпелер тері беткейінде рельефті, басу кезінде жоғалмайды, симметриялы орналасқан, табандар ортасында бөртпелер некрозды ошақтар кездеседі. Беткей пальпация кезінде іші жұмсақ, жайылған ауырсыну, ішперденің тітіркену симптомы теріс. Таңертең нәжісі қара түстес болған.

Аталған препараттардың ішінде қайсысын патогенетикалық мақсатта қолдануға болады?

- Мерказолил 15-20 мг/кг тәулігіне

- Глюкагон 0,7 мг/кг тәулігіне

- Лазикс 1-2 мг/кг тәулігіне

- Вит.B 12 10 мг/кг тәулігіне

- Курантил,персантин 5мг/кг тәулігіне

?

10 жастағы қыз бала, ауруханаға мұрынның қанауы, қан аралас құсу шағымдарымен қаралған. 4 жастан бастап мұрнының қанауымен зардап шегеді. Тері беткейі бозарыңқы және тері мен аяқ-қолдарында әртүрлі түсті 0,5х1,0 см-ден 3х4 см дейінгі мөлшердегі «көгерулер», беті мен мойнында нүктелік бөртпелері бар. Экхимозалары асимметриялы орналасқан. Аздаған нүктелік элементтері ауыз қусының шырышында да кездеседі, жұтқыншақтың артқы қабырғасында – қан байқалған. Эр.-3,3х1012/л, Нв-85 г/л, тромбоциттер 24,6х109/л, лейк.-8,0х10 9/л. Дуке бойынша қан ағу ұзақтылығы 15 минут.

Науқаста байқалатын идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураның диагностикалық критерийлерін атаңыз?

-Ауыз уылуы, артрит, қанның ақ клеткалары.

-Қан кету, қанның ақ клеткалы түйіндер, тері асты

-Кардит, артрит, тромбоцитопатия .

-Тері, серозит геморрагиисы.

- Қан кетулер, тері, тромбопитопениялық геморрагия

?

Науқас 12 жаста, әлсіздікпен, шаршағыштықпен, бас айналуына шағымданды. Тексеру кезінде: жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозғылт, құрғақ. Тырнақтарында көлденең жолақтар бар. Шашы құрғақ, сынғыш. Шырыш қабаттары құрғақ, боззғылт. Ауыз қуыс шырыш қабаттарында ангулярлы стоматит анықталады. Ісік жоқ. Тыныс алу жиілігі - 16 мин. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3.2х10/л, лейкоциттер- 6,2х10/л, Hb-72г/л, МСV 73 фл, МСН 22,6 пг, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Төменде аталған фармакотерапияның қайсы ең тиімді болып табылады?

-фолий қышқылы+жүрек гликозидтер

-аскорбин қышқылы+индометацин

-темір препараттары

- витамин D+витамин В12

- Темір препараттар +фолий қышқылы+аскорбин қышқылы

?

Науқас Б., 13 жаста, әлсіздік, тез шаршағыштық, терісінің құрғауына, тырнағының сыңғыштығына шағымданады. Анамнезінде көп жылдар бойы тырнағының сыңғыштығы мен терісінің құрғақтығы мазалайтыны анықталған. Тексеру кезінде: терісі бозғылт. Тырнақтарында көлденең жолақтар бар. Шашы құрғақ, сынғыш. Шырыш қабаттары құрғақ, боззғылт. Ауыз қуыс шырыш қабаттарында ангулярлы стоматит анықталады. Ісік жоқ. Тыныс алу жиілігі - 16 мин. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3.2х10/л, лейкоциттер- 6,2х10/л, Hb-72г/л, МСV 73 фл, МСН 22,6 пг, анизоцитоз, пойкилоцитоз.Төменде аталған фармакотерапияның қайсы ең тиімді болып табылады?

-Фкг және ОЖСС.

- ЭКГ холестеринді деңгейі

- КЖ жаңғырық мен фосфор деңгейі

-Темір, сарысу деңгейі УДТ бүйрек

-Темір, сарысу деңгейі ОЖСС.

?

Ойық жара ауруы кезіндегі антихеликобактерлі терапияның негізгі мақсаты?

-тұз қышқылының секрециясын төмендету

-ауырсыну синдромын басу

-ойық жара тыртықтану сатысын тездету

-ойық жара туындау қаупін азайту

-ойық жара ауру қайталану жиілігін төмендету

?

Қандай препарат антихеликобактериялық қасиетке тән?

-Гастроцепин,омепразол,левомецитин

-Фестал,мезим форте,цефамед

-Гастрал,омез,ципролет

-Маалокс,но-шпа,церукал

-Де-нол,оксацилин,трихопол

?

Мына аталған шұғыл араласулардың қайсысы өт тас ауруының дамуын жоғарлатады?

-бауыр резекциясы

-субтотальді және дистальді гастрзктомия

-спленэктомия

-апендоэктомия

-мықын ішектің терминальды бөлігінің резекциясы

?

3 айлық бала, акушер-гинекологиялық ауыртпалық анамнезді әйелден туылған. Жүктілік уақыты қауіп туындатқан, осыған байланысты 36 – шы аптасында гормональды терапия қабылдаған. Ұзақ уақыт сусыз, стимуляциялық босану. Бала емеді, қалыпты түрде салмақ қосады, ұйқысы, тәбеті қалыпты, нәжісі туылғаннан күніне 2-3 рет қалыпсыз, стимуляциядан соң (газдық трубка) қалыптасқан. Сіздің іс-әрекетіңіз?

-емізуді тоқтату, емдік қоспаға өту

-емізуді фруктозасы бар емдік қоспамен комбинирлеу

-емізуді сүтті қышқыл қоспамен комбинирлеу

- тағамдық көзі ретінде бірінші басқа тағамды енгізу

- лактулозасы бар препарат тағайындау

?

Бала 7 жаста, 10 сағат iшiнде жедел ауырған, бастапқыда қалтырау, мазасыздық, жиi лоқсудан басталды, дене температурасы 39,90С-ке жоғарылаған. Қарағанда: жағдайы ауыр, қоршаған ортаға селқос, терi жабыны бозғылт, шап аймағында, кеудесiнде шеттері айқын емес, ортасы некроздалған жұлдыз тәрізді геморрагиялық бөртпелер. Аяқ-қолдарын ұстағанда суық. Жүрек тоны тұйық, әрең естiледi. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализiнде: СОЭ-35 мм/сағ; п-7, сег-70; л-18; м-5. Мұрын жұтқыншақ себiндiсiнде жасуша ішінде орналасқан диплококк табылған. Сiздiң диагнозыңыз:

-тұмау, ауыр түрi

-туберкулездік менингит

-энтеровирусты инфекция, менингит

-менингококты инфекция, менингококкцемия

-менингококкты инфекция, менингоэнцефалит

?

