Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Скачать 0.5 Mb.
|
? Қалалық балалар ауруханасында 6 айлық бала ентігуге, жөтелге, температурасының жоғарлауымен шағымданып келді. Бала жедел ауырған. Жағдайы орташа ауырлық деңгейде, тері жабындылары бозғылт, мұрын айналасындағы цианоз. Кеуде клеткасы бөшкетәрізді кеңейген. Өкпе перкуссияда қораптық дыбыс, аускультациясында қатаң тыныс. Өкпенің жоғарғы бөлімінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Балаға қойылған диагноз: Жедел обструктивті бронхиолит. Рентгендегі өкпенің зақымдануы «мақталы өкпені» еске түсіреді. Рентгендегі өзгерістерді бақылай отырып қандай аурулармен ажыратпалы диагноз жасау керек? - қарапайым бронхиолит - рецедивты бронхит - обструктивті бронхит - өкпе туберкулезы - бронх демікпесі ? Бала 3 айлық, стационарға емгенде ентігуге, аз салмақ қосуға шағымданады. Тексергенде жүрек шекаралары оңға кеңейген, өкпе артериясы үстінен 2 тон әлсіреген, төстің сол жақ қырынан 2-3 қ/а қатты систолический шу естіледі. Жүрек Р-графиясы: жүрек «етік» формасында, өкпе артериясының доғасы төмендеген. ЭКГ-оң қарынша гипертрофиясы. Көрсетілгендердің қайсысы шұғыл (паллиативті) операцияға көрсеткіш болып табылады? - кезеңдік гипоксемиялық ұстамалар - жиі бронхиттер және пневмониялар - 1 дәр.жүрек жеткіліксіздігінің болуы - ауыр дистрофия және анемизацияның өршуі - консервативті терапияға көнетін ентігу және тахикардия ? Бала 2 жаста, диагнозы: Фалло тетрадасы гипоксемиялық ұстама. Төмендегілердің қайсысы шұғыл терапия болып табылады? - ӨЖЖ, морфин 0,1-02 мг/кг - кислородотерапия, эуфилин 2-3 мг/кг - кислородотерапия, 10% глюкоза в/і тамшылатып 10-15мл/кг - кислородотерапия, морфин 0,1-0,2мг/кг - ӨЖЖ, пропранолол 0,1-0,2мг/кг 10мл 20% глюкоза ерітіндісі ? 14 жастағы бала клиникаға АҚ 180-200 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауына, мұрыннан қан кетуге, бас ауруына шағымданып түсті. Баланың диспропорциялық дамуын тексергенде: дененің жоғарғы бөлігі жақсы дамыған, төменгі бөлігі – әлсіз (жүргенде аяғында ауырсыну және әлсіздік), қолда АҚ 180мм.сын.бағ., аяқта 90 мм.сын.бағ. Осы науқасқа R-граммада қандай өзгеріс сәйкес келеді? - жүрек формасы жұмыртқа формасын еске түсіреді - жүрек көлеңкесі «етік» формалы - жүрек көлеңкесі дөңгелек формалы - жүрек көлемінің оң және сол жақ бөліктеріне байланысты ұлғаюы - жүректің 3-8 жұп қабырғалардың төменгі қыры бойынша сол жақ бөлігінің ? 12 жасар ревматизммен ауыратын балада, зерттегенде жүрекұшы түрткісі күшейген және астыға ығысқан, жүрек шекаралары солға ұлғайған. Аускультацияда систолық шу естіледі, келесі 1 тонан кейін және ол жүрекұшында жақсы естіледі. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Төменде көрсетілгендердің қайсысы тиімді диагностикасы болып табылады: - кардиоинтервалография - АҚ тәуліктік мониторингі - ЭКГ тәуліктік мониторингі - фонокардиография - ЭХО-КС, жүрек рентгенографиясы ? 