Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Скачать 0.5 Mb.
|
Жалпы қан анализі: Hb -100 г/л, эритроциттер-3,1х1012/л, түсті көрсеткіш-0,9, ретикулоциттер- 2%, тромбоцитер- 450х109/л, лейкоциттер- 6,3х109/л, т/я-3 %, с/я-69 %, эозинофилдер-2%, лимфоцитер-13 %, моноциттер-13%, ЭТЖ- 12 мм/сағ. Дук бойынша қан ағу уақыты-6 минут 30 секунд. Аталғандардың ішінен қайсысы шұғыл терапия болып табылады? - Бром препараттары 0,1-0,3 мг/кг - Антибиотик енгізу 10мг/кг. - Жүрек гликозидтерін енгізу 0,5-1 мг/кг. - Темір препараттары 2-5 мг/кг. - +Тромбомасса енгізу (0,1 доза/кг). ? Қыз М, 3,5 жас. Жалпы әлсіздікке, терінің бозғылтығы мен сарғыштығына, қызба, зәрдің қара түстес болуына шағымданып, гематология бөлімшесіне госпитализацияланды. Госпитализациялау барысында жалпы жағдайы ауыр.Есі есенгіреген.Жедел тері жамылғыларының бозаруы және склераларының қабыршықтануы.Жүрекке аускультация жасау барысында систолалық шулар естіледі.Бауырды пальпациялау барысында қабырға доғасынан 4 см, көкбауыр 3 см шығып тұр, кішкене ауырсыну бар.Кіші дәретке жақсы барады,зәрдің түсі « қара сыра түстес». Нәжіс 1 күн бұрын болған, боялған. Қан анализі: Hb 55г/л, эритроциттер-2,2х1012/л, түсті көрсеткіш-0,98, ретикулоциттер 11%, тромбоцитер 230х109/л, лейкоциттер 12,3х109/л, миелоциттер 1%, т/я-7%, с/я-56%, эозинофилдер-1%, лимфоцитер-30%, моноциттер-5%, ЭТЖ 45мм/сағ, анацитоз байқалады. Қанның биохимиялық анализі:Жалпы нәруыз-70г/л, несепнәр-3,7ммоль/л,креатинин-60 ммоль/л, тура билирубин-7 мкмоль/л, тура емес билирубин-67,2 мкмоль/л, АСТ-28 бірлік/л,АЛТ-30 бірлік/л. Аталғандардың ішінен қайсысы шұғыл терапия борлып табылады? -ЖӨВ, эуфилин 2-3 мг/кг. -Көктамырға тромбомаса. -Көктамырға 10 % глюкоза 10-15 мл/кг. -ЖӨВ, эфедрин 0,1-0,2 мг/кг 10мл 20%. -+Көктамырға шайылған эритроциттер, плазма ? 4,5 жасар М. қыз бала гематологиялық бөлімшеге әлсідік, терісінің бозғылттығы мен сарғыштығы,қызба,зәрінің күңгірттенуі осы шағымдармен түсті.Ауруханаға түскен кездегі жағдайы ауыр.Есі шатасқан.Тері тургоры айқын бозарған.Жүрегінде систолалық шу естіледы.Бауыр қабырғаралық доғасынан 4 смге шығыңқы орналасқан,көкбауыр-3см, пальпациялағанда аздап ауырсыну бар. Зәр шығаруы жақсы, зәрінің түсі «күгірт сыра» тәріздес. Қандай ауру туралы айылған? - Вирусты гепатит С - Апластикалық криз - Бауыр циррозы - Вирусты гепатит В - +Гемолитикалық криз ? Ұл бала, 15 жаста аутоиммунды гастритпен қаралады. Терапияда қандай препарат бірінші сатысында болу керек: -полиферментті препарат -протонды помпаның ингибиторы -Н2-блокатор -В12 витамин -+тұз қышқылы препараты ? 14 жасар қыз бала. Өт қабын УДЗ мәліметі бойынша бірінші рет көлемі 2 және 3мм 2 конкремент анықталған. Бұрын созылмалы холецистит диагнозымен байқалған. 1 жыл бұрынғы дуоденальды зондтау кезінде холестерин кристалдарын +++ анықтаған. Сіздің емдеу тактикаңыз? -экстракорпоральді литотрипсия -диетотерапия -эндоскопиялық холецистэктомия -қуысты холецистэктомия -+литолитикалық терапия ? Қызбала 14 жас, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруымен бақыланады. ФЭГДС гиперемия, шырыштың борпылын, өңештің төменгі бөлігінің бірен-саран эрозиясын көрсетті. Қай топтаға препарат терапияда бірінші дәрежелі болып есептелінеді? -антацид -Н2-блокатор -прокинетик -препараты висмута -+ингибитор протонной помпы ? Қыз бала 12 жас,тағам