Бала ауруханаға вирусты гепатит клиникасымен келіп түсті, 5 күн бойы қызба болды, жалпы қан анализы – лейкоцитоз, лимфомоноцитоз, атипті мононуклеарлар 30%. Сіздің диагнозыңыз:

-бруцеллез

-вирусты гепатит, созылыңқы түрі

-вирусты гепатит+ЖРВИ

-лептоспироз

-жұқпалы мононуклеоз

?

Бала ауруханаға вирусты гепатит клиникасымен келіп түсті, 5 күн бойы қызба болды, жалпы қан анализы – лейкоцитоз, лимфомоноцитоз, атипті мононуклеарлар 30%. Жұқпалы мононуклеоз диагнозды дәлелдеу үшін не істеу керек. Қандай экспресс реакцияны инфекциялық мононуклеоздың диагностикасына қолдануға болатынын таңдаңыз:

-Вассерман реакциясы

-Иенсен реакциясы

-Райт реакциясы

-Хеддельсон реакциясы

-Пауль - Буннел реакциясы

?

Бала 2 жаста, дене қызуының 39,2 градусқа жоғарылауымен жедел ауырған. 3 күннен соң температурасы қалпына келгенімен, бала аяғына тұра алмаған. Ауруханаға түскенде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терiсi таза, ылғалдылығы жоғары. Ауыз қуысының таңдай доғасында және бадамша бездерінде қызару бар. Өкпесiнде везикулярлы тыныс, жүрек тондары аздап тұйықталған. Аяғында белсенді қозғалысы жоқ, сезімталдығы сақталған. Бұлшық ет күшi мен тонусы бiрден төмендеген. Аяғының сiңiр рефлекстерi жойылған. Құрсақ рефлекстерi жоқ. Бiреудiң көмегiмен отырады. Науқас 50-шi күнi ауруханадан жағдайы шамалы жақсарып шығарылды. Сіздің диагнозыңыз:

-полиомиелит, абортивті түрі

-полиомиелит, понтинді түрi

-полимиелит, менингеалды түрi

-энтеровирусты инфекция, полиомиелит тәріздес түрі

-полиомиелит, жұлынды түрi

?

Науқас А. 12 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына қаралды. Орташа ауырлық дәрежедегі, түрі сарғайған Вирусты А гепатиті диагнозы қойылған. Аурудың нақты және болжамды ағымын айтыңыз:

-бауыр циррозы

-мүгедектік

-созылыңқы ағымға өтуі

-созылмалы гепатитке өтуі

-толық жазылу

?

Карина 8 жаста, диагнозы: жеңіл дәрежедегі, түрі сарғайған ВГА, диеталық тамақты тағайындаңыз.

-№3 тамақ

- №4 тамақ

- №9 тамақ

-№15 тамақ

-№5 тамақ

?

14 жастағы бала созылмалы тонзилитпен ауырады, ангинамен ауырған, 2 аптадан кейін қабақтың ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабылеттілігі төмендеуін байқаған. Бір жыл бойы кезеңді қабақтың ісінуі байқалған. 1,5 жылдан кейін вирустық инфекциядан кейін ентігу, бетінің, бел аймағында ісіктер пайда болды, гидротракс. ҚҚ 125\80 сын.бағ.бой. Жалпы зәр анализінде тығыздығы 1028, ақуыз 9г\л, эритроциттер 15-20 көру аймағында, гиалинды цилиндрлер 2-4. Сіздің болжамды диагнозыныз?

-Жедел гломерулонефрит

-СГН, нефротикалық түрі

-СГН гематуриялық түрі

-СГН, аралас түрі

-тұқым қуалайтын нефрит

?

Бала 2 айлық, тексергенде анықталды: пальпация кезіңде жүрек ұшы түрткісі таралған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2 қабырға аралықта қатты систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тон акценті. Рентгенологиялық: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Диагноз?

-ҚАПА

-ЖАҚА

-ААӨ

-Фалло тетрадасы

-қолқа коарктациясы

?

Бала 1 жаста. Тексергенде анықталды: перкуторлы - жүрек өлшемдері оңға және солға ұлғайған, аускультативті: төстің сол жақ қырында IV қабырға аралықта қатты систолалық шу, өкпе артериясында 2 тон акценті. ЭКГ- да жүрек гипертрофиясы. Рентгенологиялық: өкпе суретінің күшеюі, жүректің оң және сол жақ бөліктеріне байланысты жүрек өлшемінің көлденең ұлғаюы. Диагноз?

-ЖАҚА

-ҚАПА

-ААӨ

-Фалло тетрадасы

-қолқа тарылуы

?

ЖТД қабылдауында 10 жастағы бала аяқтарында ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады, бөртпелер бүкіл денеге тез жайылған. Дене қызуы 37,6ºС. Анамнезінде тағамдық сенсибилизация, ЖРВИ-мен жылына 2-3 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, білек, буын аймағы, құлақ қалқаны терісінде көлемді экссудативті-геморрагиялық бөртпелер байқалады, бөртпелер симметриялы, кейбір бөртпелер бір-бірімен қосылған. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиялар байқалады. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәрі патологиясыз. Сіздің болжам диагнозыңыз:

-Жедел лейкоз

-Скарлатина

-Гемофилия

-Геморрагиялық васкулит

-Тромбоцитопениялық пурпура

?

10 жастағы бала демалудың қиындығының кезеңді ұстамаларына шағымданады. Анамнезінен: Қиын тыныс алу ұстамалары соңғы 1,5 жыл ішінде 3-4 рет мазалаған, өздігінен басылады, түңгі ұстамалар жоқ. Анамнезінде атопиялық дерматит кеудені обьективті қарағанда және рентгенологиялық тексергенде патологиялар анықталған жоқ. Спирография анықтамалары бойынша ПСВ-85%. Диагноз қойыңыз:

-Интермиттирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

-Интерметирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта

-Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

-Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі

-Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәрежелі ауырлықта

?

ЖТД қабылдауында 1,6 айлық бала. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда жағдайы жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бала селқос, тәбеті төмендеген, дәм сезуі бұрмаланған. Тері жабындылары боз, құрғақ, шашы құрғақ, жылтырамайды. Жалпы бұлшықет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығыңқы. Қан талдауында: Нв 62 г/л., эр. 2,3х 1012/л, ТК-0,75, рет. 4%, сарысулық Ғе - 8 ммоль/л, ОЖСС - 108 мкмоль/л, плазманың трансфферинмен қанығу коэффиценті 12%. Анемия диагнозын жіктеніз.

- Темір тапшылық анемия, I-II дәрежелі, гипохромды, гиперегенераторлы, аралас этиологиялы

- Темір тапшылық анемия, II дәрежелі, гипохромды, гиперегенераторлы, аралас этиологиялы

- Ақуыз тапшылық анемия, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы

- Темір тапшылық анемия, III дәрежелі, гипохромды, гипорегенераторлы, аралас этиологиялы

- Ақуыз тапшылық анемия, III дәрежелі, нормохромды, гиперегенераторлы, вирусты этиологиялы

?