12 жастағы бала мынадай шағымдармен түсті: бел аймағындағы ауырсыну, бас ауруы, әлсіздік, көрудің нашарлауы. Зерттеу кезінде ісінулер, зәрде гематурия және көп мөлшерде протеинурия, гипертония, анемия анықталды. Жүрек шекарасы солға ығысқан. Көз түбің зерттеу кезінде гипертониялық ангиоретинопатия белгілері анықталды. Сіздің диагнозыңыз? -нефротиялық синдром. - жедел гломерулонефрит, нефротиялық форма - жеделдеу гломерулонефрит - JgA нефропатия - жедел гломерулонефрит, аралас форма ? Вова, 5 жаста, жедел ауырған,бетінде және аяғында аздаған ісанулер бар. АҚ жоғарлаған, несеп түсі еттің жуындысы сияқты. Биохимиялық қан анализінде: жалпы белок және холестерин қалыпты жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, эозинофилия, жалпы зәр анализі– белок 2 г/л, макрогематурия, цилиндрурия. Сіздің диагнозыңыз? - нефрит -созылмалы пиелонефрит -гломерулонефрит нефритикалық синдроммен -жедел цистит -гломерулонефрит нефротикалық синдроммен ? Глюкокортикоидты терапияның қандай жауабы бойынша нефритикалық синдром кезінде гормонтәуелді нефротикалық синдром қойылады? - науқаста клиникалық өршу болмайды,ал лабораторлы өршу бар - Бұндай ауру кезінде, науқаста толық клинико-лабораториялық өршу басталады -науқаста клиникалық өршу болады,ал лабораторлы өршу жоқ - науқаста толық клинико-лабораториялық өршу анықталмайды - науқаста преднизолонмен 2 мг/кг/с 6 апта емдеуде толық клинико-лабораторлық өршуі бақыланбайды ? Науқаста дизуриялық бұзылыс және несепшығару кезінде ауырсыну бар. Қанда қалыптыдан өзгеріс жоқ. Температурасы қалыпты. Жалпы зәр анализінде: лейкоцитурия. Сіздің диагнозыңыз? - интерстициальды нефрит - пиелонефрит - гломерулонефрит - пневмония - цистит ? Тромбоцитопениялық пурпура кезінде қан кету тромбоцитопения мен тромбоцитопатия салдарынан болады. Төмендегілердің қайсысы гемостаздың маңыздырақ бөлігі болып табылады? -Гемостаздың гемолитикалық бөлігі -Лейкоцитарлы бөлігі -Лимфоцитарлы бөлігі -Микросфероцитарлы бөлігі -Гемостаздың тромбоцитарлық бөлігі ? Тромбоцитопатия патогенезінің негізінде тромбастения кезіндегі тромбоциттердің функциональді белсенділігінің ақауында гликопротеин 2b/3a комплексі жатыр. Төменде берілгендерден тромбоциттер байланыспайтын қан элементін атаңыз. -Гликоген -Нейроген -Лимфоген -Глютеин -Фибриноген ? Р. есімді ұл бала, 12 жаста, бөлімшеге әлсіздік, құсу, лоқсу, температураның жоғарылауы, аяғындағы ауырсынулармен келіп түсті. Жағдайының нашарлауы осыдан 10 күн бұрын, температурасының 39,3оС, лимфатикалық түйіндердің үлкеюімен анықталған. Амбулаторлы қан анализінде гиперлейкоцитоз 200х109/л, созылмалы лейкоз ға күдіктеніп, ұл баланы госпитализацияланған. Жақасты, мойын лимфатикалық түйіндері пальпацияланады, мөлшері 1,5 см-ге дейін, қозғалмалы, ауырсынусыз; қолтық асты және шапта орналасқан лимфалық түйіндердің көлемі 1,0 см ге дейін. Бауыр +4,0 см, көкбауыр +2,0 смқабырға доғасының төменгі жиегінен. Осы жағдайда қай диагноз сәйкес келеді? -Созылмалы миелолейкоз -Жедел лейкоз -Миелодиспластикалық синдром -Криздан тыс гемолитикалық анемия -Жедел лимфобластты лейкоз ? Р. есімді ұл бала, 12 жаста, бөлімшеге әлсіздік, құсу, лоқсу, температураның жоғарылауы, аяғындағы ауырсынулармен келіп түсті. Жағдайының нашарлауы осыдан 10 күн бұрын, температурасының 39,3оС, лимфатикалық түйіндердің үлкеюімен анықталған. Амбулаторлы қан анализінде гиперлейкоцитоз 200х109/л, созылмалы лейкоз ға күдіктеніп, ұл баланы госпитализацияланған. Төменде берілгендердің кайсы диагностика тиімді? -Коагулограмма+АЛАТ,АСАТ -Зооноздарға ИФТ -Цитогенетика+коагулограмма -Миелограмма+протромбинді индекс -Миелограмма+цитогенетика ? 