қабылдағаннан 30-45 минуттан соң пайда болатын іш қуысының өткір ауырсынуына, әлсіздікке, шаршағыштыққа, жиі бас ауруына шағымданады. Алғашқы рет бұл белгілер 6 ай бұрын пайда болған бірақ ешқандай тексеру, ем жүргізілмеген. Болжамды диагноз: гипомоторлы, гипокинетикалық типті ДЖВП. Комплексті терапияға не қосу қажет? -антацидтар -глюкокортикостероидтар -холеретиктер -оперативті ем -+холекинетиктер ? Бала дене қызуының 390С көтерілуімен, жоғарғы тыныс алу жолдарының қатары және конъюнктивитпен жедел ауырды. Ұртының шырыш қабатында ақшыл сұр дақтар пайда болған. 4-5 күннен кейін науқастын бетінде дақты-папулезді бөртпе пайда болған, содан кейін денесіне шыққан. Анамнезінде: бала бала-бақшаға барады, қызылшаға карантин бар. Балабақшада қоздырғыштардың жұғу механизмін тоқтатуға бағытталған шараларды көрсетіңіз: -ағымдық дезинфекция -профилактикалық дезинфекция -УФ лампасымен сәулелендіру -дезинфекция жүргізілмейді -+қорытынды дезинфекция ? Қызбала, 8 жаста, жедел ауырған. Дене қызуы 39,5 0 С көтерілген, басы ауырған. Ауыз жұтқыншағын қарағанда: қатты таңдайдың шырышты қабатында, тілде, жұмсақ таңдайда және қатты таңдайда қызыл ұсақ дақты папула диаметрі 2 мм, бірен-саран қызыл тәжбен қоршалған везикула. Терінің шырышты қабаты таза, түсі қалыпты. Жұтынған кезде ауырсынады және шеткері лимфатикалық түйіндері ұлғайған. Шеткі қанда: лейкоциттер 15 х 109 /л, лимфоцитоз. Дәрігер энтеровирусты инфекция деп болжамдады. Бала энтеровирусты инфекцияның қандай түрімен ауырған: -атипті көмескі түрі -сірлі менингит -энтеровирусты қызба -эпидемиялық миалгия -+ұшықтық баспа ? Бала 3 жас, 2 айлық. 4 күн бұрын қатты ауырған. Дене қызуы 38,9 С көтерілген, нәжісінің түрі бұлыңғыр–ақ түсті, күріш қайнатпасына ұқсайтын сұйық, жүзіп жүрген ұлпалармен. Дефекция саны 5-тен 15 рет және одан да көп. Фонтан тәрізді құсу 5-8 рет және одан да жиі. Бұлшықет әлсіздігі, бас айналу, көз құрғауы, тахикардия байқалады. Дене салмағын жоғалтуы 8%. 5 күн бұрын Үндістаннан келді. -дизентерия -сальмонеллез -стафилококкты энтероколит -эшерихиоз -+тырысқақ ? 12 жастағы қыз бала дауысы өзгеруіне, жұтына алмауына шағымданып келді. Анамнезінен анықталғаны: 2 апта бұрын баспамен ауырған. Қарағанда: дауысы «өзгерген», жұмсақ таңдай пердесі салбырлап тұр, қозғалыссыз. Жұтыну кезінде қақалады, сұйық тамақ мұрынынан шығады. Сіздің диагнозыңыз: -ботулизм -полиомиелит, бульбарлы түрі -тұмаудан кейінгі энцефалит -энтеровирусты инфекция, полиомиелит тәрізді түрі -+күл ауруынан кейінгі неврит ? 10 айлық балада қызылшамен ауруының 7-ші күні жөтелі үдеп, Т-380С-ке көтерілді, тыныс алу жиілігі - 1 минутта 42 рет. Өкпесінде жауырын астында ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, сол тұста перкуторлық дыбыс қысқарған. Асқынуын атаңыз: -бронхит -плеврит -пневмоторокс -ларинготрахеит -+пневмония ? 1 жастағы бала, ауруының 4-ші күні дене қызуы 38,50С көтеріліп, жөтеліп, мұрыны бітеліп ауруханаға түсті. Балалада коньюнктивит, бетінде және мойынында орта және ірі дақты-папулезді өзгермеген тері реңіне шыққан бөртпе, ұрт шырышында Бельский-Филатов дақтары бар. Қызылша диагнозын не тұжырымдайды: -тері қышуы -бөртпе жоғалуы -бөртпе денесіне жайылғанда -+дақтану пайда болуы -қабыршақтану пайда болуы ? 