3 жасар ұл бала. Шағымдары: енжарлық, аяқ және бет аймақтарындағы ісінулер, тәбетінің төмендеуіне, ішіндегі ауру сезімі. Анамнезінен бала жиі суық тиіп ауырады, екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозарған, көзінің алды көгерген, қабақтары ісіңкі, аяқтары ісінген. Лимфа түйіндері диаметрі 0,5 см , азап ауырады, айналасындағы тіндерге жабыспаған. Жалпы зәр анализінде: нәруыз 14г/л, салыстырмалы тығыздығы 1030, реакциясы сілтілі, эритроциттер 20 дейін к/а, лейкоциттер 8-10 к/а гиалинді цилиндрлер. Науқастың диспансерлеу уақыты қанша болуы мүмкін?

-1 жыл

-3 жыл

-5 жыл

-14 жасқа дейін

-Диспансерлеу қажеті жоқ

?

10 айлық қыз бала. Анамнезінде: ағасының ұсақ ойыншықтарымен ойнап отырған. Кенеттен жөтел, ентігу пайда болып 10 минуттан кейін жоғалған. Бала белсенді, дене қызуы 36,70 С, перкуторлы өкпесінде қораптық дыбыс, аускультативті өкпенің сол жоғарғы бөлімінде тыныс шығару кезінде ысқырықты сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: эритроциттер- 3,8 х 1012/л, гемоглобин 130 г\л, лейкоциттер 4,3х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы – 5 мм\сағ. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

-Бронхиолит

-Бронх демікпесі

-Бронх бөгде заты

-Обструктивті бронхит

-Бронхөкпелік аспергиллез

?

12 жастағы бала. Емдәм сақтамауына байланысты ішектегі шұрылдауға, іштегі түйілу сезіміне, іш кебуге, газ шығудың күшеюіне, нәжістің жиіленуіне шағымданады. АІЖ созылмалы ауруларымен «Д» есепте тұрады. Сіз қандай аурудың өршуі мүмкін деп ойлайсыз.

-Созылмалы энтероколит

-Созылмалы панкреатит

-Созылмалы холецистохолангит

-Созылмалы гастродуоденит

-Созылмалы гастрит

?

1,5 айлық бала. Клиникада мына диагнозбен қаралды: кеш миокардит, ауыр дәрежелі. Баланың жағдайының нашарлауы үдей түскен, ТАЖ минутына 65 ретке дейін жоғарылаған, цианоз, тынысы шулы, жөтел көпіршікті қақырықпен, жүрек тондары тұйық, өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдардың көп мөлшері естіледі. Рентгенограммада венозды іркілу анықталады. Бұл симптоматика мен рентгенологиялық көрініс неге негізделген:

-Бронхиолиттің дамуымен

-Пневмонияның дамуымен

-Өкпе існуінің дамуымен

-Кардиосклероздың дамуымен

-Пневмосклероз дамуымен

?

8 жастағы ұл бала. Ұсақ нүктелі бөртпеге шағымданады. Дене қызуы субфебрилді. Анамнезінде тағамдық аллергия, ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Балтыр, жамбас, білек, буын аймағы, құлақ қалқаны терісінде көлемді экссудативті-геморрагиялық бөртпелер байқалады, бөртпелер симметриялы, кейбір бөртпелер бір-бірімен қосылған. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиялар байқалады. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚҚ 100/60 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен зәрі патологиясыз. Балада геморрагиялық васкулит қандай түрі:

-Буындық түрі, жедел ағымы

-Терілік түрі, жедел ағымы

-Аралас түрі, жедел ағымы

-Терілік түрі, жеделдеу ағымы

-Аралас түрі, жеделдеу ағымы

?

ЖТД қабылдауында анасымен ЖРВИ басынан өткерген 3 айлық бала. Анамнезінде: бала қайталамалы жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы гестозбен өткен, бірінші босанудан, салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша бағалау 8-9 балл. Бала омырау емеді. Салмағы 5400 гр., бойы - 61 см. Жүйке-психикалық дамуы жасына сай. Екі рет ЖРВИ ауырған. Гемоглобин 120 г/л. Қарау кезінде ЖРВИ көріністері жоқ. Бұл баланың ауруға резистенттілігін анықтаңыз:

-Жоғары

-Орташа

-Қалыпты

-Төмен

-Өте төмен

?

1 жастағы балаға ЖТД шақыру жасады. Жедел ауырған. Бала мазасыз, ұстағанда ыстық, дене қызуы 37,9º С. Аранында энантема, денесінде ұсақ нүктелі бөртпелер, қызғылт реңді. Бір апта бұрын ККП екпесін алған. Сіздің диагнозыңыз және гипертермия түрі:

-Қызылша, типтік түрі. «Қызыл» гипертермия

-Қызылша, типтік түрі. «Ақ» гипертермия

-Қызылша, атипті түрі. «Қызыл» гипертермия

-Екпеден кейінгі реакция. «Қызыл» гипертермия

-Екпеден кейінгі асқыну. «Қызыл» гипертермия

?

Қыз бала, 4 айлық. Шығымы: ылғалды қақырықты жөтел, мұрнынан су ағу. 3 күн бойы ауырады. Бүгін жағдай кенеттен нашарлаған. Температурасы 39ºС, анасын ембейді, дистанционды сырылдар. Объективті:терісі бозғылт, ылғалды, периоральды цианоз, тынысы беткей, ентігу аралас типті, ТЖ 60 рет/мин, бұғана үсті ойығы және қабырға аралықтары көтеріліп тұр, PS 160 рет/мин, аускультативті – өкпенің барлық алаңында әлсіреген тыныс есебінен көптеген құрғақ және ылғалды әр-түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Диагноз қойыңыз:

-Жедел жай бронхит, ТЖ I дәрежесі

-Жедел обструктивті бронхит, ТЖ II дәрежесі

-Бронхиолит, ТЖ II дәредесі

-Ауруханадан тыс пневмония, ТЖ II дәрежесі

-Бронх демікпесі, status asthmaticus

?

Он жастағы баланың анамнезі бойынша ауырғанына екі жыл болған. Ауруханаға келген кездегі шағымы: тамақ ішкеннен кейін, тұзды, ащы тамақ жегенде пайда болатын эпигастрий аймағындағы тұйық, сыздаған ауырсыну болады. Кейде жүрегі айнып, құсады. Құсығы қорытылмаған және жеңілдік әкеледі. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қыз бала арық. Ішін,эпигастрий аймағын сипағанда ауырсыну сезімі бар. Асқазан рентгеноскопиясы: өңеш және кардии өтімділігі жақсы, асқазан тонусы төмен, ашқарынға біраз сөл жиналған, сөл тексеру барысында көбейе түсуде, перистальтикасы нашар, шырышты қабатының қыртысы иірілімді. Қарын пішіні тегіс. Пиязшық пен он екі елі ішектің ілмегі дұрыс формалы, жиырылуы жақсы. Дуодено-мықындық өту жері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:

-Асқазан жарасы ауруы

-Дуодено-гастральді рефлюкс

-Асқазанның функциональдық бұзылысы

-Созылмалы гастродуоденит

-Жіті гастрит

?