14 жасар ұл бала диагнозы 12 ілі ішектің ойық жарасы, этиологиясы хеликобактерлық . әкесінде ойық жара. Бір жыл бұрын эррадикациондық ем алған. Зерттеу бойынша анықталған ауырудын өршуі Helicobacter pylori тесті оң. Сіздің тактикаңыз -тек ғана балаға эрадикациондық ем жүргізу -эрадикацондық емнің жүргізу қажет емес, ол бұрын емделген -эрадикациондық ем жан ұяда жүргізу қажет емес Helicobacter pylori табылсада -балаға антацидтық ем жүргізу керек 4 аптадай -балаға және жан ұя мүшелеріне эррадикациондық ем жүргізу ? 13 жасар ұл бала диагнозы 12 ілі ішектің ойық жарасы, хеликобактерлық этиологиясы, эрадикациондық емнің екінші курсын (квадротерапияны) алған. Эрадикацияның бақылау мерзімі -2 аптадан кейін -емнен кейін -1 жылдан кейін -емдеу кезінде -4 аптадан кейін ? 11 жасар ұлы балада 12 ілі ішек тін ойық жарасы, қан кетімен асқынған, қанда Нв 57г/л, эр.2,1х1012/л. Анемияның емдеу әдісі. -тағамдарда көп мөлшерді белоктын болуы -тағамдарда көп мөлшерде витаминдердің болуы -тағамдарда ет, В витамин тобы бар тағамдарды беру. -темір препараттарды тамыр арқылы бұл етке енгізу -эритроцитарлық массаы тамыр арқылы беру ? 10 жасар балада ойық жара ауруы, қан кетуіме асқынған, эритроциттер -2,2х1012/л, Нв-54г/л. Бұл жағдайда анемияны қандай әдісімен емдейді -диетада ақуыз көп болғанда -диета В витамин тобынын көп болуы -темір дәрілерді тамыр арқылы бұлшық етке -per os темір препараттары -эритроцитарлық массаның вена ішіне енгізу ? 3 жастағы бала дене қызуының 39,8оС көтерілуімен, басының ауыруымен 4-рет құсу, тәулігіне 16 ретке дейін шырыш, қан аралас сұйық нәжіспен жедел ауырды. Объективті: пальпация кезінде іші сезімтал, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, сигма тәрізді ішегі түйілген (спазмдалған), тенезмдер бар. Сіздің болжамдық диагнозыңыз қандай. -ауыр дәрежелі, вирусты диарея -ЖІИ, орташа ауырлық дәрежесі, энтероколит синдромымен -ЖІИ, ауыр дәрежелі, гастроэнтерит синдромымен -ЖІИ, ауыр дәрежелі, энтерит синдромымен -ЖІИ, ауыр дәрежелі, колит синдромымен ? Ауызжұтқыншақ дифтериясы диагнозы қойылған 3 жастағы балада көзінің асты мен аяқтарының таңертеңгі уақытта ісіп тұруы байқалған, жалпы зәр талдауын тексеру кезінде анықталғаны: протеинурия, гематурия, цилиндрурия, соққылау симптомы оң. Дәрігер бірінші кезекте бұл аурудың қандай асқынуы туралы ойлауы керек. -пиелоэктазия -зәр шығару жолдарының инфекциясы -зәртас ауруы -нефроптоз -гломерулонефрит ? Бала бүгін қызылшамен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған, соған байланысты оған бұлшықетке гаммаглобулин енгізілген. Бұл балада қызылша дамуы мүмкін мерзімін көрсетіңіз: -1 -17 күндер аралығында -1 - 21 күндер аралығында -2 - 7 күндер аралығында -12 - 31 күндер аралығында -9 - 21 күндер аралығында ? 10 жастағы бала жұқпалы аурулар ауруханасына сальмонеллез диагнозымен жатқызылды. Ауруханаға жатқаннан кейін 2-ші тәулікте дәрігер балада жедел аппендициттің болуына күдіктенді. Дәрігерге жедел аппендицитке күдікті баладан қандай симптомды анықтауы қажет: -Брудзинский симптомы -Керниг симптомы -Пастиа симптомы -Ромберг симптомы -Щеткин-Блюмберг симптомы ? 12 жастағы бала жедел ауырды. Дене қызуы 38,50 С дейін жоғарылаған. Кейін оның оң жақ қабырға аралық нервтерінің бойында ашу, ауырсыну пайда болды. Кешке қарай сол жерде терісінің қызаруы, 2-ші тәулікте топтасып орналасқан ішінде мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болды. Анамнезінде - 5 жасында бала желшешекпен ауырған. Ең тиімді этиотропты емге алғашқы дәріні тағайындаңыз: -интрон А -ремантадин -рибоверин -ронферон -ацикловир ? 