2 айлық бала. Емшек емуден бас тартады. Қарап тексергенде кеуде клеткасының тартылуы, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы байқалады. БАБЖ-ға байланысты дәрігердің тактикасын атаңыз? -антибиотиктің бірінші дозасын беру, учаскелік дәрігердің бақылауында қалдыру -антибиотиктің бірінші дозасын беру, ауруханаға жіберу -антибиотиктің бірінші дозасын беру, екі күннен кейін қайта қарау -антибиотиктің бірінші дозасын беру, зертеуге жіберу -антибиотик қажет емес, үйде қарау ? 5 айлық бала. Шағымдары: жағдайының кенеттен нашарлауына, жөтел мен ентікпе. Анамнезінен: ауруы жедел, дене температурасының 38°С жоғарлауынан басталады. Жанұялық анамнез: анасында – тағамдық және дәрілік аллергия, әкесінде айтарлықтай ауру жоқ. Объективті: жағдайы ауыр. Қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы, мұрын қанаттарының кернелуі, периоралды цианоз. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Перкуторлы: өкпе үстінде өкпелік дыбыс қораптық реңмен. Аускультативті: дем алғанда және дем шығарардың басында көптеген ұсақ көпіршікті және крепитацияланатын сырылдар. Кеуде клеткасының рентгенографиясы: өкпе тінінің мөлдірлігі күшейген, әсіресе периферияда, көкеттің төмен тұруы. Аталған жағдайда төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындаған жөн? -Кандит 10 мг/кг/тәу -Цефалоспорин 100 мг/кг/ тәу +Преднизолон 2 мг/кг/ тәу -Метатрексат 5 мг/кг/ тәу -Адреналин 0,1 мг/кг/ тәу ? 10 жастағы бала демалудың қиындығының кезеңді ұстамаларына шағымданады. Анамнезінен: Қиын тыныс алу ұстамалары соңғы 1,5 жыл ішінде 3-4 рет мазалаған, өздігінен басылады, түңгі ұстамалар жоқ. Анамнезінде атопиялық дерматит кеудені обьективті қарағанда және рентгенологиялық тексергенде патологиялар анықталған жоқ. Спирография анықтамалары бойынша ПСВ-85%. Диагноз қойыңыз: +Интермиттирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта -Интерметирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта -Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта -Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі -Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәрежелі ауырлықта ? Бала 2 айлық, тексергенде анықталды: пальпаторлы-жүрек ұшы түрткісі жоғарылайтын, таралған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2қ/а қатты систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тон акценті. Рентгенологиялық: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Төмендегілердің қайсысы науқасты жүргізу үшін негізгі қадам болып табылады? -индометацин в/і 0,1-0,2мг/кг қолдану +хирургиялық операция -ибупрофенді в/і енгізу -ақауды хирургиялық коррекциялау кері көрсеткіш -жүрек гликозидтерін тағайындау ? 12 айлық бала. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 53 рет, кеуде клеткасының ішке тартылуы бар. БЖАЫЖ кестесіне сәйкес жіктеңіз -Пневмония жоқ -Пневмония жоқ. Жөтел немесе тұмау -Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс -Пневмония. Астмоидты тыныс +Ауыр пневмония ? Бала 1 жаста. Салмағы 10 кг. Қарағанда алақаны шамалы бозарған. ЖҚТ - Нв 100 г/л, Л - 4,6х109/л, ЭТЖ -5 мм/сағ. БЖАЫЖ бойынша сіздің әрекетіңіз +Темір фумараты 100мг-1,0 мл -Темір фумараты 100 мг- 1,25 мл -Темір фумараты 100мг-1,75 мл -Темір фумараты 100 мг- 2,0 мл -Темір фумараты 100 мг- 2,25 мл ? 