Шала туылған балаларда аталған себептердің қайсысы басқаларына қарағанда тырысу синдромын шақырады?

- кефалогематома
- басішілік босану жарақаты
- асфиксия
- гипогликемия,гипокальциемия.

- температура 37,3

?

Қандай жағдайда ана мен балада қанның резус сәйкессіздігінде жаңа туылғандардың гемолитикалық ауруы жиі дамиды?

- Әкесі жағынан әжесінде резус-теріс
- Анасы жағынан атасы резус-оң
- Әкесі жағынан әжесінде резус-оң
- Анасы жағынан әжесінде резус-теріс
- Әкесі жағынан әжесінің анасында резус-теріс

?

Балаға 3 апта .Тері және шырышты қабаттардың үдей түсетін сарғыштығы байқалды, нәжісі түссізденген , зәрі қошқылданған. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет ?

- Копрология , зәр анализі.

- Нейросонография , көз түбін зерттеу

- Қанның бактериологиялық зерттеуі, қандағы қант мөлшерін анықтау

- Вирусты гепатит маркерлеріне қан анализі, бауырдың ультрадыбыстық зерттеуі, қанның биохимиялық анализі

- Гликимиялық профиль

?

Бала 3-ші жүктіліктен, бірінші босанудан дене массасы 3000 грамм бойы 50 см болып туылған. Бала туылғанда тері қабатының сарғыштығы, айқын енжарлық, дауысының әлсіз шығуы байқалды. Емуі әлсіз және құсу байқалды, бауыры мен көкбауыры ұлғайған. Анасының қан тобы бірінші және ресус – факторы теріс , баланың қан тобы бірінші бірақ резус- фактор оң. Қойылған диагноз сарғыштану формасындағы сәбилердің гемолитикалық ауруы. Баланың гемолитикалық ауруымен ауруы неге негізделген?

- гемоглобинопатия

- құрсақішілік инфекция

- билирубин коньюгациясының бұзылуы

- иммундық конфликт

- гипотрофия

?

Оксигенотерапия кезінде, жоғары концентрациялы оттегінің токсикалық әсері қашан төмендейді?

- оттегіні төмен қысыммен бергенде

- оттегіні ақырын берген кезде

- оттегіні жоғары қысыммен бергенде

- оттегіні ылғалдандырып бергенде

- оттегіні спиртпен қоса бергенде

?

Бала 6 жаста, дене қызуы 39С, бас ауыруына, ауырсынумен жүретін құрғақ жөтелге, бүйірлерінің ауыруына, ентігуге, әлсіздік, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Бір апта бойы ауырады. Баланы қарағанда: жалпы жағдайы ауыр, тері қабаты бозғылт. Кеуде қаңқасын қарағанда: тыныс алуда кеуде қаңқасының оң бөлігінің қалып қоюы байқалады, қабырғааралықтардың тегістенуы көрінеді. Перкуссияда-оң жақта Элис-Соколов-Дамуазо сызығы бойынша перкуторлық дыбыстың қысқаруы байқалады, аускультацияда осы бөлікте әлсіз тыныс естіледі. Науқаста төмендегі асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

- өкпе ателектазы

- өкпе абсцесі

- пневмоторакс

- шырышты плеврит

- инфекционды-токсикалық шок

?

Науқас 6 жаста, әлсіздікке, бас айналу, кеудесіның ауырсынуына шағымданады. Екі жыл бойы ауырады. Қарағанда: терісі бозғылт, склерасы сарғайған, бірыңғай цианоз, «барабан таяқшалары», бауыры қабырға доғасынан +1 см. ЖҚА-де: анемия, ретикулоцитоз. Биохимиялық қан анализінде: бос билирубин мөлшері жоғарылаған. Қақырық анализінде: гемосидеринмен толтырылған макрофагтар байқалады. Қандай тұқымқуалаушылық ауру үшін бұл клинико-лабороториялық өзгерістер тән?

- альвеолярлы микролитиаз

- бронхоэктаз

- Гудпасчера синдромы

- өкпе гемосидерозы

- муковисцидоз

?

Демікпе кезіндегі аллергиалық реакциялардың патохимикалық кезеңінің ағымын қандай аталған жағдай сипаттайды?

- биологиялық медиатрлардың шығуы

- мес жасушалардың дегрануляциясы

- антиденелердың пайда болуы және олардың аллергендермен қосылуы

- медиаторлардың ағзаларға және тіңдерге патогенетикалық әсері

- биологиялық медиатрлардың белсенділігіның азаюы

?

Бала 12 жаста екі апта бойы ауырған. Ауру дене қызуының 39 дейін жоғарылауымен жедел басталған. Салмағының 4 кг төмендеуіне, әлсіздікке, балтыр бұлшықеттерінің ауырсынуына, саусақтардың дистальді бөлімінің түнде күшейе түсетін ашуына шағымданады. Қарағанда аяқ терісінде ашыұ түсті, ұяшық тәрізді суретті (торлы ливедо) бөртпелер бар. Тізе, балтыр-табан аймағында ауырсынусыз, тығыз ісінулер және саусағын ұстағанда салқын цианозы байқалады.ЭТЖ 65 мм/сағ жоғарылаған, нейтрофильді лейкоцитоз, диспротеинемия (глобулиновой фракцияның басымдылығымен), несепнәр мөлшерінің 58 мг/л және креатин 2 мг/дл дейін жоғарылаған. Диагноз қою үшін немесе түйінді периартериит диагнозын теріске шығару үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет?

- АНЦА мөлшерін иммунологиялық зерттеу

- Ревматоидты факторды анықтау

- LE-клеткаларын анықтау

- Орта және ұсақ калибрлі артерия биопсиясы және артериография

- антифосфолипидті антиденеледі анықтау

?

Люпус-нефриті бар ЖҚЖ ауыр формасында қандай терапия жүргізген дұрыс?

- ГКС + аминохинолонді препараттар (плаквенил 0,4 г/тәул)

- СЕҚҚЗ мен цитостатиктердің комбинациясы

- 4-6 апта бойы 10-15 мг/аптасына метотрексат беру фракциясының төмендеуі

- метилпредпен пульс-терапия

- ЦОГ-2 селекивті ингибиторлары

?