5 айлық балада клиникалық - анамнестикалық көрсеткіштер бойынша болжамдық диагноз қойылды: Вирустық В гепатиті, сарғаю формасы, жедел ағым. Диагнозды дәлелдейтін маркерлік спектрін анықтаңыз. -HAV Ag, anti HAV Ig G -HEV Ag, anti HEV Ig M -HCV Ag, anti HCV Ig M -HDV Ag, anti HDV Ig G -HBs Ag, anti HBc Ig M ? 4 айлық бала. Емшек емуден бас тартады. Қарап тексергенде кеуде клеткасының тартылуы, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы байқалады. БАБЖ-ға байланысты дәрігердің тактикасын атаңыз? -антибиотиктің бірінші дозасын беру, учаскелік дәрігердің бақылауында қалдыру -антибиотиктің бірінші дозасын беру, ауруханаға жіберу -антибиотиктің бірінші дозасын беру, екі күннен кейін қайта қарау -антибиотиктің бірінші дозасын беру, зертеуге жіберу -антибиотик қажет емес, үйде қарау ? 6 айлық бала. Шағымдары: жағдайының кенеттен нашарлауына, жөтел мен ентікпе. Анамнезінен: ауруы жедел, дене температурасының 38°С жоғарлауынан басталады. Жанұялық анамнез: анасында – тағамдық және дәрілік аллергия, әкесінде айтарлықтай ауру жоқ. Объективті: жағдайы ауыр. Қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы, мұрын қанаттарының кернелуі, периоралды цианоз. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Перкуторлы: өкпе үстінде өкпелік дыбыс қораптық реңмен. Аускультативті: дем алғанда және дем шығарардың басында көптеген ұсақ көпіршікті және крепитацияланатын сырылдар. Кеуде клеткасының рентгенографиясы: өкпе тінінің мөлдірлігі күшейген, әсіресе периферияда, көкеттің төмен тұруы. Аталған жағдайда төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындаған жөн? -Кандит 10 мг/кг/тәу -Цефалоспорин 100 мг/кг/ тәу -Преднизолон 2 мг/кг/ тәу -Метатрексат 5 мг/кг/ тәу -Адреналин 0,1 мг/кг/ тәу ? 11 жастағы бала демалудың қиындығының кезеңді ұстамаларына шағымданады. Анамнезінен: Қиын тыныс алу ұстамалары соңғы 1,5 жыл ішінде 3-4 рет мазалаған, өздігінен басылады, түңгі ұстамалар жоқ. Анамнезінде атопиялық дерматит кеудені обьективті қарағанда және рентгенологиялық тексергенде патологиялар анықталған жоқ. Спирография анықтамалары бойынша ПСВ-85%. Диагноз қойыңыз: -Интермиттирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта -Интерметирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта -Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта -Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі -Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәрежелі ауырлықта ? Бала 4 айлық, тексергенде анықталды: пальпаторлы-жүрек ұшы түрткісі жоғарылайтын, таралған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында 2қ/а қатты систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тон акценті. Рентгенологиялық: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, өкпе өлшемдерінің солға үлкеюі. ЭКГ: сол жақ жүрек гипертрофиясы. Төмендегілердің қайсысы науқасты жүргізу үшін негізгі қадам болып табылады? -индометацин в/і 0,1-0,2мг/кг қолдану -хирургиялық операция -ибупрофенді в/і енгізу -ақауды хирургиялық коррекциялау кері көрсеткіш -жүрек гликозидтерін тағайындау ? 11 айлық бала. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 53 рет, кеуде клеткасының ішке тартылуы бар. БЖАЫЖ кестесіне сәйкес жіктеңіз -Пневмония жоқ -Пневмония жоқ. Жөтел немесе тұмау -Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс -Пневмония. Астмоидты тыныс -Ауыр пневмония ? Бала 11 айда. Салмағы 9 кг. Қарағанда алақаны шамалы бозарған. ЖҚТ - Нв 100 г/л, Л - 4,6х109/л, ЭТЖ -5 мм/сағ. БЖАЫЖ бойынша сіздің әрекетіңіз -Темір фумараты 100мг-1,0 мл -Темір фумараты 100 мг- 1,25 мл -Темір фумараты 100мг-1,75 мл -Темір фумараты 100 мг- 2,0 мл -Темір фумараты 100 мг- 2,25 мл ? 3 жастағы бала жиі түнгі уақытта аналь тесігі аймағында қышу сезіміне шағымданады. Бала тітіркенгіш, мазасыз, тәбеті төмендеген. Диагноз қою үшін қандай зертханалық әдіс ақпаратты болып табылады? -Жалпы қан талдауы -Жалпы зәр талдауы -Құрт жұмыртқаларына нәжісті тексеру -Перианалды қатпардан жағынды алу -Дуоденалды зондтау ? Жедел ревматикалық емес миокардитпен ауыратын 4 жастағы баланың бірден жағдайы нашарлаған: бірден мазасыздық, акроцианоз, перефериялық ісіктер, ентігу пайда болған. Өкпе аускультациясы кезінде әсіресе өкпенің төменгі бөлімінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар екі жағынан да естіледі. АҚҚ-65/40 мм сын. бағ., ЖСЖ минутына 150 соққы, жүрек тондары тұйықталған, аритмиялы (экстрасистолия). Бауыры +4см қабырға доғасынан шығып тұрады. Олигурия. Жедел жүрек жетіспеушілігі анықталды. Бала жағдайын динамикада және ем әсерін бағалау үшін қандай зерттеу әдісі ақпаратты болып табылады// -ЭхоКГ -ЭКГ -Диурезді бақылау -Қан талдауына К+; Nа+ бақылау -Жүрек ырғағын тәуліктік монитерлеу ? 9 айлық бала. Салмағы 9 кг. Діріл синдромына байланысты келіп, қаралды. Қарау кезінде: дене қызуы 36,7° С, тері жабындылары боз, тісі жоқ. Басы «төртбұрышты» пішінді, шүйде аймағында шаштың қырқылуы, қабырға щеткалары айқын байқалады. Асықты жіліктің шыбығының басын балғамен ұрған кезде табанның еріксіз бүгілуі мен аяғының сыртқа ротациясы байқалады, осы кезде балғамен уруға жауап ретінде бет жүйкесінің өтетін жерінде бұлшықеттің жиырылуы байқалады. Шұғыл шаралар: -10% 1,8 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і -10% 2,5 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і -10% 3,2 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і -10% 3,8 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і -10% 0,5 мл кальций глюконатының ерітіндісі per os ? 2,7 айлық баламен анасы ЖТД дәрігерге екпе алу үшін келді. Анамнезінен: перзентханада БЦЖ (туберкулезге қарсы екпе) анасының екпеден бас тартуына байланысты алынған жоқ. Бүгін анасы екпе алуға дайын. БЦЖ егу үшін ЖТД қандай сынама өткізген жөн: -Қабылдау күні, Манту сынамасынсыз -3 айында, Манту сынамасынсыз -Теріс Манту сынамасынан соң -Көмескі Манту сынамасынан соң -Оң Манту сынамасынан соң ? ЖТД қабылдауында 3 ай 16 күндік бала. Бала жедел вирусты инфекцияны (ЖРВИ) басынан өткізді. Динамикалық қарау кезінде жағдайы жақсарған, ЖРВИ симптомдары жоғалған. Физикалық және жүйке-психикалық дамуында жастық көрсеткіштерден қалыс қалу байқалмайды. Хирургта кіндік жарығына байланысты, неврологта энцефалопатия диагнозына байланысты «Д» есепте: 2 айында алуына тиісті екпені әлі алған жоқ. Балада денсаулық тобы мен ЖРВИ-мен ауырғаннан соң екпе салу уақытын анықтаңыз: -I денсаулық тобы, ЖРВИ-мен қабылдауда болғаннан соң сол күні егу -IIa денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 1 аптадан соң егу -IIб денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 2-3 аптадан соң егу -III денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 4-6 аптадан соң егу -IV денсаулық тобы, ЖРВИ ауырғаннан соң 4-6 аптадан соң егу ? ЖТД қабылдауында анасы 6 жастағы баласымен келді. 