2 жастағы бала жиі түнгі уақытта аналь тесігі аймағында қышу сезіміне шағымданады. Бала тітіркенгіш, мазасыз, тәбеті төмендеген. Диагноз қою үшін қандай зертханалық әдіс ақпаратты болып табылады? -Жалпы қан талдауы -Жалпы зәр талдауы -Құрт жұмыртқаларына нәжісті тексеру -+Перианалды қатпардан жағынды алу -Дуоденалды зондтау ? Жедел ревматикалық емес миокардитпен ауыратын 3 жастағы баланың бірден жағдайы нашарлаған: бірден мазасыздық, акроцианоз, перефериялық ісіктер, ентігу пайда болған. Өкпе аускультациясы кезінде әсіресе өкпенің төменгі бөлімінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар екі жағынан да естіледі. АҚҚ-65/40 мм сын. бағ., ЖСЖ минутына 150 соққы, жүрек тондары тұйықталған, аритмиялы (экстрасистолия). Бауыры +4см қабырға доғасынан шығып тұрады. Олигурия. Жедел жүрек жетіспеушілігі анықталды. Бала жағдайын динамикада және ем әсерін бағалау үшін қандай зерттеу әдісі ақпаратты болып табылады// -ЭхоКГ -ЭКГ -Диурезді бақылау -Қан талдауына К+; Nа+ бақылау -+Жүрек ырғағын тәуліктік монитерлеу ? 8 айлық бала. Салмағы 9 кг. Діріл синдромына байланысты келіп, қаралды. Қарау кезінде: дене қызуы 36,7° С, тері жабындылары боз, тісі жоқ. Басы «төртбұрышты» пішінді, шүйде аймағында шаштың қырқылуы, қабырға щеткалары айқын байқалады. Асықты жіліктің шыбығының басын балғамен ұрған кезде табанның еріксіз бүгілуі мен аяғының сыртқа ротациясы байқалады, осы кезде балғамен уруға жауап ретінде бет жүйкесінің өтетін жерінде бұлшықеттің жиырылуы байқалады. Шұғыл шаралар: -+10% 1,8 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і -10% 2,5 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і -10% 3,2 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і -10% 3,8 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і -10% 0,5 мл кальций глюконатының ерітіндісі per os ? 2,5 айлық баламен анасы ЖТД дәрігерге екпе алу үшін келді. Анамнезінен: перзентханада БЦЖ (туберкулезге қарсы екпе) анасының екпеден бас тартуына байланысты алынған жоқ. Бүгін анасы екпе алуға дайын. БЦЖ егу үшін ЖТД қандай сынама өткізген жөн: -Қабылдау күні, Манту сынамасынсыз -3 айында, Манту сынамасынсыз -+Теріс Манту сынамасынан соң -Көмескі Манту сынамасынан соң -Оң Манту сынамасынан соң ? ЖТД қабылдауында 2 ай 12 күндік бала. Бала жедел вирусты инфекцияны (ЖРВИ) басынан өткізді. Динамикалық қарау кезінде жағдайы жақсарған, ЖРВИ симптомдары жоғалған. Физикалық және жүйке-психикалық дамуында жастық көрсеткіштерден қалыс қалу байқалмайды. Хирургта кіндік жарығына байланысты, неврологта энцефалопатия диагнозына байланысты «Д» есепте: 2 айында алуына тиісті екпені әлі алған жоқ. Балада денсаулық тобы мен ЖРВИ-мен ауырғаннан соң екпе салу уақытын анықтаңыз: -I денсаулық тобы, ЖРВИ-мен қабылдауда болғаннан соң сол күні егу -IIa денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 1 аптадан соң егу -+IIб денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 2-3 аптадан соң егу -III денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 4-6 аптадан соң егу -IV денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 4-6 аптадан соң егу ? ЖТД қабылдауында анасы 7 жастағы баласымен келді. 