Науқас М 11 жас. Баспадан кейін асқынған буын ауырсынуына шағымданады. ЖРҚ диагностикаланған. Аурудың жедел фазасында келесі көріністер анықталған: айқын тершеңдік, айқын және ұзақ қызба, айқын ентігу, жүректің шалыс соғуы, аускультацияда жүрек тондары тұйықталған, «шоқырақ» ырғағы, өкпенің төменгі бөлімінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Осы симптомдпр фонында жаңа симптом – жүрек ұшында систолалық шу пайда болған. Аускультативті симптомдпрдың өзгеруі нені кқрсетеді?

- жүректің барлық қабаттарының зақымдалуын

- Аурудың ремиссия сатысына ауысуын

- сауығудың дамуын

- миокард қарыншаларының компенсаторлы қабілетінің іске қосылуын

- Жүрек ақауының пайда болуын

?

Науқаста 10 күн бойы жүрек аймағында тұйық ауырсыну, ентігу, жүрек тондары тұйықталған, АҚ төмен. Диагностикада қандай әдіс маңызды?:

- Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенологиялық тексеруі.

- Жүректі радиоизотопты сканерлеу

- ЭКГ

- Коронароангиография

- Эхо КГ

?

9 жастағы бала.Жиі зәр шығару,зәр түсінің өзгерісі (ет жуындысы), субфебрильді температура, өзін-өзі сезінуі нашарлаған. 3 апта бұрын скарлатинамен ауырған. Объективті:беттегі ісіктер, АҚ - 140/90 мм сн.бағ., ЖСЖ 120 мин.Пальпацияда іші ауырсынусыз,бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Диурез төмендеген. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- Бүйректік тубулярлы ацидозы

-тубулопатия

-интерстициалды нефрит туа пайда болған бүйрек көрінісінде

-Альпорт синдромы

-Жедел гломерулонефрит.

?

3 жастағы бала. Көлемді ісікке,әлсіздікке,диурездің төмендеуіне шағымданады. Бұл көріністер балада 1 апта бұрын байқалған. Анамнезінде тамаққа аллергиясы байқалған. Объективті:жағдайы ауруына байланыста ауыр,өзін сезінуі бұзылған. Бетінде,аяқ,бел аймағында айқын ісіктер асцит кезіндегідей байқалады.Жүрек тондары айқын ЖСЖ - 120 соқ/мин. АҚ - 90/50 мм сн.бағ. Бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы.Клиникалық зәр талдауы: белок - 20 г/л, лейкоциты 0 – 1 көру алаңында , эритроциттер 0 - 1 көру алаңында, гиалинді цилиндр 2-3 көру алаңында. Тәуліктік диурез 200 мл. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- вульвовагинит

- Жедел гломерулонефрит

- Бүйрек тас ауруы

- Цистит

- Нефротикалық синдром минимальді өзгерістер.

?

5 жастағы қыз бала.Өмірінің алғашқы жылдарында ауырсынусыз аздаған жиі зәр шығаруға,түнде және күндіз зәр ұстай алмауы,қозғыш,ұйқы бұзылысына шағымданады. Объективнті:жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Жасына сай дамыған. ішкі ағзалардың патологиясы анықталмаған.Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- интерстициальді нефрит

- пиелонефрит

- Гломерулонефрит

- пневмония

- Гиперрефлокторлы типті қуықтың нейрогенді дисфункциясы

?

6 жастағы бала.Тамаққа байланыссыз периодты толғақ тәрізді болатын іштегі ауырсынуға шағымданады. Зәрде айқын тұнба (визуальді). Анамнезінде - нейродермит, локализирленген форма.Әкесі бүйрек тас ауруымен зардап шегеді. Зәр анализінде - оксалаттар +++, микрогематурия - эритроциттер 10-15 дейін көру алаңында. Объективнті: мойын аймағында және шынтақта терінің құрғауы.Ішкі ағзалардың патологиясы анықталмаған.Сіздің болжам диагнозыңыз?

- Пневмония

- жедел цистит

- Пиелонефрит

- Гломерулонефрит

- Дисметаболикалық нефропатия (оксалатурия).

?

2 жасар баланың диагнозы:Темір жетіспеушілік анемиясы, ауырлық дәрежесі орта.Аралас түрдегі церкулярлы-гипоксиялық және сидеропениялық синдром байқалады. Шұғыл емінде төмендегілердің қайсысы қолданылады?

-Темір препараты+Өкпенің жасанды желдетілуі

-Оксигенді терапия+эуфиллин 2-3мг/кг

-Преднизолон 2-3 мг/кг+морфин 0,1-0.2 мг/кг

-Өкпенің жасанды желдетілуі +тамыр ішілік 0.1 мг/кг ибупрофен

-Тамыр ішілік 5-10% глюкоза +темір препараты

?

Науқас С., 4 жаста.Шағымы велосипедтен құлағаннан соң 2 сағаттан кейін пайда болған оң тізе буынындағы ауырсыну мен қозғалыстың шектелуі. Қарау барысында тізе буыны ауырсынуына шағымданды,аяғын баса алмайды.Оң тізе буыны көлемі ұлғайған,сипап қарағанда жергілікті гипертермия,ауырсыну,қозғалыс шектелген.Сол шынтақ буынында қозғалыстың шектелуі. Жалпы қан анализі: НЬ 98 г/л, эр 3,1×1012/л, ретикулоцит 3%, тромбоцит 300×109/л, лейкоцит 9,3 х 109/л, т/я 3%, с/я 63%, эозинофил 3%, лимфоцит 22%, моноцит -9%, ЭТЖ-13мм/сағ. Төменде берілгендердің қайсысы диогностикалауда алғашқы қадамдар болып табылады?

-Буын рентгені,жалпы билирубин.

-Когулограмма, Ли-Уайт бойынша қан ұю уақытын анықтау,тері астылық түйіндер.

-Протромбиндік индекс,құрсақ қуысына УДЗ

-құрсақ қуысына УДЗ,буындардың рентгені, Дуке бойынша қан ағу ұзақтығын анықтау.

-Гемартроз, Дуке бойынша қан ағу ұзақтығын анықтау, когулограмма, Ли-Уайт бойынша қан ұю уақытын анықтау.

?

8 жасар қыз бала мұрнынан қан кету мен қан құсу шағымдарымен емханаға қаралды.3 жасынан бастап қан кетуден зардап шегеді.Қарағанда терісі бозғылт, денесінде және аяқ-қолдарында көлемі 0,5×1.0 см ден 3×4 см-ге дейінгі түрлі көгерулер,бетінде және мойнында петехиалды бөтпелер бар.Симметриялы орналасқан экхимоздар.Ауыз қуысы шырышты қабатында бірлі-жарым петехиялды элементтер,жұтқыншақтың артқы қабырғасында қанталаулар бар. Эр.-3,2х1012/л, Нв-83 г/л, тромбоцит 22,8х109/л, лейк.-9,0х109/л. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураның диогностикалық белгілері ретінде науқаста төмендегілердің қайсылары байқалады?