1-ші сыныпта балада 2 ТБ Манту сынамасынан соң гиперемия мен екпе орны 0-1 мм. Анасы баласының қолын сулап алғанын айтты. Манту сынамасының нәтижесін бағалаңыз: -Реакция оң, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін -Реакция теріс, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін емес -Реакция теріс, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін -Реакция көмескі, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін -Реакция көмескі, гиперемия сулау нәтижесі болуы мүмкін емес ? Балада бірінші АКДС-екпесіне бірінші екі тәулікте аллергиялық бөртпе, дене қызуы 38°С жоғарылаған, «милық айғай» пайда болған. Иммунизацияны жалғастыру бойынша сіздің әрекетіңіз: -АДС-М анатоксинімен, дайындықпен -АДС анатоксинімен, дайындықпен -АКДС-екпесімен, дайындықпен -АбКДС-екпесімен, дайындықсыз -АбКДС-екпесімен, кеш, дайындықсыз ? 10 апталық балада жөтел, кеуде клеткасының ішке тартылуы байқалады. БЖАЫЖ сәйкес ампициллин мөлшері: -Сироп 250 - 2,5мл*күніне 2 рет -Сироп 250 - 2,5 мл * күніне 3 рет -Сироп 250 – 2,5 мл * күніне 4 рет -Сироп 250 - 5,0 мл * күніне 3 рет -Сироп 250 - 5,0 мл * күніне 4 рет ? ЖТД қабылдауында 8-айлық бала қабылдауға келді, салмағы 8кг. Қойылған диагноз: ЖРВИ, фебрильді тырысулар. Шұғыл көмек ретінде тырысуды басу үшін балаға міндетті түрде 0,5% седуксен ерітіндісін енгізу керек: -0,1мл -0,5 мл -0,8мл -0,9 мл -1мл ? Бала 2 жас 6 айлық. Қарауда сүйек жүйесінде деформациялар бар, тістерінің дұрыс емес өсуі анықталады. Са және Р, сілтілі фосфатаза қалыпты. Осы клиникалық анықтамалар бойынша рахиттің кезеңін анықтаңыз: -Бастаушы -Өршу -Реконвалесценция -Қалдық белгілер -Белсенді ? 3 айлық бала, туылғаннан жасанды тамақтандырылуда, сиыр сүтін береді, туылғандағы салмағы 2500 г, шала туылған, осыдан 1 ай бұрын балада тынымсыздық, мазасыздық, тітіркенгіштік, үркектік пайда болған, қатты сөйлегенде, қатты дыбыста, тосын жарық болған кезде қорқады, тершеңдік көрініс береді.Қараған кезде ұйқы кезіндегі жоғары тершеңдік, бұлшық ет гипотониясы, бас сүйектерін қарау кезінде үлкен еңбектің кырының жұмсақтығы байқалады, шүйде аймағында шаштың болмауы. R-да білезік сүйектің әлсіз остеопорозы көрініс береді. Биохимиялық - фосфор деңгейі төмендеген, сілтілі фосфотазаның активтілігі жоғарлаған. Классификация бойынша клиникалық диагноз қойыңыз: - Рахит 3 жеделдеу ағымды. - Рахит 2 жеделдеу ағымды - Рахит 2 реконвалесценция кезеңі - Рахит 1 бастапқы кезең - Рахит 3 реконвалесценция кезеңі ? 8 айлық бала, 2 айынан бастап жасанды тамақтандырылуда, бейімделмеген сүт қоспаларын ішеді, Д2 витамин профилактикасы жүргізілмеген, күз мезгілінде туылған, балаға тек қоспалар беріледі. Қарау кезінде сүйектерінің өзгерісі байқалады: басы үшбүрыш формалы- Quadratum, маңдай –төбе сүйектерінің дөңестенуі, кеуде торы екі бүйірінен қысылған, төменгі аппертура жазылған, рахиттік «чети» байқалады, гаррисонов жүлгесі, «інжу жібі». Үлкен еңбек 2,0*2,0 см кырлары жұмсарған. Бұлшық ет гипотониясы, «бақа тәріздес іш», іш бұлшық еттерінің ажырауы. Бауыр +3см, басқа ішкі мүшелерде ақау жоқ. Классификация бойынша клиникалық диагноз қойыңыз: - Рахит 3 жеделдеу ағымды - Рахит 2 жеделдеу ағымды - Рахит 2 реконвалесценция кезеңі - Рахит 1 бастапқы кезең - Рахит 3 реконвалесценция кезеңі ? 