1-ші сыныпта балада 2 ТБ Манту сынамасынан соң гиперемия мен екпе орны 0-1 мм. Анасы баласының қолын сулап алғанын айтты. Манту сынамасының нәтижесін бағалаңыз: -Реакция оң, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін -+Реакция теріс, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін емес -Реакция теріс, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін -Реакция көмескі, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін -Реакция көмескі, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін емес ? Балада бірінші АКДС-екпесіне бірінші екі тәулікте аллергиялық бөртпе, дене қызуы 38°С жоғарылаған, «милық айғай» пайда болған. Иммунизацияны жалғастыру бойынша сіздің әрекетіңіз: -АДС-М анатоксинімен, дайындықпен -АДС анатоксинімен, дайындықпен +АКДС-екпесімен, дайындықпен -АбКДС-екпесімен, дайындықсыз -АбКДС-екпесімен, кеш, дайындықсыз ? 8 апталық балада жөтел, кеуде клеткасының ішке тартылуы байқалады. БЖАЫЖ сәйкес ампициллин мөлшері: -Сироп 250 - 2,5мл*күніне 2 рет -Сироп 250 - 2,5 мл * күніне 3 рет -+Сироп 250 – 2,5 мл * күніне 4 рет -Сироп 250 - 5,0 мл * күніне 3 рет -Сироп 250 - 5,0 мл * күніне 4 рет ? ЖТД қабылдауында 6-айлық бала қабылдауға келді, салмағы 8кг. Қойылған диагноз: ЖРВИ, фебрильді тырысулар. Шұғыл көмек ретінде тырысуды басу үшін балаға міндетті түрде 0,5% седуксен ерітіндісін енгізу керек: -0,1мл -0,5 мл -+0,8мл -0,9 мл -1мл ? 5 жасар бала жедел ауырған. Шағымдары: дене қызуы 37,0 С, құрғақ жөтел, тәбеті сақталған. Баланы қарағанда: дауысы дірілі өзгермеген, ТЖ минутына 28 рет. Өкпе перкуссиясында: өкпелік дыбыс, аускультацияда-өкпесінде қатан тыныс, құрғақ жайылмалы сырылдар естіледі. Жүрек үндері анық, ритмді. Қан анализінде өзгеріссіз. Өкпе рентгенде: өкпе суретнің күшеюі байқалады. Болжамды диагноз қандай? - ошақты пневмония - обструктивті бронхит - аденовирусты инфекция -+жіті қарапайым бронхит - бронхиолит ? 3 жастағы балада шұғыл ұстамалы жөтел пайда болған. Ентігу мазасызданғанда болып, ұйықтағанда жойылады. Анасының айтуы бойынша, бала ұсақ заттармен ойнағаны анықталынды. Баланы тексергенде: экспираторлы ентігу, өкпе перкуссияда - өкпелік дыбыс «короб» тәрізді, өкпені тындағанда: тынысы қатан, бірен-саран құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ЖҚА - өзгеріссіз. Рентгенде - өкпе суретінің кеңеюі байқалған. Болжамды диагноз қандай? - аденовирусты инфекция - жіті қарапайым бронхит - обструктивті бронхит - +бөгде зат - ошақты пневмония ? Балаға 10 ай, 2 айлық уақытынан бастап жасанды тамақтандырылуда, бейімделмеген сүт өнімдерін қабылдайды, Д2 дәрумендік профилактикасын жүргізбеген, күзде туылған, тек қоспа қабылдайды. Жалпы қараған кезде сүйек жүйесінің өзгерісі: бас сүйегі бұрышты формалы-Quadratum, алдыға шығып тұратын маңдай-төбе төбешіктері, кеуде клеткасы бүйірінен қысылған, төменгі аппертура бұрылған, «маржан жібі»-рахиттік белгісі байқалады. Б.Р. 2,0х2,0см жиектері тығыз басылған. Бұлшықеттік гипотония, «құрбақалық іш», іш бұлшықеттерінің ыдырауы. Бауыр +3см, ішкі мүшелердің басқа өзгерістері жоқ. Жіктелу бойынша клиникалық диагноз қойыңыз: - рахит 3 жеделдеу ағымы - рахит 2 жеделдеу ағымы - рахит 2 реконвелесценция кезеңі - +рахит 1 бастапқы кезең - рахит 3 реконвелесценция кезеңіе ? 1 жас 2 айдағы бала. Шағымдары: әлсіз, бозғылт, суық тию ауруларына бейім, апатиялы. Объективті: артық тамақтанады, ұлпа тургоры мен бұлшықет тонусы төмендеген, қысқа мойын, қанат тәрізді жауырын, кеуде клеткасының жоғарғы аппертурасының тарылуы. Перифериялық лимфа түйіндерінің тарылуы. Филатов симптомы – оң. Болжамды диагноз: лимфатико-гинопластикалық диатез. Емдеуге ұсынысыңыз? |