-Стоматит, лейкопения, артрит

-Қан кету,лейкопения,тері астылық түйіндер

-Кардит, тромбоцитопатия, артрит

-Гемартроз, серозит,оң эндотелиалды сынама.

-Мұрынның шырышты қабатынан қан кету, терідегі геморрагиялар, қан ұю ретракциясының дәрежесінің төмендеуі, тромбоцитопения

?

Қыз бала 4 жаста. Шағымдары: әлсіздік, перефириялық лимфа түйіндерінің бұршақтай болып үлкеюі және бауырдың 1,5 см-ге дейін үлкеюі. Жалпы қан анализі: НВ-100г/л, Эритроцит - 3,2 млн, лейкоцит -26,4х109/л, тромбоцит - 85 тыс, ретикулоцит - 3 промиль, лейкоформула: эоз - 1%, т/я - 2%, с/я - 12%, лимфоцит - 82%, моноцит - 5%. ЭТЖ - 28 мм в сағ. Төмендегілердің қайсысы тиімді фармакотерапия болып табылады?

-метотрексат, дибазол, инсулин, преднизолон

-винкристин, инсулин, преднизолон

-тиоурацил, винкристин, лазикс

-УФО, доксорубицин, жүрек гликозидтері

-L – аспарагиназа, цитозин-арабиназа, винкристин и доксорубицин

?

4 айлық бала, туылғаннан бастап сүтті қоспамен адаптацияланған жасанды тамақтандыру. Салмақ дефициті 15%. Екі апталық жасынан бастап терісінде құрғақ атопиялық дерматит. Бала тамақтандыру кезінде мазасыз, ішек коликасы жиі.Тамақтан кейін 1,5 сағаттан соң «сүзбе тәрізді» шырышпен құсады. Ұйқысы бұзылған. Аппетит қалыпты.Үлкен дәреті күніне 4-6 рет, шырыш және көк араласқан кішкене суланған. Жанұялық анамнезінде аллергиялық патология. Сіздің тактикаңыз?

-соя қоспасы

-қоюландырғыштар араласқан қоспа

-Лактозасыз қоспа

-Ішінара гидролизделген қоспа.

-Ақуыз гидролизінің толық қоспасы

?

1 айлық бала, табиғи тамақтандыру, айына 700 г. қосты.Тәбеті қалыпты. Тамақтандыру кезінде мазасыздық, тамақтан соң 2 мл сүзбе тәрізді құсу. Үлкен дәреті күніне 8-10 рет, сулы, көк және шырышпен, қорытылмаған, көпіршікті. Зерттеуде үлкен дәретінде көмірсулар 0,9% (қалыптыда - 0,25%). Алдын алу диагнозы: лактаза жетіспеушілік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

-қоюландырғыштар араласқан қоспа

-емізуді тоқтату, лактозасыз қоспаға ауыстыру

-ішек дисбактериозына коррекция жүргізу

-панкреатин ферментін тағайындау

-лактазэнзим фермент әр тамақтандыруда

?

Жильбер синдромы кезінде қандай препарат сары ауруды одан әрі күшейтеді?

-Фенобарбитал

-Эсенциале-форте

-Метронидазол

-Биопрепараттар

-Сульфаниламидтер

?

Бауыр циррозы кезінде қай көрсеткіш глюкокортикоидты терапияны тағайындалуына негіз болады?

-Гепатомегалия дәрежесі

-Асқазан – ішек қан кетулер

-Асцит дамуы

-Массивті некроз

-Бауыр циррозының активті стадиясы

?

Сіз учаскелік дәрігерсіз. 3 жастағы балаға полиомиелит диагнозын қойдыңыз. Балаға полиомиелитке күдік туған кезде не істеу керек:

-үйде емдеу

-клиникасы дамығанша учаскеде қадағалау керек

-вирусологиялық анықтаудан кейін ауруханаға жатқызу керек

-мекен–жайы бойынша невропатологтың кеңесі керек

-жұқпалы ауруханаға жатқызу қажет

?

Мадина 10 жаста, диагнозы: ВГА, сарғаюлы түрі, жеңіл дәрежелі, ем тағайындаңыз:

-гормондар

-антибиотиктер

-антигистаминдік дәрілер

-вирусқа қарсы дәрілер

-базис-терапия

?

5 жастағы бала жедел сырқаттанды, дене қызуы жоғарылап, құсу, тамағының ауырсынуы, ал бірнеше сағаттан соң бөртпе пайда болды. Бөртпе 3-7 күнге созылды. Дәрігер ауызжұтқыншағын қарағанда фолликулярлық баспаны анықтады, тілі қалың сарғыш-сұр жабындымен қапталған. 3 күннен кейін тілі ұшы мен жан-жағынан тазара бастады, және емізікшелері ұлғайып ашық-қызыл түсті болып айқындалды. Бөртпе қайтқаннан кейін түлеу байқалды. Қанында – солға ығысқан нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Баланы емдеуге арналған бастапқы дәрі-дәрмекті көрсетіңіз:

-бисептол

-кефзол

-преднизолон

-гентамицин

-пенициллин

?

Сіз балалар ауруханасында пульмонология бөлімшесінің ординатор дәрігерісіз. Науқастарды қарап өту кезінде жедел бронхит диагнозымен жатқан 4 жасар баладан желшешекті анықтадыңыз. Ошақта инфекция көзіне бағытталған қандай эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыра аласыз:

-инфекциялық ауруханаға жатқызу

-қатынаста болғандарды бақылау

-науқасты оқшаулау

-СЭС хабарлау

-барлық аталғандар

?

Берілген жағдайлардың қайсысын ауруханаішілік инфекция деп пайымдауға болады:

-баспамен (ангинамен) ауыратын баланың ауруханаға жатқызған 1-ші күні ауыз қуысынан алынған жұғындыдан дифтерияның токсигенді коринебактериялары анықталғанда

-стационарға жатқызғаннан соң 2 күннен кейін тұмаумен ауыратын балада пневмонияның дамуы

-қызылша (5-ші күні пневмониямен ауыратын балада Филатов дақтары табылғанда)

-неврологиялық бөлімшесінде пиелонефритпен ауыратын баланың зәр талдамасында Бреслау сальмонелласы бөлінген, зәр ауруханаға түскен күні алынған.

-сальмонеллез, ауырханаға жатқызылған 10 күннен соң жедел холециститі бар баланың нәжісінен бак. себу арқылы диагностикаланған

?

Балалар ауруханасында пульмонология бөлімшесінде 2 жасар балада кездейсоқ гепатит В аурухана ішінде жұқтырғаны анықталған. Медициналық мекемеде В гепатитінің жұғу жолдарының жетекші факторларын таңдаңыз:

-жас және сілекей

-ауа және су

-қызметкердің қолдары

-күтім заттары

-құрал-жабдықтар мен қан

?