10 айлық бала, анамнезінен 5 айда рахит 2-мен ауырған, Д2 витаминнің емдік дозасы тағайындалған. Жалпа қарау кезінде сүйек-бұлшық ет жүйесінің жағдайы қанағаттанарлық: бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық, үлкен еңбекгі жабық. Лабораторлық анализде: фосфор деңгейі қалыпты шамасында, кальций деңгейі шамалы төмендеген, сілтілі фосфотаза қалыпты мөлшерде. Классификация бойынша клиникалық диагноз қойыңыз: - Рахит 3 реконвалесценция кезеңі - Рахит 1 бастапқы кезең - Рахит 2 жеделдеу ағымды - Рахит 2 реконвалесценция кезеңі - Рахит 2 қалдық көріністі ? Бала 6 айлық. Жиі, қиын жөтелге, ентігуге шағымданады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, ентігу экспираторлы сипатта. ТАЖ-45 рет минутында, ЖЖЖ-120 рет минутында. Т-38,2. Перкуторлы дыбыс жеңіл қораптық сипатта, тыныс әлсіреген жерде құрғақ және ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Алғашқы диагноз: Жедел бронхиолит. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу керек? -пикфлоуметрия. - бронхография - бронхоскопия - өкпе рентгені - шырыш микроскопиясы ? Өкпе құрылымының патологиялық процесстеріне ұшрауына байланысты, созылмалы облитирлеуші бронхиолиттің қандай түрлерін ажыратады? - аз симптомды, көп симптомды - генерализденген, локалды - манифестті, жеделдеу - констриктивті, пролиферативті - найзағайлы, созылынқы ? Бала 10 жаста. Стационарда пневмонияға қарсы ем алып жатыр. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суреті торлы, өкпе түбірінен ұршықтәрізді сызықтар өтеді, анық сызық тәрізді көлеңке көрінеді. Рентгенологиялық өзгерістер қандай пневмонияға тән? - ошақты-құйылу - ошақты - сегментарлы - интерстициальды - крупозды ? Науқас 5 жаста. Шағымдары: Т-39,4, ентігу, жөтел. Бала шұғыл ауырды. Қарау кезінде: терісі бозғылт, таза. Оң жақ кеуде клеткасының тыныс актісінде артта қалуы. Оң жақ өкпенің төменгі шегінің қозғалғыштығының шектелуі. Оң жақ төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалды. Өкпе R-граммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде инфильтративті көлеңке анықталған. Қойылған диагноз: Оң жақты крупозды пневмония. Сипатталған клиникалық жағдайда аурудың қандай этиологиясын ойлауға болады? - хломидия. - стрептококк - цитомегаловирус - пневмококк - микоплазма ? 3 жастағы баланың ата-анасы емханаға баланың физикалық дамуының артта қалуына шағымданып келді, бала нашар жүреді. Объективті: психикалық дамуы жасына сәйкес, қалыпты, иық аймағының артық дамуы анықталған. Дененін төменгі бөлімі, аяқтары әлсіз, бұлшықет гипотониясы анықталды. Жүрек шекаралары солға 2 см кеңейген. Жүрек ұшында 1 тон күшейген. Систолық шу 2 қабырға аралалығы оң жақтан естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Осы клиникалық көріністердің аорта коарктациясын ақтылайды. - АҚ аяқ пен қолда бірдей - оң жақ қарыншадағы миокард гипертрофиясы - АҚ қолға қарағанда аяқта жоғары - АҚ аяққа қарағанда қолда жоғары - рентгенограммада өкпе сүретінің күшеюі ? Аурухананың қабылдау бөліміне 6 жасар ер бала тәбетінің төмендеуі, құсу, іш өту, әлсіздік, тахикардия, ентігу шағымдарымен жеткізілді. Анамнезінде 1 ай бойы қабылдағаны белгілі болды. ЭКГ - ST сегменті корыто формалы, Т тісшесі теріс, P-Q интервалы ұзарған. Балаға тағайындау керек: - кальций препараттарын - допамин инфузиясын - дигоксин инфузиясын - калий препараттарын - зәр айдағыш препараттар ? Бала 5 жаста.