Алты жасар қыз бала үнемі болатын оң жақ ішінің тұйық, ауырсынуына шағымданады. Екі жыл бойы балада пиурия байқалды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық тексеруде патология жоқ. Зәр анализінде ақуыз, лейкоциттер анықталды. Цистоскопия жасағанда оң бүйрек қуысы мен ұршығы айтарлықтай ұлғайған, бүйрек қуысы, несеп жолы сегменті тарылған, несеп ағар жолының тік, тар, қалыпты екені көрінеді. Диагнозды атаңыз:

-Бүйрек ісігі

-Гидронефроз

-Гидрокаликоз

-Пионефроз

-Уретерогидронефроз

?

Үш аптаға созылған лихорадкалы қалтырауға шағымданып 10 жасар ер бала отбасылық дәрігерге келді. Полиартрит және бетінде, денесіндегі дақты-папулезды бөртпелер шыққан кезде дене қызуы көтеріледі . Объективті: минутына 110 соққылы тахикардия, жүрек тондары қалыпты. Бауыр және көкбауыр аздап үлкейген. ЖҚА: гемогл. - 94г/л, лейкоц. – 14,0х109/л, нейтрофилез, ЭТЖ – 58 мм/сағ. Қанға себу сынамасы – таза. Екі апта аралығына тағайындалған антибиотикті ем нәтижесіз. Диагнозды атаңыз:

-Ювенильді ревматоидты артрит

-Жіті ревматикалы лихорадка

-Түйінді периартериит

-Жүйелі қызыл жегі

-Жүйелі склеродермия

?

Науқас В. 13 жасар бала, әлсіздікке, тершеңдікке, жүдегеніне, сол қабырға астының ауырсынуына шағымданады. Объективті: тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыр қабырға доғасынан 3см шығып тұрады, көкбауыр кіндік деңгейінде, қатты тығыздықта, ауырсынбайды. Қанда: эритроциттер – 3,0х1012/л, лейкоциттер –9,6х109/л, миелобласттар– 2%, промиелоциттер – 4%, метамиелоциттер – 8%, таяқша ядролы – 12%, сегменто ядр. – 52  %, эозинофилдер - 5%,  базофилдер – 5%, лимфоциттер – 12%, тромбоциттер – 200,0х109 /л, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз:

-Жедел миелобласты лейкоз

-Миелоид типті лейкемоидты реакция

-Созылмалы миелолейкоз

-Созылмалы лимфолейкоз

-Тромбофлебиттік спленомегалия

?

Қыз бала 9 жаста,эндокринологқа жолданды. Қанға толу сезімі, тершеңдік мазалайды. 3 ай ішінде 5 кг салмаққа арықтаған. Объективті қарағанда: эмоциональді тұрақсыз, қозғыш, жылағыш. Қозғалыс белсенділігі жоғарлаған – қол саусақтарының ұсақ треморы байқалады. Тері жабындылары ылғалды, ұстағанда ыстық; төмен қарағанда көз қарашығы үстінгі бөлігінде склерасы көрінеді. Грефе симптомы оң. Қалқанша безі диффузды ұлғайған, тығыз - эластикалық консистенциялы, және без үстінде тамырлық шу тыңдалады. Тыныштық жағдайында тахикардия, жүрек шекаралары солға қарай ұлғайған, жүрек ұшы түрткісі күшейген. Нәжісі жиілеген. Болжам диагнозды көрсетіңіз:

-Пароксизмальды тахикардия

-Диффузды-токсикалық зоб

-Гипотиреоз

-Эутиреоидты зоб

-Мишық атаксиясы

?

5 жастағы бала дене қызуы 38°С көтеріліп, бұлшық еттерінде және жұтыну кезіндегі ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, көңіл күйі төмендеген. Тері жабыны таза, қалыпты түсте, шырышты қабаттары ылғалды. Аранында – жұтқыншақ артқы қабырғасында қызару, алдыңғы таңдай доғасында ұсақ везикулалар бар. Жүрек және өкпе жағында патологиялық өзгеріс жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры қабырға асты доғасынан 1,5 см, көкбауыр 1,0 см-ге шығып тұр. Физиологиялық бөлінулері қалыпты. Сiздiң диагнозыңыз:

-Герпетикалық инфекция

-Қызылша

-Аденовирусты инфекция

-Қызамық (краснуха)

-Энтеровирусты инфекция

?

3 айлық баланы үйіне қарауға дәрігер келді. Баланың анасының шағымдануы бойынша 2 күн бойы жөтелге, субфебрильді қызуға, тәбетінің төмендеуіне, бүгін тамақ жеуден ішуден бас тартады, балада кеуде клеткасының тартылуы байқалады. Сіздің әрекетіңіз, БЖАИЖ келісімімен:

-Қауіпсіз заттармен тамақты сүртіп жеңілдету, 3-күннен соң келесі келуді тағайындау

-Тез әсер ететін бронхолитиктің 1 мөлшерін беру, 5-күннен соң келесі келуді тағайындау

-Тез әсер ететін бронхолитиктің 1 мөлшерін беру, қосымша сальбутамол, бірден ауруханаға жатқызу

-Пневмонияға антибактериальды дәрілер тағайындау, 2күннен соң келесі келуді тағайындау

-Пневмонияға 1 антибиотик тағайындап, бірден ауруханаға жатқызу

?

Профилактикалық қарауға 14 жасар қыз бала келді. Анамнезі: 10 жасында буындардың зақымдалуымен және эндокардитпен өткен алғашқы ревматизмдіқ қызбаның шабуылы болған. Әлсіздік, тез шаршау, физикалық күш түскенде ентігу, кешке қарай аяқтың сыртқы беткейінде ісінулер болатынын айтады. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындысы таза, бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, жуан-дөрекі пансистолалы шу естіледі. Балтырлары пастозды. Сіздің әдісіңіз:

-Диуретиктерді тағайындап, барысында бақылау

-Ревматолог кеңесіне жолдама беру

-Кардиохирург кеңесіне жолдама беру

-Антибиотиктер мен диуретиктер тағайындау

-ЭХО КС,

?

Ауруханаға 15 жасар М. науқас бала, ентікпеге, жүрек дүрсіліне, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, аяқтарындағы ісінулерге шағымданып түсті. 11 жыл бойы «ревматизмдік қызба» диагнозымен диспансерлік есепте тіркелген. Тері жабындысы бозғылт, акроцианоз, бет әлпетінің қызғылттануы байқалады. Өкпенің базальды бөлімдерінде – дыбыссыз ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы жоғары және оңға қарай кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты; жүрек ұшында систолалы шу, өкпе артериясында ІІ тонның акценті естіледі. Тамыр соғысы минутына 96 рет, ЖЖЖ - минутына 140 рет. АҚ– 130/85 мм. сын.бағ. Іші жұмсақ, бауыр қабырға доғасынан 3-4 см шығып тұрады. Аяқтарында ісінулер бар. Тәуліктік диурезі – 650 мл. Сіздің емдік шараңыз:

-Диуретиктер

-Антибиотиктер

-Қабынуға қарсы дәрілер

-Антиаритмиялық дәрілер

-Калий дәрілері

?

14 жастағы жас жігітте АГ байқалады, өте жоғары қан қысымымен, бала кезінен педиатрда тіркеуде тұрған. Жалпы тәжірибелік дәрігер бүйрек тамырларының патологиясы туралы ойлайды. Осыны анықтау үшін қай зерттеу ең мағыналы болып есептеледі:

-Бүйректің УДЗ

-Бүйректің сцинтиграфиясы

-Бүйрек артерияларының УДЗ

-Бүйректік артериография

-Контрастты урография

?

Он үш жастағы науқас бала, суық тигеннен кейін қол буындарында ісіну мен ауыру сезімі пайда болғанын айтады. Жіті ауыру сезімдері басылғаннан кейін, таңертеңгілік құрысу пайда болды, зақымданған буындар саны көбейген. Диклофенак натрий тағайындалған. Сегіз айдан кейін бұл үрдістің белсенділігі аздап төмендеген, бірақ басқа да буындардың зақымдалуы байқалады. Рентгенде саусақ буындарының сүйек-шеміршек деструкциясы көрінеді. Емдеу әдісі:

-Диклофенакпен емдеуді жалғастыру

-Стероидты емес қабынуға қарсы ем

-Глюкокортикостероидты ем

-Антибиотикотерапиялық ем

-Физиоем тағайындау

?

Он үш жасар бала әлсіздікке, тершеңдікке, 2 жылда 8 кг-ға арықтағанына шағымданады. Объективті: барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 2 см шығып тұрады, көкбауыр ұлғайған. Қан анализі: гемоглобин –85 г/л, эритроциттер –3,0 х 1012/л, лейкоциттер - 135,0 х 109/л, таяқша ядролы – 3%, лимфоциттер – 96 %, моноциттер – 1 %, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин - 45 мкмоль/л, тура билирубин - 11мкмоль/л. Сарысулық темір -28ммоль/л, Кумбс сынамасы оң. Негізгі диагнозды нақтылайтын зерттеу тәсілі:

-Иммуноферментті анализ

-Стернальді пункция

-Трепанобиопсия

-Лимфа түйіндерінің биопсиясы

-Көкбауыр пункциясы

?

Ауруханаға 15 жасар қыз бала жүректің дүрсілдеуіне, ентігу, әлсіздік, тітіркенгіш, тершеңдік, жүдеу шағымдарымен түсті. Бір жыл аралығында осы өзгерістерді байқайды. Науқас басынан ауыр стресс жағдай өткерген. Объективті: тынымсыз, көзжанары жақсы, қол саусақтарының треморы байқалады, Ромберг қалпы тұрақсыз, гипергидроз. Өкпеде - везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты дыбысты, тахикардия ЖЖЖ минутына 110 рет, АҚ 140/50-160/40 мм. сын.бағ. Жиі іш өтулер байқалады. Науқасқа қандай зерттеу тағайындауға болады:

-Баримен мойын R-графиясы

-Қалқанша безінің УДЗ

-Қанда Т3 пен Т4 анықтау

-Қалқанша безінің сцинтиграфиясы

-С-реактивті белокты анықтау

?

Ольга 4,5 айлық анасының айтуы бойынша стационарға салмақ қоспауына, тәбеттінің төмендеуіне және тұрақсыз үлкен дәретке шағымданып түскен. Туылғандағы салмағы 3400 г; бойы 49 см. Үш айдан бастап жасанды тамақтандырылған. Жедел ішек инфекциясымен ауырған. Стационарға 6000 г салмағымен, 59 см түскен. Терісі ақ, сұрғыш реңмен, құрғақ, сертімділігін жоғалтқан, онай жиырылады. Бұлшықет тонусы бос. Кеудесінде және денесінде, аяқ қолдарында тері асты май қабаты жұқарған. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Көкбауырмен бауыр оң жақ қабырға шетінде сезіледі. Үлкен дәреті тәулігіне 4-5 рет сары-жасыл түсті, жағымсыз иісті. Аталған диагноздардың қайсысы дәлірек:

-гипотрофия 1 дәрежесі

-гипостатура

-гипотрофия 2 дәрежесі

-гипотрофия 3 дәрежесі

-паратрофия

?

3,5 айлық бала. 1,5 айдан бастап тершендік, ұйқысыздық, қозғыштық, дірілдеу байқала бастады. Балаға Д витамині қабылдамаған. 3,5 айында шүйденің тақырлануы, тығыздалуы, үлкен еңбегі 2,5*3,0 см, жиегі жұмсақ. Кеудесінің төменгі аппертудасында кеңеюі байқалады. «Гаррисонова жүлгесі» пайда болған. Бұлшық ет гипотониясы, тіндердің тургоры төмендегені айқын. «Бақа» тәрізді іш қуысы. Іш қуысы жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығыңқы, көкбауыры 1 см-ге.

Биохимиялық қан анализі: жалпы белок-52 г/л, Са-2.0 ммоль/л, фосфор-1,0 ммоль/л, сілттілі фосфатаза-1000 ед/л (N600 дейін). Қандай диагноз қойылады:

-рахит 2, жедел ағым, өршу кезеңі

-рахит 2, жеделдеу ағымы, өршу кезеңі

-рахит 2, рецидивті ағым

-рахит 1, жедел ағым

-рахит 3, жеделдеу ағым

?

Науқас Настя, 4 жаста, клиникаға түскенде анасының айтуы бойынша шағымдары: баласының тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, қалыптан тыс тағамдарға әуес болушылық (әк пен қабырға жеу). Түскен кезде: орташа ауырлық жағдайда, жылаушан, тері жамылғысы мен көзге көрінетін шырышты қабаты бозғылт. Шашы көмескі, сынғыш. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан +2,5 см шығып тұрады . Көкбауыр қабырға доғасы бойымен.

Жалпы қан анализі: Нb - 81 г/л, Эр - 3,0 х 1012/л, ТК - 0,68; ретикулоциттер - 1,9%, Лейк - 7,2 х 109/л, т/ я -2%, с / я - 20%, лимф- 64%, эоз - 4%, мон -8, ЭТЖ - 15 мм/сағ. Анизо-, пойкило-, микроцитоз, эритроцитоз анықталған. Биохимиялық қан анализі: нәруыз - 68 г/л, жалпы темір байланыстырушы қасиеті - 98,9 мкмоль/л. Болжамды диагноз?

-теміртапшылық анемия орташа дәрежесі

-дәрумен жетіспеушілік анемия

-белок жетіспеушілік анемия

-теміртапшылық анемия жеңіл дәрежесі

-теміртапшылық анемия ауыр дәрежесі

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


написать администратору сайта