Ауруханаға түскендегі диагнозы: ЖРВИ. 3-ші тәулікте науқаста ентігу, күрт әлсіздік, жіп тәріздес пульс, жиі жөтел ауызға қақырықтың толуы байқалады. Аускультация кезінде екі жақты өкпенің төмен аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада: өкпенің альвеолярлы ісігі, ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның насостық қызметі төмендеген.Қандай асқынудың дамуы жайлы ойлауға болады: - тоталды жүрек жетіспеушілігі - жедел пневмония - перикардит - жедел оң жақты қарыншалық жүрек жетіспеушілігі - жедел сол жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігі ? 12 жасар бала ЖРВИ-мен ауырған. Аурудың 5-ші тәуілігінде брадикардия, пульс минутына 59, экстрасистола пайда болған. Баланы ЭКГ, ФКГ, қан және зәр анализіне бағыттаған. 8-ші тәуілігінде балада физикалық жүктемеден кейін демікпе, ерекше әлсіздік, жіп-тәрізді пульс, аузынан көпіршікті қақырықты жиі жөтел пайда болған. Өкпесін тыңдағанда өкпесінің төменгі екі жағынан ылғалды сырылдар естіледі. Бұл науқаста қандай асқыну дамыған: - жедел бронхиолит - перикардит - жедел пневмония - жедел оң қарыншалық жетіспушілік - жедел сол қарыншалық жетіспушілік ? Бала 12 жаста, интоксикация әсерінен жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Температура 38,9. Соққылау симптомы оң. Жалпы зәр анализінде лейкоцитурия, бактериурия, УЗИ: шумақ тостағанша жүйесінінің қабынулық өзгерістері. Сіздің диагнозыңыз? - нефротикалық синдром - гломерулонефрит - тубулопатия - цистит - жедел пиелонефрит ? Баланың диагнозы: Туа пайда болған нефритикалық синдромы – финский типі. Бүйректе қандай морфологиялық өзгерістер көрінеді ? - мезигмеальды - мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит - шумақтардың склерозы - фокальды-сегментарлы гломерулонефрит - өзекшелердің микрокистозы ? Бала 8 жаста, реанимация бөлімшесіне мына диагнозбен ауыстырылды: күйік ауруы(S=25%), тұрақты түрдегі диурез төмендеуіне (1/4нормадан) және креатининнің 0,28 ммоль/л дейін жоғарылауына байланысты; мочевина 48ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз: - интерстициалды нефрит - цистит - гломерулонефрит - пиелонефрит - жедел бүйрек жеткіліксіздігі ? Балалардағы тотальды бүйрек жеткіліксіздігінің II-III дәрежесіндегі ең эффективті ем? -Антибиотиктер -Гемодиализ -Консервативті ем -Гормонотерапия -Перитонеальды диализ ? Қыз бала 10 жаста. Қол-аяқтарында гемморагиялық бөртпелерге шағымданады. Анамнезі: бөртпелер вирустық инфекциямен ауырғаннан кейін пайда болған. Объективті: Сирағында нүкте тәрізді,папулезді гемморагиялық бөртпелер байқалады.Симметриялы. Тері-буын жүйесі деформацияға ұшырамаған. Іші жүмсақ, кіндік аймағында аздап ауырсыну бар. Бауыр және көкбауыр шекаралары қабырға қырында. Гемморагиялық васкулит диагнозы қойылған. Аталғандардың қайсысы фармокотерапияда қолданылғаны тиімді: -Антибактериальді терапия -Жүрек гликозидтері -Цитозин,аробинозит -инсулин+нарий хлорид -дезагрегатты терапия,гепарин ? 5 жастағы әлсіздікке шағымданған баланы жалпы қарауда: перифериялық лимфа түйіндерінің бұршақтың көлеміндей ұлғаюы, бауырдың +1,5 см-ге ұлғаюы байқалды. Қанында: HB-115г/л, эритроциттер 3,1 млн, лейкоциттер 25,3х |